Тартылыс Заңы



жүктеу 43,03 Kb.
Дата13.02.2022
өлшемі43,03 Kb.
#35681
28 кун марафон

Тартылыс Заңы
Сіз тірі магнитсіз! Иә, өміріңізге адамдар мен, оқиғаларды, сәттілік пен сәтсіздікті өз өміріңізге тартып жүрген ғажап құбылыс. Тартылыс заңы бүткіл физик-химиктермен, ғалыммен де ғылым мен де, психологтармен дәлелденген заңдылық іспеттес. Сіздің ойыңыз да сөзіңіз тек сізге жұмыс жасайды. Сіз өміріңіздің деңгейін, өзіңіздің ойлау қабілетіңізді өзгерту мүмкіндіне сай дамыта аласыз! «Тең теңімен!, Апама атам сай!» деген сөздерді естіген талай естіген боларсыздар. Сіздің ойыңыздың мүмкіндіктері шексіз. Ой мықты тылсым жылдамдықпен ұшатын психикалық энергия. Кейде қоңырау шалған адамға «Сен жайлы бүгін ғана ойлап едім...» деген сәттер де жиі кездесіп жатады келісесіз бе? Ал сіздің арманыңыздағы көлікті жиі кездестіретін сәтер ше? Кейде магниттік құбылыс біз ойлағаннан да тез жұмыс жасайды.
Үлкен компаниялар өнім өндіреді, ол өнімді қолданатын милиондаған тұиынушыларды тартады. Тіпті осы марафон да, өзіне керек адамдарды тартады. Сізде марафоннан өзіңізге керек дүниені алған боларсыз?
Дәл қазір өміріңізде болып жатқан жәйттарға, анализ жасап көріңізші. Нені немесе кімді қалай тартып алдыңыз? Қай кездегі ойыңыз дәл қазір өміріңізде орын алып жатыр? Қай ойыңыз тұспа тұс келіп жатыр? Қай оқиғаның сіз ойыңызбен тартып алдыңыз? Мейлі ол жақсы болсын жаман юолсын! Ойланып анализ жасап көріңізші. Бұл бақылау тартылыс күшінің қалай жұмыс жасайтынын өзіңізге дәлелдеу үшін ғана... төменде бір екі мысал жаза кетіңіз.
Өзіңізді зерттеп көріңіз. Дәл қазір сіз ойыңызды өзгерту арқылы, қандай міселені өзгерте аласыз? Осы күнде қандай жақсылықтарды өз өміріңізге тарта алдыңыз? Жаза кетіңіз


Есте сақтап қалуға кеңес беретін 9 қағида
Бақытты елестету оңай! Бірақ бақытты бола білу, оны шынайы сезіне білу бәріміздің қолымыздан келе бермейді. Төменде ұсынған не-бәрі 9 қағиданы бұлжытпай орындай білген адам ғана бақыттың нағыз дәмін біле де түсіне де алады, бақытты болады!
1. «Ешкімге реніш кек ұстамау»
Ренішті қабылдамауға тырысыңыз. Есте ұстап, тіпті кек сақтамау керек. Біреуге ренжіп сіз сол адамға қиямет жасамайсыз. Ол тек сіздің көп энергияңызды алатын ойыңыздағы негативті ойлар-сезімдер. Кешірімді болыңыз!
2. «Кішкентай балаға ашуланбаңыз!»
Біз өзіміздің балалардан кейде тым көп нәрсе талап етеміз. Өзіміздің ой-өрісімізге сай. Ал алдымызда жәй ғана әлі өмір көрмеген кішкентай сәби тұрғанын аңғармай жатамыз. Ашуланбау керек, өйткені ол балаға сізді біліп түсіну әлі қиын! Керісінше баламен бірге, қолдау көрсетіп дамуға қадам жасау керекпіз.
3. «Жақсылық ет! Жәрдем ет! Садақа бер!»
Өмірден алу үшін, бере білу керек! Бірақ берген жақсылығыңызды қайтып келу үшін ғана жасамаңыз. Біреуге жақсылығыңыз тисе сол сәттен ләззат алыңыз, біреудің қуанышына қуана біліңіз. Сол эмоциялардан энергия алыңыз.
4. «Ешкімді сынамаңыз, өмір сүруді үйретпеңіз!»
Ешкімнің ісіне, жұмысына сын айтуға асықпаңыз, мін іздеп өзгертуге тырыспаңыз. Сіздің ойыңыз бен ақылыңызды, екінші адам қабылдауға дайын емес болуы мүмкін. Және де сіздің сыныңыз бен ойыңыз идеалды болуы екі талай! Адам өмірде білу үшін де қателік жасауы мүмкін. Өз ісіңізге ғана жауапты болуға тырысыңыз!
5. «Сөз таластырмағыз!»
Психолог Дейл Карнеги айтады, сөз таластан жеңудің жолы, сол таласқа түспей деп. Эмоциялардың қызған сәтінде сөз талас арқылы біреуге ой жеткізу қиын. Сол себепті, қандай жағдай болмасың өз ойыңызды соз таласқа түсірмеңіз. Күтіңіз, ойыңыз бен көз қарасыңызды тындауға дайын адамға ғана айтуды әдетке айналдырыңыз.
6. «Сізді қаламаған ортаға түсуге тырыспаңыз!»
Иә ондай да сәттер болады! Сізді көргісі келмейтін адамдардың жанынан табылуға тырыспаңыз. Неге олай болды деп те бас қатырмаңыз. Айналадағы адамдардың бәріне сыйымды, жағымды болу шарт емес. Сізде өзіңіздің кеңістігіңізде ұнамайтың адамдарды ұстамаңыз. Ақырындап олармен қарым-қатынасты үзуге тырысңыз!


  1. «Ешқашан біреудің қателігіне таң қалып, оны бетіне баспаңыз!»
    Неге десеңіз сізде біреу таң қалатың қателіктер жіберуіңіз әбден мүмкін. Өмір мектеп, кейде білімді де қателіткер арқылы сабақ аламыз. Бұл заңдылық.
    8. «Айналаңызды мақсаты бар, армандары көп адамдармен толықтырыңыз!»
    Дәл сол адамдар сізге қосымша энергия, мотивация бере алады. Дәл сол адамдар, бұл өмірде бәрі мүмкін екендігін дәлелдейді. Мақсаты жоқ адамдар, өмірін мақсаты бар адамдарға арнайды. Ал сіздің бірнеше өміріңіз бар ма?
    9. «Күтпеңіз!»
    Нені дейсіз ғой? Адамдардан сізге ғана ұнайтың, сізге ғана жағатын әрекеттерді! Дәл сізге жағатын, сіздің ғана ойыңыздан шығатын амалдар мен істерді күтпеңіз. Күткен сәттен кері әрекеттер алсаңыз ашуланасыз, ренжисіз, ал ол ережелерді бұзуға болмайды, білесіз!

    Қарап отырсаңыз қарапайым өмір қағидалары, бірақ бұл ережелерді өміріңізге дағдылап үйреніңіз! Бақытты болам десеңіз!❤️



Достар, біз сіздерге арт терапия тапсырмаларын береміз. Өзіндік жұмысқа жатады.
Арт-терапия дегеніміз не?
Арт-терапия — сезімдерді сурет арқылы жеткізу. Ол жасырынған қабілетті шығаруға, қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалауды үйретеді. Эмоцияны реттейді.
Арт-терапияның пайда болуы
1938 жылы суретші Адриан Хилл арт-терапия терминін алғаш қолданысқа енгізген. Науқастармен жұмыс істеу кезінде ол бір нәрсені байқады. Шығармашылық қайғыны ұмыттырады. Науқас аурумен күреседі. 1950 жылы АҚШ-та алғашқы арт-терапия қолданылды.
Терапия қалай өткізіледі?
Осы арқылы науқас балалық шағындағы оқиғаларымен бөліседі. Содан кейін мазалап жүрген мәселелерін дәрігерге айта бастайды.
Арт-терапия жеке және топтық сеанс ретінде өтеді. Негізгі мақсаты:
1.Бойыңдағы қорқыныш пен үрейден арылу;
2.Қиялдағы көріністерді би, ән, сурет арқылы жүзеге асыру;
3.Рефлексті анализ: жұмысыңмен таныстырып, сезімдермен бөлісу.

Бүгінгі тапсырма: Жұмыс дәптеріңізге алақаныңыздын контурын салыңыз. Және оның ішіне өзіңіздің өміріңіздегі жақын адамдарыңызды жазыңыз.


Бұл тапсырманы балаңызбен де орындасаңыз болады. Баланың алақаны мен табанының суретін салып ішін оның жағымды жақтары мен мақтау сөздерге толтырыңыз. Жаттығуды бірге орындаңыздар. Жақсы қасиеттер мен мақтау сөздерді дауыстап шынайы сезіммен айтыңыздар.

Орындап болғаннан кейін осы посттың астына қандай сезім алғаныңызды жаза кетіңіз.


Тыныс алу жаттығуы
Бұл жаттығудың авторы Вим Хов. Тыныс алу гимнастикасынын пайдасы жөнінде бірнеше рет айтқан болатынбыз. Жұмыста шаршайсыз, ұйқыңыз жиі жағдайда қанбайды, стресс... Осының жағымсыз әсерінен арылуға сізге тыныс жаттығулары көмектеседі. Сондай-ақ, тыныс алу жеткіліксіздігі немесе тыныс алу бұзылыстары бар науқастарда тыныс алу жаттығулары пайдалы екендігі дәлелденді. Олар өмір сапасын арттырады, шырышты ерітеді және пневмония сияқты басқа аурулардың алдын алады.
ЕСКЕРТУ! Тыныс алу жаттығулары дұрыс орындалған кезде ешқандай қауіп төнбейді. Егер сіз жаттығуды білмесеңіз, терапевтпен тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Алайда жыттығу барысында бас ауруы пайда болса, жүрегіңіз айнып, басыңыз айнала бастаса жаттығуды дереу ТОҚТАтыңыз!
1- ші раунд
30 рет терең дем алып, ауаны ауызыңыз арқылы шығарыңыз.
1 минут демалыңыз.
Терең дем алып 15 секунд ауаны өкпеңізде ұстап тұрыңыз, ауаны ауызыңыз арқылы шығарыңыз.
2- ші раунд
1,5 минут демалыңыз.
Терең дем алып 15 секунд ауаны өкпеңізде ұстап тұрыңыз, ауаны ауызыңыз арқылы шығарыңыз.
3 - ші раунд
30 рет терең дем алып, ауаны ауызыңыз арқылы шығарыңыз.
1,5 минут демалыңыз.
Терең дем алып 15 секунд ауаны өкпеңізде ұстап тұрыңыз, ауаны ауызыңыз арқылы шығарыңыз.
Жаттығуды видеотренажер арқылы орындасаңыз болад
ы


Эмоцияны басқара аласыз ба?




Достар, бізден сіздерге тағы бір қызықты тапсырма болсын! Бұл тапсырманы жазбаша орындаған дұрыс. «Болашақтан хат» деп аталатын бұл техника бізге алдағы өмірімізді жоспарлауға тағы да көмектеседі. Мақсатыңыз, өмірдегі миссияңыз айқындала түседі, көңіліңіз көтеріледі. Сонымен тапсырма – сіз өзіңізге болашақтан хат жазасыз. Ең алдымен өзіңізді 80 келген шағыңызды елестету керексіз. 80 жастағы әженің не болмаса атаның қазіргі жағдайы қалай? Отбасылық жағдайы қалай, кіммен қайда тұрып жатыр, сізге айтар сәлемдемесі қандай? Осы жағдайға қалай жетті, өмірінде қандай жетістіктер орын алды, оларға жету жолы қалай болды. Осынын бәрін баяндап беретін шығарма хат болуы керек! Мммм, осыны жаза отырып көз алдыма өзімнің де әже болған кезім елестеп кетті ғой.... Бұл өте керемет сезім сыйлайтын жаттығу. Міндетті түрде жасап көріңіз. Хаттың сонына қазіргі сізге деген ыстық лебіздер мен кеңестері болуы керек. Бұл хатты сақтап қалуға тырысыңыз. Жүз жасаңыздар, жақсыларым!

Тапсырма

Марафонның сонына дейін күнде кешкілік уақытта сіз бүгін 5 деген бағаға жасаған 5 әрекетті, немесе жетістікті жазу! Мысалы:


1. Мен бүгін өте көңілді болдым
2. Мен бүгін дәмді торт пісірдім.
3. Мен бүгін марафон тапсырмаларын орындадым.
4. Мен бүгін баламмен жақсы сөйлестім, ойнадым, серуендедім.
5. Мен бүгін үй жинадым.
Деген сияқты өзіңіздің тізіміңізді жазасыз. Әрине бестен көп болуы мүмкін. Тек ойыңызда қалған, сіздің көңіліңізге әсер еткен бестікті жазыңыз.

Іске сәт! Сабыр түбі........



Тап – таза ақ параққа келесі сұрақтарға жауап жазу.
- Мен бұл марафонға не үшін «қатысамын» деген шешім қабылдадым?
- Марафонда қандай спикерлерден білім алатыныңызды білдіңіз бе?
- Сіздің бұл марафонға қатысущға кім немесе не әсер етті.
- Сіз марафонның нешінші күніне келдіңіз?
- Марафон барысында қандай тапсырмаларды орындап жүрсіз және не үшін?
- Сіз үшін нәтиже деген не?
- Нәтижені кімнен және неден күтесіз?
- 15 күннің ішінде мақсатыңызға қарай қадам жасадыңыз ба?
- Марафоннан қандай нәтиже күтесіз?
- Марафоннан нәтижеге жету үшін не істеу керек?
Өтініш, сұрақтарға жақсылап ойланып жауап беріңіздерші. Және осы жазбаны жұмыс дәптердің арасына сақтап қойыңыздар.

Бұл тапсырма не үшін берілді деп ойлайсыз? Және сіз бүгін қандай нәтиже алдыңыз жаза кетіңіз.



Достар, марафон барысында біз сіздерге міндетті түрде айнамен жаттығу жасауды қолға алуға кеңес береміз. Жасап жүрсеңіздер байқаған боларсыздар, күннен күнге өзіңізге қарап жылы сөздерді айту, аффирмацияларды қайталау оңай, ия?!
Өткен Айнамен жаттығуда біз денемізбен сырласқан едік, оған алғысымызды білдірдік. Ал бүгінгі біздің практикамыз денсаулық мәселесі жайлы болмақ. Өз денсаулығыңызға зейін қойыңызшы. Дәл қазір бір жеріңіз ауырып тұр ма? Кейде көңіл бөлінбей қалған сәбилер де аурып қалады, байқайсыз ба? Дәл сол сияқты мүмкін сіздің де бойыңыздағы аурулар сізге оған көңіл бөлуіңізді талап етіп тұрған шығар. Бақылап көріңізші.
Әдетте басымыз ауырса, бірден дәрі дәрмектің ішінен бас ауруын қойдыратын дәріні іздеп ішіп ауруды басып тастауға тырысамыз, ия. Бірақ бір сәтке тоқтап, басымыз не үшін ауырып тұрғаны жайлы ойламай жүре береміз. Сол үшін бүгін кезекті жаттығуды орындап көреміз.

Айнаның алдына тұрыңыз.
Көзіңізге тік қараңыз.
Аффирмацияны қайталаңыз «Мен өзіме не айтсам да, шың көңіліммен және мол махаббатпен айтамын!»
Бірнеше рет қайталаңыз.

Одан кейін, мысалы, тамағыңыз аурып тұрса келесі сұрақтарды қою керексіз. «Менің тамағым неге ауырып тұр? Мен суық су іштім бе? Әлде мен далада суықтап қалдым ба? Мен бұлай тамағым ауырып қалатынын білдім бе? Жоқ, білмей қалдым. Тамағым мені кешірші, мен сені жақсы көремін! Ауырма!» деп тілдесу керек. Бұл текмысал, сіз өз дене мүшеңізбен сырласасыз.

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, келесі аффирмацияларды айтамыз: Мысалы: «Менің тамағым мүлде ауырып тұрған жоқ. Кішкене ауырса да бүгін тез арада жазылып кетеді. Мен өзімді керемет сезініп тұрмын! Алла тағалам менің денсаулығыма қорған! Еш жерім ауырмайды. Денім сау» деп позитивті сөздерді қайталап айтамыз. Бұл жаттығуды аурудан толық айыққанша қайталауға кеңес береміз.

Бұдан бөлек күні бойы, өзініздің денсаулығыңызға көңіл бөліп үйреніңіз. Өзіңізді бақылап уйреніңіз. Қандай да Бор ауысынуды байқасаңыз, міндетті түрде айнамен жаттығуды қайиалаңыз!

Денсаулықтарыңыз мықты болсын, жандармы!


Бүгін біз сізге «4 қадам» техникасын орындап көруге кеңес береміз. Бұл техника сіздің ішіңіздегі критик – сыншы МЕНіңізбен диалог құру арқылы бойңыздағы өзіңізге ұнамайтын тұстарды, міңезіңізді өзгертуге көмектеседі. Аталмыш қадамадар:
АШУ
ҚОРҚЫНЫШ
ӨТІНУ
СҮЮ
МЫСАЛЫ, ішіңіздегі критик сізге «Айжан, сын өте жалқау адамсың!» дейді деп алайық.
Енді дәл осы сөзге қатты ашуланып көріңіз: «Айжан, сен өте жалқаусын! Айналаңа қарашы, сен жатқанда басқалары жасап жатыр! Сенің қолыңнан түк келмейді! Майраны қараш, жетістіктерге жетіп жатыр, ал сен түк бітірмедің, уақытың кетіп жатыр! Осының бәріне кінәлісі сенің жалқаулығын!» деген сияқты дәл осы өзіңіздің, мысалы, жалқаулығыңызға әбден ашулануыңыз қажет! Ашудан кейін, екінші қадам Қорқынышқа өтеміз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Айжан, сен неден қорқасын?». Және осы сұраққа жауап беріп көріңіз. Мысалы: «Ия, мен осы жалқаулығымның арқасында өмірде қалаған жетістігіме жете алмай қаламын ба деп қорқамын...», «Менің өмірім еш өзегріссіз қала ма деп қорқамын...», «Мен мақсаттарыма жетпей қаламын ба деп қорқамын...» деген сияқты бойыңыздағы қорқыныштарды айтыңыз. Бұл жаттығуды дауысыңызды шығарып орындаған дұрыс. Айнаның алдына отырып та жасап көріңіз. Бұл кезеңнен бірден ӨТІНІШ кезеңіне өтіп кетіңіз. «Айжан, мен сенен өтініп сұраймын, тез арада жалқаулығыңды тасташы, мотивация іздеп тапшы, өтініш. Айжан, өтінемін мені осы жағдайда қалдырмашы, әрекет етші...» Жақсылап өтініш жасағаннан кейін өзіңізге деген махаббатты оятыңыз. Өзіңізге бар жылулықпен айтыңыз: «Жаным менің, Айжан мен, сені қатты жақсы көремін! Мен сені бар болмысыңмен қабылдаймын, суйемін. Тек өміріне кедергі келтіретің тұстарынды, өзгертуге болатын міңезінді айтамын. Менің сенен басқа сенерім жоқ. Сенің қолыңнан бәрі келеді. Қайталаудан жалықпаймын, Айжан, мен сені жақсы көремін! Сен әлемнің бар жақсылығына лайықтысын! Сенің бар мақсатын орындалады, сен керемет жансың!»
Дәл осы жаттығуды жасау арқылы сіз өзіңіздің ішіңіздегі сыншы-критикпен тіл табыса аласыз. Оның сізге тек жақсылық тілейтінің қабылдайсыз. Және өзіңізбен тілдесу арқылы бойыңыздағы дағдыларды өзгерте аласыз. Бүгін дәл осы техниканы өзіңіздің қандай тұстарыңызға қолдана аласыз ойланып көріңізші.


Бүгін марафонның 13 күні! Алда әлі де сіздерді қызықты сабақтар мен практикалар күтуде!

Төменде орналасқан тапсырмаларды орындап жүрсіздер ме?


“Үлгермей жатырмын” деген жандарға айтарымыз сабақтар 22 наурызға дейін ғана сақталады! Сол себептен жаттығуларды жұмыс дәптеріне түртіп алыңыздар!

Біз сіздерден нәтиже күтеміз! Жақсы көреміз сіздерді! Уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, барынша жаттығуларды әдетке қалдыруға тырысыңыз! Біз күнделікті жақсы пікірлер оқып отырамыз! Рахмет ❤️ Жарайсыздар! Біз сіздер үшін өте қуаныштымыз! Мінезіңіз өзгере бастаса, өміріңіздің мәні де өзгерері сөзсіз! Марафонда өткізген күндеріңізбен әсерлеріңізбен бөлісе отырыңыз!



Қарыздан құтылу дұғасы.

Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:


Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:
Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, - дейді. Сонда Әли:
Қаласаң, Пайғамбарымыздың маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:
اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ
Аллаһуммәкфинии би хәләликә ‘ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак
Мағынасы:
Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!

Бір күні пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мешітке кіріп ол жерде Әбу Умамәні көрді. Одан «Ей Әбу Умамә! Мен сені неге мешітте намаз уақытынан тыс уақытта көріп тұрмын?» деп сұрады. Әбу Умамә: «Мені қаптаған дерттер мен қарыздарымның кесірінен Йа Расулаллаһ.» деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Саған бір дұға үйретейін, бұл дұғаны оқығаныңда Аллаһ дертіңе дауа береді, қарыздарыңнан құтылдырады. Таңертең және кешке осы дұғаны оқы.» дейді. Ол дұға мынадай:


«Аллаһуммә инни әузу бикә минәлһәмми уәлһазән уә әузу бикә минәл ажзи уәл кәсәл уә әузу бикә минәл жүбни уәл бухл уә әузу бикә мин ғаләбәтиддәйни уә қаһрир-рижал.»
(Йа Раббым! Қайғы-қасіреттен, дерттен, қабілетсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызымды қайтара алмаудан және адамдардың қысымынан саған сиынамын.)
Хазреті Әбу Умамә: «Осы дұғаны оқыдым, дертім де жоғалды, қарызымды да төледім» деді. (Әбу Дауд


Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!

Марафоншылар, денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсызы әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.


Дұрыс тамақтану ережелері:

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

☑️Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
☑️Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
☑️Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
☑️ Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.

Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Бұл марафонда біз сіздерге дұрыс тамақтануға кеңес береміз. Суреттерді жылжытып келее апатаға ас мәзірін қарап шығыңыз.
❤️❤️❤️❤️❤️

Таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға
‎اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَحْيَاناَ بَعْدَ مَا اَمَاتَنَا وَاِلَيْهِ النُّشُورُ
Оқылуы: "Әлхамдулилләһи әлләзи ахяна баъда мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур".
Мағынасы: "Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаһқа мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән".

‎اَللَّهُمَّ بِاسْمِكَ اَمُوتُ وَاَحْيَا


Оқылуы: "Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя".
Мағынасы: "Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз".

اَعُوذُ بِعِزَّةِ اللهِ وَبِقُدْرَتِهِ مِنْ شَرِّ مَا اَجِدُ وَ اُحَاذِرُ

Оқылуы: "Аъузу би иззәтилләһи уә би қудратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазиру".

Мағынасы: "Тартқан азабым мен мазасыздығымның жаманшылығынан Аллаһтың ұлықтығы мен құдіретіне сиынамын".

‎لاَ اِلَهَ اِلاَّ اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنِّى كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ


Оқылуы: "Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин".
Мағынасы: "Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым".

‎رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا اِنَّكَ اَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ


Оқылуы: "Раббанә тақаббәл миннә иннәкә әнтәссәмиғул алим".
Мағынасы: "Раббымыз бізден қабыл ет! Күдіксіз Сен естушісің және білушісің".

ДҰҒАДА БОЛЫҢЫЗ!



Кешірімді бола білу – жақсы қасиеттердің бірі!

Кісінің оқыс істері мен зиянды іс-әрекетттері анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, кеңшілік көрсету – кешірімділік болып табылады. Кешірім сұрауда – әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы және оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын көрсетеді. Кешірімді болу – қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі. Ислам - қоғамдағы тыныштық пен ынтымақты сақтау үшін мейірімді және кешірімді болуды қажет етеді.
Кешірім дегеніміз - саған деген жамандықтың бәрін еш жүректе сақтамай кешіру.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері – сәттіліктің бастамасы. Өзіңізді, өзгені кешіру арқылы жағымды аура жинайсыз. Бұдан былай өмірдің қай күйгелек сәті болмасын, өзіңізді қолға алған жөн. Ешкімге дауыс көтеріп ұрысып, дау-дамайға араласпаңыз.
Айналаңыздағыларға кешіріммен қараңыз! Сізді кімде-кім ренжітсе, соны тез арада кешіруді әдетке айналдырыңыз. Ішіңізде сақтап, бар өкініш пен ызаны бойда ұстау – бар проблеманың бастамасы. Жағымсыз ойлар сіздің миыңызға маза бермей, санаңызды улайды. Егер ренжіскен адамыңызбен қарым-қатынасыңызды үзсеңіз де, кешірім беріңіз. Мейлі ол кінәлі болсын, болмасын. Жай ғана телефон соғып, кешіргеніңіз туралы мәлімдеңіз. Сіз кінәлі санаған адамның ақталуын талап етпей-ақ қойыңыз. Жай ғана жүрегіңізді шырмаулы өкпеден босатып, сол адамға бақыт тілеңіз. Сіз қаншалықты кешірімді, мейірімді, арайлы болсаңыз, өмір де сізге жылы шырай танытады.
Тапсырма:
❗️Сізді реңжіткен немесе сіз реңжіген 7 адамға кешірім хат жазыңыз. Немесе хабарласып айтыңыз.
❗️Жоқ әлі көре алмаймын немесе ол адам бұл өмірде жоқ болса кешірім хатын дәптерге жазыңз.

Жазған кезде хатыңыз шыңайы, таза эмоциялармен жазылуы керек. Осы тапсырманы күн ара қайталап тұрыңыз. Жоғарыда айтқандай кейде біз күнәларымызды бірде біліп, бірде білмей жасаймыз. Жандарым, марафоншылар Алладан кешірім сұрайық! Келесі суреттерде кешірім дұғасы берілген!



Ең бірінші кешірімді кімнен сұрайсыз?


Тазалық!

Дәл қазір айналаңызға қараңызшы. Сіз тұрған жерде, отырған жеріңіз жинаулы таза ма, ал шкафтың іші ше, сумкаңызда бәрі ұқыпты ма?


Марафоншылар біз сіздерге міңезіңізде ғана емес айналаңызға да тазалық пен тәртіп орнатуға кеңес береміз. Ең оңайынан бастаңыз. Мысалы бірінші сөмкеңізге көңіл бөліңіз, әмияныңызға қараңызшы. Іші толған ескі чектер, артық салфеткалар жиналып қалған жоқ па.)) Олай болса, бүгін сөмкеңізді тазалаңыз. Немес жұмыс үстеліңізді ретке келтіріңіз. Әдемілікке ұмтылыңыз, тазалап болғаннан кейін үстеліңіздің үстіне үй гүлін, немесе әдемі ваза, немесе хош иіс беретін таяқшалар қойңыз. Отырған жеріңіз сізге кішкентай болсын қуаныш сыйлау керек.
Дәл солай, Менің жұмыс норным асхана дейтіндерге, жалпы әр әйелдерге тапсырма, міндетті түрде ас үйіңізді тазалап шығыңызшы. Тоңазытқыштан бастаңыз, тіпті сол жерде жатқан тамақтардың жарау мерзіміне қараңыз. Шкафтарды тазалаңыз, сәл болсада шеті ұшқан ыдыс көрсеңіз лақтырыңыз. Ескіден құтылмағанша жаңасының келуі екі талай. Сол себептен Бәрін бірден емес бөлек бөлек тазалай бастаңыз. Дәл солай, гардеробқа назар аударыңыз. Бұрыннан жатқан, киілмейтін киімдеріңізді таратып жіберіңіз немесе мешітке апарыңыз. Косметика, мен жуынатын бөлмені тазартыңыз. Балар ойыншықтарын тазартып алыңыз. Демек күніне ең болмағанда бір жерді тазалап тұрыңызшы. Марафон соңына дейін біршама айналаңызды да ретке келтіріп аласыз. Келісесіз бе? Олай болса ,сіз неден бастайсыз, комментарийге жаза кетіңіз.

Ия, сіздердің араларыңызда мұндай тазалықты , бұлжытпай орындап жүргендеріңіз де бар шығар. Сіздер кеңестеріңізбен бөлісе отырыңыз.

Айтпақшы, тазалықты осы ұстап отырған ұялы телефоныңызға да жүргізіңіз. Чаттарды тазалап, инстагармм, Фейсбукте қажет емес парақшалардан отписка жасаңыз. Бір құпия айтайын, мына инстаграмдағы көптеген блогер әншілердің өмірін бақылау арқылы сіз өзіңіздің энергияңызды басқа арнаға көп жұмсап қоясыз. Сол себептен, уақытым ештеңеге жетпейді десеңіз, ойланып көріңізші.

Әсіресе үйдің әр бұрышын тазалап шығыңызшы. Ырыс та, байлық та тек таза жерге келетінің есте ұстаңызшы!



Сіз күніне неше мл су ішесіз?
Әр адам күніне 2-2,5 литр су ішу керек екенін білсе де, көбісі бұл тәртіпті ұстана бермейді.Бірі су ішуді ұнатпаса, бірі су ішуді тіпті ұмытып кете береді.  Су ағзағамызға ауадай қажет екенін дәлелдейтін суға қатысты маңызды фактілер өте көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамға қажетті судың мөлшерін есептеп, бір келі салмаққа 30 мл судан кететінін анықтады. Яғни, салмағы 70 келі адамға тәулігіне 2 л 100 мл су керек.

Дұрыс мөлшерде су ішкеннің пайдасы өте коп. Мысалы: 


Айта берсек өте көп.


Қымбаттыларым бұл марафонның мақсаты, түпсанамен қатар сіздерге барынша пайдалы әдеттерді үйрету, дағдылау. Мұнда ауызсуды ішу тәртібін дұрыс ұстануды үйренуіміз керек. Келісесіз бе?
 
плеймаркет немесе апстордан  WATER BALANS қосымшасын жүктеп алып (суреттерде көрсетілген), қолданамыз.

Біз сіздерге мықты ДЕНСАУЛЫҚ тілейміз!



Күнделікті өмірде ашу шақыратын жәйттар өте көп.  Сондай сәттерде эмоцияларымзы игере алмай кетеміз де. Осы күндері 28 күнді бұзып алдым, ұрсып қойдым, айқайлап қойдым деп жазып жатқандар бар. Құрметтілерім сіздер ғажайып 28 күн марафонында жүргеніңізді ұмытып, байқамай қалып ашуға берілсеңіз ештеңе етпейді. Ал егер біле тұра өзіңізді ұстай алмай қалсаңыз, қайта бастайсыз.
Біз сіздерге ашуды басатын, стресстін алдын алатын, нерв жүйесін ретке келтіретін қарапайым техникалар ұсынамыз.
❗ Көзді жұмып, 20 секунд терең демалып, ұзақ дем шығарамыз.  Бір қалыпта 20 секунд  тыныс алу. Күлімдеуге тырысамыз. Адам күлідеген кезде миға негатив ойлар келмейді екен. Байқап көріңізші! Бұл - 20 секунд техникасы.
❗Ойды кенеттен басқа арнаға бұру. Мысалы бірден көбейту кестесін еске түсіру, немесе сүйікті әннің сөздерін еске түсіру.
❗"STOP негатив!"! Ашуыңызға тиетін сәт туындаса бірден "Stop негатив! Тек қана позитив" деп бірнеше рет қайталаңыз. Қайталап жатқанда "Ғажайып 28 күн" марафонында жүргеніңіз есіңізге түсіп қалар.
❗Душқа түсу. Үй жағдайында болсаңыз, дереу 5-10 минут жылы душ қабылдаңыз.
❗Дұға қылыңыз! Сүре тыңдаңыз!
❗Балмен шәй ішіңіз. Шәй ғана, әйтпесе ашу кезінде көп тамақ жеп қоюыңыз мүмкін
❗Бойыңызды жазып алыңыз, басыңыз бен иықтарыңызға массаж жасаңыз.
❗Жазу техниксы, қағазға тез тез ойыңызды жазып қағазды лақтырып жіберіңіз.
❗Айнаға қарап, өзіңізге жубату айтыңыз. Мысалы, "жаным, Агүлім, ашуынду баса ғой! Бүл жолы сен үндемей-ақ қой, көңіліне алма, сен ғажайып күнде жүрсін. Мықты бол!" деген сияқы өз өзіңізді сабырға шақырып көріңіз. Айнаның орнына телефондағы алдыңғы камераны қолдансаңыз болады.

Негізі, "20 секунд" пен "Айна техникасы ең қолайлы, қолма қол жасай алатын және 100% жұмыс жасайтын техникалар. Жасап көріңіздер.



Аффирмация – адам өмірін өзгертетін позитивті ОЙлар. Психологтардың айтуы бойынша, мұндай пікірлер мен ойлар адамның қабылдауы мен өмірге деген көзқарасын өзгертеді.

Мұны тексеру үшін тест өткізейік. Бөлмедегі көк түсті заттарды есіңізде сақтап қалыңыз. Енді көзіңізді жұмып, қызыл түсті заттарды атап шығыңыз. Біздің миымызға басқа бұйрық берілгендіктен, өте аз нәрсені ғана атаймыз. Бұл біздің бұйрығымызға қарай мидың іздеп, қажеттіні таба алатындығын көрсетеді.


Қарапайым осы ой жаттығуын күн сайын аффирмацияларлды айту арқылы сіз көп ұзамай мінез-құлқыңыздың өзгере бастағанын, соған орай айналаңыздағы адамдармен қатынасыңыздың өзгергенін байқайсыз. Ең бастысы, қырсық пен сәтсіздіктерден арылып, жолыңыз ашыла бастайды. Әр күніңіз сіз ойлағандай шынында да жағымды жаңалықтар әкеле бастағанын сезінесіз. Сенбейсіз бе? Ондай осы қарапайым ой жаттығуын жасап байқап көрейік және бір-екі күн жасап, тастап кетпеңіз, айлар, жылдар бойы күн сайын жасауды берік әдетке айналдырыңыз, жақсы нәтиже тек сонда ғана болады. Бұл үшін сіз көп күш-қуатыңыз бен уақытыңызды жұмсамайсыз. Небары  екі-үш минуттық бұл ой жаттығуы сіздің өміріңізді өзгерте алады. 

МАРАФОН барысында біз сіздерге күнделікті аффирмацияларды айтып отырмыз. Ал сіздер қайталаңыздар, дәптерге жазыңыздар, комментарийде қайталап жазыңыздар!


Бүгінгі АФФИРМАЦИЯЛАР:
"Мен бақыттымын!"
“Манің жолым болғыш!”
“Менің айналамда тек жақсы адамдар”
“Мен күннен күнге жақсы жаққа өзгеріп келемін!”
“Менің армандарым орындалуда!”

Ләйім солай болсың!

Қайталаймыз... жазамыз....

Сіз күніне неше рет айнаға қарайсыздар? Және не себеппен? Жалпы үйіңізде неше айна бар?

Психологтардың зерттеуі бойынша өз өзін толық қанды қабылтай алмайтын жандар айнаға өте сирек қарайды екен. Тіпті олардың үйінде айна саны аз, немесе мүлдем жоқ!


Достар бұл марафонның негізгі мақсаты өзімізбен жұмыс! Біріміз өзгеріске, біріміз дамуға ниет еттік. "Айна техникасы" өткен марафонда көптеген қатысушыларға оң нәтиже берді. Айнаға қарағанда көздеріңізге тік қараңызшы, олар сізді алдамайды. Бұл жолы да техниканы колға алуға кеңес береміз.

Бірінші, өзіңізге қолайлы, кішкентай арнайы айна дайындап алыңыз. Сөмкеге салатың, үстелдің үстіне қоя алатындай, және өзіңізді толықтай көре алатын үлкен айна. Жоқ дегенде ұялы телефонның селфи камерасын қолданыңыз.

Екіншіден, дәл бүгіннен бастап күн сайын айнаға қарап, 10-15 секунд өзіңізге тік қарап 3 сұраққа жауап беріңіз.

❓Сіз қазір қайдасыз?


❓Не істеп жатырсыз?
❓Не істеу керексіз?

Бұл жаттығуды


1 сағатта   1 рет қайталау керек. 21 күн қайталаңыз.  Жауапты іштей айтасыз ба, жоқ әлде дауыс шығарып жауап бересіз бе өз еркіңіз. Естен шығып кетпес үшін ұялы телефоныңызға «Айна» деп еске салулар  (напоминание немесе будильник) қойып қойыңыз.

Бұл техника сізге не береді:


Айнаға қайта қайта қарау арқылы өзіңіздің болмысыңызды қабылдауға көмектеседі. Қарсы келетін тұстарды реттеуге құлшыныс пайда болады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің уақытыңыздың не нәрсеге және қаншалықты уақытыңыздың кетіп жатқанын, яғни маңыздылығын байқайсыз. Және де ретке келтіре аласыз. Мысалы, кейде сағаттап телефон шұқып жатып басқа маңызды шаруалар кейінге шегеріліп қалады. Ал уақыт АЛТЫН.

Демек не бәрі үш сұраққа жауап беру арқылы, сіз көбірек әрекеттерге мықты мотивация аласыз.

Жаным сол, сізді өзіңізден басқа ешкім жақсы біле алмайды. Айнаға қарап, өзіңізбен тілдесуді үйреніңіз. Дәл қазір айнаға қарап, өзіңізге жылы сөз айтыңыз! Аффирмацияларды, маған емес өзіңізге қарап айтыңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз, сізді де жақсы көретіндер көбейеді. Өміріңізді сағаттап ертеңге қалдыра берменізші.
Тұрамыз, айнаға қараймыз! Кімді көріп тұрсыз? Сіз оған дәл қазір не айта аласыз?

Дәптермен жұмыс!

Достар, сіздерде күндерді жоспарлау әдеті бар ма? Сіз бүгін не істейтіңізді нақты білесіз бе? Ал ертен ше? Күн жоспарлауды үйреніп алып күнделікті жасап жүрсеңіз, өзіңізді бірқатар жинақтап алатыныңыз сөзсіз. Жазып жүруге кеңес береміз.

Осы күнге дейін байқағанымыз, марафоншылардың тең жартысы, парақшаға кіріп тек эфир тындап шығып кететін көрінеді. Үйткені осы бір айдың ішінде тұрақты түрде жаттығуларды орындап, пікір алмасатын жандарды жаттап алдық десек те болады!

Достар сабақты тындып қана қойып айтылған тапсырмаларды орындамасақ, нәтиже жоқтың қасы. Біз неліктен көбінесе дәптермен жұмыс, жазу өртеу, көшіру, қайталап жазу деп тапсырма береміз. Адам жазған кезде, ойлау қабілеті үш есе көп жұмыс жасайды. Адам жазған кезде эмоциялары күшейеді. Дегенмен де тіпті “жоқ, жаза алмай жатырмын” десеңіз айна жаттығуын қолға алғаныңыз жөн. Бұл жаттығуда сіз ең алдымен таңертен айна алдына тұрып жоғарыда айтып кеткен күніңізге жоспарды айтып беріңіз. Дауыстап айтқаныңыз жөн! Одан кейін жаттығуды кешке аяқтайсыз. Кешке жатар алдында айнаға қарап, жоспарланған күнге есеп беру кере. Яғни, сіз бүгін не жасадыңыз? Жасаған тірліктеріңіз жоспарға сай келеді ме? Келмесе неге? Осы сұрақтарға жауап іздеп айнадағы өзіңізге айтып бересіз. Жалпы біздің күнделікті ісіміз, шаруамыз біздің өмірімізді қалыптастыратының есіңізде ұстаңыз. Бұл әсіресе “күндерім бір қалыпты өтеді, дым қызық жоқ” деп жазатын жандарға құлақ қағыс. Демек әр күнді жоспарлағанда, бүгінгі күніңіз кешегіден де жақсы өтуіне тырысыңыз. Өзіңізге қызықты тапсырмалар беріңіз.

Сіз марафон барысында біраз ақпарат аласыз өзіңізді өзгерту үшін, өміріңізді өзгерту үшін арналған біраз техникаларды қолданатын боласыз. О бастан әрекет етіңіз, әрекетсіз нәтиже күтпеңіз деп айтып келеміз. Енді бұдан былай кешкілік уақытта жоспарланған күнге есеп берумен қатар, “мен бүгін не өзгерте алдым?” деген сұраққа жауап беріп жүріңізші. Әр күнгі өзгеріске деген қадамыңыз, сізді үлкен нәтижеге әкелетінін ұмытпаңыз!

Бүгін ертенгі күнге жоспар жазасыз ба?



Қайырлы таң, құрметті марафоншы! Бір Аллаға шүкіршілік етеміз! Арайлап атқан таң, әр біріңіздің шаңырағынызға нұрын шашып, бақытын ала келсін.

Асыл дініміз Исламда ШҮКІРШІЛІК айту - ресми психологиядағы рахмет, алғыс айту техникасына ұқсас.

ШҮКІРШІЛІК ЕТУ – көп қырлы амалдардың бірі болып табылады. Алланың нығметін санасақ, санына жете алмасымыз — ақиқат. Міне, осындай жоғары мәртебеге ие жаратылыс ретінде жер жүзінде сан-санақсыз нығметтермен ризықтандырып, өмірдің сан алуан жақсылықтарын нәсіп еткені үшін Аллаға құлдарының шүкіршілік етуі заңды емес пе?!
Алла Тағалаға шын ниетіңізбен, мән беріп, жүрекпен ШҮКІРШІЛІК АЙТСАҢЫЗ көңіл-күйіңіз көтеріліп, өміріңізге көзқарасыңыз өзгеретініне кәміл сенеміз.
Достар, кешегі сабақты барлықтасыңыз көріп шығыңыздар. Сол эфирді қорытындылай келе сіздерге тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Кешірім диетасы!

Сіз бүгін кімге реніш білдіріп жүрсіз. “”Жоқ, ешкімге ренжімеймін, бәрін кешірдім” деп айтуыңыз мүмкін. Бірақ жақсылап ойланып көріңізші. Сізді мүмкін біреуге деген реніщіңіз сіздің жарқын болашағыңызды блоктап тұрған болар.

Ең алдымен “Жоқ мен ол адамды кешіре алмаймын” деген ойдан арылыңыз! Жаратушы Алла бәріне кешіріммен қарайды! Сізде кешіруге ниет етіңіз.
Марафон барысында ата- ананы ақтап алу тапсырмасы берілгенде кері байланысқа шыққандар өте көп болды! Біраз адам ақтап алуға тырысты, жасай алмағандар да бар. Кешірім диетасы техникасы жеңілірек бірақ, ол да нәтижелі. Ең бастысы таза ниет!

Бұл техника жеті күнге жасалады. Жеті күнде бір адамға ғана кешірім техникасын орындалады. Сізге бірнеше қағаз, және қалам қажет болады. Күнделікті бір бет қағазға “ ......(адам есімі немесе ата-ана) мен сені кешірідім” деп басынан аяғына дейін жазыңыз. Қайта қайта тек осы сөзді жазасыз. Жазғанда бар эмоцияңызбен, шын жүректен жазыңыз. Жазып болған кағазды бірден өртеп жіберіңіз, немесе майдалап жыртып жыртып тастаңыз. Жоқ болды, ұмытыңыз. Дәл солай 7 күн бойы жасайсыз. 7 күн 1 адамға. Кейін екінші, үшінші адамға да жасасаңыз болады!

Кешірімді бола біліңіз!

Мықтыларым!  Бүгін сағат 21:00 де фейс-фитнес тренер, косметолог Ақмарал Тумышеваның сабағы болады. ТІКЕЛЕЙ ЭФИР.

Сіздерге алғашқы әрі негізгі тапсырмалар.


❤️ 28 күн бойы сабыр сақтаймыз. Ұрсыспаймыз, ашуланбаймыз, ауызға ие боламыз, өсек ғайбат айтпаймыз, дауыс көтермейміз.
❤️ 28 күн бойы садақа береміз. Садақа тек ақшамен ғана есептелмейді. Мүмкін болса қаржылай садақа беруге тырысамыз. Болмаса, біреуді қуантуға, қуаныш сыйлауға тырысамыз. Жақсылығымызды тигіземіз. Қолдан келген көмек береміз.
❤️ Дәптерге сабақтан алған қорытындыларды жазып отыру. Жазу техникасының маңызы зор.
❤️ Дәптерге
❤️ Жатар алдында, ұйқыдан тұрған бойда 10 минуттан визуализация жасаймыз. Арманымыздың орындалған сәттерін елестету арқылы.
❤️ Таңертең планкаға тұрамыз.
❤️ Күн сайын жаттығудан кейін 500 мл жылы су ішеміз.
❤️ Дұрыс тамақтануға тырысамыз.
❤️ Кешірім диетасын орындау.

❤️ Телеграм чатта Кері байланыста боламыз! Бір-бірімізді қолдаймыз.



Дұрыс тамақтану
Бал қосылған жылы су

Денсаулықты қалпына келтіретін тағы бір қарапайым әдіс – аш қарынға бал қосылған жылы су ішу. Бал қосылға су несімен пайдалы және оны қалай дұрыс ішу керек?


Бал қосылған жылы су – ең әуелі организмде табиғи процесті жандандырып, асқазанның жұмысын белсенді етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.
Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Немесе фильтр сүзгісінен өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді. Егерде балға аллергияңыз бар болса тек таза су немесе лимон қосылған жылы су ішіңіз.

Ия, жылы су ішу – марафонның негізгі тапсырмаларының бірі. 28 күн бойы таңертенгілік жаттығулардан кейін 300-500 мл 30 градус шамасында жылулығы бар су ішіңіз! Таза жылы су іше алмаймын десеңіз, суға лимон немесе 1 ас қасық бал қосып ішіңіз. Су сіздің ағзаңызға шипа болсын!

Достар, суреттерді жылжытып, ас мәзірімен таныс болыңыздар. Алдағы бір апта осы тағамдарды уақытылы ішуге тырысамыз.

Бұл арықтау марафоны емес. Дұрыс тамақтанудың сізге деген пайдасын айтып түсіндірмесек те, сабақта айтылғандай қаншалықты дұрыс екенін өзіңізде жақсы білесіз. Сол себептен дәл осы “Ғажайып 28 күн»марафонында су ішу мен дұрыс тамақтануды қолға алыңыз.



Жұмыс дәптерге 28 күндік таблица сызып күнделікті, тапсырмаларды жазып қойып,орындалған тапсырмаға “+” түртіп жүріңіз.

жүктеу 43,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
мектепке дейінгі
білім министрлігі