Лекция. Тақырыбы: sql тілінің нұсқаулары. Деректердің түрлері. Тұрақтылар. Өрнектер. Айнымалылар sql тілінің функциялары Лекция мақсаты



жүктеу 23,5 Kb.
бет1/8
Дата22.01.2022
өлшемі23,5 Kb.
#34880
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
9 лекция
тема, Ландшафт, Бала миын дамыту, Бала миын дамыту, Бала миын дамыту, Ежелгі дәуір әдебиеті Microsoft Office Word, Қазақ хандық дәуір әдебиеті, оку багдарламасы граф теор, 5В060100-Математика, Операцияны зерттеу Окулык, Қысқамерзімді жоспар баяндама, денсайлы0 14 обсож, 1 лекция 2022, АКТ ИФ заочный

9 лекция.
Тақырыбы: SQL тілінің нұсқаулары. Деректердің түрлері. Тұрақтылар. Өрнектер. Айнымалылар. SQL тілінің функциялары

Лекция мақсаты: SQL тілінің тілінің функциялары, нұсқаулары, тұрақтылар менөрнектер құру мүмкіндіктерін көрсету.

Жоспары:

  1. Деректер құрылымын анықтау. SQL тілінің нұсқаулары.

  2. Деректердің түрлері. Тұрақтылар. Өрнектер. Айнымалылар.

  3. SQL тілінің функцияларыSQL тілінің мүмкіндіктері, жетістіктері және функциялары.

SQL тілінің қырыққа жуық нұсқаулары бар. Әрбір SQL нұсқауы командадан (бұйрықтан), яғни нұсқаумен орындалатын әрекетті сипаттайтын кілтті сөзден (кейінге сақтау) басталады. Командадан кейін бір немесе бірнеше ұсыныстарқолданылады.

Ұсыныстар нұсқаулар жұмыс жасайтын немесе нұсқаулардың орындалуы туралы ақпараттарды анықтайтын деректерден тұрады. Әрбір ұсыныс кілтті сөзден басталады, яғни WHERE (қайда), FROM (қайдан), INTO (қайда) және HAVING (бар болуы).

Нұсқауда міндетті сөйлемдер болады, сөйлемнің нақты құрылымы және ұсыныс құрамы өзгеруі мүмкін. Ұсыныстар кесте немесе баған аттарынан, қосымша кілтті сөздерден, тұрақтылар және өрнектерден тұрады. Кілтті сөздерді үлкен немесе кіші әріптермен жазуға болады. Стандарттарда кілтті сөздер анықталған команда және ұсыныс нұсқаулары түрінде колданылады, оларды деректер қорының объектілермен бірдей (кесте, баған және қолданушылар) атауға болмайды.

Деректер қорындағы әрбір объектінің өзіне тән бірегей атауы (идентификатор) бар. SQL тілінің идентификаторлары деректер қорында белгілеу үшін арналған және кесте, ұсыну, бағандар, индекстер және деректер қорының басқа объектілерінің атаулары болып табылады. Идентификаторларда қолданушы пайдаланатын символдар, SQL стандартымен берілетін, символдар жиынтығы білдіреді. Стандарт идентификатор форматына келесі шектеулерді қояды: SQL-дегі атаулар әріптерден басталуы және ұзындығы 1-ден 128-ге дейінгі символдардан тұруы керек және бос орын немесе арнайы символдардан тұрмауы керек. Тәжірибеде әртүрлі ДҚБЖ-дегі атауларды қолдау әр қилы іске асырылған. Тасылмалдауды жоғарылату үшін атауларды салыстырмалы қысқа да түсінікті түрде етіп алған дұрыс және арнайы символдарды қолданбау керек.

Кестенің толық аты өзара нүкте арқылы бөлінген, иесінің аты мен өз атынан тұрады. Бағанның толық аты нүкте арқылы бөлінген бағаннан тұратын кесте аты мен баған атынан тұрады.

Қазіргі ДҚБЖ әртүрлі типтегі деректерді өңдеуге мүмкіндік береді. Деректер бірнеше типтердің бір түріндегі деректер қорында сақталатын ақпараттар жиынтығы. Деректер типі – бағанның, параметрдің немесе айнымалының қандай деректер түрін сақтайтынын көрсететін атрибут. SQL Server деректердің жүйелік типіне негізделген жүйелік және қолданушылық типтер жиынтығын қолдайды. Объектіге деректер типін тағайындау төрт атрибут арқылы анықталады:


  • объектіде бар болатын деректер түрі;

  • сақталатын мәннің өлшемі немесе ұзындығы;

  • санның дәлдігі (деректердің сандық типі үшін ғана);

  • санның бөлшек бөлігінің дәлдігі (деректердің сандық типі үшін ғана).

SQL Server-де сақталатын барлық деректер төменде айтылған жүйелік (базалық) типтердің бірімен үйлесімді болуы керек.

CURSOR – кестенің бағанына тағайындауға болмайтын жалғыз деректер типі. Оны сақталатын процедуралар айнымалыларына және параметрлеріне ғана қолданады.

Көптеген коммерциялық ДҚБЖ стандартта ерекшеленбеген деректердің типтерін қосымша қолдайды.

1-ші кестеде SQL және оның жариялануларының деректер типтерінің категориялары көрсетілген.



Кесте 1


жүктеу 23,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
бойынша жиынтық
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
жиынтық бағалау
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
оқыту әдістемесі
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
арналған әдістемелік
білім министрлігі
мемлекеттік мекемесі