Нәстілек Сәменбетов Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім (тарихи-шежірелік жинақ) Алматы – 2017 ж «Алғабас – ауылым Малкелді – мекенім»


Малкелді ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарының тізімі



жүктеу 13,67 Mb.
бет15/49
Дата04.12.2017
өлшемі13,67 Mb.
#3122
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49


Малкелді ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарының тізімі

01.04.2013 ж.




Қожалық аты

Қожалық басшысының

аты-жөні


СТН

ИИН

1

Ақжол

Мажрин Секен

511610994232

570819301355

2

Асылан

Таукенов

Ферметай



511610715223

400722300801

3

Әбіл

Тлеубаев

Адил


511610964681

460622300621

4

Бауыржан

Дармурзин

Дукенбай



511610784100

280223301416

5

Береке

Ақтаев

Жақсыкелді



511610252716

520424301091

6

Бірлік

Шайкенов

Жомарт


511611001461

720612301957

7

Кәдіржан

Таукенов

Есентай


511610992478

750917301564

8

Байыс

Рахимов Сыдық

511610714781

371225301129

9

Қарақия

Сихымбаева

Бағи


511610712400

330525400564

10

Самал

Аблахатов

Қабдылмұрат



511610516943

621110301523

11

Қазбек

Шаяхметов

Қабылбек



511610373242




12

Назерке

Ақтаев Жанакелді

511610252428

611113301875

13

Ортабабабаң

Ибраев

Бақыт


511610718377

420709300209

14

Тіршілік

Муқашев Амантай

182020004498




15

Шаяхмет

Шаяхметов

Алибек


511610106573




16

Шолақ өзен

Болысбаев

Төлеутай


511610715803

340804300299

17

Ерасыл

Серикбаев Секей

511610715456

660206301143

18

Әділет

Аяпбергенова

Алтын


511611005222

540307401997

19

Шоқыбас

Қоқаев Асылан

511713235991




20

Үштас

Кожкенов

912205968581




21

Жон

Белдебай

600720031968




22

Жәкен

Жакия А

91211191315




23

Масақбай

Айтқалиев







Малкелді ауылдық

округінің әкімі: Д.Аяпбергенов
Бас маман-хатшы: Р.Берикбосынова

Ұлы отан соғысының ардагерлері
Малкелді ауылынан 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасқандар


  1. Ахметжанов Доскен

1921 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Шұбартау ауданы, «Социал» колхозында еңбек еткен. 1941 жылы соғысқа аттанды. Ол кезде Ахметжанов Доскен 19 жастағы оқушы еді (Баршатас орта мектебінен). Ленинград қаласында соғыста болған. Соғыстан оралмай, хабарсыз кеткен.


  1. Қашымашынов Мақанбай

1921 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозының мүшесі болып еңбек еткен.

1942 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан оралмаған, хабарсыз кеткен. Қайтыс болған, жерленген жері белгісіз.




  1. Қашымашынов Қасыл

1924 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына Семей облысы, Шұбартау аудан, Баршатас орта мектебінде оқушы болып жүргенде 1942 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы аттанған.

1 сәуір 1945 жылы Латвияда Лиев уезінде болған ұрыста қайтыс болып, сол жерде жерленген. Әскери атағы – кіші сержант. Соғыстағы ерлігі үшін «Қызыл Ту» орденімен марапатталған.

Жерленген жеріне немересі Қасымова Гүлмира Жақыпқызы барып анықтаған.


  1. Кержіков Шаяхмет

1900 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. 1932-1938 жылдар аралығында Семей облысы, Шұбартау ауданы «Социал» колхозына мүше болған.

Соғысқа аттанғанға дейін осы колхозда ұста болып істеген.

1941 жылы Ұлы Отан соғысына Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған.

1945 жылы тамыз айында елге аман-есен оралған. «Алғабас» колхозында ұста, құс фермасының бастығы жұмыстарын атқарған.

Бірнеше медальдармен марапатталған. 1978 жылы қайтыс болған. Малкелдіде жерленген.


  1. Қалиев Есенсары

Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында 1906 жылы 5 қаңтарда 9-шы ауылда дүниеге келген.

Алматы облысы, Лепсіде элеваторда жұмыс істеген. 1942 жылы соғысқа алынды. Украинада, Германияда соғыста болды.

1945 жылы оң қолынан және сол аяғынан жарақаттанып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталып, соғыстан оралды.

Соғыстан кейін Лепсі станциясында жұмыс істеген.

1988 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген. Ұрпақтары Малкелді ауылында тұрады.


  1. Ақтаев Нұрқасен

1917 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Бөрлітөбе жерінде жұмыс істеген. 1938 жылы әскер қатарына шақырылған. 1941 жылы соғысқа аттанды. Соғыста Украинада болады.

1943 жылдың басында жамбасынан, қолынан, аяғынан жарақат алып, сол жылы майданнан оралды.

Соғыстан кейін шопан болып жұмыс істеді, Семей облысы, Шұбартау ауданы, Алғабас колхозында. «Ұлы Отан соғысы» орденімен, медальдармен марапатталған.

2001 жылы қайтыс болып, Малгелді ауылында жерленді. Ұрпақтары Малгелді ауылында тұрады.




  1. Түсіпжанов Әскен

1922 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Социал» колхозында еңбек еткен.

1941 жылы Ұлы Отан соғысына әскерге алынған, елге 1945 жылы оралған, Шұбартауда Киров колхозында ауыл кеңес төрағасы, Екпін колхозында, Арқарлы фермасының меңгерушісі, ал 1965 жылдан «Шұбартау» совхозында әртүрлі қызметтерде істеген.

2008 жылы Аягөз қаласында қайтыс болған. Көптеген үкімет наградаларымен марапатталған.


  1. Бақбергенов Жаппарберген

1916 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына Алматы қаласынан 1941 жылы желтоқсан айында аттанған. Соғыста хабарсыз кеткен, жерленген жері белгісіз.


  1. Бақбергенов Мәулімберген

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозында еңбек еткен. 20 қараша, 1941 жылдан Ұлы Отан соғысына қатынасқан, әскер қатарына 1939 жылы күзде шақырылған.

1942 жылы Брест қамалында қайтыс болған, Польшаның Белоситок деген жерінде соғысқан.




  1. Бақбергенов Құрмантай

1922 жылы Семей облысы, Дағанды болысы, №11 ауылда туған. 1936-1940 жылдары «Алғабас» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы 10 тамызда Алматыдан соғысқа аттанды.

1942-1944 жылдар Ленинград, Карелия, 2-3 Украин майданында болды. Әуе десанты, барлаушы болған.

Соғыста алған наградалары: ІІ-ІІІ дәрежелі «Жауынгер Даңқы» Ордені. Отан соғысының 1 дәрежелі ордені. «За взятие Вены», тағы басқа медальдармен марапатталған.

1945 жылы 13 майда соғысты Прага, Братиславада аяқтады.

1949-1981 жылдары Түркістанда асбест шығаратын комбинатында директор болып жұмыс атқарды. Талдықорғанда, Киров, Қапал аудандарында және Семей облысы, Таскескен ауылында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1982 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы бірлестігінің Орталық кеңесінің мүшесі. Алматы қаласында тұрады.




  1. Кәріпбаев Шайкен

1907 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. КПСС мүшесі. Соғысқа дейінгі «Алғабас» колхозының төрағасы. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды. 1945 жылы соғыстан оралды. Қатардағы жауынгер. Совет заманындағы колхоз өндірісінің ұйымдастырушысы.

1987 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген. Ұрпақтары Малкелді ауылында тұрады.




  1. Төрегелдин Тобықбай

1908 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. 1917 жылы Ұлы Октябрь Социалистік революциясына дейін Қойгелді деген байдың жалшысы болды. Революциядан кейін Совет үкіметінің алғашқы құрылу дәуірінде, одан кейін колхозға бірігу кезінде белді белсенді болған. Жаңадан біріккен «Коммунартельге» басқа жерден, Монғолияға дейін барып, мал айдап келушілерге басшылық жасаған. Колхозға мал өсіріп бергендерге үлгі көрсетіп «Ударник» болыпты.

1941 жылға дейін «Социал» колхозының мүшесі болып келген. 1941 жылы Отанымызды қорғауға Германия фашистеріне қарсы соғысқа аттанған. Украина, Белоруссия майданында болды. 1943 жылы соғыста қаза тапты.




  1. Кенжебаев Шыныбек

1914 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Шұбартау болысында туған. КПСС мүшесі. 1941 жылы Алматы әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Соғысқа кетпей тұрып «Лениншіл жас» газетінің тілшісі болған. Әскери шені – лейтенант. 233 дала бригадасы.

1943 жылы 8 қарашада қаза тапқан. Қайтыс болған жерін анықтаған баласы Божанов Мелия Шыныбекұлы.




  1. Қожасбаев Омарбек

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Шұбартау болысында туған. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Соғысқа кетпей тұрып «Алғабас» колхозының мүшесі болған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз.


  1. Қасымбеков Сымақия

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозы комсомол ұйымының секретары болған. 1941 жылы Аягөз комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз. Ұрпақтары белгісіз.


  1. Құрақбаев Жеделбек

1904 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды. Соғысқа кетпей тұрып «Тельман» колхозының мүшесі болған. Атқыш жауынгер. Соғыста Эстонияда болған. 1945 жылы соғыста қаза тапқан.


  1. Мұсаханов Қалимолда

1917 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. КПСС мүшесі. Шұбартау аудандық жер бөлімінде қызмет атқарған. 1941 жылы 19 қазанда Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. 101 жеке бригадада атқыш жауынгер болған.


  1. Мырсейітов Нұртөлеу

1904 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына Семей облысы, Шұбартау ауданынан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Соғысқа кетпей тұрып «Тельман» колхозының мүшесі болған.

Қатардағы жауынгер. 1944 жылы қыркүйек айында соғыста қаза тапқан.

Қайтыс болған жері белгісіз. Ұрпақтары белгісіз.


  1. Мұсағалиев Қабылғазы

1913 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін «Тельман» колхозының мүшесі. Семей облысы, Шұбартау ауданынан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз. Хабарсыз кеткен.


  1. Найманқұлов Уатқан

1894 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Алғабас» мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз. Ұрпақтары Алматыда тұрады.


  1. Мақатаев Ақан

1923 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Шұбартау болысында дүниеге келген. КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозында мұғалім болып қызмет істеген. 1941 жылы 19 тамызда Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1944 жылы қыркүйек айында соғыста қайтыс болған. Жерленген жері белгісіз.


  1. Омарбеков Қалибек

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданында «Алғабас» колхозының мүшесі болған. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз.


  1. Серғазин Солтан

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданында «Алғабас» колхозының мүшесі болған. 1942 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз.



  1. Собықанов Қасымбай

1915 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. Соғысқа дейін Шұбартау ауданында «Тельман» колхозының мүшесі болған. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз.

Ұрпақтары Қасымбаев Жанұзақ, немересі Абылай Алматыда тұрады.




  1. Мансұров Битөлеу

1922 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданында «Социал» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы майданға аттанды. «100-ші» бригадада болған. 1945 жылы соғыстан оралды. Соғыстан кейін колхоз, совхоздарда әр түрлі басшы қызметтер атқарған. 1999 жылы Мәдениет ауылында қайтыс болып, сонда жерленген. Ұрпақтары Шұбартауда тұрады.


  1. Игісінов Исахан

Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында 1922 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданында «Социал» колхозында жұмыс істеген. 1941 жыл майданға аттанды. 1945 жылы контузия алып, соғыстан оралды. Соғыстан кейін әртүрлі жұмыс істеген. 1991 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген.

Ұрпақтары Малкелді ауылында, Аягөз қаласында тұрады.




  1. Сағындықов Шәріп

1917 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. «Мен, 1942 жылы Аягөз қаласының әскери комиссариатының шақыртуы бойынша Отанымызды қорғауға аттандым. Мен, әскерде 12-отделение санитарлық сапер бөлімінде болдым. Біз жаудың шегінен кейінгі үйлерге, жолдарға қойып кеткен миналарын тазарттық. Майданда Гомель, Бобруйск, Харьков, Киев, Горловка, Донецк, Калинин қалаларында болдым. Сапер ептілікті қажет етеді. Бізге немістердің, қала ішіне, жолға қойып кеткен миналарын табу қиын болды. Сапер болмас бұрын бізді Харьковте минаны жаруды үйретті.

1945 жылы әскери комиссариаттың бұйрығымен әскерлік міндеттен босатылдым. Өзімнің туған ауылым Қорыққа келіп, еңбек жолын бастадым. Совхозда қысқы уақыттарда қой бағуға көмектестім, жазда ат машинамен шөп шаптым. Соқамен жер жырттым.

1960-1965 жылдары бақташы болдым. 1965-1968 жылдары шопан болдым. Ал 1968 жылы маусым айынан бастап көзімнің көрмей қалуына байланысты дәрігерлердің қағазымен зейнеткерлікке шықтым. Партия мен өкіметіміз соғыста жасаған еңбектерімді бағалап, медальдармен марапаттады. Неміс фашистерін жеңгеніміздің 20-30 жылдығына арналған медальдармен марапаттады.

1985 жылы 9 майда жауды жеңгеніміздің «40 жылдығына» арналған 40 жылдың медалімен марапаттады» - деп жазады ардагер.

1994 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген.


  1. Сейілбеков Оразхан

1908 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Семей облысы, Шұбартау ауданы, 1941 жылы «Алғабас» колхозынан соғысқа алынды. Қатардағы жауынгер. 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін өз ауылына оралды. Соғыстан кейін бригадир болып жұмыс істеген. 1977 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген.


  1. Байсарин Саматай

«Мен, 1908 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туғанмын. 1929 жылдан 1942 жылға дейін «Алғабас» колхозында ферма меңгерушісі болып істедім. 1942 жылдың 11 маусымында армияға кеттім. Курск-Каранже бағытында 1942 жылдың аяғына дейін болдым. 1943 жылы жараланып госпитальға түстім. Қайта сол бағытта «Ушин» деген станцияда болдым. 1945 жылы 13 қыркүйекте соғыс аяқталып, үйге қайттым.

Соғыстан кейін ферма меңгерушісі қызметінде істедім, Шұбартау ауданы «Алғабас» колхозында 1956 жылдан бастап 1964 жылға дейін шопан болдым, зейнеткерлікке шықтым. «Ұлы Отан соғысының» орденімен марапатталдым» - деп жазады ардагер.

1989 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген.


  1. Төленбаев Сейсенбай

1908 жылы Семей губерниясы, Дағанды болысы, Қарқаралы округіне қарасты Жосалы, қазіргі Ақбастау мекенінде кедей шаруаның отбасында туған. 1930-1931 жылға дейін осы жерде болған. Өз бетінше оқып, хат таныған.

Ол кезде қазіргі «Алғабас» совхозы үш колхоздан («Тельман», «Социал», «Алғабас») құралған. Осы жылдары бұл жақта тұруға ешқандай жағдай болмады. Себебі астық шығымы аз, мал ұстау мүмкіндігі қиынға түсті.

1932 жылы сәуірдің орта шенінде Лениногорск қаласында, Шығыс Қазақстан облысында жер асты шахтада бір жыл жұмыс істеді.

1934 жылдан бастап Семей қаласына келіп Рубцовск және Лениногорск қалааралық қатынастарына темір жол тораптарын тартудағы жұмыстарға қатысты. Ол кезде Ленин комсомолы мүшесі болған. 1935 жылға дейін Түркісібте жұмыс жасады. 1941 жылға дейін Шығыс Қазақстан, «Алғабас» колхозында тракторист болып істеді. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Осы жылы 22 шілде күні соғысқа аттанды. 1944 жылдан КПСС мүшесі.

1945 жылы 6 желтоқсанда елге оралғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Предгорный ауданының «Алғабас» колхозында 1950 жылға дейін тракторист-бригадирі болып қызмет істеді. 1959 жылдан Шұбартауда еңбек етті. 1987 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген.


  1. Ынтықбаев Түстікбай

1906 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. КПСС мүшесі Ұлы Отан соғысына дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Социал» колхозының бастығы болып жұмыс істеген. 1941 жылы 19 қазанда Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды, қатардағы жауынгер.

Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз.




  1. Ожықов Алшынбек

1920 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Шұбартау болысында туған. КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартауда «Баршатас» ауылында қызметкер болған. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы соғысқа алынды. 1945 жылы соғыстан оралды. Қатардағы жауынгер. Шұбартауда «Алғабас» совхозында әртүрлі қызметтер атқарған. 1988 жылы қайтыс болып, Алматы қаласында жерленген.

Ұрпақтары Алматыда.




  1. Қаншыров Омарғали

1900 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін «Алғабас» колхозында жұмыс істеген. 1941 жылы соғысқа аттанды. 1943 жылы оң қолынан жарақат алып, сол жылы майданнан оралды. «Алғабас» колхозында шопан болып жұмыс істеді. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 1986 жылы өмірден қайтып, Малкелді ауылында жерленді. Ұрпақтары Малкелді ауылында тұрады.


  1. Мұсағұлов Тұрсынбай

1915 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозының мүшесі болған. Ұлы Отан соғысына Шұбартаудан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1943 жылы 3 қыркүйекте соғыста қаза тапқан.

Ростов облысы, Костемиров қаласында 75-ші бейітте жерленген.




  1. Құйқалақов Оразғали

1922 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына Шұбартаудан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы алынған. Соғысқа кетпей тұрып «Социал» колхозының мүшесі болған. Қатардағы жауынгер. 1942 жылы қазан айында соғыста қаза тапқан. Қайтыс болған жері белгісіз.

Туыстары Малкелді ауылында тұрады.




  1. Мұсағұлов Топанбай

1916 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозының мүшесі болған.

Ұлы Отан соғысына Шұбартаудан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз. Хабарсыз кеткен.




  1. Оспанов Шакуан

1911 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы «Алғабас» колхозының мүшесі болған. Ұлы Отан соғысына Шұбартаудан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. Қаза тапқан жылы және жерленген жері белгісіз.


  1. Тапелов Асайын

1902 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген.

КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында қойшы болып жұмыс істеген. 1942 жылы 8 наурызда Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1943 жылы қараша айында соғыста қайтыс болған. Қаза тапқаны жайлы есеп карточкасы арқылы белгілі болған. Ұрпақтары Үштөбеде тұрады.




  1. Смағұлов Түсіпжан

1900 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Социал» колхозының мүшесі. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Атағы 63 ГВСП, 23 ГВСП атқыш жауынгер. 1943 жылы 17 тамызда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан. Жерленген жері белгісіз.


  1. Мәніғұлов Таукен

1911 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Семей облысы, Шұбартау ауданы «Социал» колхозында шопан болып жұмыс істеген. 1941 жылы соғысқа алынды. Берлин қаласында болды. 1943 жылы аяғынан жарақат алып, емделген. 1946 жылы соғыстан оралды. Соғыстан кейін 1970 жылдарға дейін шопан болып, мал баққан.

1987 жылы 23 ақпанда қайтыс болды. Малкелді ауылында жерленген.




  1. Шүленбаев Мырзабек

1907 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Тельман» колхозының мүшесі. 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1944 жылы ақпан айында соғыста қаза тапқан.


  1. Шөтебаев Кенжебек

1915 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Тельман» колхозының мүшесі. Ұлы Отан соғысына Шұбартаудан 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1943 жылы қараша айында қаза тапқан.

Жерленген жері белгісіз.




  1. Трайсов Тайтөлеу

1897 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. КПСС мүшесі. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Тельман» колхозында бригадир болған. Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынды. Қатардағы жауынгер, жерленген жері белгісіз.

Ұрпақтары Малкелді ауылында тұрады.




  1. Қажыбаев Ыбырай

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, «Алғабас» колхозының мүшесі. 1941 жылы майданға аттанды. 1945 жылы жарақат алып соғыстан оралды. Қатардағы жауынгер. 1948-1971 жылдар аралығында Малкелді ауылында жұмысшы болып әртүрлі жұмыстар істеген.

1982 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген. Ұрпақтары Малкелді ауылында, Аягөз қаласында тұрады.




  1. Күшігенов Төлеу

1905 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. «Социал» колхозында 5 жыл бригадир, 9 жыл колхоз бастығы болып жұмыс істеген. Семейде 2 жылдық директорлық және бухгалтерлік оқу бітірген. 1943 жылы майданға аттанған. Чувашск ауданында болған. 1943 жылдың қыркүйегінде жарақат алған. Одан авто дивизияларда барлаушы болған. 1944 жылдың басында сол жақ қолынан жараланған. Сол жылы Оралға келген, содан ауылда 15 жыл сиыр баққан. Ордендермен, медальдармен марапатталған. Соғыста сержант болған.

1989 жылы қайтыс болып Малкелді ауылында жерленген.




  1. Мамырбаев Кенжеғали

1911 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. 1941 жылы соғысқа Байқошқар ауылының Киров колхозынан аттанған. 1942 жылы Сталинград майданына қатысып, сол соғыста жараланып бір көзіне минаның жарықшасы тиген. Госпитальде жатып емделіп, қайта соғысқа аттанған. Кеннисберг (қазіргі Калининград) қаласында 62-ші отандық армия қатарында болған. 1945 жылы Калининградта Ұлы Жеңіс күні 9 мамырды қарсы алған.

1942 жылы «Қызыл жұлдыз» орденімен, 1945 жылы «Кеннисбергті азат етуге қатысқаны үшін» медалімен, т.б. көптеген ордендер, медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейін қайтып келіп, алғашқы механизатор болып, тың игеруге қатысып, еңбегін сіңірген. Бүкіл еңбек жолында Байқошқар ауылында трактор бригадасының бригадирі, ауыл совет секретары, мал фермасының басшысы болып істеген. 1979 жылы Малкелді ауылында өмірден озды. Ұрпақтары бар, Малкелдіде тұрады.


  1. Сейілбеков Төлеухан

Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында 1919 жылы Малкелді ауылында туған. Соғысқа дейін жұмыс істеген. 1939 жылы қазан айында Семей облысы, Шұбартау ауданында, Киров орта мектебінде 8 класты оқып жүріп, Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына алынған. Облыстық әскери комиссариаты арқылы Архангельск әскери округіне барып, 143-артиллериялық атқыштар полкына бөлініп, танк бөлімшесінде қызмет еткен.

«Күз айы, - деп еске алады атамыз. – Финляндия соғысы жүріп жатты, бұл соғысқа біз қатыса алмадық. Соғысқа Боранбай Шүленбаев екеуміз ауылдан бірге аттандық. 1940 жылы сәуір айында дивизиямызбен ауысып, Украинаға барып әскери қызметте болдық. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер мемлекетіне тұтқиылдан соғыс ашты. 2-3 ай сол соғыста болдық. Немістерді тоқтата алмадық. Немістер Москваның түбіне дейін келді. Украина, Белоруссия жерлерін қорғап жүрдік. Армия бастығымыз Рокосовский болды. Сөйтіп, соғыса жүріп, дивизиямызбен қоршауда қалып, немістердің тұтқынына түстік.

1944 жылы Америка президенті Рузвельт пен Сталиннің келісімі бойынша Америка Кеңестер Одағына көмек бермекші болды. 1945 жылы Қызыл Армия жеңіске жетті. Өзім 1946 жылы маусым айында елге оралдым. Соғыстан кейін трактор айдап, 1980 жылы зейнеткерлікке шықтым» - деп, жазыпты атамыз мектептегі балалармен кездесуінде.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қоршауда қалып, фашистердің қолына түсіп, жазықсыз жаламен қуғын-сүргінге ұшырап, кейіннен үкіметтің қаулысымен 1953 жылы ақталған ардагер Сейілбеков Төлеухан атамыздың ұрпақтары Астанада, Семейде, Баршатаста тұрады.




  1. Мыңбаев Әбулайыс

1925 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына Шұбартаудан 1943 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1945 жылы соғыстан оралып, пенсияға шыққанша қой бағып шопан болған. Семей облысы, Шұбартау ауданы «Алғабас» совхозында 1994 жылы қайтыс болып, Малкелді ауылында жерленген. Ұрпақтары Алматыда.


  1. Мерекин Түстікбай

1925 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында еңбек еткен. Соғысқа 1943 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған, қатардағы жауынгер. Соғыстан елге аман-есен оралып, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозында бақташы болып еңбек еткен. «Ұлы Отан соғысы» орденімен (2-дәрежелі), бірнеше медальдармен марапатталған. 1988 жылы қайтыс болған. Малкелді ауылы, Құрда жерленген.


  1. Сейітбек Ақианбек

1925 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Социал» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына Аягөз әскери комиссариаты арқылы 1943 жылы аттанған. Соғыстан аман-есен елге оралып, «Алғабас» колхозында механизатор, совхоз кезінде шеберхана меңгерушісі және т.б. жұмыстар істеген.

КПСС мүшесі. Малкелдіде 1982 жылы қайтыс болған.




  1. Бірталаев Нұрлан

1921 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан аман-есен елге оралып, Шұбартауда әртүрлі қызметтер атқарған, «Алғабас» совхозында шопан, бригадир болып еңбек еткен.

1976 жылы Малкелдіде қайтыс болған.




  1. Исайынов Исағали

1909 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Алғабас» колхозында еңбек еткен. Исайынов Исағали 1941 жылдың аяғында Аягөз әскери комиссариатына әскерге шақырылып, үш ай дайындықтан кейін соғысқа аттанды.

Белоруссия жерінде 1-ші Белорусь майданында әскер қатарында болып, неміс-фашист басқыншыларынан Белоруссия жерін, Польша жерін азат етті. 1945 жылдың 9 майын Берлин қаласында қарсы алды. Соғыстан соң туған жері «Алғабаста» бухгалтер, сатушы болып жұмыс жасаған. Кейіннен зейнеткерлікке шығып, 1972 жылы қайтыс болды.

Малкелді ауылында жерленген.


  1. Лжебаев Мұсабай

1905 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысында туған. 1941 жылы Отанымызды қорғауға соғысқа Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Тельман» атындағы колхоздан аттанған. 35 жасында соғысқа аттанарға дейін колхозшы болып істеген. Соғыста қатардағы жауынгер болған.

Курскідегі ұрыста болып, одан хабарсыз кеткен. Ешқандай хат, қарақағаз келмеген, наградалары да белгісіз. Туыстарының айтуы бойынша фамилиясы Самажанов болған.




  1. Бақашев Ыдырыс

1921 жылы туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы «Алғабас» колхозында еңбек еткен. Комсомол мүшесі. Аудан орталығында Киров орта мектебінің оқушысы 1941 жылдан соғысқа қатынасып, 1943 жылы мамыр айында қаза тапқан.


  1. Божанов Қалибек

1926 жылы туған. Соғысқа дейін Семей облысы, Шұбартау ауданы, «Алғабас» колхозының мүшесі. Соғысқа жасы толмай Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылып, Украинада Харьков қаласында 1943 жылы қаза тапқан.


  1. Бибатыров Әсет

1903 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Шұбартау болысында туған. Соғысқа дейін «Алғабас» бастауыш мектебінің мұғалімі болған. КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына Аягөз әскери комиссариаты арқылы 1941 жылы шақырылып қатысқан. 1943 жылы Ленинград қаласында қаза тапқан. Әскери бөлімі Ленинград 726 п.п. Ленинградта жерленген.


  1. Ермекбаев Мұқан

1909 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы «Социал» колхозында мүше болған. 1941 жылы соғысқа Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған.

1942 жылы қараша айында қаза тапқан.




  1. Есенғалиев Бәкеш

1906 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы «Социал» колхозында еңбек еткен. 1941 жылы соғысқа Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған.

1943 жылы наурыз айында қаза тапқан жауынгер.




  1. Жанділдин Разақ

1923 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Шұбартау болысында туған. Соғысқа дейін КПСС мүшесі және Шұбартау ауданы, Тельман колхозында бригадир болып істеген.

Майданға Аягөз әскери комиссариаты арқылы қараша айында 1941 жылы аттанған. Соғыста хабарсыз кеткен.




  1. Жәнібеков Шайхан

1920 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы Тельман колхозында еңбек еткен. Соғысқа шілде айы, 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған. 17 наурыз 1945 жылы Германияда қаза тапқан, сонда жерленген. Жауынгерлік «Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Наградасы 50 жылдан кейін1990 жылы қарындасы Жәнібекова Жақияға тапсырылған.


  1. Жеделбеков Қыбыр

1923 жылы Семей облысы, Шұбартауда туған. 7-класс оқушысы болып жүргенде комсомол мүшелігіне өтіп, соғысқа жасы толмай аттанған, Тельман колхозынан, қайтыс болған жылы және жерленген жері белгісіз.


  1. Қоңырбаев Оразғали

1913 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, Тельман колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына қатысқан, қаза тапқан. Белгісіз кеткен жауынгер.


  1. Смағұлов Мұқантай

1910 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақыртылған. Қатардағы жауынгер. Қайтыс болған жылы белгісіз, хабарсыз кеткен.


  1. Тұрысбеков Смақан

1911 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, «Социал» колхозында еңбек еткен. Әскерге Аягөз комиссариаты арқылы шақырылып, қатардағы жауынгер ретінде 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, хабарсыз кеткен.


  1. Тымықбаев Сайлаубай

1910 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы «Социал» колхозында еңбек еткен. Соғыста қаза тапқан, жылы белгісіз. Хабарсыз кеткен.


  1. Шамшин Рахманқұл

1905 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысыныда туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында еңбек еткен, комсомол мүшесі.

Ұлы Отан соғысына 1941 жылы қазан айында Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған, қатардағы жауынгер. 1944 жылы қаңтар айында қаза болған.




  1. Шамқұлов Омар

1918 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін мектеп оқушысы, комсомол мүшесі. Алғабас колхозынан. Ұлы Отан соғысына қатысқан, қаза тапқан, қатардағы жауынгер. Қайтыс болған жылы, жерленген жері белгісіз.


  1. Шүленбаев Боранбай

1920 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін мектеп оқушысы, комсомол мүшесі, «Алғабас» колхозынан Ұлы Отан соғысына қатысқан, қаза тапқан, қатардағы жауынгер. Қайтыс болған жылы, жерленген жері белгісіз.


  1. Шамғұнов Сейітжан

1906 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозының мүшесі болып еңбек етті. Ұлы Отан соғысына 19 қазан, 1941 жылы Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Қатардағы жауынгер. Хабарсыз кеткен, қайтыс болған жылы, жерленген жері белгісіз.


  1. Уатханов Уакеш

1905 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы. «Тельман» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына қатысқан, хабарсыз кеткен.


  1. Рыспаев Талапбек

1904 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына (1941-1945 ж.ж.) Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылған. Хабарсыз кеткен.

Қаза тапқан жылы, жерленген жері белгісіз.




  1. Шамшинов Шайкамал

1909 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Тельман» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына Алматы қаласынан аттанған. Амур әскери комисариатында атқыштар полкінің құрамында болған, 4 қазан 1944 жылы қаза тапқан, Литвада Рассейн облысы, Добойка деревнясында жерленген.


  1. Тауықбаев Бертөлеу

1925 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Социал» колхозында өмір сүріп, еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралған. Соғыстан кейін Шұбартау ауданы, «Алғабас» ұжымдық және кеңшарда отыз жылдай еңбек еткен. 1975 жылы Малгелдіде қайтыс болған.


  1. Науанов Тілеубай

1905 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, «Социал» колхозында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралған. Соғыстан кейін «Алғабас» шаруашылығында мал бағып, еңбек еткен. Малкелді ауылында 1998 жылға дейін өмір сүрген. 1998 жылы Семей қаласында қайтыс болған.


  1. Елекенов Сапарғали

1911 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған.

Соғысқа дейін Шұбартауда «Киров» колхозында еңбек еткен. Әскерге 1938 жылы шақырылған, 1941 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысып, неміс фашистеріне тұтқынға түскен. Елге тірі оралған. Бірақ қызыл саясаттың кесірінен 18 жыл қудалау мен айдауда болған. 1956 жылы ақталған. Өмірінің соңына дейін Шұбартауда Байқошқар, Емелтау және Малкелді ауылдарында еңбек еткен. 1984 жылы Малкелдіде қайтыс болған.




  1. Боғаев Ахай

Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған. 1901 жылы туған, соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Алғабаста» еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, жараланып, елге оралған. Малкелдіде қайтыс болған 1968 жылы.


  1. Төлеубаев Шаяхмат (Шахар)

1905 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Шұбартау болысында туған. Ұлы Отан соғысына дейін Шұбартау ауданы, Көктал ауылында еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, елге тірі оралған соң Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында еңбек еткен. 1977-1989 жылдар аралығында Малкелдіде өмір сүрген. «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, медальдармен марапатталған.


  1. Жаманбалин Әбеу

1912 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған.

Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Социал» колхозында еңбек еткен. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына Аягөз әскери комиссариаты арқылы шақырылып, майданнан тірі оралған. Қатардағы жауынгер. 1945-1972 жылдар аралығында Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында еңбек еткен. 1972 жылы қайтыс болған.




  1. Қажығалиев Қабдеш

1924 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында (Шұбартау ауданы) туған. Жастайынан еңбекке араласып, Шұбартау ауданында еңбек еткен. Ұлы Отан соғысына 1942 жылы арнайы дайындықтан өтіп, 268-атқыштар дивизиясының құрамында қатысып, бірнеше рет жараланып, елге 1945 жылдың аяғында оралған. Соғыстан кейін Аягөз ауданының Шолпан, Калинин, Шұбартау ауданының Сарықамыс, Көктал совхоздарында бас есепші болып еңбек еткен.

І-ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Шұбартауда Мәдениет ауылында 2013 жылы мамыр айында қайтыс болған.


  1. Әліпбеков Қадылбек

1925 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Дағанды болысында туған.

Соғысқа дейін Шұбартау ауданы, «Социал» колхозында еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына жастайынан қатысып, елге аман-есен оралды. Өмірінің соңына дейін туған ауылында еңбек еткен. 1988 жылы Малкелдіде қайтыс болған.




  1. Рахымбаев Тоқтар

1924 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы дуаны, Малкелді ауылында туған.

Соғысқа дейін Шұбартау ауданында, еңбек еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, штаб хабаршысы болған. Соғыстан аман оралып, кейіннен Алғабаста еңбек еткен. 1971 жылы Малкелдіде қайтыс болған.


Бұл тізімдегіден басқа соғыс басталғанда оқуда Семей, Алматы қаласынан аттанған ауыл азаматтары да болған. Олар туралы дерек жоқ. Мысалы, Тілеужановтар - Серікбол, Берікбол (Секен, Бекен) екеуі де Алматыда институтта оқып жүрген жерлерінен соғысқа аттанған.

Ал, Баяндин Шопай мен Айтан Өміржанұлы сияқты осы ауыл азаматтары туралы дерек өте аз. Бұл азаматтар да 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, тірі оралғандарымен басқа облыс, аудандарда, шет елдерде өмір сүрген адамдар.

Ауылдан Ұлы Отан соғысына қатысқандардың тізімін аяқтай отырып, соғыс ардагері, осы ауылдың тумасы Боғаев Ахай ақсақалдың сол кезде елге жазған хатын толық келтіруді жөн көрдім.
Майданнан жазылған хат
Қапия менің бауырым,

Сағындым қайран ауылым.

24 жерден жара боп,

Бейнеттің көрдім ауырын.


Жаралы болдым қолымнан,

Жата алмадым оңымнан.

Тым болмаса Құдай-ау,

Хат келмеді соңымнан.


Жаралы болды жамбасым,

Аманда мекен мал-басым?

Бір қатыса алмай не болды,

Артымдағы Биғайша,

Сүйіп бір алған жолдасым.
Жаралы болды ерінім,

Сағындым Күліш келінім.

Әлтайым еске түскенде,

Жын соққандай перімін.


Жаралы болдым бақайдан,

Бар ма екен хабар Тақайдан?

«Үмітсіз шайтан» деген бар,

Үзбеңдер күдер Ахайдан.


Күйлімісің, Ермегім?

Қиын боп жүр келмегім.

Ермегім еске түскенде,

Ішім бір күйіп терледім.


Қашым, Әшім жан аға,

Көпшілікке пана аға.

Қайырымың бар еді,

Көзіңді сал анама (Бибіжан).


Жаралы болды иегім,

Аман ба екен Тиегім?

Семьяма көзің сал,

Ескіден қалған сүйегім –

деп өлеңмен, майдангер жауынгердің госпитальдан жазған хаты.

Кенесия Схатай қызынан жазып алған

Анар Әділқызы Тілеубаева,

содан көшіріп жаздым (Н.Сәменбетов).

«Алғабас – ауылым,

Малкелді – мекенім»

ІІІ –бөлім



  1. Ауыл ақындары

  2. Ауыл ардақтылары мен атақты адамдары

  3. Ауылдан шыққан қажылар

  4. Мақалалар

Ауыл ақындары

Ауыл ақындары дегенде алдымен ауызға Төлеу ақын ілінеді.

Төлеу Көбдіков – Қазақстанның халық ақыны, 1874-1954 ж.ж. аралығында өмір сүрген. Төлеу атамыз туралы осы кітаптың «Сөзі ұран, ісі өнеге бабалардың» деген бөлімінде толық жазылғандықтан, мен ауыл ақындары туралы сөзді замандасымыз, бүгінде арамызда жоқ Төлеуғали Есімжановтан бастағанды жөн көрдім.

Төлеуғали Есімжанов

1942 жылы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Малкелді ауылында дүниеге келген. Орта мектепті «Алғабаста» бастап, Семей қаласындағы мектеп интернатта бітірген. Одан кейін Алматы қаласындағы Каз МУ – нің тіл әдебиет бөлімін бітірген.

Туған ауылында мұғалім, аудандық газетте бөлім меңгерушісі, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болып қызмет істеді.

Екі бірдей жанрда жазатын, қаламы қарымды, ойы алымды Төлеуғали 1977 жылы Алматыға көшіп барып, мемлекеттік «Ара» журналында хат бөлімінің меңгерушісі қызметінде істеген.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы.

Оның бірінші өлеңі «Жыл құстары» деген атпен шықты. Төлеуғали кейіннен әңгіме жазумен айналысты. «Бәйшешек», «Дала тынысы», «Ән үзілмейді», «Мамыр айы – махаббат айы», «Соғыстан соңғы жыр», «Қарагер». Әсіресе, оның Республикалық жабық бәйгесінде бірінші орын алған және талантын танытқан «Бір ұяның қарлығаштары» әңгімесі.

Төлеуғали 1978 жылы кенеттен қайтыс болды. Алматы қаласында жерленген.

Төлеуғали Есімжановтың жарық көрген кітаптары: «Дала тынысы», «Мамыр айы – махаббат айы», «Тынысым менің – Туған жер» атты шығармалары. Төлеуғали айтыскер, суырыпсалма ақын, қалжың-әзіл сөздерге өте жүйрік болатын. Соның бір мысалы – қазіргі Байқошқар ауылында Төкеңнің жездесі-апайы Күмісжанның күйеуі Арап Абақбаев деген ақынжанды, тілді адам еді. Сол жездесінің үйінде қонақта бәріміз отырғанда қалжыңдап тиісе берген жездесіне айтқаны:

Жездеміз біздің –Арап,

Жан-жағына қарап.

Отырады жалтақтап,

Іздегені –арақ, -деп қағытқаны есімде қапты.

Мың тоғыз жүз жетпісінші жылдардың басы. Аудан орталығы Баршатаста ақындар айтысы өтпек болып аудан ақындары Еңбек Сейфуллин, Сахан Оразғұлов, Мелия Божанов, Қайрат Тілемісов, Әртель Шаяхметов және ақын қыз, өзі әнші, өзі биші Тұрсынхан Әділханова замандасымыз бар мәдениет үйіне жиналды. Ұйымдастырушы Төлеуғали Есімжанов, әрі Мәдениет бөлімінің бастығы, қатар отырған ақындардың қасынан өте бергенде бәрі шулап: - Ей, Есімжанов, сен енді ақын емессің, бастықсың, айтысқа қатыспайсың, бізден аулақ жүр, - деп Төкеңді мұқатпақ болып әзілдеген ақындарға аяқ астынан шығарып айтқан жауабы:



«Оу, айналайын, ақындар!

Араңызда жалғыз ғана қатын бар.

Еңбекке басын ұстатып,

Қалғаның – сирағын сипап жатыңдар»- деп жүріп кеткені есімде қалыпты.

Төлеуғалидың жұбайы Майраш, ұл-қыздары Зәмзәгүл, Еркебұлан, Жасұлан, Серікжан, күйеу баласы Батырбек, келіндері Анар, Люба, немерелері және туған ағасы Кәрімғали, қарындасы Алтын, інісі мен келіні Кешубай мен Салтанат бәрі Алматы қаласында тұрады.

Туған ауылындағы Малкелдідегі мектеп 1993 жылдан бері Төлеуғали Есімжанов атында.

Шұбартау

Ей, Шұбартау!

Қиялыма желдей жүйрігіңді бер,

Ойыма құзар билігіңді бер.

Көңіліме көгілдір көңіліңді бер,

Өміріме алмадай сөліңді бер.

Еркіме өзеннің асауын бер,

Көркіме арудың жасауын бер,

Көзіме шашылған күн нұрын бер,

Сөзіме бұлақтың сыңғырын бер

Айдынға аққу болып қонайын,

Арманды ақының болайын!



Тынысым менің – туған жер!
Туған жер маған бұл бір сын –

Ұмыттым –ау қарызды.

Бақылап әлде тұрмысың,

Ұлдарың басқан әр ізді.

Ұғып та, ұқпай көп мәнін,

Жүрдік қой талай шиырлап,

Жолдарыңды жоқтадым,

Бір жолым тұрса қиындап.


Ыстық қой әрбір тынысың,

О, далам, шалқар кең менің!

Өзің мол құйған нұр үшін,

Жырларымды тербедім.


Өзіңдік әнім не түрлі,

Өзіңнен бөлек жоқ әнім.

Аққуларың секілді,

Айналып қайта соғамын.


Жүз рет, мейлі мың рет,

Жұлдыздар сөнер, сөнсе де.

Туған жерден еш құдырет,

Бөле алмас мені, бөлсе де.


Кеудеме құйып мол нәрін,

Жылдар да өтер жаңғырып,

Жүрегімді сомдадым,

Ескерткіш қылып мәңгілік...


Қайда саған табам жол,

Көңілім сен деп босаған.

Аман бол, дәйім, аман бол!

Алтын діңгек босағам.



Бұл кең дала
Бұл кең дала үйретті ғой сыр маған,

Осы дала мінезімді шыңдаған.

Ашулансам борандай боп бұрқылдап,

Жадырасам жазғы шыңдай нұрланам.


Күлімдеп кеп, шұғыласын төгер күн,

Даламның не хикаясына көнермін.

Егер өлсем, жанарыма кең даланы сыйғызып,

Мен даланың ұлы болып өлермін.




жүктеу 13,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау