Тарих және құқық факультеті деканы


Меровингтердің Франк мемлекеті



жүктеу 1,65 Mb.
бет5/36
Дата27.11.2018
өлшемі1,65 Mb.
#24684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Меровингтердің Франк мемлекеті.

ІҮ-Ү ғ.ғ. басында Франктер Шығыс Галлияны жаулап алды. 481-511 жылдары Хлодвиг түсында франктер Луара өзеніне дейінгі солтүстік Галлияны, одан кейін Оңтүстік- Батыс Галлияны жаулап алды. Хлодвигтің жаулау жорықтары тұсында, ағылған байлық нәтижесінде даңқы шыға бастады. Түрлі айла-амалды (интриги, өлтіру) қолдана отырып, бүкіл билікті өз қолына алды. Хлодвиг Меровей тұқымынан шыққан сондықтан да 481-жылда ҮІІ ғ. аяғына дейінгі кезеңдер Франк мемлекеті тарихының І-ші кезеңі дейді, немесе Меровингтер әулиетінің кезеңі дейді.

Франк мемлекетінің құрылып, даму тарихын біз Григори Турскийдің 10 кітаптан тұратын «Франктер тарихы» деген еңбегінен білеміз. Франк тарихының атасы Г. Турский көптеген оқиғаларды шындық тұрғысынан түсіндіреді.

Франктерде ертефеодалдық мемлекеттің құрылуының әлеуметтік шарттары қандай ?

Феодалдық мемлекеттің пайда болып даму тарихын буржуазия медиевистерінің зерттеу обьектілерінің бірі. Дегенмен де германдықтарда мемлекеттің құрылуы олардың ірі бір өкілінің сөзіне қарағанда «ертедегі тарихтың ұлы бір жұмбақ тарихының бірі».

Бір қатар тарихшылар Франктерде Орлокт теориясын дамыта отырып, варвар мемлекеттерінің тарихы тек қана Рим империясы тарихының жалғасы дейді. Германдықтар өздерімен бірге ешқандай өзгеріс әкелген жоқ, рим мекемелері де өзгерген жоқ. Яғни, антикалық қоғамнан феодализмге өтудегі герман тайпаларының Рим империясын жаулап алу фактісі жоққа шығарылады.

Германистер варвар корольдіктері ежелгі герман тайпаларында құрылған мемлекеттің жалғасы дейді. Міне осындай екі түрлі пікір айтқанмен буржуазия тарихшыларына тән мынадай ортақ белгілер бар:


  1. Тарихи дамудың үздіксіздігі. Романист тарихшылар варвар корольдіктері Рим мемлекетінің тарихи жалғасы десе, германист тарихшылар ертедегі герман қоғамының тарихи жалғасы дейді. Германистер де, романистер де ерте феодалдық мемлекеттердің бір жағынан құл иеленуші мемлекеттен, екінші жағынан германдықтардың қоғамдық құрылысынан айырмашылығы бар екенін жоққа шығарады. Бір қатар тарихшылар рим және герман қоғамдық қатынастарының бір-біріне ықпал ету нәтижесінде «жаңа» бірдеңе құрылды дейді, бірақ бұл «жаңа» деген қоғамның қалай құрылғанын, белгілерін анықтай алмайды.

  2. Феодалдық мемлекеттің құрылуын түсіндіретін буржуазия концепциясына тән екінші бір белгі, саяси дамуды әлеуметтік-экономикалық дамудан бөліп алып қарайды. Феодалдық мемлекеттің пайда болып, дамуын әлеуметтік-экономикалық дамудан бөлек тұратын саяси институттар, мекемелер дамуы нәтижесі дейді.

  3. Мемлекеттің пайда болуын антогонистік таптардың пайда болу процесінен де бөліп қарайды, ал шындығында осы процесс феодалдық мемлекеттің дамуының негізі.

Марксистік тарихнама үшін, феодалдық мемлекеттердің пайда болуын түсіндіретін негіз-қоғамның экономикалық базисімен анықталатын саяси қондырма-мемлекет-туралы ілім. Феодалдық мемлекеттің генезисін түсіну үшін К. Маркстің мемлекеттің саяси қондырмасының формасы бір жағынан, қоғамның экономикалық базисімен, екінші жағынан сырты тарихи жағдайлармен байланысты болады деген ілімнің маңызы зор. К.Маркс «қысқасы мемлекеттің әрбір белгілі ерекшелік формасы-қоғамның өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне сай келетін өндірістік қатынастарға байланысты»-дейді.

Маркс Капитал. Шығ. 25 т. ч. 2. 354 бет.

Феодалдық мемлекеттің пайда болуының негізі-меншіктің феодалдық формасының, яғни жерге бекітілген крепостнойлары бар ірі жер иеленушіліктің шығуы.

Маркс-Лениндік теория мемлекеттің шығуының негіздерін анықтай отыра, оның белгілерін де анықтап береді.

Ф. Энгельс рулық құрылыстан мемлекеттің ерекшеленетін бір белгісі

1) Адамдардың туыстық негізде емес, территориялық бедгі мен бөлінуі.

а) Әшкере үкімет. Т.21. 170 бет.

Міне Маркс-Ленинизмнің осы қағидалары Батыс Европадағы феодалдық мемлекеттердің генезисін түсінудің негізі.



  1. Ф. Энгельс. Т.21. 151 бет.

  2. Ф. Энгельс германдықтарда мемлекеттің құрылуын тездеткен факотр-жаулау факторы болды. Варвар корольдерінің күшейуінің себебі-«жаулап алған облыстарды сыртқы қауіпсіздіктен қорғау» қажеттілігі болды дейді. Т.21 150-151 бет. т.б. еңбектер арналған, Тарихқа материялисттік позициядан қарай отырып, совет медиевистері орта ғасыр тарихы феодалдық өндірістік қатынастардың үстем болған кезеңі деп түсінеді. Сондықтан совет медиевистері орта ғасырдың экономикалық, әлеуметтік өміріне, тарихи процестің қозғаушылары шаруалар мен қолөнершілерге үлкен мән береді. Буржуазия тарихшылары мен салыстырғанда совет медиевистері экономикалық қатынасты тарихи процестің көптеген факторының бірі-деп қарамай, оның анықтаушы негізі дейді. Тап күресінің тарихына үлкен маңыз беріп, оның себептерін анықтайды, маңызын анықтайды.

Негізгі проблеммалар

І. Феодализм генезисі проблемасы.

Феодализм генезисінің типологиясы.

Бұл мәселе Грациански, Неусыхин, Корсунский, Удальцова еңбектерінде қаралды.

Феодализм генезисінің типтік моделін З.В. Удальцова 15-халықаралық тарихшылар конгресінде анықтап берді. Совет тарихшылар феодалдық-қатынастардың дамуының 3-типін анықтады.



  1. Антикалық белгілер мен алғашқы қауымдық белгілердің тең келуі Тең синтез. Бұл тип жолымен феодализм Солтүстік Галлияда, серб, хорваттарда дамыды. Бұл тип жолымен феодализм классикалық түрде Меровинг, Королинг дәуірлеріндегі франктерде қалыптасты.

  2. Тип. Бұнда да екі дүниенің синтезі байқалады. Бірақ антикалық дүниенің элементтері басым келеді. Бұл жолмен феодализм Византияда, Италияда, Вестготтық Испанияда, Оңтүстік Галлия жерінде дамыды.

  3. Тип синтезсіз вариант. Феодализм таза алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы негізінде қалыптасады. Солтүстік Батыс Германия, Скандинавия елдері, Русь, Чехия, Польша, Британиядағы ағылшын-саксон мемлекеті.

Мен осы үш типтің І-не, яғни Классикалық вариантына, франктердегі феодализм қалыптасу процесіне тоқталамын.

ІҮ-Ү ғ.ғ. басында франктер Шығыс Галлияны жаулап алып Хлодвиг (454-511) тұсында Солтүстік Галлия және Оңтүстік-Батыс Галлия жаулап алынды. Хлодвиг Меровингтер династиясынан еді, сондықтан Үғ. (481)-ҮІІ ғ. дейінгі кезең франктер тарихының бірінші кезеңі Меровингтер кезеңі деп аталады. Меровингтер мемлекеті туралы мәліметті Г. Турскийдің 10 кітаптан тұратын «Франк тарихы» деген еңбегінен аламыз.

Франктердің қоғамдық құрылысы.


  1. Үғ. аяғы мен ҮІ ғ. басындағы Франктердің шаруашылық және қоғамдық құрылысы жөніндегі негізгі дерек «Салий ақиқаты» деп аталатын Салий франктерінің сот жинағы.

  2. Шаруашылығы. «Салий ақиқаты» бойынша франктер егіншілікпен шұғылданған, өндіргіш күштердің дамуы Татцит дәуірінен әлде қайда ілгері кеткен.

  1. Егіншілік жүйесі-қос тапты егістік

  2. Соқа, тырмалар қолданылған.

  3. Бау-бақша өнімдері алынған.

Сол сияқты мал өсірумен, аң аулаумен шұғылданған. Мысалы, құс, бақ ағаштары жеке меншікке айналғандықтан, «Салий ақиқаты» бойынша оларды ұрлаған адам жазаға тартылып, штраф төледі.

ІІ. а) Жерге қауымдық меншік үстем болып қала берді. 45 таруында қауымға сырттан мүше болып кіру үшін, оған осы қауымның бір де-бір мүшесі қарсы болмауы керек., егер біреуі қарсы болса, онда жаңа адам қауым жеріне келіп қоныстана алмады. Неге ? Жер қауым меншігінде.

Б) Сонымен қатар франктерде шағын жеке семьялар пайда бола бастайды. Үй, үй жанындағы участок осы жеке семьяларға бөлініп берілген, бірақ бұл жерді мұраға қалдыруға, сатуға правалары жоқ.

ҮІ ғ. аяғында франктерде жерге жеке меншік жаңа ғана келе жатты. Мыс, «Салий ақиқатының», «Аллод туралы» деген 59-таруында жер тек ер адамдарға (балаға, іні-ағаға) ғана көше беріле алады. Әйел адамға қалдыруға болмайды. Неге ? Себебі әйел адамның басқа екінші бір қауым адамына тұрмысқа шығуы мүмкін, сондықтан ол жерді өзімен бірге ала кетер еді.

в). Орман, жайылым коллектив меншігінде, қауым меншігінде, қала береді. Әрбір қауым мүшесі кез келген жердің шөбін шауып, малын жайылымға жібере алды.



ІІІ. Қауым формасы. Цезарь, Тацит дәуірлеріндегі қауым формасы көршілес, немесе село қауымымен ауысты. Қауымға кірген адамдар туыстық негізінде емес, жерді ортақ иелену негізінде біріккен. Энгельс бұндай қауымды «Марка» деп атады. Маркалық қауым кезінде шағын жеке семьялар үлестік жерлеріне өз меншіктерін орнатқан, ал орман, шабындық, жайылым бұрынғы қауым меншігінде.

Марка-рулық қауымнан жерге жеке меншік орнатуына көшудегі өтпелі кезең.

Бірақ рулық құрылыс белгілері әлі айқын сақталған. Мысалы,


  1. жерге қауым меншігі.

  2. Өлген мүшесі үшін барлығы жауап береді.

Дегенмен рулық құрылыс терең ыдырау кезеңіне келіп кірді. Мысалы, «Салий ақиқатының» 60- тарауында қауым мүшесі өз еркімен қауымнан шығуға тырысады.

ІҮ. Мүліктік жіктеліс әлеуметтік жіктеліспен қатар жүрді. Сонымен «Салий ақиқаты» бойынша франктердің әлеуметтік структурасы.

а) Негізгі әлеуметтік топ- ерікті қауым мүшелері. Оларды өлтіркен адам 200 салид ақша төлейді.

«Салий ақиқатының» статияларынан ерікті франктерге қарсы тұрған әртүрлі этникалық группаларды көреміз. Олар: құлдар, литтер және римдіктер.

а) Құлдар. Құлды өлтіргені үшін, ұрланғаны үшін небарлығы 30 солид штраф төленеді. Ерікті франк пен құлдар некеге отыра алмайды . сонымен франктерде ҮІ ғ. құлдық пайда болған, бірақ ол әлі классикалық формаға ие болған жоқ. Қалай түсінуге болады?. Құлдар әлі негізгі өндіруші күш емес, негізгі өндіруші күш ерікті франк шаруасы.

б) Литтер жартылай тәуелді категория. Бұлар бұрынғы ерікті франк, мүлкінен, шаруашылығынан айырылған. Литтер Франк шаруасы мен құлдар арасында тұрған категория. Вергильд 100 солид.

в) Римдіктер-бұрынғы гол-рим тұқымдары 63 солид.

г) «Салий ақиқаты» аристократиялық таптың қалыптаса бастағаны туралы мәлімет береді. Олар (жасақшылар, король адамдары , графтер). Вергельд 600-1800 солид.

Аристократиялық жұптың шығуы феодализм процесін тездеткен маңызды фактор . Дегенмен Франк қоғамының басты әлеуметтік категориясы-толық правалы франк шаруасы.

Энгельс «Рим клоны мен жаңа крепастной шаруасының арасында ерекше франк шаруасы тұрды дейді».

Аллодтың шығуы және ірі жер иеленудің қалыптасуы.

Марка ішіндегі әлеуметтік және мүліктік жіктеліс жерге жеке меншіктің шығуының дәлелі. Оның негізгі кезеңдері:



  1. Қауымдық жер иелену, қауымдық жер пайдалану. Цезар дәуірі.

  2. Қауым, жер иелену, жеке жер пайдалдану. Тацит дәуірі.

  3. Қауым жер иелену. Мұрагерлік негізде жер пайдалану.

ҮІ ғ.ІІ жартысында Хилперик корольдің арнаулы эдиктісі бойынша қауымның артында ұл баласы қалмаған шаруаның жерін иелену правосынан айырылады.

Бұл жағдайда жер қыздарға мұраға қалдырылды. («Салий ақиқаты» 59 статиясы бойынша жер көршілерге берілетін). Сонымен жер қауымнан екінші қауымға көше алды, яғни бір қауымның жері екінші қауымға көшеді. Міне осындай қауымнан бөлініп алынатын жер меншігі аллод деп аталады. Бұл аллодтың шығуы Энгельстің айтуынша «бірнеше ғасыр бойына жерге жеке меншік үстем болған аудандарға германдықтардың келуімен тездетілді», - дейді.

Аллдттың шығуы одан әрі марканы іштей ыдырата түсті. Энгельс Марка еңбегінде: «Еркін бөліп әкетуге болатын жерден аллодтың шығуынан кейін, ірі жер иеленушіліктің пайда болуы уақыт мәселесі ғана болды» дейді.

19. т. 497 бет.

Шынында да жерге жеке меншіктің шығуы мен байланысты ауқатты шаруалар (франктер) өз қолдарына негізгі өндіргіш күші-жерді жинақтай бастады.

Бірақ ҮІ-ҮІІ ғ.ғ. ҮІІІ ғ. басында бұл процестер жаңа ғана басталды. Салий ақиқаты-қауымдық жермен қатар, ірі поместьелер болғанын дәлелдейді. § 35- оқу керек. Қосымша. бет 6.


Ерікті шаруаның күзеліп тәуелділікке түсуі.

Ірі жер иеленудің өсуі жер иелерінің жеке билігін күшейтті. Экономикалық жағынан әлденген жер иелері қауым бостандығы мен ерікті шаруа бостандығына қол сұға бастады.

Энгельс былай дейді «ерікті франк шаруасы біреудің қарауына түспестен бұрын, олар түрлі жолдармен аллодынан айырылып жерсізденген ерікті франктер табы құралуы керек. Бұл тап жердің бір қолда шоғырлануы нәтижесінде қалыптаса бастады».

Алодынан айырылған шаруа жерін ірі жер иеленушіге беріп қана қоймай, оған өзінің жеке басыда кіріптарлыққа түсе бастайды, яғни бас еркіндігінен айырылады. Оның басқа амалы жоқ. Жерінен айырылған шаруалар қайда барды? Қалалар, дамыған қолөнер жоқ. Сол кездегі жазылған грамотада былай делінген: «Күн көруден, тамақ ішіп киінуге жағдайым жоқ, сондықтан мені сіз қарауыңызға алып, жеке басыммен не істесеңіз де өз еркіңізде».

Энгельс «Бұрын тек экономикалық жағынан кіріптар, ал юридикалық жағынан өз вотчиниктерімен тең правалы шаруалар енді права жағынан да оларға тәуелді бола басатды» дейді.

Күйзелген шаруа,көршісінен қысым көрген шаруа, енді сол құдыретті көршісіне тәуелділікке түсті, яғни коммендация қатынасына енді. «Өздерін көрші қарауына берді». Коммендация қатынасына түскен шаруа ең алдымен жер қатынасы жағынан тәуелділікке түссе, мүлде жер жоқтары үшін, бұл толық жеке бас тәуелділігіне түсу болды. Ірі жер иелшенушілер өздерінің жеке биліктерін күшейтті, яғни экономикадан тыс қанау келіп шықты.

Сонымен ірі жер иеленудің қалыптасу процессі шаруалардың тәуелділікке түсуімен қатар жүрді. Алайда феодализмнің бұл процессі бастапқы стадияда ғана болды да, негізгі шаруашылық ұйымы-қауым-марка болды.

Жерге феодалдық меншік тек ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. аграрлық төңкеріліс жағдайында үстем болды. Жерге феодалдық меншіктің қалыптасуына шаруалар қарсылық көрсеткенімен бұл процесті тоқтатуға қабілетсіз болды.

ҮІІ ғасырдан бастап Франк қоғамының Королинг дәуірі деген тарихи кезеңі баталады. (ҮІІғ.-ІХ ғ.ортасы). Міне осы Королинг дәуіріндегі аграрлық төңкеріліске тоқталамыз.

Аграрлық төңкерілістің мәнін Энегельс ерікті қауым мүшелерінің күйзелуі негізінде ірі жер меншігінің тез қалыптасып, ерікті шаруалардың тәуелді, содан кейін крепостнойға айналуы деп түсіндіреді. Бұл екі жақты процестің басын Энгельс аллодтың шығуымен байланыстырады. «Ірі жер иеленушіліктің қалыптасуы енді тек уақыт мәселесі ғана болды» дейді. Бұл процесс Меровингтер дәуірінде басталды, бірақ ҮІІІ-ХІ ғ.ғ. ерекше тез жүре бастады. Неліктен ерікті франктің жерінен айырылуы барысында феодалдық қатынас орнады?. Былай қарағанда осындай тікелей өндірушінің жерсізденуі өз кезінде құл иеленушілік қоғамды, кейін капиталисік қоғамды туғызды.

Бұл сұраққа тоқтала келе Энгельс ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. өндіргіш күштердің даму дәрежесі басқа өндірістік қатынастарды емес, тек қана феодалдық қатынастарды туғызады дейді. Энгельс бұл кезеңде өндірістің негізгі саласы егіншілік пен мал өсіру болды. Жерге және оның өніміне ие болу байлықтың негізгсі. Яғни жер байлық көзі. Өнеркәсіппен сауда Римнің империя дәуірінде құлдырап, варвар шапқыншылығы нәтижесінде мүлде жойылды.

Энгельс сондықтан «мүліктік жіктеліс барысында қалыптасатын үстем тап тек ірі жер иелері ғана бола алды, мемлекеттің саяси формасы аристократиялық құрылыс болды».

Т.21 497-498.

Ерікті қауым мүшелерінің жерсіздену процесі барысыда тәуелді шаруа тобы қалыптасты. Себебі Энгельс «Орта ғасырда федалдық қанаудың негізгі көзі халықты жерден босату емес, қайта оларды жерге бекіту болды» дейді.

Т. 21-349 бет.

Шаруалар өз жерлерінде отыра берді, бірақ крепастной немесе тәуелді шаруа есебінде отырып, жер иесіне не азық-түліктей, немесе жұмыс формасында салық төледі. Олай болса аллодтан айырылу дегенді былай түсіну керек. Олар аллодқа меншік правосынан айырылды, бірақ сол жерден қуылмады.

Олар енді жер меншік иелеріне емес, жер ұстаушыға айналды. Сондықтан Энгельс тәуелділіктің көзі-шаруалардың үлес жерге меншік правасынан айырылуы дейді. Энгельс алғашқыда шаруалар тек жер тәуелділігінде болды дей келе, олар енді жеке бас бостандығынан айырылып, бара-бара крепостнойға айналды дейді.

Қоғамда екі таптың қалыптасуы феодалдық меншіктің формаларының өзгеруіне алғы шарт болды. Аллодттық меншік енді жетілген феодалдық меншікпен ауысуға тиісті болды. Күйзелген шаруалар енді жасақ қатарында қызмет ете алмады. Сондықтан әскери күшті қайтадан құру қажеттілігі шықты. Ол қажеттілік Карл Мартельдің «бенефиция реформасы» барысында шешілді. Бенефиция процесі феодалдық процесті одан әрі тереңдете түсті. Егер бұрын король, немесе ірі тиагнаттар жерді шартсыз сыйлыққа берсе, жер иеленудің «бенефиция» деп аталатын шартты түрі шықты. Бенефиция өмірлікке әскер қатарында қызмет атқару шарты негізінде берілді. Егер бенефицияны алушы өлсе, онда бенефиция жері жер иесіне қайтадан қайтарылды. Яғни бенефиция мұраға қалдырылмады.

Бірақ бара-бара бұл шарт өзгерді де ІХ-Х ғ.ғ. бенефиция мұраға қалдырылатын жерге айналып феод (лен) белгілеріне ие болады.

Бенефиция реформасының салдарлары.



    1. Бенефиция реформасы орталық үкіметті нығайтты. (Бұл бізге онша қажет емес).

    2. Бенефиция реформасы ұсақ және орта дәрежелі феодалдар тобын қалыптастырды (Әскерде қызмет атқаратындар). Ал бұрын жасақта үлкен роль атқаратын франк шаруасы негізгі әскери күш болудан қалды.

    3. Бенефиция реформасы феодалдық жер иеленуді нығайтып, шаруаларды одан әрі кіріптарлыққа түсірді. Бенефиция алғандар осы жерде отырған шаруаның «сеньорына» айналды.

    4. Экономикалық билік саяси билікті күшейтті. Вотчиник сеньорға айналды, отырған шаруа-оның адамына (подданый) айналды. Еріктілердің бас бостандығы жойылады, ерікті тәуелді адамға жақындай түседі.

Вассалдық қатынас келіп шығады «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес».

Ф. Энгельс Бенефиция реформасын аграрлық қатынастағы түбірлі төңкеріліс болды дейді.

19 том.499 бет.

Сонымен бенефиция реформасы Франк мемлекетінде феодалдық қатынастарды одан әрі тереңдетті.



Прекарлық қатынас.

Шаруаларды тәуелділікке түсірудің ең кең тараған әдісінің бірі жерді прекарийге беру болды. Бұл әдіс әсіресе ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. кең тарады. Прекарий «өтініші бойынша берілген» деген түсінік береді деген жер пайдаланудың шартты бір түрі. Ірі жер иесі (бірнеше жылға немесе өлгенше) жері аз немесе жері жоқ шаруаға жер береді. Жерді пайдаланғаны үшін шаруа не оброк өтейді, немесе барщина өтейді.

Прекарийдің 3 түрі болды.


  1. Жер үлесі жері мүлде жоқ, немесе жері өте аз адамға беріледі.

  2. Жұттық қысқан ұсақ меншік иесі өзінің осы жерге деген меншік правасын ірі жер иесіне береді де, өзі осы прекарий түрінде қайтадан алады (өлгенше, не мұрагерлік правамен алуы мүмкін). Нәтижесінде ерікті меншік иесі қарапайым жер ұстаушыға айналады.

  3. Прекарист өзінің жерінің үстіне, үстеме жер қосып алады. Прекарийдің осы түрі шіркеу жерінде әсіресе үстем болды.

Меншік правасынан айырылып, жер ұстаушыға айналған прекарист алғашқы кезде бас еркіндігін сақтап қалды, бірақ жер иесіне жер тәуелділігінде болды. Бірақ Энгельс былай дейді «Тәуелділіктің осындай түріне тап болған шаруалар, бара-бара өз жеке еркіндіктерінен де айырыла бастады, ал бірнеше ұрпақтан кейін негізінен крепостнойға айналды дейді».

Т.19. 502 бет.

Сөйтіп прекарийлық қатынас барысында феодалдық қатынастың даму процесі тездеді, тереңдеді.

Иммунитет.

Ірі жер иелері өз поместьелерінде саяси билікке ие бола бастады. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. әлі әлсіз король үкметі жергілікті жерлерді жер иелерінің осы саяси правасын юридрикалық тұрғыдан мойындауға мәжбүр болды. Қалайша?

Арнаулы король грамотасы бойынша мемлекеттің жергілікті жерлердегі өкілдерінің-граф, жүздіктер, олардың көмекшілерінің праваларына шек қойып, жергілікті жерлердегі әкімшілік, саяси, сот праваларын жер иелерінің өздеріне берді. Бұндай правалар беруді «иммунитет» деп атады. (immunitas-тәуелсіз, еркін).

Иммун правасына ие болған магнат мынандай функциялар атқарды.

1). Өз жерінде сот правасына ие болды.

2). Алым-салық, штраф, т.б. жинады.

3). Иммунитет территориядағы әскери жасақтың қолбасшысы.

Маркс феодалдық дәуірде әскери қызметпен, сот ісіндегі жоғарғы билік жер меншігінің атрибуты болды дейді.

Өткен лекциялардан сіздер Меровингтер және Королингтер тұсындағы Франк мемлекетіндегі феодалдық қатынастың дамуымен таныстыңыздар. (ҮІ 81-ҮІІ ғасырдың аяғына дейінгі кезең Мерговингтер дәуірі ҮІІ ғ. аяғы мен-ІХ ғ. ортасына дейінгі кезең-Королингтер кезеңі).

(Ұлы Карл 768-814).



Ұлы Карл орталықтанған мемлекет құруға ұмтылды.

  1. Орталық басқарма - король сарайы - палаций.

  2. Ең жоғарғы чиновниктер: палата графы (жоғарғы сот, император орынбасары) архиканцлер (император) концеляриясын басқарды.

Камерарий (король қазынасын басқарды).

  1. Жергілікті жерлерді – графтар – comites - әкімшілік округ басшысы.

  2. Скабиндер – сот коллегиясының мүшелері.

  3. Епископтер – бұларда да сот, әкімшілік роль атқарды.

  4. Король ревизорлары

  5. Жазба түрде шыққан король заңдары - капитулярий деп аталады. Ұлы Карл тұсында 250 – капитулярилері сақталған.

Ұлы Карл империясының қарама - қайшылығы.

  1. Ұлы Карл империясы орталықтанған мемлекет болған жоқ.

  2. Басқару аппараты өте қарапайым.

  3. Сот, финанс ведомостволары – палаталар қалыптасқан жоқ.

  4. Тұрақты салық жүйесі болған жоқ.

  5. Орталық пен жергілікті жерлер арасында тұрақты байланыс жоқ.

  6. Франк мемлекеті - әскери монархия – жаулап алу соғыстары барысында бірыңғай мәдениет, экономикалық базасы қалыптаспаған - әр алуан этникалық тайпалардан тұрды.

  7. Империя құрамына кірген тайпалар дәстүрлік праваларды пайдаланды. (Салий, Ринуар, Бургундия, Бавария, Сакония)

Королинг поместьесі және оның структурасы.

ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жер қатынасындағы төңкеріліс нәтижесінде феодалдық құрылыс негізі-жерге феодалдық меншік қалыптасып, толық орнықты. Осы өзгеріс нәтижесінде франк қоғамының шаруашылық ұйымында елеулі терең өзгеріс туды.

Егер аграрлық төңкеріске дейін оның шаруашылық ұйымының негізі-ерікті село қауымы-марка болса, енді ҮІІІ ғ. аяғы мен ІХ ғ. басында марка орнын феодалдық поместье басты-немесе-вотчина мен оған тәуелді крепостникті қауым.

Королинг поместьесінің структурасы жөніндегі бізге негізгі мәлімет беретін басты деректер.



  1. Ұлы Карлдың «Поместьелер туралы капитуляриі» мен

  2. Аббат Ирминиан полиптигі (Сен –Жермен Моностыры жерінің санақ қағазы).

  3. Міне осы деректерге сүйене, зерттей отырып біз ерте феодалдық Батыс Европадағы поместьеге сипаттама бере аламыз.

4 Дәріс



ІҮ-ХІІ ғ.ғ. Византия.

Бұл тақырыпта ең алдымен Шығыс Рим империясының дамуынының ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.

Қандай ерекшеліктер:


  1. Экономикалық даму ерекшеліктері.

  2. Құл еңбегі және оның ерекшелігі.

  3. Византия территориясында сауда мен қолөнер дамыған ірі қалалар болды.

  4. Византияның әлеуметтік-саяси тұрмысында христиан діні орасан зор роль атқарды.

Юстиниан 2-маңызды міндет қойды.

  1. Император билігінің беделін, қуатын, ықпалын арттыру.

  2. Рим империясының ұлы қуатын қайта қалпына келтіру.

Византияның ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. аграрлық құрылысын зерттеу үшін «Егіншілік заңы» деп аталатын тарихи дерек мәліметтеріне сүйенеміз. Бұл құжат ҮІІІ ғ. аяғында басылып шыққан.

«Егіншілік заңы» бойынша.



  1. Византия шаруалары егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. (24, 45-51 статьялар).

  2. Византия қауымы-көршілес қауым, яғни марка. (№1, №2).

  3. Византия қауымындағы жер қатынасы.(№16,№61,№20).

  4. «Егіншілік заңы» бойынша Византия қауымының әлеуметтік құрылымы:

а) Ерікті қауым мүшелері.

б) Георгийлер-толыққанды қауым мүшелері.

в) Апорлар-кедейлер.

г) Мистин-мүліксіздер.

д) Мортит-статья (9,10). Бұл арендатор. Аренда құны егістік өнімінің 1\10. Өнімнің 1\10-бөлігі «морта» деп аталады.

ІХ ғ. ІІ жартысы-ХІ ғ. Македония династиясы кезіндегі феодалдық қатынастардың ерекшеліктері болды. Бұл процесс эвалюциясында мемлекет үлкен роль атқарды.



жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау