Туристік сапар бойынша
жадынама
Österreichische Botschaft Astana, Kosmonavtov Strasse 62, 9. Stock, Mikrodistrikt Chubary, 010000 Astana
Tel: (+7/7172) 97 78 69, (+7/7172) 97 78 78, (+7/7172) 97 78 79, Fax: (+7/7172) 97 78 50
E-Mail:
astana-ob(at)bmeia.gv.at
Қажетті құжаттар тізімі:
1.
Неміс немесе ағылшын тілдерінде (латын әріптерімен) толтырылған және өтініш
берушінің қолы қойылған өтініш - сауалнама .
2.
Төлқұжатқа арналған екі жаңа түрлі түсті
фотосурет
(көлемі 3,5 х 4,5 см.).
3.
Шетелге шығу төлқұжаты
(қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолдану мерзімі
аяқталған соң 3 айдан кейін аяқталатын, кемінде 2 бос беті бар және соңғы 10 жыл
ішінде рәсімделген болуы тиіс).
4.
Өз бетімен сапарға шығатын кәмелетке толмағандар үшін: ата-анасының/
қамқоршысының нотариалды куәландырылған келісім - өтініші
!
5.
Қажет болған жағдайда: Еңбек қатынастарының ұзақтығы, лауазымы, жалақысы,
демалыс уақыты көрсетілген жұмыс орнынан НЕМЕСЕ оқу орнынан алынған
анықтама НЕМЕСЕ
зейнеткерлікті растайтын құжат.
6.
Қаржылық мүмкіндікті
растайтын құжат (мысалы, банк шотынан үзінді, банктің
растау құжаты және т.б.). Қолда бар ақша есепке алынбайды. Австрияға сапарға
қажетті қаражаттың жеткіліктілігін дәлелдеу мүмкіндігі жоқ болған жағдайда
австриялық серіктестен – қабылдайтын туристік агенттіктің (Incoming)
электрондық
кепілдігі (elektronische Verpflichtungserklärung (EVE)
қажет.
7.
Орналасу орнын / қонақ үй бронын растау
8.
Медициналық сақтандыру полисі
(
минималды сақтандыру сомасы - 30 000
евро, сапар мерзіміне және барлық Шенген аймағына жарамды. Шенген аймағында
бірнеше рет болу барысында тек бірінші сапар кезеңіне жарамды).
9.
Көлік түрін растайтын құжат
(мысалы, бару және қайту билетінің броны);
Ескерту:
Жекеленген жағдайларда ұшу билетінің сатып алынғандығын растау талап етілуі мүмкін!
10.
Шетелге шығу құжатының жеке деректер көрсетілген беті мен Шенген визасы бар
беттерінің көшірмесі.
11.
Консулдық алым қолма-қол ақшамен (теңгемен (Елшілікте белгіленген бағам
бойынша) немесе евромен) төленеді.
Барлық құжаттардың
түпнұсқаларын және олардың неміс немесе ағылшын тіліне
аудармаларын
визаға өтініш беруші жеке өзі келіп тапсырады.
Елшілік жекеленген жағдайларда қосымша құжаттарды сұрату немесе сұхбаттасуға шақыру құқығын өзіне
қалдырады.
Ұлттық паспорттар, төлқұжаттар, Қазақстанда тұруға рұқсат қағаз, дипломатиялық және қызметтік құжаттар,
сондай-ақ туу туралы куәліктер жеке сәйкестендіру нөмірімен (ИИН) қоса ұсынылуы керек.
Өтініш жоспарланған сапардан кемінде 10 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.
Консулдық алым визаға байланысты барлық ресми актілерді рәсімдеуге қажетті бірден бір төлем болып
табылатынына назар аудару сұралады. Өтініш – сауалнамалар тегін беріледі. Виза берілмеген жағдайда
консулдық алымның төленген сомасы қайтарылмайды.
Берілген виза белгіленген елге кіруге толық кепілдік бермейді. Егер шекарадан өту кезінде елге кіргізуден бас
тартуға негіздер пайда болса, онда виза күшінің жойылуы және кіруге тыйым салынуы мүмкін.