БЕКІТЕМІН
«Energy Motion Group» ЖШС
директоры
Е. А.Фетисова
_____________
«___» ________ 2014 ж.
|
КЕЛІСІЛДІ
«Қаржы орталығы» АҚ
президенті
Р. С. Әлімқұлов
________________
«___» ________ 2014 ж.
|
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУДІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
ҚЫЗМЕТІН АҚПАРАТТЫҚ (АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН) БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ (ҰЖНҚ қаабж)
ТӨЛҚҰЖАТЫ
Астана, 2014
МАЗМҰНЫ
1 жүйе туралы жалпы мәліметтер 3
1.1 Жүйенің атауы, шартты белгіленуі және құрылған жылы 3
1.2 Жүйенің құрылу мақсаты 3
1.3 Әзірлеушінің атауы және деректемелері 3
1.4 Тапсырыс берушінің атауы және деректемелері 3
2 ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ 4
2.1 Жүйемен іске асырылатын функциялар құрамы туралы мәліметтер 4
2.2 Жүйенің жұмыс істеу принципінің сипаттамасы 4
2.3 Жүйенің жұмыс істеу жалпы регламенті және тәртіптері 5
2.4 Басқа Жүйелермен үйлесімділігі туралы мәліметтер 5
3 ТОЛЫМДЫЛЫҚ 6
4 қабылдау туралы куәлік (акт) 7
5 ЖАБДЫҚТАУШЫның ( әзірлеушінің) КЕПІЛДІКТЕРІ 8
6 НАРАЗЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 9
-
жүйе туралы жалпы мәліметтер -
Жүйенің атауы, шартты белгіленуі және құрылған жылы
Жүйенің атауы – «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУДІ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ «ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚЫЗМЕТІН АҚПАРАТТЫҚ (АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН) БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ».
Жүйенің шартты белгіленуі – «ҰЖНҚ ҚААБЖ».
Жүйенің құрылған жылы – 2014 ж.
-
Жүйенің құрылу мақсаты
ҰЖНҚ ҚААБЖ құру мақсаттары болып табылады:
-
орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізуге қатысатын мектептер бойынша деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, есептеуді, мониторингілеуді және талдауды жеңілдету, жеделдету,;
-
орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу бойынша жұмыстар шеңберінде «Қаржы орталығы» АҚ пайдаланатын мектеп деректерінің дәйектілігін жоғарылату.
-
Әзірлеушінің атауы – «Energy Motion Group» ЖШС.
Әзірлеушінің деректемелері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Есенберлин көш.,155 үй. Байланыс телефондары: +7 (727) 367 23 43, 260 12 74
-
Тапсырыс берушінің атауы және деректемелері
Тапсырыс берушінің атауы – «Қаржы орталығы» АҚ
Тапсырыс берушінің деректемелері – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Орынбор көш. 18, 3-қабат. Байланыс телефондары: +7 (7172) 695-060, 448-868.
-
ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ -
Жүйемен іске асырылатын функциялар құрамы туралы мәліметтер
Жүйе кейін мониторингілеуге, кешенді талдауға, есептеуге пилоттық мектептер бойынша деректер жинауды, сақтауды және өңдеуді автоматтандыру үшін, сондай-ақ жүйе дайындайтын есептерді шығару үшін арналған. Олар:
-
пилоттық мектептер бойынша дәйекті және өзекті деректер жинау;
-
пилоттық мектептер бойынша жиналған деректерді мониторингілеу;
-
нормативтердің автоматтандырылған есебі;
-
пилоттық мектептердің қаржыландырылуының автоматтандырылған есебі;
-
есептердің автоматтандырылған шығарылуы.
-
Жүйенің жұмыс істеу принципінің сипаттамасы
Жүйе келесі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді:
-
параметрлер бойынша пилоттық мектептер бойынша деректерді талдау;
-
параметрлер бойынша пилоттық мектептердің оқушылар саны бойынша деректерді талдау;
-
параметрлер бойынша оқушылар қозғалысы бойынша деректерді талдау;
-
параметрлер бойынша оқушыларды қаржыландыру нормативтерін талдау;
-
білім беру процесін қаржыландыру мөлшерінің есебін талдау;
-
жан басына нормативті қаржыландыруды сынақтан өткізудің аралық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау;
-
республикалық бюджеттен білім беру процесін қаржыландыруға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің жұмсалуы туралы ақпаратты талдау;
-
мектептер бойынша ақпаратты жинақтау және сақтау;
-
ақпарат тұтастығын қамтамасыз ету;
-
деректердің жүйеге келтірілуі, сақталуы және рұқсат етілмеген қол жетімділікке қарсы қорғанысы;
-
тігінен және көлденеңінен ақпараттық және қаржылық ағындарды оңтайландыру бойынша ұйымдастырушылық міндеттерді шешу;
-
ақпараттық және қаржылық ағындардың жұмыс істеуін бақылау;
-
деректерді математикалық өңдеу және олардың негізінде үлгілеу;
-
бастапқы деректерді, оларды өңдеу нәтижелерін визуализациялау және барлық заманауи құралдар жиынтығын қолданумен кеңістіктік ұсыну;
-
жүйенің оны толықтыру және түрлендіру үшін ашықтығы;
-
мамандар, жетекші қызметкерлер және қоғам өкілдері үшін баяндамалар, ақпар, есептер мен графикалық құжаттама жасау;
-
пайдаланушылар мен шешімдер қабылдайтын тұлғаларды ақпараттық жасақтаманы тәжірибелік пайдалануға оқытуды (үйретуді) ұйымдастыру.
-
Жүйенің жұмыс істеу жалпы регламенті және тәртіптері
Жүйенің жұмыс істеу регламенті «ҰЖНҚ ҚААБЖ-ның жұмыс істеу регламенті» атты құжатта сипатталған.
Жүйенің жұмыс істеу тәртібі:
Жүйе оның жұмыс істеуін қамтамасыз етумен және бағдарламаларды жаңартумен байланысты профилактикалық немесе басқа жұмыстардың жүргізілу жағдайларын қоспағанда, тәулік бойы үздіксіз тәртіпте жұмыс істеуді.
-
Басқа Жүйелермен үйлесімділігі туралы мәліметтер
Жүйе мынадай Операциялық жүйелер негізінде жұмыс істейтін басқа жүйелермен үйлесімді:
-
ТОЛЫМДЫЛЫҚ
Жүйе келесі аппараттық жасақтама негізінде жұмыс істеуді:
-
Сервер 1: Server Dell R 720;
-
Сервер 2: Server Dell R 220.
-
қабылдау туралы куәлік (акт)
Жүйені тұрақты (өндірістік) пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қою күні және Актіге қол қойған тұлғалардың аты-жөні: 29 желтоқсан 2014 жыл («Energy Motion Group» ЖШС директоры Е.А. Фетисова және «Қаржы орталығы» АҚ президенті Р.С. Әлімқұлов арасында).
-
ЖАБДЫҚТАУШЫның ( әзірлеушінің) КЕПІЛДІКТЕРІ
ҰЖНҚ ҚААБЖ жүйесін әзірлеуші Жүйе тұрақты қолданысқа енгізілген сәттен бастап 1 жыл ішінде кепілдікті техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Әзірлеушінің Жүйеге кепілдікті және техникалық қолдау көрсетуіне кіретін қызметтер тізбесі:
-
Жүйемен жұмыс жасау бойынша пайдаланушыларға және әкімшіге кеңестеме беру, сұрауларды қабылдау және электронды пошта немесе телефон арқылы мезеттік (1 сағаттан кешіктірмей) кеңестеме беру;
-
Тапсырыс берушінің талабы бойынша Жүйе жұмысындағы техникалық мәселелерді шешу үшін Жабдықтаушының мамандарын жіберу;
-
ақаулықтарды диагностикалау;
-
Жүйе жұмысының барысында туындаған ақаулықтарды барынша жылдам жою;
-
Жүйе жұмысындағы қиындықтарды жою бойынша ұсыныстарды дайындау;
-
Жүйеде оны тұрақты қолданысқа қабылдағаннан кейін қиындықтар мен қателіктер анықталған жағдайда, оны жою және шешу үшін техникалық ақпаратты және/немесе қосымша бағдарламалық компоненттерді (түзетулерді) ұсыну;
-
Қателіктерді түзеткеннен кейін қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың жаңартылған нұсқаларын орнату;
-
Сенімділік пен өнімділік тұрғысында Жүйені дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
-
Сабақтас ақпараттық жүйелермен және оларды әзірлеушілермен өзара әрекеттесу;
-
«Ақпараттандыру туралы» ҚРЗ сәйкес Жүйені электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тізілімінде тіркеуде жәрдемдесу;
-
«Ақпараттандыру туралы» ҚРЗ сәйкес, Жүйені сақтауға беруде, мемлекеттік есепке алуды, тіркеуді және Жүйе құжаттамаларын депозитарийде сақтауды қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
-
Қажет болған жағдайда Тапсырыс берушінің талабы бойынша Жүйенің атқарымдылығын кеңейту, Жүйені пайдалану барысында нақты міндеттерді оңтайлы орындау үшін Жүйені жетілдіру.
-
НАРАЗЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Жүйе жұмысында ақаулықтар мен қателіктер анықталғанда Тапсырыс беруші Әзірлеушіге наразылық жөнелтеді, онда осындай ақаулықтардың және қателіктердің сипаты мен белгілері, сондай-ақ олар анықталған жағдайлар сипатталады.
Наразылықтар Әзірлеушіге жазбаша түрде мына мекенжай бойынша жіберілуі тиіс: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Есенберлин көш., 155 үй,«Energy Motion Group» ЖШС, және/немесе электронды пошта бойынша: support@emg.kz және support@twsystems.kz .
Әзірлеушінің наразылықты қарау мерзімі – наразылықты алған күннен бастап 1 (бір) күн.
Әзірлеуші наразылықты кепілдікті техникалық қолдау шеңберінде қабылдайды және Жүйе жұмысындағы ақаулықтар мен қателіктерді тегін жояды.
ҚҰРАСТЫРДЫ
Ұйым, кәсіпорын атауы
|
Орындаушының лауазымы
|
ТАӘ
|
Қолы
|
Күні
|
«Energy Motion Group» ЖШС
|
Жоба менеджері
|
С.К. Гайсин
|
|
|
Бағдарламашы
|
А.О. Кыстаубаев
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Ұйым, кәсіпорын атауы
|
Орындаушының лауазымы
|
ТАӘ
|
Қолы
|
Күні
|
«Қаржы орталығы» АҚ
|
Вице-президент
|
Р.С. Шариман
|
|
|
Әкімшілік департаментінің
Директоры
|
М.П. Әуезханов
|
|
|
Экономика және қаржы департаментінің
директоры
|
Л.Б. Бажутова
|
|
|
Білім беру кредиттеріне кепілдік беру және жобаларды дамыту департаментінің директоры
|
З.Е. Әбжекенова
|
|
|
Жүйелік әкімші
|
М.К. Теміржанов
|
|
|
Бағдарламашы
|
К.М. Мәулет
|
|
|
Білім беру кредиттеріне кепілдік беру және жобаларды дамыту департаментінің бас менеджері
|
А.А Қадесова
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |