Полиомиелит. Науқас балалар күтімі. Полиомиелит



жүктеу 13,1 Kb.
Дата19.01.2023
өлшемі13,1 Kb.
#40964
10.Полиомиелит. Науқас балалар күтімі
Дш))

Полиомиелит. Науқас балалар күтімі.
Полиомиелит (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы) — негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі.
Бұл аурумен көбінесе 3 жасқа дейінгі сәбилер жиі ауырады. Полиомиелиттің қоздырғышы ауырған сәбидің нәжісі арқылы қоршаған ортаға тарап, бірнеше апта бойына белсенділігін жоймайды. Сондықтан инфекция ластанған ауыз су, жеміс-жидек, көкөніс және шикі сүт арқылы жұғады. Ауру жаздың соңы мен күздің басында өршиді. Аурудың жасырын кезеңі 4 — 35 күнге созылады. Полиомиелит жедел басталады. Сәбидің дене қызуы 38 — 39С-қа көтеріліп, жөтеледі, қайта-қайта түшкіріп, тамағы ауырады, кейде іші өтеді. Бұл белгілер 4 — 5 күннен кейін жоғалып, бір аптадан кейін дене қызуы қайтадан көтеріліп, науқас сәбидің бұлшық еттері, әдетте аяқ-қол бұлшық еттері салдана бастайды (Полиомиелит параличі). Кейде ауру ұзаққа созылып, науқас мүгедек болып қалуы мүмкін. Дерт асқынғанда, орт. жүйке жүйесінің нейрондары зақымданып (Бульбарлы паралич), сәбидің ас жұтуы, тыныс алуы қиындайды, ауа жетпей, тілі күрмеледі. Бұл жағдай сәби үшін өте қауіпті. Аурудың алдын алу үшін Полиомиелитке қарсы жаппай вакцина егу керек. Қазіргі кезде вирусы өлтірілген (инактивацияланған) және вирусы әлсіздендірілген, тірі (аттенуацияланған) вакциналар қолданылады.
Сал ауруын ешқандай дәрімен емделмейді. (Кейде дәрмені азайып әлсіреген ағза баяу қалпына келе бастайды). Антибиотиктер көмектеспейді. Аурудың алғашқы сатысында ауруды жеңіпдету үшін парацетамол немесе аспирин беруге болады, сонымен қатар ауырған жерге ыстық компресс қойыңыз. Баланы сіңірі тартыпып қалмайтындай ыңғайлы етіп жатқызыңыз. Бапа түзу жататындай етіп аяқ, қолын түзеңіз. Тізесінің астына жастық қойыңыз.
Алдын-алу. Бұл аурудан сақтанудың ең тиімді жолы полиомиелитке қарсы егу.
Балада суық тиген немесе аурудың басқа белгілері байқалса, қызу көтерілсе, ешқандай дәрі екпеңіздер, бұл полиомиелит вирусын тудыруы мүмкін. Уколдан тітіркену жеңіл полиомиелитті ауыр түріне айналдырып жіберуі мүмкін. Өте қажет болмаса өз беттеріңізбен баланы ешқашан шанышпаңыздар.
Суық тиген белгілері немесе қызуы бар баланы бөлек бөлмеде ұстаңыз. Баланың қасына барған әкесі мен шешесі кейін қолын жуу керек.
2,3 және 4 айлық баланы полиомиелитке қарсы ектіруді ұмытпаңыздар.
Полиомиелиттен, сал болып қалған бала құнарлы тамақ ішуі керек, бұлшық еттерін нығайту үшін дене шынықтыруымен айналысқаны дұрыс. Мумкіндігінше, жүруді үйретіңіз, суретте көрсетілгендей, тік басып түруы үшін екі тіреу дайындап беріңіз, кейін балдақ жасап беру керек Аяққа арналған аспа бау, балдақ және басқа қосымша құралдар баланың қимылдауына көмектеседі.
жүктеу 13,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
мектепке дейінгі
білім министрлігі