Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, информатика және ақпараттық технологиялар факультеті
«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы
6М070300 - мАқпараттық жүйелер мандығының магистранттарына арналған
«Ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалау»
ПӘНІ БОЙЫНША ПӘНДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
БЕКІТЕМІН
ФМжАТ факультетінің деканы
______________ Испулов Н.А..
«___»__________ 2013 ж.
Құрастырушы: ИжАЖ кафедрасының профессоры Оспанова Н.Н.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
6М060200 – Информатика мамандығының күндізгі оқу нысанының магистранттарына арналған
«Ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалау»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылған 2013 ж. «___»_________ №_____хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________ Оспанова Н.Н.
ФМжАТ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды: 2013 ж. «___»______ №____хаттама.
ОӘК төрағасы __________ Искакова А.Б. 2013 ж. «____»_____________
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты
Оспанова Назира Нұрғазықызы
Педагогика ғылымдарының кандидаты, информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы А корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А-407, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)
2 Пән туралы мәліметтер
Курс 1 семестрге есептелген және 1 кредитті пән. Семестрде 15 сағ дәрістік сабақтар жоспарланған. Пәннің тақырыптық жоспарына кірмейтін тақырыптарды өз бетімен оқып-үйренуі үшін магистранттардың 60 сағ өздік жұмысы, оның ішінде 15 сағ магистранттың оқытушымен бірге өздік жұмысы қарастырылған. Бақылау түрі - емтихан.
Сабақтардың, межелік бақылаулардың және емтихан сессиясының кестелерін оқу үрдісін бақылау бөлімі құрастырады. Сабақтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3 Пәннің жұмыс көлемі
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Аудиторлық сабақтар бойынша контактілі сағаттардың саны
|
Магистранттардың өздік жұмыстары сағаттарының саны
|
Бақылау формасы
|
барлығы
|
дәріс
|
тәжірибе
|
зертхана
|
барлығы
|
МОӨЖ
|
3
|
1
|
75
|
15
|
-
|
-
|
60
|
15
|
емтихан
|
Барлығы
|
|
75
|
15
|
-
|
-
|
60
|
15
|
|
4 Курстың мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мақсаты – магистранттарды ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалаумен таныстыру.
Пәннің міндеттері:
магистранттарды ақпараттық жүйелерді жобалаудың технологияларының негізгі ұғымдарымен таныстыру;
бағдарламалық қамтамасыздандырылудың өмірлік циклі туралы білім қалыптастыру;
ақпараттық жүйелерді әзірлеуді жүзеге асыру;
ақпараттық жүйелерге модельдеу және талдау жүргізуге үйрету;
ақпараттық жүйелерге қойылатын функционалдық талаптардың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
пәндік аймақты модельдеу әдіснамасын қалыптастыру.
5 Білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
Курстың оқылу нәтижесінде магистранттар білуі қажет:
ақпараттық жүйелерді дайындаудың негізгі кезеңдерін: талаптарды қалыптастыру, концептуалды жобалау, қосымшалардың ерекшеліктері, модельдерді әзіреу және оларды тестілеу анықтай білуі;
ақпараттық жүйелерге қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеуді;
пәндік аймақты жобалаудың әдіснамасын сипаттауды;
ақпараттық жүйелерді жобалаудың есебінің қойылымында жүйелік талдауды қолдана білуді, ақпараттық жүйелердің концептуалды модельдерін анықтауды, ақпараттық жүйелерді жобалауды және сипаттауды.
6 Пререквизиттер
Бағдарламалық қамтаманы өндеу технологиялары.
7 Пәннің тақырыптық жоспары
№
| Тақырыптар атауы |
Сағаттар саны
|
Дәріс
|
МӨЖ
|
|
Ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалау технологияларының негізгі ұғымдары
|
2
|
10
|
|
Бағдарламалық қамтаманың өмірлік циклі
|
2
|
10
|
|
Ақпараттық жүйелерді әзірлеуді ұйымдастыру
|
3
|
10
|
|
Ақпараттық жүйелерді ендірудің функционалдық аймағын талдау және модельдеу
|
3
|
10
|
|
Ақпараттық жүйелерге қойылатын функционалдық талаптардың ерекшеліктері
|
3
|
10
|
|
Пәндік аймақты модельдеу әдіснамасы
|
2
|
10
|
Барлығы:
|
15
|
60
|
8 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалау пәні магистранттарды ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалаумен таныстыру сұрақтарын қарастырады.
9 Курс компоненттері
9.1 Дәрістер мазмұны
1-тақырып Ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалау технологияларының негізгі ұғымдары
Ақпараттық жүйелер ұғымы. Ақпараттық жүйелердің жіктелуі. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу кезеңдері.
2-тақырып Бағдарламалық қамтаманың өмірлік циклі
Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасының өмірлік циклінің ұғымы. Өмірлік цикл ұғымдары. Ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасының өмірлік циклінің кезеңдері. Отандық және шетелдік стандарттардағы жобалау үрдісінің регламенттелуі.
3-тақырып Ақпараттық жүйелерді әзірлеуді ұйымдастыру
Ақпараттық жүйелерді канондық жобалау. Техникалық және жұмыстық жобалау кезеңдеріндегі жұмыс құрамы. Жобалық құжаттамалар құрамы. Ақпараттық жүйелерді типтік жобалау.
4-тақырып Ақпараттық жүйелерді ендірудің функционалдық аймағын талдау және модельдеу
Компанияның толық бизнес-моделі. Ұйымдастырылған бизнес-модельдеудің шаблондары. Компанияның ұйымдастырушылық-қызметтік моделін тұрғызу. Ұйымдастырушы модельдеудің аспаптық құралдары.
5-тақырып Ақпараттық жүйелерге қойылатын функционалдық талаптардың ерекшеліктері
Үрдістік ағындық модельдер. Үрдістік тәсілдің негізгі элементтері. Үрдістерді ерекшелеу және жіктеу. Бизнес-үрдістің референтті моделі. Кәсіпорында жобалау алды зерттеудің жүргізілуі. Жобалау алды зерттеудің нәтижелері.
6-тақырып Пәндік аймақты модельдеу әдіснамасы
Пәндік аймақтың құрылымдық моделі. Пәндік аймақтың сипатталуының қызметке бағытталған және объектіге бағытталған әдіснамасы. Синтетикалық әдістеме.
9.2 МӨЖ мазмұны
9.2.1 МӨЖ түрлері
№
|
МӨЖ түрі
|
Есеп формасы
|
Бақылау түрі
|
Көлемі (сағ)
|
1
|
Дәріс сабақтарға дайындық
|
|
Сабақтарға қатысу
|
15
|
2
|
Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды оқып-үйрену
|
Конспект, сызбалар және т.б.
|
Сұрақ-жауап, тест және т.б.
|
20
|
3
|
Семестрлік тапсырмаларды орындау
|
(рефераттар, өздік жұмыстар және т.б.)
|
Семестрлік тапсырманы қорғау
|
20
|
4
|
Бақылау шараларына дайындық
|
|
1 МБ, 2 МБ, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.
|
5
|
Барлығы:
|
60
|
9.3.2 Магистранттардың өз бетімен оқып-үйренуіне арналған тақырыптар тізімі
Нақты мекеме үшін ақпараттық жүйелерді әзірлеудің кезеңдерін құрастыру есептерін шешу.
Ақпараттық жүйелерді жобалауда қолданылатын отандық және шетелдік стандарттарды оқып-үйрену.
Мекеменің бизнес-моделін құру есепбін шығару.
Ағымдағы және қорытынды үлгерімнің таратылу үлесі
Жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4-ке тең.
10 Курс саясаты
«Ақпараттық жүйелердің инфраструктураларын жобалау» курсы практикалық курс болып саналады. Сондықтан міндетті түрде ағымдағы бақылаудың негізгі түрін құрайтын барлық дәрістік, тәжірибелік және өздік жұмыс тапсырмаларын орындау міндетті болып табылады.
Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысатын болсаңыз, барлық сабақтарға дайындықпен және белсенді қатысып отырсаңыз, барлық тапсырманы уақытында және сапалы орындап отыратын болсаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей жоғарғы ұпай жинайсыз.
Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті босатулар магистрантты тәжірибелік және өз бетімен жұмыстар кешенін орындамауынан босатпайды. Осындай жағдайда оқытушының кеңес беру уақытымен сәйкес магистранттың жеке тапсырмалары бойынша қайта тапсыруына мүмкіндігі бар.
Дербес компьютермен жұмыстардан алынған практикалық дағдылар пән бойынша өз бетімен жұмысты орындау дұрыстылығымен бағаланады.
Барлық аудиторлық уақыттар дәрістік сабақтарға, практикалық жұмыстарға бөлінеді. Әр сабаққа дайындық және барлық материалдарды оқу міндетті. Сіздің дайындықтарыңыз ауызша сұраулармен, бақылау жұмыстарымен және межелік бақылаулар тестілері мен тапсырмаларымен тексеріледі.
Өздік жұмысы өз нұсқаңызға сәйкес орындалуы қажет, әйтпесе жұмыс есептелінбейді. Тапсырма нұсқаларын оқытушы тағайындайды.
Барлық тапсырмалар уақытында орындалып, тапсырылуы қажет. Кешіктірілген тапсырмалар төмен бағаланады. Бақылау жұмыстарын кез келгенін көшіруге және емтиханда көшіруге тыйым салынады.
Егер бақылау шараларын өткізу уақытында қандай да бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда оқытушының кеңес беру кестесімен қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз болады.
Семестрде екі межелік бақылау қарастырылған. Межелік бақылауға ағымдағы үлгерімі бойынша балл жинаған студенттер жіберіледі. Межелік бақылау сәйкес блоктың материалдарына сай жүргізіледі. Ағымдағы үлгерім және межелік бақылаудың нәтижесі бойынша пән бойынша магистранттың рейтингісі анықталады:
Р1(2)=АҮ1(2)*0,5+МБ1(2)*0,5, мұндағы АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау.
Егер магистрант межелік бақылау тапсырмаса немесе 50 балдан төмен балл жинаса, онда рейтинг шығарылмайды.
Оқу жоспарында пән бойынша емтихан қарастырылғандықтан студенттің жіберу рейтингісі (ЖР) мынаған тең:
ЖР=(Р1+Р2)/2
мұндағы: Р1 – 1-рейтинг, Р2 – 2-рейтинг.
Пән бойынша қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
Қ=ЖР*0,6+Е*0,4
мұндағы: ЖР – жіберу рейтингі, Е – емтиханда алынған ұпайлар саны
Емтихан екі кезеңде (тест және практикалық жұмыстар) өтеді.
11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1. Грекул В. И., Денищенко Г. Н., Коровкина Н. Л.. Проектирование информационных систем : учебное пособие. – 2-е изд. испр. – М.: Интернет-Университет Информационных технологий; БИНОМ. Лаборатория знаний, 2008. – 300 с. : ил. – (Серия «Основы информационных технологий»).
2. Вендров А. М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. – М.: Финансы и статистика, 2000.
3. Калянов Г.Н. Структурный системный анализ. – М.: Лори, 1996.
4. Стандарты ISO/IEC 12207: 1995.
Қосымша
5. Козленко Л. Проектирование информационных систем. – М.: КомпьютерПресс, № 9, 2001.
6. Балдин К.В., Уткин В.Б. Информатика. Учебник для вузов. – М.: Проект, 2003. – 304 с.
Достарыңызбен бөлісу: |