[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет146/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   164

291 
 
 
Білім  -  адамдарды  бір-бірінен  ажырататын  негізгі  құндылықтардың  бірі.  Өмір 
жолындағы  рухани  белестерге  білімді  жетік  меңгерген  және  оны  ұтымды  қолдана  білген 
маман  ғана  жете  алады.  Ғалым  Выготский  «оқушылар  зияттың  жоғары  деңгейіне  жеке 
жұмыс  істегенде  емес,  бірлесе  жұмыс  істеген  кезде  жете  алады»  деген[1,  9].  Брунердің  
айтуынша,  оқытудың  ынтымақтастық  әдістері  проблемалық  жағдайларды  шешуге  оңтайлы 
ықпал  етеді,  себебі  студенттер  аталған  проблеманың  түрлі  интерпретацияларын  көре 
алады.Құрдастарды  қолдау  жүйесі  студенттерге  білім  алуға,  сол  сияқты  сыни  тұрғыдан 
ойлау  дағдыларына  ие  болуға  және  оларды  зияткерлік  жұмыс  істеу  құралына  айналдыруға 
мүмкіндік береді [2, 85]. 
Педагогикада  ынтымақтастық  оқу  тәсілдерінің  түрі  көп,бірақ  та  бірлескен  оқу 
үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: 
1  Оқу  студенттер  ақпаратты  игеретін  және  өздері  игерген  мәліметті  бұған  дейін 
меңгерген  білімдерімен  байланыстыратын  белсенді  үдеріс  болып  табылады.  2  Оқу 
тапсырмаларды  орындау  үшін  механикалық  есте  сақтау  мен  қайталау  емес,  құрдастардың 
белсенді  қатысып,  ақпараттарлы  өңдеуі  және  қорытуын  талап  етеді.  3  Қатысушылар  әр 
адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. 4 Оқу студенттердің әңгімелесу кезіндегі 
әлеуметтік  ортасы  жағдайында  жетіледі.Осы  зияткерлік  жаттығу  кезінде  студенттер  ой-
пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 5 Оқудың ынтымақтастық ортасында студенттер 
әдеуметтік  және  эмоционалдық  тұрғыдан  да  дами  түседі,  өйткені  олар  түрлі  көзқарастарды 
тыңдап,  өз  идеяларын  айтуға  және  қорғауға  мәжбүр  болады.Мұндайда  студенттер 
сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық 
түсініктерін  құруды  бастайды.  Осылайша  ынтымақтастық  оқу  жағдайында  студенттер 
құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынас  жасауға,  идеяларын  ұсынуға  және  қорғауға,  әртүрлі 
ұстанымдармен  алмасуға,  басқа  тұжырымдамаларға  күмәнмен  қарауға  және  оған  белсенді 
қатысуға мүмкіндік алады. 
Топтық  жұмысты  орындау  барысында  студент  бойында  қарым-қатынас  жасай  білу, 
өзін-өзі  көрсете  білу,  басқаларды  қолдау  және  басқаларды  қадағалау  сияқты  тұлғааралық 
іскерліктер  дамиды.  Топтық  жұмыстарда  орындау  кезінде  әлеуметтік  аспект  тұрғысынан 
білім  алушылар  пікірлерімен  және  тәжірибелерімен  алмасады,  тапсырмаларды  шешудің 
жолдарын  бірлесіп  табады,  сол  сияқты  бірлесу  нәтижесінде  үздік  нәтижелерді 
береді.Танымдық  аспект  тұрғысынан  білім  алушылар  жұмыстың  баламалы  бағыттарының 
идеяларын ұсынады, маңызды істермен түсініктемелерді дамытады. Ал эмоцианалдық аспект 
тұғысынан  жекелеген  адамдардың  тәжірибесі  мен  біліміне  сене  отырып,  күрделі 
тапсырмаларды орындау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге үйренеді.   
Оқытудың негізгі формасы - сабақ. Оқытушының мақсатына жетуі теорияны оқытушы 
шеберлігіне  сүйеніп  тиімді,  түсінікті,  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Оқытушы  өз  шеберлігін  жетілдіру  мақсатында  үнемі  ізденісте  болуы  тиіс. 
Заманауи  оқытудың  талабына  сай  студенттермен  сабақ  өткізу  барысында  қолданылатын 
тиімді  жұмыс  түрінің  бірі  –  4-5  адамнан  тұратын  топтық  жұмыс.4-5  адамнан  тұратын  топ 
топтық  жұмыстың  көптеген  түрлерінде  және  топта  бір  оқушының  үстемдігін  әлсірету  үшін 
тиімді.  Сонымен  қатар  топ  мүшелерінің  кейбіреулері  үшін  аз  жұмыс  істеуге  көп  мүмкіндік 
береді.  Топтық  жұмыстың  ерекшелігіне  тоқталсақ,  атап  айтқанда,  а)  әр  студенттің  өз  ойын 
еркін жеткізу мүмкіндігі пайда болады; ә) командалық, яғни ұжымдық рух қалыптасады; б) 
топтағы  әр  студент  түрлі  рольдік  фунцияларды  атқаруға  икемделеді.  Мысалы,  бір  сабақта 
студент көшбасшылық функциясын атқарса, екінші сабақта  хатшы болуы мүмкін в) топтық 
жұмыс барысында барлық студент қамтылып, инклюзивтілік жүзеге асырылады [3, 43]. 
Қарым-қатынасқа  түсу  мүмкіндігі  топтағы  жұмыстың  барынша  қолайлы  аспектісі 
болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет 
етеді,  сондықтан  білім  алушылар  білуге  тиісті  бірнеше  негізгі  ереже  бар,  атап  айтсақ: 
кезекпен  сөйлеу;  белсенді  тыңдау;  сұрақ  қою  және  сұрақ  бар-жоғын  сұрау;  ұсыныс  енгізу 
және  басқаларда  ұсыныс  бар-жоғын  сұрау;  өз  ойларын  және  пікірлерін  ортаға  салу  және 


292 
 
басқалардың  идеялары  мен  пікірлерін  білу;  ұсыныстарды,  идеяларды  және  пікірлерді 
ұжыммен талқылау; көмектесу және көмек сұрау; түсініктеме  беру және түсініктеме  беруді 
өтіну;  идеяларға  түсініктеме  беру  және  оны  бағалау;  топтық  шешім  қабылдау  және  бір 
тоқтамға келу; талқылаудың қорытындысын шығару; дәйекті айғақтар келтіру; 
Топ  құрамы  мен  топтағы  студенттер  саны  оқытушының  топтастыруына  сәйкес 
анықталады.  Топқа  бөлу  барысында  студенттердің  жас  ерекшелігі,  мүмкіндігінше  жеке 
мінез-құлық  ерекшелігі  ескерілуі  керек.  Топ  құрамындағы  студенттерге  сабақ  мақсаты  мен 
тақырыптың  мазмұны  және  оқытушының  сабаққа  әзірлеген  тапсырмаларына  сәйкес 
атқаратын  қызметтері  анықталады.  Жаңа  әдіспен  сабақ  өткізудің  тиімділігі  студенттермен 
сабақ  жүргізу  барысында  аңғарылады.  Сабақ  барысында  топтық  жұмыс  бір  сабаққа 
негізделіп  құрылады.  Сабақта  өткен  теориялық  материал  фронтальды  сұрақ  қою  әдісімен 
тексеріліп, жаңа сабақ ғылыми мәтінмен жұмыс арқылы игертіледі. Жаңа сабақты меңгерту 
үшін  Джигсо  әдісімен,  3  минуттық  видео-роликті  кейс-стадий  әдісімен  талдау  арқылы 
орындалады,  сабақты  бекіту  бірлескен  топпен  бірнеше  жауапты  тестілерді  шешу  арқылы 
жүзеге асырылады.  
Бірлескен  топтық  жұмыс  идеялары  өзара  байланысты  7  модуль  аясында 
қарастырылады.  Біздің  ойымызша,  жаңа  сабақты  игерту  барысында  мәтінмен  жұмыс 
жүргізуде  Джигсо  тәсілі  тиімді  әдістің  бірі  болып  табылады.  Күрделі  мәтінді  меңгертуде 
мәтінді  бөліктерге  бөліп,  әр  топтың  игерілуіне  беріледі.  Күтілетін  нәтиже  -  топтың  күрделі 
мәтінді, оның мазмұнын  толық, әрі жан-жақты меңгерілуін қамтамасыз етеді.  
Топтық  жұмыстарды  студенттердің  орындау  барысында  топта  ынтымақтастық 
атмосферасы  қалыптасатынын  байқадық.  Топтық  жұмыс  арқылы  әр  студент  өзіне  берілген 
тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысады. Сонымен қатар, студенттердің ұжымда 
жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Тәжірибе мерзімінде бірлескен топтың жұмысын бағалу 
төмендегідей    үш  жолмен  жүзеге  асырылды.  1.  Әр  топ  мүшелері  келесі  топты  бағалады. 
2.Топ спикерлері өз тобының мүшелеріне баға берді. 3. Оқытушы сарапшы ретінде әділ баға 
берді.  
Тәжірибеге  барысында  өткізілген  сабақтарға  сүйене  отырып  төмендегідей  қорытынды 
жасалды: оқыту үдерісін ұйымдастыруда бірлескен топтық жұмыс жасау тиімді, әсіресе оқу 
жұмыс  жоспарында  белгіленген  сағатқа  сәйкес  семинар  сабақтарын  өткізу  және 
студенттердің толық қатысуын қамтамасыз ету; бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыруда 
топ  құрамы  төрт-бес  студентті  қамтығаны  дұрыс;  топ  студенттерінің  тапсырмалары  және 
жеке  студенттің  атқаратын  рөлі  бірден  анық  берілуі  керек;  сабақ  қорытындысында 
студенттер  толық  бағалануы  және  наразылық  туындамас  үшін  бағалау  критерийлері 
таратылуы  шарт;  топтық  жұмыс  оң  нәтиже  беруі  үшін  оқытушы  үнемі  бақылып,  жетекші 
сұрақтар арқылы бағыт-бағдар беруі қажет. 
Тәжірибе  барысында  студенттерге  топтық  жұмыс  жасау  ұнады.  Бұған  дәлел  ретінде 
студенттердің  жазған  рефлексиясын  көрсетуге  болады.  Мысалы,  Молдабекова  Айнұрдың 
рефлексиясы:  «Сабақтың  ұйымдастырылуы  өте  жақсы  болды.  Сабақ  барысында  топпен 
жұмыс  жасау  тиімді  екенін  тәжірибе  арқылы  көрдік.  Топ  мүшелері  толық  тапсырманы 
орындады.  Тапсырманы  орындау  барысында  топта  ұйымшылдық,  бірлесе  жұмыс  жасау 
болды»,  Тұрлыбекова  Альбина:  «Бүгінгі  сабақ  өзгеше  болды.  Сабақ  барысында  уақыт  тез 
өтті.  Алған  әсерім  өте  жақсы,  көңілді,  тез  орындадық».  Сағынтаева  Әйгерім:  «Сабақ 
тапсырмалары  өте  жақсы  болды.  Ұйымдастырылуы,  тапсырманы  топтаса  орындау, 
бағалау  өзгеше  болды.  Сабақ  қызықты  өтті».  Аталған  студенттердің  рефлексиясына 
талдама  жасасақ,  негізінен  студенттер  сабақтың  үш  аспектісіне  де  жоғары  баға  берген. 
Сонымен  қатар,  олар  өздері  топпен  жұмыс  жасау  тиімді  болғандығын  баса  көрсеткен. 
Тапсырмалардың тез, тиімді орындалуының да себебін топпен жұмыс жасау анықтаған.  
Студенттермен  топтық  жұмыс  жасау  арқылы  оқу  үдерісін  ұйымдастыру,  бағалау, 
студенттердің  жаппай  қатысуын  қамтамасыз  ете  аламыз.  Студенттермен  топпен  жұмыс 
жасау  студенттің  де,  оқытушының  да  кәсіби  өсуіне,  студенттердің  сын  тұрғысынан 
ойлауына, ғылыми мәтіндермен Джигсо әдісі арқылы жұмыс жасауға, талдауға, пікір айтуға, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау