«Бәйтерек девелопмент»



жүктеу 117,15 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.03.2018
өлшемі117,15 Kb.


 

 

 



 

 

«Бәйтерек девелопмент» АҚ 

Директор кеңесінің қатысу тәртібімен өткен 

отырысының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі 

№ 49 хаттамасынан үзінді көшірме 

 

Алматы қ.               



 

 

№ 49   



 

 

 



30 

қыркүйек 2014 ж. 

 

 

«Бәйтерек  девелопмент»  акционерлік  қоғамының  орналасқан  жері:  Қазақстан 



Республикасы, 050010, Алматы қаласы, Зенков көшесі, 80-үй. 

 

Директорлар  кеңесінің  отырысын  өткізетін  орын:  Қазақстан  Республикасы,  050010, 

Алматы қаласы, Зенков көшесі, 80-үй, 4-қабат, Басқарма залы. 

 

Өткізу уақыты: 

• 

басталуы: жергілікті уақытпен 15 сағат 00 минут; 



• 

аяқталуы: жергілікті уақытпен 16 сағат 00 минут. 



 

Шешімдер қабылдау үшін кворум бар. 

 

Күн тәртібі: 

 

4

.  «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы туралы ережені 



бекіту туралы (баяндамашы – Г.А. Артыкбаев). 

 

 



Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша: 

 

 

«Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  53-бабы  2-

тармағының  13)  тармақшасына  және  «Бәйтерек  девелопмент»  акционерлік  қоғамы 

Жарғысының 60-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесі ШЕШТІ: 

 

1.  Осы  шешімге  қоса  берілген  «Бәйтерек  девелопмент»  акционерлік  қоғамының 



Корпоративтік хатшысы туралы ереже бекітілсін. 

 

2. «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 1 



наурыздағы  шешімімен  (№  14  хаттама)  бекітілген  «Стресстік  активтер  қоры»  акционерлік 

қоғамының Корпоративтік хатшысы туралы ережесі күшін жойған деп танылсын. 

 

 

Корпоративтік хатшы   



 

 

 

 

 

Г. Артыкбаев 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

 



 

«Бәйтерек девелопмент» 

акционерлік қоғамы 

Директорлар кеңесінің 

2014 жылғы 30 қыркүйектегі  

шешімімен (№ 49 хаттама)  

бекітілген 

 

                                                                          



                                                                      

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының  

Корпоративтік хатшысы туралы  

ережесі 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана, 2014 жыл 

 



 

 

 



 

1-

бап. Жалпы ережелер 

 

1.1.  «


Бәйтерек  девелопмент»  акционерлік  қоғамының  Корпоративтік  хатшысы  туралы 

ережесі  (бұдан  әрі  –  Ереже,  Корпоративтік  хатшы,  Қоғам)  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына, Қоғамның Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді. 

1.2. 


Ереже Қоғамның ұйымдастырушылық құрылымы мен корпоративтік басқару жүйесінде 

Корпоративтік хатшының мәртебесін, Корпоративтік хатшының лауазымына тағайындау және одан 

мерзімінен бұрын босату тәртібін, оның мақсаттарын, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, 

қызметінің  ұйымдастырушылық  және  техникалық  қамтамасыз  етілуін,  сондай-ақ  Корпоративтік 

хатшы қызметін құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.  

1.3. 


Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің немесе Басқармасының мүшесі 

болып  табылмайтын  Қоғамның  жұмыскері  болып  табылады,  оны  Қоғамның  Директорлар  кеңесі 

тағайындайды және ол Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді. 

1.4. 


Корпоративтік  хатшы  Корпоративтік  басқару  кодексін,  оның  ішінде  корпоративтік 

басқаруға қатысты құжаттарды әзірлеуге, сақтауға және мерзімдік қайта қарауға, тиісті тәжірибені 

талдауға,  сондай-ақ  Қоғамның  басқару  органдары  мен  лауазымды  тұлғаларының  Қазақстан 

Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерінің,  Қоғам  Жарғысының  және  өзге  ішкі 

құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге қатысады.  

Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізу бойынша 

шараларды  жүзеге  асырады;  Қоғамның  басқару  органдарының  арасында  тиімді  өзара  әрекеттің 

ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді; заңнама талаптары және Қоғамның ішкі құжаттары аясында 

Қоғам  туралы  ақпаратты  ашуға,  оның  құжаттарын  сақтауға,  Қоғамның  жалғыз  акционердің 

өтініштерін  қарауына  және  жалғыз  акционердің  құқықтарын  бұзуға  байланысты  қақтығыстарды 

шешуге көмектеседі.  

1.5. 


Корпоративтік хатшы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның 

Жарғысына, осы Ережеге, сондай-ақ Қоғамның өзге ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. 

 

2-

бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысын тағайындау 

 

және оның өкілеттіктерін тоқтату 

 

 

2.1. 



Корпоративтік хатшыны Қоғамның Директорлар кеңесі Қоғамның Директорлар кеңесі 

төрағасының немесе мүшелерінің ұсынысы бойынша Директорлар кеңесінің отырысқа қатысатын 

мүшелерінің жай көпшілік дауысымен тағайындайды. 

2.2. 


Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің хатшысы болып табылады және 

Директорлар кеңесінің отырыстарын техникалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеу бойынша 

функцияларды жүзеге асырады. 

2.3. 


Корпоративтік  хатшының  өзіне  жүктелген  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті 

білімі, тәжірибесі мен жеке қасиеттері, іскерлік және кәсіби қасиеттері жоғары болуы тиіс, сондай-

ақ жалғыз акционердің және директорлар кеңесі мүшелерінің сеніміне ие болуы тиіс, сондай-ақ:  

2.3.1. жоғары білімі болуы тиіс; 

2.3.2.  кемінде  5  (бес)  жыл  жұмыс  тәжірибесі  тиіс,  оның  ішінде  корпоративтік  құқыққа, 

корпоративтік қаржыға немесе корпоративтік басқаруға байланысты жұмыс тәжірибесінің болғаны 

жөн; 

2.3.3. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі тиіс; 



2.3.4.  келіссөздерді  жүргізу  қабілеті  және  корпоративтік  қатынастарға  қатысушылардың 

арасында қақтығыстарды реттей білуі тиіс; 

2.3.5. ұйымдастырушы және талдау жасауға дағдылары болуы тиіс. 

2.4. Корпоративтік хатшының лауазымына кандидатураны қарау үшін кандидат Директорлар 

кеңесіне мынадай ақпаратты ұсынады:  

2.4.1. тегі, аты және әкесінің аты

2.4.2. туған күні; 

2.4.3. білімі (негізгі және қосымша), оның ішінде білім мекемесінің атауы, аяқтаған жылы, 

мамандығы (алған біліктілігі), алған дәрежесі (егер болса); 

2.4.4. соңғы 5 (бес) жылдың ішінде жұмыс істеген орындары туралы мәлімет; 




 

 

2.4.5. 



Қоғамға немесе оның лауазымды тұлғаларына байланыстың болуы (болмауы) туралы 

мәлімет,  сондай-ақ  кандидат  пен  Қоғамның  және  (немесе)  оның  лауазымды  тұлғасы  арасында 

мүдделердің қақтығысына әкелуі мүмкін қатынастардың болуы туралы өзге мәлімет; 

2.4.6.  кандидатқа  тиесілі  заңды  тұлғалар  акцияларының  (қатысу  үлестерінің)  болуы  не 

болмауы туралы мәлімет; 

2.4.7. 


Қоғамның  Корпоративтік  хатшысы  лауазымына  сайлануға  кандидаттың  жазбаша 

келісімі; 

2.4.8. 

Корпоративтік хатшының функцияларын орындауына ықпал ете алатын өзге ақпарат. 



2.5. 

Корпоративтік хатшының өз міндеттерін жүзеге асыру шарттары еңбек шартымен, осы 

Ережемен, лауазымдық нұсқаулығымен, сондай-ақ Қоғамның өзге ішкі құжаттарымен анықталады. 

Еңбек шартына Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы қол қояды.  

2.6. 

Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген уақытта 



Корпоративтік хатшының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтата алады және жаңа Корпоративтік 

хатшыны тағайындай алады. 

2.7.  Корпоративтік  хатшының  лауазымына  кандидат  (кандидаттар)  міндетті  түрде 

Корпоративтік  хатшыны  тағайындау  туралы  мәселені  шешу  кезінде  Директорлар  кеңесінің 

отырысында болуы тиіс.  

2.8.  Корпоративтік  хатшы  өз  қызметімен  бірге  Қоғамда  басқа  функцияларды  орындай 

алмайды, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесінің келісімінсіз басқа ұйымдарда жұмыс істей 

алмайды.  

 

3-

бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысының мақсаттары  

 

3.1. Корпоративтік хатшының өз қызметі шеңберіндегі мақсаттары:  

3.1.1. 

корпоративтік басқару жүйесінің дамуын қамтамасыз ету; 



3.1.2. 

корпоративтік әдептің ең үздік тәжірибесінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету; 

3.1.3. 

Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  отырыстарын  ұйымдастыруды 



қамтамасыз ету; 

3.1.4. 


Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің жұмысына  қолдауды қамтамасыз 

ету; 


3.1.5. 

Қоғамның басқару органдарының тиімді өзара әрекетін қамтамасыз ету; 

3.1.6. 

жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; 



3.1.7. 

Қоғам туралы ақпараттың ашылуын (ұсынылуын) қамтамасыз ету және заңнаманың 

және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Қоғамның құжаттарын сақтау. 

 

4-



бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысының функциялары 

 

4.1.  Корпоративтік хатшы корпоративтік басқару жүйесінің дамуын қамтамасыз етуге 

қатысады, атап айтқанда: 

4.1.1. 


Директорлар кеңесіне Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін әзірлеуге, сақтауға 

және мерзімдік қайта қарауға көмек көрсетеді; 

4.1.2.  заңнамадағы  және  корпоративтік  басқарудың  халықаралық  деңгейде  мойындалған 

тиісті тәжірибесіндегі соңғы өзгерістер жайында білуге ұмтылады және мерзімді түрде Қоғамның 

құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тиісті ақпаратты ұсынады;  

4.1.3. қажеттілік болған жағдайда Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне Қазақстан 

Республикасы заңнамасының, Жарғының және Қоғамның басқа ішкі құжаттарының корпоративтік 

басқару саласындағы талаптары жөнінде түсініктерді береді; 

4.1.4. 

Директорлар кеңесіне Қоғамда корпоративтік басқару саласында өткізілетін шаралар 



туралы хабарлайды; 

4.1.5. 


Директорлар  кеңесі  үшін  Қоғамдағы  корпоративтік  басқарудың  ахуалы,  Қоғамның 

корпоративтік басқару саласындағы қағидалар мен рәсімдердің талаптарын орындауы туралы есепті 

дайындауға қатысады, Қоғамда корпоративтік басқару тәжірибесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды 

береді; 


4.1.6. жалғыз акционерге және Қоғамның Директорлар кеңесіне  корпоративтік шешімдерді 

қабылдау  кезінде  Қоғамның  қызметінде  анықталған  бұзушылықтар  туралы  хабарлайды  және 

жіберілген бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы өз ұсыныстарын енгізеді.  



 

 

4.2. 



Корпоративтік  хатшы  корпоративтік  әдептің  үздік  тәжірибесін  сақтауды  қамтамасыз 

етуге  қатысады,  нақтырақ  айтқанда,  Қоғамның  барлық  басқару  органдарының  Қоғамның 

Жарғысымен,  қағидалармен  және  өзге  де  ішкі  құжаттарымен  көзделген  талаптарды  сақтауын 

қадағалайды,  сондай-ақ  белгіленген  тәртіппен  тиісті  құжаттарға  қажетті  түзетулер  мен 

толықтыруларды енгізуді бастама етеді. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің Төрағасына 

Директорлар  кеңесінің  қызметіне  байланысты,  заңнама,  Жарғы  немесе  ішкі  құжаттарды  барлық 

анықталған бұзулар  туралы уақытында хабарлауға міндетті.  

4.3. 


Директорлар  кеңесінің  және  оның  комитеттерінің  отырыстарын  ұйымдастыруды 

қамтамасыз ету аясында заңнаманың, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес 

Корпоративтік хатшы келесі функцияларды атқарады: 

4.3.1.  тиісті  жылға  арналған  жұмыс  жоспарының  жобасын,  сондай-ақ  Директорлар  кеңесі 

отырыстарының жылдық кестесін жасайды және оларды бекіту үшін Директорлар кеңесіне енгізеді; 

4.3.2. отырыстарды өткізу нысаны бойынша ұсыныспен Директорлар кеңесі отырыстарының 

күн тәртібінің жобасын жасайды және оларды Директорлар кеңесінің Төрағасына бекітуге ұсынады; 

4.3.3. 


Директорлар  кеңесі  отырыстарының  күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша 

материалдардың  тиісінше  дайындалуын,  оның  ішінде  материалдарды  дайындау  рәсімдерінің 

сақталуын, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын ескере отырып, барлық мүдделі құрылымдық 

бөлімшелермен алдын ала талқылауды қамтамасыз етеді; 

4.3.4. 

Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  Директорлар  кеңесі  отырысының  күн  тәртібін, 



оның ішінде барлық қажетті материалдарды қосып, Директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы 

хабарламаны  уақытында  жібереді,  сондай-ақ  отырысқа  шақырылған  адамдарға  отырыс  жөнінде 

хабарлайды; 

4.3.5. 


Директорлар кеңесі отырысының хаттамасын жүргізуді қамтамасыз етеді, хаттамада 

отырысты өткізу уақыты мен орны, отырысқа қатысушылардың аттары, кворум және қабылданған 

шешімдер көрсетіледі, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелерінің хаттамаға уақтылы қол қоюын 

қамтамасыз етеді; 

4.3.6. қажеттілік болған жағдайда Директорлар кеңесінің мүшелеріне сырттай дауыс беру 

үшін  бюллетеньдерді  жібереді  (табыстайды),  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  толтырылған 

бюллетеньдерін,  жазбаша  пікірлерін    жинауды,  Директорлар  кеңесі  отырысының  күн  тәртібінің 

мәселелері бойынша дауыс беру қорытындыларын шығаруды іске асырады; 

4.3.7. қабылданған шешімдерді ресімдеу күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде олардың 

бюллетеньдерін  қосып,  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  Директорлар  кеңесінің  сырттай 

шешімдерін жолдайды; сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшесінің талабы бойынша оларға танысу 

үшін  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  хаттамаларын  және  сырттай  дауыс  беру  арқылы 

қабылданған  шешімдерді  ұсынады  және  (немесе)  хаттамалардан  Қоғамның  Корпоративтік 

хатшысының қолы қойылған және мөрі басылған үзінділерді ұсынады; 

4.3.8. заңнаманың, Қоғам Жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Директорлар 

кеңесінің отырысын өткізу рәсімінің тиісінше сақталуын қамтамасыз етеді; 

4.3.9. 

Директорлар кеңесінің шешімдерін Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне және 



лауазымды  тұлғаларына  жолдайды,  олардың  орындалуына  мониторингті  жүзеге  асырады  және 

Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесімен белгіленген тәртіппен орындау нәтижелері (барысы) 

туралы хабарлайды; 

4.3.10. 


Директорлар  кеңесі  Комитеттерінің  қызметіне  қолдау  көрсетуді  ұйымдастырады, 

оның  ішінде  материалдардың  дайындалуын  қамтамасыз  етеді  және  отырыстардың  өткізілуін 

ұйымдастырады, Комитеттер мүшелеріне және шақырылған адамдарға отырыстың шақырылғаны 

туралы  хабарлайды,  Комитеттер  мүшелеріне  отырыстың  күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша 

материалдарды 

жолдайды, 

хаттамаларды 

жүргізеді, 

Комитеттердің 

ұсыныстарын, 

қорытындыларын  сақтайды  және  оларды  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  мен 

мүшелеріне ұсынады; 

4.3.11. 

Директорлар  кеңесі  отырыстарының  хаттамаларынан  үзінділерге  өз  қолын  қойып 

және Қоғамның корпоративтік хатшысының мөрін басып, оларды растайды. 

4.4.  Директорлар  кеңесінің  және  оның  Комитеттерінің  жұмысына  қолдауды 

қамтамасыз ету аясында Корпоративтік хатшыға келесі функциялар жүктеледі:  

4.4.1.  Директорлар  кеңесінің  жаңадан  сайланған  мүшелеріне  Директорлар  кеңесінің  және 

Қоғамның  өзге  органдарының  қызметі  туралы  Қоғамда  қолданылатын  қағидаларды,  Қоғамның 

ұйымдастырушылық  құрылымын  түсіндіру,  сондай-ақ  Қоғамның  лауазымдық  тұлғалары  туралы 




 

 

хабардар  ету,  Қоғамның  ішкі  құжаттарымен,  жалғыз  акционердің,  Директорлар  кеңесінің  және 



Басқарманың  шешімдерін  таныстыру,  Директорлар  кеңесі  мүшесінің  өз  өкілеттіктерін  тиісінше 

орындауы үшін маңызы бар өзге ақпаратты ұсыну; 

4.4.2. Директорлар кеңесінің мүшелеріне қажетті ақпаратты алуда көмек көрсету; 

4.4.3. Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау мен 

өткізудің рәсімдік мәселелеріне, Қоғам туралы ақпаратты ашуға (ұсынуға) және өзге мәселелерге 

қатысты заңнаманың, Қоғам жарғысы мен ішкі құжаттарының талаптарына қатысты түсініктерді 

беру; 

4.4.4.  аффилиирленген  тұлғалар  туралы  есепті  қалыптастыру  және  тиісті  уәкілетті 



органдарға  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  және  Қоғамның  ішкі  құжаттарымен 

белгіленген  тәртіппен  ақпаратты  ұсыну  мақсатында  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  қатысты 

Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне ұсыну үшін қажетті ақпаратты жинау және есепке алу; 

4.4


.5. Директорлар кеңесіне, оның Комитеттеріне келіп түсетін хат-хабарларды есепке алу 

және сақтау, келіп түскен хаттарға жауаптардың дайындалуын қамтамасыз ету. 



4.5. 

Қоғамның басқару органдарының тиімді өзара әрекетін қамтамасыз ету аясында 

Корпоративтік хатшыға келесі функциялар жүктеледі:  

4.5.1. 


Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жалғыз акционердің атына акционерлік қоғамның 

жарияланған акцияларын орналастыру туралы жіберілген ақпаратты (ұсыныстарды) есепке алуды 

жүзеге асыру; 

4.5.2.  жалғыз  акционердің  келіп  түскен  өтініштерін  (хаттарын,  талаптарын,  шешімдерін) 

тиісінше  есепке  алуды  қамтамасыз  ету,  өтініштерін  Қоғамның  тиісті  органдарына  және 

құрылымдық бөлімшелеріне жолдау, сондай-ақ олардың осындай өтініштерді уақтылы қарауына 

және жауаптарды дайындауына бақылауды жүзеге асыру; 

4.5.3. 


Қоғамның органдары арасында тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету; 

4.5.4.  Директорлар  кеңесінің  Төрағасына  Директорлар  кеңесінің  және  атқарушы 

органдардың  мүшелері  арасында  мүдделердің  барлық  әлеуетті  және  орын  алған  қақтығыстары 

туралы  хабарлау  және  Директорлар  кеңесінің  мүшелері  арасында  қақтығыстарды  реттеу  кезінде 

делдал ретінде қатысу.  

4.6.  Жалғыз  акционердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету 

аясында Корпоративтік хатшы келесі функцияларды орындайды: 

4.6.1. жалғыз акционердің құқықтарын бұзу жөнінде қақтығыстардың уақытында қаралуы 

мен шешілуін қамтамасыз ету. 

4.7.  Корпоративтік  хатшы  Қоғам  туралы  ақпараттың  ашылуын  (ұсынылуын)  және 

Қоғамның құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді, атап айтқанда: 

4.7.1.  заңнамада,  сондай-ақ  Қоғамның  жарғысы  мен  ішкі  құжаттарында  Қоғам  туралы 

ақпаратты сақтау және ашу тәртібіне қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; 

4.7.2. 


Қоғамның  бағалы  қағаздарының  проспектілерінде  және  оның  тоқсан  сайынғы  және 

жылдық есептерінде қамтылған ақпараттың, сондай-ақ Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне 

қатысты маңызды фактілер туралы ақпараттың уақытылы ашылуын бақылау; 

4.7.3. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес 

акционерлік қоғамның міндетті сақталуға жататын құжаттарын есепке алу мен сақтауды, оларға қол 

жеткізуді,  олардың  көшірмелерін  ұсынуды  қамтамасыз  ету,  оның  ішінде,  Директорлар  кеңесі 

отырыстарының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарға, Қоғамның жалғыз акционерінің 

қарауына  шығарылатын  мәселелерге,  жалғыз  акционердің  шешімдеріне,  Қоғамның  Директорлар 

кеңесі отырыстарының хаттамаларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру. 

Көрсетілген құжаттардың көшірмелеріне міндетті түрде корпоративтік хатшының қолы қойылады 

және Қоғамның Корпоративтік хатшысының мөрі басылады; 

4.7.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның жарғысына, ішкі құжаттарына, 

жалғыз акционердің шешімдеріне сәйкес жалғыз акционерге оның мүдделеріне қатысты ақпараттың 

уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету; 

4.7.5.  өз  құзыретінің  мәселелері  бойынша  шешім  қабылдауда  Директорлар  кеңесі 

мүшелерінің мүдделілігі туралы ақпаратты есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ету; 

4.7.6.  Корпоративтік  хатшының  өз  міндеттерін  орындауға  байланысты  құжаттарын 

Қоғамның  мұрағатына  уақтылы  тапсыруды  қамтамасыз  ету.  Бұл  ретте,  Корпоративтік  хатшы 

барлық осындай құжаттарды Қоғамның мұрағатына тапсырғанша, олардың сақталуына жауапты 

болады; 



 

 

4.7.7. Корпоративтік хатшы Қоғамның келесі құжаттарын мұрағатқа тапсырғанша олардың 



сақталуын қамтамасыз етеді: 

Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  шешімдері,  отырыстарының  хаттамалары,  Қоғамның 



Директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс беру бюллетендері; 

Қоғамның  Директорлар  кеңесі  отырысының  күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша 



Директорлар кеңесінің шешімдеріне материалдар; 

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің сауалнамалық деректері; 



Қоғамның  Корпоративтік  хатшысының  құзыретіне  жататын  мәселелер  бойынша  өзге 

құжаттама; 

4.7.8. ақпараттық саясатты (ақпаратты ашу туралы ереже), Қоғамның коммерциялық және 

өзге құпиялы ақпаратын сақтау туралы ережені әзірлеуге қатысу; 

4.7.9.  акционерлік  қоғамға  Қоғамның  корпоративтік  веб-сайтын  контентпен  сапалы  және 

уақтылы толтыруға көмектесу; 

4.7.10. 


Қоғамның жылдық есебін дайындауға қатысу. 

4.8.  Сондай-ақ  Корпоративтік  хатшы  өз  құзыреті  аясында  келесі  функцияларды 

орындайды:  

4.8.1.  жалғыз  акционердің  шешімдеріне  сәйкес  және  Директорлар  кеңесі  мүшесінің 

тапсырмасы  бойынша  Қоғамның  лауазымды  тұлғаларымен,  құрылымдық  бөлімшелерінің 

басшыларымен, сондай-ақ басқа жеке және заңды тұлғаларымен іскерлік байланыстарды жүзеге 

асыру; 

4.8


.2.  қажеттілік  болған  жағдайда,  бекітілуі  жалғыз  акционердің,  Директорлар  кеңесінің 

құзыретіне жататын, Қоғамның ішкі құжаттарының жобаларын дайындау және дайындауға қатысу; 

4.8.3. 

Қоғамның  еншілес  ұйымдарының  Корпоративтік  хатшыларының  жұмысына 



методологиялық қолдау көрсету; 

4.8.4. Корпоративтік хатшының Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қоғамның 

ішкі құжаттарымен белгіленген өзге функциялары. 

 

5-



бап. Корпоративтік хатшының есептілігі 

 

5.1. Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесіне олардың талабы бойынша өзінің 

жасаған жұмысы туралы жазбаша есепті ұсынады.  

5.2.  Есепте  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  отырыстарын  өткізу  жоспарын  орындау 

барысы  туралы  мәліметтер,  өткізілген  корпоративтік  шаралар  туралы,  жалғыз  акционердің 

өтініштерімен  жұмыс  туралы  мәліметтер,  сондай-ақ  Корпоративтік  хатшының  (бар  болса) 

құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар қамтылуы тиіс.  

5.3. Корпоративтік хатшының есебі Директорлар кеңесінің есепті кезеңнен кейінгі бірінші 

отырысында  қаралады.  Қарау  қорытындысы  бойынша  Директорлар  кеңесі  Корпоративтік 

хатшының  есебін  назарға  алу  және  (немесе)  Корпоративтік  хатшының  өкілеттіктеріне, 

функцияларына және жұмысының ұйымдастырылуына қосымша өзгерістерді енгізу туралы шешім 

қабылдай алады.  

 

6-

бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысының құқықтары  

 

6.1. Корпоративтік хатшы, Корпоративтік хатшы Аппаратының жұмыскерінің құқықтары:   

6.1.1. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғаларынан,  құрылымдық  бөлімшелерінің  басшыларынан 



Ережемен  көзделген  міндеттер  мен  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  ақпарат  пен 

құжаттарды сұрау және алу; 

6.1.2. 

Қоғамның лауазымды тұлғаларынан және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан 



Директорлар кеңесі және жалғыз акционер қабылдаған шешімдердің орындалуы туралы есептерді 

талап ету, сондай-ақ шешімдерді орындамау себептері жөнінде жазбаша түсінік беруді талап ету. 

 

7-

бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысының міндеттері 

 

  7.1. 


Корпоративтік хатшының міндеттері: 

7.1.1.  өз  функцияларын  орындау  барысында  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының, 

Қоғамның жарғысы мен ішкі құжаттарының нормалары мен талаптарын қатаң сақтау; 



 

 

7.1.2. мәселелерді шешу барысында акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау 



қағидасына сүйену; 

7.1.3. 


Қоғамның Директорлар кеңесінің тапсырмаларын орындау; 

7.1.4. 


Қоғамның Директорлар кеңесінің алдында өз қызметі туралы жүйелі түрде есеп беру; 

7.1.5.  Директорлар  кеңесіне  Қоғамның  немесе  оның  еншілес  ұйымдарының  бағалы 

қағаздарымен мәміле бекітпей тұрып, ондай мәмілені бекіту ниеті туралы хабарлау; 

7.1.6. 


Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  Қоғам  қызметінде  Қазақстан  Республикасы 

заңнамасын бұзу жағдайларын анықтау. Өз құзыретінің шеңберінде анықталған бұзушылықтарды 

жою бойынша шаралар қолдану; 

 

7.1.7. Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Ережеге, Қоғамның жарғысы мен ішкі 



құжаттарына сәйкес өзге міндеттерді орындау.  

 

8-

бап. Корпоративтік хатшының қызметін  

ұйымдастырушылық және техникалық қамсыздандыру  

 

8.1.  Корпоративтік  хатшының  қызметін  ұйымдастырушылық  және  техникалық 

қамсыздандыру  оның  өз  функцияларының  орындауын  қамтамасыз  етуге,  сондай-ақ  сақталатын 

және берілетін ақпараттың құпиялылығын қорғауға бағытталуы тиіс.  

8.2.  Корпоративтік  хатшы  өткізілетін  отырыстарды,  жиналыстар  мен  мәжілістерді 

техникалық жазу құралдарымен, тиісті бағдарламалық қамсыздандыруы бар дербес компьютермен, 

телефондық және электрондық байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.  

8.3.  Сақталатын  және  өңделетін  ақпараттың құпиялылығын  сақтау  мақсатында  Қоғамның 

Корпоративтік хатшысы құпиялы құжаттарды сақтау үшін сейфпен қамтамасыз етіледі.  

 

9-

бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысына еңбек ақысын және сыйақы төлеу 

шарттары 

 

9.1. 


Корпоративтік  хатшының  лауазымдық  жалақысының  мөлшері,  еңбек  ақысын  және 

сыйақы төлеу (сыйлықақы беру) шарттары туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.  

 

9.2. Корпоративтік хатшыға еңбек ақысын және сыйақы төлеу (сыйлықақы беру) шарттары 



Директорлар  кеңесінің  шешімі  негізінде  Корпоративтік  хатшымен  жасалатын  еңбек  шартымен 

белгіленеді. 

 

 

10-



бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысының  

жауапкершілігі  

 

 

10.1.  Корпоративтік  хатшы  Қоғам  мен  оның  акционерлері  мүддесінде  әрекет  етуге  өз 



міндеттерін адал және кәсіби орындауға тиіс. 

10.2.  Корпоративтік  хатшы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен,  Қоғамның  ішкі 

құжаттарымен, еңбек шартымен белгіленген тәртіппен:  

1) өзіне жүктелген міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен тапсырмаларды тиісті түрде 

орындау; 

2) өз әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) Қоғамға келтірілген залал үшін жауап береді.  

10.3. Корпоративтік хатшы Қоғамның Директорлар кеңесінің және (немесе) Басқармасының 

мүшелеріне корпоративтік жанжал туралы хабарлағаннан кейін, олардың корпоративтік жанжалды 

жою  бойынша  немесе  әлеуетті  корпоративтік  жанжалды  болдырмау  бойынша  шараларды 

қабылдаудан  бас  тартуы  Корпоративтік  хатшыны  корпоративтік  жанжалдың  шешілуін 

ұйымдастыру үшін жауапкершіліктен босатады. 

 

11-



бап. Қоғамның Корпоративтік хатшысы қызметі 

 

11.1. Қоғамда Корпоративтік хатшы қызметінің құрылуы мүмкін. 



11.2.  Корпоративтік  хатшы  Қызметінің  жұмыскерлері  тікелей  Корпоративтік  хатшыға, 

Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасына бағынады. 

11.3. Корпоративтік хатшы Қызметінің санын Қоғамның Директорлар кеңесі Корпоративтік 

хатшының ұсынуы бойынша белгілейді. 




 

 

11.4. 



Корпоративтік  хатшы  Қызметінің  жұмыскерін  тағайындау,  лауазымдық 

қызметақысының  мөлшерін,  еңбегіне  ақы  және  сыйақы  төлеу  (сыйлықақы  беру)  шарттарын 

белгілеу Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімі (ұсынысы) бойынша жүргізіледі. Корпоративтік 

хатшы  Қызметінің  жұмыскерлерімен  еңбек  шартына  Қоғам  Басқармасының  Төрағасы  не  ол 

уәкілетті еткен тұлға қолдарын қояды. 

11.5. 


Корпоративтік хатшы Қызметінің жұмыскерлері өзіне жүктелген міндеттерін орындауы 

үшін жететін тиісті біліктілігі болуы тиіс. 

11.6. 

Корпоративтік  хатшы  Қызметінің  жұмыскерлері  сонымен  бірге  басқа  ұйымның 



жұмыскерлері, Қоғамның Ішкі аудит қызметкерлерінің мүшелері бола алмайды және Қоғамда өзге 

жұмысты орындай алмайды. 



 

12-

бап. Қорытынды ережелер 

 

12

.1.  Қажеттілік  болған  жағдайда  осы  Ережеге  өзгерістер  мен  толықтырулар  оны  бекіту 



тәртібіне ұқсас тәртіппен енгізіледі.   

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мектептің әдістемелік қызметі
2017 -> Жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасы
2017 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы
2017 -> Пән мұғалімдерінің әдістемелік күні туралы ереже Жалпы ережелер
2017 -> Сабақ: «Сөз тұлғасы мен сөз құрамы» Мектеп: «Т. Бокин атындағы №41 орта мектебі»
2017 -> Регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау»
2017 -> «КӘсіпқОР» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша модульдік

жүктеу 117,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша