§ 18. Жылулық сәуле шығару
Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауы, яғни абсолют қара дененің бірлік бетінен 1 сек ішінде шығаратын энергиясы Стефан — Больцман формуласымен анықталады
мұндағы Т — Кельвин градусымен берілген температура, ал σ— Стефан — Больцман тұрақтысы.
σ = 5,67·10-8 Вт/м2 • град4.
Егер сәуле шығарушы дене абсолют қара дене болмаса, онда , мұндағы коэффициент әр уақытта да бірден кем болады. Энергетикалық жарқырау k абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығымен мынадай қатынас бойынша байланысады: .
Винның ығысу заңы бойынша абсолют қара дененің абсолют температурасының осы дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығы максимал болатын толқын ұзындығына көбейтіндісі мынадай тұрақты шамаға тең болады, яғни .
Абсолют кара дененің энергетикалық жарқырауыныц максимал спектрлік тығыздығы бесінші дәрежелі абсолют температураға пропорционал болып өседі (Винның екінші заңы)
, мұндағы .
Есеп шығаруда қажетті материалдар
Достарыңызбен бөлісу: |