Сабақ Тақырып: Рухани жаңғыру қоғамдық сананы жаңғыртудың өзегі ретінде



жүктеу 15,38 Kb.
Дата23.01.2023
өлшемі15,38 Kb.
#40989
түріСабақ
Аяулым (копия) (копия)

15 сабақ
Тақырып: Рухани жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғыртудың өзегі ретінде»
Қоғамдық сананың төмендігі - үлкен дерт. Тәуелсіздік алған тұстан бастап бұл дерттен айығудың жолын іздеген Елбасы түрлі бастамалар жасап, қоғамдық сананы жаңғыртуды басты міндетке айналдырды.Қоғамдық сананы жаңғырту үшін қандастарымызға тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды, әлемнің үздік дүниелерін, дамудың не үшін маңызды екенін жете түсіндіру керек. Осы ретте Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялады.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. 
Қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты
1. Бәсекелік қабілет
2. Прагматизм
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы
Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді. Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтан да, елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Қорытындылай келе, рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ.
жүктеу 15,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
мектепке дейінгі
білім министрлігі