52
атқарады. Алғашқы түбір құрамына түскен екпін біртұтастықты белгілеу үшін кейінгі
буынға жылжиды [3,100]. Түркі тілдеріндегі логикалық екпін үш акустикалық элементтен
тұрады, бірақ олардың біреуі басым болып келеді, негізгі қызметі – фраза деңгейіндегі
делимитативтік және кульминативтік, сол сияқты интонация құрамындағы модальдықты
көрсету.
«Интонация – сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы,
сөйлеудің
ритмдік-мелодикалық
бейнесі»
[4,143].
Интонация
бірнеше
маңызды
компоненттерден тұрады: мелодия, ритм, темп, қарқындылық, тембр, фразадағы сөздер мен
сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні. Жалпы тілдік
жүйеде сөйлемді сомдайтын ең маңызды универсалды факторлардың қатарынан орын
алатын интонация түркі тілдерінде де өзіндік қызметімен сипатталады: сөйлемнің
коммуникативтік түрлерін ажырату; жеке коммуникативтік типтерін даралап көрсету;
мазмұнның ерекшеліктерін анықтау; мәтін құрамындағы, диалог барысындағы сөйлемдерді,
синтагмаларды бір-бірінен бөліп көрсету; көңіл-күйге байланысты әртүрлі эмоцияларды
даралау. Мақсатқа, эмоционалды-экспрессивті сапаға байланысты түркілердің сөйлеу
үдерісіндегі интонациялық толқын жылжымалы болып келеді.
Сөз құрамындағы дыбыстардың белгілі бір жүйе бойынша орналасуын қамтамасыз
ететін сингармонизм заңдылығы түркі тілдеріне тән ерекше белгі. Сингармонизм заңдылығы
сөздің мағыналық біртұтастығын қамтамасыз ететін екпінмен сабақтастықта дамығаны
белгілі. «Егер сөз құрамындағы буындардың өзара ыңғайласып, бір фонетикалық комплекске
бірігуінің белгісі сингармонизм құбылысы десек, онда бұл пікір қарсылық тудырмайды» [3,
101].
Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың гармониялық үндесім заңдылығы екі түрлі
позицияда көрінеді: палатальдық гармония немесе дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне
қатысты үндесімі (дауыстылардың алдыңғы және артқы қатар бойынша үндесімі); лабиалдық
гармония немесе дауысты дыбыстардың ерінге қатысты үндесімі (ерін үндестігі). Орхон,
Енисей ескерткіштерінің мәтіні ҮІ-ІХ ғасыр түркілері тілінде дауыстылардың жуын-жіңішке
үндесімі сөздің бірінші буынынан соңғы буынына дейін негізінен сақталып отырғанын
көрсетеді: Qaγanlїγ budun ertim, qaγanїm qanї? Ne qaγanqa isig-küčig bürürmen? - tir ermis.
Anča tip, tabγač qaγanqa jaγї bolmїs КТү 9 «Қағанды халық едім, қағаным қайда?! Қай қағанға
күш-қуатымды берермін?!» - десті. Осылай деп табғаш қағанға жау болды» (Айд.І,173).
Палатальды гармония қазіргі түркі тілдерінде де біршама жақсы сақталған: көне түркі тілінде
jamaγ `жамау` (ДТС, 231), түркімен тілінде jamak, өзбек, әзірбайжан тілдерінде jamaq, қазақ,
қарақалпақ тілдерінде – žamaw ноғай тілінде jamav, татар тілінде jamaw; қырғыз тілінде
žamak; якут тілінде samaa, тува тілінде čamaški, хакас тілінде nama, алтай тілінде damaa.
Түркі тілдеріндегі лабиалдық үндесім палатальды үндесімге қарағанда жүйесіздеу.
Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде де ерін үндестігінің бірде сақталып, бірде
сақталмағанын, сақталған жағдайда да екінші буыннан асатыны сирек екенін аңғаруға
болады: Qurїγaru – kün batsїqїŋa, jїrγaru – tün ortusїŋaru - anta ičreki budun qop maŋa körür,
anča budun qop itdim КТк. 2 «Кейін-күн батыста, сол жақта түн ортасында - соның ішіндегі
халықтың көбі маған бағынды, халықты осынша көп еттім» (Айд. I, 168). Сөйлемдегі budun
`халық`, körür `көрер (басшы(хан) көрер)` лексемаларында ерін үндестігі толық сақталса,
ortusїŋaru «ортасында» сөзінде үшінші буында бұзылады, ал qurїγaru `кейінге қарай`
тұлғасында сақталмаған.
Қазіргі түркі тілдерінде де лабиалды үндесім бірыңғай сипатта емес: қаз., ққалп. tüzüw,
өзб. tüzük, түркім. düzüv, тат. tözek; қаз. oqtaw, қырғ. oktoo, ққалп. оqlaw, ноғ., түркім. оklow,
тат. uqlaw; қаз. küzew/küzek/küzdew, қырғ. küzöö, тув. küzeg, як. kühün, тат., башқ. küzäk; көне
түркі тілінде küdagu/küjagu `зять` (ДТС, 324), (ИДТЯ, 329), қаз.küjew, қырғ. küjoo/küjov, ноғ.
kjev, өзб. küjev, тат. kijav, тув. küdээ, хак. тілінде – kza, ұйғ. тілінде – küj (oγul), kerü;
ескерткіштер тілінде kösägü `кочерга` (ИДТЯ, 328), қаз., ққалп. ті kösew, қырғ. kösöö/kösöv,
ноғ. kösev, ұйғ. kösäj. Қазіргі түркі тілдері арасында ерін үндестігі қырғыз, түрік тілдерінде
жақсы сақталса,
басқа түркі тілдерінің көпшілігінде жартылай сақталған. Мысалы, қазақ
53
тіліндегі `босану үдерісіндегі іштің бүріп ауыруы`, `дәстүрлі поэзия түрі` мағыналарын
беретін tolγaq ≈ tolγaw гомогенді жұбы қырғыз тілінде tolqok ≈ tolgoо түрінде тұлғаланады.
Түркі тілдерінің бір бөлігінде лабиал гармониясы мүлдем байқалмайды. Лабиалдық
гармониясын жартылай сақтаған тілдерде түбір сөздің еріндік сипаты негізінен екінші
буында сақталып, одан кейінгі буында үндесім сапасын өзгертеді.
Дауыссыз дыбыстардың
тілдің қатысына (тіл алды дауыссыздары, тіл арты дауыссыздары) қарай жуан, жіңішке
айтылуына байланысты жүйелілікті сақтауы дауыстыларды палатальдық үйлесімділігіне
қатысты жүзеге асады. Әзірбайжан тілінде үндестік заңы жуан-жіңішкелік және ерін
үндестігі түрінде көрінеді, жуан-жіңішкелік үндестігі бірізділік сипатта болса (joldašlar
`жолдастар`, körürsän `көрерсің`), ерін үндестігінің аясы шектеулі, қысаң дауыстылар ғана
ерін үндестігін сақтайды: otururdum `отырдым`, küčlü `күшті`.
Алтай тілінде ерін үндестігі де, жуан-жіңішкелік үндестігі де жүйелі түрде сақталып
отырады: bolgon `болған`, bilgir `білгір`, kölgö `көлге`, qïzïl `қызыл`. Башқұрт тілінде
сингармонизм заңдылығының жуан-жіңішкелік үндестігі негізінен бірізділікті сақтайды
(altï `алты`, jaqšï `жақсы`, kerpek `кірпік`, himez `семіз`), ерін үндестігі сақталған (törlö
`түрлі`), сондай-ақ ілгерінді, кейінді ықпалдардың әсерінен болатын қатаң дауыссыздардың
ұяңдануы да жүйелі көрініс береді: ike gitap `екі кітап`, küg at `көк ат`. Боджнурд тілінде
дауыстылар үндестігі реликт түрінде көрініс береді, түбірлер мен түбір негіздерде
дауыстылардың бірыңғайлылығы сақталса, қосымша морфемаларда дауыстылардың
бірыңғайлылығы бұзылады. Гагауыз тіліндегі төл сөздер жуын-жіңішке үндестігін сақтайды
(alarïm `аламын`, bilärim `білемін`), ерін үндестігі бойынша түбірдегі еріндік дауыстыға
сәйкес қосымша құрамындағы қысаң дауыстылар еріндiкке айналады: dördünžü `төртінші`,
dokuzunžu
`тоғызыншы`.
Қазақ
тіліне
дауысты
дыбыстардың
артикуляциялық
жақындасуынан болатын жуан-жіңішкелік буын үндестігі тән (qïzdarïm `қыздарым`, inilerim
`інілерім`), лабиалды үндестік әлсіз және екінші буыннан кейінгі ерін үндестігі белгілері
орфографиялық нормада ескерілмейді. Қарайым тіліндегі сингармонизм заңдылығы
түбірдегі немесе бастапқы буындағы дауыстылардың жасалу орнын сипаттайтын тіл мен
еріннің қатысына қарай жүзеге асады (altïmïs `алпыс`, jetmiš `жетпіс`), ерін үндестігі әлсіз,
бірінші буындағы еріндіктер кейінгі буындағы қысаң дауыстыларға ғана ықпал ете алады
(kolum `қолым`). Қырғыз тіліндегі қысқа және созылыңқы дауыстылардың үйлесімділігі тіл
мен еріннің қатысына байланысты, жүйелі және қарқынды ерін үндестігі сақталған: güldün
`гүлдің`, balada `балада`, okučuunun `оқушының`.
Салар тілінде дауыстылар үндестігі әлсіз, негізінен таңдай және ерін дауыстылдарының
үндестігі байқалады: tutul `ұстал`, sekiz `сегіз`. Cары ұйғыр тілінде дауыстылар үндестігі
жүйелі түрде сақталмаған (sïŋgek `сона`, erenda `еркекте`), негізінен дисиллабтардың
формальды бөлігі шегінде жүзеге асады: jumsaq `жұмсақ`, kelni `әйелі`. Татар тілінде
дауыстылардың жуан-жіңішкелік үндестігі төл сөздерде толық сақталған (azrak `азырақ`,
belmičä `білмей, білмейінше`), ішінара ерін үндестігі аңғарылғанмен (негізінен о,ö,е
дауыстыларына қатысты) орфографиялық нормада көрсетілмейді: bolotlo → bolïtlï `бұлтты`,
bötönlök → bötenlek `бүтіндік`. Татар тілінде дауыссыздарға қатысты ілгерінді, кейінді
ықпалдар да кеңінен көрініс береді. Тофа тілінде дауысты дыбыстар таңдай қатысы жағынан
алдыңғы және артқы фонологиялық қатарға сәйкес үндеседі: ïrïq `тесік, жырық`, irik `шірік,
шіріген`. Тува тілінде дауыстылардың жуан-жіңішкелік үйлесімі (daštar `тастар`, pöšter
`самырсындар`), кей жағдайда ерін үндестігі сақталады: xolumnu `қолымды`. Түрік тіліндегі
сингармонизм заңдылығы дауыстылардың жуан-жіңішкелік үндесімділігінен (bende `менде`,
arabayla `машинада/автокөлікте`), ерін үндестігінен (`ұлым` oglum), дауыссыздардың қатаң-
ұяң үйлесімінен (taštan `тастан`, demir `темір`) көрінеді. Түрік тіліндегі үндестік заңының
бұзылуы негізінен басқа тілден енген сөздерге тән, сондай-ақ кейбір түркі сөздерінде (anne
`ана`, kardeš `аға, бауыр` т.б.) және бір нұсқада ғана орныққан қосымшалар (-yor, -ken, -leyin
т.б. ) жалғанған сөздерде үндестік заңдылығы сақталмайды. Түрікмен тілінің дыбыстық
жүйесіне жуан-жіңішкелік (čagalïk `балалық`, jigitler `жігіттер`) және еріндік үндесімі
(`отын` odun) тән.
Достарыңызбен бөлісу: |