Сабақтың нөмірі: 2 Сабақтың тақырыбы: §71. Жер ғаламшар



жүктеу 38,5 Kb.
Дата17.05.2020
өлшемі38,5 Kb.
#30477
түріСабақ
5-сынып-2 каз яз


Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 2

Сабақтың тақырыбы: §71. Жер – ғаламшар

1.Мақсаты: 5.1. 6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

Бұл сабақта оқушы: диалог құрастыра алуы тиіс; төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалуын білуі тиіс.

2.Қысқаша тезисті конспект

1)Жер өз білігін батыстан шығысқа қарай айналады. Оның өз білігін айналу себебінен күн мен түн ауысады. Жердің Күннен жарық түскен бір жағы күндіз, ал көлеңкеленген жағында осы уақытта түн болады. Жер өз білігін 24 сағатта толық бір айналып шығады. Осы уақыт аралығы тәулік деп аталады. Күн жарықпен қоса жылу да береді. Сондықтан түнде, Күн жоқ кезде, сырттағы ауа райы суық болады. Ай Күнді 29 күнде айналып шығады. Айдың мөлшері Жердің мөлшерінің төрттен бір бөлігі ғана болады. Жер өз осін айналуымен қатар Күнді де айналады. («Менің алғашқы энциклопедиям»)

2) Әдеби тіл нормалары




Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз. Мысалы: Дина бір сөзінде Асанға:

-Талабың бар екен, бірақ талап әлі өнер емес, - деген болатын.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

3. Сілтеме: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» баспасы, 112-113-б., 2017 ж., https://kk.wikipedia.org/wiki/

4. Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.



  1. Күн мен түн неліктен ауысып отырады?

  2. Қазақ тілінде күн мен түннің ауысуынан пайда болған қандай сөздерді білесің?

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді төл сөз бен автор сөзіне айналдырып жаз. Үлгі: Адамдардың көпшілігі: «1500 жылға дейін Жер әлемнің ортасында орналасқан», - деп ойлады.

3-тапсырма. «Ғаламшарлар» тақырыбында жазбаша диалог мәтінін құрастыр.



5. Кері байланыс: орындаған тапсырмаңды мұғалімге электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібер.

Әзірлеген: Мунасаева Р.Н., М.Ганди атындағы №92 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

жүктеу 38,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
Рабочая учебная
мектепке дейінгі