- .
- «Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнекті сызып қию негізгі бөлшекке жапсыру»
- Сабақтың мақсаты: ою-өрнек туралы түсінік беру.
-
- Білімділік: қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.
-
- Дамытушылық: ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
-
- Тәрбиелік: ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
-
- Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
-
- Сабақтың типі: аралас сабақ.
-
- Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.
-
- Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: «Сергіту сәті», «Ақбұлақ».
-
- Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
-
- Сабақтың барысы:
-
- I Ұйымдастыру бөлімі.
- 1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- 2.Техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
-
-
- II Жаңа сабақ.
- Өнерді таудың бұлағынан,
- Қойдың құлағынан,
- Апамның киізінен,
- Қошқардың мүйізінен үйрендім.
- Әбілхан Қастеев.
- Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр.
- «Қол өнер – мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де сызу мен бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнасымдылығы, дәлдігі және жарасымдылығы болып табылады.
- Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген – бұл қолөнер. Солардың ішінде біздің қазақ халқының қолөнер дамуының ерекшелігінің маңызы зор.
- Сән және қол өнер екеуі егіз ұғым. Сән – киім – кешек, тұрмыстық заттар, киіз үй сүйегі мен оның жабдықтары, қару – жарақ, ер – тұрман тағы басқа қол өнер туындыларын ою - өрнекпен безендіру болса, қол өнер –шебердің қолынан жасалынып шыққан бұйымдар мен тұрмыстық заттар деген сөз.
- Қазақ халқы қазақтың қол өнер шеберлерін төрт бағыттағы топқа ажыратқан
- ҮШБҰРЫШ, ТӨРТБҰРЫШ, ШАРШЫ ТЕКТЕС ЖӘНЕ Т.Б.
- ЖАНУАРЛАР, АҢДАР, ҚҰСТАР БЕЙНЕСІ ТЕКТЕС
- ГУЛ, ЖАПЫРАҚ, КӨКӨНІС, ЖЕМІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
- Өсімдік тектес ою-өрнектер
- Космогониялық ою - өрнектер.
- Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
- Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.
- Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
- Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сырмақ Оюлы зергерлік бұйымдар Оюлы ыдыс - аяқтар Қазақтың ұлттық киімдері Ою - өрнек түрлері - Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
-
-
- Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.
- Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.
- . Сарамандық жұмыс.
- Өткенді еске алып, ойға толам,
- Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
- Ой түбіне жете алмай титықтасам,
- Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз
-
-
- Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.
- Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.
- Камотекстің бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.
Өрнек түрлері -
- Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
Қорытынды сұрақтар: - Ою-өрнектер дегеніміз не?
- Ою-өрнектер нешеге бөлінеді?
- Ою мен өрнектің айырмашылығы неде?
- Ою-өрнектер қандай ұлттық бұйымдарға салынады?
- Шеберлікте шек жоқ,
- Жалқаулыққа жол жоқ!
- Өнерлінің қолынан,
- Тамып тұрған бал көп!
- Қорытынды.
-
- Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.
- Жасалған бұымның нәтижесіне қарай бағалау.
-
- Үйге тапсырма.
- Қазақ халқының ою - өрнектерін басқа халықтардың ою - өрнектерімен салыстыру.
-
Достарыңызбен бөлісу: |