Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-О-5 |
83 282
|
112 430
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 39 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7292) 60-54-60, электрондық мекен-жайлары: khozhanazarova.a@minagri.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу және ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту; бюджеттік бағдарламалары бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім шарттарды дайындау;
Қазынашылық органдарда тіркеуге жіберу үшін жасалған келісім шарттар бойынша өтінімдер және оның реестрлерін жасау; мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді қалыптастыру, талдау және жинақтау, заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, экономика).
2. Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалды міндеттері: мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты құжаттарды рәсімдеу: жеке істерді жүргізу және сақтау, қызметтік тізімдерге қажетті жазбаларды енгізу; мемлекеттік қызметшілердің міндетті арнайы тексерістен өтуін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін анықтау үшін материалдар дайындау; кадрлар жай-күйінің мониторингі жөніндегі есептер дайындау; бос лауазымдарға орындарға конкурстар өткізуді қамтамасыз ету; табельдік есепке алуды ұйымдастыру; аумақтық бөлімшелердің құрылымын әзірлеу; кадрларды таңдау, іріктеу және ауыстыру бойынша талдауды және жұмысты жүзеге асыру; әскери міндеттілерді әскери есепке алуды жүргізу; қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша есепті дайындау мен жүргізу; келісі бойынша құжаттарды даялау, азаматтардан конкрсқа қатысуға құжаттар қабылдау; тағайындау және кезекті еңбек демалысы туралы бұйрықтарды рәсімдеу мен тіркеу; кадр мәселелері бойынша есептерді қалыптастыру мен жинау, талдау.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім – білім (педогогика және психология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: (экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
Тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ ҚР АШМ АӨК МИК Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |