Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ тақырып пен үш дидактикалық мақсаттарын анықтаудан басталады: оқыту, тәрбиелік, дамытушылық және қосымша- мотивациялық.
Білімділік мақсаттары:
-
Алдыңғы тақырыптарды өту барысындағы келесі біліктілік пен дағдыларын қалыптасу, меңгеру деңгейін бақылау…
-
Келесі негізгі мақсаттарды меңгеруге жағдай жасау…
-
Берілген оқу материалы бойынша келесі арнайы біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру (бекіту, дамыту)
-
Сабақтың материалы бойынша келесі жалпы оқу біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру (дамыту, бекіту) …
Тәрбиелік мақсаттары:
-
Сабақ барысында келесі көзқарастық ұғымдардың қалыптасуына ықпал ету (мысалы: « әлем және табиғаттану», «табиғат дамуы» т.б) …
-
Еңбекке баулу мақсатында…
-
Эстетикалық тәрбиелеуді іске асыру мақсатында…
-
Дене-шынықтыру және салауатты өмір сүру тәрбиелікмақсатында…
-
еңбекқорлықты дамыту мақсатында…
-
экологиялық тәрбиені қалыптастыру …
-
сабақ барысында келесі адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту: отансүйгіштікті, ұлттық ізеттілікті, төзімділікті, әдептілікті сақтау тәртіпттерін.
-
Тәрбиелік мақсаттарға негізделіп оқушылардың әлемдік көзқарасты қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаттары:
-
Мазмұнның негізгі бөлігін анықтау дағдыларын (мысалы: сызба-нұсқасын, құрастыру, жоспарлау, қорытындылау, бақылау сұрақтарын қою) дамыту барысында оқушылардың салыстыру, классификациялау, фактілер мен ұғымдарды жалпылау…
-
Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында…
-
Тіл мәдениетін дамыту:
-
сөз қорын, тілдің мағыналық функцияларын күрделендіру, молайту;
-
білімділік мақсатта тілдің коммуникативті функцияларын нығайту.
-
Оқушылардың ойлау іс-әрекеттерін іске асыру дағдыларын қалыптастыру.
-
Оқушылардың пайымдауларын, дамыту жолдарын, мұқияттылығын дамыту.
-
Оқушылардың уақытқа және кеңістікте бағытталу қасиеттерін дамыту.
-
Түсті, күнді сезу қасиеттерін нығайту
-
Оқудағы қиыншылықтарға төзімді болуға, ықтияр қасиеттерін нығайту, эмоциялық уайымдау жағдайларын кірістіру.
-
Интеллектуалды қабілеттерін, ойлау дағдыларын, білімді жаңа ортаға көшіру мақсатында…
Сабақтың мотивациялық қамсыздандыруы:
-
Оқуға көңіл бөлуге оқушыларды үнемі ынталандыру, уәжделендіру жолдары:
А) жақынаралық даму шеңбердегі жұмыс;
ә) жетістік, табыс жағдайларын құру;
б) оқушылардың сабақтағы психикалық және физикалық денсаулықты сақтауды, еңбек гигиенасын қамсыздандыру
-
Кластастарымен, мұғалімдерімен қарым-қатынастың қажеттілігін қанағаттандыру арқылы оқушылардың уәжділігін ынталандыру (топпен, жұппен жұмыс…)
-
Мықты оқушылармен қатар әлсіздеу оқушылардың дамуына ықпал ету, оларды өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру, эмоционалды сәттілікті сақтай білу
Сабақты құрастыру барысында қолданатын ынталандырудың (мотивацияның) үш түрі:
-
Әлеуметтік: жора-жолдастарының арасындағы орнын ерекшелеу, белсенділігін арттыру, жұмыстағы тиянақтылығын, ынтасын мадақтау, күнделігінде жақсы жұмыс үшін арнайы жазуды құру.
-
Прагматикалық: Жоғары оқу орындарына талаптандырудағы, маман алудағы қажетті пәндерге ерекше көңіл бөлу.
-
Мазмұндылық: (дарынды және мықты оқушылар үшін) алған білімдерін қолайсыз жағдайда пайдалану, танымдылық сайыстарды құру, оқушыларды мәселелік жағдайларға кірістіру.
Сабақ барысы:
-
Психологиялық ұйымдастыру
Сабақ басына қойылатын талаптар:
-
оқушылардың сабаққа деген психологиялық дайындықты ұйымдастыру үшін психологиялық тренинг өткізу.
-
Интеллектуалды сергіту өткізу:
-
психологиялық сергіту арқылы оқушыларды сабаққа, жұмысқа қатыстыру;
-
оқушы мен мұғалімнің арасындағы сенімді, көңілді, сәтті қарым-қатынасты құру;
-
оқушылар ұжымында психологиялықсәйкестілікті, үйлесушілікті құру, кейбір оқушылардың белсенділігін арттыру.
-
мұғалімге дербес шығармашылық зертханасын құруда, өзінің мамандық ерекшелігін қалыптастыруда көмек көрсету;
-
бойындағы жақсы қасиеттерді, әдіс-тәсілдерді дамытуда жәрдем беру:
-
мұғалімнің педагогикалық тәсілдерін қолдану, қажетті оқыту әдісін таңдау, оқушыларға әсер ету тәсілдерін таңдау.
-
Сабаққа қойылатын талаптарды қанағаттандыру: тәрбиешілік, дидактикалық психологиялық, гигиеналық.
-
Таңдаған әдістер мен тәсілдердің материал мазмұнына, түріне, мақсаттарына, міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі
-
Оқушылардың оқулықпен өздігіненжұмыс істеудің түрлері және орны;
-
Жас маманның сабақтарының дидактикалық құрылымы (өткенді қайталау, білімді заманға сай қолдануы т.б)
Оқыту әдістерін үш топқа бөлген:
1. Ауызша (әңгіме, кеңес, дәріс, кітаппен жұмыс
2. Көрнекілік (суретпен сипаттау, картамен жұмыс)
3. Зертханалық, тәжірибелік жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |