Өмірдің қиын жағдайына түскен әрбір
жанға оған демеу болатын тірек қажет.
Мұндай тірек, әсіресе даму жағдайындағы
ерекшеліктері бар жарымжан мүгедектер
үшін маңызды. Бұл кісілердің кейбірі өздеріне
тіреуді - бірі жақын адамдары мен қоршаған
ортасынан тапса, екіншілері тіреуді әртүрлі
ақпараттар мен құқықтық білімділігін
арттыру жолымен табады, басқалары үшін
тірек көзі бойына жинаған қорқынышынан
арылу үшін, өз үрейін жеңіп от басынан
аулаға, жұрт көзіне, көшеге қорықпай шығу
үшін қажет. Кез келген жағдайда адам өзінің
мәселесімен оңаша қалып, шарасыздыққа
түспеуі
қажет.
Жинақта
дамуында
ерекшеліктері бар адамдарға дұрыс шешім
қабылдауға, серіктес табуға және өзіне тірек
көзін табуға көмектесетін материалдар
жинақталған.
Осы жинақты қазақ тіліне аударғандары үшін біздің қызметтестеріміз әрі
әріптестеріміз
Жакешбаев Нұржан мен Жүсіп Сағатқа ризашылығымызды
білдіреміз.
3
Мазмұны
Сарапшылар пікірі
4
Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенция және Қазақстан
Республикасындағы психикалық денсаулық саласындағы жағдай.
Бақыт Түменова
6
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: психикалық денсаулық және адамның
қадір-қасиеті
11
Психикалық денсаулық. Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымының деректемелері
14
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мүгедектік деген не?
Вениамин Алаев
19
Қазақстан Республикасындағы психикалық денсаулық қызметін реформалау
туралы қысқаша ақпарат. Сағат Алтынбеков
29
Пайда болу себептері, психикалық бұзылыстары бар адамдарды емдеу және
оңалтудың ерекшеліктері жайлы. Ирина Ленская
32
Психикалық бұзылыстар туралы жалпы мәліметтер. Александр Ким
36
«Менің ұлым - өмірдегі басты ұстазым». Дана Мигалёва
41
Ескі жүйеге инвестиция жасауды доғарыңыздар. Дана Мигалёва
45
«Мемлекеттің қамқорындағы және «қабілетсіз» статусына ие тұлғаларға қатысты
заңнама қайта қаралуы тиіс». К.Кужагариева
49
«Кеңес» әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы
53
Өмірді жақсылық арқылы өзгертеміз «РУХ» қоғамдық бірлестігі
62
«Мен ешқашанда өз ұлым үшін ұялмаймын!» Т.Куанышева
67
Мен емес қой мұндай болған. Олар сондай. Біз барлығымыз әртүрліміз
С.Карасева
70
Психикалық денсаулықтың бұзылуы жайлы жақындарына қалай айтуға болады.
Анна Саук
73
Шизофрениясы бар жоғарыфункционалды адамның күнделігі. Элин Сакс
76
Шизофрения ауруымен ауыратын науқастың туыстарымен жақын достары нені
білуі қажет
81
ТУЫСТАРЫ МЕН ДОСТАРЫНА КӨМЕКТЕСЕТІН АЛТЫ КЕҢЕС
82
Аурудың асқынуы кезеңінде туысыңызбен қалай қарым-қатынас құру керек
84
4
ТІРЕК КӨЗІ
Көмекке мұқтаж мүгедек жандарға арналған материалдар жинағы
Н.А. Негай
Республикалық психиатрия, психотерапия және
наркология ғылыми-практикалық орталығының
бас директоры
Психикалық аурулардың ерекшеліктерінің бірі – оның
медициналық (дәрігерлік) емес, әлеуметтік негізге сүйенетіндігі.
Кез келген психикалық, әсіресе мүгедек болуға апаратын
ауытқулар өз ортасына науқастың тек өзін ғана емес, сонымен
бірге оның отбасын да көптеген факторлар арқылы тәуелділікке
алып барады: дәрігердің біліктілігі, мемлекет ұстанымы, қоғамдық
пікір және т.б. жолдармен. КСРО заманында, біршама уақытқа дейін тәуелсіз Қазақстанда да рухани
ауыратын пациенттерге қамқоршылдық (патерналистік) тәсілдің басым болуы қалыптасқан болатын.
Бұл тәсіл бойынша дәрігерлердің сөзі шешуші болып келді. Қазіргі уақытта бұл теориялық көзқарас
сапалық тұрғыда өзгерді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция секілді жетекші «психиатриялық» ірі
мемлекеттерде психиатр, пациент және оның отбасы арасындағы серіктестік қарым-қатынас белсенді
дамып, бекуде. Науқас пен оның отбасының және терапевтің екеуінің арасындағы қарым-қатынаста
тиімді ем алу, оның үстіне психикалық ауруды толығымен жеңіп шығу пациенттің және оның отбасының
қатысуынсыз мүмкін емес екені дәлелденген және күмән туғызбайды.
Алайда, бұндай серіктестік тараптардың теңдігін, тең мағыналылығын ғана меңзейді, сондықтан елімізде
халықтың өз денсаулығына деген азаматтық жауапкершілігін ғана емес, сонымен бірге денсаулығына
деген құқығын сезінудің іргетасы болып табылатын медициналық (қолжетімді деңгейде) құқықтық
сауаттылығын арттыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.
Бұл бағыттағы ақпараттардың тобықтай түйіні ретінде осы жинақ, егер отбасының бір мүшесі
психикалық дертке душар болған кезде қажетті болатын нормативтік-құқықтық, медициналық және
ақпараттық жағдайлар туындаған жағдайларда сенімді көмекші бола алады деген ойдамыз.
Басылымда әртүрлі мамандық иелерінен ақпарат ұсынылған. Оларды бір нәрсе біріктіреді – олар рухани
науқас азаматтардың бетпе-бет келетін оқиғалары мен проблемаларына немқұрайлы қарамайды.
Сондықтан адамдарға психикалық аурудың «үкім» емес екенін және оны емдеу барлық кезде мүмкін бол-
маса да, оның (аурудың) «өмір сүруге кедергі келтірмейтіндей» әрекет етуге болатындығы дәлелденген
пайымдауларды адамдарға жеткізу - аталған кітаптың шешетін міндеттерінің бірі болып табылады.
Ол үшін өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп бойынша барынша ерік, күш-жігер жұмсау қажет.
Өзара көмек көрсету топтарын және қоғамдық бірлестіктерді құру қажет. Солардың құрамында болып,
сондай-ақ мамандармен біріге отырып, өз ауруының салдарын жеңіп қана қоймай, сонымен бірге
басқа да мұқтаж жандарға тиімді қолдау көрсетуге болады. Ауру, дәрі-дәрмек туралы көбірек білуге,
мамандарға сұрақтар қойып, оларға түсінікті жауап беруді талап етуге ұмтылу қажет, заң бойынша ненің
тиесілі және мемлекет тарапынан ненің кепілдендірілгенін және өз қажеттіліктерін қай кезде қатты
айту керектігін білу қажет. Авиценаның науқасқа айтқан: «Біз үшеуміз: сен, мен және ауру. Сен қай жаққа
шықсаң, сол жақ жеңеді» деген сөздерін ұмытпау керек.
Бұл жинақтың психикалық аурулары бар азаматтардың проблемаларына арналған отандық әдебиеттің
«ақпараттық тапшылығының» орнын толтыратынына, ал осындай басылымдардың шығарылуы үздіксіз
және еліміздің барлық азаматтары тарапынан сұранысқа ие болатынына сенемін.