Стандартты» құралдар тақтасы
Әрбір батырманың атқаратын қызметі туралы ақпаратты көру үшін сол батырмаға тышқанды апарсаңыз болған.
Создать –Жаңа бос құжат құру. Бұл батырмаға басқаннан кейін шаблон түрін таңдай алмайсыз.
Открыть – Дискіде жазылған файлды ашу.
Сохранить – ағымдағы құжатты сақтау және оның бұрын сақталған аты мен орыны өзгермейді. Егер файлға әлі атау қойылмаса, онда оған ат беру керек.
Предварительный просмотр – алдын ала қарау құжат баспаға қалай жіберілетіндігін алдын ала көру үшін қажет.
Правописание – белсенді құжаттың орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерін тексеру. Тексеру кезінде қателерді жөндеу жөнінде кеңестер беріледі.
Вырезать –Ерекшеленген фрагментті жою және оны буферге орналастыру.
Копировать –ерекшеленген фрагментті буферге көшіру.
Вставить – Құжатқа буфердегі фрагментті орналастыру.
Формат по образцу – Ерекшеленген объектіні немесе мәтіннің форматтауын буферге көшіру. Бұл форматтау кейін таңдалынатын объектіге немесе мәтінге қолдануға болады.
Отменить – Соңғы орындалған команданы болдырмау. Болдырмауды бірнешерет басу арқылы мәтінді редактрлеу кезіндегі ең алғашқы күйге қайтып оралуға боладыү.
Вернуть – Соңғы команданы орындалуын болдырмауды болдырмау.
Таблицы и границы – экранға кестелерді құруды және редактрлеуді жүзеге асыратын құралдар тақтасын шығарады.
Добавить таблицу – Құжатта кесте құру. Батырмаға басқаннан кейін міндетті түрде кестенің бағандарының және жолдарының санын көрсету керек.
Добавить таблицу Excel – Құжаттқа жаңа Excel кестесін қосу. Мұндай кесте Excel-дің барлық қасиеттерін сақтап қалады.
Столбцы – Құжаттағы колонкалар санын өзгертеді. Үнсіз келісім бойынша бір колонка орнатылады.
Рисование –Экранға сурет салуға арналған және графикамен жұмыс істеуге арналған құралдары бар тақтаны шығарады:
Схема документа – Құжат құрылымын сол жаққа орналастыру. Құрылыммен жұмыс үлкен көлемдегі мәтіндерді редакторлеу кезінде қолданған ыңғайлы.
Непечатаемые знаки – Экранда арнайы жасырын символдарды шығарады. Мұндай символдарға абзацтың, табуляцияның символдарын жатқызамыз.
Масштаб - Қарау үшін масштабты үлкейтілген (максимум 400%) немесе кішірейтілген (минимум 10%) түрде қарау режиміне ауысу.
Справка по Microsoft Word – Жұмыс барысында тиімді кеңестер беретін көмекшіні шақыру.
Другие кнопки – құралдар тақтасына батырмаларды қосу немесе алып тастау.
Достарыңызбен бөлісу: |