|
Лекциялық кешен (лекция тезисі) Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымыӘкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қарауға уәкілетті мемлекеттік органдар
|
бет | 49/57 | Дата | 08.10.2023 | өлшемі | 0,6 Mb. | | #43702 | түрі | Лекция |
| Лекция тезисі тақырыбы Сыбайлас жемқорлық ұғымы-emirsaba.org3. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қарауға уәкілетті мемлекеттік органдар.
Қылмыстық істі тоқтатқан жағдайда, егер тұлға әрекеттерінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл тұлға қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қатысты ұзаққа созылған немесе жалғасқан әкімшілік құқық бұзушылық үшін есептелетін әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі қолданылмайды. Егер бұрын жасалған әрекет үшін әкімшілік жаза қолданылған күннен бастап бір жыл ішінде жаңа іс-әрекет жасалса, тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты қайтадан жасаған болып саналады. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны судья шығарған күн құқықтық мәннің қайталану белгісін білдіреді. Осы адамды әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы судьяның қаулысы толық орындалған күннен бастап бір жыл ішінде тұлға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған болып саналады. Қаулы әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаның ерікті түрде немесе мәжбүрлеу тәртібімен орындалуы мүмкін, ол жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалу жолымен немесе жеке, үлестік немесе бірлескен меншік құқығындағы құқық бұзушыға тиесілі мүлікті өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады. ҚР ӘҚБтК-де қосымша әкімшілік жаза ретінде әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу қарастырылған, бірақ әкімшілік жазаның сол түрі үшін Кодекстің тиісті баптарымен санкция көзделген жағдайда жүзеге асырылады.
Алайда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін сыйақы мәні (негізсіз баю) болып табылатын мүлікті тәркілеу көзделмеген. Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық Қазіргі заман жағдайында сыбайлас жемқорлық қылмыс жаһандық жалпы адамзаттық проблемаға айналды, осыған байланысты, оған қарсы іс-қимылдың жаңа ережелерін әзірлеудің өткір қажеттілігі туындап отыр. Интернеттің дамуы жаһандық әлемдік нарықтың туындауына алып келді, коммуникациялардың көмегімен сыбайлас жемқорлық қызметінен, оларды шетелде жасырудан түскен кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру және заңдастыру мүмкіндіктері артты. Көптеген елдерде осы үрдісті белең алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама базасын жаңғырту басталды. 2003 жылы қабылданған БҰҰ Конвенциясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі нормативтік құқықтық актіні білдіреді, онда әлем елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнамасын әзірлеу бағдарлары мен бағыттары көрсетілген. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы ҚР Заңының 6-бабында сыбайлас жемқорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіп құрамында көрсетіледі. Осы жағдайда көптеген елдердің қылмыстық заңнамасы көлемін ұлғайту үрдісіне ие болды. 1997 жылы қабылданған және 2014 жылдың соңына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 393 баптан, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық кодекс 467 баптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|