Рудный индустриялық институтының «Мәңгілік Ел» Орталығы туралы Ереже



жүктеу 53,19 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі53,19 Kb.
#15782


Рудный индустриялық институтының 

 «Мәңгілік Ел» Орталығы туралы  

Ереже  

 

1. Жалпы ережелері 

  

1.1 Рудный индустриялық институтының «Мәңгілік Ел» Орталығы (бұдан әрі  



–  Орталық)  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясына,  Мемлекет  басшысының  5 

институционалды реформасын жүзеге асырудың Ұлттық Жоспарына,  Қазақстан 

Республикасының  «Мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы»  Заңына  және  басқа  да 

заңнамалық  актілерге  сәйкес,  сол  сияқты    Рудный  индустриялық  институтының 

Жарлығы және осы Ереже негізінде құрылып отыр.   

1.2  Орталық  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  арқауындағы  азаматтық  теңдік, 

еңбексүйгіштік,  адалдық,  оқымыстылық  пен  білімді  қастер  тұту,  зайырлы  ел  – 

тағаттылық  елі,  үш  тұғырлы  тіл  сияқты,  тілдердің  үштұғырлығын  дамыту,  

сондай-ақ  жас  қыз-жігіттердің  ойын-сауығын

 

ұйымдастыру  сияқты  жастардың 



отансүйгіштік  тәрбиесі  мен  рухани-адамгершілікте  дамуының  ортақ  мақсаттары 

мен    қызығушылықтары  негізінде  құрылған  жоғарғы  сынып  оқушыларының, 

колледж білім алушыларының және Институт студенттерінің, Рудный қаласының 

өнеркәсіптік  кәсіпорындары  мен  ұйымдары  жастарының  ерікті  бірлестігі  болып 

табылады.  

 

2. Орталықтың мақсаттары мен міндеттері 

 

2.1 Орталықтың мақсаттары: 



• «МӘҢГІЛІК ЕЛ» идеялары шеңберінде қазақстандық ұлтаралық, қоғамдық 

келісім  және  толеранттылық  үлгісіндегі  жастардың  патриоттық,  рухани, 

адамгершілік  тәрбиесі; 

 



«МӘҢГІЛІК ЕЛ» патриоттық актісінің жобасын дайындауға қатысу; 

• біртұтас азаматтық қауымның қалыптасуының негізі ретінде  қазақстандық 

мемлекеттілік пен бірізділіктің нығаюына ықпал жасау;  

•  негізінде  конфессияаралық  және  қоғамдық  келісім  қағидалары  бар 

ұлтаралық қоғам  мәдениетінің дамуына ықпал ету;  

 



 Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының идеяларын алға бастыру. 

2.2  Орталықтың міндеттері: 



ДАМЫТУШЫ: 

- жастардың жеке қабілеттерін дамыту; 

-  жадыларын,  логикалық  және  аналитикалық  ойлау,  байқағыштық 

қабілеттерін, тіл мәдениетін дамыту; 

-   білім  мен  ақпараттың  әртүрлі  дерекнамаларын  пайдалану  дағдыларын 

дамыту, оларды практикалық іс-әрекетте пайдалану  және қолдану шеберліктерін 

дамыту; 

- жастардың физикалық, психологиялық, рухани және адами саулығын сақтау 

үшін жағдай жасау 

 

 



 

 

 



 

 

 



БІЛІМДІЛІК: 


 

        -  шешендік  өнер,  саясат,  құқық,  дін,  Қазақстан  тарихы  саласында  қосымша 



білімін жүзеге асыру;  

- қазақстандық біртұтас мәдениет қалыптастыру; 

- тұлғаның жан-жақты дамуы мақсатындағы білім беру;  

-  өзінің  имандылық-еркіндік  қабілеттерін  және  ой-өрісін  өзі  тәрбиелеу  және 

өздігінен білім алу қажеттілігін қалыптастыру. 

ТӘРБИЕЛІК: 

-  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтары  негізінде  жастардың  отаншылдық  сезімдері 

мен санасын қалыптастыру және дамыту; 

- өз елі үшін мақтаныш сезімін дамыту және сақтап қалу; 

- белсенді азаматттық позициясын қалыптастыру; 

-  іс-әрекет  үдірісі  барысындағы  қатынас  жан-жақтылығын  дамыту,  тілдесу 

мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп ережелерін меңгерту; 

-  қоғамдық  белсенділікті  дамыту,  халықтық  құндылықтарға  деген  саналы 

қатынасын,  ұлттық  салт-дәстүрге  құрметін  тәрбиелеу; 

-  шығармашылық  ойлауын,  көркемділік  қабілетін  дамыту,  эстетикалық 

талғамын, арман-мұратын қалыптастыру; 

-  жастардың  ұжымға  деген  ара-қатынас  түсінігін  қалыптастыру,  жеке  және 

қоғамдық  мүдделерін  байланыстыра  білуге,  ұжым  мен  қоғамдағы  шынайы 

жолдастық пен достықтың  атмосферасын қалыптастыруға ұмтылдыру; 

-  танымдық  белсенділікке  деген  саналы  қатынасқа  тәрбиелеу,  жас 

өспірімдердің мамандық таңдауға саналы  дайындығын қалыптастыру.   

 

3. Орталық қызметтерінің түрлері  

 

3.1  Қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  Орталық  белгіленген  тәртіппен 

мынандай қызметтерді жүзеге асырады:  

1)  Ақпаратты-аналитикалық  БАҚ-ты  қамтамасыз  ету  арқылы,  сол  сияқты 

Рудный  қаласында    және  одан  шет  жерлерде  музыкалық  және  басқа  да  өнімдер 

арқылы «Мәңгілік Ел» құндылықтары мен идеяларын насихаттау;  

2)    білім  беру  және  ішкі  саясат  бөлімдерімен,  білім  беру  мекемелерімен, 

өнеркәсіптік  кәсіпорындардың    жастар  саясаты  бөлімдерімен,  азаматтық  қоғам 

институттарымен,  Институт  факультеттері    және  студенттердің  өзін-өзі  басқару 

ұйымдарымен  біртұтас  азаматтық  қауымдастықтың  қызмет  істеуін  қамтамасыз 

ету мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас орнату;  

3)  Орталық  қызметіне  қатысты  мәселелер  бойынша  аналитикалық, 

ақпараттық,  әдістемелік  материалдарды  және  жұмыс  Жоспарының  жобасын  

дайындау; 

4)  қаланың белсенді жастарын тарту арқылы  жинақталған интеллектуальды 

ресурстарды  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  және  бекітілген  Жоспарға  сәйкес 

қойылған  міндеттерді  жүзеге  асыруға  бағытталған  әртүрлі  формадағы  іс-

шараларды өткізу;  

5)  «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарын  аша  түсетін  бағыттар  бойынша  сабақтар-

презентациялар өткізу және оларға жастарды тарту;  




 

6) әртүрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу; 



7) табиғат аясында демалу, серуендер мен  экскурсиялар ұйымдастыру;  

8) қалалық, облыстық және республикалық іс-шараларға қатысу;    

9)  Осы ережеге қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыру.  

 

4. Орталыққа мүшелікке алу тәртібі  

 

4.1  Оқуында  және  Институттың,  қаланың  және  облыстың  белсенді  өмірінде 



үлгеретін,  өз  елінің  патриоты  болуға  талпынатын  жоғарғы  сынып  оқушылары, 

колледж  білім  алушылары  және  Институт  студенттері,  сол  сияқты  Рудный 

қаласының  өнеркәсіптік  кәсіпорындары  мен  ұйымдары  жастары  Орталықтың 

мүшелері бола алады.  

4.2  Орталыққа  мүше  болу

 

тиісті



 

ұйымдардың  ұсынысы  бойынша  ерікті 

негізде жүргізіледі.  

4.3  Орталыққа  қабылдау  Институттың    Тәрбие  жұмысы  бойынша 

үйлестіруші кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.  

4.4   Орталыққа  қабылданған  кезде  мүшелер  1  қосымшаға  сәйкес  салтанатты 

түрде мемлекеттік тілде

 

ант қабылдайды. 



4.5  Орталыққа кірген және ант қабылдаған мүшелерге Институттың  Тәрбие 

жұмысы  бойынша  үйлестіруші  кеңесінің  шешімімен  2  қосымшаға  сәйкес 

«Мәңгілік Ел қыраны» мәртебесі беріледі.  

 

5. Орталықтың құрылымы және жұмыс жасау тәртібі 

 

5.1  Орталық  Институттың  жастар саясаты  Қызметі жанынан  жұмыс  істейді. 



 Орталықты  Институт  ректорының  бұйрығымен  тағайындалған  жетекші 

басқарады.  Орталық қызметінің жалпы жетекшілігін Жастар саясаты қызметінің  

басшысы жүргізеді, ал бақылау – тәрбие жұмыс жөніндегі проректорында.   

5.2    Орталық  жетекшісі  Орталықты  басқарады,  өз  қызметін  «3.Орталық 

қызметінің түрлері» тарауында белгіленген Орталық қызметінің түрлеріне сәйкес 

ұйымдастырады.   

5.3 Орталық өз құрылымына: 

- Институт студенттерінің Кіші Ассамблеясын; 

- «Қазақ тілінің жанашырлары» Клубын; 

- Институт студенттері мен кәсіпкерлер Альянсын; 

- Көшбасшылық Мектебін; 

- Институттың еріктілер клубын; 

- КТК командаларын; 

- Институттың сән театрын; 

- дебаттық командаларды (қазақ, орыс, ағылшын);   

- қызығушылықтары бойынша үйірмелерді; 

-  Рудный  қаласының  өнеркәсіптік  кәсіпорындары  мен  ұйымдарының 

белсенді  жастарының  ішінен қалыптасқан командаларды біріктіреді.

  



 

5.4  Оқу орнының, өнеркәсіптік кәсіпорынның не ұйымның атынан келген әр 



командаға  сол  команда  құрамынан  өкілдерінің  ұсынысы  бойынша  командир 

тағайындалады.   

5.5  Құрылымдық бөлімшелер «Мәңгілік Ел» құндылықтары мен идеяларына 

сәйкес  Орталықтың  алдына  қойған  мақсаттарын  орындау  үшін  ортақ  күш-

жігерлерін біріктіреді.  

 

5.6 Ант қабылдаған Орталық мүшелері  ортақ құқықтарды пайдаланады және 



оларға ортақ міндеттер жүктеледі.  

 

6. Орталық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 

  

6.1 Орталық мүшелерінің құқықтары: 



 - Орталық қызметіне қатысты мәселелер талқысына қатысуға; 

-  Орталық  қызметін  жетілдіру  бойынша  өз  ойларын  жеткізуде  көзқарастары  

мен ұстанымдарының еркіндігіне; 

-  Орталықтың  материалдық  базасын  пайдалана  отырып,  оның  Жоспарымен 

айналысу; 

- іс-шараларға, конкурстарға басқа да

  

таңдаулы


 

қойылымдарға

 

қатысу; 


-  Орталықтың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  Орталықтан  әдістемелік, 

практикалық, заңгерлік көмек сұрауға; 

- таңдау компонеттерінің түрлі пәндері бойынша білім алуға; 

-  өз қалауы бойынша Орталық құрамынан шығуға. 

 6.2 Орталық мүшелерінің міндеттері: 

 -  Қазақстан  Республикасының  заңдарына,  Конституциясына,  Институт 

актілеріне және осы Ережеге сәйкес іс-әрекет жасау; 

-  өмірде  Орталықтың  негізгі  мақсаттары  мен  міндеттерін,    «Мәңгілік  Ел» 

құндылықтары мен идеяларын жүзеге асыруға белсенді түрде ат салысу; 

- Орталық қызметіне, орталықтың жұмыс Жоспарына сәйкес онда жүргізіліп 

жатқан іс - шараларға белсене қатысу; 

- сырт келбеті ұқыпты болып жүруге; 

- Орталық мүліктерін қастерлеуге; 

-  үлкендерге  құрмет  көрсетуге,  өз  жолдастары  мен  қатарластарының  ар-

ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 

-  барлық  жерде  –  оқу  орнында,  үйде  және  көшеде  –  сыпайылық  ережелерін 

сақтауға және  үлгілі тәртіп көрсетуге; 

-  Орталықтың  мүддесін  қорғауға,  Қазақстан  Республикасына,  Институтқа 

және Орталыққа кесел келтіретін іс-әрекеттердің алдын алуға және болдырмауға; 

- қойылған міндеттерді абыроймен орындауға. 

 

 

 



 

1 қосымша 



 


 

Рудный индустриялық институтының  



«Мәңгілік Ел» орталығы мүшесінің 

Анты 

 

    Мен,  Қазақстан  Республикасының  азаматы  (тегі,  аты,  әкесінің  аты), 

Рудный индустриялық институтының «Мәңгілік Ел» орталығының құрамына кіре 

отырып  ант  қабылдаймын  және  мемлекетіме  адал  болуға,  оның  Конституциясы 

мен зандарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін. 

Елбасы 


айқындаған 

«Мәңгілік 

Ел» 

жалпы 


қазақстандық 

ортақ 


шаңырағымыздың  ұлттық  идеясын  және  барша  қазақстандықтарды  біріктіретін, 

ел болашағының іргетасын қалаған: 

1) Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы 

2) қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім 

3) зайырлы қоғам және жоғары руханият 

4) индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім 

5) Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы 

6) тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы 

7)  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік,  өңірлік  мәселелерді 

шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы сияқты  

 деп  аталатын  басты  құндылықтарды  мәңгі  жадымда  сақтауға  және  өз 

тарапымнан шынайы іске асыруға ант етемін. 

«Мәңгілік  Ел»  орталығына  белсенді  мүше  болуды  мені  осында  жіберіп 

отырған  ұйымым  мен  Рудный  индустриялық  институты  тарапынан  айрықша 

сенім  білдіру  ретінде  бағалап,  Қазақстан  халқы  алдындағы  өзімнің  биік 

жауапкершілігімді  сезіне  отырып,  мемлекетімнің  адал  да  әділ  патриоты  болуға 

салтанатты түрде ант етемін. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 


 

 



 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



жүктеу 53,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау