|
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережесі дайындаған: Байғабылова Лаззат Тлектесовна
|
Дата | 27.12.2019 | өлшемі | 13,56 Mb. | | #25026 | түрі | Диплом |
| - «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
- біліктілігі бойынша
- Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ЕРЕЖЕСІ
-
- Дайындаған:Байғабылова Лаззат Тлектесовна
- Директордың орынбасары
- Қызылорда медициналық жоғары колледжі
- Дипломдық жұмыс (жоба) оқу орнын бітірушінің білім алудың соңғы кезеңінде орындайтын жазбаша жұмысы болып табылады.
- Диплом жұмысын қорғау арнайы пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсырудың барабар формасы болып табылады.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау мақсаты:
- мамандық бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыны жүйелеу, бекіту және кеңейту, оларды нақты ғылыми, практикалық, өндірістік, сол сияқты мәдени тұрғыдағы міндеттерді шешуде қолдану;
- өз бетінше жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру және құрастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешуде тәжірибе жасау;
- өндірістің, ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жағдайында студенттердің өз бетінше жұмысқа және оның кәсіби құзыреттілікке даярлығын анықтау.
- Дипломдық жұмыс (жоба) мамандықтың және тиісті ғылым саласының өзекті мәселелерін өз бетінше зерттеу мен зерделеу нәтижелерін жинақтау болып табылады.
- Дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми жетекшінің басшылығымен орындалады және аталған талаптардың біреуіне жауап беруі тиіс:
- ғалымдармен, сыншылармен, тәжірибе мамандарымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін жинақтау;
- зерттелген обьект бойынша ғылыми негізделген теориялық нәтижелерді қамту;
- нақты міндеттерді шешуде ғылыми негізделген теориялық нәтижелерді қолдану талаптарының біреуіне жауап беруі тиіс.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына
- қойылатын талаптар
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы медициналық және фармацевтикалық ғылымның, технологияның, мәдениеттің қазіргі жағдайына сәйкес және өзекті болуы тиіс.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын анықтағанда денсаулық сақтау саласы мен фармацияның, білімнің, ғылымның, мәдениеттің шынайы міндеттері мен проблемаларын ескеру ұсынылады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы мамандыққа және маман даярлау бейініне сәйкес болуы тиіс.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптары арнайы пәндер әдістемелік бірлестігінде құрастырылады, жыл сайын колледждің ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітіледі. Студент бекітілген тақырыптар ішінен дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын таңдайды.
- Студентке бекітілген тақырыптардан тыс тақырыптағы дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға құқық беріледі. Бұл жағдайда студент арнайы пәндер әдістемелік бірлестігіне тақырыптың құрастырылуының мақсатын негіздейді немесе тақырыпты орындауға ұсынған ұйымның хатын ұсынады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бітіру курсының басында студентке беріледі және колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.
- Диплом алдындағы практиканы аяқтаған соң дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы арнайы пәндер әдістемелік бірлестігінің ұсынысымен қажеттілікке қарай өзгеруі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін арнайы пәндер бірлестігінің ұсынысына сәйкес әрбір студентке ғылыми жетекші тағайындалады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ретінде профессорлар, доценттер, магистрлер, мамандық бейініне сәйкес пәндер бірлестігінің тәжірибелі оқытушылары немесе білім алушы мамандығына сәйкес басқа да ұйымдардың, ғылыми зерттеу немесе ғылыми публикациялар жүргізілетін салалардың жоғары біліктілікті мамандары және ғылыми қызметкерлері тағайындалады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің міндеттері:
- 1) дипломдық жұмысты (жобаны) орындау үшін студентке тапсырма береді;
- 2)дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың барлық кезеңіне күнтізбектік жұмыс уақытын құрастыруда студентке көмек береді;
- 3)тақырыпқа сәйкес қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағаттық материалдарды, үлгілік жобаларды және басқа да тақырыпқа сәйкес ақпарат көздерін студентке ұсынады;
- 4)кеңес беру графигін бекітеді, кеңес беру кезінде студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың күнтізбектік графигіне сәйкес жұмыс жүргізуін ағымдық бақылайды;
- 5)дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық бөлімдерінің көлемін анықтайды және диплом жазушы мен кеңес берушінің жұмысын үйлестіреді.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны негізгі материалдарды және әдебиет көздерін, студенттермен құрастырылған сұрақтар тізімін, қолданылған әдебиеттер тізімін, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың нақты күнтізбектік кестесін қамтиды.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға қойылатын талаптар
- Жұмыс жүргізудің күнтізбектік кестесі барлық кезеңге әрбір тараулардың орындалу реттілігін көрсете отырып құрастырылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен, қажет болған жағдайда әдістемелік пәндер бірлестігі дипломдық жұмыстың (жобаның) белгілі тараулары бойынша ғылыми жетекшілікке берілген уақыт есебінен кеңесшілерді шақыра алады.
- Кеңес берушілер ретінде жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және ғылыми қызметкерлері, сол сияқты басқа да ұйымдардың жоғары біліктілікті мамандары және ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін.
- Дипломдық жұмыс (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды кезектік әдебиеттерді, дәрістік курстарды, журналдарды шетел тіліндегі әдебиеттермен қоса, нормативтік әдебиеттерді және тағы басқаларды) терең зерделеу негізінде орындалады.
- Әрбір дипломдық жұмыстың (жобаның) тапсырмаға сәйкес құрастырылған перспективалық теориялық және практикалық сұрақтары болуы тиіс.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі мәтіні шығармашылық ойды, қолданылған зерттеу тәсілдерін негіздеуді, қолданылған есептеу тәсілдерін және компьютерлік технологияларды қолданып шығарылған есептердің өзін, жүргізілген эксперименттердің сипаттамасын, олардың талдауын және қорытындыларын, қажет болған жағдайда көрнекіліктерін, эскиздерін, диаграммаларын, схемаларын, тағы басқаларын қамту арқылы ашылуы қажет.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) студент колледжде, сол сияқты медициналық, фармацевтикалық және ғылыми ұйымдарда орындауы мүмкін.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны
- Дипломдық жұмыс (жоба) өз мазмұнына сәйкес нақты мамандық бойынша бітіруші топ студентінің өз бетінше дайындаған ғылыми зерттеу жұмысы болып табылады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) көлемі 30-60 бетті құрауы тиіс. Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) көрсетілген көлеміне кірмейді.
- Дипломдық жұмысты орындау бойынша тапсырмалар
- Қолданылған әдебиеттер
- тізімі
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері
- Мұқаба келесі мәліметтерді қамтиды
- Титулды бет дипломдық жұмыстың (жобаның) бірінші беті болып табылады және құжаттарды өңдеуге, іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.
- Дипломдық жұмыс (жоба)
- орындалған ұйымның атауы
- Студенттің аты-жөні, тегі
- Дипломдық жұмыстың
- (жобаның) тақырыбы
- Жұмыс түрі – дипломдық
- жұмыс (жоба)
- Мамандық шифры
- және атауы
- Дипломдық жұмыс (жоба)
- орындалған
- ұйымның атауы
- Дипломдық жұмыс орын-
- далған әдістемелік пәндер
- бірлестігінің атауы
-
- Дипломдық жұмыстың (жобаның)
- тақырыбын « ..... тақырыбындағы дипломдық жұмысы»,
- - мәтінін көрсете отырып жазу
- Пәндер әдістемелік бірлестік
- жетекшісінің бекіткен қолы
- Жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба)
- Шектік гриф (қажет
- болған жағдайда)
- Титулды бет төмендегі мәліметтерді қамтиды
- Мамандықтың шифры
- және атауы
- Сол жақта «орындаған»,
- қарама-қарсы оң жақта
- студенттің аты-жөні, тегі көрсетіледі
-
- Бір жолға төмен «ғылыми жетекші»
- және оның аты-жөні, тегі ғылыми атағы,
- ғылыми дәрежесі және басқа да
- регалиилері(басқа дәрежелері) көрсетіледі
- Титулды бет төмендегі мәліметтерді қамтиды
- Мұқабаның және титулды беттің безендіру мысалы А және Б қосымшаларында келтіріледі.
- Дипломдық жұмыстың мазмұны қай беттен басталғанын көрсете отырып барлық енгізілген жаңалықтарды, тарауларды, бөлімдерді, қорытындыны, қолданылған әдебиеттер тізімін және қосымшалардың атауларын қамтиды.
- Кіріспе дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін негіздеуді, ғылыми жаңалықты және практикалық маңызын, шешілетін ғылыми проблеманың қазіргі жағдайын бағалауды қамтиды және дипломдық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, дипломдық зерттеу обьектісі, теориялық және әдістемелік негізі, дипломдық жұмысты (жобаны) жазудағы практикалық база жазылуы тиіс.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі орындалған жұмыстың мазмұнын, әдісін, мәнін және негізгі нәтижелерін қамтиды.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі тарауларға және бөлімдерге бөлінеді.
- Қорытынды (тұжырымдар) дипломдық зерттеулер бойынша қысқа тұжырымдардан, алға қойған міндеттердің шешілуінің толықтығын бағалаудан, зерделенген зерттеу обьектісі бойынша нақты ұсыныстардан тұрады.
- Қолданылған әдебиеттерді жазу ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес безендіріледі.
- Қосымшаға негізгі бөлімде көрсетілмеген, дипломдық зерттеуді орындауға қатысы бар материалдар енгізіледі.
- Дипломдық жұмыста (жобада) келтірілген тұжырымдар мен мәліметтердің дәлдігі мен обьективтілігіне дипломдық жұмыстың (жобаның) авторы-студент жауапты болып табылады.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) безендіру ережесі
- Дипломдық жұмыс (жоба) кез келген баспа тәсілімен жазу машинкасында немесе компьютер мен принтерді қолданып А4 форматындағы ақ қағаздың бір бетінде бір интервалмен жазылады. Шрифт – кәдімгі, кегль 14.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтіні сол жағынан - 30 мм, жоғарыдан – 20 мм, төменнен – 20 мм, оң жағынан – 10 мм қалдыру көлемін сақтай отырып жазылады.
- Белгілі бір терминдерге, формулаларға, теоремаларға компьютердің мүмкіндіктерін қолданып түрлі гарнитурадағы шрифтерді пайдалануға рұқсат етіледі.
- Дипломдық жұмыста (жобада) адамдардың тектері, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың атаулары, медициналық құралдардың, дәрілік препараттардың аттары бастапты тілімен келтіріледі.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Қолданылған әдебиерттер тізімі» сияқты құрылымдық элементтері тақырып қызметін атқарады.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) тарауларға және бөлімдерге бөлу қажет. Әрбір тарау мен бөлім аяқталған ақпаратты қамтуы тиіс.
- Тараулардың аттары жалпы алғанда дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбын ашуы тиіс, ал бөлімдердің аттары жалпы алғанда тиісті бөлімді ашуы тиіс.
- Тараулар мен тақырыптардың атаулары олардың анық және нақты мазмұнын көрсетуі тиіс.
- Тараулар мен бөлімдердің атаулары абзацтан бас әріптермен, асты сызылмай, соңынан нүкте қойылмай жазылады.
- Егер тақырыптың атаулары екі сөйлемнен тұрса, әрбір сөйлемнен соң нүкте қойылады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін барлық мәтін бойынша реттілігін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің номері төменгі бөліктің ортасына нүктесіз қойылады.
- Титулды бет жалпы нөмірленуге кіреді. Титулды беттің нөмірі қойылмайды.
- Бөлек беттегі иллюстрациялар мен кестелер дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы нөмірленуіне кіреді.
- А3 форматындағы иллюстрациялар және таблицалар бір бет ретінде есептеледі.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) тараулары барлық құжатта араб цифрларымен нүктесіз және абзацтан жазылған реттік нөмірге ие болуы қажет. Бөлімдер әрбір тарауда өз реттілігімен нөмірленуі қажет. Бөлімнің нөмірі бір-бірінен нүктемен бөлінген тараудың және бөлімнің нөмірлерінен құрастырылады. Нөмірдің соңында нүкте қойылады. Тараулар бір немесе бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін.
- Мысалы
- 1. Қызылша
- 1.1. қызылшаның статистикалық мәліметтері
- 1.2. қызылшаның этиологиясы және патогенезі
- 1.3.
- 2. Дифтерия
- 2.1. дифтерияның статистикалық мәліметтері
- 2.2. дифтерияның этиологиясы және патогенезі
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) әрбір тарауы жаңа беттен басталады. Бір тараудың ішіндегі бөлімдер бір-бірінен екі жол төмен түсу арқылы бөлінеді.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) құрамына кіретін беттердің және қосымшалардың нөмірленуі реттілікпен жүргізілуі тиіс.
- Дипломдық жұмыста (жобада) көрсетілген иллюстрациялар (кестелер, схемалар, диаграммалар, фотобейнелер) мәтінінен кейін немесе келесі бетте орналастырылады.
- Иллюстрациялар компьютердің орындауымен түрлі түсті болуы да мүмкін. Дипломдық жұмыста (жобада) барлық иллюстрацияларға сілтемелер берілуі керек.
- Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб цифрымен реттілікпен нөмірленеді.
- Егер бірінші сурет болса, «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның атауы жолдың ортасына жазылады.
- Иллюстрацияларды тарау көлемінде де нөмірлеу рұқсат етіледі. Бұл жағдайда иллюстрация нөмірі нүктемен бөлінген тарау нөмірінен және иллюстрацияның нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.
- Қажет болған жағдайда иллюстрациялардың атаулары және түсіндірме мәліметтері суреттің астына жазылады. «Сурет» сөзі және оның атауы түсіндірме мәліметтен соң қойылады және төмендегіше орналастырылады: Сурет 1. Сурет атауы (түсіндірме мәліметтер)
- Иллюстрацияларға сілтеме беру келесідегідей жазылады егер реттілікпен нөмірленсе «...2 суретке сәйкес» деп, ал егер тараудың ішінде нөмірленсе « .... 1.2 суретке сәйкес» деп жазылады.
- Таблицалар көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлы болуы үшін және көрнекілік үшін қолданылады. Таблицаның атауы оның мазмұнын айқындап, нақты және қысқа болуы тиіс. Таблицаның атауы таблицаның үстінде, «таблица 1» сөзінен соң, абзацтан келесі жолда жазылады.
- Таблица ол туралы бірінші рет көрсетілген мәтінінен соң немесе келесі бетте орналастырылады.
- Дипломдық жұмыста барлық таблицаларға сілтемелер берілуі тиіс. Сілтемеде оның нөмірі көрсетіліп «таблица 1» деп жазылады.
- Көп жолдардан тұратын таблицаны келесі бетке ауыстыруға болады. Таблицаның бөлігін басқа бетке ауыстырғанда «Таблица» сөзі және нөмірі оның бірінші бөлігінің үстінде бір рет қана жазылады, қалған бөліктерінің үстіне «Жалғасы» сөзі және таблица нөмірі жазылады, мысалы: «1 таблицаның жалғасы». Таблицаны басқа бетке ауыстырғанда тақырыбы бірінші бөлігінің үстінде ғана жазылады. Таблицаның бөлігін ауыстырғанда төменгі горизонтальды сызық жүргізілмейді.
- Көп графалары бар таблицаларды қосымшаға тіркеген дұрыс болады.
- Егер таблицаның әртүрлі жолдарында (графаларында) қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бірінші жазбасынан соң тырнақшамен ауыстыру рұқсат етіледі: егер екі немесе одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталануында «То же» сөзімен ауыстырылады, ары қарай тырнақша ғана қойылады. Қайталанатын цифрлардың, маркілердің, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға рұқсат етілмейді. Егер цифрлық немесе басқа да мәліметтер таблицаның қандай да бір жолында келтірілмесе, оның орнына сызықша қойылады.
- Қосымшалардағы таблицалардан басқа таблицаларды араб цифрымен реттілікпен нөмірлейді.
- Таблицаларды тараудың ішінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда таблица нөмірі, бір-бірінен нүктемен бөлінген тарау нөмірінен және таблица нөмірінен тұрады.
- Таблицаның жолдары мен графаларының атауларын бас әріптермен жекеше түрде жазады, графалардың тақырыпшалары графаның атауымен бір сөйлемнен құрастырылса кіші әріптермен жазылады, ал егер олардың өзіндік мағынасы болса бас әріптермен жазылады. Таблицалардың тақырыптары мен тақырыпшаларының соңына нүкте қойылмайды.
- Әдетте таблицалар сол, оң және төменгі жақтарынан сызықтармен шектеледі. Таблицаны құрастыруда мәтін шрифтінен өлшемі төмен шрифтімен жазуға рұқсат етіледі.
- Графалардың тақырыптары әдетте таблицаның жолдарына параллель жазылады. Қажеттілігіне қарай графалардың тақырыптарын перпендикулярлы түрде де жазуға рұқсат етіледі. Таблицаның басы басқа бөліктерінен сызықпен бөлінуі тиіс.
- «Ескертпе» сөзі бас әріптермен, абзацтан, астын сызбай жазылады.
- Егер мәтін мазмұнына, таблицаларға немесе графиктік материалдарға түсіндірмелер қажет болғанда дипломдық жұмысқа (жобаға) ескертпелер қоса тіркеледі.
- Ескертпелерді мәтіннен соң, графикалық материалдан соң немесе таблицаға қоса тіркеуге болады. Ергер ескертпе біреу болса, «Ескертпе» сөзінен соң сызықша қойылады және бас әріптермен жазылады. Бір ескертпе нөмірленбейді. Бірнеше ескертпе болған жағдайда реттілігіне сәйкес нүкте қоймай араб санымен нөмірлейді. Таблицаға ескертпені таблицаның соңында таблицаның аяқталғандығын білдіретін сызықтың үстіне қояды.
- Химиялық реакциялардың схемалары, формулалар, теңдеулер мәтінде бөлек жолға ерекшелеп жазады. Әрбір формуладан немесе теңдеуден жоғары және төмен бос біреуден кем емес жолдар қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса (=) теңдік белгісінен соң немесе (+) қосу, (-) азайту, (х) көбейту, (/) бөлу немесе басқа да математикалық белгілерден соң қойылады, келесі жол сол белгіден басталады.
- Символдардың және сандық коэффициенттердің түсіндірмесі тікелей формуланың астында берілген реттілікте келтіріледі.
- Дипломдық жұмыстағы формулаларды нөмірлену ретіне қарай араб цифрымен жақшада, бір жолда, оң жақ бөлігіне нөмірлеу керек.
- Мәтіндегі формулалардың реттілік нөмірлеріне сілтемелер жақшада беріледі. Мысалы – 1 формулада.
- Тараудың ішінде формулаларды нөмірлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда формула нөмірі бір-бірінен нүктемен бөлінген тарау нөмірінен және формуланың реттілік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).
- Қолданылған ақпарат көздеріне сілтемелер тік жақшада келтіріледі.
- Ақпарат көздері туралы мәліметтерді дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтініндегі сілтемелер реттілігіне қарай араб цифрларымен нүктесіз, абзацтан жазу керек.
- Қосымшаларды дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде келесі беттерге орналастырады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) барлық қосымшаларына сілтемелер берілуі керек. Қосымшалар мәтіндегі берілген сілтемелердің реттілігіне қарай орналасады.
- Әрбір қосымшаны жаңа беттің ортасынан «Қосымша» сөзінен және оның белгісінен бастау қажет.
- Қосымшалардың тақырыптары салыстырмалы түрде мәтінге симметриялы түрде бөлек жолдан, бас әріптермен жазылады.
- Қосымшалар дипломдық жұмыстың (жобаның) басқа бөлімдерімен бірге реттілікпен нөмірленеді.
- Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну реттілігі
- Дипломдық жұмыс диплом алды қорғау процедурасынан өту үшін бітіртуші пәндер бірлестігіне ұсынылады.
- Дипломдық жұмысты диплом алды қорғау процедурасы бірлестіктің ашық мәжілісінде студенттің және міндетті түрде ғылыми жетекшінің және қажеттілігіне қарай ғылыми кеңесшінің қатысуымен жүргізіледі.
- Диплом алды қорғау бірлестік мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.
- Диплом алды қорғаудан өткен және бекітілген талаптарға сәйкес безендірілген дипломдық жұмысқа (жобаға) студенттің ғылыми кеңесшінің (рецензенттің) қолдары қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.
- Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша пікір білдіреді.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) мақұлдаған жағдайда ғылыми жетекші оған қолын қойып, жазбаша пікірімен бірге қорғауға жібереді. Дипломдық жұмыс (жоба) мақұлданбаған жағдайда ғылыми жетекші қолын қоймайды, бірақ дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу жөніндегі өз шешімін негіздейді.
- Аталған материалдар негізінде әдістемелік бірлестік жетекшісі дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберу жөніндегі соңғы шешімін қабылдайды.
- Егер әдістемелік бірлестік жетекшісі студентті дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеу қажет деп тапса, бұл сұрақ студенттің және ғылыми жетекшінің міндетті түрде қатысуымен мәжілісте қаралады.
- Әдістемелік бірлестік жетекшісімен қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми-әдістемелік бөліммен рецензияға жолданады.
- Емдеу-профилактикалық мекемелерінің және ғылыми ұйымдардың мамандарынан құралған рецензенттер тізімі әдістемелік бірлестік жетекшісінің ұсынысымен колледж директорының бұйрығымен бекітіледі. Рецензент ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және оқытушылары тартылуы мүмкін.
- Қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) бейініне сәйкес рецензенттердің базалық жоғары білімі немесе ғылыми академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы қажет.
- Рецензент зерттелген тақырып жаңалығының өзектілігі мен практикалық маңызы жазылған, дипломдық зерттеу тақырыбы мамандар даярлау бейініне сәйкес, зерттеуді өз бетінше жүргізген, қорытындылар мен проблемаларды шешу деңгейіне ұсыныстары бар, зерттеудің аяқталғандығы жөнінде және берілетін академиялық дәрежені немесе біліктілікті көрсетіп жазбаша рецензия ұсынады.
- Рецензияда балдық-рейтингтік бағалаудың әріптік жүйесіне сәйкес бағаны көрсетіп және тиісті академиялық дәрежені немесе біліктілікті беру мүмкіндігіне негізделген қорытынды беріледі.
- Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен Ғ – «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы жағдайда қорғалады.
- Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары әдістемелік бірлестік жетекшісін және студентті қорғауға бір күн қалғанға дейін таныстырып дипломдық жұмысты (жобаны) пікірмен және рецензиямен қорғау жөніндегі Мемлекеттік аттестациялық комиссияға жолдайды.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау қазіргі заманғы техникалық құралдардың және ақпаратты-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетістіктер базасында мультимедиялық презентация түріндегі электронды ресурстарды қолданумен жүргізіледі.
- Дипломдық жұмысты қорғау реттілігі
- Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реттілігі білім алушылар үлгерімін ағымдық, аралық және қорытынды бағалау Ережелерімен анықталады.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссияның ашық мәжілісінде оның жартысынан аз емес мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттердің, бітіртетін әдістемелік бірлестік оқытушыларының қатысуымен ашық формада ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекші рецензент, дипломдық зерттеу жүргізілген базаның өкілдері және басқа да қызығушылық білдірген тараптар шақырылуы мүмкін.
- Қорғау алдында аттестациялық комиссияның хатшысы дипломдық жұмысты (жобаны) және басқа да құжаттарды оның төрағасына ұсынады, содан кейін дипломды қорғаушы студентке қорғау үшін уақыт беріледі.
- Бір студенттің бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы ережеге сәйкес 30 минуттан аспауы қажет.
- Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялық комиссия және қатысушылар алдында 10-15 минут уақыт аралығында баяндайды. Студенттің баяндауы көрнекі плакаттармен немесе интерактивті тәртіпте слайдтармен қоса жүргізіледі.
-
- Дипломдық жұмысты (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақтар қою немесе шығып сөйлеу формасында қатысуы тиіс.
- Талқылаудан соң комиссия хатшысы пікірді және рецензияны оқиды (қатысқан жағдайда ғылыми жетекші жеке шығып сөйлейді). Рецензияда немесе пікірде ескертулер болған жағдайда студент негізделген түсіндірме беруі тиіс.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) нәтижесімен балдық-рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес баға қойылады. Бұл жағдайда теориялық, ғылыми және практикалық даярлық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы есепке алынады.
- Дипломдық жұмыстың (жобаның) нәтижелері мемлекеттік аттестациялық комиссия мәжілісінің хаттамасымен әр студентке жеке рәсімделеді және жүргізілген күні хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|