Жеткіншектердің агрессиялық мінез-қҰЛҚын алдын алу және түзету жолдары нұрсұлтанова Д. А



жүктеу 65,88 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі65,88 Kb.
#17195


ӘОЖ  159.99 

 

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ АГРЕССИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ 



ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Нұрсұлтанова Д.А. 

Орал қ. 

 

Бүгінгі  таңда  агрессия  соның  ішінде  жеткіншектердің  агрессиялық  мінез-құлық  мәселесiне 



психологиялық зерттеулерге үлкен орын берiлiп, белсендi ғылыми-практикалық тұрғыдан iзденiстер талап 

етілуде.Жеткiншектер әлемiнде жиі жағдайда қарым-қатынастағы шиеленістер, мазасыздану, тұлғалық даму 

мен  мiнез-құлықтағы  ауытқулар,  агрессия  мiндеттi  түрде  кездесетiнi  баршамызға  мәлім.  Психологиялық-

педагогикалық мiндеттердiң бiрi жеткiншектердiң психикалық дамуындағы өзгерiстердiң себептерiн  тауып 

қана  қоймай,  оны  түзету  мен  алдын  алу  жұмыстарын  жүргiзу  де  өте  маңызды.Сондықтан  да  бұл 

жеткіншектерді анықтау мақсатында тек агрессивтіліктің деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен бірге 

агрессивті  мінез-құлықтың  алдын  алу  және  түзету  жұмыстарын  жүйелі  түрде  жүргізген  жөн.  Бала 

агрессивтілігінің алдын алу-бұл балалар мінез-құлығындағы агрессияны туындататын негізгі себептер 

мен  жағдайларды  жоюға  бағытталған  мемлекеттік,  қоғамдық,  әлеуметтік-дәрігерлік  және 

ұйымдастырушылық-тәрбиелік іс-шаралардың әсер ету үдерісі.  

Агрессивті  жеткіншектер-бұл  көмекке  мұқтаж  және  үлкендердің  қабылдамауына  ұшараған 

балалар  тобы.  Агрессивті  мінез-құлықтың  себептерін  білместік,  түсінбеушілік  агрессивті 

жеткіншетердің ересектер және құрдастар тарапынан оларды ашық түрде жақтырмай, қабылдамауына 

алып келеді. Жеткіншектің агрессивтілігінің алдын алу дегеніміз-бұл баланың агрессивті мінез-құлқын 

туындататын  әлеуметтік-психологиялық  факторларға  жол  бермеуге  бағытталған  іс-шаралар.  Тұлғаны 

түзету  оның  ауытқыған  мінез-құлығындағы  жағымды  тұлғалық  өзгерістерге  жағдай  жасау. 

Жеткіншектің  агрессивті  мінез-құлқын  түзету-  бұл  жеткіншек  тұлғасының  толыққанды  дамуы  және 

қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында агрессивті әрекеттерді анықтауға бағытталған психологиялық 

әсер  ету.Психологиялық  түзету-мектеп  психологының  психологиялық  әсер  етудің  арнайы 

құралдарының  көмегі  арқылы  баланың  агрессивті  мінез-құлқын  түзетуге  бағытталған  қызметінің  бір 

түрі. Психологиялық түзетудің жеке және топтық түрін бөліп көрсетуге болады. Жеке психологиялық 

түзетумен  айналысатын  психолог  баламен  бөтен  адамдардың  қатысуынсыз  жұмыс  жасайды.  Топтық 

психологиялық  түзету  жұмысы  кезінде  оқушылар  тобымен  өзара  әрекеттестік  болады,  агрессивтілік 

деңгейінің  төмендеуі  балалардың  бір-біріне  өзара  әсер  ету  және  өзара  қарым-қатынас  жасау  арқылы 

жүзеге  асады.  Агрессивті  мінез-құлықты  түзету  үшін  біршама  жұмыс  бағыттары  ұсынылған,  оларды 

дұрыс орындайтын болса жағымды нәтиже береуі мүмкін. 

Агрессивті балалармен жұмыс үш бағытта жүргізілуі қажет:  

1. Агрессивті балаларды ашуды дұрыс шығара білуге үйрету. 

2.Жанжал жағдайларында балаларды өзін-өзі ұстау, бақылау дағдыларына үйрету.  

3.Басқаларды түсінуге, сезінуге, олар үшін уайымдауға, басқаларға сенуге үйрету. 

Түзету жұмысы кезінде екі негізгі бағытты ескеру керек: 

-әлеуетті агрессорлармен (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) жұмыс істеу; 

- әлеуетті зорлық-зомбылық көрушілермен жұмыс істеу.  

Агрессиялық жүріс-тұрысты түзетудің негізгі шарттары:  

- қоршаған әлеуметтік ортада жағымды жағдайға бағдарлану; 

- қарым-қатынас мәдениетін дамыту; 

-  бірлік,  өзара  түсінушілік,  жылылық  сияқты  эмоциялық  қалыпты  ұстап  отыру.  Осыған 

байланысты  жасөспірімдерге  жақсы  көңілде  қарап,  жайдарылық  көрсетіп,  оларға  сенім  білдіріп, 

белсенді әрекеттерге шақырып, олардың жетістіктерін мақтап, «кері байланыс» жасап отыру керек.  

Жеткіншектердің  агрессивтілігімен  байланысты  мектептерде  нәтижелі  жұмыс  атқару  үшін 

міндетті түрде психология және психологиялық диагностика, бала тұлғасын түзету салалары бойынша 

терең  білім  қажет.  Бұл  мәселемен  айналысатын  маман  психологиялық  әдістермен  тәжірибеде  жұмыс 

істей  білуі  және  баланың  агрессивтілігін  түзету  және  алдын  алу  мақсатында  әртүрлі  тренингтерді 

жүргізу  және  ұйымдастыра  білу  дағдысы  болуы  керек.  Жеткіншектің  агрессиялық-мінез  құлқын 

анықтауда мына төмендегі әдістердің алатын орны еркше және де оларға қысқаша тоқталып кетейік. 

Бақылау  әдісі  баланың  агрессивті  мінез-құлқын  зерттеуде  кеңінен  қолданылады.  Бұл  әдістің 

мақсаты  оқу  және  басқа  да  іс-әрекет  барысында  жасөспірімнің  педагогтар  мен  құрбыларымен  өзара 

қарым-қатынас жасау үдерісіндегі жағымды және жағымсыз факторлар ерекшеліктерін анықтау болып 

келеді.  Психологтың  сұрауы  бойынша  ата-аналар,  мұғалімдер,  сынып  жетекшілері  бақылау 

мәліметтерін  тіркеп  отырады.  Сабақ  барысындағы  немесе  сабақан  тыс  уақыттардағы  психолог  пен 

педагогтың бақылаулары бала тұлғасы туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді. Баланың мінез-



құлқын бақылау барысында америкалық психологтар М. Алворд мен П. Бейкер өңдеген критерийлерді 

қолдануға  болады.  Егер  баланың  6  ай  ішіндегі  мінез-құлығынан  төменде  берілген  8  белгінің  4-еуі 

байқалса, онда оны агрессивті деуге болады. Балада агрессиясының болу белгілері:  

- өзін-өзі жиі басқара алмайды.  

- үлкендермен жиі сөз таластырады, ұрсысады.  

- ережелерді орындаудан жиі бас тартады.  

- адамдарды әдейі жиі ашуландырады.  

- өз қателіктеріне басқаларды жиі кінәлайды.  

- жиі ашуланады және белгілі бір нәрселерді орындаудан бас тартады.  

- кекшіл, қызғаншақ. 

-сезімтал,  оны  ашуландыратын  оны  қоршаған  адамдардың  (балалар  мен  ересектер)  әртүрлі 

әрекеттеріне жылдам жауап береді. 

Әңгімелесу әдісі. Жасөспірімдердің ата-аналарымен және де отбасының басқа да мүшелерімен, 

педагогтармен, мектептегі және мектептен тыс жерлердегі достарымен қарым-қатынасын анықтау үшін 

әңгімелесу  әдісі  қолданылады.  Әңгімелесу  материалдары  жасөспірімнің  агрессивті  мінез-құлқының 

себептерін  үлкендер  көзқарасымен  көруге  мүмкіндік  береді.  Оның  теріс  әрекеттері  үшін  кім  өзін 

жауапты санайтындығын айқындаймыз. Әңгімелесу барысында жасөспірімнің өзінің агрессивті мінез-

құлқының себептерін қалай түсіндіретіндігін, оған қандай адамгершілік баға беретіндігін біле аламыз. 

Сараптамалық  бағалау  әдісі.  Бұл  әдіс  бірнеше  сарапшылардың  бақылау  үдерісінде  баланың 

агрессия  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  пән  мұғалімдері,  сынып  жетекшісі,  спорттық 

секцияның жаттықтырушысы, ата-аналар, үлкен аға, апайлары болуы мүмкін. Сарапшыларға «Бақылау 

картасы»  (Стоттың  картасы  тәрізді)  беріледі,  баланың  агрессивті  мінез-құлқын  сипаттайтын баланың 

бірнеше  мінез-құлық  белгілері  беріледі,  сонымен  қоса  оларды  бағалайтын  бағалау  шәкілі  беріледі:-

әрқашан-3 балл-жағдайға байланысты-2 балл-кейде-1 балл-ешқашан-0 балл. Әр сарапшы агрессияның 

көріну жиілігін балл арқылы бағалайды. Соңынан әр бақылаушы үшін орта көрсеткіш есептеледі. 

Сауалнамалық  әдістер. Агрессивтілікті  зерттеу  әдістерінің  бірі-сауалнама. Бірақ,  өкінішке  орай 

А. Басс айтқандай, сауалнамалар агрессияны зерттеуде кеңінен қолданылмайды. Ол мұны балалардың 

сұрақтарға  жауап  беру  барысында  өздерін  жақсы  жағынан  көрсетуі  мүмкін  дейді.  Бұл  үрдіс 

«әлеуметтік  қажеттілік»  деп  аталады.  Сауалнамалық  әдістер  анкеталарды,  тұлғалық  сауалнамаларды, 

тесттерді  қолданады.  Анкеталау  әдісінің  ерекшелігі  жылдам  жүргізілуі,  көп  адам  қатысуы,  алынған 

мәліметтердің  сандық  нәтижесі  болып  келеді.  Кемшілігі  әлеуметтік  жақсы  көрінуге  тырысу 

мақсатында  балалар  анкета  сұрақтарына  жалған  жауап  беруінде.  Агрессивті  мінез-құлықты 

психологиялық диагностикалаудағы ең қолайлы әдіс Басса-Даркидің сауалнамасы болып есептеледі, ол 

жасөспірімдердің агрессивтілігін зерттеуде кеңінен қолданылады. 

Проективті  әдістер.  Балалардың  салған  суреттері  біз  ойлағаннан  да  көп  нәрсені  айтуы  мүмкін. 

Балалар бояулар мен қарындаш арқылы мұғалімдер, ата-аналардан жасырғандарын жеткізеді. Балалар 

кейде  өз  мәселелерін,  күйзелістерін,  қорқыныштарын  сөзбен  жеткізе  алмайды,  бірақ  қағаз  бетінде  өз 

агрессивтілігін  сурет  арқылы  жеткізе  алады.  60-80%  оқушыларға  жүргізген  зерттеулер  бойынша 

балаларда агрессивтіліктің қандай да бір түрі кездеседі, бірақ балалар агрессивті көріністерді шынайы 

мінез-құлқында  көрсетпеуі  де  мүмкін.  Яғни,  агрессивтілікті  тек  агрессияның  алғышарты  ретінде 

қарастыру  керек.  Бірақ  оның  шынайы  мінез-құлықта  көрінуі  баланың  нақты  әлеуметтік  жағдайына 

тәуелді.  Мектеп  жасындағы  балалардың  агрессивтілік  деңгейін  анықтау  үшін  келесі  проективті 

әдістемелер  ұсынылады.  Балаларды  зерттейтін  проективті  психологиялық  әдістерге  бала  әрекетінің 

нәтижесін  талдауды  жатқызамыз-бұл  суреттер,  батпақтан,  ермексаздан,  әртүрлі  аппликациялардан 

жасалған  мүсіндер.  Сурет  тесттерін  орындай  отырып,  балалар  әдетте  үлкендердің  суретке  деген 

қызығушылқтарына қуанып, қағазда не салынғаны туралы әңгімелегенді ұнатады. Бала сурет арқылы 

өзінің мәселесін көрсетуге тырысады [1;61]. 

Мектепте  агрессивтілік  және  күш  көрсету  деңгейінің  алдын  алу  және  түзетумен  психологтар 

айналысады.  Мектептегі  психологтың  жұмысының  өзіндік  ерекшелігі  бар  және  оқушылылардың 

психологиялық  жағдайын  қадағалаумен,  психологиялық  кеңес  берумен,  тренингтер  жүргізумен 

ерекшеленеді.  Өткен  ғасырдың  50  жылдарына  жақын  арнайы  ұйымдастырылған  тренинг  топпен 

психологиялық  жұмыс  жүргізудің  ыңғайлы,  конструктивтік,  тез  әрекет  етуші  формаларының  бірі 

болып табылады. Тренинг арнайы психотерапевтік және психологиялық түзету техникаларынан бөлек, 

іскерлік және рөлдік ойындарды, шешімді топпен бірігіп табудың пікірталастық әдістерін яғни қажетті 

дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған  тәсілдерді  қамтуы  қажет.  Адамдардың  тұлғалық  өзіндік 

санасы мен кәсіби дамуының қажетті психологиялық шарттарын жүзеге асыруға, мінез-құлықтары мен 

әлемге  және  басқа  адамдарға  қатынасын  өзгертуге,  басқа  психологияық  әдістер  ішінде  тек  тренинг 

қана жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

Тренинг  (ағылшын  тілінен.  training,  train-үйрету,  оқыту,  тәрбиелеу)-білім,  біліктілік  пен 

дағдылар,  әлеуметтік  нұсқаулардың  дамуына  бағытталған  белсенді  оқытудың  әдісі.  Тренинг  көп 




жағдайда жаңа  ақпаратты игерумен  қатар,  тәжірибелер  арқылы білімді игерудің  қажетті  нәтижелерге 

жетуде қолданылады. Тренингтердің даму тарихы оқытудың даму тарихы секілді мыңдаған жылдарды 

қамтиды. Дегенмен, 1912 жылы Dale Carnegie Training орталығының негізін қалаушы Дейл Брекенридж 

Карнеги  тренингтерді  ерекше  қолдана  бастады.  Бұл  орталықта  әлі  күнге  дейін  сөйлеу  мәнері,  өзіне 

сенімділік,  адамдар  арасындағы  өзара  байланыстар  дағдысының  дамуына  байланысты  тренингтер 

өткізіліп  тұрады.  Тренигті  оқыту  түрі  ретінде  дамуына  неміс  әрі  американың  әлеуметттік 

психологыКурт  Цадек  Левинерекше  үлес  қосты [2;39].  Ол  1946  жылы  өз  әріптестерімен  бірге  өзара 

байланыс  құзіреттілігін  жоғарылатуға  бағытталған  тренингтік  топтың  негізін  қалады.  Зерттеушілер 

анықтағандай,  қатысушылар  өзіндік  психологиялық  толғаныстарын  айқындау  арқылы  жеке 

жетістіктерге  жетеді.  К.  Левин  шәкірттерінің  сәтті  жұмысы  АҚШ-та  алғаш  рет  ұлттық  тренинг 

Лабораториясының  негізін  қалауға  себеп  болды.  Бұл  лабораторияда  базалық  шеберлікті 

қалыптастыратын  тренигтік  топ  құрылды.  1954  жылы  адамның  өмірлік  құндылықтарын  анықтауға 

бағытталған тренингтік топтар пайда болды. 

Өткен ғасырдың 60-жылдары Карл Роджерстың гуманистік психологиясы дәстүрлеріне сүйенген 

әлеуметтік  және  өмірлік  икемділікті  қалыптастыратын  тренинг  қозғалысы  пайда  болды.  Ал  70-

жылдары  Лейпциг  және  Йен  университеттерінде  М.  Форверг  жетекшілігімен  әлеуметтік-

психологиялық  тренинг  деп  аталған  әдіс  дайындалды.  Жеткіншектердің  агрессиялық  мінез-құлқын 

түзету мақсатынданда мына төмендегі тренингтерді пайдалануға болады:  

Жаттығу № 1 «Өз есіміңмен таныстыру» 

Мақсаты:Бір-бірімен таныстыру. 

Барысы. 

Жүргізуші:  Сен  дауыссыз  киноның  актерісің.  Сенің  мақсатың  мимикамен,  қимылмен  есте 

қалардай қимыл көрсту. Содаң соң дыбыс арқылы  есіміңді айту. 

Жаттығу № 2  «Ашу ситуациясы» 

Мақсаты: ашумен жұмыс істеуге бағыттау. 

Барысы. 


Жүргізуші:  Қатысушыларға  ұсынады:  «Қатты  ренжіп,  ашуланған  кезді  еске  түсіру.  Сол  сәттегі 

көңілі туралы айтып береді. Содаң соң сол сәтті ойнатып, талдау» 

Жаттығу № 3. «Итерісу» 

Мақсаты:достық қарым-қатынасты орнату. 

Барысы: 

Жалпы оқушыларды  екіге бөлу. Екі қатарға тұрып, алақандарымен бірін-бірі итереді. Содаң соң 

орындарымен  ауысып арқаларымен бірін-бірі итеру. 

Жаттығу № 4. «Метродағы оқиға» 

Мақсаты: Өтіну, сұрау, бұйыру айырмашылықтарын сезіну. 

Барысы: жүргізуші метрода болған оқиғаны ойнап келтіруді ұсынады. Қиын жасөспірімдер отыр 

екен, ал  қастарында  зейнеткер  әже. Отыруға орын сұрау қажет. Орын сұраушы бір неше адам бола 

алады.  Жасөспірімдер  өздерін  сәйкес  ұстайды.  Әрқалай    пікір  алмасу,  кім  қалай  орын  сұрады. 

Шынайыдан қандай айырмашылығы бар. Жүргізуші  оқушылармен  бірге «өтіну», «сұрау», «бұйыру» 

деген түсініктерді ажыратады. 

Жаттығу № 5. Өзара қарым-қатынас түрлері. 

Мақсаты: Қарым-қатынас түрлерін ажырату,  өмірде керекті түрін пайдалана білу. 

Барысы. Жүргізушінің  адамдар арасындағы  өзара қарым-қатынас  түрлері туралы ақпараты: 

Бірлесу-өзара әрекеттің  ең идеалды тәсілі; 

Паритет-екі жақтың пайдасына  негізделген  тең қарым-қатынас

Жарысу-жағымжы түрде жарысып, жоғары деңгейге жету. 

Жүргізуші  балаларға    өз  құрдастарымен,  ересектермен    өзара  қарым-қатынастары  бойынша  

мысалдар келтіруді сұрайды. 

Жаттығу № 6  «Сезімдер әлемі» 

Мақсаты:  сезімдерді ойнап, көрсету жағдайында-олардың мәнін түсіну. 

Барысы:  Жүргізуші  әрбір  балаға  екі  таратпадан  алуды  ұсынады.  Сары  және  жасыл    түстерде  

төмендегі  сезімдер келтірілген. 

Сары  таратпалар:  қуаныш,  үміт,  махаббат,  салмақтылық,  мейірім,  батылдық,  достастық, 

сенімділік. 

Жасыл таратпалар: қайғы, мұң, ашу, реніш, құлық, кек. 

Балалар таратпадағы кезекпен сезімдерді вербалды емес түрде көрсетеді. 

Жүргізуші сұрақтар қояды: 

- қандай сезімді  көрсеткен жеңіл? 

- көрсету кезінде  қандай қиындықтар туындады? 

Жаттығу № 7. «Күншуақ» 




Мақсаты: жақсы көңіл-күй сыйлау, балаға өз көңіл-күйін түсінуді, оған баға беруді үйрету. 

Барысы: 


Жүргізуші:  Денелеріңді  бос  ұстап,  ыңғайланып  отырып,  көздеріңді  жұмыңдар.  Өздеріңді 

жағажайдамыз  деп  сезініңдер.  Күн  жарқырап  сәулесін  төгіп  тұр.  Күн  шуағының  жылуын  сезініңдер. 

Талдау. 

Жаттығу № 8 «Қоштасу» 

Мақсаты: алған сезімдерін, анықтап,  түйіндеу. 

Барысы: 


Жүргізуші: Дөңгелене отырып, бір-бірінің  қолдарынан ұстап, көршісінің жүзіне үндемей қарап, 

мейірімді  де  әсем  күлкісін  сыйлайды.  Содан  соң  көршісінің      жақсы  қасиеттерін  айтады,  кезекпенен 

осылай жалғаса береді. 

Психологиялық  кеңес  беру  жұмысы-мектеп  психологы  қызметінің  өте  маңызды  бөлігі  болып 

табылады. Кеңес беру-мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен жүргізіледі.  

Балалардағы агрессивті мінез-құлықты түзетуге ұсыныстар 

1. Балалардағы агрессивті жүріс-тұрысты түзетуді ең алдымен ата-анадан бастау керек. Есіңізде 

болсын, отбасында қажетті өзгеріс болмай, балаңыздың бойындағы агрессияны түзету мүмкін емес.  

2. Бала әрбір сәтте өзін ата-анасының сүйетінін, бағалайтынын, қажет екендігін, қабылдайтынын 

сезінуі қажет. Оны сүюден және аяудан ұялмаңыз.  

3.  Басқа  адамдар  туралы  жаман  сөздер  айтпаңыз,  ашуға  бой  алдырмаңыз,  тиімді  мінез-құлық 

ерекшелігін көрсетіңіз.  

4.  Дауыс  көтеру  және  тыйым  салу  агрессивтілікті  жеңуде  тиімді  нәтиже  бермейді.  Осындай 

мінез-құлықтың себебін түсінгеннен кейін ғана, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз.  

5. Эмпатияны дағды ретінде қалыптастырыңыз.  

6.  Балаңызға  өз  агрессиясын  шығаруға  мүмкіндік  беріп,  басқа  нәрсеге  көңіл  аудартыңыз 

(мысалы, жастықты ұру).  

7.  Баланың  өзін-өзі  көрсетуге  ұмтылуын  басуға  тырыспаңыз,  түсінушілікпен  қарап,  ортақ  бір 

шешімге келіңіз. 

Балаларыңызды  спорт  мектептеріне  беріп,  гантел,  эспандермен  күнделікті  гимнастикалық 

жаттығу  жасауға  үйретіп,  гір  көтертіп,  қолына былғары  қолғап  беріп,  боксерлік  өнермен  айналысуға 

жетелеңіз.  Бала  өз  агрессиясын    бейбіт  айқасқа  жұмсасын.  Өйткені  агрессия  ауру  тудыратын 

зарядтармен қуатталған, жарылыс қаупі бар нәрсе. [3;27]. 

Қорыта  келгенде  оқушылардың  агрессивтілігінің  алдын  алуын  қамтамасыз  ету  мақсатында 

мектеп  басшылығы  пән  мұғалімдерінің,  сынып  жетекшілерінің,  әлеуметтік  педагогтар  мен  педагог-

психологтардың  агрессивті  және  «тәуекел  топтардағы»  балаларды  ертерек  анықтау  бойынша  тығыз 

өзара  әрекеттестігін  қамтамасыз  етуі  керек.  Өкінішке  орай,  көп  жағдайда  психологиялық  жұмыстар 

оқушылар мен пән мұғалімдерімен шектеліп жатады. Ал ата-аналар жұмыс бастылыққа мойын болған 

осынау  нарық  заманында  мектепке  сирек  бас  сұғатын  болғандықтан  психологиялық  кеңестер  мен 

көмектерден  қалыс  қалып  жатады.  Сондықтанда  мектептегі  псхологиялық  көмекті  тек  кана 

оқушылармен,  пән  мұғалімдерімен  шектемей  ата-аналарға  берілетін  кеңесті  күшейту  керек.  Ата-

аналарға  жеткіншектердің  агрессивтілігінің  алдын  алу  мен  тузету  жолдары  жайындағы  ұсыныстар 

буклет, брошюралар арқылы таратылса артық болмас еді.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Ахметтаева  С.С.,  Ережепова  Ж.К.,  Сембина  Ж.Ж.,  Возняк О.А.,  Пен  С.Г  «Зорлық-зомбылық 

және қаталдық белгілерінің көрінуі мен балалар  агрессивтілігі деңгейін анықтау бойынша әдістемелік 

нұсқаулықтар»  Психологтарға,  педагогтарға  және  ата-аналарға  арналған  әдістемелік  құрал-Астана 

2013ж 

2. Тархова Л. «Как уберечь ребёнка от тюрьмы и панели», Москва, 1997,  



3.  Рудестам  К.  Групповая психотерапия. Психокорекционные группы: теория и  практика.  –  М.: 

Прогресс, 1990. 



 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 65,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып