ӘОЖ656. 3. Жол-көлік оқИҒаларын туғызушы факторлар



жүктеу 342,5 Kb.
Дата30.12.2019
өлшемі342,5 Kb.
#25452

ӘОЖ656.13.3
ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН ТУҒЫЗУШЫ ФАКТОРЛАР
Ашыкбаева А.А., Имандосов А.Т., Кокаев У.Ш., Сарманов А. Б.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Бұл мақалада жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) туғызушы факторлардың маңыздылық дәрежесін анықтау жолы баяндалған.

Автокөліктердің жол бойындағы қозғалыс процесі бірегей жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйеге, өзінің кәсіби-біліктілік деңгейі, психофизиологиялық қасиеттері, жұмыс қабілеттілігі, тәртіптілігі және т.с.с. бар «жүргізуші», өзінің көліктік мүмкіндіктері, техникалық күйі бар «автомобиль», жол жағдайларының параметрлеріне (геометриялық өлшемдеріне, техникалық-пайдалану көрсеткіштеріне, күйіне және т.с.с.) ие болатын «жол», жолдың көріну қашықтығын, жол мен қоршаған ортаның күйін айқындайтын әртүрлі ауа-райылық жағдайлары берілген «орта» кіреді.



Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) орын алуына әсер ететін факторларды зерттеу кезінде жалпы кешеннің, яғни  жүйесінің сенімділігінің, оның жалпы түрде автомобильдің , жүргізуші  мен жолдың  ақаусыз жұмыс істеу ықтималдылығының туындысы ретінде келтірілуі мүмкін болған әрбір элементінің әсер ету дәрежесіне тәуелділігін төмендегіше өрнектеуге болады /1/:

 (1)
Жүйенің әрбір элементінің ақаусыз жұмыс істеу ықтималдылығы әрбір элементтің ақаусыз жұмыс істеу ықтималдылығының туындысымен бағаланады:
; ;  (2)
Бұл жүйеде «жүргізуші» элементі өте күрделі элемент ретінде егжей-тегжейлі зерттелген. Мұнда сондай-ақ жүктемелер, психофизиологиялық көрсеткіштердің жол жағдайлары әсерінен өзгеру салдарынан болған жүргізуші жұмысындағы «ақау» түсінігі енгізілген. Сонымен қатар, «Автомобиль-жол», «жүргізуші-автомобиль» және «жүргізуші-жол» элементтерінің өзара үйлесімін бөліп көрсетуге болады. АЖЖ жүйелерін тиімділендіру аталған әрбір элементтің: жүргізушінің психофизиологиялық қасиеттерінің, автомобиль өлшемдерінің, тежеуіш қондырғысының, рольдік басқарудың, жол геометриясының, төсем тегістігінің, ілініс коэффициентінің, көріністің және т.с.с. сенімділігін арттырудан, сондай-ақ АЖ, ЖА, ЖЖ жүйелерінің әрбір элементтерінің арасындағы өзара байланыстан тәуелді болады /2/.

Көлік ағындарының теориясынан, жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешуде «жол жағдайлары-көлік ағындары» (ЖЖ-КА) жүйесін басқару тиімді жолға қойылады. Тиімдендіру белгісі ретінде қауіпсіз әрі ыңғайлы автомобиль тасымалдауларын қамтамасыз ету үшін қажетті жол-көлік шығындарының ең төменгі шамасы таңдап алынған /5/. Қозғалысты ұйымдастыру процесінің құрамына: жол туралы ақпаратты жинақтау және өңдеу, жағдайды бағалау және тиімді, шешімді жүзеге асыру, яғни, жол жағдайларының көлік ағындарының талаптарына сәйкес келмеуін бағалау кіреді, мұнан соң осы сәйкессіздікті жоюға бағытталған іс-шаралар жасап шығарылып, жүзеге асырылады.



Қозғалыс қауіпсіздігін ЖАЖО жүйесіндегі кешендік көрсеткіш ретінде қарастыруға болады, мұнан кейін осы көрсеткіш себепкерлерінің өзара жиынтығы негізінде жолдар мен қоршаған ортаның қауіпсіз қозғалыс талаптарына сәйкестік мәселесін қарастыруға болады [6]. ЖАЖО жүйесі элементтерінің өзара байланысын, қауіпсіз қозғалыс тәртіптерін бағалау тұрғысынан қарастыра отырып, сегіз елеулі байланыстарды бөліп көрсетуге болады /2/. Бірақ жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыстарды зерттеу күрделі мәселе болып табылады, сондықтан қоршаған ортаның жолға әсер ету барысын зерттеп, «орта-жол», «жол-жүргізуші», «жол-автомобиль» жүйесіндегі элементтердің өзара үйлесімділігін егжей-тегжейлі қарастыру қажет. Қауіпсіз қозғалыстың ең төменгі аралық шектерде тұрақты немесе өзгеріп отыратын ЖАЖО жүйесінің себепкерлерімен қамтамасыз етілетіндігі анықталған және бұл процесті төмендегі функция түрінде көрсетуге болады:
 (3)
Көлік процесін, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қарастыру кезіндегі жүйелік жуықтаудың сараптамасы, көптеген жағдайларда жол апаттарының ішінен негізгісін бөліп қарастыру қиынға соғатын бірқатар себептердің салдары болып табылатындығын көрсетіп отыр, өйткені жол қозғалысының қауіпсіздігі, бүкіл «жүргізуші-автомобиль-жол-орта» (ЖАЖО) жүйесіндегі әрбір элементтің сенімді жұмысымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жүйе элементтерінің тіпті бір көрсеткішінің бұзылуы ЖКО-ның пайда болуын әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, тізбектің әртүрлі элементтерінің апаттылыққа әсерін кешендік түрде бағалау үшін ЖАЖО жүйесінің негізгі себепкерлерін анықтап алу қажет.

Жол апаттарын сараптау кезінде ЖАЖО жүйесінің әр себепкерінің оның ішінде, автомобиьдің техникалық күйінің, жүргізушінің кәсіби қасиеттерінің, жол мен қоршаған орта күйінің әсерін есепке алу қажет.



Математикалық есепті келесі түрде қалыптастырамыз. Жол-көлік оқиғаларының туындауының, оларды анықтайтын себепкерлерден тәуелділігінің сараптамалық түрлендірілуін табу, яғни, келесі түрдегі функцияны табу талап етіледі:
 (4)
мұндағы, ЖКО – жол-көлік оқиғасы;

 – екі кезеңде жүзеге аырылатын ЖКО-ның туындауына әсер ететін себепкерлердің өзара жиынтығы.

Бірінші кезеңдегі жұмыс ЖАЖО жүйесіндегі себепкерлердің ішінен ЖКО-ның туындау себептері болып табылатын негізгі себепкерлерді таңдау мақсатында ЖКО-рын есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттамалар мен статистикалық мәліметтерді сараптамалаудан тұрады.

Қозғалыс қауіпсіздігін бағалау Тараз қаласы жолдарының мысалында жүргізілгендіктен, «жол» жүйесінің факторларын бағалау қарастырылып отырған көше-жол торабының жол жағдайларынан шыға отырып жүзеге асырылған. Зерттеулер үшін шартты мәндер ретінде Тараз қаласы Жол полиция басқармасының статистикалық материалдары пайдаланылып, ЖКО-ның туындау орындарындағы автомобиль жолдарының бөлімшелері зерттелген.

Маңызды себепкерлерді таңдау белгісі ретінде осы себепкерлердің апаттық оқиғалардың туындауына тікелей қатысты кезінде жүзеге асырылған ЖКО-ның ең жоғарғы саны алынған болатын. Статистикалық зерттеулердің нәтижесінде ЖКО-ның туындау процесін едәуір толығырақ айқындайтын 19 фактор таңдап алынды (кесте 1).



Бұл факторларды алдын ала таңдау шамадан тыс кеңінен болғандықтан, ең ақпаратты факторлардың шағын санын таңдау бойынша эксперттік-кәсіби сараптаманы жүргізу талап етіледі. Осы мақсаттыорындауға бағытталған екінші кезеңдегі зерттеулер кезінде келесіге /4/ негізделген мақсаттық функцияны тұрғызудың эксперттік-статистикалық әдісі қолданылған. Әрбір ЖКО айтарлықтай шамада факторларының өзара жиынтығымен сипатталады. Бір факторлар, басқаларына қарағанда, ЖКО кезінде едәуір жиірек кездеседі. Олардың көбісі тікелей сандық өлшеуге жатпайды, мұның өзі ЖКО-ның туындауына себеп болған шынайы факторды анықтаудың қосымша зерттеулерін қиындата түседі. Сондықтан, ЖКО-ның туындауына әсер ететін факторлар туралы ең жоғарғы ақпаратты алу үшін, оларды мәні жағынан төмендеу тәртібінде айқындау, яғни төмендегі түрдегі теңсіздікті алу қажет:

Х123< ... Хn (5)
Кесте 1.

Статистика бойынша апаттылыққа әсер ететін факторлар



Х

Факторлар

Жүйе

Х1

Жүргізушінің стажы

«Жүргізуші»



Х2

Жүргізушінің класы

Х3

Жүргізушінің жасы

Х4

Жүргізушінің жынысы

Х5

Жүргізушінің күйі (мас, сау)

Х6

ЖКО-на дейінгі рульді басқару уақыты

Х7

Жол қозғалысы ережелерін сақтамау

Х8

Автомобильдің техникалық күйі

«Автомобиль»

Х9

Қозғалыстың жоғарғы қарқындылығы

«Жол»

Х10

Жүру бөлігінің жеткіліксіз ені

Х11

Жол белгілерінің болуы

Х12

Ілініс коэффициентінің теңдігі

Х13

Жол жағдайларының қозғалыс режимінің талаптарына сәйкессіздігі

Х14

Жолдардың тегіс болмауы

Х15

Көріну жағдайлары

Х16

Тар көпірлер мен темір жол өткелдері

Х17

Ауа-райы жағдайлары (боран, тұман, жауын-шашын)

«Орта»


Х18

Тәулік мезгілдері (жарық, қараңғы)

Х19

Жыл мезгілдері


Эксперттердің пікірі бойынша, зерттелетін құбылысқа ең үлкен үлес қосатын факторлар дәрежелердің ең кіші қосындысына Х1, ал әсері төмен факторлар – ең үлкен қосындысына Хn ие болады.

ЖКО-ның туындауына ең жоғарғы дәрежеде әсер ететін факторлар туралы пікірлер жинақтау мемлекеттік жол полиция бөлімі қызметкерлерінің, автокәсіпорын мамандарының, автомобиль жолдарын басқарушылардың, автокөлік кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлерінің арасында сұрақ жүргізудің көмегімен жүзеге асырылған. Эксперттер санын келесі белгілерден шыға отырып анықтаған: эксперттер санының NЭ сұрақтамаға енгізілген n себепкерлерден 3 есе артық болу қажет:
NЭ = 3 · n = 3 · 19 = 57 (6)
Сондықтан, тәжірибе барысына сауалнамаға ұсынылған 60 маман – эксперттер тартылған болатын.

Сауалнама мәліметтерінің негізінде салыстырмалық сұрақтама немесе дәрежелер матрицасы құрастырылған, кестелерді толтыру дұрыстығының белгісі барлық бағаншалар бойынша алынған қосындылар теңдігі болып табылады:


 (7)
мұндағы, i-ші эксперттің j-ші себепкерінің дәрежесі;

n – себепкерлер саны.

Таңдап алынған факторларды апаттық жағдайлардың туындауына әсерінің маңыздылығын сұрақтан өткен эксперттердің көзқарасы тұрғысынан анықтау, бағаналар бойынша алынған қосындымен сәйкес келуі қажет жолдар қосындысын және әр жолдың қосындысын есептегеннен кейін ғана орындалады:
 (8)
Дәрежелер матрицасының мәндері бойынша гистограмманы тұрғызып, таңдап алынған факторлардың ЖКО-ның туындауына әсер ету дәрежелерінің қосындысын үлестіру полигонын «Microsoft Excel» бағдарламасының мәліметтер базасына енгіземіз.

Сауалнаманың маңызды элементтерінің бірі эксперттер арасындағы өзара үйлесімділік дәрежесі болып табылады, оны төмендегі формула бойынша есептелінетін конкордация коэффициенттерінің көмегімен анықтайды:



 (9)

 (10)

Мамандар арасындағы толық үйлесімділік кезінде конкордация коэффициенті бірге, бұл үйлесімділік болмаған жағдайда – нольге тең, яғни, W мәнінің өзгеру аралықтары O≤W≤1 шектерінде жатады.

Сурет 1. Эксперттердің сараптамалау нәтижелері бойынша апаттылыққа әсер ететін



факторлардың маңыздылығының гистограммасы
Конкордация коэффициенттерінің маңыздылығы еркіндік дәрежесінің n=1 санына ие болатын Пирсон белгісінің ξ2 көмегімен төмендегі формула бойынша анықталады:
 (11)
Егер ξ2 есептелінген мәні кестелік мәннен жоғары болса, онда эксперттер пікірінің өзара үйлесімділігіндегі кездейсоқтық туралы жорамал теріске шығарылады.

Эксперттердің пікірлерін жинақтау бойынша жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде (9), (10) формулалар бойынша конкордация коэффициентінің мәні есептелінген:



Сондай-ақ, (11) формула бойынша, оның Пирсон белгісі ξ2 бойынша маңыздылығы тексерілген болатын:

Маңыздылықтың 5%-дық деңгейі үшін Пирсон белгісінің есептік мәнін ξ2 кестелік мәнмен ξ2 = 26,3 салыстыра отырып, p = 0,95 ықтималдылық кезінде ЖКО-ның туындауына әсер ететін факторлардың маңыздылығын бағалауда эксперттердің пікірі кездейсоқ болып табылмайды деп тұжырымдауға болады:

110,86 > 26,3
1-кестенің және гистограмманың (1-сурет) мәндерін сараптамалай отырып, апаттылыққа әсер ететін ең маңызды факторлардыанықтауға болады. Маңыздылық дәрежесі 40%-дан төмен болатын факторлар да айқындалған. Сондықтан маңыздылығы төмен себепкерлерді кестеден шығарып тастаймыз. Маңыздылығы төмен себепкерлер: «жүру бөлігінің ені» - 31%, «жол белгілерінің болуы» - 26%, «жүргізушінің жасы» - 28%, «жүргізушінің жынысы» - 18%, «тар көпірлер мен темір өткелдері» - 16% және «жыл мезгілдері» - 13%. Аталған себепкерлердің әрқайсысы белгілі бір дәрежеде тек басқа фактормен қатар жүретін фактор ғана болып табылады. Тараз қаласының жағдайларында екінші кестенің нәтижелерін пайдалана отырып, сараптамалық функцияны анықтауға және ЖКО-ның математикалық модельін тұрғызуға болады.
Кесте 2.

Тараз қаласындағы апаттылыққа әсер ететін маңызды факторлар



Х

Факторлар

Маңызыдылық дәрежесі

Х1

Жүргізушінің стажы

73%

Х2

Жүргізушінің класы

53%

Х3

Жүргізушінің күйі (мас, сау)

87%

Х4

ЖКО-на дейінгі рульді басқару уақыты

45%

Х5

Жол қозғалысы ережелерін сақтамау

98%

Х6

Автомобильдің техникалық күйі

85%

Х7

Қозғалыстың жоғарғы қарқындылығы

78%

Х8

Ілініс коэффициентінің төмендігі

66%

Х9

Жол жағдайларының қозғалыс режимінің талаптарына сәйкессіздігі

60%

Х10

Жолдардың тегіс болмауы

57%

Х11

Көріну жағдайлары

49%

Х12

Ауа-райы жағдайлары (боран, тұман, жауын-шашын)

79%

Х13

Тәулік мезгілдері (жарық, қараңғы)

48%


Әдебиеттер


  1. В.А.Илартонов Экспертиза дорожно-транспортных происшествий. Транспорт. 1989. 253с.

  2. В.А.Илартонов Дорожно-транспортная экспертиз. Москва.1985. 73с.

  3. Жолда жүру ережелері. ҚР.2003. 68с.

жүктеу 342,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау