Осыдан жеті жыл бұрын былай деп хат жазыппын. «Ер-аға! Мына «Бір ауыз сөзді» тағы жіберіп отырмын. Бірінші жазғаным асығыстау болыпты. Бүгін қайта қарасам, Елбасының еңбегін аты-жөнін айтпай-ақ білдіруге болады екен



жүктеу 136,67 Kb.
Дата25.12.2017
өлшемі136,67 Kb.
#5979

1.12.2012 жыл

Парасат биігіндегі Президент
Осыдан жеті жыл бұрын былай деп хат жазыппын. «Ер-аға! Мына «Бір ауыз сөзді» тағы жіберіп отырмын. Бірінші жазғаным асығыстау болыпты. Бүгін қайта қарасам, Елбасының еңбегін аты-жөнін айтпай-ақ білдіруге болады екен. Ұтымдысы да осы сияқты. Қысқартып, түзеткен жерлерім де бар. Қысқасы, газеттің көрнекті жеріне беріп жіберуге әбден болатын сияқты. Көсемәлі, 04. 08. 2005 жыл, Тараз».

  

Сол мақаламды бүгін оқысам, әлі ескірмеген сияқты. Сіздер де оқып көріңіздерші, менің жоғары мәртебелі оқырмандарым!


«Бір ауыз сөз». Өгіз бен білік темір

Арбаны тартатын өгіз. Бірақ шиқылдап, қиналған дыбыс шы­ғаратын білік темір. Бірде білік темірдің аза бойыңды қаза қылатын шиқылына шыдамаған өгіздер: «Неменеге шиқылдай­сыңдар, ауыр жүктің бәрін сүйреп келе жатқан біз ғой» деп күйініпті.

Эзоп мысқылындағы бұл даналық біреудің ақ тер, көк тер боп еңбек ететінін, енді біреулердің ел-жұртқа жақсы атану үшін қиналған кейіп танытатын өтірігін әшкерелейді.

Айналаңа қарап тұрсаң ып-ырас».

Ержұман аға Смайылға рахмет, мақаламның бір сөзін де өз­герт­пей газеттің бірінші бетіне жариялады. Міне, содан бері жеті жыл өте шығыпты. Елбасын сынаушылар, әрине, арбаның білік темірі сияқты шиқылдап, халықтың қамын жеген боп, айғай мен аттанға әлі басуда. Бірақ парасат биігіндегі Президент ондайлардың бай­баламдарына қарамастан Қазақ елін аршынды қадаммен алға сүй­реп келеді.
Бозбала кездің қолтаңбасы

Біздің буынның өкілдері мектепке алпысыншы жылдардың ортасында барды. Сол кезде мектепте «көркем жазу» деген болушы еді. Мұғаліміміз қолтаңбасы маржандай оқушылардың дәптерін жоғары көтеріп, сыныптың бүкіл оқушыларына «міне, осылай жазу керек» деп, үлгі-өнеге ретінде көрсететін.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан жарты ғасыр бұрынғы қолтаңбасын көріп, есіме сол кездегі көркем жазулар түскені.

«Ескерткіш. Қымбатты досым Тұрғанбекке. Шын досың Нұр­сұл­таннан. 26 апрель, 1957 жыл». Нұрсұлтан Әбішұлы досына сый­ла­ған суретінің сыртына елуінші жылдардағы жастардың жарасымды дәстүрімен осылай деп жазыпты. Біздің сыныптың көркем жазудан «бес» алатын озаттары да әріптерін тура осылай өрнектейтін.

Сарғайған суреттің тысындағы Елбасының қолтаңбасын журналистерге Қордай ауданындағы Қасық ауылының тұрғыны Тұрған­бек аға көрсеткен кезінде. Тұрекең елу алтыншы жылы Алматыға оқуға барады. Бірақ жолы болмайды. Сосын бақ талайын Ша­мал­ғандағы құрылыс техникумынан сынайды. Техникумға түскеніне тәубе деген ата-анасы: «Оқасы жоқ, Шамалғанда Әлжан деген әпкең тұрады. Айдапкел атаңның туған қарындасы ғой. Анда-санда сол бауырыңның үйіне барып, сәлем беріп тұр», деп қуанып қалады.

– Әлжан әпкемнің үйі ауылдың төменгі жағында екен. Жездеміз Әбіштің қолынан келмейтіні жоқ, нағыз шаруаның өзі. Үлкен ұлы Нұрсұлтан 9-сыныпта оқиды. Сол кезде-ақ ашуды ақылға жең­діретін ұстамды, алған мақсатына жетпей қоймайтын қайсар, оқы­ғаны мен естігенін санасына жаттап алатын зерек еді. Жанары отты болатын. Ақкөңіл, мейірімді еді. Киген киімінен, сөйлеген сөзінен, жүріс-тұрысынан зиялы адамға тән бір кісілік байқалатын. Көп ұзамай дос болып кеттік. Киноға бірге барамыз. Кітапты бірге оқи­мыз. Көктемгі демалыста Қордайға бірге келдік, – деген Тұрғанбек қария.

Бірақ Тұрекең елу жетінші жылы техникумды тастап, зайыбы Тұ­рар екеуі малға шығып кетеді. Кейін Ырғайты кеңшар-техни­кумын бітіріп, «Талапты» ауылындағы қой фермасының бригадирі болады. Өзі үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденімен, әйелі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен мара­пат­та­лады.

– Содан Нұрекеңмен 1983 жылы бір-ақ кездестім. Қазақстан Ком­партиясы Орталық комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің депутаттығына кандидат ретінде қордайлық сайлаушылармен кездесетін болды да, ол біздің Қасық ауылындағы Мәдениет үйінде өтті. Ол кезде аудан басшысы Өмірбек Байгелди болатын. Кездесу аяқталғаннан кейін Нұрекеңмен жолығып, әңгі­мелесуге мүмкіндік жасады. Мен жас кезіміздегі арамыздан қыл өтпейтін достығымызды айтып, сары майдай сақтап жүрген суретті көрсетіп едім, Нұрекең суреттің сыртындағы қолтаңбасын бірден танып:

– Өзімнің қолым екен ғой, – деп жадырай күлді.

Сексенінші жылдан кейін де талай су ақты. Қазақстан тәуел­сіз­ді­гін жариялады. Тарихи «ақтаңдақтар» қалпына келтірілді. Алаш арыстарының мерейтойлары бірінен кейін бірі мерекеленді. Қазақ елінің жаңа елордасы – Астана бар сән-салтанатымен бой көтерді. Оның бәрінің басы-қасында, әлбетте, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүрді.

Достықтың жібек жібі үзілмейді екен. Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойын мерекелеу салтанатында көне шаһарға келіп халық қуанышын бөліскен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ескі досы Тұрғанбекке қолындағы сағатын шешіп, сыйға тартты. Тұрекең қуаныштан көзіне жас алды. Елу алтының жазында Шамалғанға айдап барған тағдырына алғыс жаудырды.

Бірде Ақордадан Қордайға хат келді. Онда былай деп жазы­лып­ты:

«Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық ауылы Т.Тұрысбаевқа

Құрметті Тұрғанбек Тұрысбаев!

Президент сайлауы қарсаңында бүкіл ауыл болып мені қолдап дауыс беретіндіктеріңді айтып жазған хатыңыз үшін көптен-көп рахмет! Сайлаудың қорытындысы сіздердің сол ықылас-ниеттері­ңіздің растығын дәлелдеді. Халықтың 93 пайызының дауысына ие болыңыз деген тілегіңіз де негізінен сайлаудың қорытынды дерегімен шамалас болып шығып отыр. Дана халқымның көңіліне риза­мын. Бұл – қазақстандықтардың еліміздегі саяси тұрақтылық пен қарқынды экономикалық дамуды қолдайтындығының, осы кезге дейін атқарылған ұлан-асыр істердің қадір-қасиетін бағалайтынды­ғының белгісі.

Мемлекет басшысы үшін өз халқының үміті мен сенімінен шығудан қымбат та, биік те ештеңе болмақ емес. Өз басым осылай түсінемін. Сондықтан барлық күш-жігерімді, білімім мен тәжіри­бемді осы мақсатқа жұмсап еңбектене бермекпін.

Өзіңізге де, ауылдастарыңызға да зор денсаулық, амандық пен игіліктер тілеймін.

 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

2005 жылғы 7 желтоқсан».

Қордай десек, еске Кенен ақын, Ноғайбай би түседі. Асудан шығысқа қарай ассаң Алматы, ал оңға қарай ат тізгінін бір жіберіп алсаң Бішкек және солтүстігі мен оңтүстігін орай шетел апаратын тас жолдар көсіліп жатыр. Осынау жер жәннаты Тұрекең бастаған қордайлықтарға қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағында талай рет атбасын бұрғызған нағашы жұрты болуымен де қымбат.




«Сондайларды неге жазбайсыңдар?!.»

Қай жылы екенін тарихшылар айта жатар, Астанада журна­листердің медиа-құрылтайы болды. Тілшілер қауымына келгенде тілегі бөлек Елбасы да құрылтай қонағы болды. Үзіліс кезінде ақсақал журналистермен амандық-саулық сұрасып, аз-кем сұхбат­тасатын салихалы әдебінен де жаңылған жоқ. Елбасының қара­пайым­дығына журналистер де үйренген. Жасы бар, жасамысы бар еліміздің түкпір-түкпірінен келген журналистер Президенттің емен-жарқын жүзін көріп қаумалап тұра қалды. Құрылтайдың күн тәртібіне сұрақтар да қойылып жатыр.

Кімнің сауалынан туғаны есімде жоқ, әңіме қазақ елінің бірлігі мен тірлігіне көз алартатындар кейбіреулер туралы басталып, көрші елдердегі свастика белгісін тағып көшеге шығатын «ұлтшылдарға», «тақырбастарға» ауысты. Сол кезде Елбасы осыны айтқан журналистке қарата «сондайларды неге жазбайсыңдар?!.» дегені. Сірә, ел мен елді жауластыратын, тіл мен дінге бөлініп, ұлт пен ұлтты өшіктіретін әдепсіз әдет пен дәлдүріш дәстүрді сендер жазбағанда кім жазады деп тұрғандай.

Мен сол кезде қарап тұрмай:

– Алдан Айымбетов ағаның «Казахская правдасы» сияқты ма? – деп қалдым. Жүрексіне айтқан ұсынысымды қалың топтың шуынан Елбасы қағыс жібермепті.

– Бәлкім, жаңа газет ашып, оған редакторлыққа Алдан Айым­бетовті шақыру керек шығар, – деді.

Бұл әңгіме өзім қатты құрмет тұтатын (бірде-бір бума газетін Алматыдағы «Дәуір» баспаханасының жоғары қабатына көтеріп апарып бергенмін), бүгінде марқұм болып кеткен Алдекеңнің құлағына жетті ме, жоқ па, ол жағын білмеймін. Елбасын жақыннан көріп, қолын алу былай тұрсын, ұсыныс айтып, оған жағымды жауап алу бақытына ие болғаныма тәубе деген қуанышпен топ ішінен сытылып шыға беріп едім, белгілі публицист-жазушы Арғынбай Бекбосынов қолымды алып:

– Жақсы айттың, – деді риза болған кездегі жайдары жүзімен.

Әдетте, оппоненттері Нұрсұлтан Әбішұлының сыртынан тон пішіп, анау-мынау деп жатады. Мен сол медиа-құрылтайдан Президент жанын шын түсіну үшін онымен жүздесіп, емен-жарқын әңгі­мелесу керек екен ғой деген ойға біржола бекіп қайттым.
Президентке бас иген… жылан

Еліміздегі ең көне қала Тараздың оңтүстік батысын алып жатқан Қаратау сілемдерінің көшінен қалып қойған бір биік төбе бар. Бұрын етегінде шаруашылық дихандарының қолдан жасаған тоғаны болыпты. Су көздері тартылып қалғаннан кейін осы жасанды тоған кәдеге аспай көп жатты.

Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында сол кездегі облыс әкімі, бүгінгі депутат Серік Үмбетов айналасын биік төбелер қоршаған осы аңғарды атшабарға айналдырды. Іргесіндегі еңселі төбені «игеруді» іскер азамат Ілияс Тортаевқа тапсырды. Сол-ақ екен, ұшар басынан самалы үзілмейтін шоқыдан қазақы үйдің үлгісімен үлкен демалыс кешені салынды. Шаһар тойының шат-шадыман кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен құрметті қонақтар осы ғажайып ордаға келіп аттан түсіп, ел-жұртының дәм-тұзынан ауыз тиді.

Содан бері «хан ордасы» атанып кеткен қара шаңырақ күллі тараздықтың игілігіне айналды. Құдамды күтемін дей ме-ау, өрен-жараныммен барып демаламын дей ме-ау, әйтеуір, Президент түс­тенген қара шаңырақта қалағандарынша думандатып жатқаны. Өзі де хан ордасы десе, дегендей. Бір жағында Алатау, екінші жа­ғын­да Қаратау. Үйдің іргесінде көздері жәудіреп еліктің лақтары тұр.

Бірде «хан ордасының» баспалдақтарымен көтеріліп келе жат­қан кезімізде Тараз қаласының бұрынғы әкімі, бүгінде Шу ауда­нына басшылық жасап жүрген білікті азамат Ілияс Тортаев: «Президент келгенде мына жерде жылан жатқан» деп қалды. Әкімнің «деп қалуы» мұң екен: «Қандай жылан?», «Ол мұнда қайдан келіп жүр?» деген сауалдар қарша борады.

– Мен ол кезде «Жамбылжолқұрылысы» АҚ президентімін. Халық Тараз қаласының екімыңжылдық мерейтойына дайындалып жатқан. Облыстың сол тұстағы әкімі үлкен сенім артып, той өтетін осы биіктен демалыс кешенін сал деген соң нартәуекел деп кірісіп кеткем. Той дүбірі жақындаған сайын жұмыс та қыза түсті. Бір қолды екеу ете алмай жүрген сол қарбалас тұста ешкім күтпеген бір «проблема» пайда болды. Құрылысшылардың айтуынша, биіктегі демалыс кешеніне апаратын баспалдақта бір жылан пайда болыпты. Күніге жатады дейді. Барып көрсем, рас. «Жыланды өлтірме» деген есті жұрттың ұлымыз. Құрылысшыларға «жыланның басына ақ құйып, шығарып салыңдар» дедім. Содан бастап құрылысшылар жұмысқа күн сайын бір айран ала келетін болды. Біреумен бәс­тес­кендей жылан да күнде баспалдақтағы өз орынынан табылады. Кейде оны «тойдырғанша» бір қорап айран бір-ақ кетіп жүрді. «Президент бүгін келеді» деген күні де «сақтық» шараларын жасадық. Бірақ…

Биік төбедегі жаңа кешеннің сәулеті мен сән-салтанатын Елбасына көрсету үшін баспалдақпен жоғары көтеріліп келе жатсақ, әлгі жыланымыз өзінің үйреншікті орнында тағы жатыр. Денемізден мұздай тер бұрқ ете қалды. Таңертең ғана тексергенбіз. Жы­лан­ның өзі тұрмақ, ізі де жоқ болатын. Әкім маған, мен жерге қарай­мын. Абырой болғанда, үрпиіп қалған жұртты Нұрсұлтан Әбішұлы­ның өзі сабырға шақырды.

– Үйдің иесі, елдің киесі болады. Өлтірмей, басына ақ құйып жіберіңдер.

Елбасы осылай деп жылы жымиды да, бөгеліңкіреп қалған топ­ты бастап жоғары қарай көтеріле берді. Демалыс кешеніне Президент келеді деген әңгіме шыққалы бері «жолын тосып» жатқан «фа­наттың» басына тағы да ақ құйып, «әке-көкелеп» шығарып салдық…

– Содан кейін не болды?

– Ештеңе болған жоқ. Той тарқап, Нұрсұлтан Әбішұлы Астанаға аттанып кеткеннен кейін жылан да қимас орнымен қоштасып, көзден ғайып болды.

– Қайтып көрінген жоқ па?



– Жоқ.

Герпетолог-мамандар Қытай, Тибет, Африка, Америка, Тынық мұхит аралдары, Еуропа тұрғындарының жыланды құрмет тұта­ты­нын айтады. Индия мен Бирмада кейбір тайпалар әлі күнге дейін жыландарға табынады екен. Әлбетте, түсінің суықтығына бола жы­ландарды аяусыз қырғандар да болған, тарихта. Дін-исламда Аллаға серік қосуға болмас. Бірақ бір нәрсе ақиқат: өмірде жыландардан да жаман адамдар бар. Саясат одан да сұмдық. Сұмдықтың сорақысы – сатқындық. Сатқындардан барлық пәлекетті күтуге болады. Оты­рардай ордалы шаһарды ойран қылған да осы сатқындық, дейді сақалын саумалаған сақа тарих. Қазір саясат базарында «қан көксеп» жүрген сатқындардың көптігі сонша, таяқ лақтырсаң солардың бастарына сақ ете түседі.



«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Ер Баукең «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» депті. Қазақ қазақ болғалы бері тұңғыш рет өз Президентін өзі сайлады. Тұңғыш рет алыс-жақынмен шекарасын айырып, тәуелсіз мемлекет болды. Тұң­ғыш рет бағаналы ордасы – алтын айдарлы Астанасының жұртын да өз ақылымен таңдады. Барлығының көшбасында, әлбетте, Президент тұр. Ендеше, көш қомы түзелгенше елдегі тәртіп пен бақыттың гаранты да бір Президент болуы керек.

Ежелгі Тараз, кешегі Әулиеата атанған қасиетті жердегі Президентке «бас иген» жылан туралы жұмбақ оқиға да жұртшылықты осы ойға жетелеп тұрғандай…
жүктеу 136,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау