Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласының АҒымдағы жай-күйі туралы ақпарат



жүктеу 117,78 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі117,78 Kb.
#2419


Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласының

АҒЫМДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесінде соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістер болды, оған нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру септігін тигізді.

Ұлттық заңнаманы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның ережелерімен үйлестіру және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның (03.12.2015 ж. қол қойылған) аясында қабылданған нормаларды іске асыру мақсатында 2016 жылдың ішінде автомобиль, теміржол, әуе көлігі, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, білім беру, ішкі істер, тұрғын үй және ақпарат саласындағы заңға тәуелді актілерді жетілдіру жұмыстары жүргізілді.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау кезінде алған міндеттемелерді жүзеге асыру туралы сапалы ұлттық баяндама әзірлеу және шараларды мониторингілеу үшін Конвенцияның сақталуы бойынша мониторинг жоспары1 әзірленді. Онда мониторингілеу индикаторлары, оларды орындауға жауапты органдар, мониторингілеу мерзімдері көзделген.

Қазіргі уақытта мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мүгедектердің негізгі өмір сүру ортасындағы объектілердің қолжетімділігі туралы алғашқы баяндаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Баяндаманы БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы хатшылығына жолау үшін а.ж. І тоқсанында Үкіметке енгізілетін болады.

Кейбір заңнамалық актілерде қолданылатын және мүгедектігі бар адамдарды кемсітетін терминологияны өзгерту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныстар әзірленіп, терминдерге лингвистикалық сараптама жүргізу және Үкіметтің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның отырысында қарау үшін жолданды.

Бекітілген Тізбе2 шеңберінде техникалық оңалту құралдары кезең-кезеңімен жаңартылды:

мүгедек балаларға кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары және 18 жастан асқан мүгедектердің сөйлеу процессорларын ауыстыру енгізілді;

мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормалары: жөргектер жылына 480-нен 730 данаға дейін, несеп қабылдағыштар жылына 12-ден 365 данаға дейін, нәжіс қабылдағыштар жылына 12-ден 365 данаға дейін, сондай-ақ естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының көрсететін қызметі жылына 30-дан 60 сағатқа дейін ұлғайтылды;

ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар заманауи көп функциялы электрондық гаджеттерге ауыстырылды;

көру қабілеті нашар адамдарға жаңа тифлотехникалық құралдармен (сөйлейтін термометр, тонометр, глюкометр); міндетті гигиеналық құралдармен (катетер, сіңіргіш ақжаймалар, стоманың айналасындағы теріні қорғауға және тегістеуге арналған паста-герметик, т.б.); тұрмыста өзіне өзі қызмет көрсетуі үшін көмекші құралдармен (жейдені, колготканы, шұлықтарды киюге, түймені тағуға және т.б. арналған құрылғы) толықтырылды.

Техникалық оңалту құралдарына техникалық ерекшеліктердің жобасы әзірленді, оларды а.ж. қабылдау сатып алынатын тауардың сапасын арттыруға және мүгедектердің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және есту қабілеті нашар мүгедектерге арналған жұмыс орны стандарттары бекітілді3.

Кіріктірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының жобасы әзірленді. Оның үлгісі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының базасында пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатыр. 2016 жылы Министрлік пен облыс әкімдігі арасында Пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылды, оны жүзеге асыру үшін Жол картасы қабылданды. Жол картасының шеңберінде әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларының, ішкі істер органдарының мамандары, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін 4 семинар-тренинг өткізілді (Өскемен, Семей қалаларында).

Штаттан тыс кеңесшілердің жұмысын реттеу мақсатында Үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымда өткен отырысында Министрлердің, әкімдердің мүгедектік мәселелері бойынша кеңесшілері туралы үлгілік ереже мақұлданды. Онда кеңесшінің міндеттері мен қызметтері, құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, тағайындау және қызметін тоқтату тәртібі жазылған.


Жоғарыда аталған шаралардың қажеттілігі елімізде тұратын 651,9 мың мүгедектің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. 651,9 мың мүгедектің 62,8 %-ы еңбекке қабілетті жаста, 25,0 %-ы зейнеткерлік жаста, ал 12,1%-ы 18 жасқа толмаған.
Бұл көрсеткіштер профилактикалық іс-шараларды күшейту және мүгедектікке алып келетін патологияларды төмендету қажеттігін көрсетеді. Бұл бағытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде өңірлендіру қағидатымен кіріктірілген үлгіні енгізу шаралары қабылдануда. Қазіргі уақытта 1 313 медициналық ұйымды медициналық көмек көрсету деңгейлеріне қарай өңірлендіру жұмыстары аяқталды. Кадрларды даярлау және қайта даярлау жұмыстары жүргізілуде, есепті кезеңде 281 медициналық қызметкер оқытылды. Кіріктірілген үлгіні енгізу сапасын бағалау индикаторлары әзірленді.

Медициналық қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізу үшін медициналық қызметтердің сапасы бойынша біріккен комиссия 6 медициналық қызмет көрсету стандартын, 248 клиникалық хаттама бекітті.

Негізгі ауруларды басқару мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізіліп келеді, ол пациентпен әлеуметтік шартқа отыру негізінде уақытылы дербестендірілген есепке алуды және білікті медициналық көмек көрсетуді көздейді. 2016 жылы 3 400-ден астам пациент АББ-ға қатысу туралы шартқа қол қойды. АББ-ны енгізу нәтижесінде диспансерлік аурулардың 75 %-ында артериялық қан қысымы тұрақтандырылды, емдеуге жатқызылған созылмалы жүрек әлсіздігі бар аурулардың саны 2 есеге азайды.

2016 жылы Мектеп оқушыларына арналған профилактикалық және сауықтыру іс-шараларының күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес балалар жыл бойы сауықтырудан өтеді. Сабақтастықты жақсарту және мектеп оқушыларына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау саласында мектеп медицинасын одан әрі дамыту көзделген, қазіргі уақытта заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді.

Мүгедектіктің ерте сатыда алдын алу мақсатында 2016 жылдың 9 айында республика бойынша скрининг аясында жүрек-қантамырлық жүйе дамуының 799 өлімі, хромосомалық патологиясы бар 158 жағдай анықталды, 1 302 жүктілік тоқтатылды. Биохимиялық скринингтен өткен 214,6 мың жүкті әйелдің ішінде 2,2 мыңына инвазиялық перинаталдық диагностика жүргізілді, 305 жағдайда хромосомалық патология анықталды.

2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша шала туылған балалардың өмір сүруі 99 %-ды құрайды.

Сонымен қатар жүргізілген скрининг шеңберінде естуі қабілеті бұзылған 3 688 бала анықталды, оның ішінде 1 179 баланың құлағында екі жақты нейросенсорлық мүкістік бар және 415 баланың құлағында екі жақты аралас мүкістік бар. 2007 жылдан 2016 жылға дейін республикалық бюджет қаражаты есебінен есту қабілеті екі жағынан терең бұзылған 1 192 балаға ота жасалды, оның ішінде 238 бала жаппай және логопедтік мектептерде оқиды, 119 бала 3 жасқа толмаған және үйде ата-анасы оқытады, 91 бала 18 жасқа толған, қалғандары мектепке дейінгі және мектеп жасындағы арнайы (түзету), жалпы білім беру ұйымдарында, білім беру саласындағы уәкілетті органның оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде, әлеуметтік сала ұйымдарында есту-сөйлеуді оңалтудың әр түрлі сатыларынан өтуде.
Көп деңгейлі мемлекеттік көмек және әлеуметтік қолдау шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға:

а) әр түрлі әлеуметтік жәрдемақылар: мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге ай сайынғы жәрдемақы, үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету, егер отбасының табысы төмен болса мүгедектігі бар адамдар атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындауға, балалары болса 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға жүгінуге құқылы, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қосымша әлеуметтік қолдау;

б) тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

в) организмнің жоғалтқан функцияларының орнын толтыруға тегін техникалық оңалту құралдары мен жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері. Еліміз бойынша техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілгендердің үлесі 2016 жылы 60 %-ды құрады. Бұл құралдармен қамтамасыз етудің жоғары нәтижелері Павлодар (92 %) және Қызылорда (96 %) облыстарында байқалады. Республикалық көрсеткіштер төмен қамтамасыз ету деңгейі Қарағанды – 38 %, Алматы – 50 %, Қостанай және Маңғыстау – 51 %, Ақмола облыстарында – 57 %;

г) кешенді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуға жәрдемдесу. 2016 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер алатын 122 мың адамның 66,0 мыңы мүгедек болып табылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер нарығында 700-ден астам мемлекеттік (стационарлық үлгідегі 107 медициналық-әлеуметтік мекеме, 51 күндізгі бөлімше, 21 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 510 бөлімше, 25 әлеуметтік бейімдеу орталығы) және 103 үкіметтік емес ұйым (немесе 5 мыңнан астам адамды қамтитын жалпы ұйымдар құрылымының 12%-ын құрайды) қызмет көрсетеді.

Психоневрологиялық патологиялары бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық көмек көрсету үшін 2015 жылдан бастап Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің негізінде Онлайн қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді. Университеттің Психиатрия, наркология кафедрасының білікті мамандары неврология, жалпы медициналық психология және педагогика курстарымен бірлесіп, психологиялық көмек және кеңес ұсынады. 2016 жылы 513 ата-ана психологиялық көмек пен кеңес қызметтерін алды.
Мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің басты принципі мүгедектерді қоғамға етене араластыруға жағдай жасау арқылы оларды тыныс-тіршіліктің барлық саласына қосу болып табылады:

а) бұндағы басты бағыттардың бірі қолжетімді орта құру болып табылады:

- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қолжетімді орта құру, оның басты тетігі – мүгедектер үшін бірінші кезекте маңызды 36,2 мың объектіні паспорттау және оларды бейімдеу.

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар 2016 жылға жоспарлаған 28,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің 27,6 мыңы (97,7 %) паспортталды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында жоспарланған объектілердің 100 %-ы паспортталған. Батыс Қазақстан (84,7 %) және Қарағанды (86,2 %) облыстарында паспорттау жұмысы жоспардан төмен жүргізілген.

Объектілердің жалпы санынан паспорттау бойынша жұмыс Маңғыстау (24,5 %), Жамбыл (29,8 %), Шығыс Қазақстан (48,6 %) облыстары мен Астана (36,3 %) және Алматы (79,3 %) қалаларында нашар жүргізілуде.

Паспортталған объектілерді бейімдеу тетіктерінің бірі ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының құралдары (инфрақұрылым жобаларындағы жөндеу жұмыстары) мен жергілікті атқарушы органдар тартқан қаражат пайдаланылды.

Объектілерді бейімдеудің жоспарланған мәнінен ең төмен көрсеткіші Маңғыстау (35,9 %), Қарағанды (47,2 %), Солтүстік Қазақстан (55,8 %), Батыс Қазақстан (60,1 %), Жамбыл (60,7 %) облыстары мен Астана қаласына (55,9 %) тиесілі;

- республикалық бюджеттің қолдауымен көлік инфрақұрылымы объектілерінде қолжетімді орта құру. Мәселен, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 2016 жылы 3 815 жол белгісі мен сілтегіш, жүргіншілер өтетін жолдарда 145 дыбыстайтын құрылғы орнатылды.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесіне жүргізілетін бақылау шеңберінде ДСӘДМ-нің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері 2016 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік қызметін көрсету және т.б. салаларда 78 іріктемелі және 258 жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде 317 бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама, оның ішінде 127-сіне жалпы сомасы 23,4 млн. теңге әкімшілік айыппұл (ӘҚБК-тің 83-б. 1-бөлігі) салынды;

б) мүмкіндіктері шектеулі 141,8 мың баланы білім беру ортасына қосу үшін инклюзивті білім беруді дамыту. БҒМ ақпаратына сәйкес бүгінгі күні иклюзивті білім берумен қамтылған мектептердің үлесі 55 % (3 905 мектеп) құрайды.

Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың мәліметіне сәйкес 2015-2016 оқу жылында 10,2 мың бала үйде, 61,9 мың бала жалпы білім беретін сыныптар мен топтарда оқыса, 17,6 мың бала білім беру ұйымдарының арнайы сыныптары мен топтарына кіріктірілген, 19,1 мың бала арнайы білім беру ұйымдарында білім алған.

2016 жылы 161 колледжде техникалық және кәсіптік білім алу үшін ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттерге тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасалған, бұл жалпы колледж санының 20 %-ын құрайды. Колледждерде 71 сурдоаудармашы, 37 тифлоқұрал бар, кадрларды дайындау үшін 44 жұмыс оқу жоспары әзірленген.

2017 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі балаларды ертіп жүру үшін білім беру ұйымдарының штаттық кестесіне педагог-ассистент штаттық бірлігін енгізу көзделген.

в) мүгедектерді жұмыспен қамту. 2016 жылы:

- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспары шеңберінде жоспарланған 9,2 мың адамның орнына 10,9 мың мүгедек (жоспардан 118 %), оның ішінде 8,3 мың адам аумақтарды дамыту бағдарламалары және 2,6 мың адам Жол картасы бойынша жұмыспен қамтылды. Олардың қатарынан 10,1 мың мүгедек тұрақты жұмыс орнына орналастырылды;

- елімізде мүгедектер үшін өткізілген 200 бос жұмыс орны жәрмеңкесінде 2,5 мыңнан астам мүмкіндіктері шектеулі адам тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастырылды;

- жұмыс орындары санының 2-ден 4 %-ға дейінгі квотасы мөлшерінде (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде) 3,1 мың мүгедек жұмыспен қамтылды.

2018 жылдан бастап мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құратын жұмыс берушілердің шығындарын республикалық бюджет есебінен субсидиялау көзделген.

Жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар адамдар үшін басым құқықпен 13 инватакси қызметі өз қызметтерін ұсынады, олар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады;

г) мәдени және спорттық өмірдің қолжетімділігі. МСМ ақпараты бойынша 2016 жылы республика бойынша спорт ғимараттары мен құрылыстарының жалпы саны 29,0 мың бірлікті құрады, оның ішінде 19,2 мыңы (66 %) мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді.

Бүгінгі таңда республика бойынша дене шынықтыру мен спорт мекемелеріне баратын мүгедектердің саны 25 мыңнан астам адамды, оның ішінде ауылда 9 мыңнан астам адамды құрайды. Мүгедектердің ең көп саны Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Мүгедектер қатысатын ғимараттар, секция, үйірмелер саны 9,8 мың, оның ішінде ауылда 5,8 мың бірлікті құрайды.

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2016 жылы мүгедектердің спорттық объектілерге баруы үшін жалпы сомасы 600 млн. теңге қаражат бөлінген. Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласында мүгедектердің спорт ғимараттарына баруы тегін;

д) мүгедектігі бар адамдарға оң қарым-қатынасты қалыптастыру. 2016 жылы республикалық және жергілікті БАҚ-та 14,1 мыңнан астам материал жарияланды.

Өңірлік телеарналардың қолжетімділігі үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жаңалық телехабарларын сурдоаудармалау жүргізіледі.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және жағдайын жақсарту бойынша мемлекеттік шаралар туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыру үшін 2016 жылғы 15 маусым мен 15 қыркүйек аралығында елімізде «Халыққа жол!» акциясы өтті.

Үш ай бойы өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлері аймақ әкімдерінің мүгедектер істері жөніндегі кеңесшілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен кәсіпорындардың және ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Оның барысында халыққа мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.



Акция шеңберінде 1 475 кездесу, 337 жиналыс, дөңгелек үстел мен семинар өткізілді, БАҚ-та 658 мақала жарияланды, телеарналар мен радиода халықпен 42 «тікелей байланыс» өткізілді, көрнекі үгіт құралдары арқылы 1 833 ақпарат жарияланды, 80 стенд пен билборд орнатылды.
Жоғарыда баяндалған шаралар Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын кезең-кезеңмен (бірінші кезең 2012-2013 жж., екінші кезең 2014-2015 жж.) іске асыру аясында қамтамасыз етілді. Жоспардың 2016 – 2018 жылдарға арналған үшінші кезеңінің4 орындалуы туралы ақпарат а.ж. ақпанында Үкіметке енгізілетін болады.

1 ДСӘДМ-нің 15.03.2016 ж. № 200 бұйрығы

2 ҚР Үкіметінің 20.07.2005 ж. № 754 қаулысы

3 ДСӘДМ-нің 14.06.2016 ж. № 519 бұйрығы

4 ҚР Үкіметінің 14.04.2016 ж. № 213 қаулысымен бекітілген

Каталог: media -> uploads
uploads -> Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтастан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту
uploads -> 17. Адам ресурстары немесе жұмыс күші "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Нормативтік құқықтық база
uploads -> Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> 26% пайызын құрайды. Қалаларда – 74 180, ауылдық жерлерде 88 417
uploads -> Специальная экономическая зона «морпорт актау»
uploads -> Маңғыстау облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
uploads -> Утверждено

жүктеу 117,78 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная