«ветеринариялық санитариялық сараптау»



жүктеу 292,17 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі292,17 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК

042-18-23.1.42/01-2013ж .



«Ветеринариялық санитариялық сараптау» пәнінен оқу әдістемелік кешені

№_ басылым

«__»_____2013ж.





«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ»

пәнінің 05120100 -«Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Семей 2013




Тақырыбы № 1 Техника қауіпсіздігі.

Ветеринариялық санитариялық сараптауда қолданылатын стандарттар.



Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: универсальды рефректометр, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, термометр, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар, 1% фенофталеиннің спирттік ертіндісі, 0.1Н күйдіргіш натрий және калий ертінділері, хлороформ, нейтральды қызыл ертіндісі, мұздатылған сірке қышқылы, 1% крахмал ертіндісі, 0,01 Н гипосульфат натрий ертіндісі, қаныққан тұз қышқылы, қаныққан бензолдағы резорцин ертіндісі, эфир этилі,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров, В.П.Фролов, Н.Ф.Щуклин «Ветсанэкспертиза с основами технологий и стандартизации продуктов животноводства» М.: Агромпромиздат 1991г. с 438-444



Сабақтың мақсаты: Зертханадағы жұмыс жағдайында техника қауіпсіздігін сақта.

Негізгі сұрақтар:

1. Техника қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлеріне жазбаша жазып алу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: Топ студенттерімен танысу, жұмыс орындарын бекіту, кезекші тағайындау. Аудиториялық бақылау жұмысын жүргізу үшін лабораториядағы құрал-жабдықтармен таныстырып, жұмыс істеу жолдарын түсіндіру және қауіпсіздік сақтау ережелерімен таныстыру.

1. Техника қауіпсіздігін сақтау ережелері.

Химиялық лабороторияға қауіпсіздік ережелерімен танысқан адамдар ғана кіреді.

Жұмыс уақытында: Барлық жұмыстар лабораторияда былай жүргізіледі.

а) Лабораторияда жұмыс істегенде оқытушының немесе лаборанттың қатысуымен ғана жұмыс істеу керек және басқа жұмыстарды орындауға тиым салынады.

б) Жұмысқа кірісер алдында тапсырма мен қауыпсіздік ережелерімен және құралдармен мұқият танысу керек.

в) Лабораторияда жұмыс атқарылып жатқан кезде жұмыссыз әрлі – берлі жүруге, жолдастарыныздың назарын өзіңізге аударуға тиым саынады, тазалықты және тыныштықты сақтау керек.

г) Химиялық реакцияларды қатаң түрде методикалық нұсқаумен орындау керек.

Лабораторияда жалғыз жұмыс істеу қатаң тиым салынады. Қатаң тиым салынады:

а) Кафедрада темекі тартуға

б) Лабораторияда тамақ жеуге болмайды

в) Химиялық ыдыстан су ішуге

г) Химиялық реактивтердің дәмін көруге

д)Жұмыс құралдарын, приборларды, электроплиткаларды қараусыз тастауға болмайды.

е)Сүттің сынамаларына консервіленген заттар болса органолептикалық баға берілмейді.

2.Химиялық лабораторияларда жақсы вентеляциадан сорғыш шкаф және жақсы сорғышы бар болғанда жұмыс істеуге болады.

3.Жұмыс барысында приборларды және ондағы заттармен таныспаған жағдайда сәтсіз жағдайға ұшырауы мүмкін.

4.Химиялық реакцияларды белгілі бір көлемде концентрациясында белгілі бір ыдыста немесе приборларда жетекшенің айтуынша жасау керек.

5.Алдын-ала тексерусіз бірде-бір тәжірбие және құралдарды жұмысқа қолдануға болмайды.

6.Кір ыдысқа тәжірбие қоюға болмайды.Тәжірбие аяқталғаннан кейін ыдысты тез арада жуу керек,көп уақытқа қалдыруға болмайды.

7.Ыдысты құммен жууға болмайды,өйткені ол одан кейін шытынап қалады, әсіресе қыздырғанда.

8.Этикеткасыз және жазусыз ыдыстағы затты қалдыруға болмайды.

9.Лабораториядағы заттардың дәмін татуға болмайды.

10.Химиялық столға тамақты, папиростарды және т.б заттарды қоюға болмайды.

11.Лабораториялардағы заттарды иіскеуге,терең дем алуға болмайды.

12.Улы заттармен жұмыс істегенде сорғыш шкафта істеу керек.

13.Жалпы лабораториядағы заттарға улы деп қарау керек.

14.Лабораториядағы заттарды беруге және де үйге алуға болмайды.

15.Көпіршіп және қайнап жатқан ыдыстардағы заттарға еңкейіп қарауға болмайды, көзге түсуі мүмкін.



Тақырыбы № 2 Еттің жас екендігін (балаусалығын) анықтау.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, 5 проценттік күкірт қышқыл мыс ерітіндісімен реакция, микроскоп, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, термометр, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 83-86, 88-89, 90-93



Сабақтың мақсаты: Еттің балаусалығын (жас) екендігін зерттеу әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

I.Сынама алу және органолептикалық зерттеулер.

Еттің сырқы түсін анықтау.

Еттің жұмсақтылығын анықтау.

Еттің иісін анықтау.

Еттің жас екендігін (балауса) екендігін оның майы бойынша анықтау.



Сорпаның тұнықтығы мен хош иісін анықтау.

II.Химиялық зерттеу әдістері.

1.Сорпадан белоктардың ыдырауынан пайда болған өнімдерді анықтау.

2.Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау. (ҰМҚ).

3.Микроскопиялық әдіс.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Еттің балауса (жас) екендігін анықтау

Еттің балауса (жас) екендігін мемлекеттік үлгінің (МЕСТ) 7269-54 талаптарына сәйкес анықтайды. Ұзақ сақтау кезінде ет әртүрлі физикалық-химиялық ықпалдардың және кейбір микроорганизмдердің әсерінен көптеген өзгерістерге ұшырауы мүмкін(еттің түсінің өзгеруі, тотығуы, кілегейленуі, көгеруі, шіруіт.б.). Ең қауіпті бұзылуыдың бір түрі-шіру. Шіру кезінде микрофлоралардың әсерінен белок ыдырап, өте зиянды заттар бөлініп шығады. Еттің балауса (жас) екендігін анықтау үшін органолептикалық (МЕСТ) 7269-79 химиялық және микроскопиялық әдістер (МЕСТ) 2339-78 қолданылады.

1. Сынама алу: Алынатын еттің мөлшері 200гр кем болмауы керек. Ол үшін 4-5 мойын омыртқа тұсынан жауырын және жамбастың қалың бұлшық етінен кесіп алынады. Керек болған жағдайда ішкі органдарынан да 200гр мөлшерінде (Суб өнім) сынама алынады.

Органолептикалық зерттеулер.



Еттің сырқы түсін анықтау . Бұл үшін еттің сыртқы қабатындағы қабықшаға көңіл аударады. Саусақпен еттің жабысқақтығын ылғалдылығын (фильтр қағазын еттің кескен жеріне қою арқылы) анықтайды.

Балауса еттің қабықшасы қағаз тәрізді шытырлап тұрады, түсі ақшыл-қызыл, бұлшық етті кескен кезде сәл ылғалды фильтр қағазында дақ қалмайды, еттің сөлі тұнық болады. Балауса екендігіне күдік немесе күмән тудыратын ет ылғалдылау, жабысқақ, сәл күңгірт тартқан болып келеді, кескен еттің арасы ылғалды, фильтр қағазында тоңазытылған ет болса, жібіткен кезде еттің сөлі лайлау болуы мүмкін. Балауса емес (бұзылған) еттің сыртқы жағы кеуіп кетеді, шырыштанып немесе көгереді. Кесілген жер ылғалды, фильтр қағазына дақ қалдырады, ет қолға жабысып тұрады. Қайта жібітілген еттің сөлі өте лай болады.

Еттің жұмсақтылығын анықтау үшін саусақпен ет үстінен басып көріп, пайда болған шұңқырдың қалпына келу жылдамдығын қадағалаймыз.

Ет балауса болатын болса, тығыз, серпімді, болып келеді, пайда болған шұңқыр өз қалпына тез келеді. Балауса еместігіне күмән тудыратын ет болса, аса тығыз болмайды. Ескі ет (балауса емес) жұмсақ болып босап кетеді, шұңқыр өз қалпына қайтып келмейді.



Еттің иісін анықтау. Ол үшін ең алдымен еттің сыртқы қабатының иісін анықтайды, содан кейін оны тіліп, ішкі қабатының иісін анықтайды, әсіресе сүйектің тұсындағы еттің иісі жақсы сезіледі.

Балауса еттің, әр малдың өзіне тән иісі болады.

Күмәнді еттің иісі қышқылдау иісі қышқыл, сасық болады.

Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау. Ол үшін майдың сыртқы түрін, иісін және жұмсақтығын (консистенциясын) анықтайды. Сиырдың балауса майы ақ, сарылау немесе сары түсті болады, консистенциясы қатты, езілген кезде үгіліп тұрады. Шошқа майы ақ, ақшыл қызғылт, жұмсақ, созылмалы, қойдың майы ақ, тығыз. Майда бөтен, ашыған иіс болуы керек. Балауса екендігіне күмән келтірген ет майының түсі сұрғылт боз түсті болып келеді, қолға жабысады, жағымсыз иісі болуы мүмкін. Ескірген майдың түсі күңгірт сұр болады, саусақпен арсына салып езген кезде, жағылып жұғып қалады.

Еттің сапасын оның сіңірі бойынша да анықтайды. Балауса еттің сіңірі серпімді, тығыз, беті жылтыр, тегіс болады.

Күмәнді етің сіңірі аса тығыз болмайды, беті жылтыр емес, күңгіртеу келеді.

Ескі еттің сіңірі жұмсақ, түсі сұрғылт, сырты шырыштанып тұрады.



Сорпаның тұнықтығы мен хош иісін анықтау.

Оны қайнату сынамасы арқылы анықтайды. Ол үшін ұсақталған 20гр етті колбаға салып, үстіне 60гр тазартылған су құяды, жақсылап араластырып, бетін шынымен жауып, қайнап тұрған су ваннасына қояды. Сорпаның иісін колбадан бу шыға бастаған кезде анықтайды. Сорпаның біраз мөлшерін таза пробиркаға құйып, жай көзбен оның тұнықтығын анықтайды.

Жас еттің сорпасы тұнық, хош иісті, майы бетінде қалқып тұрады.

Күмәнді еттің сорпасы тұнық болуы мүмкін, біраз аздаған жағымсыз иісті болады.

Ескі еттің сорпасында тұнба болады, иісі өте жағымсыз болып келеді.

Химиялық зерттеу әдістері.



2.Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау (ҰМҚ).

Бұл әдіс етті сақтау кезінде жинақталған ұшпа май қышқылдарын бөліп алуға және олардың мөлшерін калийдің судағы тотығымен дистилятты титрлеу арқылы анықтауға арналған.

ҰМҚ-ын анықтау үшін арнайы аспаптар құрастырылады. Жас еттегі ҰМҚ-ның мөлшері 4-ке дейін болуы керек. Күмәнді етті 4,1-9-ға дейін. Ескі етті жоғары болады.

3.Сорпадан белоктардың ыдырауынан пайда болған өнімдерді анықтау. (5 проценттік күкірт қышқыл мыс ерітіндісімен реакция). Ол үшін бастапқы сорпаны(қайнату сынамасы кезіндегі) қолдануға болады. Ыстық сорпаны сүзіп алып, суытқаннан кейін, пробиркаға 2мл тұнық сорпа, 3тамшы 5 проценттік мыс ерітіндісін құяды. Жақсылап араластырып, 5 минуттан кейін нәтижесін қарайды. Жас еттің сорпасы тұнық күйінде қалады. Күмәнді еттің сорпасы лайланады. Ескі еттің сорпасы лайланып қоймалжың затқа айналады.

Микроскопиялық әдіс.

Зерттеуге арналған еттің сыртын спиртовкада күйдіріп, стирилденген қайшымен мөлшері 2,0×1,5×2,5см бір кесек ет кесіп алады да, төсеніш шыныға жұғын-таңба салады.

Препараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді, грам әдісі бойынша бояйды да, микроскоп арқылы қарайды.

Егер жұғын-таңбада ешқандай микрофлора болмаса, немесе препараттың көру аймағында бірең-сараң коккилер мен таяқшалар (10 шақты) болса және бұлшық ет ткандерінің ыдыраған ізі байқалмаса, ет жас деп есептелінеді.

Егер жұғын-таңбадан 30-ға дейін микроптар көрініп бұлшық ет ткандері толық ыдырап,ет талшықтары мүлдем ажыратқысыз болса, онда мұндай ет жас емес (ескі) деп саналады.



Тақырыбы № 3. Еттің балаусалығын зертханалық зерттеу.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, 5 проценттік күкірт қышқыл мыс ерітіндісімен реакция, микроскоп, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, термометр, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 83-86, 88-89, 90-93



Сабақтың мақсаты: Еттің жас екендігін (балаусалығын) зерттеу әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

I.Сынама алу және органолептикалық зерттеулер.

Еттің сырқы түсін анықтау.

Еттің жұмсақтылығын анықтау.

Еттің иісін анықтау.

Еттің балауса екендігін оның майы бойынша анықтау.



Сорпаның тұнықтығы мен хош иісін анықтау.

II.Химиялық зерттеу әдістері.

1.Сорпадан белоктардың ыдырауынан пайда болған өнімдерді анықтау.

2.Ұшпа май қышқылдарының мөлшерін анықтау. (ҰМҚ).

3.Микроскопиялық әдіс.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Өздік жұмыс: АКР орындау

Тақырыбы №4. Еттің қай түлікке жататынын анықтау.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, Люголь ерітіндісі, микроскоп, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, термометр, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар, диаметрі 1,4-1,5 капиллярлы, жіңішке резеңке, термометрлер.

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 13-14



Сабақтың мақсаты: Еттің қай түлікке жататынын анықтау әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Органолептикалық зерттеулер.

2.Майдың еру температурасын анықтау.

3.Гликоген реакция.

4.Преципитация реакциясының нәтижесі арқылы еттің қай түлікке жататындығын анықтау.

5.Сүйек құрылымы мен ішкі мүшелер ерекшелігіне байланысты еттің түліктік түрі.

1-5-ші сұрақтар бойынша лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлеріне жазбаша жауап жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Мал дәрігерлік тәжірбиеде әртүрлі жағдайларға байланысты (ұрлық, елді алдап сату, (браконьерлік)еттің қай түлікке жататындығын анықтауға тура келеді. Ол үшін органолептикалық және сүйектің анатомиялық құрылысы мен ішкі органдарының ерекшеліктері бойынша анықтау, сонымен физикалық және химиялық әдістер қолданылады.



Органолептикалық әдіс.

Етті малдың қай түріне жататындығын анықтау үшін ұшаның бітіміне, тұлғасына (конфигурация) және түсіне көңіл аударады. Бірақ еттің түсі мен бұлшық ткандерінің құрылысы малдың жасына, жынысына, қоңдылығына байланысты өзгеріп отырады. Етті қайнатқаннан кейін де оның түсіне қарап ажыратуға болады׃ шошқа мен бұзау еті ақшыл сұр, ірі қара, жылқы және қой еті қара сұр болып өзгереді. Сойылғаннан кейін ет бөлінбеген тұтас ұша күйінде болса, онда ұшаның тұлғасына қарап,қай малдыкі екенін ажырату өте жеңіл. Мысалы, жылқының мойны ұзын, жіңішке, желке тұсында май жиналады.(жал), ал ірі қараның мойыны қысқа, жуан, жоғары жағында май болмайды.

Жылқының сауыры дөңес, ал ірі қараның сауыры, керісінше төмен болып келеді.

Қойдың сан жағы толық, үлкен, кеуде жағы домаланып келеді,шоқтығы білінбейді. (арқа деңгейінде болады) мойны да жұмыр. Ал ешкіні, керісінше, сан жағы кеуде клеткасы сопақтау, шоқтығы арқасының деңгейінен шығып тұрады, мойны жіңішке болып келеді.

Сүйектер мен ішкі органдарының анатомиялық ерекшеліктері бойынша еттің қандай малдыкі екенін анықтауға болады. Мысалы, жылқы қабырғасының саны 18, төменгі жағы жұмырланып бітеді, ірі қараның қабырғасы 13, жалпақ төменгі жағына қарай кеңейе түседі.

Жылқының тілі жалпақ, ұзын, ұшы доғалдау, ал сиырдың тілінің ұшы керісінше үшкірлеу болып келеді.

Жылқының көк бауыры үшбұрыш сияқты, ал ірі қараныкі сопақша болып келеді. Жылқы, бұғы бауырында өт болмайды, ал басқа малдардың бәрінде өті болады. Бұл әдіс бойынша еттің қай түлікке жататындығына ең дұрыс тұжырым жасауға болады. Етті шапқан кезде неғұрлым сүйегі аз бүлінсе, соғұрлым дұрыс қорытынды жасауға болады.

Лабораториялық әдіс.

Егер сарапшыға еттің бір кішкене бөлігі ғана берілсе, онда-оның қай түлікке жататындығын лабораториялық әдістер арқылы анықтайды.



Майдың еру температурасын анықтау.

Майдың еру температурасы өзінің құрамындағы қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының қатынасына байланысты болады. Ит, жылқы, содан соң шошқа майларының еру температурасы өте төмен, ал сиыр мен қойдың майының еру температурасы жоғары болады. Бірақ түрі бірдей малдардың еру температурасы жынысына, азықтану түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар тері астындағы май іш майға(бүйрек май, шажырқай т.б.) қарағанда тезірек ериді. Сондықтан еттің түрін осы әдіс бойынша еру температурасында өте көп айырмашылық болған жағдайда ғана анықтау керек. Мысалы: қойдың майын, иттің майынан, сиырдың майын, жылқының майынын ажыратуға болады.

Анықтау әдісі

Диаметрі 1,4-1,5 капиллярлы еріген маймен толтырып, тоңазытқышқа салып, қатырғаннан кейін оның жіңішке резеңкемен термометрге бекітеді. Термометрді капиллярмен бірге кең пробиркаға салады. Пробирканы су құйылған стақанға салады. Стаканды жайлап қыздыра бастайды, содан соң термометрді көрсеткіші мен капиллярдағы майдың күйін қадағалау керек. Майдың мөп-мөлдір болған сәтін майдың балқу температурасы деп белгілейді. Алынған сандарды мына таблицадағы көрсеткіштермен салыстыру арқылы майдың түрін анықтайды:




Майдың түрлері

Еру температурасы

Қой майы

Сиыр майы

Шошқа майы

Жылқы майы

Ит майы


50-55°

47-50°


40-44°

30-33°


22-23°

Зерттеуге арналған етті жақсылап ұсақтап турап, оған 1:4 есебінде су құйып 30 минут қайнатады. (25гр ет +100мл су ). Содан соң оны суытып, қағаз сүзгіш арқылы сүзіп алады. Таза пробиркаға 3-5мл тұнық сорпа және 5-10 тамшы Люголь ерітіндісін құяды. Реакция нәтижелі болса, онда сорпа күрең қызыл түске боялады, нәтижесіз болса, сары, күмәнді жағдайда сарғыш қызыл түске боялады. Иттің, жылқының, түйенің, аюдың еттері көбінесе гликогенге нәтижелі реакция береді. Қой, ешкі, ірі қара және шошқа еттері нәтижесіз реакция береді. Гликоген реакциясы бойынша мүлдем қорытынды жасауға болмайды. Мысалы, барлық жас малдың еті гликогенге нәтижелі реакция береді, ал енді кәрі және ауру малдардың еті, сонымен қатар бас пен мойыннан алынған еттер, әр уақытта гликогенге нәтижесіз реакция береді.

Тақырыбы №5. Еттің қай түлікке жататынын зертханалық зерттеу.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, Люголь ерітіндісі, микроскоп, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, термометр, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар, диаметрі 1,4-1,5 капиллярлы, жіңішке резеңке, термометрлер.

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 13-14



Сабақтың мақсаты: Еттің қай түлікке жататынын анықтау әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Органолептикалық зерттеулер.

2.Майдың еру температурасын анықтау.

3.Гликогенге реакция

4.Преципитация реакциясының нәтижесі арқылы еттің қай түлікке жататындығын анықтау.

5.Сүйек құрылымы мен ішкі мүшелер ерекшелігіне байланысты еттің түліктік түрі.

1-3-ші сұрақтар бойынша сабақта бекіту және 4-5-ші сұрақтар бойынша өз бетімен жұмыс дәптеріне конспект жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Өздік жұмыс: АКР орындау

Тақырыбы №6. Ауру малдың етін анықтау.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, 5 проценттік күкірт қышқыл мыс ерітіндісімен реакция, микроскоп, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, рН Михаэльс компораторы, индикатор паранитрофенол, 0,2 проценттік бензидин етріндісі және 2 тамшы 1проценттік сутегінің асқын тотығы ертіндісі, формалин ертіндісі, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 75-82



Сабақтың мақсаты: Ауру малдың етін анықтау әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Органолептикалық зерттеулер.

А.Сау малдың бауыздау сызығын анықтау.

Б.Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау.

В.Гипостозды анықтау.

Г.Лимфа түйіндегі өзгерістерді анықтау.

Лабораториялық әдістер.

2. Бактериологялық зерттеу.

3. Қышқылдық ортаны анықтау (рН).

4. Пероксидазаны анықтау.

5. Формалин реакциясы.

6. Лимфа түйіндерінің топографиясы. Ірі қара мен шошқа малының лимфа түйіндері.

7. Түйе, қой, буйвол лимфа түйіндерінің ерекшеліктері.

1-7-ші сұрақтар бойынша лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлеріне жазбаша жауап жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Етті ветеринариялық санитариялық сараптау кезінде етте жүретін биохимиялық процестердің өзгеруіне байланысты, малдың сояр алдындағы жағдайын, союға себеп болған жағдайда, не болмаса сақтау кезінде бұзылған технологиялық процестерді анықтау жүргізілуі мүмкін. Етті зерттеу әсіресе, өлгелі жатқан малдың, ауру малдың анықтауда үлкен маңызы бар. Ал мұндай еттер адам өміріне өте қауіпті. Сау малдың еті алғашқы еті бұзылғанының алғашқы сатысы да, өте көптеген улы аминдер пайда болады(нейрин, мускарин, гистамин, коллидин, мидатоксин). Осы екі жағдайда да етті тағамға пайдалануға болмайды. Сондықтан ауру малдың еті екенін және еттің жас екенін анықтау ветеринариялық санитариялық сараптаушының басты мақсаттарының бірі.

Аурулығына байланысты сойылған мал тәжирбие жүзінде еріксіз, не амалсыз сойылған мал болып есептелінеді. әртүрлі індетті, инвазиялық немесе жарақаттанып, уланып қалған малдардың өміріне қауіп төніп, одан ары емдеу ешқандай нәтиже сау малдан алынғанын білу үшін органолептикалық және зертханалық зерттеу әдістері қолданылады.

1.Органолептикалық зерттеулер.

Ол үшін малдың бауыздауына ( бауыздау сызығы) дәрежесіне, гипостазға және лимфа түйініндегі өзгерістерге көңіл аударады.

а.Сау малды сойған кезде, оның бауыздау сызығы тегіс емес, бұдыр болады және қан онда көбірек жиналады, ал ауырып немесе арам өлген малдың бауыздауы керісінше тегіс болып келеді. Түсі мүшелермен бірдей, бірақ бауыздалған жерді тегіс етіп шауып, тазалап қойған жағдайда, тек қана осы көрсеткіш бойынша анықтау мүмкін емес.

б.Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау. Бұл көптеген факторларға байланысты болады (сою әдісі, қан тамырларының дұрыс кесуі т.б). Асып қойып сойған малдың қаны жатқызып қайғаннан көрі жақсы ағады. Қаннан жақсылап тазарған ұшаның бұлшық еттерінде, қан тамырларында қан болмайды. Бұл еттің сау малдан алынғандығын білдіреді. Арам немесе ауырып өлген малдың ұшасы қаннан өте нашар тазарады. Ұсақ және ірі қан тамырлары қарайған қанға толып кетеді. Бұлшық етті тілген кезде қара қошқыл қан шығын тұрады.

в.Гипостоз қанның әр жерде іркіліп қалуы көбінесе өлген немесе жанталасып өлген, көп жатқан малдарда кездеседі.

г.Лимфа түйіндегі өзгерістер. Сау және уақытында сойылған малдың ұшасының лимфа түйіндері ақшыл сұрғылт немесе сарғыш, ал ауырып немесе арам өлген малдың лимфа түйіндерін кескен кезлде көкшіл қызғылт болып тұрады.

Лабораториялық әдістер.

2.Бактериологялық зерттеу. Амалсыз сойылған малдың етіне міндетті түрде, қандай жағдайда сойылғанына қарамастан, бактериологиялық зерттеу жүргізеді. Ол үшін лабораторияға жазылдырғыш және бүгілдіргіш бұлшық еттерінің бір бөлігін, немесе басқа бұлшық еттің бір бөлігін (6х6х8см) лимфа түйіндерін (мойын, жауырын, тізе лимфа түйіндері), ал шошқадан алқым безін, өкпенің, көк бауырдың бір бөлшегін бауырды безімен қоса) (без жоқ болса, еті алынады) және жілік жібермейді.

Зерттеуге алынған сынамаларды ылғал қтпейтін ыдысқа салып, жақсылап жауып, пломба салып жолдама құжатпн бірге лабораторияға жібереді.

Бактериоскопия. Кейбір жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын табу үшін (топалаң, қарасан) бұлшық еттің ішкі қабатынан, ішкі органдарынан және лимфа түйіндерінен жұғын таңба жасалады. Препараттарды ауада кептіреді, жалынға ұстап бекітеді. Содан соң оларды Грамм әдісі бойынша бояп, дайын болғаннан кейін микроскоп арқылы қарайды. Сау малдан алынған етте микробтар болмайды. Ауру немесе өлген малдан алынған еттен әртүрлі жұқпалы ауру тудыратын қоздырғыштар және т.б. микробтар табылуы мүмкін.

3.Қышқылдық ортаны анықтау (рН).

рН -тың шамасы малды сояр кезіндегі бұлшық еттегі гликогеннің мөлшеріне сонымен қатар ондағы ферменттердің белсенділігіне байланысты болады. Сау малдың еті жетілуі процесі кезінде гликоген ферменттердің әсерінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Соның себебінен сутегі иондарының концентрациясы көбейеді, ал рН- тың шамасы 7,1-7,2 ден 5,6-5,8 –ге дейін азаяды. Ауырған немесе қалжыраған малдың етінде гликогеннің мөлшері және ферменттердің белсенділігі азаюына байланысты рН-тың шамасында көп айырмашылық болмайды.

рН-ты анықтау үшін еттің сөлін дайындау керек. (1:4). Ол үшін 20гр етті ұсақтап турап, езгілеп, оған 80 мл су құйып, жақсылап араластырады да біраздан соң (15 мин) сүзіп алады. Сүзілген еттің сөлі (фильтрат) тұнық болуы керек. Дайын болған еттің сөлін рН пен пероксидазаны анықтауға қолданылады. рН Михаэльс компораторы арқылы анықтайды.

№1 пробиркаға 6 мл еттің сөлі және 1мл индикатор паранитрофенол құйып жақсылап араластырады.

№2 пробиркаға 3мл еттің сөлін құйылады, басқа ештеңе қосылмайды. №1 пробирканы компоратордың бірінші қатарындағы ортаңғы қуысына қояды. Оның екі жақ шетіндегі қуысқа стандартты ертіндісі бар пробиркалар қойылады.

№2 пробирканы екінші қатарға стандартты ерітіндінің артына қояды. Олардың түрін салыстыру арқылы рН –тың шамасын анықтайды. Сау малдың етінің рН шамасы 5,6 -6,2 болуы керек, ауру малдың еті 6,3 және одан да жоғары болады.

4. Пероксидазаны анықтау.

Пероксидаза–ферменті. Сау малдың етінде пероксидазаның белсенділгі жоғары болады, ал ауру малдың етінде оның қабілеті едәуір төмендеп кетеді. Реакцияның мәні: Пероксидазаның әсерінен сутегінің асқын тотығы ыдырап, оттегі пайда болады да, ол бензидинді тотықтырып оның түсін көкшіл-жасыл түстен қоңыр түске дейін өзгертеді.

Пероксидазаны анықтау үшін пробиркаға 2мл. еттің сөлін (1:4) 5 тамшы 0,2 проценттік бензидин етріндісін және 2тамшы 1проценттік сутегінің асқын тотығын құяды.

Сау малдың етінің сөлінің түсі көкшіл-жасыл түске енеді де біртіндеп қоңыр түске айналады.

Ауру, шаршап шалдығып, немесе жанталасын өлген мал етінің сөлінің түсі өзгермейді, бірақ кейбір жағдайда көкшіл-жасыл түс көп кешігіп барып пайда болады да, тез қоңыр түске айналып кетеді.

5. Формалин реакциясы.

Аганольді жағдайында немесе ауыр патологиялық процесстер кезінде сойылған мал етінде белоктар, пептондар, полинентидтерге ыдырап тағы басқа заттар түзіледі. Реакция формальдегидтің осы заттарды тұнбаға түсіру қасиетіне негізделген. Бұл реакция үшін арнайы еттің сөлін жасайды.10 гр етті ұсақтап турап фарфор келісіне салады оған 10 мл физиологиялық ерітінді және 10 тамшы 0,1 Н-ді натрий сілтісін құяды. Етті үккішпен езгілегеннен кейін, колбаға ауыстырып құйып қайнағанша су ваннасында қыздырады. Колбаны суытқаннан кейін, оған 5тамшы (5проценттік ерітінді) қосып, қағаз сүзгіш арқылы пробиркаға сүзіп алады. Алынған еттің сөлі тұнық болуы керек. Пробиркаға 2мл еттің сөлін құйып, оған 1мл формалин қосады. Қатты ауырып немесе агональді жағдайда сойған мал етінің сөлі тығыз қойылып, ұйып қалады.

Ауру мал етінің сөлінде үлпектер, қауыздар пайда болады. Сау мал етінің сөлі сұйық, тұнық қалпын сақтайды, немесе сәл лайлануы мүмкін.



Тақырыбы №7. Ауру малдың етін анықтау.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, 5 проценттік күкірт қышқыл мыс ерітіндісімен реакция, микроскоп, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, рН Михаэльс компораторы, индикатор паранитрофенол, 0,2 проценттік бензидин етріндісі және 2 тамшы 1проценттік сутегінің асқын тотығы ертіндісі, формалин ертіндісі, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 75-82



Сабақтың мақсаты: Ауру малдың етін анықтау әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Органолептикалық зерттеулер.

А.Сау малдың бауыздау сызығын анықтау.

Б.Ұшаның қансыздану дәрежесін анықтау.

В.Гипостозды анықтау.

Г.Лимфа түйіндегі өзгерістерді анықтау.

Лабораториялық әдістер.

2. Бактериологялық зерттеу.

3. Қышқылдық ортаны анықтау (рН).

4. Пероксидазаны анықтау.

5. Формалин реакциясы.

6. Лимфа түйіндерінің топографиясы. Ірі қара мен шошқа малының лимфа түйіндері.

7. Түйе, қой, буйвол лимфа түйіндерінің ерекшеліктері.

1-5-ші сұрақтар бойынша сабақта бекіту және 1-7-ші сұрақтар бойынша өз бетімен жұмыс дәптеріне конспект жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.
Тақырыбы №8. Бірінші межелік бақылауды тапсыру (Коллоквиум).

Тақырыбы №9. Сойыс өнімдерінен трихинеллез және цистицеркоз ауруларын анықтау.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, Компресориум, микроскоп, автоклавтар, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 103-106, 108-110, 112-114



Сабақтың мақсаты: Сойыс өнімдерінен трихинеллез және цистицеркоз аруларын анықтау әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1-6-шы сұрақтар бойынша лабораториялық сабаққа арналған жұмыс дәптерлеріне жазбаша жауап жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Тоғышарлармен зақымданған еттер мен кейбір ішкі мүшелер адамдар үшін өте қауіпті. Өте қауіпті инвазиялық аурулардың ішіне ірі қара шошқа финнозы және шошқаның, су тышқанның, кейбір аңдардың трихинеллезі жатады.

Малдың тірі кезінде бұл ауруға диагноз қою өте қиын, сондықтан да малдәрігерлік Уставтың талабына сәйкес ірі қара мен шошқадан алынған ет міндетті түрде финноз бен трихинеллезге тексеріледі.

Сойғаннан кейінгі етті бұл ауруға зерттеудің мақсаты ауруды анықтау және ауруды болдырмау.



1.Етті трихинеллоскопиядан өткізу.

Шошқаның, жабайы шошқаның, аюдың су тышқанның (нутрий) етін тағамға пайдаланарда міндетті түрде трихинеллоскопиядан өткізеді.

Трихинеллоскопия дегеніміз – етті трихинеллоскоппен зерттеп, трихинелланың балаң құрттарын табу.

Тоғышардың ең үйір болатын тұсы диафрагманың етті жері, тіл, өңеш, көмекей, мойын, құлақ, қабырға аралық еттерң.

Трихинеллоскопияға 20 күннен асқан шошқаның жас еті, қақталған еті, тұздалған еті, тері асты майы (шпик) зерттеледі.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Мал дәрігерлік санитарлық сапалық зертханналарда, көк базарда, сол сияқты пункттерде етті трихинеллезге тексеру үшін компрессориум қолданылады. Ол үшін шошқа ұшасының көк етінің етек жағынан (диафрагма) әрқайсысының 60 гр. екі бөлік ет кесіп алады. Егер көк еттен алуға мүмкіншілік болмаса басқа бұлшық еттерден кесіп алады (көк еттің қабырға жағынан , қабырға арасынан, бел, шайнау немесе мойын етінен алуға болады). Содан соң осы алынған сынамалардан кескінділер дайындалады. Ол үшін басы иілген қайшы мен бұлшықет талшықтарының бойымен жұқа ғана тарының көлеміндей ет кесіп алынады. Қайшының иілген жағын етке қаратып ұстау керек, сонда кесінді оның сыртында қалады. Әр ұшадан кем дегенде 24 кесінді жасалады. Барлық кесінділерді компессориумның төменгі шынысындағы тор сызықтардың ішіне орналастырып біткен соң, екінші шынымен үстінен бастырып, кескінділер жұқарғанша қысады. (Кескінділердің жұқалығы сондай, олардың астынан ұсақ жазулар көріп тұруы керек). Дайын препаратты трихинеллескоп арқылы немесе микроскоптың шағын үлкейткіші арқылы көреді.

Трихинеллез балаң құрттары (личинкалары) шиыршықтанып оралып, қабықшамен (капсула) қоршаған қуыста жатады. Қуыстың ішінде сұйық зат болады. Шошқаның бұлшық етіндегі трихинелл қабықшасының пішіні сопақша лимон тәріздес, ал жабай аңдардың бұлшық еттерінде (қасқыр, түлкі, т.б.) домалақ болып келеді.



2.Трихинелла – табылған етті санитарлық тұрғыдан бақылау.

Компресориумдағы 24 кесіндінің біреуінен трихинелла табылса, (өлі не тірі), онда ұшаны тұтасымен, ішкі мүшелері, бас-сирақтарды, тік ішек, өңешті техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Тері асты майын (шпиг) алып ерітіп , 100°-қа дейін қайнатып, осы температурада 20-25 минут ұстап тұрады. Іш майы бөгетсіз қолданылады. Ішектерін (тік ішектен басқасын) жақсылап жуғаннан кейін қолдана беруге болады. Терісін етін сылып тастап барып босатады. Теріден сылынған етті техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді.



3.Финноз инвазиялық ауруларға жатады.

Бұл аурудың екі түрі –ірі және шошқа финнозы-адамға қауіпті деп есептеледі. Қойлардың финнозы адамдарға аса қауіпті емес. Финндер домалақ немесе сопақша келген ақшыл-сұрғылт түсті көпіршіктер. Бұл личинкаларды цистицеркалар деп де атайды. Сондықтан финноз ауруын кейде цистицеркоз ауру деп те атайды. Цистицеркалардың шоғырланатын жерлері ірі қарада: жүрек, тіл, шайнау бұлшық еттерінде, бел және мойын еттерінде кездеседі. Шошқада: шайнау, жүрек, тіл, жауырын, мойын және бел бұлшық еттерінде кездеседі.

Финнозға тексеру үшін бұлшық еттерге тіліктер жасалады. Әр тіліктің мөлшері 40см2 тан кем болмауы керек.

4.Финнозбен зақымданған сиыр және шошқа етін санитарлық тұрғыдан бағалау.

Егер алақан көлеміндей (40см2) бастағы немесе жүректегі тіліктен, сонымен қатар ұшаның бір ғана тілігінен табылған личинкалардың саны үштен көп болса, онда ұшаны тұтасымен, басын, ішкі органдарын (ішегінен басқасын) техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді. Іш және тері асты майын (шпиг) ерітіп алады.

Егер алақандай тіліктегі личинкалардың саны басы мен жүрегінде үштен көп болып, ал ұшада үштен аз немесе мүлдем жоқ болса, онда басы мен жүрегін техникалық тұрғыдан қайта өңдеуге жібереді, ал ұшасы мен басқа органдарын қайнату, тоңазыту немесе тұздау арқылы залалсыздандырып барып қолданылады.

Финнозды етті тоңазыту арқылы залалсыздандыру.

Ірі қара мен қой етін тоңазытқан кезде бұлшық еттің терең қабатындағы температураны төменгі 12°С –ға дейін жеткізеді, немесе бұлшық ет қабатының температурасын төменгі 9°С-ға 24 сағат бойы ұстап тұрады:

Шошқа етін тоңазыту үшін бұлшық ет қабатындағы температураны төмендігі 10°С–ға дейін жеткізіп, төменгі 12°С –ға 10 тәулік бойы ұстайды, немесе бұлшық ет қабатындағы температураны 12°С –ға дейін жеткізіп, 13°С –ға 4 тәулік бойы ұстап тұрады. Температураның сан етінің 7-10см. Тереңдігінде өлшейді.

Финнозды етті тұздау арқылы залалсыздандыру.

Етті 2-2,5 кг мөлешерінде кесектеп шауып тұздайды.Ол үшін тұзды еттің салмағынан 10 % мөлшерінде алып құрғақ тұздап, оның үстінен күштілігі 24° бомэ тұзын құйып, осы тұздықта 20 күн бойы ұстайды.



Финнозды етті қайнату арқылы залалсыздандыру.

Етті салмағы 2 кг, қалыңдығы 8см мөлешерінде кесектеп шауып, ашық қазанда 3сағат бойы қайнатады, ал автоклавтарда қысымын 0,5 атмосфераға жеткізіп 2,5 сағат қайнатады.



Тақырыбы №10. Сойыс өнімдерінен трихинеллез және цистицеркоз аруларын анықтау.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: әр түрлі мал түліктерінің еттері, электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және 100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, Компресориум, микроскоп, автоклавтар, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, төсеніш шынылар, 0,1 мл бюреткалар,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 103-106, 108-110, 112-114



Сабақтың мақсаты: Сойыс өнімдерінен трихинеллез және цистицеркоз аруларын анықтау әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1.Етті трихинеллоскопиядан өткізу.

2.Трихинелла – табылған етті санитарлық тұрғыдан бақылау.

3.Финнозға тексеру

4.Финнозбен зақымданған сиыр және шошқа етін санитарлық тұрғыдан бағалау.

5. Трихинеллаларды ауа көпіршігі мен цистецерктерден ажырату.

6. Цистецеркоздық өттің ерітіндісінде өмір сүру қабілетін анықтау.

1-5-ші сұрақтар бойынша сабақта бекіту және 5-6-шы сұрақтар бойынша өз бетімен жұмыс дәптеріне конспект жазу.



Сабақтың қысқаша мазмұны: кезекші тағайындау, өткен сабақтарды теориялық түрде бекіту. Өтетін сабақтың конспектісін тексеру. Нәтижелерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады және оқытушымен бірге істелінеген жұмыстың сапасын талқылыайды. Аудиториялық бақылау жұмысын өткізу.

Тақырыбы № 11. Ет және ет өнімдерін бактериологиялық зерттеу.

Уақыты : 1сағ.

Құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру: электронды және лабраториялық таразылар, эксикатор, су моншасы, электр плиткасы, 3 мин құм сағат, форфорлы ыдыстар, шыны таяқша, металл бюкстер, 150-200 мл колбалар, 10 және100 мл өлшегіш цилиндрлер, химиялық пробиркалар, 0,5-2 мл өлшегіш пипеткалар, қағаз фильтрлар, термометр, төсеніш шынылар, 0,1 мл быреткалар, 1% фенофталеиннің спирттік ертіндісі, 0.1Н күйдіргіш натрий және калий ертінділері, хлороформ, нейтральды қызыл ертіндісі, мұздатылған сірке қышқылы, 1% крахмал ертіндісі, 0,01 Н гипосульфат натрий ертіндісі, қаныққан тұз қышқылы, қаныққан бензолдағы резорцин ертіндісі, эфир этилі,

Қолданылған әдебиеттер.

В.А.Макаров «Практикум по ветсанэкспертизе» М.:Агропромиздат 1987г. с 27-34



Сабақтың мақсаты: Ет және ет өнімдерін бактериологиялық зерттеу әдістерін меңгеру.

Негізгі сұрақтар:

1. Етті бактериологиялық зерттеу. Аэробты, анаэробты, микобактерияларды анықтау әдістері.



Сұрақтар бойынша сабақта бекіту, жұмыс дәптеріне конспект жазу.

Сабақтың қысқаша мазмұны: Топ студенттерімен танысу, жұмыс орындарын бекіту, кезекші тағайындау. Аудиториялық бақылау жұмысын жүргізу.

Тақырыбы № 12.

Тақырыбы № 13.

Тақырыбы № 14.

Тақырыбы № 15. Қорытынды сабақ.

жүктеу 292,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша