Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №
153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22
сәуірде № 20449 болып тіркелді
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
тармағына
1. Қоса беріліп отырған Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің
ерекшеліктерін айқындау
бекітілсін.
қағидалары
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі
және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
2020 жылғы " " ____________
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 153 Бұйрықпен
бекітілген
Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін
айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін
айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 12-бабының
сәйкес әзірленді және тиісті типтегі
2-тармағына
және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып,
педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін айқындау тәртібін
белгілейді.
2-тарау. Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің
ерекшеліктерін айқындау тәртібі
2. Жұмыс уақытының тәртіптемесін және демалыс күндерін беруді қамтитын
педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі білім беру ұйымының
қызмет режимін (білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың
белгілі бір уақыт, маусым ішінде болуы, оқу сабақтарының, ауысымдылығы және басқа
да білім беру ұйымы қызметінің ерекшеліктері ескерілетін жұмыс кестесі) ескере
отырып айқындалады.
3. Педагогтердің жұмыс уақыты атқаратын лауазымына, сондай-ақ білім беру
ұйымдарының типі мен түріне қарай: оқу (оқытушылық), тәрбие жұмысын, білім
алушылармен жеке жұмысты, лауазымдық міндеттерімен және (немесе) оқу-тәрбие
жұмысының жоспарларымен көзделген ғылыми, шығармашылық және зерттеу
жұмысын қамтиды.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес педагогтер үшін жұмыс
уақытының қалыпты ұзақтығына байланысты жұмыс уақыты белгіленеді.
5. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
сәйкес білім беру
70-бабына
ұйымдарының басшылары мен педагогтері арасында жазбаша келісім бойынша толық
емес жұмыс уақыты белгіленеді.
Білім беру ұйымының басшысы жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы (балалары)
бар ата-ананың біреуінің (бала асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша толық
емес жұмыс уақытын белгілейді.
6. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу жұмыскер үшін
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда,
келісімдерде белгіленген жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын,
еңбек өтілін есептеуде және еңбек саласындағы басқа да құқықтарын шектеуге әкеп
соқтырмайды.
7. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті демалысқа сәйкес
келмейтін жазғы каникул уақыты білім беру ұйымдарының педагогтері үшін жұмыс
уақыты болып табылады.
8. Педагогтерге оқу жылы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істеген кезеңі үшін жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысы беріледі.
9. Кезекті еңбек демалысы және заңнамада көзделген басқа да демалыс түрлері
еңбек заңнамасына сәйкес педагогтердің жеке өтініштері негізінде беріледі.
10. Білім беру ұйымдарында типтері мен түрлеріне қарай педагогтердің нақты
жүктемесін, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу кестесін және қолда бар
материалдық-техникалық, кадрлық ресурстарды ескере отырып, бес күндік немесе алты
күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
11. Бес күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін педагогтер үшін оқу-тәрбие
жұмысының жоспарын, оқу кестесін ескере отырып демалыс күндері сенбі және
жексенбі болып табылады.
Алты күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс істейтін педагогтер үшін оқу-тәрбие
жұмысының жоспарын, оқу кестесін ескере отырып демалыс күндері жексенбі болып
табылады.
12. Каникул уақытында алты күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін
педагогтерге оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу кестесін ескере отырып, екі
демалыс күнімен - сенбі, жексенбі бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
13. Педагогтер үшін демалыс және жұмыс істемейтін мереке күндері білім беру
ұйымдарының типтері мен түрлеріне байланысты оқу жүктемесі мен оқу сабақтарының
ауысымдық кестесі ескеріле отырып белгіленеді.
Білім алушылардың тәулік бойы болуы және белгілі бір уақыт, маусым ішінде
болуы көзделген білім беру ұйымдарының педагогтері үшін білім беру ұйымдарының
типтері мен түрлеріне, оқу сабақтарының ауысымдылығына және жұмыс кестесіне
байланысты кемінде 12 сағат көлемде ауысымаралық демалыс беруді ескере отырып,
жұмыс уақыты белгіленеді.
14. Педагогтер үшін оқу (сабақтар) арасындағы үзіліс кезінде білім алушылармен
бір мезгілде демалыс және тамақтану уақыты Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі
қағидаларымен айқындалады.
15. Төтенше жағдайлар режимі туындаған кезде педагогтің жұмыс уақыты мен
демалыс уақытының режимі төтенше жағдайлар режимін регламенттейтін нормативтік
құқықтық актілерге сәйкес айқындалады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |