|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты9сынып нейрондар түрлері Тақырыбы: Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. §22. Нейрондардың түрлері мен қызметі, синапс пен медиатор. Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 9.1.7.1 - жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату; Сабақтың мақсаты: Жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнатады; ОЖЖ - жүйке клеткалардың немесе нейрондардың жиынтығы. Нейрон. Мөлшері 3 тен 130 мкм. Нейрондардың құрылысы: 1. Денесі (сома). 2. Өсінділері Аксон дендриттер
ОЖЖ құрылысы.
Нейрон денелерінің жиынтығы сұр зат құрайды, өсінділердің жиынтығы ақ зат.
Жасуша элементінің әр бөлігінің қызметі: Нейрон денесінде орналасқан әртүрлі органеллалар осы жасушаның іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Нейрон мембранасының бетінде көптеген синапстар ораналасады. Солар арқылы басқа нейрондардан келген серпіністер қабылданады. Аксон (ұзын өсіндісі) – жүйке серпіністерді нейрон денесінен перифериямен басқа нейрондарға өткізеді. Дендриттер (қысқа, көп тармақты) – жүйке серпіністерді нейрон денесіне өткізеді. Дендрит ұштарында тітіркендіргіштерді қабылдайтын құрылымдар – рецепторлар орналасады. 1. Тармақтардың санына қарай : - униполярлы – бір өсінді - биполярлы – бір аксон және бір дендрит - мультиполярлы – бірнеше дентриттер мен бір аксон 2. Атқаратын қызметіне қарай: - афференттік немесе рецепторлық - (рецепторларда пайда болған қозуларды орталыққа (ОЖЖ) жеткізеді. - аралық нейрондар – афференттік және эфференттік нейрондарды байланыстырады. - эфференттік – серпіністерді орталықтан шеткі ағзаларға жеткізеді. ВЖЖ нейрондары мен мотонейрондарға бөлінеді. - қоздырушы - тежеуші
НЕЙРОН ТҮРЛЕРІ
Түсіну сұрақтары - https://learningapps.org/display?v=pjbvojinc22
Нейроглия Нейроглия нейрондар аралығын толтырады. Жасушаларды глиондар деп атайды. Глиондардың түрлері: 1.Астроциттер: - гематоэнцефальдық кедергі жасауға қатысады
- медиаторлардың резорбциясы
- иммундық реакция
2. Олигогендроциттер: 2. Олигогендроциттер: - Миелинді қабатын жасауға қатысады
- Фагоцитоз
3. Микроглиальды клеткалар: - Фагоцитоз
4. Эпендималы глия - Ликвор (ОЖЖ цероброспиналды сұйықтық) түзуіне қатысады
- Гематоэнцефальдық кедергі
Жүйке талшығының құрылысы I. Миелинсіз талшықтар бойымен қозу тегіс таралады. II. Миелинді талшықтар бойымен қозу секірмелі, яғни сальтаторлы таралады. С и н а п с Синапс – бұл қозуды (немесе серпіністі) жүйке талшықтарынан бұлшықетке немесе жүйке жасушасына өткізетін құрылымдық ұласу. Синапс құрылымы: 1. Пресинапстық мембрана; 2. Синапстық саңылау; 3. Постсинапстық мембрана. Рецепторлар: холинорецепторлар (М және Н холинорецепторлар, адренорецепторлар – альфа, бета) Медиаторлар Ацетилхолин, норадреналин, гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), глицин, гистамин, серотонин, дофамин. Ацетилхолин қозуды жүйке клеткалардан ОЖЖ-ға өткізеді, симпатикалық жүйке жүйесінің преганглийлік талшықтарынан қозуды гангийлерге өткізеді.Парасимпатикалық жүйке жүйесімен қозуды эффекторға өткізеді, қозғалтқыш жүйкелерден эффекторлық нейрондарға өткізеді. Норадреналин қозуды симпатикалық жүйке талшықтардың постганглийлерінен эффекторға өткізеді. Медиаторлардың екі түрі болады: Қоздырғыш медиаторлар-ацетилхолин, адреналин, серотонин, дофамин. Тежегіш медиаторлар-ГАМҚ, глицин, аланин. СИНАПСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ: 1. Орналасуына байланысты: - аксо-аксонды - аксо-дендритті - дендро-дендритті - аксо-сомалық
- ет жүйкелік
2. Әсер ету механизміне байланысты: қоздырушы тежеуші. 3. Ақпаратты өткізу түріне байланысты: - электрлік - химиялық - аралас Видео - https://youtu.be/WxTR1nGjBrI
Тапсырма - 1.(а) Берілген нейронның құрылымдарын шаршылардың ішіне жазыңыз.
- (б) Әр құрылымның атқаратын қызметіне сәйкес қалай бейімделгенін түсіндіріңі
Тапсырма: «Менен – сұрақ, сендерден-жылдам жауап» - а) Жүйке жасушасы-
- ә) Нейронның ұзын өсіндісі -
- б) Нейронның қысқа өсіндісі-
- в) Орталық жүйке жүйесіне жатады-
- г) Қабылдаушы жүйке ұштары-
- д) Жауап қайтару деген мағынаны білдіреді-
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|