2 ТАРАУ. ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКА
Геометрикалық оптикадан кейбір мағлұматтар
Жарықтың табиғаты анықталғанға дейін оптиканың негізгі заңдары тағайындалған болатын: біртекті ортада жарықтың түзу сызықты таралу заңы; жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы (тек сызықтық оптикада); жарықтың шағылу заңы; жарықтың сыну заңы.
1. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: жарық оптикалық біртекті ортада түзу сызықты таралады.
2. Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: жеке шоқтың әсері басқа шоқтардың бір мезгілдегі әсерлеріне байланыссыз.
3. Шағылу заңы: шағылған сәуле, түскен сәуле және екі ортаның шекарасына түсірілген перпендикуляр, барлығы бір жазықтықта жатады (2.1.1-сурет). шекарасына түсірілген нормаль (). Нормаль мен түскен сәуле арасындағы бұрыш түсу бұрышы делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |