Қазақ тіліндегі шрифтпен SWIFT-файл жүктелмейді
Қазақ тілінде жазылған барлық SWIFT-файлдар WIN кодтаумен бухгалтерлік жүйесінен шығарылуы тиіс. Қазақ тіліндегі шрифтіні қолдау осы кодтау арқылы мүмкін болады. Осы ережені сақтамаған және басқа кодтауды таңдамаған жағдайда файлдарды жүйеге импорттау мүмкін болмайды.
BTA-Online жүйесі баяу жүктеледі
Басқа сайттардың жүктелуін тексеру қажет. Егер жүктеу мүмкін болмаса, онда интернет провайдаренің көмегіне жүгіну қажет. Егер жүктеу
қалыпты болып, проблема BTA-Online жүктемесіне
байланысты болса, байланыс провайдерінен SSL шифрлеу хаттамасы бар сайттарға шектеу қойылған/қойылмағандығын анықтау қажет.
Төлем тапсырмасы банкке жіберілмейді?
Сіз Вы подписали и отправили платежное поручение в банк по системе BTA-Online жүйесі бойынша
төлем тапсырмасын құрастырып,
оны банкке жібердіңіз, бірақ бір сағаттан астам уақыт өтсе де, төлем тапсырмасы «Жіберуге» күйінде қалды. Байланыс ақауы туындаған болар. Төлемнің күйін тексеру және кідіру себебін анықтау үшін Шот менеджеріне хабарласыңыз. Мүмкін, Сіз валюталау күніне келесі операциялық күнді көрсеткен шығарсыз. Егер төлем бюджеттік не банкішілік болса (яғни бенефициарға БТА Банкінде қызмет көрсетілсе), онда жүйе төлемде көрсетілген валюталау күні туындағанға дейін Банк осы төлемді жібермейді.
Java бағдарламасы орнатылмаған – БТА Online жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дәлдеу бойынша Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес БҚ орнату қажет.
Java бағдарламасының бірнеше нұсқалары орнатылған – БҚ барлық нұсқаларын жойып, БТА Online жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дәлдеу бойынша Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес Oracle компаниясы ұсынған БҚ орнату қажет.
Java бағдарламасы дұрыс орнатылмаған – бағдарламаны БТА Online жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дәлдеу бойынша Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қайта орнату қажет.
Java (64 бит) бағдарламасы орнатылған - Java (32 бит) бағдарламасына БТА Online жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дәлдеу бойынша Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес БҚ қайта орнату қажет
Java бағдарламасының дәлдеулері жүргізілмеген – дәлдеулерді БТА Online жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дәлдеу бойынша Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес орындау қажет.
ОЖ пайдаланушыда 7/8 64 бит - БТА Online жүйесінде жұмыс істеу үшін жұмыс орнын дәлдеу бойынша Пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес файлды көшіру қажет.