Кескіндемелік шеберлікті қалыптастыруда жеке- дара оқытудың тиімділігі



жүктеу 51,19 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі51,19 Kb.
#14997


 

Қ.Ш.Омарқұлова, 



аға оқытушы 

 

КЕСКІНДЕМЕЛІК ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖЕКЕ- ДАРА ОҚЫТУДЫҢ 



ТИІМДІЛІГІ 

 

 

Қазіргі  кездегі  педагогика  саласында  көптеген  жеке  әдістемелік  амалдар  және  жеке-



даралықпен  оқытуды  ұйымдасыру  әдістері  қолданылып  жүр.  Бірақ,    дидактикалық  процестерді 

толығымен жеке-даралау мүмкін емес, өйткені оқытушы бір студентпен емес, топ студенттерімен 

айналысады.  Осы  проблеманы  зерттеушілер:  И.Э.Унт,  Е.С.Рабунский  және  басқалар  жеке-

даралықты  қолдану  оқу  іс-әрекетінің  барлық  көлемінде  емес,  көбінесе  эпизодтық-арнайы  жеке-

даралық  оқытудың  формасымен,  қандай  да  бір  оқу  жұмысының  түрінде  болатынын  көрсетеді. 

Оқу процесі,  жоғарыда көрсетілгендей,  әр түрлі формаларды, жеке  және ұжымдық жұмыстарды 

үйлестіреді.  

Алдыңғы жылдары бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша кескіндеме сабағында 

студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.              

Анықтау 


экспериментіндегі 

қорытындыны 

дәлелдеу 

үшін, 


біздің 

қалыптасу 

экспериментімізде  мынадай  мақсаттарға  жету  көзделді:  кескіндеме  шеберлігіне  жеке-дара 

оқытудың  оқу  жұмыс  жоспарын  құрастыру;  арнайы  курс  бағдарламасының  оқу  процесінде, 

практикада  тиімділігін  тексеру;  жеке  тәжірибелердегі  тәжірибе  әдістерінің  тиімділігін  тексеру; 

кескіндеме  шеберлігін  қалыптастыруда  ұйымдастырылған  жеке  тапсырмалардың  жүйелілігін 

және әр түрлі білім деңгейлерінің өсу нәтижелерін тексеру. 

Нақты  тапсырмалар  мен  жаттығуларды  өндіру  үшін,  кескіндеме  саласында  білім, 

біліктілікті  және  дағдыны  игеру  сапасын  көтеру  мақсатымен  оқу  процесінде  студенттерге  жеке 

тиімді іс-әрекеттік жүйесін анықтау қажет болды. Біз студенттердің жеке-даралық ерекшеліктеріне 

үйлесетін,  өзіндік  жұмыстардың  негізгі  жолдарын  белгіледік.  Басты  критерийлер  арқылы, 

студенттердің білім деңгейлері анықталған соң, 3 қойылымдық натюрморт салуда, жеке-даралық 

білімдерін  көтеру  мақсатында  студенттерге  карточка-тапсырмалар  қолдану  әдістерін 

қарастырдық.   

Осыған  байланысты  студенттердің  кескіндеме  сабағына  қызығушылықтарын  анықтау 

мақсатында, кескіндеме шеберлігінің негізгі мотивтерін анықтау үшін анкета сұрақтары жүргізілді. 

Анкетаның тақырыбы: «Кескіндеме пәнінің мені қызықтыру себептері»  деп аталды. 

Экспериментті  топта  –  13  студенттің,  бақылау  тобында  –  15  студенттің  қатысуымен  

жүргізілген  анкета жауаптарын талдау жұмысы мынадай  қорытындыға әкелді:  

Анкета қорытындылары әрбір студенттің оқу мотивация бағыттарын көрсетуге  нақты және 

толық  анықтама  бере  алмады.  Өйткені,  әрбір  студенттің  жеке  тұлғалық  бағыты  бар,  барлық 



 

аспектілерін  есепке  алу  мүмкін  емес.  Бірақ  жалпы  оқыту  мотивтерінде  мынадай  көрініс  алдық: 



кафедрада  бастапқы  оқыту  кезеңіндегі  анкета  қорытындылары  бойынша  оқытушы  өзінің 

педагогикалық, іс-әрекеттік бағыттарын анықтауға көмектеседі.  

Анкеталардың қорытындысы бізге келесі нәтижелерді анықтауға мүмкіндік берді:  

1. 


Студенттердің  көбісінің  кескіндеме  шеберліктері  жағынан  таза  техникасына 

байланысты  қызығушылықтары  болды.  Көптеген  студенттер  үшін,  маңызды  мотивтер  өздерінің 

шығармашылықтарын көрсетуге ұмтылыстарымен байланысқан. 

2. 


Көп  сұрақтардың  жауаптарынан  жоғары  топтағы  студенттердің  біліктіліктері 

байқалды,  сондықтан  олардың  кескіндеме  шеберліктерінің  даму  жолдары  мен  өздеріне 

сенімділіктері қалыптасқан деп тұжырымдауға болады. 

Осы  белгілерге  сүйене  отырып,  біз  мынадай  анықтамалар  құрдық:  1)  кескіндеме 

шеберлігін  дамытуда  оқытушы  алдында  тұрған  стратегиялық  мақсат  –  студенттердің  әлеуметтік 

маңыздылығы  бар  мотивацияларын  енгізу  және  жақын  арадағы  мақсат  –  кейбір  студенттердің 

кескіндеме  шеберлігіне  бағытталған  қызығушылықтарын  дамыту.  Мысалы,  төменгі  топтағы  Ж.А. 

кескіндемелік шеберлігін дамытуда акварель техникасын толық меңгеруге қабілеті жетіңкіремесе 

де, пастельмен жұмыс кезінде қызығушылығын көрсетіп, жұмысы жоғарғы жетістікте көрінді. Бұл 

сөзіміздің  дәлелі  кафедраның  оқытушылары  кафедраның  әдістемелік  қорына,  студенттер 

көрмесіне Айнұрдың бірнеше жұмыстарын алған болатын. 

3. 


Оқу  іс-әрекетінің  мотивтері  мен  қызығушылықтары  жеке  тұлғалық  бағыттарға 

байланысты:  өмірге  көзқарас,  өмірдегі  мақсаткерлік,  өзіне-өзі  баға  беру.  Бұл  жеке  тұлғалық 

қасиеттерді  оқу  процестерінде  ескеру  қажет,    сол  үшінде  оқытушы  өзінің  оқушысын  тереңірек 

зерттейді. 

Білім алушы студенттердің жеке тұлғалықтарын тереңірек зерттеу мақсатында, қалыптасу 

эксперименті  барысында  біз  кейбір  нақты  студенттердің  жеке  тұлғалығына  жан-жақты  зерттеу 

жұмысын  жүргіздік,  сонымен  қатар,  лабораториялық  тәжірибелер  жүргізуде  әр  түрлі  әдістерді 

(әңгіме,  бақылау,  анкета  жүргізу,  студенттердің  жұмыстарын  талдау)  қолданудың  тиімділігі 

анықталды.  Студенттің  жекетұлғалық  ерекшелігін  зерттеу  кезіндегі  бақылау  процестерінде  оқу 

процесіндегі  өзін-өзі  бағалау  сияқты  жеке  тұлғалық  бағыттағы  элементтерінің  маңызды  ролін 

байқадық.  Өзін  төмен  бағалау  оқу  процесінің  тиімділігін  төмендетеді,  сондықтан  біз    өзін-өзі 

дұрыс  бағалау  арқылы  оқудың  жетістіктері  мен  сапасын  жеке    эксперименттердің 

қорытындысында тексердік.  

Осыған байланысты келесі мысал келтіруге болады: 

Студент С.С. (1 курс) – ауылдық мектеп бітірген, арнайы кәсіби білім алмаған, табиғи сурет 

салу дағдысы мен  жоғары көркемдік қабілеті бар, өзін бағалауы өте төмен.  Бұл студенттің табиғи 

ерекшелігін, шығармашылық қабілетін ескерте отырып, өзінің күшіне сенімділігін бойына сіңіруге 

әрекет жасалып, жұмыстарына ұжымдық талдау  жүргізілді. Жүргізілген  әдістемелік амалдардың 

ішіндегі  студенттің  жұмысын  жеке  бағалау  жүргізілді,  топтағы  студенттердің  пікірлерімен 

байланыстыра  талдаудың  қорытындысымен  бағаланды.  Курстың  соңында  студенттің  өзін-өзі 

бағалауы  жоғарыланып,  өзіне  деген  сенімділігі  пайда  болды,  сонымен  қатар,  С.  сабақта 

белсенділігімен  көрінді.  Қалалық  байқау  көрмесіне  шығармашылық  жұмысымен  қатысып, 

жүлделі  орынға  ие  болды.  Студентердің  өзін-өзі  бағалауын  зерттеу  бағытында  жүргізілген 

жұмыстың тиімділігін байқау үшін, экспериментті топтағы студенттерге «Студенттің жеке тұлғалық 

бағыттары  -  әңгіме  жоспарын  құру»  деп  аталатын  анкета  қолдандық.  Мақсаты:  кескіндеме 

шеберлігін  дамытуда  жеке  тұлғалықтың  эмоциялық,  ойлау  қабілетіне,  және  белсенділігіне 




 

бағытталған негізгі қасиеттерді анықтау болды. «Өзіңді бағала» деп аталатын анкетаның мақсаты: 



студенттің  өзін  бағалауы  мен  сабақ  жүргізушінің  және  кафедра  оқытушыларының  бағаларымен 

салыстырып, әрбір студенттің өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға бағытталды. 

Осылайша  біз  анықтау  экспериментінің  қорытындысында  бейнелеу  өнері  циклындағы 

пәндерді  оқыту  процестерінде  бірқатар  жеке  ерекшеліктер  болатынын  анықтадық,  сонымен 

қатар, бізге кескіндеме шеберлікті дамытуда  жеке ерекшеліктерді  қарастыруымыз қажет болды.  

Кескіндеме  мазмұнын  рухани-эстетикалық  тұрғыдан  зерттеу  мақсатында,  суретші 

шеберлігінің құндылығын түсіну үшін, біз 1-курста келесі тақырып бойынша жазбаша жауап алдық. 

«Бұл  суретшінің  кескіндемелік  шеберлігі  –  мен  үшін  мақтаныш»    деп  аталды.  Ондағы  мақсат  – 

атақты  суретшілердің  репродукциялары,  сурет  көрмелеріндегі  шығармалары  немесе  қаладағы 

танымал суретшілердің шығармаларына талдау жасау, олардың шығармашылық жолы мен өзіндік 

ерекшеліктерін зертеу болды. 

Талдаудың қысқаша түрі төмендегідей құрастырылды: 

1. 

Сурет шеберінің аты-жөні. Қай дәуірде өмір сүрді? Тұрған жері және еңбек еткен 



орны. 

2. 


Суретшінің  жеке  ерекшелігі,  мінез-құлқы,  көзқарастары,  мәдениеттілігі,  адамға 

және суретші-оқытушының еңбегіне деген қарым-қатынасы.  

3. 

Бұл  суретші  неліктен  ұнайды?  Шебердің  жұмыстары  туралы  ойың,  суретші 



шығармасындағы  ұмтылдыратын  жақтары,  жұмыстарының  ерекшеліктері,  стилі,  манерасы, 

техникасы. Оның қандай қасиеттеріне ұқсағың келеді?  

Бұндай  талдаулар  немесе  суретші  және  білім  (бейнелеу  өнері  мамандары,  оқытушы-

ғалымдар)  қайраткерлерімен  арнайы  кездесулер  кеші  әңгіме-сұхбат  түрінде  де  жүргізілді. 

Суретшінің  ұшқыр  ой-қиялы,  өнері,  жетістіктерге  жету  жолдары,  алға  қойған  мақсаттары  мен 

армандары,  шеберлік  сырлары,  жеке  қасиеттері  туралы  пікірлерін  өз  ауыздарынан  есту 

студенттердің қызығушылықтарын белсендірді. 

Студенттердің  жеке  ерекшеліктерінің  мазмұны  мен  олардың  аудиториялық  және 

шығармашылық жұмыстарын орындау ерекшеліктерін талдау тұрғысынан да бақылау жүргізілді.    

1) 


Д.С.  акварель  бояуын  таза  мөлдір  алады  және  жеңіл  түрде  жазады.  Әсіресе 

қарындаштың көмегінсіз акварельмен орындауда шеберлік танытты. 2-семестрде шығармашылық 

жұмысқа  өзі  құрастырған  натюрмортын  орындауда  жоғарғы  жетістікте  көрінді  (жоғары  топтағы 

студент). 

2) 

С.Г. бояуды құрғақтау алып, бар күшін тонмен жұмысқа қолданып, тек қана заттың 



материалын  көрсетуге  ұмтылады.  Акварельден  гөрі  гуашьпен  жұмыс  жасағанға  икемді  (төменгі 

топтағы студент). 

3) 

А.А.  тонмен  жұмысты  көбейтпейді,  «таза  түспен  жазады»,  жұмысы  бояудың 



қанықтылығы мен түсті таза алуға негізделеді (жоғары топтағы студент) . 

1. 


Студенттердің  үй  жұмыстарын  орындауы  2-семестрдің  аяғына  таман  жеке 

ерекшеліктерімен  кескіндеме,  декоративті  кескіндеме  және  графика  бағыттарында  көріне 

бастады.  

1) 


С.С.  кескіндеме  материалдарымен  көбінесе  икемділігі  графикалық  бағыттарда 

жұмыс жасайды (орта топтағы студент).  

2) 

Т.М. акварель мен гуашь бояуына қарағанда, шығармашылық жұмыстарын майлы 



бояумен жасауға ұмтылады (төменгі топтағы студент). 

3) 


Б.Ә. кескіндемелік қасиеттерді пастельмен көрсетуге ұмтылыс жасай бастады (орта 

топтағы студент). 

4) 

Ж.А. көбінесе шығармашылық жұмыстарын пастель бояуымен жасауға ұмтылды. 




 

2. 



Студенттердің үй жұмыстарынан, сонымен қатар, заттардың көлемін, кеңістігі мен 

материалын көрсетуде әр түрлі қасиеттері байқалды. 

1) 

С.Г.  декоративті  түрде  жазады,  натюрморт  орындауда  кеңістік  пен  көлемді 



көрсетуге көп мән бермейді, оның үй жұмыстары сызық пен түстері декоративті стильде жоғары 

көрінеді. 

2) 

А.С.  негізінен  заттардың  материалдығын  көрсетуге  ұмтылып,  түстерді  қою  және 



қанық  түрде  алып,  акварельдің  тазалығына  кедергі  жасайды.  Сондықтан  оған  жеке  майлы 

бояумен  жұмыс  орындау  тапсырмасы  беріліп,  біліктілік  дағдысын  жоғарлатуға  ықпал  жасалды. 

Өйткені майлы бояу орындауда қателіктерін жөндеп отыруға мүмкіншіліктері болды.    

Осылайша,  кескіндеме  сабағының  аудиториялық  және  үй  жұмыстарын  талдауды 

қорытындылай келсек, студенттерде 1-курстың өзінде, кескіндеме бойынша белгілі ерекшеліктері 

болады.  Өйткені,  бұл  тек  білім  мен  білік,  дағдының  дамуына  ғана  байланысты  емес,  студенттің 

өзіндік көркемдік талғамының әсерінен, әрқайсысының қызығушылықтары мен икемділіктерінен, 

жеке табиғи ерекшеліктерінен болатыны анықталды. 

Курстың  соңында,  студенттердің  айқындалған  қасиеттерін тереңірек зерттеу  мақсатында, 

кескіндеме  шеберлігінің  ерекшеліктерімен  байланысқан  анкета  сұрақтары  жүргізілді.  Анкета 

студенттердің  1  жыл  ішінде  алған  білімдерін  тексеру  мақсатында  алынып,  кескіндеме 

материалдарымен жұмыс орындау деңгейлері мен шығармашылық белсенділіктері айқындалды. 

Ол статистикалық мақсатта емес, студенттерге кескіндеме шеберліктерін дамытуда қандай әдістер 

пайдалану қажеттігін анықтау мақсатында жүргізілді.  

Біз  кескіндеме  сабағында  зерттеу  жұмысын  жүргізу  кезінде  студенттердің  табиғи 

ерекшеліктеріне,  мінез-құлық  пен  темпераменттік  қасиеттеріне,  білім  деңгейлеріне  қарай  жеке-

даралық  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндіктер  қарастырдық.  Студенттердің  шығармашылық 

белсенділігін  арттыруда  білімді  қабылдау  қабілетіне  байланысты,  бірі  -  берілген  уақытта  оқу 

жұмысын  ойдағыдай  орындап  шықса,  бірі  -  бірнеше  дайындықтан  өтуі  керектігі,  оларға 

жаттығулар жасау қажеттігі байқалды.  

Зерттеу жұмысымызды қорыта келе, студенттердің білім деңгейлері нақты анықталған соң, 

үш  деңгей  бойынша  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  бағыттарына  әдістемелік  ұсыныстар 

ұйымдастырдық.  

 

Әдебиеттер тізімі 

1.    Аманжолов  С.А.,  Омарқұлова  Қ.Ш.  Кескіндеме  сабағында  студенттердің  шығармашлық  қабілеттерін 

дамыту жолдары.  

2.  Беда Г.В. Живопись, вопросы колорита. - М.: Просвещение, 1985. 

3. Тамбиев Б.Н. Индивидуальный подход к студентам в процессе обучение рисунку. 

4. Афтореферат.дис…канд.пед.наук.- М: 1990-16с.  

5. Унковский А.А. Методика работы над натюрмортом. - М., 1982.  

6. Платонов К.К. Об изучении психологии учащегося.  - М., 1999. 



 


жүктеу 51,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
жұмыс істеу
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
денсаулық сақтау
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная