Қорлар есебі Орындаған:Балтабай Қ.Е Тексерген:Тоты Тойлыбек Мазмұны - Қорлар анықтамасы және жіктелуі
- Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндары бойынша бағалау
- Тауарлы материалдық қорлардың сатудың таза құны бойынша бағалау
- Тауарлы материалдық қордың есеп жүйесі
- Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндарын анықтау әдістері
Қорлар бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлықматериалдық қорлар түріндегі активі болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар: шикізат; негізгі материалдар; көмекші материалдар; жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады. Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндары бойынша бағалау Тауарлы материалдық қордың өзіндік құндары бойынша бағалау Қорлардың өзіндік құнына келесі шығындар кіреді: • ТМҚ сатып алуға кеткен шығындар; • өнімді өндіруге кеткен шығындар • өзге де шығындар(тмқ‐ны орналасқан жеріне тасымалдаукезінде немесе оларды тиісті жағдайға келтіру барысында пайда болса ғана өнімнің өзіндік құнына кіреді). Келесі шығындар ТМҚ-ның өндірістік өзіндік құнына кірмейді: • өткізу шығыстары; • əкімшілік шығыстар; • өзге де операциялық шығыстар.
Тауарлы материалдық қорлардың сатудың таза құны бойынша бағалау
Сатудың таза құны бойынша бағалау - қорлар бүлінген, толық немесе ішінара ескірген немесе қорлардың нарықтық құны төмендеген кезде қолданылады. Қорлар- дың өз құнынан төмен жəне таза құнына дейін есептен шығару тəжірибесі сақтық принципіне негізделген:
Активтер немесе кірістер артық бағаланбауы керек, ал міндеттемелер мен шығыстар төмендетілмеуі керек.
Қорларды таза құны бойынша бағалау келесідей əдістермен жүргізілуі мүмкін:
- қорлар бірлігі бойынша (бап бойынша əдіс);
- қорлардың негізгі топтары бойынша;
- қорлардың жалпы көлемі негізінде.
Тауарлы материалдық қордың есеп жүйесі Тауарлы материалдық қордың есеп жүйесі ТМҚ-ды есепке алудың екі жүйесі кезедеседі: - Мерзімдік жүйе
- Үздіксіз жүйе
ТМҚ-дың мерзімдік жүйесінде – жыл бойы ТМҚ-дың талдамалық есебі жүргізілмейді. ТМҚ-дың есебінің үздіксіз жүйесі – бұл жүйені қолданған кезде ТМҚ-дың бастапқы қалдығы келіп түсуі олардың шығыс етілуі, рет ретімен синтетикалық шоттарда көрініс табады. Қорлар бухгалтерлік есепте бағаланатын әдістері Ерекше сәйкестендіру әдетте, өзара бірін-бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар мен тапсырыстарға арналған материалдар бірлігінің өзіндік құнын есептеуді көздейді ФИФО әдісі Есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару Орташа өлшенген құн Ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады
Мысал:
Назарыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |