Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Е. Литвиноваға Өскемен қаласы білім беру бөлімінің



жүктеу 337,44 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі337,44 Kb.
#14403
түріБағдарламасы



Өскемен қаласының

экономика және

бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы

Е. Литвиноваға

Өскемен қаласы білім беру бөлімінің

2016 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде атқарылған жұмысы туралы

ақпарат
Өскемен қаласы білім беру бөлімі мен ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыруға бағытталған.

Білім беру жүйесін қаржыландыру

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ 2016 жылдың 10 айында 9 801 653, 4 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген, аталған кезеңде игерілген қаражат сомасы 9 797 942,9 мың теңгені немесе 99,9% құрады, игерілмеген қаражат сомасы 3 710,5 мың теңгені құрады.

Соның ішінде бағдарламалар бойынша:

1) 464.001.011. «Білім саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша, жоспарланған 5 109,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 4 923,3 мың теңгені немесе 96,3 % құрады, игерілмеген қаражат сомасы 185,7 мың теңгені құрады;

2) 464.001.015. «Білім саласында жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтер. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» жоспарланған 22 098,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 22 090,6 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 7,4 мың теңгені құрады;

3) 464.003.011. «Жалпы білім беру. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 1 591 800,8 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 1 590 742,8 мың теңгені немесе 99,9% құрады, игерілмеген қаражат сомасы 1  058,0 мың теңге;

4) 464.003.015. «Жалпы білім беру. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 4 352 654,2 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 4 350 980,5 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 1 673,7 мың теңгені құрады;

5) 464.005.011 «Ауданның (облыстық маңызы бар қала) мемлекеттік білім беру мекемелеріне оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 91 931,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 91 930,9 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 0,1 мың теңгені құрады;

6) 464.005.015 «Ауданның (облыстық маңызы бар қала) мемлекеттік білім беру мекемелеріне оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша 161 182,8 мың теңге соманың игерілген қаражат сомасы 161 181,8 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 1,0 мың теңгені құрады;

7) 464.006.011. «Балаларға қосымша білім беру. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 154 440,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 154 440,0 мың теңгені немесе 100% құрады;

8) 464.006.015. «Балаларға қосымша білім беру. Жергілікті бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 407 264,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 407 263,0 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 1,0 мың теңгені құрады;

9) 464.009.011. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 352 665,9 мың теңгенің, игерілген қаражат сомасы 352 646,9 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 19,0 мың теңгені құрады;

10) 464.009.015. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 573 754,3 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 573 712,2 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 42,1 мың теңгені құрады;

11) 464.015.015. «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) ұстау үшін қамқоршыларына (қорғаншыларына) ай сайын ақшалай қаражат төлеу. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 83 256,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 83 191,6 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 64,4 мың теңгені құрады;

12) 464.022.015. «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алған қазақстандық азаматтарға бір жолғы ақшалай қаражат төлеу» бағдарламасы бойынша жоспарланған 3 341,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 3 340,6 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 0,4 мың теңгені құрады;

13) 464.029.011 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарын зерттеу және тұрғындарға психологиялық-медико-педагогикалық консультативтік көмек көрсету. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 4 163,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 4 163,0 мың теңгені немесе 100% құрады;

14) 464.029.015 «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарын зерттеу және тұрғындарға психологиялық-медико-педагогикалық консультативтік көмек көрсету. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 18 429,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 18 427,5 мың теңге немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 1,5 мың теңгені құрады;

15) 464.030.011 «Патронаттық тәрбиешілерге тапсырылған баланы (балаларды) ұстау. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 961,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 949,7 мың теңгені немесе 98,8%, игерілмеген қаражат сомасы 11,3 мың теңгені құрады;

16) 464.030.015 «Патронаттық тәрбиешілерге тапсырылған баланы (балаларды) ұстау. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 6 229,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 5 846,9 мың теңгені немесе 93,8%, игерілмеген қаражат сомасы 382,1 мың теңгені құрады;

17) 464.040.011. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру. Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 1 775 416,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 1 775 176,7 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 239,3 мың теңгені құрады;

18) 464.040.015. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 7 079,0 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 7 077,7 мың теңгені немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 1,3 мың теңгені құрады;

19) 464.067.015 «Ведомствоға қарасты мекемелер мен ұйымдарды күрделі жөндеу. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен» бағдарламасы бойынша жоспарланған 189 879,4 мың теңгенің игерілген қаражат сомасы 189 856,8 мың теңге немесе 99,9%, игерілмеген қаражат сомасы 22,6 мың теңге.

Материалдық-техникалық база

2016 жылы материалдық техникалық базаны нығайту үшін 216 201,3 мың теңге сомасында қаражат бөлінген (2015 жылы - 81 955,0 мың теңге), олар: пән кабинеттерін сатып алуға 68 954,0 мың теңге (2015 жылы - 63 475,0 мың теңге), бейне бақылау құрылғыларын орнатуға 23 748,9 мың теңге, интерактивті тақталар сатып алуға 3 660,0 мың теңге, 2 автобус (Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 42 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 46 орта мектебі» КММ) сатып алуға 17 420,0 мың теңге, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК су жылытатын қазандық сатып алуға 496,6 мың теңге, Өскемен қаласы әкімдігінің "Ахмер орта мектебі" КММ су жылытатын қазандық сатып алуға 2910,0 мың теңге, (Өскемен қаласы әкімдігінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» мектеп-балабақша кешені» КММ 1150 мың теңге, № 6,15,26,32,37,38,42 ом ) 6506,9 мың теңге, көтергіш және су ішетін фонтанчик сатып алуға (№ 15 орта мектебіне) 4149,0 мың теңге, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 18 орта мектебі» КММ шатырын күрделі жөндеу үшін 41 532,0 мың теңге, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 103 шипажайлық балабақша-бөбекжайы» КММ шатырын қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу жүргізуге 23 293,0 мың теңге, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ново-Троицкое негізгі орта мектебі» КММ дизельді генератор сатып алуға 3400,0 мың теңге, «Ново-Троицкое негізгі орта мектебі» КММ сұйық отынмен жанатын қосымша қазандық сатып алуға 955,0 мың теңге, «№ 7 «Радуга» балабақша-бөбекжайы» КМҚК екі кір жуатын машина мен кептіргіш барабан сатып алуға 760,0 мың теңге, (№ 4, 39, 45 орта мектептеріне) күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге 600,0 мың теңге, «№ 102 балабақша-бөбекжайы» КМҚК ас әзірлеу қазандығын сатып алуға 642,4 мың теңге, «№ 17 «Ручеек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК мұздатқыш камера сатып алуға 140,0 мың теңге, «№ 15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК кір жуғыш машина сатып алуға 1 095 мың теңге, «№ 15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК кір жуатын машина сатып алуға 995,0 мың теңге, (№ 1, 3, 9, 30, 36, Меновное мектептеріне) пандустар сатып алуға 5 951,8 мың теңге, мемлекеттік рәміздер сатып алуға 4 887,0 мың теңге, «Жас техниктер станциясы» КММ робототехника сатып алуға 1565,7 мың теңге, «Крупская атындағы толық емес жалпы орта білім беретін мектеп-интернаты» КММ кір жуатын машина сатып алуға 1389,0 мың теңге, оқулықтар мен ОӘК сатып алуға 257 508,8 мың теңге.



Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Өскемен қаласында 2 ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 84 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. Олардың 51 балабақша: 31 мемлекеттік, 17 жеке балабақшалар, 32 шағын орталық. 2016 жылдың қыркүйегінде қамту 14731 баланы құрады (балабақшаларда 12446, шағын орталықтарда - 2285). 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 97,4 % және 3 - 6 жастағы балаларды қамту – 99,9 % құрады.

2016 жылдың наурыз айында «Азамат» балабақшасында 100 қосымша орын ашылды, сәуір айында Қазақстан к, 122/а мекенжайында 140 орындық «Шығыс-Балдырған» балабақшасы ашылды, 1 маусымда Миллер, 22 мекенжайында 25 орындық «Айжан» үйдегі балабақшасы ашылды.

Қыркүйек айында:

– Молдағұлова к, 19 мекенжайында 50 орындық «Құлыншақ» үйдегі б/б ашылды;

– Багаев к, 14а мекенжайында 32 орындық «Сәуле-Жан» үйдегі б/б ашылды;

– Қалдаяқов к, 33 мекенжайында 50 орындық «Дайана» үйдегі б/б ашылды;

Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында жеке балабақшаларда 3735 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды.



Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі проблемалар:

- отырғызатын орындардың жетіспеуі, соның салдарынан балабақшалардағы топтар тығыз толықтырылған. Мектепке дейінгі білім алуға кезектілік 4004 адамды құрайды;

- балабақшалар мен шағын орталықтарда білікті кадрлардың тапшылығы: балабақшалардағы әдіскерлердің 35 % мектепке дейінгі білімдері жоқ; тәрбиешілердің 34 % арнайы орта білімдері бар; тәрбиешілердің 44% санаттары жоқ.

Шешу жолдары:

- семинарлар, консультациялар, қайта даярлау курстарын өткізу арқылы педагог кадрларды кәсіби өсіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізу;

- 2016-2020 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекемелер желісін дамыту жоспары жасалған, онда Сәтпаев д, 29 мекенжайында 420 орындық балабақшаны қайтару және меморандум бойынша (АЕС компаниясы) 140 орындық балабақша салу. Барлығы 560 орын.



Жалпы орта білім беру

Өскемен қаласының білім беру ұйымдар желісіне 108 ұйым кіреді:

49 жалпы білім беретін мектеп - 45 күндізгі мектеп (оның 31 шағын орталықтар, 1 мектепте кешкі сыныптар бар), түзету колонияларында 2 кешкі мектеп, 2 жеке мектеп;

50 мектепке дейінгі ұйымдар – 4 түзеу (№ 61, 62, «Алтын дән», № 14 кешен), 1 шипажайлық (№ 103), 26 мемлекеттік және 14 жеке (қалаға қарасты), 2 жеке және 3 мемлекеттік (облысқа қарасты);

14 қосымша білім беру ұйымы.

2016-2017 оқу жылының басында Өскемен қаласының 45 мектептеріндегі 1 - 11 сынып оқушыларының құрамы 33489 құрады (өткен оқу жылының басында 30833 оқушы), психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сыныптарды қоса есептегенде. Өткен оқу жылымен салыстарғанда балалар құрамы 2656 оқушыға артқан. Тамыз айында мектепке дейінгі жастағы балалар саны (балабақшалар мен шағын орталықтарда) 21046 құрады.

2015-2016 оқу жылында білім беру ұйымдарының желісі 3 бірлікке артты - «№ 46 орта мектебі» КММ (жобалық қуаты – 1000 оқушы орны), бұл ЖМК ауданындағы қазақ тілінде оқытатын мектептер мен МЖС негізінде ашылған 2 балабақшадағы балалар санын азайтуға мүмкіндік берді: «Ертаң» (Стахановская к, 5 - 100 орын), «Шығыс балдырған» (Қазақстан к, 122 А – 140 орын).

2016-2017 оқу жылында білім беру ұйымдар желісі 1 бірлікке артты - «№ 34 мектеп-лицей» КММ облыстан қаланың қарамағына ауысты және 25 орындық 1 «Айжан» жеке балабақшасы, қыркүйекте «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 75 орындық «Құлыншақ» балабақшасын ашу жоспарланған.

Бірінші сыныптарда 2015-2016 оқу жылының басымен салыстырғанда балалар құрамы 538 оқушыға азайып, 4263 оқушыны құрады, алайда 2-ші, 3-ші және 4-ші сыныптарда балалар саны артқан және сол себепті 1 - 4 сыныптардағы балалар құрамы 1457 балаға артқан және 16412 құрады (2015 жылы - 14955).

Қазақ тілінде оқуға мұқтаж балалар санының артуына байланысты 2015-2016 оқу жылынан бастап № 19 мектеп аралас мектеп мәртебесіне ауысты, қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылды. 2016-2017 оқу жылында № 8 мектепте қазақ тілінде оқытатын сыныптар ашылды. Мектептер желісінде қазақ тілінде оқытатын 9 мектеп бар (2014-2015 жылы – 8 мектеп), 19 аралас мектеп (2014-2015 жылы – 17 мектеп), 17 орыс тілінде оқытатын мектеп (2014-2015 жылы – 18 мектеп). 2016-2017 оқу жылында 14107 оқушы қазақ тілінде оқытылады (2015-2016 жылы - 12784). Орыс тілінде – 19382 (2015-2016 жылы – 18049).

«Қашықтықтан және бейінді оқыту мектебі-ресурстық орталығы» КММ «Оқу-өндірістік комбинаты» болып қайта атанды, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 10-11 бейінді сыныптар ашылды. «Ново-Троицкое орта мектебі» КММ және «№ 14 орта мектебі» КММ өз мәртебелерін негізгі орта білім беру мектебіне ауыстырды, санының аз болуына байланысты 10 және 11 сыныптар жабылды.

2016-2017 оқу жылында «№ 15 орта мектебі» КММ кешкі сырттай оқитын сыныптар «Оқу-өндірістік комбинаты» КММ ауыстырылды.

10 мектепте № 5, 8, 9, 19, 20, 22, 26, 37, 42 және Крупская атындағы мектеп-интернатта сыныптар ашылған, онда жылдың басында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасалған – 51 (өткен жылы 47 сынып), 482 (өткен жылы 446 бала). 2015-2016 оқу жылының соңында № 61, 62, «Алтын дән», 96 түзету «мектеп-балабақша кешендері» қайта құрылды, оның 3 түзету балабақшалары болып табылады (қажеттіліктері ерекше мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту үшін) және 1 (№ 96) мектепке дейінгі жастағы барлық балаларға арналған балабақша болып табылады.

Түзету колониялары жанындағы 2 кешкі мектепте оқу жылының басында 227 оқушы (2015-2016 жылы – 202 оқушы).

2 жеке мектепте оқу жылының басында оқушылар саны 321 құрады, өткен оқу жылының басымен салыстырғанда балалар саны 16 оқушыға азайған.

Осылайша, 2016-2017 оқу жылының басында қалаға қарасты білім беру ұйымдарының желісі 108 құрады (49 мектеп, 45 балабақша (облыстық 5 қоспағанда), 14 қосымша білім беру ұйымы).

Қалада ҰБТ нәтижелерінің оңды динамикасын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүйесі қалыптасқан. Орташа балл 2013 жылы 80,57 баллдан 2016 жылы 86,6 баллға артты.

1-6 маусым аралығында Өскемен қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілді. 865 түлек ҰБТ қатысты, бұл 67,1% құрайды (2015 оқу жылы – 65%). Денсаулықтары бойынша босатылды – 116 түлек (8,9%), 2015 жылы 141 түлек босатылды немесе 9,9%.

№ 3, 4, 10, 15, 19, 38, 39, 44 мектептерінің 13 түлегі (2015 жылы -26, 2014 жылы – 19) халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылды. Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 308 түлегі емтихан тапсырудың дәстүрлі түрін таңдады немесе 23,8 % (2015 жылы -359 түлек немесе 25,3%).

Қала бойынша орташа балл 86,6 құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 0,6 баллға жоғары. Соңғы 3 жылда орташа баллдың артқаны байқалады.

Ең жоғарғы орташа балл «№ 44 мектеп-лицейі» КММ - 116,8 (2015 жылы да 44 мектеп болған 110,46 баллмен).

ҰБТ нәтижесі бойынша ең үздік он мектептің қатарына 2016 жылы № 44 мектеп-лицей (директоры Түменбаев Т.Қ.), № 46 орта мектебі (директоры Ауғанбаева Г.Б.), № 43 мектеп-лицей (Шаянбаева Ж.А), № 3 мектеп-гимназия (Әкітбаев Е.Т.), № 45 мектеп (Тлеукенов О.Р.), № 1 мектеп (Исанова Р.Ж.), № 35 мектеп (Таймова А.М.), № 11 мектеп-лицей (Никифорова Г.А.), № 38 мектеп-гимназия (директордың м.а. Саакян Е.А.), «Бриг» жеке мектебі (директоры Буханцева Г.Б.) кірді. ҰБТ нәтижелері бойынша жыл сайын ең үздік он мектептің қатарына № 1, 3, 11, 35, 44, 43, 45 кіреді.

Межелі деңгейден жоғары білім (50 балл) 5 пән бойынша 841 оқушыда (97,2%), 2015 жылы - 867 (94,5), 2014 жылы - 951 (94,5 %).

250 түлек немесе 29% (2015 - 297 оқушы (32,4%) 100 және одан да жоғары балл алды, 2014 жылы - 253 оқушы ( 25%)).

№ 3 және 44 мектептерінің 2 түлегі ең жоғарғы орташа 124 балл алды.

36 түлек жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алды.

№ 1 ,3 ,10, 11 ,16, 38, 43, 44 мектептерінің оқушылары жыл сайын өз білімдерін растайды. Бұлар 5 сыныптан 11 сыныпқа дейін барлық пәндерден жыл бойы үздік баға алған балалар.

20 оқушы үздік аттестат алды (2015 жыыл – 16).



Оқушыларға тамақтандыру ұйымдастыру

45 жалпы білім беретін мектептің, соның ішінде 4 ауыл мектебінің 44-де ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған, бұл 97,7% құрайды.

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ново-Троицкое орта мектебі» КММ қажетті технологиялық және мұздатқыш құралдармен жабдықталған үлгілік асханасы бар, ауыз судың болмауына байланысты ыстық тамақтандыру ұйымдастырылмаған.

Оқушылардың 99,8% ыстық тамақпен қамтылған. Әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар қатарынан шыққан балалар 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан балаларға қаржылық және материалдық көмек көрсету мақсатында 1-11 сыныптардың 4067 оқушысы жаппай оқыту қорының қаражаты есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (оқушылардың жеке санаттары – жетім-балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, күнкөрісі төмен отбасыларының балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар - ПДТ).

2016 жылы жаппай оқыту қорынан тегін тамақтандыруға 145.036.0 мың теңге бөлінген (2015 жылы 127.004.0 мың теңге).

Қаланың 43 мектебінде асханалар жеке кәсіпкерлерге тапсырылған.

Медициналық қызметкерлер, кейде мектеп әкімшілігі мен ата-аналар тамақтану сапасына үнемі бақылау жүргізіп отырады,. Сатып алынған азық-түліктің сапасына, тағам әзірлеу технологиясына, мұздатқыш және технологиялық жабдықтардың жұмысына азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімі мен жағдайына мониторинг өткізіліп тұрады.



Балаларға тамақтандыру ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер:- Сумен жабдықтау жүйесінің болмауына байланысты Ново-Троицкое ауылының мектебінде ыстық тамақ ұйымдастырылмаған.
Қамқоршылық және қорғаншылық, балалар құқықтарын қорғау

Өскемен қаласы білім беру бөліміндегі қамқоршылық және қорғаншылық органында бүгінгі таңда қамқоршылықта (қорғаншылықта) және патронаттық тәрбиелеуде болып табылатын 456 бала (444 – қамқорлықта, 12 – патронатта) есепте тұрады.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 456 баланың 311 баласы «тұрғындардың әлеуметтік осал санатынан шыққан және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеңілдікпен баспана алу үшін есепке қойылды, 74 баланың жеке меншік құқығында баспаналары бар. 2015 жылы қамқорлықтағы 4 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алды.

2012 жылғы 30 наурыздағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы ұстауға қамқоршысына немесе қорғаншысына жәрдемақы төлеу мөлшерін тағайындау ережесіне сәйкес Өскемен қаласының білім беру бөліміндегі қамқоршылық және қорғаншылық органы 2016 жылдың қаңтар айынан бастап әр балаға 21210 теңге мөлшерінде жәрдемақы төлейді. Білім беру бөлімі әр айдың 15 күнінен кешіктірмей қамқоршылардың есеп-шоттарына ақшалай қаражат аударады. Қамқоршылық және қорғаншылық органы қамқоршылардың жазбаша есептері негізінде жылына 2 рет ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы ұстауға төленетін жәрдемақының жұмсалуын бақылайды.

2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 патронаттық тәрбиешілерге тапсырылған баланы ұстауға бөлінген ақшалай қаражаттың төленуін жүзеге асыру Ережесі негізінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап Өскемен қаласының білім беру бөлімі патронаттық тәрбиешілерге 21210 теңге (жиырма бір мың екі жүз он) теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындап төлеу жүргізеді, барлығы 12 бала.

Бүгінгі таңда қамқорлықтағы 456 баланың 390 жәрдемақы алады. 54 қамқорлықтағы бала алмайды: біреуі Тарбағатай ауданында, 1 - Ресейде, 22 баланың қамқоршылары басынан бастап жәрдемақы алудан бас тартты, 30 қамқоршы 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында жәрдемақыдан бас тартты, себебі ата-аналары өз еріктерімен балаларын қамқорлыққа тапсырған және бөлек тұрады, бірақ оларды ұстау және тәрбиелеуге қатысады.

2016 жылдың қаңтар-шілде аралығында 36 бала қамқорлыққа тапсырылған, 32 балаға бала құқықтарын қорғау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдарға анықтау туралы қаулы шығарылған, 39 баланы асырап алған.

Инклюзивті білім беру

Өскемен қаласы бойынша 0 ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі барлық балалар саны 4363 құрайды; олардың ішінде 94 есту қабілеті бұзылған, 519 көру қабілеті бұзылған, 317 тірек-қозғалтқыш аппаратында бұзушылықтары бар, 917 сөйлеу қабілеті бұзылған, 1774 психикалық дамуы тежелген, 523 ақыл-ойы кем; 128 эмоционалдық-ерік жігері бұзылған балалар.

Барлығы 840 мүгедек бала тіркелген. 2016-17 оқу жылы денсаулық жағдайлары бойынша 106 адам үйден оқытуға бағытталды, оның 68 мүгедек балалар.

482 оқушы жалпы білім беретін мектептердің жанынан ашылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптарда білім алады.

2016-17 оқу жылында 1105 бала түзете-дамыту арқылы тәрбиелеу және оқытумен қамтылды. Кедергісіз орта құру үшін 18 білім беру ұйымдарда пандустар орнатылған. Пандустер орнатуға 58 774 мың теңге қажет.

Проблемалар:

- мүмкіндігі шектеулі балалар санының үнемі артуы, бұл инклюзивті білім беру көрсеткішін төмендету себептерінің бірі болып табылады;



- қажеттіліктері ерекше балалар кезектілігінің артуына байланысты түзету білім беру мекемелеріндегі топтардың аса тығыз болуы;

- мемлекеттік тілде оқытатын мемлекеттік түзету мекемелерінің жетіспеуі;

- қаржы тапшылығына байланысты қажеттіліктері ерекше балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің семинарлар және біліктілікті арттыру курстарына нашар қатысулары;

- мектептер мен түзету мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға арналған заманауи құрал-жабдықтардың болмауы.

Әдістемелік жұмыс бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту, білім беру үрдісін жетілдіру жалғыстырылуда: ағымдағы оқу жылында «№ 39 орта мектебі» КММ базасында жаңа МЖББС апробациялау өткізілді. 219 бастауыш сынып және 58 орыс тілі, 262 қазақ тілі мұғалімдері білім беру мазмұнын жаңарту бойынша қайта даярлау курсынан өтті. Маусым айынан бастап 166 бейнелеу өнері және музыка мұғалімдері қайта даярлау курсынан өтетін болады.

Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды балалармен жұмыста табысқа қол жеткізудің негізгі критерийі олардың әр деңгейдегі пәндік конкурстар мен олимпиадалардағы қол жеткізген нәтижелері болып табылады.

Экономика бойынша облыстық олимпиадада № 43 мектеп-гимназияның (1 орын) және «Бриг» ж/м (3 орын) оқушылары жеңімпаздар атанды.

9-11 оқушылары арасында өткізілген Республикалық ҒПК № 3 (4), 4 (1), 10 (1), 16 (1), 19 (1), 44 (2), 45 (1) мектептері Өскемен қаласы командасының намысын қорғады. Барлық ҒПК қатысушылар жеңімпаз атанды. Жарыстар нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық I орынды иеленіп, «2016 жылғы республикалық ғылыми жобалар байқауының үздік командасы» сертификатымен марапатталды.

2016 жылдың 30 қаңтар күні «Нұр – Орда» Халықаралық мектебінің базасында 7-11 оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» қалалық олимпиадасының VIII республикалық туры өткізілді. Олимпиадаға қаланың 30 мектебі қатысты. 155 оқушы өтініш білдірді, 148 оқушы қатысты. 56 оқушы олимпиада жеңімпазы атанды. 10 оқушы - I дәрежелі дипломмен, 20 оқушы - II дәрежелі дипломмен, 26 оқушы - III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2016 жылдың наурыз айында Щучинск қаласындағы «Балдаурен» республикалық сауықтыру орталығында балалар зерттеу жұмыстарының және шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауы өткізілді. Қаланың № 20, 22 мектептерінің 3-7 сынып оқушыларынан 2 оқушы және «Нұрорда» мектеп-лицейінен 2 оқушы қатысты. Аталған оқушылар «Зерде» республикалық ҒПК жүлдегерлері атанды.

Нақты ғылымдарды зерделеуге ынталандыру мақсатында қала оқушылары математика, физика, химия және биология бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға тартылды. 2016 жылы жаңа үлгідегі мектептердің 7 сынып оқушылары алғаш рет қатысты. 10 оқушы аталмыш олимпиаданың жеңімпаздары болды.

Наурыз айында Өскемен қаласының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты. Республикалық олимпиадаға қаладан 10 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5 оқушы жеңімпаз атанды: 2 дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Ауданбекова Аружан – № 38 МГ 11 сынып оқушысы және ол Алматы менеджмент университетінің грант иегері болды, № 10 МГ (неміс тілі) 3 дәрежелі (1) және № 12 мг – 2 оқушы 3 дәрежелі диплом жеңімпазы атанды. Оқушыларды жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаларға дайындауға ерекше көңіл бөлу қажет. Оған дәлел республикалық турға Өскемен қаласының мектептерінен тек 1 ғана оқушының қатысуы (1) № 11 мг. Гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада қорытындысы бойынша қала командасы 1 орын алды және «2016 жылдың үздік олимпиада командасы» атағын алды.

Алғаш рет бастауыш буын оқушыларына арналған барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша интеллектуалдық марафон өткізілді. Өскемен қаласының командасы 20 қатысушылан құралды (№ 3, 10, 11,35,43,44). Команда «2016 жылғы ең дарынды команда» номинациясын жеңіп алды.

Жалпы қала мектептерінің облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын талдау тұрақты оңды динамиканы көрсетті. Интеллектуалдық байқауларға қатысу үлесі 73% құрайды және нәтижелік 64%.



Мектептер және қосымша білім беру жүйесінде тұлғаны тәрбиелеу және әлеметтендіру

Балалар дарындылығын дамытумен мектептермен бірге 14 қосымша білім беру ұйымдар желісі шұғылданады: БММ, БКМ, БӨМ, ЖТС, Экобиоорталық.

Мектептерде 569 пәндік үйірмелер мен қызығушылықтары бойынша үйірмелер қызмет етеді, онда қала мектептерінің 16599 оқушылары, 241 спорт секцияларында 5515 оқушы қамтылған, БЖСМ мен спорт түрлері бойынша федерацияларда 5007 бала шұғылданады. Көркем, музыкалық, техникалық және ғылыми шығармашылықпен қамтылған мектеп жасындағы балалар үлесі 72% құрайды, ал спорт секцияларында қамту – 28%. Одан басқа қазақ тілінде оқитын балаларды қамту 7505 баланы (34%), орыс тілінде оқитын балаларды қамту 14445 баланы (65%) құрайды. Қала мектептерінде қазақ тілінде оқитын 12767 баланың білім алатынын ескерсек, қазақ тілінде оқытатын қосымша топтар, үйірмелер және секциялар ашу қажеттілігі туындайды.

55 спорт залдар балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді, оның 5 ауылды жерде, 21 бейімделген ғимараттарда (спорттық бағыттағы), 64 спорт алаңы, жасанды жабындылы 30 футбол алаңы, 13 стандартты хоккей қорапшалары және 5 жасанды жабындылы хоккей қорапшалары (№ 8, 18, 32 мектептер). № 11, 24 мектептерінің базасында хоккей модулі қызмет етеді. Қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің санын арттыру үшін қала мектептерінде 2015-2016 оқу жылы шайбалы хоккейден 14 спорт секциясы ұйымдастырылған, онда 598 оқушы қамтылған. Қаланың білім беру мекемелерінде барлығы 48 хоккей қораптары және жасанды жабындылы спорт алаңдары жабдықталған.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуда 14 спорт түрі бойынша өткізілетін және 7000 адамды қамтитын мектеп оқушыларының «Жастар» Спартакиадасы сияқты кешенді іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді. Өскемен қаласының командасы мектеп оқушыларының облыстық қысқы спартакиадасында бірінші орын алды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша біздің оқушыларда 72 халықаралық, 172 республикалық, 393 облыстық, 777 қалалық жарыстардан 72 медаль бар, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 227 жүлделі орынға артық.

Жас техниктер станциясында 700 балалар мен жасөспірімдер 17 үйірмеде техникалық шығармашылықпен шұғылданады. Оқу-зерттеу экобиоорталығының 16 үйірмесінде – 620 оқушы экологиялық және табиғаттану білімдерін алуда.

№ 1 балалар музыка мектебінде 660 оқушы келесі бағыттар бойынша шұғылданады: фортепиано, керілмелі-қылмен, үрмелі аспаптар, қазақ халық аспаптар, орыс халық аспаптар, эстрадалық.

Балалар көркемөнер мектебінің басты мақсаты балаларға көркем-эстетикалық тәрбие беру, оларға бейнелеу өнерінің негіздерін үйрету, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру болып табылады. Оқу бағдарламасына сәйкес Балалар көркемөнер мектебінің 290 тәрбиешісіне сурет, қылқалам, композиция, станоктық және сәндік-қолданбалы мүсін, өнерлердің тарихы сияқты пәндер оқытылады.

Оқушылар шығармашылық сарайында 2610 оқушы жеті бағыт бойынша шұғылданады: әлеуметтік-педагогикалық, «Личность» дамыту студиясы, кадрлық резерв мектебі, «Лидер» активтер мектебі, педагогикалық жасақ, балаларды ерте дамытуға арналған студия.

Балалар өнер мектептері жалпы білім беретін мектептерде орналасқан, оларға да шағын аудандар бойынша мектептер бекітілген, бұл әсіресе қаланың шалғай аудандарындағы оқушыларды көбірек қамтуға ықпал етеді. Балалар өнер мектептеріндегі 60 үйірмелер мен студияларда 7282 оқушы шұғылданады.

«Жiгер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігіне 40 балалар-жасөспірімдер клубтары және Бұқтырма су қоймасындағы 2 жазғы сауықтыру лагерь кіреді. Балалар мен жасөспірімдерді жалпы қамту 3480 баланы құрайды. Балалар-жасөспірімдер клубтарының негізгі міндеті мекенжайлары бойынша мәдени-бұқаралық жұмыстар жүйесін дамыту, пайдалы бос уақыт қызметін ұйымдастыру, қиын өмірлік жағдайда болып табылатын балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

«Жiгер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі қоғамдық ұйымдар және кәсіпорындармен серіктестік орнатады. Аулалық клубтардың отбасылар және қоғаммен өзара қарым-қатынас орнату сияқты жұмыс түрлерін жүзеге асырады.

Отбасын және балалықты қолдау орталығы отбасыларына заңгерлік және психологиялық көмек көрсетеді, есепте тұратын жасөспірімдермен тренингтік сабақтар ұйымдастырады. Тәулік бойғы сенім телефонының жұмысы қызмет етеді, ол заңгерлік және консультациялық көмек береді. Жұмыстың ерекше бағыты құқықтық жаппай оқыту сабақтарын жүргізу болып табылады. Орталықта сәтсіз отбасыларына арналған әлеуметтік патронаж ұйымдастырылған.

Білім беру бөлімі оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, білім беру ұйымдарына бекітілген полиция инспекторларымен бірге сабаққа бармайтын балалар мен жасөспірімдерді дер кезінде анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Әрбір мектепте әлеуметтік-психологиялық қызмет желісі қалыптастырылған, оның жұмысына педагогтар, психологтар, директордың әлеуметтік жұмысқа жетекшілік ететін тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, ата-аналар қауымының өкілдері, полиция инспекторлары және медициналық қызметкерлер тартылған. Қаланың білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі 41 полиция инспекторлары бекітілген.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы, бейәлеуметтік көріністердің алдын алу, жасөспірімдер ортасында зиянды әдеттерді тарату, мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдарлау жұмыстар, демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің қамтылуын ұйымдастыру мәселесі өзекті болып табылады.

Қамқоршылық кеңестері мен Алдын алу кеңестерінің жұмысы арқылы ата-аналардың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға ықпал ету аясын кеңейту бойынша мақсатты жұмыстар жалғастырылуда.

114 ата-аналар бірлестіктерінен тұратын құрылым құрылған, олар наурыз айында ата-аналар қауымының «Жауапты ата-ана – баланың қауіпсіздігі мен табыстылығының кепілі» атты қалалық Форумның жұмысына қатысты. Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің 700 ата-аналарынан басқа форумның жұмысына барлық білім беру ұйымдарының директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, педагог-психологтар қатысты.

Биылғы жылы білім беру бөлімі «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына – 25 нақты іс» жобаларын іске қосты, олардың мазмұны білім беру үрдісінің нәтижелерін арттыруға, оқу орнын басқару технологиясын жетілдіруге бағытталған. «Ашық мемлекеттік орган» жобасын жүзеге асыру білім беру бөлімінде Ата-аналар қауымы кеңесін және балалар бірлестіктерінің Көшбасшылар кеңесін құруға ықпал етті.

Қала мектептеріндегі ата-аналар комитеттерінің ең белсенді өкілдері Шығыс Қазақстан облысының Әкелер кеңесі мен Ата-аналар қауымы кеңесінің құрамына кірді.

2016 жылдың 29 наурызында Отбасын және балалықты қолдау орталығында әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл іс-шара балалар мен жасөспірімдердің белсенді азаматтық ұстанымдарын, балалар мен ересектердің «Балаға мейірімді қала» бастамасы, сондай-ақ «Болашақ біздің қолымызда» қалалық жобасы аясында әлеуметтік-маңызды жобаларды әзірлеу бойынша бірлескен белсенді қызметін дамытуға бағытталған. Қалалық Форумда көрсетілуге ұсынылған ең үздік жобалар:

– «Ардагер жанымызда тұрады» жобасы, авторы–Яковлев Иван және Раисов Ильяс, № 15 ом;

– «Болашақтың энергиясына балама көзқарас» жобасы, авторы–Мұхамедқалиев Сұлтан, № 24 ом;

– «Біздің арманымыздың саябағы» жобасы, авторы–Глинский Иван, Шатров Роман, Чиркова Екатерина, № 27 ом;

– «Демалыс күнінің рекреациялық іс-шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету», авторы - Охрименко Татьяна, Охрименко Арина, «Жас техниктер станциясы» КМҚК;



– «Тату отбасы» жобасы, авторы - Прибыток Кирилл, Наурызбаев Тимур, Еремеева Софья, № 23 ом.

2016-17 оқу жылында қосымша білім беруді ұйымдастыру проблемалар қатарын шешуге бағытталған:

- қазақ тілінде оқытатын қосымша білім беру ұйымдар желісін арттыру;

- «қиын» оқушыларды қосымша білім беру қызметтермен қамтуды қамтамасыз ету;

- педагогтың кәсіби деңгейін және соңғы нәтиже негізінде пәнді оқыту сапасын арттыру;

- қосымша білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын және инфрақұрылымын жақсарту.

Бұқаралық спортты дамытудағы проблемалар:

- дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін спорт залдардың жетіспеушілігі;

- шаңғы тебуге арналған құралдардың жоқтығы (шаңғы, ботинка, таяқ), хоккей жабдықтары, бұл қысқы спорт түрлерін дамытуға әсер етеді;

- қала командасының облыстық жарыстарға қатысу үшін қаржының жоқтығы.

Тәрбие саласындағы проблемалар:

- ата-аналар қауымымен отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі;

Білім беру бөлімі мен қала мектептері әлі де болса жұмыс жасауды қажет ететін проблемалар бар:

- «тәуекел тобының» балаларын бос уақыт қызметтермен толық қамту проблемасы;

- қоғамдық ықпал ету институттар арқылы (жұмыс орны, ЖӨӨБК, ПИК, жастар еріктілер орталығы) ата-аналардың балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру;

- облыстық спорттық, мәдение-бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырылмай өткізілуі, оған қатысу үшін балалар сабақ босатады, бұл оқыту және тәрбиелеу нәтижелігін, балалардың жауапкершілігін төмендетеді; Жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және қамтылуларын ұйымдастыру.

Балалар мен жасөспірімдерді демалыс, сауықтыру, қамту және туризмнің әр түрлі формаларымен қамту бойынша кешенді шаралар қабылданды. 1 - 10 сыныптардың 30091 оқушысын қамту жоспарланған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3004 балаға артық. 2016 жылы осы мақсаттарға қалалық бюджеттен 25 139,0 мың теңге бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 18 358,0 мың теңгеге кем.

Биылғы жылы 5104 бала сауықтырумен қамтылатын болады, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған санатынан шыққан 3927 бала, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3173 кем.

Өскемен қаласы әкімдігінің екі ведомствоға қарасты «Жігер» және «Алые паруса» лагерлерінде 390 бала тегін жолдама бойынша сауықытырлатын болады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 220 кем.

2016 жылдың шілде айында 2 оқушы (күнкөрісі төмен және қамқорлықтағы) Чезенатико (Италия) қаласындағы халықаралық лагерге барды. 2016 жылдың жаз маусымында қала сыртындағы және спорттық лагерлерде барлығы 7507 балалар мен жасөспірімдер сауықтырылды.

Қаланың 38 білім беру ұйымында мектеп жанындағы лагерлер ашу жоспарланған, онда күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларынан 2069 оқушы және ақылы қызмет есебінен 1415 оқушы тегін жолдамамен қамтылатын болады.

2016 жылдың жаз мерзімінде 13148 оқушы жұмыспен қамтылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3735 артық. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұратын жасөспірімдер мен мектепішілік есепте тұратын оқушыларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға және тұрғындардың әлеуметтік осал қатарынан шаққын балаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаланың оқу орындарымен, құрылысшылар Ассоциациясымен, студенттер құрылыс жасақтарының штабымен бірлесіп жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Жазда 841 оқушыны жұмысқа орналастыру жоспарланған, олардың 26 – «тәуекел тобынан».



Одан басқа, жаз кезінде мектеп аумағын абаттандыру, көгалдандыру және безендіру бойынша жыл сайынғы жалпы қалалық «Гүлденген аула» жобасын жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Білім беру бөлімінің «Гүлденген аула» байқауына педагогтардың басшылығымен 2953 оқушы қатысады, оның 54 әр түрлі есепте тұратын оқушылар.

2400 мың бала маусым айында «Жаз - 2016» жазғы спартакиадасының салтанатты ашылуына қатысады. Мектеп стадиондарында және жасанды жабындылы спорт алаңдарында 12 спорттық іс-шара өткізу жоспарланған.

Оқушылар шығармашылық сарайы жаз маусымында 3 инновациялық жоба: «Изумрудный город», «Тропа испытаний», «АРТ-площадка» өткізетін болады, қамту 358 жасөспірім.

2016 жылы балалардың жазғы демалысын және қамтылуларын ұйымдастыру бойынша жобалар жалғасатын болады. «Туған өлкеден Қазақстанның қасиетті жерлеріне» жобасы аясында балалар Шығыс Қазақстан облысының тарихи және туристік жерлеріне саяхат жасайтын болады: Еңлік Кебек мемориалы, Қозы Көрпеш және Баян Сұлу мазары, Абай, Семей жерлеріне, Таулы Үлбі ауылы маңындағы «Палеонтологиялық ертегі – көне ағзалардың тас мүсіндері», Сағыр ауылы маңындағы «Ақбаур табиғи-тарихи ескерткішіне» және «Жоғары Ертістегі қола дәуіріндегі жартастағы суреттері» экскурсиялар, Алғабас ауылындағы Аблайкит тарихи ескерткішіне, Достоевскийдің мұражайына, Курчатов ұлттық ядролық орталығына, Семей қаласындағы Жидебай, Шілікті және Берел қорғандарына, қамту 2925 оқушы.

2016 жылдың жазында «Атамекен» республикалық туристік-өлкетану экспедициясына қатысу жоспарланған. Аталған жоба аясында 280 астам оқушылар «Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалалары арасында оқушылар топтарын алмастыру» бағдарламасына қатысады. 5 күн ішінде Семей, Курчатов қалаларына, Абай, Катон-Қарағай аудандарына жорықтар жасау арқылы балалар туристік-өлкетану қызметіне тартылатын болады.

Жаз мерзімінде қаланың мектеп оқушыларына арнап мектеп оқушыларын «Көгілдір көлдерге» апарып, бір күн демалту бойынша жыл сайынғы жоба жүзеге асырылатын болады. Аталған демалыс түрімен 1050 баланы қамту жоспарланған.

Маусым айында қала сыртындағы екі ведомствоға қарасты лагерде 390 бала демалды, Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы: Зайсан ауданында, Ұржар ауылындағы «Бәйтерек» және «Ұржарайым» мәдени-сауықтыру орталығында «Қазақ тілін үйренеміз» жазғы тілдік лагерлердің жұмысын ұйымдастырды, қамту 36 оқушы.
Білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз ету және біліктіліктерін арттыру

Өскемен қаласының білім беру ұйымдарында 7369 адам қызмет етеді, педагогтар – 4524, бұл өткен жылмен салыстырғанда 151 адамға немесе 3,3% кем, ол мектептерді оңтайландыру және мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары желісін арттырумен байланысты.

Мектепке дейінгі ұйымдар ашылуына және аталған салада мамандардың жетіспеуіне байланысты осы салаға екінші санаттағы және санатсыз жас педагогтар жұмысқа қабылданған, бұл педагог кадрлардың сапалы құрамын төмендетуге себеп болды. Соның салдарынан жоғары кәсіптік білімі бар жұмыс істейтіндер саны 0,7% төмендеп, 77,4% құрады. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар педагогтар саны 45,1%, 2,2% азайған (2014 жылы – 47,3%), бұл көрсеткіш білім беру қызметін лицензиялау талаптарына сәйкес келеді. Жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен зейнетке шығатын жастағы педагогтар саны 461, олармен 5 жыл ішінде еңбек шартын бұзу жоспарланған.

2016 жылы қаңтар айынан бастап сәуірге дейін 530 педагог біліктілікті арттыру курсынан өтті.



Проблемалар:

- Балалар контингентінің артуына байланысты бастауыш мектепте кадрлардың және шағын орталықтарда тәрбиешілердің, ағылшын, орыс тілі және математика мұғалімдерінің тапшылығы байқалуы мүмкін;

- Мектептерде кадрлардың қартаюы;

Инновациялық қызметтің бағыттары

Білім беру бөлімі «Инновациялық мектептер», «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына – 25 нақты іс» жобаларын енгізу бойынша жұмыс бастады, олардың мазмұны білім беру үрдісі нәтижелерін арттыруға және оқу орнын басқару технологиясын жетілдіруге бағытталған.

Білім беру мазмұнының жаңа элементтерін, оқыту және үйрету тәсілдерін енгізу мақсатында сертификатталған педагогтардың желілік қауымының құрылымы жетілдірілді, сертификатталған директорлар Ассоциациясы өз қызметін бастады. Басшылар мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім жүйесінде инновациялар, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 институционалдық бағдарламасын енгізу үшін халықаралық және республикалық ынтымақтастықты дамыту жоспарланған.

Бастауыш мектепте білім беру мазмұнын жаңарту және білім беру үрдісін жетілдіру жалғастырылуда: ағымдағы жылы жаңа МЖББС апробациялау басталды, оған «№ 39 орта мектебі» КММ қатысады, аталған жобаға 125 бірінші сынып оқушылары қатысады. Сонымен қатар білім беру бөлімінің инновациялық құрылымына қазақ тілінде оқытпайтын мектептердің («№ 24 орта мектебі» КММ) 1-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарын, «№ 32 орта мектебі» КММ негізгі орта білім беру деңгейінің 9 сынып оқушыларына арналған «Ақсүйектік және дінтану негіздері» курсын енгізу бойынша Республикалық жобалар кіреді.

12 ұстаз Республикалық және облыстық конкурстардың, фестивальдар, конференциялар және олимпиадалардың жеңімпаздары атанды.

Білім беруді ақпараттандыру

Мектептер 100% электрондық пошта мен Интернет желісіне қосылған, барлық мектептер «Кателко плюс» оқу теледидарының қызметтерін пайдалану үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Қаланың 43 мектебінде ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қолжетімдік ұйымдастырылған, 2 мектеп Интернет желісіне спутник арқылы қосылған.



«E-learning» жобасы аясында Өскемен қаласының 35 білім беру ұйымдары компьютерлік және кеңсе техникасымен, сонымен қатар желілік жабдықталды. Мектептерде 2652 компьютерлік техника бірлігі бар. Осылайша, компьютерлік техникамен жабдықталу көрсеткіші қазіргі таңда Өскемен қаласының мектептері бойынша бір компьютерге 12 адамды құрайды және облыстық көрсеткіштен 1 артық.

Өскемен қаласының

білім беру бөлімінің басшысы М. Ахметова

жүктеу 337,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная