Физикалық химия пәні. Негізгі бөлімдері



жүктеу 113,88 Kb.
бет1/4
Дата29.01.2022
өлшемі113,88 Kb.
#37278
  1   2   3   4
1 Термодинамика

ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Фармация мектебі

Термодинамика

Дәріскер: Аширбекова Б.Б.

Қарағанды 2021

Физикалық химия пәні. Негізгі бөлімдері

 

Физикалық химия зат құрылысының заңдылығын, химиялық жүйедегі тепе-теңдікті, тепе-теңдіктегі бір күйден екіншіге ауысу мүмкіндігін көрсететін заңдылықты және химиялық түрлену процесін зерттейді. Мұндағы екі мәселе, атап айтқанда тепе-теңдікте тұрған күй мен осы күйден екіншіге ауысу кезіндегі жалпы заңдылықты зерттеу, физикалық химияның негізгі тарауы болып саналады.



Физикалық химия бірнеше тарауға бөлінеді.

Зат құрылысы — атомдар мен молекулалар арасындағы ішкі құрылыс пен олардың өзара қатынастарын, физикалық және химиялық қасиеттерін зерттейтін тарау. Мұнда молекула геометриясы, молекуланың ішкі қозғалысы мен оған әсер етуші күш табиғаты және сол сияқты молекулалар арасындағы күштер зерттеледі.

Химиялық термодинамика - әр түрлі жағдайлардағы физикалық және химиялық өзгерістердің жылу балансын есептеп, өзгерістердің бағыты мен мүмкіндігін анықтайтын бөлім. Химиялық термодинамиканың көмегімен физикалық және химиялық тепе-теңдіктің негізгі заңдылығы анықталып, температура, қысым, концентрация сияқты өлшемдердің бірі не бірнешеуі өзгергендегі тепе-теңдік заңдылығының құбылысы, түрленуі, қалайша алмасатыны зерттеледі.

Ерітінді бөлімінде еріткіш пен еритін заттардың табиғаты, олардың құрылысы қарастырылады, еру кезінде болатын өзгерістер мен ондағы химиялық реакциялардың ерекшелігі көрсетіледі.

Физикалық және химиялық анализге арналған тарауда — белгілі бір жүйенің жағдайы және оның физикалық қасиеттерінің құрам өзгеруіне тәуелділігін геометриялық әдіспен зерттейтін көп компонентті күрделі жүйелердегі химиялық әрекеттесулер мен теңдік шарты қарастырылады.

Электрохимия - материяның электрлік және химиялық түрдегі қозғалысының бір түрден екінші түрге өту заңдылығын, құрылысы мен электролиттік ерітінділердің қасиеттерін, электролиз процестерін, электрохмиялық элемент жұмыстарын, металдардың электрохимиялық тотығуын (коррозиясын), заттарды электр көмегімен алу әдістерін зерттейді.

Химиялық кинетика мен катализ бөлімінде химиялық реакциялардың жылдамдығы мен олардың молекулалық механизміне арналған жалпы мәселелер, гетерогенді процестер мен олардың жылдамдығына температура, қысым, еріткіш, катализаторлардың әсерлері қарастырылады.

Физикалық химияның жоғарыдағыдай бөлімдер мен тарауларға бөлінуі шартты. Алайда дәл осылайша жіктеу көптеген өзгерістерді оларға тән ортақ қасиеттері бойынша біріктіріп, кейбір жайларды анықтауға, арнайы сипаттауға көмектеседі.




жүктеу 113,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
бойынша жиынтық
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
жиынтық бағалау
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
оқыту әдістемесі
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
арналған әдістемелік
білім министрлігі
мемлекеттік мекемесі