Бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »



жүктеу 4,14 Mb.
бет4/4
Дата15.05.2018
өлшемі4,14 Mb.
#13906
түріБағдарламасы
1   2   3   4

36. Кешірім сұрау агенттігі


  1. Жалпы ақпарат. Әр адамның өмірінде бір рет болса да істеген ісі үшін сүйіктілері, туысқандары не болмаса жай таныстары алдында кешірім сұрауға тура келген кездері болған шығар. Көпшілігі бұны бар ниетін көрсетіп жасай алмайды, «кешіріңіз», «ғафу етіңіз» дегеннен басқа аузынан ештеңе шығармайды, ал бұл көбінесе жеткіліксіз болып жатады. Кейде сөз тамаққа тіреліп, «кешір» деген қарапайым сөздің өзін айта алмай қаламыз. Қырсыққанда дәл осы қарапайым, бірақ айтуға соншалықты қиын сөздер қарым–қатынасты үзбеудің жалғыз ғана дәнекері қызметін атқаратыны рас.

Бұндай сәттерде адамдарға көмек қажет. Бұл да өз кезегінде бизнес үшін керемет идея. Қаржы салымдары тым аз, ал қызметтің бұл түріне деген сұраныс жоғары. Бұған бүгінгі күні көптеген қалаларда, оның ішінде Еуропа елдерінде кешірім сұрау қызметінің табысты жұмыс істеп жатқанын дәлел ретінде келтіруге болады.

Мынадай көріністі елестетіңіз. Сіз өзіңіздің екінші «жартыңызбен» ренжісіп қалдыңыз, бірақ ол сіздің кінәңіз емес делік. Үйде отырсыз, уайымдайсыз, ашуланасыз. Кенеттен есігіңізге қоңырау шалынады. Сіз есікті ашып, мынадай көріністі тамашалайсыз: есік алдында сіздің екінші «жартыңыздың» атынан кешірім сұраған хаты бар гүл шоғы немесе сыйлық тұрады. Мұнда музыкалық сүйемелдеу болса да жарасады. Міне, бұндай қадамнан кейін сүйіктісін қалай ғана кешірмесін?

Мінекей, бизнес‑идеяның негізгі мәні – кешірім сұрау агенттігін құру.

Бұл үшін не қажет?


  1. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелу;

  2. Тапсырыстарды қабылдайтын кеңсе ашу;

  3. Өз қызметі туралы жақсылап жарнама беру;

  4. Бұл ретте ұшқыр қиялмен қатар үлкен ынта керек!

  1. Технология және шағын маркетинг. Агенттік, бәлкім сіз түсініп те қойған шығарсыз, жұртшылықтан кешірім сұрау үшін тапсырыстар қабылдаумен және оларды орындаумен айналысады. Тапсырыстарды бағасына қарай бірнеше санатқа бөлуге болады:

    • Телефон арқылы кешірім сұрау – жай телефон шалып, тапсырыс беруші атынан ерекше түрде кешірім өтіну;

    • Үйіне барып кешірім сұрау – тапсырыс беруші көрсеткен мекен- жай бойынша алдын ала әзірленген және тапсырыс берушімен келісілген мәтінді пайдаланып кешірім сұрау;

    • Үйіне ертегі (мультфильм) кейіпкерінің костюмін киіп барып кешірім сұрау – тапсырыс беруші көрсеткен мекен-жайға келісілген уақытта барып, кешірім сұрау көрінісін жасау.

Бұндай санаттар көп болуы мүмкін, қызметке, мәселен, отшашуларды, музыкалық сүйемелдеумен сахналық шоуды қосуға болады, егер үй жоғарғы қабатта болмаса, онда терезе алдында, романс стилінде де жасауға болады, жалпы қосатын элементтер өте көп – барлығы тек қиялға байланысты. Агенттік қызметіне құттықтаулар жолдауды да қосуға болады.

Клиент кешірім сұрау агенттігінің қызметін кеңес алу үшін, кешірім сұрауды ұйымдастыруға көмектесу үшін ғана пайдаланып, қалған әрекетті өз бетімен жасаса да болады. Кешірім сұрау қызметінің көмегімен тек кешірім сұрап қана қоймай, сонымен қатар сезімдерін білдіруге де, кездесуге шақыруға да (бәлкім бұл алғаш рет болуы мүмкін), ренішін білдіруге де және т.б. жасауға болады.

Бұған қоса, кешірім сұрау қызметі кешірім сұраудың сәтті аяқталуына байланысты жауапкершілік алмауы керек. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, барынша жақсы жасалған кешірім сұрау шаралары адамның кешірім сұрауды қабылдамауына еш мүмкіндік қалдырмайды. Азаматтардың өздері де біреумен ренжісіп қалған жағдайда, көбінесе, кешірім сұрауды өзгеден күтіп, кешіруге кез келген уақытта әзір тұрады. Агенттіктің көрсеткен қызметінен оң тәжірибе алған клиент, міндетті түрде қайта хабарласады, сондай‑ақ өзінің достары мен таныстарына бұл туралы айтады, бұның өзі жарнаманың ең керемет түрі.

Штатқа міндетті тұрде психолог алу ұсынылады (бастапқы кезде біреуі де жетеді). Клиент проблемасының мәнін ұғынған соң, психолог қарым- қатынасты қалпына келтіру үшін қажетті сөздер таңдай бастайды. Ескеретін жайт, бұл сөздер жалпылама сипатта емес, тура сол қалыптасқан жағдайға байланысты болуы міндетті.



3. Сату. Кез келген бизнес өткізу бағыты мен маркетингі дұрыс жасалған кезде ғана сұранысқа ие болады. Бастапқы кезеңде жарнама да үлкен рөл атқарады. БАҚ‑қа жариялау, жарқылдатып жарнама беру сізге клиент тартуға жәрдемдеседі, бірақ ең жақсы жарнама қызметті өте сапалы ұсыну болып табылады.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

  • ғимаратты жалға алу, ауданы 15-20 м²×1500 тг/ м² – 22 500-30 000 теңге.

  • психологтың жалақысы орындалған жұмыстың ауқымына және тапсырыстың санына қарай болады. Шамамен сағатына 1500 – 2000 тг.

  • жарнама, орта есеппен алғанда 15 000 теңге.

Барлығы: 70 000 теңге.

4.2. Табыс:

Сіздің табысыңыз тапсырыстардың санына байланысты болады. Қызмет көрсетулердің құны санатына байланысты, мәселен тапсырыс беруші атынан қоңырау шалу, ерекше түрдегі кешірім өтіну 1 500 теңге, қосымша атрибуттарды, костюмді көріністерді қолданумен үйіне барып кешірім сұрау және т.б. 3 500 теңгеден басталады. Бұнымен қоса, сіз костюмдерді театрдан, ойын‑сауық орталықтарынан қисынды бағаға жалға ала аласыз.



5. Пайдалы сілтемелер:

http://homeidea.ru/index.php?topic=23504.0

http://ubr.ua/business-practice/innovation-in-business/sorry-servis-chto-eto-49317

http://obidam.net/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «кешірім сұрау агенттігі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

37. Көтерме сату бизнесі



1. Жалпы ақпарат. Сауда саласында қиын уақыт басталды. Табыс күрт төмендеп, салықтар мен жалға алу бағасы өсіп барады. Көптеген кәсіпкерлер өздерінің бизнестерін жабуда. Бұл ретте проблемалардың бірі тауарларды өткізу болып табылады. Бұндай жағдайда тауар қалдықтарымен не істеу керек? Шешімі – жаппай саудаға маманданған бизнес, ол сізге табыс табуға мүмкіндік береді, сонымен қатар кәсіпкерлерге көмек көрсете алады.

2. Ғимарат. Сауданы ұйымдастыру үшін ғимаратты жалға аласыз. Үлкен болуы міндетті емес, 40-50 м² жеткілікті, тыныш аудандарда болса жарайды. Ең бастысы адамдар көп өтетін жерде орналасуы керек.

3. Жабдықтары. Ұсталған жабдықтарды арзан бағамен алған жөн, қазіргі кезде сұраныс жоғары болмағандықтан жабдықтарды ыңғайлы бағаға табу оңай.

Содан кейін тауарларды алуға мүдделі дүкендермен келісім-шарт жасасу керек, оны ұзақ мерзімге немесе толық жаппай сатқанша жасауға болады.

Тауарды төмен бағамен қабылдап аласыз. Келісім-шартта тауар үшін төлем оның сатылымына қарай деп көрсетілгені дұрыс. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін барлық тауар үшін төлемді бірден жасауға келісуге болмайды, себебі сізде ешкімге де қажет болмай қалатын тауарлар қалып қалуы әбден мүмкін. Өзіңізді сәтсіздіктен сақтандыру үшін, келісім-шартқа екі тараптың бірінің тілегіне байланысты тауарларды иесіне қайтарып беру жөніндегі пунктті енгізген жөн.

Тауарларды көтерме сату немесе көтерме сату дүкені идеясында бастысы - қабылдап алу барысында тауарларды дұрыс бағалау және оларды әрі қарай сату бағасын дұрыс белгілеу. Тауарлардың бағасы төмен болған сайын клиенттеріңіз де көп бола бастайды, өйткені адамдар көтерме сату дүкендерінен үлкен қызығушылықпен сауда жасайды.



4. Технология. Пайда екі табыс көзінен түседі – субарендадан және өткізуге берілген тауарлардың үстеме бағасынан. Орындарды субаренда шарты бойынша дүкендерге жалға беруге болады, олардың тауарларын коллекцияны толық өткізгенге дейін алуға болады.

Қызметке деген сұраныс қарапайым жұртшылықта да, сауда саласымен айналысатын кәсіпкерлерде де болады. Әр дүкен белгілі бір уақыттарда «көтерме сату» акциясын өздері өткізіп тұрады. Бірақ клиенттер бұл туралы үнемі хабардар бола бермейді. Ал мында бір жерден барлығын ең бастысы төмен бағаға кез келген уақытты сатып алуға болады. Егер сізде тұрақты түрде бірінен соң бірі жаңа дүкендер болатын болса, бұл көптеген сатып алушыларды тартады. Клиенттер әрбір жаңа ұсыныстарды бақылап жүреді, ал дүкендер қажет емес тауарлардан тез құтылады.

Кез келген сауда нүктесінің табысты қызмет етуі үшін жылдам тауар айналымы қажет, яғни тауарлар бұдан да көп табыс әкелетін басқа тауарлардың келуі үшін сөрелер мен ілгіштерді тезірек босатуы керек. Егер қандай да бір себеппен тауарлар сөрелерде жатып қалатын болса, дүкен шығынға ұшырай бастайды. Жаңа коллекция келіп қалды, ал оны қоятын жер жоқ. Сондықтан да мұндай жаппай сату базалары әрбір сауда кәсіпорындарына өте қажет. Тауар заңдылығын білмеген шығынға ұшырайды.

5. Сату. Кез келген бизнестің табыстылығы үшін сауатты маркетинг қажет. Бастапқы кезеңде жарнаманың мәні үлкен. Жарнаманы БАҚ‑қа беру, адам көп жүретін жерлерде тарату, түрлі орындарға жапсыру сізге клиенттер тартуға көмектеседі. Клиенттерді тарту үшін жарнама екі бағытта болуы керек: тауарларды қабылдау және оны көтерме сату жөнінде.

Тауарларды көтерме сату дүкенінің және тауарларды қабылдау бөлімінің ашылғаны туралы жарнама беру қажет. Базарларда, сауда орталықтарында, сіздің әлеуетті клиенттеріңіз көп жерлерде жарнамалар жапсыру керек.



6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • жабдықтар сатып алу, шығыстар орта есеппен 35 000-40 000 теңгені құрайды.

  • ғимаратты жалға алу – 40 м² * 1200 теңге = 48 000 теңге.

  • жарнамаға кететін шығыстар, орта есеппен 8 000-15 000 теңге.

Барлығы: 98 000 теңге.

6.2. Табыс:

Жаппай сату бизнесін кепілді түрде табысты деп есептей беруге болады. Мәселен, тауарларды орналастыруға арналған сауда стеллаждарын метраж бойынша жалға беру, сонымен қатар сатқаны үшін комиссия алу – орта есеппен 5 м² 10 000 теңгеден және одан да жоғары, бұның өзі сіздің клиенттеріңіз үшін ғимаратты жалға алу мен қызметкерлер жалдауында ақша үнемдеуге жағдай жасайды, ал сізге жақсы пайда табуға көмектеседі.



7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.homebusiness.ru/ideas/1398.htm

http://homebiz.ru/est-ideya/1276.html

http://www.hombiz.ru/sfera-uslug/biznes-ideya-rasprodazha-tovarov.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «көтерме сауда» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

38. Көксөк пен татымдылар (дәмдеуіштер) өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Көксөк пен татымды дақылдардың барлығы дерлік бақшада өседі. Мерекелік дастарханды көксөк себілген салаттар мен ыстық тағамсыз елестету мүмкін емес. Барлық дерлік тағамдарға хош иісті аскөк, ақжелкен, дәмі ауыз қуыратын ақжелкен, базилик және тағамдарға ерекше ұқсамайтын реңк пен ерекшелік беретін т.б. шөптер қосады. Жақсы мейрамханаларда нағыз тамақ талғағыштар әзірленген тағамның дәмін шын мәнінде бағалай алуы үшін жылыжайлық жағдайда көксөктер өсіреді.

Кез келген жақсы дүкендерден қыс немесе жаз, көктем не күз екендігіне қарамастан, жылдың кез келген мерзімінде көксөк сатып алуға болады. Бірақ, әрине, шөптер қыста бағалырақ саналады. Аскөк, көк пияз, ақжелкен, қымыздық бағалары бірден көтеріледі, бірақ бұл адамдарды еш алаңдатпайды, өйткені жаздың дәмін сезіп, дәрумендердің күшті мөлшерін алу қажет. Ағза үшін пайдалы, әртүрлі дәрумендер мен аминқышқылдарға толы көксөк барлық микробтар үшін нағыз жоюшы.

  1. Көксөк өсіру технологиясы. Көксөк және татымды шөптер өсіру маусымдық іс емес, мұнымен жазда да, қыста да айналысса болады. Жазғы күндері көксөкті өсіру жаңа бастаған бағбан үшін де қиынға соқпас, ең бастысы уақытылы суарып, өнімді жинап алу.

Пәтерлерде қысқы кезеңде көкөніс, көксөк дақылдарын өсіруге қатысты арнайы ереже бар: бөлме биік, кең, әрі жарық болған сайын өсімдіктер де, әсіресе, қысқы кезеңде жабық тұрғынжайдағы барлық келеңсіздіктерді оңай еңсереді.

Қыста үйдегі жағдайда көксөкті таңдаулы қара топырақ толтырылған жәшікте өсіруге болады, топырақ кез келген гүл сататын дүкенде сатылады, бір қуанатыны онда шөптер пен арамшөптер болмайды. Сіздің басты міндетіңіз – жәшіктерді көбірек жасау. Көксөк жарық пен жылуды ұнатады, сондықтан да оған жылыжайлық жағдай жасау керек. Бұл үшін топырақ толтырылған жәшікті батареяға қойып, күндізгі жарық лампасын үстіне орналастыру жеткілікті.



  1. Өнімді сату. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығы жөнге қойылғанда ғана сұранысқа ие болып, табыс әкеле бастайды. Осылайша сіз аз шығындала отырып, жақсы пайда таба аласыз. Сізден көксөк алуға кез келген қоғамдық тамақтану мекемесі, кез келген азық‑түлік дүкені келіседі. Сондықтан да, сіздің өнімді көбірек алуға деген қызығушылығыңыз жоғары болады. Көксөк ұрығы мамандандырылған дүкендерде сатылады және олар қымбат тұрмайды. Жазғы кезеңде сіздің өнімді бірнеше рет алуға мүмкіндігіңіз болады, ал қыста көксөк қымбат тұрады.

Табыс көлемі сатуға шығарылған өнімнің мөлшеріне байланысты. Бизнестің көптеген салалары үшін дағдылы заңдылық бұл істе де өз күшінде болады– неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • ұрығы (20 қалташа) – 900 теңге.

  • минералды тыңайтқыштар (1 тал) – 250 теңге.

  • жәшік 20 тал 150 теңгеден – 3000 теңге.

Барлығы : 4 150 теңге.

    1. Табыс:

Көксөктің төмендегі сорттары мен түрлерін сату – бәден, жасылша, базилик, сүйментамыр, иссоп, жыланбалық, шытыр-салат, майоран, эстрагон, желкек, бабажапырақ, күнзе, жаужапырақ, жалбыз, сәлбен, тасшөп, зире, жебіршөп, гүлшетен, рута, нигелла, фенхель.

Көксөкті жазғы уақытта сату: 1 бума – 200-300 теңге, барлығы 20 бума болса = 4 000-6 000 теңге.

Көксөкті қысқы уақытта сату: 1 бумасы – 400 теңге, барлығы 20 бума болса = 8 000 теңге.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.cvetokk.ru/lechebnye-rasteniya/vyrashhivaniepe/

http://psu.at.ua/publ/ovoshhi_i_zelen_v_teplicakh/1-1-0-18

http://homebiz.ru/domashnij-biznes/777.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «көксөк» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

39. Пышақтар мен қайшыларды қайрау





  1. Жалпы ақпарат. Адам пышақ пен қайшыны күнделікті міндетті түрде қолданады. Біз оларды тұрмыстық мақсаттарда және жұмыста кәсіби қызмет түрлері бойынша пайдаланамыз. Оларды көбірек қолданған сайын олар да өтпей, қайрауды қажет ете бастайды.

Сөз жоқ, әр отбасында қажет болған жағдайда пышақты өткірлеуге арналған қайрақ бар. Дегенмен, пышақ қайрауда бұл көбіне соншалық тиімді әдіс бола бермейді. Бір ғана үйдегі қайрақ алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқара бермейді. Белгілі бір уақытта пышақ өзінің жақсылап өткірленуін қажет етеді, сол үшін шеберханадағы қайрақшыға жүгінуге тура келеді. 

Бүгінгі күні әр қалада шаштараздар мен сән салондары қаншама, тіпті әр үйдің өз шаштаразы бар десек болады. Әрбір шаштаразда ең кемі екі маманнан, ал маманның әрқайсысында ең кемі екі жұп қайшыдан бар. Адамдар қашанда жақсы көрініп жүргісі келеді, сондықтан да сән индустриясы көркеюде. Сәйкесінше сіз де өз клиенттеріңізді үнемі таба алатын боласыз.

Пышақтар мен қайшыларды қайрау бизнесін ашу қыруар еңбекті қажет етпейді және де мұнда айтарлықтай шығыстар да жоқ.

Көпшілік бұл бизнесті табысы төмен, рентабельді емес деп есептейді. Рас, басында бұл шынымен солай. Клиенттердің көптігіне қарамастан мұндай қызметке төленетін ақы соншалық жоғары емес. Бірақ, сізге өз бизнесіңізді одан әрі дамыта түсуге кім кедергі? Бұл ретте сізге қайшы мен пышақты қайрау тәжірибе мен бастапқы капиталды жинау үшін ғана қажет болуы мүмкін.

Бұл үшін Сіз өзіңіз ұсынатын қызмет түрлерін кеңейте аласыз. Мәселен, араны, балтаны және т.б. мамандандырылған техникаларды қайрауға кірісуге болады. Әрине, бұлар үшін одан да салмақты қайрау аппараты қажет, бірақ қосымша қаражат құюсыз бизнесті кеңейту мүмкін емес. Содан кейін сіз өткір‑кесетін құралдарды қайрайтын орныңызды қайта қарастырып жабдықтай аласыз. Тек жұмыс істейтін жерді ғана емес, қызметкерлер санын да кеңейтуге тура келеді. Сонда сіздің табысыңыз да көз алдыңызда өсе бастайды, ең бастысы бұл іске шындап кірісу керек.


  1. Ғимарат. Сонымен, бизнесті алғашқы уақытта арнайы шеберханасыз, пәтерде отырып-ақ бастауға болады. Бастысы өзіңіздің қызметіңіз туралы таныстарыңызға, көршілеріңізге, жақын маңдағы тігін ательелері, фабрикалар мен шаштараздарға хабарлап, жарнама жасаңыз. Бірінші қайрауды тегін ұсынуға да болады. Нәтижесінде адамдар сізге ғана жүгіне бастайды.

Ал сіз жұмыс жақсы жүріп кеткеннен кейін, дүкендегі шағын бір орынды жалдауыңызға болады.

  1. Технология мен есептер. Осылайша, бизнесті ұйымдастыру қайрауыш шарық ұйымдастыруға әкеп соғады. Оны жинау үшін бірнеше қайрау шарықтары мен іске қосатын электроқозғалтқыштар қажет, бұларды бір-бірімен жалғап, содан кейін электроқозғалтқышты жүйеге қосу керек.

Электроқозғалтқыш шамамен 4 000 теңге тұрады. Ал бір рет қайрау –шамамен 130-150 теңге. Шамамен 30 тапсырыстан түскен пайда қаржы салымын толығымен ақтап шығады.

Маникюр, педикюр және шаштараз шеберлері өздері қызмет көрсететін клиенттерінің санына қарай құралдарын 2-3 аптада бір – үш айда бір мерзім аралығында қайрап тұрады. Сіздің клиенттеріңізге тек шаштараз шеберлері ғана емес, сонымен қатар, тігіншілер, тігін ательелері, медициналық мекемелер (медициналық құралдар), маникюр шеберлерін және т.б. дайындау жөніндегі білім орталықтары мен мектептер де кіретін болады. Яғни, бұл – көптеген сегменттерді қамтыған өте ауқымды нарық. 



4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

  • электр қозғалтқыш – 4 000 теңге.

  • жарнама – 500 теңге.

Барлығы: 5 000 теңгеден артық емес.

4.2. Табыс. Қайрауға 5 минуттан артық уақыт кетпейді. Егер сіз күніне 6 сағат жұмыс істейтін болсаңыз, онда 70 құралға дейін қайрауға болады, яғни күніне шамамен 9 000 теңгеге жуық табыс түседі.

5. Сату. Сізге жарнама басып шығарып, оны өз қалаңыздағы барлық шаштараздарға, сән салондарына және жоғарыда айтылған барлық мекемелерге тарату қажет. Сонымен қатар, жергілікті газеттерге де жарнама беру артық етпейді, бұның шығыны да көп емес.

Өз бизнесіңізге назар аударту үшін жарнама мәтінінде «ашық есік» күнін өткізетініңіз туралы хабарландыру жасасаңыз болады. Бұл дегеніміз осы күні жарнама бойынша келгендерге құралдарды тегін қайрап бересіз деген сөз.



  1. Пайдалы кеңестер:

http://www.nowa.cc/showthread.php?t=203294&page=7

http://www.diforum.ru/t16741.html

http://tltkonstruktor.narod.ru/

http://delovar.info/new2/idea/idei.phtml?view=1041

http://biznesmaster.ru/ideas/uslugi/345-zatochka-manikyurnyx-instrumentov-novyj.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пышақ қайрау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

40. Пластикалық карта жасау





  1. Жалпы ақпарат. Күн өткен сайын біз күнделікті өмірімізде пластикалық карталарды жиі пайдаланамыз. Олардың қатарына кредиттік карталар, дүкендердің, клубтардың, қонақ үйлердің, мейрамханалардың дисконтты карталарын, тіпті куәлік пен құжаттарды жатқызуға болады. Пластикалық карталарды мұншалықты кеңінен қолдану оларды жасауды бизнестің тиімді әрі перспективті түріне айналдырды.

Пластикалық карта – бұл мөлшері 86 х 54 мм, қалыңдығы 0,76 мм болатын кесек пластик. Пластикалық карталардың мақсаты мен сыртқы түрі әртүрлі болады, олар дизайны жағынан ерекшеленгенмен, негізінен айтарлықтай айырмашылықтары жоқ.

  1. Ғимарат. Бұл бизнес үшін сізге жалпы алаңы 25-30 м² болатын кеңсе керек. Егер мұндай орын қолжетімді, қала орталығына жақын жерде, бәлкім бір бизнес‑орталығында (астыңғы қабатта) орналасса тіптен жақсы.

  2. Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін бірінші кезекте Adobe Illustrator немесе CorelDraw сияқты графикалық редактор бағдарламалары бар компьютер қажет. Сонымен қатар принтер, карта кескіш және пресс-ламинатор қерек. Бұдан бөлек штрих‑коды бар пластикалық карталар жасау үшін сізде кодтаушы мен эмбоссер болуы тиіс.

  3. Технология. Пластикалық карталарды жасаудың көптеген технологиялары бар, бірақ 5 000 данаға дейін тираждау үшін «қарқынды» әдісті пайдалану аса тиімді болып табылады. Бұл технология бойынша бірнеше мыңдаған пластикалық карталар жасау тапсырысын арнайы құрылғыларды пайдалана отырып екі күн ішінде орындауға болады.

Сонымен, пластикалық карталар жасау үдерісі былайша жүзеге асады: алдымен кәдімгі компьютер көмегімен қалыңдығы 0,3 мм болатын арнайы пластикте макеттер жасалып, қарқынды (струйной) принтерден басып шығарылады. Пластикалық карталарды басып шығару үшін ақ, күміс, алтын түсті пластиктерді пайдалануға болады.

Егер пластикалық картаға аты‑жөні, карталардың нөмірлері, кодтар, логиндер, құпия сөздер, штрих-кодтар сияқты мәліметтер енгізілуі тиіс болса, онда бұлардың барлығы бірден макетпен бірге басып шығарылады. Басып шығарылғаннан кейін кәдімгі қарапайым әдіспен, яғни қорғаныс қабаты, беткі жағы, келесі жағы және қайтадан қорғаныс қабаты етіп пластикалық карталарды жинайды.

Жиналғаннан кейін барлық қабаттар пресс‑пеште қысым мен температура көмегімен бірігеді, бұдан кейін карталар арнайы пластикалық карталарды кесу құралымен кесіледі. Егер бұл өзіне жазылған ақпаратты сақтап қалатын кредиттік немесе қарапайым карта болса, онда оның магниттік жолағы кодталады және оған эмбоссировка жасалады (бұл картада шығып тұратын белгілер).


  1. Сату. Бұл бизнестегі негізгі міндет – тапсырыс берушілерді барынша көп тарту. Ол үшін, ең алдымен, өз қызметіңізді әлеуетті клиенттерге ұсынуыңыз қажет. Пластикалық картаны жасатуға негізгі тапсырыс берушілер түрлі ойын‑сауық, спорттық клубтар, дүкендер, мейрамханалар, барлар, дәмханалар, қонақ үйлер, қаржылық мекемелер, фитнес‑орталықтар болып табылады. Егер мұндай мекемелерден тапсырыс алуға алғашқы мүмкіндік туындаса, онда кейіннен бұл міндетті түрде клиенттер ағымын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, баспа және электронды БАҚ‑қа жарнама берудің, сондай‑ақ өзіңнің жеке сайтыңды немесе тым құрығанда интернет желісінде өз блогыңды құрудың маңызы зор.

  2. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • ғимарат жалдау – 45 000-50 000 теңге.

  • компьютер – 70 000 теңге.

  • принтер – 25 000 теңге.

  • картаны біріктіріп, ламинаттайтын пресс-ламинатор – 270 000-300 000 теңге.

  • карта кескіш– 25 000 теңге.

  • эмбоссер – 150 000 теңге.

  • қарқынды баспа үшін пластик әзірлеу – 10 теңге/данасы, * 5 000 = 50 000 теңге.

Барлығы: 635 000 теңге.

6.2. Табыс:

Жоғарыда жазылған технология бойынша карта жасаудың өзіндік құны, яғни материалдарға кететін шығыстар, шамамен, 1 карта үшін 20 теңгені құрайды.

Пластикалық карта жасаудың бағасы, орташа есеппен алғанда 100-150 теңгені құрайды, онда да тиражына байланысты. Есептеп көрелік, 100 теңге/дана бойынша 1 000 карта жасау үшін сіз 100 000 теңге аласыз. Бұл сомадан шығыстарды алып тастаймыз – 20 000 теңге, сонда таза табыс сомасы 80 000 теңгені құрайды. Бірақ, есіңізде болсын, бұл тек негізгі шығыстар, бұдан бөлек қосымша шығыстар, мәселен электр энергиясына, ғимаратты жалға алуға қатысты шығыстар да бар және т.б. Уақыт бойынша 1 000 дана карта жасау үшін сіз ең көп дегенде екі күн уақыт жұмсайсыз.

Қалыптасқан жағдай бойынша, ең аз тапсырыс 500 дананы құрайды. Пластикалық карта жасау мен жеткізу жөнінде, ең құрығанда, айына төрт компаниямен келісім жасасаңыз, 2 000 карта * 100 = 200 000 теңге болады. Бұл сомадан өзіндік құнын алып тастаймыз, сонда табыс 160 000 теңгені құрайды. Яғни, сіздің бастапқы шығыныңыз әрі кетсе жарты жыл ішінде өз өзі ақтайды.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.gradientcard.ru/tema4.html

http://www.a1card.ru/

http://biznesvbloge.ru/biznes-ideya-40-plastikovye-karty/

http://www.flexoznak.ru/

http://www.1copy.ru/articles/details/35.htm

41. Ескерткіштерге фотоовалдар жасау





  1. Жалпы ақпарат. Біздің көпшілігіміз бизнес ашу үшін әртүрлі идеялар туралы жиі ойланамыз. Бірақ көпшілігі өз ісін ашу үшін үлкен қаражат керек деп ойлайды. Алайда, кемеңгерліктің барлығы қарапайым болатыны анық қой.

Бизнес ‑ бірегей және айтарлықтай қарапайым технология бойынша жүзеге асатын «ескерткішке фото» жасау болып отыр. Ескерткішке фотосуреттер жасау жөніндегі бұл технология ескі технологиядан ‑ «эмальдағы фото‑фотокерамикадан» айтарлықтай өзгешелігі бар, тіпті бұның өзі ұзақ жылдар бойы ең перспективалы болып келген болатын. Ең бір айырмашылығы оны жасау барысында тек қана полимерлер пайдаланылады. Барлық материалдар мен құрылғылар дүкендерде сатылады. Өз бизнесіңді жасау өте қарапайым, тіпті үй жағдайында әрі аз қаражат жұмсап жүргізуге болады. Бәсекелестіктен қорқудың да қажеті шамалы, өйткені бұл кеңістік әлі бос.

Бұл бизнеспен жас кәсіпкер де, сондай‑ақ кез келген фотостудия немесе жөн‑жоралғылар сататын дүкендер де айналыса алады.



  1. Орын-жай. Осы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін үлкен орын‑жайдың қажеті жоқ. Сіз бәрін де үйіңізде отырып жасай аласыз.

  2. Жабдықтау. Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін Сізге мынадай құрал-жабдықтар қажет:

  • компьютер;

  • түрлі‑түсті сканер;

  • пигментті бояулары бар түрлі‑түсті қарқынды принтер (олар күймейді);

  • ламинатор.

Тағы бір ерекшелігі бұл оргтехниканың барлығы бір жұмыс үстеліне сыйып кетеді.

  1. Технология. Жұмыс үдерісі:

1) фотосуретті аламыз және оны компьютерде сканерлейміз;

2) фотошопта өңдейміз;

3) принтерден шығарамыз (қағаз емес пластик ПВХ қолданылады);

4) ламинаттаймыз;

5) кесеміз;

6) фотоовалға бекітеміз (фото бекітілетін дайындама соққыға шыдамды пластиктен жасалады), бұдан кейін бұйымыңыз дайын деуге болады.

«эмальдағы фото – фотокерамикадан» басымдығы:


  • Жасалатын уақыты 15-20 минут, «эмальдағы фото – фотокерамикаға» 10 - 60 күн кетеді;

  • Түстері өте сапалы беріледі;

  • Ескерткішке бұрандалы шегесіз бекітіледі;

  • Металлға өткізу үшін жұлып алынбайды (өкінішке қарай бұндайлар да кездеседі).

  1. Сату. Сіз өзіңіздің жарнамалық материалыңызды жөн‑жоралғы қызметтерін көрсететін ұйымдар арқылы, сауда орталықтары арқылы тарата аласыз, газетке жарнама орналастыра аласыз.

  2. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

Бастапқы кезеңде сізде мынадай шығыстар болуы мүмкін:

  • компьютер – 70 000 теңге.

  • сканер – 20 000 теңге.

  • принтер – 25 000 теңге.

  • ламинатор – от 25 000 теңге.

Барлығы : 140 000 теңге.

    1. Табыс:

Фотоовал құны – 450 теңге, шығыс материалдары құны – 75 теңге.

Барлығы – 525 теңге, ал сату бағасы мөлшеріне, түсіне және өңіріне және т.б. байланысты 1 500-ден 60 000 теңгеге дейін.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://instore.kz/product_info.php/products_id/17584

http://shymkentwm.kz/shop/webrabota.com.oval.html

http://tehnoidei.com.ru/fotooval.shtml


42. Интернет-кафе





  1. Жалпы ақпарат. Интернетті үйлерінде пайдаланушылар арасында лимитсіз интернеттің кең тарағанына қарамастан, интернет‑кафелердің қызметі сұранысқа ие күйінде қала береді. Бұл бизнесті сауатты жүргізсе, интернеті бар кафелер жақсы табыс әкеледі.

Әрине, соңғы уақытта wi-fi нүктелердің таралуы да артып келеді, алайда дәстүрлі интернет‑кафе нарықта әлі де бәсекелесе алатын жағдайда және де ол жақын арада бәсеңси қоймайтын тәрізді.

Интернет-кафе ашу жөніндегі бизнес‑жоба өзін‑өзі ақтап қана қоймай, сонымен қатар табыс әкеліп тұруы үшін не қажет?



  1. Ғимарат. Табысты интернет‑кафе ашу үшін ең басты шарт – оның орналасатын орнын дұрыс таңдау. Өйткені, кафеге келушілердің саны, яғни бизнестің табысы да болашақ клиенттер контингентіне тәуелді. Ең алдымен, әлеуетті келіп кетушілердің қозғалыс маршрутын, сондай‑ақ олардың өз бос уақыттарын өткізуге қатысты әдеттерін зерттеу керек. Көптеген кәсіпкерлер ғимаратты арзанырақ жалға алу үшін шағын аудандарда интернет‑кафелер ашады. Нәтижесінде олардың көбісі орналасқан жерді дұрыс таңдамағаны үшін сәтсіздікке ұшырап жатады.

Бұдан кейін, мұндай қызмет көрсету нарығында бәсекелестік өте жоғары екенін және оны жеңу үшін интернет‑кафе үшін бір ғана интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етудің жеткіліксіз болатынын ескеру керек. Клиенттерге мүмкіндігінше көптеген қосымша қызметтер ұсынған жөн. Мәселен, құжаттарды шығару және көшіру, тағы бір міндетті жағдайдың бірі – ойын залының, музыка мен фильмдер коллекциясы бар файлдық серверлердің болуы. Егер сіз интернет‑кафе ашсаңыз, онда қоғамдық тамақтану қызметін ұсынсаңыз да болады. Бұндай қызметтің ассортименті кәдімгі кафелердегідей кең болуы міндетті емес, жеңіл тамақтану немесе бір шыны кофе ішу мүмкіндігінің өзін келушілер жоғары бағалайтын болады, бастапқы кезеңде тіпті жай кофенің өзі де жеткілікті.

Сонымен бірге қалам, қарындаш, А4 форматты қағаз, дискілер және т.б. секілді түрлі кеңсе заттарын сатуға да болады.



  1. Құрал-жабдық. Сізге алғашқы уақытта кемінде 5 компьютер, желілік құрылғы, принтер, көшіру аппараты, факс аппараты қажет.

Егер сіз заңды бизнес жүргізгіңіз келсе, онда лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге және сол сияқты лицензиялық компьютер ойындарына шығындалуға тура келеді. Қарақшылық жолмен келген бағдарламалық өнімдерді пайдалансаңыз, айыппұлдар салынуы мүмкін, ал бұл мекемеңіздің қаржылық жағдайына елеулі әсер ететін болады.

Қолданбалы бағдарламаларға келетін болсақ, қымбат саналатын MS Office пакетінің орнына алғашқы кезеңде тегін Open Office орнатуға да болады.



  1. Технология. Егер интернет клубты тек чатта отырып, ойын ойнауға арналған орын деп есептеуді доғарсақ, онда өз табысымызды айтарлықтай көтере аламыз. Өз клубыңызды адамдар құжаттарын рәсімдей алатын орын деп есептеңіз: келген адам компьютерге отырады, қажетті ақпаратты көшіреді, портфолиосына сандық фото жасатады, шығарылған материалдарын сканерлейді, құжаттармен жұмыс істейді, радио тыңдайды, мәліметтерін қағазға басып шығарады, керектісін ламинаттайды, керектісін брошюралайды, мұқабасын сатып алады, құжаттың бірнеше көшірмесін жасайды, маңызды құжаттың жоғалып кетпеуіне сенімді болуы үшін сандық көшірмені CD‑ға, ұялы телефонының флэшкасына және USB драйвқа жазып алады. Мінекей, осындай қызмет түрлері бар өзінше бір таптырмас кеңсе.

Интернет‑кафеде қосымша қандай компьютерлік емес құрылғыны орнатуға болады:

  • Көшірме, оның принтермен және сканермен тіпті факспен біріктірілген мультифункцияналды түрін алуға болады.

  • Факс, егер сіз кеңселері көп ауданда орналассаңыз, онда факс жоғары сұранысқа ие қызмет болуы әбден мүмкін. Қала бойынша телефон желісі арқылы факс жіберуге болады. Егер халықаралық факс жіберу қажет болса, онда сізде үлкен басымдық болады деген сөз, өйткені сізде интернет те, сканер де бар. Интернет‑факс қызметін міндетті түрде пайдаланыңыз. Сіз бұл қызмет туралы ақпаратты «Интернет-факс» сөзін теру арқылы интернеттен таба аласыз. Мұндай қызметтер электронды пошта арқылы жүзеге асады, форматы: +код-және-нөмір-телефон@fax-email.me. Сіздің осы почтаға жібергеніңіздің барлығы қажетті қалаға интернетпен жолданады, ал ол жақтан жергілікті қалалық телефон желісі арқылы беріледі. Мұндай қызмет халықаралық телефон қоңырауларына қарағанда өте арзан. Адамдар бұл қызметті пайдалануға ерінеді, өйткені онда тек факстің қалай жұмыс істейтінін ғана емес, интернет‑факс қызметін төлеу үшін банктік аударымдарды немесе банктік картаны пайдалану мәселесін де жете ұғыну қажет. Жылына жіберілетін бірнеше ғана халықаралық факс үшін мұнымен ешкім де айналысқысы келмейді, ал сіз бұл арқылы қосымша ақша таба аласыз.

    • халықаралық қоңырау қызметін ұсыну.

    • сандық фотолар басып шығару.

    • VHS/MiniDV/MiniHVS кассеталарынан CD/DVD‑ге көшіру.

    • брошюратор.

    • ламинатор.

Сонымен қатар, ғимаратта орын, сізде мүмкіндік пен ниет болған жағдайда мекемеңізге келушілер үшін мынадай қосымша құндылықтарды жақсартуға да болады:

  • салқын сусындарға толы тоңазытқыш;

  • балмұздаққа толы мұздатқыш камерасы;

  • кофе-машина немесе чай/кофе демдеу үшін қайнаған су алу мүмкіндігі;

Егер жақын маңда аспаздық, дәмхана немесе асхана болса, онда қабырғаға тапсырыс беруге болатыны туралы жарнама ілуге болады. Тапсырысты оператор арқылы аванспен жасау жүйесін енгізген дұрыс. Әйтпесе тапсырысты әкелмес бұрын клиенттің кетіп қалуы немесе клиентке ұнамаған жағдайда ол төлеуден бас тартуы мүмкін. Қалауыңызға қарай, мұндай тапсырыстарды есептеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға болады.

Сіздің мекемеңіздегі әрбір қосымша қызмет көрсету түрі келіп кетушілердің ниетін жақсарта түседі, сізге көбірек келгісі келіп, көп уақытын сіздің интернет-кафеде өткізгісі келіп тұратын болады. Бұның барлығы залдың толуына міндетті түрде әсер етеді.



  1. Маркетинг. Кез келген бизнесте жарнаманы айналып өту мүмкін емес, компьютерлік клубтар да бұл ережеден тыс қала алмайды. Келушілерді тартуға назар аудартатын маңдайша, шағын PR-акция, сондай‑ақ барлық мүмкін болар бонустар мен жеңілдіктер септігін тигізеді. ЖОО‑да, қонақ үйлерде акция өткізіңіз. Сыйлық қоры үлкен болмаса да, компьютерлік ойындардан турнир немесе қандай да болмасын, жарыс ұйымдастыруға болады. Мұндайда маркетингтік тактика компьютерлік клубтың орналасқан жеріне (астанада, үлкен қалада немесе елді мекенде) әбден тәуелді болады. Мәселен, талапшыл астаналық жұртшылықты ұдайы жан‑жақты жарнамалық акциялармен назар аударту қажет, ал егер сіздің компьютерлік клубыңыз 200 мың адамдық қалада жалғыз болса, PR-кампанияны бастапқы кезеңде бір рет қана өткізген жеткілікті болады.

Сонымен қатар, компьютерлік клубтардың негізгі келушілері балалар мен студенттер болатынын ескеру қажет, олар сіздің мекемеңіздің жарнамашылары бола алады, сондықтан да маркетингтік стратегияның негізгі векторы клиенттердің осы санатына бағытталуы тиіс. Одан кейін, ғимараттың ішкі жағында жайлы атмосфера қалыптастыру керек, тым болмаса косметикалық жөндеу жасауға тура келеді.

  1. Қызметкерлер. Интернет‑кафе дұрыс қызмет етуі үшін сізге қандай штат керек?

Штатта, ереже бойынша 5 адам болады: администратор, менеджер, кофеші-қызметші, ресепшн және көшіру орталығының қызметкері, күзетші.

Атмосфераны қалыптастыру – бұл оншақты адам айналысатын тұрақты жұмыс, олардың негізгі шаруасы клиентті зерттеуге бағытталу (кадрларды сауатты таңдау, қызметкерлерді оқыту және дәлелдеу) болып табылады. Студенттер – бұл интернет‑орталықтарға келушілермен байланысатын қызметкерлердің үлкен бөлігі. Қоғамда студенттер тұрақты жұмыс істемейді деген пікір қалыптасқан. Ынталандыру мен сыйақының икемді жүйесін қолданыңыз, тұрақты қызметкерге деген нағыз қызығушылықты білдіріңіз, жұмыс жағынан өсу мүмкіндігін көрсетіңіз, осылайша сіз студенттерді кадр ретінде жақсы пайдалана аласыз. Қызметкерлерді іс жүргізуге және интернет‑орталықтардың өміріне тікелей араласуға тартып отырыңыз. Мәселен, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан күзетшілер навигатор қызметін атқара алады, қажет болса, кеңес береді.



  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • ғимарат жалдау 40 м². – 80 000 теңге ай сайын.

  • операциялық жүйесі бар 5 компьютер - 70 000 * 5 = 350 000 теңге.

  • желі және оны жөндеу үшін құрылғы сатып алу– 40 000 теңге.

  • принтер 20 000 теңге.

  • Интернет қостыру – 20 000 теңге.

Барлығы : 510 000 теңге.

Бұдан кейін жаңа қызметтерді енгізуге байланысты сәйкесінше, қосымша құрылғылар сатып алу керек болады.



    1. Табыс:

Клуб 100 % толса– 5 компьютер * 30 күн * 6 000 теңге (24 сағат * 250 теңге) = 900 000 теңге. Ережеге сәйкес, интернет-кафенің бастапқы кезеңде толуы 30-60%, ал бұл 270 000 - 540 000 теңгені құрайды, оның ішінен ай сайынғы шығыстарды алып тастау керек (жалға алу, коммуналдық төлем, жалақы, салықтар).

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://internet-club.info/

http://old.russ.ru/netcult/20010904_travin.html

http://www.hombiz.ru/internet-biznes/vozmozhnosti-internet-kluba.html

http://www.softsoft.ru/search/8684/index.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «интернет кафе» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

43. Компьютерлік қызмет



1. Жалпы ақпарат. Сіз клиенттеріңізге ұсына алатын компьютерлік қызмет көрсетудің өте кең спектрі бар, мәселен, компьютерлік сервис, компьютерлік техникаға абоненттік қызмет көрсету, компьютерлерді жөндеу.

Бизнесті өркендету мақсатында клиенттеріңіздің көңілін оларға антивирустық бағдарламаларды тегін сыйлау арқылы аулауыңызға болады. Мысалы, бәсекелестерге қарағанда телефон арқылы тегін кеңестер беру сіздің бір ерекшелігіңіз бола алады. Тұтынушылардың қалауы бойынша оқыту шараларын да ұйымдастыруға болады.



Көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсатында кәсіби компьютерлік қызмет көрсетумен қатар, компьютерлерді жедел жөндеу, компьютерлік жүйелерді салу мен іске қосу, программалық қамтамасыз етуді жасау және оларды орнатуды жүзеге асыруға болады.

Клиенттерге жасалған жағдайлар:

  • Әр клиентпен тәулігіне 24 сағат жұмыс жасау;

  • Кез келген компьютерлік қызмет көрсетуді ұсыну.

  • 1 сағат ішінде белгіленген жерге барып, компьютер жөндеу.

  • Телефон арқылы тегін кеңестер беру.

  • Тәжірибелі мамандар.

Мұндай проблемаларды жылдам әрі сапалы шешуді тек тәжірибесі мен арнайы құрал-жабдығы бар мамандар орындай алады.

2. Ғимарат. Бастапқы кезеңде сіз бұл бизнес түрін үйде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз, арнайы орынды жалға алудың қажеті жоқ. Уақыт өте келе бизнесіңіз жүре бастағанда, тұрақты клиенттер пайда болғанда, кеңсені жалға ала аласыз.

3. Көрсетілетін қызмет түрлерінің шарттары. Маманның келуі үшін клиент төлемейді, ол тегін баратын болады. Әдетте алдын-ала телефон арқылы болған әңгіме барысында негізгі проблеманың басы ашылады. Бұл көлік және қосымша басқа шығыстарды қысқартып, клиенттерді тартуға көмектеседі, шақырылған маманның сапалы қызмет көрсетуі үшін дәл сол жағдайға қажет құрал-жабдықтарды ала баруына септігін тигізеді. Мұндай қызмет көрсету үшін сіздің түрлі құрал-жабдықтарыңыз болу керек. Егер шақырылған жерге келіп, өзімен бірге әкеле алмайтын үлкен көлемді арнайы жабдықтарсыз компьютерді жөндеу мүмкін болмай жатса, онда маман керекті құжаттарды толтырып, оны заманауи құрал-саймандармен жабдықталған компьютерлік орталыққа жеткізіп салады. Егер жедел жөндеу барысында белгілі бір бөлшек ауыстырылса, онда клиент ол затқа 1 жылға кепілдік алады. Сонымен қатар, оған жинақтаушы жеңілдіктер жүйесі ұсынылады.

Сіз көрсете алатын қызмет түрлері:

  • компьютерлерді үйге келіп жөндеу;

  • компьютерлік көмек;

  • бағдарламаларды іске қосу, ретке келтіру;

  • компьютерлерді ретке келтіру;

  • Windows XP, Vista, 2000 қайта қою;

  • вирустарды емдеу мен жою;

  • LAN және WI-FI жүйелерін іске қосу мен реттеу;

  • компьютерлерді жинау;

  • кеңсеге құлып салу;

  • ноутбуктарды жөндеу мен апгрейд;

  • мекемеге абоненттік қызмет көрсету;

  • кез-келген перифериялы жабдықпен жұмыс және басқа да компьютерлік қызмет көрсетулер.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

Құрал-жабдықтар жиынтығы – 6 000 теңге.



4.2. Табыс:

  • операциялық жүйе орнату – 3 000 – 4 000 теңге.

  • бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату (қызмет) – 1 000 – 1 500 теңге.

5. Пайдалы сілтемелер:

http://help-user.ru/

http://kursymaster.ru/

http://www.bgsha.com/ru/learning/course/lesson.php?COURSE_ID=7&ID=408

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «компьютерлік қызмет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

44. Корпоративтік тамақтандыру (кейтеринг)





  1. Жалпы ақпарат. Кейтеринг ‑ қызмет көрсету саласындағы жаңа бағыт. Бұл бизнесте клиенттерге қызмет көрсетудің екі түрі бар. Бұл көшпелі кейтеринг (шақырған жерге барып қызмет көрсету), онда банкеттер, мерейтойлар мен фуршеттер ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетіледі. Бұндай қызмет көрсетулер көшпелі мейрамхана түрінде жүргізіледі және кейтерлердің өздерінің айтуынша аса рентабельді болып табылады. Мұндай шаралардан түсетін табыс шамамен 30%-ды құрайды.

Кейтерингтің басқа санаты – бұл корпоративтік клиенттерге стационарлық қызмет көрсету, оларға «абоненттік» негізде, яғни тағамды күн сайын әзірлеп, жеткізіп беру. Мұның табыстылығы төмендеу, бірақ тұрақты клиенттерге бағытталуы есебінен бұл қызмет көрсетудің түрі кейтерлердің күнделікті табысын қамтамасыз етеді.

  1. Ғимарат. Бизнестің бұл түрін тамақты өз үйіңізде жасау арқылы бастаған жөн. Бастапқы салым мүлдем аз, бірақ айналым да көп емес. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, тіпті мұндай жағдайда да ай сайынғы таза табыс аз емес. Оның үстіне, сіз клиенттермен сенімді, тіпті қарапайым қатынас орнатасыз және әрқайсысының тапсырысын қанағаттандыра алатын боласыз.

  2. Құрал-жабдықтар. Бұл бизнесті жүзеге асыру үшін арнайы құрал-жабдықтардың қажеті жоқ. Сізге тек мыналар ғана керек болуы мүмкін:

  • калькуляция мен бухгалтерия жүргізу үшін бір компьютер;

  • телефон аппараты, хабарландыру беріп, тапсырыстар алу үшін;

  • жеке тапсырыстар үшін бір реттік ыдыстар;

  • тапсырыстарды орындау үшін ас үй ыдысы.

  1. Технология. Қоғамдық тамақтандырудың кейтерингтік сегментіндегі шығыстарға мыналар жатады: азық‑түлік пен бірреттік (ланч‑бокстар) ыдыс‑аяқтарды сатып алу, ас дайындау, түскі асты корпоративтік клиенттерге жеткізу. Бұл бизнестің табысты болуы үшін жеткізілетін азық‑түліктің сапасы мен оны дайындау маңызды болып табылады.

  2. Сату. Кейтеринг үшін тағы бір маңызды нәрсе, коммерциялық тұрғыдан алғанда, қызықты клиенттер іздеу болып табылады. Бұл жерде баға‑сапа қатынасын сәйкесінше сақтау маңызды. Қызметтің бағасы ең алдымен клиент‑компания басшылары үшін, ал ас сапасы тұтынатын жұмысшылар үшін маңызды. Компаниялардың, орта есеппен алғанда, тамақтануға ай сайын бір қызметкер үшін 10-12 мың теңге жұмсайтынын негізге алу керек. Кейтерингтік қызмет жарнамасы үшін интернеттегі жарнама, директ мейл, әлеуетті клиенттерге телефон шалу маңызды. Клиенттерді іздеу барысында ескеретін тағы бір мәселе, бұл бизнестегі ең жақсы жарнама – көрсетілетін қызмет сапасына қатысты клиенттердің жақсы пікірлері мен ұсыныстары.

Өз кейтерингтік бизнесіңізді құру барысында ескеретін маңызды мәселелер:

  • Бәсекеге қабілетті баға. Көптеген компаниялар бірінші кезекте корпоративтік тамақтандырудың бағасына назар аударады.

  • Сапа. Бұл жағынан бәрі түсінікті, ұдайы жоғары сапалы түскі ас ұсына алмайтын компаниямен ешкім де ұзақ жұмыс істемейді.

  • Ассортимент. Корпоративтік тамақтандыруды ұйымдастыруда үнемі жаңартылып тұратын ас мәзірін ұсына білу керек.

  • Түскі ас алдын ала келісілген уақытта жеткізілуі қажет, кешіктіре беру клиенттен айырылып қалуға әкеп соқтырады.

Кейтерингтік бизнесті ұйымдастыруда ең қиыны – барлық нәрседе (тағамнан бастап жеткізіп беруге дейін) тұрақты жоғары сапаны қамтамасыз ету. Корпоративтік клиенттер ақша төлеуге әрқашан дайын, бірақ ұсынылатын қызметке жоғары талап қояды. Бір компания ішінде сапалы әрі арзан, ассортименті кең аспаздықты, түскі ас жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін сауатты логистиканы, шағын автопаркті, сыпайы қызметті сәтті үйлестіру қажет.

  1. Кофе‑брейк және түскі ас ұйымдастырудың болжамды есептеулері.

Орта есеппен алғанда, кофе‑брейктің адам басына белгіленген бағасы – 800-1000 теңге, ал оның өзіндік құны – 200-250 теңге.

Әдетте кофе-брейк тәтті және бутербродты жеңіл тағамның үш түрінен немесе тәтті наннан, кофе мен шайдан тұрады. Сонымен қатар, бұл бағаға қызмет көрсету, дастархан, қала ішіндегі көлік, майлықтар мен ыдыстар кіреді.

Бір адамның түскі асының бағасы 1 500-2 000 теңге, ал оның өзіндік құны 300-400 теңге. Әдетте бұл бағаға екі ыстық тамақ пен салат, 0,3 литр шырын, нан, майлық, ыдыс, дастархан, көлік шығыны кіреді.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.eastline-catering.ru/book10.php - калькуляция туралы ақпарат

http://www.menu-cafe.ru/

uRI&hl=ru&ei=AZlFTITOG9nesAbu39SSAQ&sa=X&oi=book_result&ct=result&resnum=10&ved=0CDoQ6AEwCQ#v=onepage&q&f=false

http://www.classic.su/

http://grilltime.com.ua/publ/kejtering_ili_kak_zarabotat_v_obshhepite_ne_imeja_svoego_restorana/1-1-0-7

http://www.blackcoffee.ru/modules/articles/singlelink.php?lid=93

http://www.prostobiz.ua/biznes/biznes_start/putevoditeli/na_obedah_v_ofis_mozhno_zarabotat_do_1000

45. Тұрмыстық техниканы жөндеу



1. Жалпы ақпарат. Тұрмыстық техниканың істен шығуы әрдайым ыңғайсыздық тудырады. Мұндай жағдайда адамдар газет пен интернет арқылы тұрмыстық техниканы жөндейтін мамандарды іздей бастайды, түрлі нөмірлерге хабарласып, сынған заттың өлшемдерін анықтайды.

Қазіргі таңда қызмет көрсету нарығында шеберханалар мен түрлі қызмет түрлерін көрсететін, түрлі бағаға жөндеуді жасап беретін жеке шеберлер баршылық. Сондықтан, бизнестің «Тұрмыстық техниканы жөндеу» түрі қашанда үлкен сұранысқа ие.



2. Ғимарат. Шебердің жұмыс орнын үйде, не гараждағы машина, саяжай құрал-саймандары мен велосипедтер тұратын жерде ұйымдастыруға болады. Алайда бұл уақытша екенін естен шығармаңыз. Нағыз шеберхананың көлемі шебердің жеке үстелі, жұмысқа арналған құралдары мен материалдары сыятындай және де көлемді заттар жасауға лайық орын болуы қажет. Шеберхана жақсы жарықтанған болуы тиіс. Бастысы көршілеріңізді мазаламауға тырысыңыз. Еден құрғақ, жылы, сыртқы жабыны қатты болуы керек. Шеберханада жылу, су жүйесі, қол жуғыш пен қуаттылығы 220 В тоқ күші 16 А.-дан кем емес тоқ сұққыштар (розеткалар) болуы міндетті.

Шеберханада жұмыс үстелі ортада тұруы тиіс. Онда күн сәулесі түсетін, денсаулыққа зиянды шаң мен еріткіштерді, бояудан бөлінген буды желдету үшін терезе болуы керек.



3. Технология. Шеберхана кез-келген отандық не шетелдік ірі тұрмыстық техника мен электрониканы жөндеу бойынша қызмет көрсетуі қажет. Электрониканы жөндеу шеберханасының негізгі қызметі плазмалы панель мен теледидарды, аудиотехника мен бейнеаппаратураны, үй кинотеатры жүйесін орнату мен бейнеойнатқыштардың қосалқы бөлшектерін жөндеу болып табылады. Аудиоаппаратура жөндеуге музыкалық орталықтар, магнитола мен магнитофонды жөндеу, ал бейнетехника жөндеуге – бейнеплеер, бейнемагнитофон мен DVD жөндеу жатады.

Сонымен қатар, шеберлер тоңазытқыштарды жөндеуді және оларды техникалық қамтамасыз етуді, қысқатолқынды пештер мен шаңсорғыштарды жөндеуді жасай білсе, құба-құп.

Техниканы қарап шығып, оны жөндеу үшін қанша ақша кететінін анықтау қажет. Егер жөндеу тым қымбат болса, клиент одан бас тартуы мүмкін, мұндай жағдайда шебердің көріп шыққаны үшін ғана төлем жасалғаны дұрыс. Шеберхана сапалы және жедел жөндеуді тапсырыс берушінің үйінде жүзеге асыруды ұсынса да болады. Жөндеуден кейін шебер кепілдік талонын жазып, техниканың қалыпты жұмыс жасауына байланысты кеңестер беру керек.

4. Қызметкерлер. Алғашқы уақытта қызметкерлер қажет емес, сіз өзіңіз де жөндеумен айналыса аласыз, ал уақыт өте келе бір көмекші шебер алуға болады.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

Құрал-саймандардың шығыны шамамен 5000 теңгені құрайды (түріне байланысты).



5.2. Табыс:

  • Тұрмыстық техниканы тексеру – 500 теңге және одан да жоғары.

  • Тұрмыстық техниканы қосалқы бөлшегін ауыстырмай жөндеу (бір бірлігі үшін) 1 500-3 000 теңге, ауыстырған жағдайда 3 000-5 000 теңге (күрделілігіне байланысты).

Мысалы бір айда тұрмыстық техниканы қосалқы бөлшектерді ауыстырмай жөндесеңіз, 5 бірлік * 1 500 теңге = 7 500 теңге, оған қоса ауыстырған жағдайда 10 бірлік * 3 000 теңге = 30 000 теңге. Айына 37 500 теңге таба аласыз.

6. Пайдалы сілтемелер:

http://teleremont.com/

http://www.vash-master-remont.ru/

http://help-computers.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрмыстық техниканы жөндеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

46. Шағын полиграфия





  1. Жалпы ақпарат. Күн сайын әртүрлі тауарлар мен қызметтер ұсынатын жеке фирмалардың көптеп ашылуы полиграфиялық қызметтің дамуына себепші болып отыр. Фирмалар брошюралар, буклеттер мен үнпарақтар түріндегі түрлі жарнаманы, бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін көп көлемде түрлі бланкілер мен формулярларды қажет етеді. Сондықтан да полиграфиялық қызметтерге сұраныс артып отырған осы кезеңде бұл бизнес түрімен айналысу, нарықтық конъюнктура тұрғысынан алып қарағанда, өзін‑өзі ақтайтын болады.

  2. Ғимарат. Типографияны орналастыруға келетін болсақ, онда ең тиімді орындар – бизнес‑орталықтар, білім беру мекемелері және т.б. Шағын типография 30-40 шаршы метрден артық жерді қажет етпейді. Климаттық жағдайларға да назар аудару қажет, олар жұмысыңыздың ерекшелігіне сай болуы керек. Желдеткіш пен ауасорғыш жүйесі дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Бұл бизнесті ұйымдастыруда тұрғын үйлерден аулақ жүрген жөн, өйткені тұрғындармен көптеген проблемалар болып қалуы мүмкін. Типография қолжетімді жерде орналасқаны жөн және клиенттер тапсырыс беру үшін, дайын өнімін алып кету үшін рұқсат қағазын алып, белгілі бір өнеркәсіп аумағында жүріп қалмай, сіздермен жұмыс істеу барасында мүмкіндігінше аз уақыт жұмсауы керек. 

  3. Құрал-жабдықтар мен материалдар. Шағын типография үшін құрал-жабдықтар таңдау барысында келіп түсетін тапсырыстар көлемі өндіріс қуатының оңтайлы жүктемесін қамтамасыз ететіндей болу керектігін ескеру қажет.

Шағын типографияны жабдықтауды ең қымбат машиналардан бастамай, даму мен тәжірибенің жинақталуына байланысты жетіспейтін құрал-жабдықтарды шетінен сатып алып отырған жөн. Типографияның баспалық қызметінің негізгі бағытына сәйкес құрал-жабдықтарды таңдау бірнеше өлшемдер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Егер типография көп жағдайда ақ‑қара материалдар шығаратын болса, онда ризограф иелену пайдалы. Ризограф жұмысының жылдамдығы мен үнемділігі арқасында шағын типографияларда кеңінен пайдаланылатын танымал құрал болды. Жеке басылымның өзіндік құнының, энергия шығынының төмендігі, экологиялық тұрғыдан зиян еместігі, шығын материалдарының қолжетімділігі ризографтың негізгі басымдықтары болып табылады. Бұдан бөлек, ризографты пайдалану баспа үдерісін дайындауда қосымша шығынды және дербес арнайы оқытуды талап етпейді. Бұл машиналар «талғаусыз қоректенеді» және кез келген сападағы, арзан және жұқа қағаздан бастап картонға дейінгі қағазбен жұмыс істей алады.

Полиграфия қызметі нарығының бірқатар мамандары қайтадан құрылған типография үшін негізінен жаңа ризограф алу керектігін алға тартады. Бұл оған иелік етушіні өндірістің басты элементінің мүмкін болатын сынып қалулары мен тоқтап қалуларына қатысты проблемалардан құтқарады.

Егер типография одан да қиын тапсырыстарға мамандануға ниет етсе, онда ризографтың орнын басатын құрылғы – күрделі түстерді құра алатын, оларды араластыратын, сондай‑ақ ауқымды тапсырыстарды орындай алатын толыққанды офсеттік машина.



Офсеттік машинаны пайдалану, ризографты пайдалануға қарағанда қымбатқа түседі, бірақ сапа мен өнімнің өзіндік құнының арақатынасы сенімді түрде бұл олқылықтың орнын толтырады.

  1. Қызметкерлер. Қызметкерлерді таңдау барысында үміткерлерге жоғары талап қойыңыз. Сіздің дамуыңыз көбінесе баспашыға байланысты. Әдетте штатта мынадай қызметкерлер болады: баспашы, оның көмекшісі, маман, кесуші, тапсырыс бойынша менеджер. Баспашы маманының жалақысы жоғары болғанымен, оны табу оңай емес. Өйткені оның еңбегі ауыр әрі үнемі бояумен жұмыс істейтіндіктен денсаулығына зиян. Сонымен, сіздің типографияңыздағы басты қызметкерлер – баспашы мен тапсырыс жөніндегі менеджер. Әдетте, тапсырыста күзге қарай және жыл басына қарай көбейеді.

  2. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • ризограф, моделіне байланысты – 450 000 теңгеден жоғары.

  • кескіш, моделіне байланысты – 10 000 теңгеден жоғары.

  • ламинатор, моделіне байланысты – 12 000 теңгеден жоғары.

  • брошюрашы – 20 000 теңгеден бастап.

  • ғимарат жалдау 30 м² – 80 000 - 90 000 теңге.

  • қағаз, бояу – 150 000 теңгеден жоғары.

Барлығы: шамамен 750 000 теңге.

    1. Баспа өнімдерінің негізгі түрлерінің орташа өзіндік құны:

  • Парақша: формат А4, толық түсті, 2-жақты басып шығару, жылтыр, 500 дана, өзіндік құны – 40 000 теңге, соңғы баға – 55 000 теңге.

  • Журнал: А4, 48 жолақ, қара-ақ, түрлі түсті мұқаба, 1 000 дана, өзіндік құны – 110 000 теңге, соңғы баға – 160 000 теңге.

  • Буклет: А3, 1000 дана, өзіндік құны – 42 000 теңге, соңғы баға – 60 000 теңге.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.openbusiness.ru/html/mini_tipografia.htm

http://www.hobiz.ru/business/bplan/tipograf/

http://www.business-magazine.ru/ideas/startups/pub109762/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын полиграфия» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

47. Терезе алдындағы бақша


  1. Жалпы ақпарат. Жаңа піскен көкөністер – диеталық және аз калориялы азық‑түлік. Оларды үнемі пайдалану ас қорыту процесін жақсартады және қалыпқа келтіреді. Жаңа піскен көкөністердің құндылығы ең алдымен ағза үшін аса қажет С, Р және басқа да дәрумендердің болуына байланысты. Әсіресе, бұндай дәрумендерге, сондай‑ақ каротиндерге жас жапырақтар мен татымды‑дәмді көкөніс өсімдіктері бай. Бірақ, жаңа піскен көкөністер жеткілікті деңгейде тек жаз бен күз басында ғана пайдаланылады. Қыс пен көктемде және жаз басында көкөністерге яғни дәрумендерге деген қажеттілікті ішінара бөлмедегі «бақша» алмастыра алады. Тұрғын үйде көкөністер өсіру – бұл ерекше шығынды талап етпейтін, жыл бойы табыс әкелетін отбасылық бизнес үшін керемет идея. Бұл бизнестің тағы бір пайдасы балалардың әуестігі мен байқағыштығын дамытады, өсімдіктер өмірін жақсы білулеріне септігін тигізеді. Көкөніс өнімдері әдемі көрінеді және бөлме өсімдіктерінің басым бөлігімен жақсы үйлеседі.

  2. Технология. Көкөніс өсімдіктерін бөлме жағдайында бірнеше тәсілдермен өсіруге болады: ұрықты тұрақты орынға себу арқылы, көшет отырғызу арқылы, әрі қарай аяғына дейін өсіру арқылы және т.б. Бұдан бөлек, бақша учаскесі үшін көкөніс дақылдары көшеттерін өсіруге де болады.

Көкөніс өсімдіктерінің түрлері. Бөлме жағдайында өсірілетін көкөніс өсімдіктерін бірнеше топқа топтастыруға болады:

  • жеміс беруші: қияр, қызанақ, ащы және тәтті бұрыш.

  • пиязды: түйінді пияз, жуан пияз.

  • қырыққабаттық: түсті қырыққабат, пекин қырыққабаты.

  • біржаздық жапырақты: салат жапырағы, жапырақты горчица, кресс салат шпинаты, аскөк, қияр шөбі.

  • татымды‑дәмді біржылдық: базилик кориандр, жебір.

  • тамыржемісті: салатты шашыратқы, ақжелкен, сельдерей, аспаздық қызылша, мангольд.

  • көпжылдық: рауғаш, қояншөп, қымыздық, пияз-батун және шнитт, сондай‑ақ татымды‑дәмді көпжылдықтар: эстрагон, бұрышты жалбыз, қысқы жебір, фенхель, зере.

Көкөніс өсіруде орын, уақыт пен өсіру тәсілін таңдау олардың жарықсүйгіштігіне байланысты. Бұл ретте көкөніс өсімдіктерін 3 топқа бөледі:

1) жарықты көп мөлшерде қажет ететіндер – бұл ұрық егу арқылы өсірілетін барлық өсімдіктер (қияр, қызанақ, бұрыш, салат, пекин қырыққабаты), сондай‑ақ ашық топырақта өсетін көшеттер;

2) жарықты аз мөлшерде қажет ететіндер – қайта отырғызып, әрі қарай аяғына дейін өсіретін көкөніс дақылдары;

3) жарықты қажет етпейтіндер – қараңғыда өсірілетіндер – қояншөп, рауғаш, салат цикориясы.

Тұрғын үйдің бір жерінен қайталап, сатылап және нығыздағышты пайдалана отырып егу арқылы жыл бойына ұдайы көкөністер алуға болады. Біржаздық және қайта өсіретін өсімдіктерді бір орында бірінен кейін бірін егу арқылы немесе бір мезгілде, бірақ әртүрлі орындарда өсіруге болады. Оларды сол ыдысқа өнімді жинап алғаннан соң қайта егеді. Бұндай әдіс бір жерден 3-6 рет өнім алуға мүмкіндік береді. Салат жапырақтарын, қыша жапырақтарын, кресс-салат шпинатын, аскөкті және т.б. қайталап себе береді. Егу мен жинау арасындағы аралық қайталап себу күнін (15-40 күн шамасында) анықтайды.

Барлық жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін терезеге жақын жерге, терезе алдының ішкі және сыртқы жағына, балконға, дәліз бен лоджияға орналастырады. Көкөніс өсіру үшін тұрғын үйдің терезе алдындағы жарық алаңын пайдалану ұзақтығы 6-9 айды құрайды (қазан – мамыр – маусым), балкон мен лоджияда 5-6 ай (сәуір - қазан). Дәлізде көкөністерді ерте көктемде (сәуір-мамыр) және күзде (қазан, қараша) өсіреді.

Ең қиыны - күз бен қыстың қысқа әрі бұлтты күндері (қараша-ақпан) көптеген жарықсүйгіш көкөніс өсімдіктерін жарықтандыру. Бұл кезеңде жасанды жарықтандыру арқылы өсіруге болады.

3. Құрал-жабдықтар. Көкөністерді өсіру үшін аса қолайлысы – жәшік. Оларды қайың мен шырша ағашынан немесе қалыңдығы 1,5-2 см, биіктігі 12-15 см, ені 20 дан 35 см‑ге дейін болатын тақтайшалардан жасайды. Жәшіктің ең қолайлы ұзындығы 40-50 см. Стационарлы жәшіктерді терезе алдына және балконға ұзыннан ұзақ жасаған дұрыс. Су ағыны үшін жәшік түбіне диаметрі 1,5-2 см, арасы 15-20 см болатын екі тесік жасайды. Жәшіктің түбіне ол тұғырықта нығыз тұруы үшін көлденең тақтайшалар қағады. Тұғырықты жәшікке қарағанда 2-3 см кең әрі ұзын жасайды. Жәшікті балкон қоршауымен бекітеді, терезе алдына, үстелге, тіреуге қояды, контейнерге іледі.

4. Сату. Сіз өсірілген көкөністерді дүкендерге, мейрамханаларға, кафелерге немесе жергілікті базарларға өткізе аласыз. Сату нүктелеріне хабарласып, тұрақты клиент табуыңыз да әбден мүмкін.

5. Болжамды есептеулер. Шығыстарға ұрық сатып алу кіреді (1 қалташасы, өсімдік түріне қарай, 90 теңге және одан жоғары). Кәдімгі топырақты, оған минералды тыңайтқыш қосып пайдалануға болады (1 қалташасы шамамен 200 теңге), бұлай жасау шығыныңызды үнемдейді.

Сіздің бизнесіңіз жыл бойы табыс әкеледі, ал қысқы уақытта көкөністеріңіз ерекше сұранысқа ие болады. Мәселен, қарапайым аскөк ұрығының қалташасы 70-90 теңге тұрады, ал қыста бір бумасы 2-3 есеге қымбат болады, дәл осы қағида басқа да көкөністерге қатысты.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://ogorod-doma.ru/index.html

http://ogorod-doma.ru/str4.html

http://psu.at.ua/publ/ovoshhi_i_zelen_v_teplicakh/1-1-0-18

48. Жекеменшік балабақша ұйымдастыру



1. Жалпы ақпарат. Үлкен қалаларда жекеменшік балабақша ұйымдастыруға қажеттілік байқалуда. Мұндай қажеттіліктің себебі түсінікті – ата-аналардың қолы бос емес, балаларға қарайтын ешкім жоқ, ал мемлекеттік мекемелерде бос орын табу өте қиын. Жастарына қатысты психологияға сәйкес, ерте және мектепке дейінгі балалық шақта ( 1 жылдан 6 жасқа дейін) бала тұлға ретінде дамиды, әлеуметтік топқа жатады. Сондықтан да осы жаста қалыптасатын тәлім-тәрбие, білім мен әдет баланың одан кейінгі дамуына қатты әсер етеді. Сондықтан да балаға жақсы мектепке дейінгі білім беретін, оны жақсы қарайтын ақжүрек, сезімтал педагогтар қызмет ететін балабақша ашу маңызды.

Неден бастау керек? Бірінші кезекте заңды тұлға ретінде тіркелу қажет. Одан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органына барып, лицензия, СЭС қорытындысын алуы керек (оны алу үшін жөндеуден өткен ғимарат пен балабақшаның жақсы материалдық техникалық базасы болуы тиіс), СЭС нұсқауы бойынша бірқатар зерттеулер жасалуы тиіс (жарықтандыру, радиация өлшемі, балабақшаға келетін су анализі және т.б.), өртке қарсы қызмет қорытындысы (тегін беріледі, бірақ барлық өртке қарсы талаптар, оның ішінде өрт дабылы, өрт дабылына қызмет көрсетуге қатысты келісім, өрт сөндіру жабдықтарымен қамтылуы толық орындалуы керек) қажет.

2. Ғимарат. Ол тұрғын үйдің немесе жеке ғимараттың бірінші қабатында орналасуы тиіс, оның балалар алаңы үшін жанама территориясы болуы міндетті. Сонымен қатар паркингтің болғаны да дұрыс (бірақ балалар алаңынан алыс болуы керек).

Жекеменшік балабақша үшін ғимаратқа қойылатын ерекше талаптар. Топтарға арналған ғимарат алаңдары: шешінетін жер (қабылдау) – алаңы 18 м²-ден кем емес; ойнайтын бөлме – алаңы 50 м²-ден кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 2,5 м²-ден кем емес, мектепке дейінгі топтарда 2,0 м²-ден кем емес деген есеп бойынша); буфет - алаңы 10 м²-ден кем емес; ұйықтайтын бөлме –алаңы 50 м²-ден кем емес; (ясли топтары үшін 1 балаға 1,8 м²-ден кем емес, мектепке дейінгі топтар үшін - 2 м²-ден кем емес деген есеп бойынша); дәретхана – алаңы 16 м²-ден кем емес (ясли топтары үшін 1 балаға 0,8 м²-ден кем емес деген есеп бойынша).

3. Құрал-жабдықтар. Балалар үшін шағын балалар жиһазы - үстелдер, орындықтар, кереуеттер, шкафтар; балалар ойыншықтары, балалар алаңдары, спорттық жабдықтар, кеңсе заттары, үлкен теледидар және т.б.

4. Технология. Балабақшаға балалар 3 жастан бастап қабылданады, топтар жас бойынша қалыптасады. Топтарда 12-ден артық бала болмауы керек. Қызметі мен бос уақыты жұмыс күнінің басынан басталады – сағат 8‑ден ең «соңғы балаға» дейін, 4 рет тамақтанады, ойындар мен сабақтар, серуендеу, күндізгі ұйқылары мен бос уақыттары ұйымдастырылады.

Тамағына таңғы ас, түскі ас, бесіннен кейінгі ас және кешкі ас кіреді. Барлық азықтың сапасы жоғары, белгілі бір дәрумендер құрамы болуы керек және балалар ерекшеліктерінің ескерілуі (аллергиялық реакциялар және т.б.) тиіс, ас мәзірі әр маусымға құрылады.

Балабақшаның дағдылы міндетті шарты – бұл балалардың күндізгі ұйқысы, (13.00-15.00), себебі ол мықты денсаулық пен жақсы дамуды қамтамасыз етеді.

Дамытатын ойындар, үйірмелер мен дене қозғалыстарын жүргізуге арнайы әдістемелер жасалуы керек (жаттығу, спорт ойындары). Жарыстар, театрға, жануарлар мен құстар көрмесіне және т.б. баруды ұйымдастыру ұсынылады. Балалар мерекесін және ертеңгіліктер ұйымдастыру (ата-аналар келісімімен) құпталады.



Қызметтер кешені. Балаға қарау мен білім беру және оларды тәрбиелеудің толық кешені ұсынылады. Сондай‑ақ әртүрлі қызметтер түрі мен формасын ұсынуға болады: жыл бойғы тәртіп; үйірмелер мен білімнің көптеген түрлері: математикаға, логикаға және т.б. оқыту. Эстетикалық даму - ырғақ, музыка, би, бейнелеу, ән; балалар мерекесін және ертеңгіліктер өткізу; қуыршақ театрына, драма театрындағы балалар спектакліне баруды ұйымдастыру; жануарлар мен құстар көрмесіне баруды ұйымдастыру.

Бұның барлығы, әдетте, ата-аналардың тілегіне орай жасалады.



5. Қызметкерлер. Педагогтар (тәрбиешілер), медицина қызметкерлері, менеджер, қызмет көрсету жұмысшылары (мәселен ас үй), көмекші қызметкерлер (күтуші, жинаушы және т.б.), күзетші.

6. Сату. Балабақшаның қызметін табысы жоғары (орташасы да болуы мүмкін) қызметкерлер, сондай‑ақ ауқатты отбасылар мен бизнесмендер пайдаланады. Бұл жобада жұмыс кестесінің икемділігі мен әр балаға жеке күтімнің болуы басты рөл атқарады. Ауқатты қызметкерлер, өз баласының қамын ойлайтындар мемлекеттік мекемелерде бос орындардың болмауына байланысты міндетті түрде жекеменшік балалар бақшасының қызметін пайдаланады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

Сіз он балаға арнап балабақша аштыңыз делік (ясли тобы).



  • ғимаратты жалға алу – 120-130 м² * 800-1 000 теңге = ай сайын 96 000-104 000 теңге (өз ғимаратыңыз болмаса).

  • балабақша ашуға лицензия алу 10 АЕК * 1 413 теңге = 14 130 теңге.

  • балалар жиһазы (үстел + орындық) – 10 кісіге * 12 000 теңге = 120 000 теңге.

  • балалар керуеті – 10 тал * 10 000 теңге = 100 000 теңге.

  • ойыншықтар – 30 000 теңге.

  • асүйге арналған жабдықтар (плита, ас үстелі, тоңазытқыш, ыдыс-аяқ және т.б.) – 100 000-110 000 теңге.

  • қызметкерлер жалақысы (1 тәрбиеші, 1 күтуші, 1 аспаз, 1 асүй жұмысшысы, жинаушы және кезекші тәрбиеші) – ай сайын 250 000-260 000 теңге.

  • азық‑түлік - ай сайын 90 000-100 000 теңге.

Барлығы: шамамен 800 000  теңге. Ескеретін нәрсе, шығыстардың 50%-ға жуығы бір реттік шығыстар.

7.2. Табыс:

Жекеменшік балабақшаның бағасы бір балаға айына 40 000 - 45 000 теңге * 10 балаға = ай сайын 400 000 теңге.

Осылайша бизнестің өзін‑өзі ақтау мерзімі 3-4 айды құрайды.

Ескеретін жайт, бүгінгі күні барлық жерде «Балапан» бағдарламасы жүзеге асуда, ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ұсынады. Сондықтан, жекеменшік балалар бақшасының қызметіне жүгінген ата-аналар осы бағдарламаның қатысушысы бола отырып, ай сайын балабақша төлемінің бір бөлігін ғана өтейді де, ал қалған бөлігін жергілікті әкімдіктер төлейді. Мәселен, егер Астанада жекеменшік балабақшаның қызметтері 35 000 теңге болса, онда ата‑аналары ай сайын 25 000 теңге төлейді, ал мемлекет атынан әкімдіктер қалған 10 000 теңгені өтейтін болады. Бұл мемлекеттік балалар бақшаларында орынның жетіспеуі кезінде ата-аналар үшін жақсы балама болып табылады.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.bi-plan.ru/catalog/uslugi/biznes_plan_detskogo_sada/

http://www.slotos.ru/detskij_sad.html

http://www.e-ideas.ru/idea-258.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жеке меншік балабақша» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

49. Науқас, қарт адамдарға көмектесу және оларға қарау



1. Жалпы ақпарат. Бүгінгі күні адамдар арасында жұмыс істеп жүріп, үнемі күтім мен қамқорлықты қажет ететін жақын адамдарына қарап қиналып жүргендер өте көп. Науқастар мен қарт адамдарға қарау олардың тыныштығын сақтау мен жақсы күтім көрсетуден тұрады. Отбасы қарт әрі науқас адамға өздері қарайды немесе үйге келіп тұратын адамдардың көмегін пайдаланады; әдетте мұндай күтім үйде жасалады. Науқас және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қызметтер қазіргі кезде жеткілікті түрде дамымаған. Сондықтан да мұндай істі ұйымдастыру өте жақсы бизнес болып табылады.

Басқа адамның көмегін қажет ететін, науқас қарт адамдарды күту үшін клиентпен жазбаша келісім-шарт жасасу керек, онда қызметті жүзеге асырудағы барлық мәселелер қаралуы тиіс.

2. Ғимарат. Бизнестің бұл түрі үшін арнайы ғимарат жалдаудың қажеті жоқ. Бұл қызмет толығымен клиенттің үйінде жүзеге асырылады. Ал мүмкіндік болып жатса, онда қарт адамдарға қамқорлық көрсететін шағын пансионат ашуға болады.

3. Құрал-жабдықтар. Бизнестің бұл түрін жүзеге асыру үшін арнайы құралдар қажет емес, керек болатындар нәрселер тек мыналар:

  1. клиенттер базасын жүргізу үшін бір компьютер;

  2. тапсырыс алу үшін телефон аппараты.

4. Бизнесті жүргізудің ерекшеліктері. Науқас және қарт адамдарды қарау мейірімділік пен мұқият қатынасты қажет етеді. Қарапайым жанашырлық таныту мен шын жүректен әңгімелесу қарт адамдардың жалпы жағдайына оң әсер береді. Ауру әрі қарт адамдарды үйлерінде кәсіби түрде күту дегеніміз ‑ білікті көмек көрсету мен кәсіби қарау.

Ауруларды қарайтын қызметкерлердің міндетіне мыналар кіреді:



  • қамқорлықтағы кісінің денсаулық жағдайын қадағалау;

  • денсаулығындағы өзгерістер туралы дәрігерге хабарлау;

  • тиісті жүктелген міндеттерді орындау;

  • қамқорлықтағы кісінің жаттығумен айналысуын мұқият қадағалау және бос уақытын ұйымдастыру (кітап оқу, теледидар қарау), сондай‑ақ келісім-шартта қарастырылған басқа да қызмет түрлерін жасау.

Күтім талап етілетін адамның денсаулық жағдайына байланысты медбике немесе жай күтуші қызметтерін ұсынуға болады. Егер адамға ауруына байланысты мұқият қарау керек болса, онда қажет болғанда дәрі егетін, дәрілік препараттардың қабылдануын қадағалайтын және т.б. үшін медбике қажет. Егер жай ғана қарт адамды күту талап етілсе, онда тамағын әзірлеп беретін, қажет болса тамақтандырып, дәрі қабылдауын ғана қадағалайтын және т.б. үшін күтушінің қызметін ұсынуға болады.

5. Қызметкерлер. Клиент өзін жақсы жағдайда сезінуі үшін қызметерлер құрамы адамгершілігі жоғары білікті мамандар тобынан тұруы тиіс.

Медбике мамандар санатына жатады. Медбике қызметін «Медбике ісі» мамандығы бойынша орта медициналық білімі бар тұлға жүзеге асыра алады, ол қамқорлықтағы кісінің медициналық күтімін уақытылы әрі сапалы жүзеге асырады. Күтуші – бұл қарапайым сауатты адам ғана емес, ең алдымен ауру адамдарды күту барысында олардың өздеріне, өз күштеріне сенімін арттыра білетін психолог. Адамдарды таңдау барысында ең басты және маңызды шарт – бұл еңбек өтілі мен жұмыс істеу ниеті.

Қызметкерлер арнайы білімге ие болудан бөлек, әрбір қамқорлықтағы кісіге мейірімді әрі сыйластық қатынас жасай білуі керек. Олар қарт және науқас адамдармен жеңіл тіл табысып кетуі тиіс, ал бұл өз кезегінде науқас және қарт адамды емдеу мен күтудің тиімділігін айтарлықтай арттырады.

Білген дұрыс! Сіз жұмысқа қабылданатын адамдармен жеке еңбек келісім-шартын жасасуыңыз керек.

6. Сату. Жарнама үшін жергілікті БАҚ‑ты, ғаламтор‑сілтемелерін, сайттарды, бағаналарға, ауруханалар мен емханаларға жарнама жапсыруды пайдалануға болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

Компьютер сатып алу – 60 000 теңге.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеудің үш жолы бар:

1) бекітілген ай сайынғы жалақы;

2) ай сайынғы аз мөлшердегі жалақы + тапсырыс берушіден түсетін пайданың белгілі бір бөлігі;

3) тек тапсырыс берушіден түскен пайдадан белгілі бір пайызын төлеу, мәселен, сізге 30 %, қызметкерге 70 %, өйткені негізгі жұмысты қызметкер атқарады, ал сіз үйлестіру қызметін атқарып тұрсыз.

Мәселен, егер Сізде 5 клиент бар делік * 50 000 теңге (бекітілген жалақы) = ай сайын 250 000 теңге. Бастапқы кезеңде, өз «атыңызды» шығарып алғанша 5 адам жеткілікті болады.

7.2. Табыс:


  • Күтуші қызметі 1 сағаты – 300-500 теңге * 11 сағат (ертеңгі 8-ден кешкі 7-ге дейін) = 3 300 теңге күніне, ал бір айдың 24 жұмыс күнінде * 3 300 теңге = 79 200 теңге.

  • Медбике қызметі қымбат және сағаты 500 теңге болуы мүмкін * 11 сағат (ертеңгі 8-ден кешкі 7-ге дейін) = 5 500 теңге күніне * 24 жұмыс күні = 132 000 теңге айына.

Барлығы: айына 211 200 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

www.damu.kz/3062

www.prof.in.kz/?mod=text&tx=017638

50. Ағаш шеберханасы





  1. Жалпы ақпарат. Үй бизнесі ретінде ағаш шеберханасын ашуға болады. Ағаш – әрдайым сұранысқа ие бағалы материал. Тіпті қаржылық дағдарыс кезінде де, адамдар жиһазсыз, терезе мен есіксіз өмір сүре алмайды.

Қазіргі кезде ағаш шеберлері өте аз, сондықтан бәсекелестіктен қорықпауға да болады. Фабрикалар ешуақытта сіздің бәсекелестеріңіз бола алмайды. Олардың нарықта өмір сүруі үшін өнімнің үлкен көлемдегі айналымы керек, ал үйдегі ағаш шеберханасы ондайды талап етпейді.

Балаларға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар жасау бағыты ең тиімді болып табылады. Ойыншық жасаудың ешқандай қиындығы жоқ, ал өнімнің бағасы әр уақытта қымбат.

Төменде келтірілген ойыншықтарды жасай білсеңіз, ол қазіргі нарықты жаулап алған қытай ойыншықтарынан әлдеқайда артық.

Мұның бірнеше артықшылықтары бар:

Біріншіден, өнімнің табиғилығы, ағаш пен бояулар ғана қолданылатын болғандықтан зиянсыз (экологиялық таза бояу табу қиын емес).

Екіншіден, мұндай ойыншықтар балаларды ойландыруға бағыттап, олардың ой-өрісінің өсуіне септігін тигізеді. Кез келген ата-ана ағаш ойыншықтарды алуға тырысады.

Әр бизнес үшін міндетті түрде жасалатын шаралардан (заңды тұлға ретінде тіркелу, жалға алу, т.б.) бөлек ағаш ойыншықтарды өндіру үшін алдын ала мынадай жоспар құрып алыңыз:

1) нарықты зерттеу.

2) өнімге сертификат алудың тәртібін білу.

3) өнім түрлерін жасау мен әр өнімнің техникалық құжатын реттеу.

4) құрал-жабдықтарды сатып алу.

5) сынақ үшін ойыншықтар партиясын жасау.

6) қораптар мен нұсқауларды, жарнамалық буклеттерді жасату.

7) тауарды сертификаттау, ол туралы толық ақпаратты мына сілтеме арқылы ала аласыз - http://www.naceks.kz/ru/sertify/

8) сатуды жолға қою, өнімді өткізу.

Ағаш ойыншықтары өндірісін ашу үшін осындай қадамдар жасау керек. Уақыт өте келе, өндірісті кеңейтіп, жаңартып, толықтыру, сату арналарын дамыту қажет.

Жеке кәсіпкерлікті жүргізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шешім алу қажет болады.


  1. Ғимарат. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін сізге алдымен жұмыс істейтін орын керек. Ең ыңғайлысы - 40-50 м² жер. Шеберхана бояу мен тегістеуді жүзеге асыру үшін жарықтанған болуы тиіс. Жылуының да дұрыс жолға қойылғаны маңызды. Әр өнімді жасау кезіндегі температура оны болашақта пайдаланудағы температура мен ылғалдылыққа сай болуы керек. Әйтпесе, өнімдегі кейбір бөлшектердің бұзылуы, тілімдердің пайда болуы, ағаш блоктарындағы жұқа тақтай мен жиһаздың маңдайалды кебуі сияқты мәселелер туындайтын болады.

3. Құрал-жабдықтар. Ресейде өндірілген жабдықтардың бағасы:

  • жұқа тақтай – 50 000 теңге.

  • рейсмус (параллельді бет, яғни өнімнің керекті қалыңдығын жасайды) – 65 000 теңге.

  • циркулярлық станок (керекті қалыңдық пен көлемді кеседі) – 60 000 теңге.

  • фрезерлік станок – 35 000 теңге.

  • компрессор (бірақ егер де Сіз бастапқы кезде тек ойыншықтар жасаумен айналыссаңыз бұл құралдың қажеті жоқ, кейін, мысалы, асүй жиһазын бояу үшін оны алуға болады) – 60 000 теңге.

  • сызықтық тегістейтін машина, – 45 000 теңге.

  • тербелістік тегістейтін машина – 15 000 теңге.

  • тік қоюға арналған станок – 30 000 теңге.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • жабдықтарды сатып алу – 360 000 теңге.

  • ғимаратты жалға алу – ай сайын 60 000 теңге.

  • қораптар мен нұсқауларға тапсырыс беру – 100 000 теңге.

Бастапқы кезеңде барлығы: 520 000 теңге.

    1. Табыс:

Ағаштан жасалған ойыншықтардың кішігірім жиынтығы (бірнеше элементтерден құралған қарапайым ойыншық) 2 000 теңге, ал оның өз бағасы 800 - 900 теңге. Күрделі және үлкен ойыншық 4 000 - 15 000 теңге тұрады.

Тумбасыз қарапайым ағаш үстел - 12 000 теңге, тумбамен 20 000 теңге тұрады. А4 форматты 4 сөресі бар кеңсе шкафы – 20 000 теңге.

Бұл бизнес өзін-өзі 5-6 айда ақтайды.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.bizidei.ru/

http://www.bibliotekar.ru/spravochnik-29/

http://www.stolyarka.net/index.html

http://vipwood.ru/

http://www.iskra-m.ru/proizvodstvo-1/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ағаш шеберханасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


51. Кондитерлік ашу





  1. Жалпы ақпарат. Кондитерлік өнімдер нарығын ұннан жасалған өнімдер (печенье, вафли, кекстер, орамалар, пряниктер, торттар, шығыс ұн тәттілері) және қанттан жасалған өнімдер (карамель, шоколад, кәмпиттер, мармелад, жеміс қағынан жасалған кәмпит, халуа, зефир, ирис, драже, қатты кәмпиттер, грильяж, суфле, помадкалар т.б.) деп екі бағытқа бөледі. Әр сегменттің өзіндік ерекшелігі бар. Ұн өнімдері нарықта үлкен сұранысқа ие. Дәл осы бағытта шағын және орташа бизнестің мүмкіндігі өте зор.

  2. Ғимарат. 40-60 м² алаңда тәуелсіз кондитерлік цех ашуға болады. Ғимараттың қажетті көлемі өндіріс ауқымы мен өнім түрлерінің санына байланысты анықталады. Аталған орында бір кезектің жұмысы барысында 80-100 кг өнім өндіруге болады. Кондитерлікті супермаркет, дүкен не сауда-саттық орталығында ашуға болады.

Жекелеген орындар. Олардың көлемі де шығарылатын өнім мен оның түрлерінің санына байланысты. Дайын қоспаларды қолданатын жағдайда шикі өнімдер мен жұмыртқаны дайындауға, қайнату бөліміне арнайы орын бөлудің қажеті шамалы, ал жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді әсемдеу бөлімдерін біріктіре салуға әбден болады.

  1. Құрал-жабдықтар. Кондитерлік өнімдерді дайындау процесін үш кезеңге бөлуге болады: қамырын дайындау, пісіру және әсемдеу. Өндірісті бастау үшін планетарлық миксер, пештер мен кондитерлік құрал-жабдықтар қажет.

Қамыр/кремді дайындау планетарлық миксерде жүзеге асырылады. Миксердің үш түрлі жылдамдығы болуы керек, ең үлкені минутына 400 айналым жасауы тиіс, сонда сіз көпірікті кілегеймен де жұмыс жасай алатын боласыз. Пісірілген крем мен құрғақ кілегейді пайдалана отырып, аталған миксердің кішігірім түрін қолдану арқылы жартылай фабрикаттар жасауға болады. Қазіргі кезде түрлі көлемде алынатын дежалары бар миксерлер үлкен сұранысқа ие.

Қамырды илеу тот баспайтын не көміртекті болаттан жасалған дежаларда жүзеге асады. Дежа цилиндр не шыныаяқ тәріздес болады.

Жартылай фабрикаттарды пісіру үшін жалпақ пештер қолданылады. Ондай пештің жеке бу генераторлары мен әр қабатта автономды түрде басқару тетіктері болуы керек. Мұндай пештер кез келген кондитердің көңілінен шығады. Алайда дайын қоспа қолданылатын болса, онда қымбат және күрделі пештердің қажеті жоқ. Конвекциялы жүйесі бар пештерді пайдаланса да болады.

Өнімдерді сақтау мен мұздату үшін моноблоктардан тұратын немесе сплит-жүйелермен жабдықталған төмен температуралы камералар қолданылады.



  1. Технология. Қазіргі кезде нарықта түрлі құрғақ қоспалар мен дайын жартылай фабрикаттар толып тұр. Бисквитке, құрғақ кілегейге, тұрақтандырғыштар мен қорларға, құрғақ және дайын гельдерге, глазурларға және құнары аз йогурттық өнімдерге арналған дайын қоспалар өте көп. Құрғақ қоспаларды пайдалану жұмыс алаңын қысқартумен қатар қосалқы орындарды мүлдем қолданбауға және өндіріс мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді.

  2. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • миксер – 150 000 теңгеден бастап.

  • пеш – 1 000 000 теңгеден бастап.

  • тоңазытқыш камерасы – 100 000 теңгеден бастап.

  • басқа да құрал-жабдықтар (пышақ, қасық және т.б) – 25 000-300 000 теңге.

  • шикізат– ай сайын кем дегенде 50 000-300 000 теңге.

  • ғимаратты жалға алу – ай сайын 120 000 теңге.

  • қызметкерлерге төленетін жалақы (алғашқы кезде – 1 кондитер, 1 жүргізуші, 1 бухгалтер) – ай сайын 240 000 теңге.

Барлығы: шамамен 2 110 000 теңге.

    1. Табыс:

Торттың орташа бағасы - 2 000-3 000 теңгеден жоғары. Бір күнде 3-4 торт * 30 күн = 90 торт * 2 500 теңге = 225 000 теңге.

1 кг ұннан салмағы 80 г. 18 дана круассан шығады. Бір сағатта 50-60 данасы піседі. Ал күніне оны үш рет пісіруге болады – 150 * 120 теңге = 18 000 теңге * 30 күн = 540 000 теңге.

Торт пен круассандардан түскен пайда айына 765 000 теңгені құрайды. Алайда сіздің шығыстарыңыздың да көп екенін ескеру керек. Бірақ сіз өнім түрлерін көбейтуіңіз мүмкін. Онда сәйкесінше табыс та өсе түседі.

Әрине, алдымен сізге алғашқы салымдарды қайтарып алу керек, оған 6-7 ай уақыт кетеді.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.openbusiness.ru/html/dop6/bul-kondit.htm

http://www.pro-td.ru/pishevie/95/

http://www.pekari.ru/catalog/obo/

http://kazprom.net/tags/Кондитерские

http://www.sibrestoran.ru/restorator/178

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «кондитерлік» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

52. Ұлттық қолөнер бұйымдарын сату



1. Жалпы ақпарат. Заманауи өмірдің түрлі салаларында халықтық-қолданбалы өнер түрі үлкен орын алады. Ол адамның өзіндік шеберлігі мен өнерінің арқасында ерекше және өте әсем көзге түсетін заттарды шығаруға мүмкіндік береді.

Әр қалада, ауылда, аймақта бос уақытында жоғары деңгейде өз қолымен әсем бұйымдар жасаумен айналысатын адамдар кездесіп жатады. Әлеуметтік жағдайы мен қоғамдағы орнына қарамастан олар өзінің сүйікті ісімен айналысады. Ал олардың қолдарынан туған ерекше бұйымдар көптің көңілінен шығып, көздің жауын алатыны анық.

Олар жасаған заттарын сатқысы келсе де, өздері тұратын жерлерінде ондай бұйымдарды алу мен сатудың арнайы мамандандырылған нүктелерінің жоқтығы кедергі болып жатады. Бұл мәселенің шешімі – ұлттық өнер бұйымдарын сататын дүкен ашу. Бизнес бастау үшін тамаша идея екені сөзсіз.

Неден бастау керек? Алдымен ұлттық өнер бұйымдарын сататын орын табу қажет. 30-40 м² орынды жалға алсаңыз болады. Бастысы оның қандай ауданда орналасқанын ескеріңіз. Дүкеннің қаланың орталығында болуы міндетті емес, шеткі аймақта орналасса да болады. Алайда оның адамдар көп өтетін жерде болғаны маңызды, яғни жанында оқу орындары, бизнес орталықтар, тұрғындар тұратын кешендер орналасуы мүмкін.

Одан кейін қолөнершілерге дүкеніңіз арқылы олардың бұйымдарын саудаға шығаруға болатынын хабарлау керек. Жарнаманы жан жақты беру қажет.

Содан соң өткізуге тауар алып, дүкеннің ассортиментін көбейту керек. Дүкен сөрелерін толтырып алған соң жергілікті шеберлердің қолдарынан туған бұйымдардың дүкені ашылды деп жар салуыңызға болады. Онда түрлі заттар сатылуы мүмкін, мысалы ағаштан жасалған оюмен безендірілген шахматтар, сандықшалар, кенеп, шыны, темірде салынған суреттер, құмыралар, шамдар, шекеме, күйдіру, граверлеу арқылы туған дүниелер, бижутериялар мен зергерлік бұйымдар (сақина, сырға, алқа, білезік), жасанды гүлдер. Осының бәрі сізге және клиенттердің фантазиясына байланысты болады.

2. Сату. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығы жолға дұрыс қойылғанда ғана жақсы дамиды. Алғашқы кезеңде жарнаманың орны ерекше, ол екіжақты болу керек. Біріншісі халықтық өнер бұйымдарын қабылдау бойынша болса, екіншісі сату бойынша. Дүкендегі тауарларыңыз өз үйін немесе жұмыс орнын безендірем деушілер мен өнерсүйер қауым арасында үлкен сұранысқа ие болады.

3. Болжамды есептеулер.

3.1. Шығыстар:

Жалға алатын орын – 30 м² * 1 200 теңге = 36 000 теңге.

Ұлттық өнер бұйымдарын сату үшін сауда-саттық стеллаждардан басқа ешқандай арнайы жабдықтардың қажеті жоқ. Қымбат емес, бұрын қолданыста болған стеллаждарды алса да болады, мысалы 4-6 стеллаж алсаңыз 25 000-35 000 теңге керек.

Барлығы: 61 000 теңге.



3.2. Табыс. Сатқан үшін әр зат құнының 25 - 30% сомасын коммиссия ретінде алсаңыз болады. Бұл сізге де, тауарларын сізге келіп өткізетін қолөнершілерге де тиімді.

Алғашқы кезеңде көп шығындалмайсыз, сондықтан 4-6 ай ішінде бизнесіңізден пайда түсетінін байқайсыз.



4. Пайдалы сілтемелер:

http://www.nogu.ru/organizatsiya_vystavok_yarmarok_podelok_narodno_h udozhestvennogo_tvorchestva.php

http://www.tozak.org.ua/artsalon_rus.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ұлттық қолөнер» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

53. Репетиторлық орталық





  1. Жалпы ақпарат. Қазіргі балалар болашақ мамандығы жайында ерте ойлана бастайды. Негізінде, балалардың болашақ мамандығын таңдауда үлкендер үлкен әсер етеді, алайда бұл мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі емес.

Көп жағдайда адамдар мамандықты таңдауда қателеседі. Ол түрлі себептерге байланысты: баланың мінезі мен мүмкіндігі ескерілмейді, таңдау эмоциялық қызығушылық не сән бойынша жасалады, туысқандар отбасында қалыптасқан дәстүрді үзбеуге кеңес береді, т.б. Өкінішке қарай, қатені түсіну кеш болып жатады.

Аталған бизнес түрін қолға алу үшін лицензия мен түрлі рұқсат қағаздардың ешқандай қажеті жоқ.



  1. Ғимарат. Сізге жалпы көлемі 50-60 м² құрайтын, мүмкіндігінше үш жеке бөлмеден тұратын кеңсені жалға алуға болады. Кеңсенің қолжетімді ауданда, орталыққа және аялдамаға жақын жерде орналасқаны дұрыс. Репетиторлықпен клиенттің өз үйінде де айналысуға болады.

  2. Алғашқы кезеңде қажетті құрал-жабдықтар:

    • 1 компьютер – 70 000 теңге.

    • 1 принтер – 20 000 теңге.

    • Факс – 20 000 теңге.

    • Интернетке қосылу – 25 000 теңге.

    • Модем – 10 000 теңге.

    • 25 орындық – 25 * 2 000 = 50 000 теңге.

    • 10 үстел – 10 * 8 000 = 80 000 теңге.

    • 2 оқу тақтасы –2 * 15 000 = 30 000 теңге.

    • Телевизор – 30 000 теңге.

    • DVD-қондырғысы – 15 000 теңге.

  3. Технология. Жеткіншектерге мамандық таңдау үшін үш көмектесу сатысынан тұратын тренинг орталығы құрылады.

Біріншіден, танысу бөлімі. Бүгінде мамандықтар өте көп және олардың саны күннен күнге өсіп келеді. Көп жағдайда өздерін жетістікке жеткізетін мамандықтар туралы түлектер біле бермейді, не болмаса белгілі бір мамандық жөнінде олардың түсінігі бұлыңғыр болады. Бұл кезеңде мамандықтардың атын тізіп қана шықпай, оларға деген сұраныс, жұмыс шарттары, жалақысы, осы салада танымал болған адамдардың мысалдарын түсіндіріп кету маңызды.

Екіншіден, ең негізгі кезең – психологпен кеңесу. Мамандық таңдау барысында адамның мінез-құлқы, қабілеті, басқа да қасиеттері психологтың көмегімен анықталуы керек. Бұл кезеңде аталған және басқа да бала бойындағы қасиеттерді психолог анықтап қана қоймай, балаға өзін көрсете алатын және өз жұмысынан ләззат алатын бірнеше мамандықты ұсынады.

Аталған бизнес идеяның үшінші кезеңі – клиентке екі кезең нәтижесінде таңдаған мамандығы бойынша біраз жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Сіздің орталығыңыз клиенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі бойынша түрлі фирмалармен келісім-шартқа тұра алады. Тәжірибеден өту кезінде адам жұмыстың артықшылығы мен кемшілігін өз көзімен көре алады. Бұл баланың өз мақсатына жету үшін қай бағытта жұмыс жасау керектігін, қай ЖОО түсу қажеттігін анықтауға үлкен септігін тигізеді.


  1. Қызметкерлер. Сіздің орталығыңызға еңбек шарты бойынша жұмысқа тұратын білікті мамандар қажет. Мамандарды таңдау көрсетілетін қызмет түрлеріне байланысты.

  2. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

      • кеңсені жалға алу – 90 000-100 000 теңге.

      • құрал-жабдықтар, коммуникациялар – 350 000 теңге.

      • кеңсе заттары – 30 000 теңге.

      • оқытушыларға төленетін жалақы, пайданың 35%-ы (аталған есеп-қисап бойынша) – 264 600 теңге.

Барлығы: 704 000 теңге.

6.2. Табыс. 9.00-ден 21.00-ге дейінгі жұмыс күнінің қоры 12 сағатты құрайды. Бір сабаққа 2 сағат бөлінсе, күніне 6 сабақтан өткізуге болады. 30 күнде 6 * 30 = 180 сабақ өте алады. Айына 2 топқа 8 сабақ бөлінсе, сіз 11 пән бойынша сабақ жүргізе аласыз. (180/8*2). 30% жеке дара өтсе, қалғандары топтарға арналсын.

Осылайша, әр адамнан сағатына 500 теңге алсаңыз, онда 2 сағат үшін 1 000 теңге аласыз. Бір топта 5 адам болса, 1000 * 5 = 5 000 теңге, оның ішінде 35%-ын оқытушыларға бересіз, яғни 1 750 теңгесі. Жеке сабақтар сағатына 2 000 теңге болса, 2 сағатта 4 000 теңге аласыз. Жеке сабақ үшін оқытушыға 50%, яғни 2 000 теңге бересіз.

Егер орталықта айына кішігірім топтарға арналған 126 сабақ өтетін болса, онда 126 * 1 000 * 5 = 630 000 теңге табуға болады. Ал жеке сабақтардан 54 * 4 000 * 1 = 216 000 теңге табыс табуға болады.

Осылайша, жалпы табыс 756 000 теңгені құрайды.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.hobiz.ru/ideas/obraz/test3/

http://businessideas.su/obrazovanie/13-sozdanie-repetitorskogo-centra.html

http://www.bishelp.ru/rich/zarabotai/dom/uslugi_shastn/2309repit.php

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «репетиторлық орталық» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

54. Аударма ісі





  1. Жалпы ақпарат. Егер сіз кем дегенде екі тілді меңгерген болсаңыз, бұл бизнес түрі сізге әбден лайық.

Жеке аударма бюросын ашатын болсаңыз, арнайы лицензия мен түрлі рұқсат қағаздар қажет емес. Тек заңды тұлға не жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек.

  1. Ғимарат. Аталған бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы кеңсе жалдаудың қажеті жоқ. Сіз бизнестің бұл түрін үйіңізде отырып-ақ жүзеге асыра аласыз.

  2. Құрал-жабдықтар. Аударма бюросын ұйымдастыру үшін мынадай техника мен жиһаз керек: компьютер, принтер, сканер, факс, ксерокс, жазу үстелі, орындық. Сонымен қатар, интернетке шығу мүмкіндігі болуы тиіс.

  3. Қызметкерлер. Аталған істе қосымша қызметкерлер қажет емес. Клиенттер іздеу, тапсырыстар алу, аудару және басқа да жұмыстарды сіз өзіңіз де жасай аласыз.

Болашақта өзіңіз тек аудармамен айналысу үшін қалған жұмыстарды (тапсырыстар алу, клиенттерді іздеу) отбасы мүшелеріне бөліп бере аласыз. Атқарылған жұмыс үшін оларға тиесілі ақысын бересіз.

  1. Технология. Аударма бюросы үшін ең маңызды мәселе – баға белгілеу. Атап өтерлігі, сирек кездесетін тілдерге аудару неміс не ағылшын тіліне қарағанда едәуір қымбатқа түседі. Мысалы, бір бетті вьетнам немесе жапон тіліне аудару бағасы 4 500-5 000 теңгені құрайды. Бірақ мұндай аудармалар аз кездеседі, сондықтан олар тек негізгі жұмысыңызға қосымша ретінде болуы керек.

Ауызша, синхронды және ілеспе аудармалар бағалы болып есептеледі. Ауызша аударма сөз тіркестерін бірден аударудан тұрады, ал екіншісінде біркелкі аударылады. Мұндай аудармалар түрлі конференцияларда жасалады. Аударманың ең жоғары деңгейі болып синхронды аударма есептеледі. Синхронды аудармада екі аудармашы қажет, сәйкесінше төленетін ақының да екі есе өсетінін ескеру керек.

Аударма ісінің жеке бір түрі – аударылған құжаттарды наториалды куәландыру, яғни апостиль. Мұндай қызмет шетелде жазылып, Әділет министрлігі мен консулдықтарда рәсімделген құжаттарды заңдастыру үшін қажет.



  1. Клиенттерді іздеу. Даму үшін тағы бір маңызды нәрсе – клиенттерді табу. Ең жеңіл және арзан түрі – көрсетілетін қызмет туралы тегін басылымдарға хабарландырулар беру, өз бетіңізбен жарнамалар жапсырып, парақшалар тарату. Ал ірі клиенттерді жарнама берсеңіз де табу оңай емес. Ірі клиенттер танымал емес, кішігірім фирмалармен жұмыс жасағысы келмейді. Сондықтан да ең қарапайым жол адамдардың басқа адамдарға жақсы аудармашы жөнінде хабарлауы болып табылады.

  2. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • 1 компьютер – 60 000-70 000 теңге.

  • принтер, сканер, көшіру құрылғысы (үш қызметті бірден атқаратын құрал) – 45 000 теңге.

  • факс – 20 000 теңге.

  • интернетке қосылу (лимитсіз «Мегалайн») – 10 000 теңге.

  • жазу үстелі – 15 000 теңге

Барлығы: 150 000 теңге.

    1. Табыс (қызмет бағасы):

Жазбаша аударма (ағылшын/орыс) – А4 форматты 1 бет, 1 800 таңба– 1 000-1 500 теңге.

Ілеспе аударма (ағылшын/орыс) – сағаты 6 000-7 000 теңге, басқа тілдерге қымбатырақ (аймаққа байланысты).

Синхронды аударма (ағылшын/орыс) – сағаты 12 000-13 000 теңге (аймаққа байланысты).


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.langinfo.ru/index.php?sect_id=1284

http://www.bizidei.ru/kak_otkryit_byuro_perevodov.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аударма ісі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

55. Балмұздақ сату





  1. Жалпы ақпарат. Балмұздақ – үлкендер де, балалар да жақсы көретін тәттінің бірі. Балмұздақ сату – табысты, шығыны аз істің бірі. Дүңгіршектерде сату – жас бизнесмен үшін таптырмайтын бастама. Балмұздақ сату әкімдік пен СЭС мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Ғимарат. Жазда балмұздақ сататын арнайы орынның қажеті жоқ, өйткені сату далада да жүзеге асады. Ал қыста дүкен немесе супермаркеттен орынды жалға алуға тура келеді.

3. Құрал-жабдықтар. Ең қажетті құрал-жабдық – мұздатқыш қобдишалар. Мұздатқыш қобдишалар дегеніміз – мұздатылған өнімдерді көпке дейін сақтайтын және оларды сату үшін көрсетіп тұратын тоңазытқыштың бір түрі.

Оларды жалға алуға болады, бірақ мұның бір қиындығы – келісім-шартқа сәйкес бұл мұздатқыштардан басқа өндірушілердің балмұздағын сатуға тыйым салынады.



4. Технология. Балмұздақтың 100-ден аса түрлері бар. Бүгінгі күні «эскимо», «вафли қосылған брикет» сынды балмұздақтарға деген сұраныс едәуір төмендеді, оларды тек орта жастағы адамдар ғана алады. Өмір сүру деңгейі жоғары ірі қалалардағы жастар мен балалар өте талғампаз, олар үнемі жаңа нәрсенің дәмін татқысы келіп тұрады.

Балмұздақ өндіруші немесе көтерме саудамен айналысатын балмұздақ жеткізуші компаниямен қайта сату мақсатында балмұздақ алу жөнінде келісім-шартқа тұруға болады. Бір ғана шартты ұстану қажет – сұранысы жоғары тауар түрлерімен тоңазытқышты толтыру. Сату нүктелері қаншалықты көп болса, соншалықты сату да дұрыс жолға қойылады.

Жұмыс күні аяқталғаннан соң, қобдишаны алып кету керек. Таңертең апарып, кешке алып кететін «газельді» жалға алуға болады. Алайда бір тоңазытқышты алып жүру «газельге» тиімсіз, сондықтан кемінде 5 дана болғаны дұрыс. Балмұздақ сату бизнесін клиенттердің үйіне жеткізуді ұйымдастыру арқылы кеңейтуге болады.

5. Қызметкерлер. Қажетті қызметкерлер – сатушылар. Бес сату нүктесі болса, әрқайсысында екі сатушыдан десек, 10 адамды жұмысқа қабылдау керек.

6. Сату. Бәрі дайын болғаннан соң, яғни жабдықтар мен сатушылар табылса, онда бизнесті бастауға болады. Бизнестің табысы сату орнына байланысты. Қолайлы сауда нүктелері – кинотеатрлар, сауда-саттық орталықтары, мейрамханалардың жаны. Орын таңдалғаннан соң (сатуға арналған жер учаскесі тек санитарлық-эпидемиологиялық шешім бар болса ғана беріледі) қасында орналасқан дүңгіршекпен электр энергиясы жөнінде келісу қажет.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

Мұздатқыш қобдишаны жалға алатын болсаңыз, онда аталған өндірушінің өнімін ғана сата аласыз. Тауар түрлерін өздеріңіз таңдайсыз. Минималды тапсырыс - 5 000 теңге. Сауда жақсы жүруі үшін тауардың сан алуан түрі болу керек, егер 5 сауда нүктеңіз болса, онда 50 000-60 000 теңгеге шығындаласыз.

Егер мұздатқыш қобдишаны сатып алатын болсаңыз, оның бағасы 60 000 теңге. Мұндай жағдайда тауардың түрлері де әркелкі болады, өйткені өндірушілер әртүрлі. Өнімнің шығыны – 50 000-60 000 теңге.

Барлығы: 50 000-60 000 теңге (мұздатқыш қобдишасыз), 110 000 теңге (мұздатқыш қобдиша + тапсырыс).



7.2. Табыс:

Бизнесіңіздің табысы орынға, тауар түрлері мен сатушыға байланысты. Табыс 35 %-ды құрайды.

Тәжірибе көрсеткендей, жазда бір сауда нүктесі 20 000-25 000 теңге табады, яғни айына = 4 апта * 20 000 теңге = 80 000 теңге. Қыста табыс аздау болады, бір сауда нүктесінен түскен апталық табыс 5000-10 000 теңге, яғни 4 апта * 5 000 теңге = 20 000 теңге.

Сондықтан балмұздақ сатуда жақсы пайда табу үшін 40 шақты сауда нүктеңіздің болғаны абзал.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0B6%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B5

http://www.morozyvo.com.ua/

http://www.business-plany.ru/kafe-4.htm

http://bizcentr.com/small-business-magkoe-morozhenoe.html

http://www.openbusiness.ru/html/ice1.htm

http://www.lari.ru/tehnologii/pravilaekspluatacii/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балмұздақ сату» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

56. Декоративті фонтандар өндірісі


1. Жалпы ақпарат. Фонтан десе көбіміз саябақтар мен гүлзарларды елестетеміз. Алайда фонтандар саябақтарды әсемдеу үшін ғана емес, саяжай, үй, кеңсені безендіру үшін де қолданылады. Соңғы кездері кішігірім фонтандарға деген сұраныс өсе түсті. Декоративті фонтандарды өндіру көп шығындалуды қажет етпейді. Үй жағдайында бұл іспен айналысу көп табыс әкелетін бизнес түрі болып табылады. Аз шығындалып-ақ, жақсы табыс табуға болады.

2. Технология. Фонтандардың жүйесі бірдей, суды айналдыруға негізделген. Арнайы сорғыш суды үстіне қарай тартады, сосын су арнайы ыдысқа қарай ағады. Жалпы бұл тұйықталған цикл болса да, суды анда-санда ауыстырып тұру керек, себебі су буланып азаяды, ал бұл фонтанның дұрыс жұмыс жасамауына әкеп соқтырады.

Фонтандағы суды айналдырып тұру үшін электр сорғыш қолданылады. Сорғыштың жұмыс жасауы үшін арнайы адаптер не 12 вольтты аккумулятор қажет. Егер қысымды көбейтсеңіз, онда судың ағу күші артады. Егер су тым жоғары көтеріліп ақса, онда фонтан үлкенірек болуы тиіс.

Енді безендіру мәселесін шешу керек. Декоративті кішігірім фонтанның негізі ретінде қақпағы бар кез-келген ыдыс жарайды. Мұнда ыдыстың диаметрі маңызды. Қақпақ тығыз жабылып тұруы қажет. Ал жақсы жабылмай тұрса, онда желім қолдануға болады.

Енді қақпақты безендіреміз, фонтан дизайнының қандай болатыны соған байланысты. Қақпақтың бірнеше жеріне тесік жасалады да оған түтікшелер жалғанады. Түтікшелер иілгіш немесе алюминийден жасалған болуы мүмкін. Түтікшелер төменгі жағынан астындағы ыдысқа жетіп тұруы керек, ал үстіңгі жағынан жоспарланған фонтан биіктігінен 5-10 см-ге ұзынырақ болғаны дұрыс. Тым ұзын болып кетсе, олардың ұштарын кесіп тастау қиын емес. Одан кейін түтікшелердің айналасына дизайн негізін жасаймыз. Көп жағдайда цемент пен майда тастардан жасалған қоспалар қолданылады. Қай жерге бармасаңыз да (саяжай, дала, теңіз) әдемі тастарды байқап жүріңіз. Тастың түсі мен пішіні ерекше болған сайын фонтанның дизайны да әдемі болады. Жан-жағыңызға қарап жүріңіз, көзге бірден түсетін ұнамды заттарды (тастар, бұтақтар, түптер) байқап қалуға тырысыңыз, мұның бәрі фонтандарыңызды безендіруге қажет болады.

Негіз үшін цементті қақпақтың үстіне құйыңыз, оның қатуын күтпей тастан ою жасау арқылы фонтанның ландшафтын бірден бастаңыз. Су ыдыстың ішіне құйылып, ландшафт бойымен ағып тұруы үшін ландшафтың астыңғы нүктесінде ойық жасап қойыңыз, тесік жасауды да ұмытпаңыз, сонда су ыдысқа бірден ағып кетпей, кішігірім көл сияқты болып тұрады.

Бұл іс үшін шығармашылық адам болу міндетті емес. Көбінесе ретсіз тасталған тастардан әдемі идеялар туып жатады. Мұнда түрлі материалдар жарай береді (оларды ландшафқа жапсырып қоюға болады). Бірақ суда бүлінбейтін заттарды пайдаланған жөн. Әйтпесе, жағымсыз иістің бөлінуі әбден мүмкін.

Дизайнын әсемдеуді аяқтасаңыз, фонтанды іске қосу ғана қалды.

3. Сату. Декоративті фонтандар қолдан жасалады. Олар эксклюзивті тауар болғандықтан жоғары сұранысқа ие. Олар интерьерге қажеті заттар, кәдесыйлар дүкендері мен жергілікті базарларда, не интернет-дүкендері арқылы сатылады. Тапсырыс бойынша да жасауға болады, ол үшін БАҚ-қа жарнама беру керек. Көздің жауын алар жарнамалар тарату қосымша клиенттер табуға септігін тигізеді.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

Шығыстар бөлігіне электр сорғыштар, адаптерлер немесе аккумуляторлар, цемент пен контейнерлерді (ас ыдыстары) сатып алу кіреді. Нәтижесінде бір фонтан шығыны 5 000-6 000 теңгені құрайды.



4.2. Табыс:

Фонтанның орташа бағасы 10 000-15 000 теңге және одан жоғары. Баға сұраныс пен жеке тапсырыстарға байланысты. Бұл бизнестің шығынынан гөрі табысы әлдеқайда көп болатыны сөзсіз.



5. Пайдалы сілмелер:

http://www.laab.ru/node/75

http://www.hobiz.ru/ideas/promo/fontan/

http://samodelki.org.ua/index.php?newsid=457

http://banker.ua/articles/64/2010/04/28/1180440076/

http://www.homebusiness.ru/ideas/380.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «декоративті фонтан» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

57. Квас өндірісі





  1. Жалпы ақпарат. Квас – алкогольсіз сусындардың бірі. Мыңдаған жылдар бұрын ойлап шығарылған сусын бүгінде де үлкен сұранысқа ие. Қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін квас дәмді әрі ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын болып табылады. Ағзаға әсер етуі жағынан оның айран мен қымыздан айырмашылығы жоқ. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды, адамның көңіл-күйіне жағымды әсер етеді, зат алмасуды, жүрек-қантамырлары жүйесінің жұмысын жақсартады.

Квас өндірісі – 100 % табысты бизнес түрі. Квас бизнесінің негізі – квас өндіру және оны сату.

2. Квас түрлері. Квас өндірістік жағдайда да, үйде де оңай дайындалады. Үй жағдайында ашыған квас жасау үшін әдетте, ашытқы, кептірілген нан, қант пайдаланылады. Сусынға ерекше дәм беру үшін оған жидек, жалбыз, хмель, алма, алмұрт, жүзім мен басқа да өнімдер қосылады.

Квас ұнның, нанның, судың, уыттың түрлі сорттарынан жасалады. Ол ұйыған сүт өнімі мен ішінара крахмалдан өндірілетін қант қосындыларының ашытқысы болып табылады. Квас дайындауда қара бидай, арпа, бидай, қарақұмық, сұлының ұны; нанның қара бидайдан, бидайдан жасалған түрлері; сұлы мен қара бидайдың уыты қолданылады.

Квас түрлерін өндіру бойынша толық ақпаратты мына интернет сайты арқылы ала аласыз: http://www.kvas.ru/receipts.htm

3. Технология. Квастың түр-түрі бар. Алайда олардың дайындалу әдісі бірдей. Алдымен қою негізді (нан, ұн, т.б.) сумен араластырады, оған ашытқы мен дәмдік (мысалға: қант, бал, жүзім, шырын), ароматтық қоспалар(жалбыз, имбирь және т.б) қосады, алынған қоспаны ашытады. Нәтижесінде осындай сусын пайда болады.

Квасты жасау процесі шамамен екі күнге созылады, оның толық дайын болуы үшін тағы екі күн қажет. Бірінші күні қоспаға қайнатылған жылы су құяды. Екінші күні сұйықтыққа қант қосады (10 литрге 1 кг). Сұйықтық пен квасты ашыту үшін 12 сағатқа жылы жерге қояды (осы уақытта көп көбік пайда болады). Сосын сұйықтықты шыны бөтелкелерге немесе банкаларға құйып, тығындайды. Тағы 12 сағат өткен соң суық жерге апарып қояды. Жақсы квастың құрамында көмірқышқыл газы көп болады, сондықтан қақпақты ашқан кезде дыбыс шығады. Квастың жарамдылық мерзімі әрі кетсе 4-5, одан кейін сусын ашып кетеді, ішуге жарамсыз болып қалады. Сонымен қатар, пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Квасты сақтаған кезде ауасы желдетілетін таза жерге қою керек. Дұрыс дайындалған квас 2-3 айға жуық сақталады.



4. Сату. БАҚ-қа жарнама беруге болады. Сол арқылы клиенттерді, квас сатуға ниетті адамдарды, мейрамхана, бар, басқа да тамақтанатын орындарға өнімді жеткізетін тікелей таратушыларды тауып алуға болады. Квасты өзіңіз де сатсаңыз болады.

5. Болжамды есептеулер:

5.1. Шығыстар:

Квасқа арналған қоспалар 1 кг = 1200 теңге, 1 литр квасқа = 20 гр.

Арнайы жабдықтардың қажеті жоқ, квас дайындау үй жағдайында жүзеге асады. Тығыны бар шыны ыдыстарды қолдану ыңғайлы.

5.2. Табыс:

Квастың 1 литрінің өзіндік құны 9-10 теңге, ал орташа бөлшек саудадағы бағасы 1 литріне – 65 теңге. Күніне 50 литр квас сатылса, 65 теңге * 50 литр = 3 250 теңге, онда айына 3 250 теңге * 30 күн = 97 500 теңге болады.



6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.hombiz.ru/proizvodstvo/proizvodstvo-kvasa.html

http://www.equipnet.ru/org-biz/other/other_18.html

http://www.kvasco.ru/

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B2%D0%B0%D1%81

http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-12369/

http://www.str-filling.com.ua/ru/news.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «квас өндіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

58. Ас мұзының өндірісі





  1. Жалпы ақпарат. Мұз өндіру мен оны бөлшектеп сатуға негізделген бизнес өте табысты болып табылады. Бұл кәсіпті бастау үшін көп шығындалудың да қажеті жоқ. Көптеген қалаларда бұл сала бойынша бәсекелестер де жоқтың қасы.

  2. Ғимарат. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін 50 м² орынды жалға алу керек. Мұндай жерді жалға алу 60 000 - 75 000 теңге тұрады.

  3. Құрал-жабдықтар. Мұзды өндіру үшін арнайы мұзгенератор болуы тиіс. Оның бағасы - 230 000-240 000 теңгені құрап отыр. Ол тәулігіне 42 кг. мұз өндіреді, яғни 92 дана мұз сатылымға дайын деген сөз.

Белгілі бір уақыттан кейін бизнесіңіздің жақсы дамуына байланысты бірнеше мұзгенераторын сатып алу керек болады. Сонымен қатар, мұзды өндіру мен сату үшін мұзды сақтауға арналған тоңазытқыш камералары (оның бағасы 110 000 теңге), автомобильге арналған кішкентай тоңазытқыштар (оның құны 30 000-35 000 теңге), қосқабатты қағаз пакеттер қажет (бағасы 9-10 теңге).

4. Қызметкерлер. Алғашқы кезде барлық жұмысты өзіңіз-ақ атқара аласыз. Бизнесіңіз пайда әкеле бастаған уақытта екі қызметкер алуға болады. Олар: өндіріске жауап беретін маман және тауарды межеленген жерге жеткізіп салатын жүргізуші.

  1. Сату. Өнімді сатуды жылдамдату үшін БАҚ-қа жарнама беруге, сонымен қатар, хабарландырулар басып шығарып, оларды таратуға болады. Тауарды өткізудің ең тиімді жолы - сусын дилерлері мен өндірушілермен бірлесе отырып, промоакциялар ұйымдастыру.

Негізгі клиенттер қатарына ірі супермаркеттер мен желілік дүкендерді жатқызуға болады. Олар мұзды сусындармен бірге сатады. Ал кішігірім дүкендерді алатын болсақ, мұз балмұздақ салынған мұздатқыштарға салынып сатылса болады. Мұзды жақсы тұтынатын топтардың бірі–мерекелік шараларды өткізетін компаниялар.

Сонымен қатар мейрамхана, кафе, бар, т.б. тамақтанатын орындар сіздің клиентіңіз бола алады.



Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • кеңсені жалға алу – 70 000 теңге.

  • мұз генераторы – 240 000 теңге.

  • тоңазытқыш камерасы – 110 000 теңге.

  • көлікке арналған тоңазытқыш – 35 000 теңге.

  • қағаз пакеттер – 20 000 теңге.

Барлығы: 475 000 теңге.

Алғашқы кезеңде сіз тұрақты өткізу орнын тауып алсаңыз, тоңазытқыш камераның қажеті де болмайды, яғни мұзды бірден сатасыз. Онда шығыстар 365 000 теңгені құрайтын болады.



    1. Табыс:

Мұздың бір данасы 90 теңге тұрады. Күніне 92 данасы сатылса, айына 248 000 теңге табуға болады.

Бизнестің пайдасын бірнеше айдан соң-ақ көре аласыз.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.hobiz.ru/ideas/promo/ice/

http://www.bishelp.ru/svoe_delo/otrasl/proizvodstvo/proizv_lda.php

http://www.infrost.ru/refreg_technology/ice/

http://www.posuda-ice.ru/ice/

http://www.ubsjournal.com/business/idea/798-led

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ас мұзын өндіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

59. Спорттық жабдықтарды жалға беру





  1. Жалпы ақпарат. Әр қалада табиғатта демалуды ұнататын адамдар тобы табылып қалар. Табиғат аясындағы демалысқа тек пикниктерді ғана емес, сонымен қатар туристік саяхаттар, альпинизм, балық аулауды да жатқызамыз. Осыған сай бизнесмендерге мезгілдік спорттық жабдықтарды сату мен жалға берудің мүмкіндігі туды.

Спорттық туризмде спортпен кәсіби айналысатын адамдар ғана емес, сонымен қатар өздерін турист ретінде сынап көргісі келетін жастар да баршылық. Осындай жаңа қосылған адамдардың өз спорттық жабдықтарының жоқ екендігі түсінікті, олар сатып алуға да асықпайды, өйткені алғашқы саяхаттарынан алған әсерлерінің қандай болатынын болжай алмайды. Сондықтан спорттық жабдықтарды жалға алуға тура келеді.

Жалға не беруге болады? Спорттық жабдықтар өте көп - олар шатырлар, ұйықтайтын қаптар, арқа қоржындары, түрлі етіктер, т.б. Спорттық жабдықтарды жалға беретін пунктерден мұндай бұйымдарды ғана емес, жорыққа қажетті басқа да құралдарды табуға болады. Жаз мезгілінде роликтер мен велосипедтерді, ал қыста тау шаңғылары, сноубордтар мен конькилерді жалға беруге әбден болады.

Бұл аталғандар жалға беруге болатын негізгі туристік құралдар ғана. Спорттық жабдықтарды жалға беретін пунктерде заттардың түрі өте көп. Мысалы, альпинистер мен балықшыларға арналған көптеген жабдықтар да бар. Егер сіздің тұратын жеріңізде өзен, тау, теңіз болса, бұл идеяны ойланбай-ақ қолға алған жөн.

Спорттық жабдықтарды жалға беру бизнесі дамудың басқа шағын бизнес түрлерінің дамуынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Алдымен сізге бастапқы кезде қажет қаржыны құю керек, оның мөлшері сіздің алған бағытыңыздың ерекшелігі мен потенциалды клиенттерге байланысты. Істі қолға алысымен-ақ сізге жұмыс істейтін орын мен жақсы жарнама керек. Алғашқы клиенттерді көп күтпейсіз, себебі бұл бизнес түріне деген сұраныс кез келген аймақта бар.



  1. Ғимарат. Сізге спорттық жабдықтарды сақтауға арналған бір кішігірім орын керек. Ол гараж не таза қойма немесе спорттық кешенде, бизнес орталықта, оқу мекемесінде жалға алынған орын бола алады.

Жалға беру пунктін қалалық саябақтардың, қорықтардың, демалыс аймақтары мен курорттардың маңына орналастырған тиімді.

  1. Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес түрін велосипедтерді жалға беруден бастауға болады, өйткені спорттың бұл түрі көптеген адамдарға ұнайды. Бірінші кезеңге әртүрлі көлемдегі, қала ішіне немесе кросқа ыңғайланған 10-12 велосипед алуға болады. Жұмсақ спицалы велосипедтер алу керек, олар көпке дейін шыдайды. Оның бағасы – шамамен 30 000-40 000 теңге. Ал егер бірнешеуін алатын болсаңыз, онда әр данасын 25 000-30 000 теңгеден алуға болады.

  2. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

Бизнесіңізді велосипедтерді жалға беруден бастайтыныңызды ескерсек:

  • велосипедтер (10 дана) – 25 000 * 10 = 250 000 теңге.

  • орынды жалға алу, 30 м² (егер жекеменшік орныңыз болмаса) – 40 000 теңге.

  • газетке жарнама беру– 750 теңге, аптасына бір рет (20 сөз) * 4 апта = 3 000 теңге.

Барлығы: 293 000 теңге.

    1. Табыс:

Велосипедті жалға беру – сағатына 500 теңгеден бастап (аймаққа байланысты).

Бір күнде (8 сағат * 500 теңге = 4 000 теңге) бір велосипедтен 4 000 теңге табуға болады. Ал егер 10 шақтысы болса, онда 10 * 4 000 теңге = күніне 40 000 теңге. Бұл әрине, ең жақсы деген көрсеткіш.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.velosklad.ru/about/vybor/

http://mirsovetov.ru/a/sorts/summer/bike-characteristic.html

http://bikesmaster.ru/archives/kak-vibrat-velosiped/

http://bikes.ironhorse.ru/

http://www.velostyle.ru/

http://www.omnishop.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «спорттық жабдықтарды жалға беру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

60. Шыныда жазу: қолмен жасалған туынды





  1. Жалпы ақпарат. Түрлі-түсті шыныдан витраж жасау өз бастауын ерте кезден алады. Витраж жасап шығару – үлкен еңбекті талап ететін процесс. Бірнеше сағат ішінде шыныны бояу арқылы сіз көпшілікті қызықтыратын, эксклюзивті өнер туындыларын жарыққа шығара аласыз. Декоративті-қолданбалы өнер түрі ретінде шыныда жазу жұртшылықты өзінің қолжетімділігімен тартады: керекті материалдарды еш қиындықсыз таба аласыз және де олар қолжетімді бағамен сатылады. Трафареттерді қолдану керемет суретші болмасаңыз да бұл шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы бұл – бизнес үшін өте жақсы идея.

Неден бастау керек? Алдымен оқыту курстарына бару керек. Алайда олар қаланың барлық аудандарында болмайды. Егер ондай курс жақын жерде болмаса, қиналудың қажеті жоқ. Бизнес идея әрқашан өзінің жаңашылдығы мен ерекшелігімен тартымды. Білмейтін нәрселеріңізді сіз интернеттен, арнайы әдебиеттерден таба аласыз немесе осы салада тәжірибесі бар таныстарыңыздан да сұрап алуға болады.

  1. Ғимарат. Ғимаратты адамдар көп жүретін жерден жалға алу керек. 10-15 м² алаң жеткілікті болады. Мынадай жабдықтар алу қажет: жиһаз, принтер, компьютер. Бөлмені ерекше дизайнмен әрлеуге болады, жөндеу жасап шығындалудың қажеті жоқ. Қабырғаларды ерекше суреттермен безендіріңіз, өз жұмыстарыңызды көрінетін жерге қойып қойыңыз, ол жарнама ретінде, сонымен қатар дизайн негізі ретінде болады. Жарнаманың орны әлбетте ерекше, оны жергілікті газеттерге беруіңізге болады, жақын маңда орналасқан үйлерге хабарландырулар іліп қою да артықтық етпейді.

  2. Қажетті құралдар мен материалдар. Көркем өнер салонынан немесе кеңсе тауарлары дүкенінен шыныға арналған қажетті бояулар мен контурларды сатып алуға болады. Сонымен қатар, ашық түс шығару үшін қолданылатын бояу еріткіштерін, қылқаламдар мен трафареттер алу керек. Жазуға арналған заттар: айна, шыны, жазылған шыныны салуға арналған фоторамкалар, шыны аспап, стакандар мен бокалдар, шынытабақтар, құмыралар, бос бөтелкелер, ерекше пішінді бар банкалар, плафондар мен т.б.

4. Жазу технологиясы:

  1. Шынының беті құрамында спирті бар сұйықтықпен, сабынмен, жууға арналған затпен сүртіледі не жуылады.

  2. таңдалған сурет керекті көлемде принтерден шығарылады. Бұйымға суретті түсіру үшін арнайы көшірме қағаз қолданылады: көшірме қағазды, оның үстіне эскизді қояды, сосын барлық құрылымды скотчты жылжытпай жапсырады. Дайын трафарет те қолданыла береді. Немесе эскиз шынының екінші жағына қойылып, сурет фломастермен салынады.

  3. Содан кейін контурлық пастамен (таңдауға байланысты: алтын, күміс, түссіз, не қара түстерді пайдаланса болады) суреттің үстінен басып өтеміз. Контур кеуіп болғаннан кейін (30 минуттан 3 сағатқа дейін) суретті үлкен бөліктерінен бастап бояймыз.

  4. сулы мақталы таяқшамен артық кеткен жерлерді өшіріп тастайды. Суретте пайда болған ауаның көпіршіктерін мата қиқымымен немесе тістазалағышпен бірден алып тастау керек, әйтпесе сурет кепкен кезде «тесіктер» пайда болады. Жұмыс біткеннен кейін қылқаламдарды сұйықтықпен тазаланып, құрғатып сүрту керек.

  5. Суреттің бетіне шыныға арналған акрил лагы жағылады. Ол сурет толық кепкен кезде шамамен бір тәуліктен соң жасалады. Дайын бұйымды жууға арналған заттарды қолдана отырып жылы суда жууға әбден болады.

5. Өткізу нарығы. Сіздің бизнесіңіз үшін жарнаманың орны ерекше. Жарнаманы жергілікті газетке беруге болады, адамдар көп шоғырланатын жерлерде, балалар алаңдарында, жақын маңда орналасқан үйлерде, мектептер, бала-бақшалар, оқу орындары мен бизнес орталықтарында хабарландырулар іліп қою арқылы жарнамалауға болады.

Сонымен қатар тапсырыс бойынша жұмыс жасауға да болады. Бірнеше сағат ішінде сіз өз қолыңызбен ерекше сый, эксклюзивті бұйым жасай аласыз. Оны туған күн, үйлену тойы, басқа да мерекелерде сыйлауға болады. Мұндай сыйлықтың адамдардың көңілінен шығатыны анық. Сонымен қатар ол – қымбат емес зат. Бұл тауарларыңызды кәдесыйлар мен ыдыс-аяқ сататын дүкендерге, той салондарына өткізе аласыз. Сонымен қатар, тапсырыс бойынша мейрамхана, кафе, сұлулық салондарымен бірлесе жұмыс жасауға да болады.



6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • орынды жалға алу – айына 25 000 теңге.

  • жиһаз (2 үстел, 4 орындық, шкаф) – 45 000 теңге.

  • керекті материалдар (бояулар, қылқаламдар) – 6 000 теңге.

  • шыны (плитка тәріздес), 1 м² – 4 000 теңге * 10 м² = 40 000 теңге.

  • сурет салуға арналған дайын ыдыстар - 8 000 теңге.

  • газетке жарнама беру – 4 000 теңге.

Барлығы: 128 000 теңге.

6.2. Табыс:

Егер сіз бұл іске адамдар оқытамын десеңіз, 6 адамнан екі топ ашуға болады. Сабақтардың айлық бағасы (аптасына екі сағат) - 6 000 теңге.

Барлығы: 12 адам * 6 000 теңге = айына 72 000 теңге.

Екінші бағыт – тапсырыс бойынша жұмыс жасау, бұйымдарды дүкендер мен басқа мекемелерге сату. 10 заттан тұратын жазуға арналған дайын ыдыстар жиынтығы 8 000 теңге тұрады. Бір дайын өнімнің құны – 2 000-2 500 теңге * 10 зат = 20 000 (25 000) теңге.



7. Пайдалы сілтемелер:

http://moikompas.ru/compas/glass_painting

http://www.diary.ru/~jesika/?comments&postid=40404625

http://bb.ct.com.kz/lofiversion/index.php?t209549-150.html

61. Үйлену той көйлектері салоны



1. Жалпы ақпарат. Әдетте, кез келген үйлену тойы үлкен дайындық жұмыстарын қажет етеді, соның бірі – өміріндегі ең бақытты күні әйел адамның өзін ыңғайлы сезінетін үйлену той көйлегін таңдауы. Әр қалыңдық ерекше әдемі болуды қалайды. Қалыңдық барлық шараларды, әсіресе, той көйлегін алдын ала ойластыруы керек.

Бүгінгі күні үйлену салондарының бизнесі гүлденуде, сәйкесінше онда көрсетілетін қызмет түрлеріне деген сұраныс та өте жоғары. Қала көшелерінде күннен күнге саны өсіп келе жатқан жас жұбайларды көргенде көптеген кәсіпкер болғысы келетін адамдар үйлену той салондарын ашып, ақша табуды ойлайды, себебі бұл, шынында да– өз бизнесіңді ашудың жақсы бір тәсілі.



2. Орын. Бұл бизнес үшін салонның қайда орналасқаны аса маңызды. Егер салон адамдар көп жүретін көшеде орналасса, онда болашақ қалыңдықтар оған міндетті түрде кіреді.

Салон орналасатын жер шамамен 30 м²-лік болуы керек. Салонның іші мен сырты көздің жауын алатындай тартымды болуы маңызды. Үлкен шыны витриналары бар салондар жай ғана терезесі бар салондарға қарағанда әлдеқайда ұтымды. Көп адамдар ақ түстің бәрі бірдей деп ойлайды. Алайда оның бірнеше реңі бар. Олардың айырмашылығын клиенттер байқап көруі үшін жарықтың маңызды екенін ескеру керек.



3. Жабдықтар. Салонға тіреуіші бар шыныдан жасалған бірнеше ашық витрина, көйлектер үшін манекендер, киім ауыстыратын жер, айналар, жұмсақ жиһаз бен клиенттерге арналған журнал үстелі қажет. Оған қоса, салонды ерекше сәндеп, көркемдейтін көптеген заттар қолданған дұрыс.

4. Технология. Бұдан кейін салон қандай тауарлар ұсынып, қызметтің нақты қай түрін көрсететінін анықтап алу керек. Мүмкін сіз тек үйлену той көйлектерін жалға берумен және сатумен ғана айналысасыз немесе мұнымен қоса киім тігетін ательелермен келісім-шартқа отырып, көйлектерді тапсырысқа тігу қызметтерін де ұсынасыз.

Үйлену той бизнесіне қатысты ерекшеліктерді ескеру керек, ерекшеліктің ең маңыздысы – бизнестің мезгілге байланыстылығы. Үйлену тойлары жылы айларда көп өткізіледі, ал қыста жаз бойы жинаған ақшаны орынды жалға алған үшін жұмсауға тура келеді. Сондықтан салонды мезгіл басында ашқан дұрыс. Ал қыста кештерге арналған түрлі көйлектерді жалға берумен айналысуға болады. Кез келген қыз-келіншек үшін түрлі мерекелерде киетін көйлектің қандай болатыны маңызды. Сондықтан мұндай қызмет түрі жыл бойы табыс әкеледі.



Ассортиментте түрлі бағадағы, нешетүрлі моделді көйлектер болғаны дұрыс. Олардың тең жартысын қымбат емес көйлектер құрауы шарт. Оларға деген сұраныс өте жоғары. Ал екінші жартысын салонға ерекшелік беріп, қыз-келіншектердің назарын аударатын бағасы орташа және қымбат көйлектер құрағаны жөн.

5. Қызметкерлер. Қызметкерлерді таңдауға ерекше мән беру керек. Кеңесшілердің аздап психолог болғандары жөн, олар тек қалыңдықты ғана емес, еріп келген анасы мен құрбыларын да тыңдап, олармен ой бөлісуге міндетті. Ал басшы мен бухгалтер міндетін өзіңіз атқара аласыз. Егер мүмкіндік болып жатса, онда көйлектерді сататын да өзіңіз болған дұрыс.

6. Сату. Салон табыс әкелуі үшін жарнама беру керек. Қазіргі кезде жас жұбайлар, яғни жастар керекті ақпаратты алдымен интернеттен іздейді. Сондықтан жарнамаңызды алдымен интернетке қарай бағыттаңыз. Клиенттерді тарту үшін түрлі акциялар ұйымдастырыңыз, жарнамалық парақшаларды тарататын адамдар жалдаңыз. Үйлену тойы журналдарында да өз жарнамаңызды орналастырған тиімді болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • орынды жалға алу – 40 м ²* 1 100 теңге = 44 000 теңге.

  • айна 2 дана * 8 000 теңге = 16 000 теңге.

  • үйлену той көйлегін сатып алу – 1 көйлек = 40 000 теңге және одан жоғары, бастапқы кезде 10-шақтысын алуға болады, 10 көйлек * 40 000 теңге = 400 000 теңге.

Барлығы: 460 000 теңге.

7.2. Табыс:

  • Бір үйлену той көйлегін сату - 60 000 теңге не одан жоғары. Айына 3-4 көйлек сатсаңыз * 60 000 теңге = 180 000 теңге.

  • Бір көйлекті жалға беру 10 000 теңге не одан жоғары (екі күнге беріледі). Егер айына 5 көйлекті жалға берсеңіз * 10 000 теңге = 50 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.openbusiness.ru/html/svadba.htm

http://shiksvadba.ru/collections/dresses/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «үйлену тойы көйлектерін жалға беру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

62. Қалалық қызмет көрсету





  1. Жалпы ақпарат. Қалалық қызмет көрсету дегеніміз – тапсырыс берушілер мен тұрмыстың қызмет ұсынатын мамандар арасында делдалдық қызмет атқаратын бір адам не компания.

Қалалық қызмет көрсетудің негізі – «барлық шеберлер мен қызметтер – бір телефонда» деген қағида. Адамға қандай да бір тұрмыстық қызмет түрі (жүк тасу, кішігірім жөндеу жасау, сантехниканы, электр шамын ауыстыру, т.б) керек болса, онда ол бір ғана қалалық қызмет көрсету орталығының телефон нөміріне хабарласып, қысқа уақыт ішінде үйіне керекті маманды шақырта алады. Қалалық қызмет көрсету орталығы екі жолмен табыс таба алады: шеберлерден белгілі бір үлес алады немесе телефон қоңырауын ақылы етеді.

  1. Орын. Аталған бизнес түрі үшін арнайы бір орынды жалға алудың қажеті жоқ. Бұл жұмысты үйде отырып-ақ жүзеге асыруға болады.

  2. Құрал-жабдықтар. Арнайы жабдықтардың да қажеті жоқ. Сізге керегі тек мыналар:

    • мамандар базасы мен есеп жүргізу үшін бір компьютер

    • тапсырыстар алу үшін басты құрал - телефон аппараты.

  3. Технология. Мамандардан үлес алу бизнестің негізі болып табылады. Алдымен өз қызметін ұсынатын адамдардың тізімін жасау керек. Ол үшін жарнамалық газет жарайды. Мамандарға хабарласып шығамыз – жұмыс күнін белгілейміз, қызметтің түрін, бағасын анықтаймыз. Оларды қалалық анықтама базасына тегін түрде енгізуге келісімін аламыз. Олар сізге түскен табыстың белгілі бір үлесін беріп отыруға келіседі. Әр қызмет түрінен екі маман табылса, онда өзіңіздің телефоныңызды жарнамаға беруге кірісіңіз.

Сонымен аталған бизнес түрін бастау үшін қандай қадамдар жасау керек:

  1. қызмет түрін жүзеге асыруға арналған орын табу – алғашқы уақытта өз үйіңіздегі бір үстел де жеткілікті. Әзірше оператор алудың қажеті жоқ, жұмысты өзіңіз де атқара аласыз. Қоңырауларды ұялы телефонға алсаңыз жақсы болады, себебі бұл тапсырыстар аз кезде үйден шығып, басқа істерді жасауға кедергі келтірмейді.

  2. мамандармен (шеберлермен) келісім-шартқа тұру.

  3. өз нөміріңізді «Қалалық қызмет көрсету» телефоны деп жарнамалау.

Бизнес біраз жолға қойылғаннан кейін ай сайын шеберлерден анықтама базасында тұрғаны үшін ақы алуға болады. Егер сіз бәрін дұрыс жасасаңыз, сіздің базаңызға тұруға ниетті адамдар саны көбейе түседі.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

    • компьютер сатып алу – 60 000 теңге.

    • есте сақтауға оңай телефон нөмірі үшін («Алтын нөмір») төлем – 23 000 теңге.

    • сауатты келісім-шарт құрастыру үшін заң қызметі – 5 000 теңге.

    • жарнама үшін төлем:

1) газетке жарнама – 750 теңге, аптасына бір рет (20 сөз) * 4 апта = 3 000 теңге;

2) анықтама қызметі – айына 2 900 теңге (келісім-шарт кемінде 3 айға жасалады).

Барлығы: 93 900 теңге.


    1. Табыс:

Мұндай бизнеспен айналысып жүрген адамдардың тәжірибесіне сүйенсек, аймақ пен ондағы тұрғындар санына байланысты айына 100 000-нан 750 000 теңгеге дейін табыс табуға болады.

  1. Пайдалы сілтемелер.

http://prom.ua/cs50882-gorodskaya-sluzhba-uslug

http://www.barnaul-altai.ru/news/citynews/?id=41771

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қалалық қызмет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

63. Сайт-визиткалар жасау



1. Жалпы ақпарат. Сайт жасау дегеніміз – сайт дизайнын, сайтты толтыратын функционалды және мазмұнды тұжырымдаманы, сайттың беттерін жасаудан, басқару жүйесін мазмұнға қосудан, сайтты мазмұнмен толтырудан, дайын сайтты серверге орналастырудан тұратын кешенді қызмет көрсету.

Өз қызметтері мен тауарларын сатудан табыс алғысы келетін бизнес иелері қазіргі бәсекелестік жағдайында сапалы PR-компаниясыз алға басуға болмайтынын білсе керек. Бүгінде интернетке жарнама берудің түрлі әдістері бар. Бизнесмендер жалпы жарнаманың мынадай түрлерін таңдай алады: теледидар, радио, журнал мен газет жарнамасы, дала мен көліктегі жарнамалық қалқандар. Сайт дайындаудың технологиялары өзгеріп тұратынын ескерсек, қазіргі таңда ең тиімді жарнама болып интернетке орналастырылған жарнама есептеледі, PR-компанияның бұл түрі бүгінгі күні ең тиімді және қолжетімді болып табылады.

Сайт-визитка – мекеменің имиджі. Сіздің оны жарнамалауыңыз, мақтанышпен көрсете алуыңыз немесе қарапайым визитканың өзіне жазуға ұялуыңыз сайт-визитканың қандай болатынына байланысты.

Сайт-визитка қандай мәселелерді шешуге септігін тигізуі керек? Әдетте оны жасату кезінде төмендегі функциялардың болуын ұсынады:



  • көрсетілетін қызметтер мен өндірілетін өнім туралы аудиторияны ақпараттандыру;

  • компания өніміне деген сұранысты арттыруға ықпал ету;

  • брендті жарнамалау;

  • кері байланыс арқылы тұтынушылармен қарым-қатынас орнату;

  • маркетингтік мәліметтерді жинау құралы қызметін атқару.

Мекемелердің виртуалды визиткалары болып саналатын сайт дизайнын жасау барысында фирманың белгілері: логотип, эмблема, монограмма орналастырып, ұжымдық түстер қолданылады.

Сайт-визитка орындалу жағынан баптық немесе қарқынды болады. Бірінші нұсқасы қаржылық жағынан тиімді, алайда болашақта өзгертулерді енгізу барысында белгілі бір қиындықтар болуы мүмкін. Мазмұнды басқару жүйелері базасы негізінде сайт визиткаларды дайындау web-ресурсты толтыруды сайт иесіне мамандардың көмегіне жүгінбей, өз бетімен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл сайт-визитка иелері үшін қолайлы нұсқа болып табылады.



2. Ғимарат. Аталған бизнес түрі үшін арнайы орынның қажеті жоқ. Мұндай қызметпен сіз үйде өз компьютеріңіздің алдында отырып-ақ айналыса аласыз.

3. Технология. Сайт визитка жасау үшін не қажет?

  • сайт туралы бастапқы ақпаратты жинау;

  • орындаушының техникалық тапсырманы құрастыруы;

  • техникалық тапсырмаға, күнтізбелік жоспарға, келісім-шартқа екі жақ тарапынан қол қою;

  • макетті таңдау немесе сайт дизайнын жасау;

  • хостингті орналастырудың орнын (интернетте сайт орналастыру) таңдау;

  • домендік атауды тіркеу.

Сайт жасау – күрделі әрі шығармашылық процесс. Құны тапсырыс берушінің таңдауына, әр жобаның ерекшелігіне, сайттың мақсатына, бағыты мен күрделілігіне байланысты. Базалық ұсыныстар белгіленген жиынтықта сатылатынын, барлық бағалардың соңғы болып табылатынын есте сақтаңыз.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

Жақсы компьютер – 50 000 теңгеден бастап.

Лимитсіз интернет – айына 4 000 теңге.

4.2. Табыс:

Құрылымы жағынан қарапайым сайт-визитка –15 000 теңгеден жоғары.

Мұндай сайт-визиткаларды жасау үшін 3-4 күн кетеді, яғни айына 6-7 сайт-визитка жасалса* 15 000 теңге = айына сіздің табысыңыз 90 000 теңгені құрауы мүмкін.

5. Пайдалы сілтемелер:

http://joomla-kniga.ru/ - сайт жасу

http://atom-i-um.ru/archives/210 - сайт жасау бойынша бейнесабақтар

http://studiorunet.ru/site-developed/site-card/

http://web-studia.com.ua/cait_vizitka.php

http://www.codeharmony.ru/subscribe/videocourse

http://www.olegkostyuk.ru/2010/10/18/zapis-obuchayushhego-vebinara-sozdanie-sajta-vizitki/comment-page-1/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сайт жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

64. Тоған құрылысы





  1. Жалпы ақпарат. Кез келген тоған жер үй ауласының көркін келтіреді. Аптап ыстықта ол ауаны ылғалдандырып, жасыл желекті өсімдіктер үшін қолайлы микроклимат тудырады. Жаз мезгілінде адамдардың көпшілігі жұмыстан соң кішігірім тоған алдында, су ағынын тамашалап, аспалы торда отырып демалуды, не болмаса тіпті өз саяжайында күнге қыздырынып, суға түсуді ұнатады.

Тоғандарды қолдан жасау – бұл бизнес үшін жаңа идея. Тоған құрылысына негізделген бизнес түрі көп шығындалуды қажет етпейді, ал болашақта дұрыс маркетинг арқасында көп табыс әкеледі.

Тоған құрылысы бизнесі белгілі бір ғимаратты жалға алуды, қымбат жабдықтарды сатып алуды қажет етпейді, себебі бұл істі жүзеге асыру үшін күрек пен қайла іспетті кез келген шаруашылықтан табылып қалатын қарапайым құрал-саймандар ғана қажет. Тоған жасау үшін арнайы білімнің де қажеті жоқ, арнайы әдебиеттер мен интернеттегі ақпарат жеткілікті болады.



  1. Технология. Тоғанды өз қолымен жасап шығару қиын емес. Тоғанды орналастырудың орнын таңдап алу керек. Ол күн түспейтіндей ағаштардың астында орналасқаны дұрыс.

Тоған орналасатын орынды таңдап алғаннан кейін жіп немесе бау көмегімен оның формасы мен көлемінің қандай болатынын белгілеп алу керек.

Оның сыртқы пішінін таңдау барысында қолданылатын материалдар формасы мен түрін жалпы стилистикалық келбетіне сәйкестендіру керек. Мысалы, аумақты жобалауда түзу геометриялық формалар - шаршы, тікбұрыш болса, онда тоғанның формасы да осыған сай болу керек. Егер қисық жолдар көп болса, онда тоғанды түзу бұрыштармен, түзу емес жаға бойымен бос формада (шеңбер түрінде) жасайды; содан кейін оны табиғи тастармен, қиыршық тастармен, малта тастармен, суға жақын жерде отырғызылған өсімдіктермен әшекейлейді.

Тереңдігі 80 см, көлемі 3,5 х 2 метрден кіші тоған салудың қажеті жоқ. Ондай жердегі су тез қызады, өлген өсімдіктер сонымен қатар, су түбіне түскен балықтардың тіршілік әрекеттерінің өнімдері биогендік заттар бөледі, ал олар балдырлардың өсуіне әкеп соғады, ал балдырлар өз кезегінде, судан оттегін сіңіретін болады. Ал оттегінің жетіспеушілігінен тоған шіри бастайды, су бұлыңғырланып, жағымсыз иіс шығарады. Тоған неғұрлым кіші болса, соғұрлым осындай жағымсызқұбылыстарға тап боласыз. Ал егер тоғанды тереңірек етіп, оны қызудан сақтайтын шаралар жасаса (үстіңгі қабатын суда қалқып тұратын өсімдіктермен жабу немесе оңтүстік жақтан салу), су түбінің қызуы төмендейді.

Тоғанның түбін жасаған кезде мынадай ережелерді ұстану керек. Алдымен бөктердің бұрышы 30°-тан аспағаны жақсы. Егер бұлай жасамасаңыз, онда бір күні топырақ тоған ішіне түсе бастайды.

Содан кейін тоған түбін тамырлар, тастар мен басқа да заттардан тазалап алу керек, себебі негіз ретінде полиэтилен қабықша қолданылатын болады.

Түп бедерін құрастыруда сатылы әдісті қолдануға болады. Таяз су – 40 см-ге дейін, орта бөлігі 60-100 см-ге дейін, терең бөлігі – 100 см не одан көп. Ал тоған тереңдігі 100-120 см. болса, онда балықтар қыстай алатын болады. Одан кейін түп бедерді қабықшамен жабамыз да, біріккен жерлерін суға шыдамды желіммен жапсырамыз. Шұңқырдан алынған топырақ жағаның пішінін жасауға жарайды. Оның қандай болатыны сіздің шығармашылық қабілетіңіз бен тапсырыс берушінің қалауына байланысты. Кішігірім сарқырама жасауға да болады (ол үшін сорғыш керек), тақтай, қойтас, малта тас, жағажай құмын төсеуге болады.



  1. Сату. Бизнес үлкен сұранысқа ие, сауатты маркетинг жасалса, көп табыс табуға болады. Бастапқы кезеңде жарнаманың рөлі өте зор. Клиенттерді табуда газеттерге жарнама беру, хабарландырулар ілу, адамдармен жұмыс жасау барысында түрлі-түсті жарнамалық буклеттерді тарату жақсы нәтиже береді. Сіз жасайтын тоған түрлері бар фотоальбом, каталог жасап қойыңыз. Клиенттермен жұмыс жасау барысында өз жұмыстарыңызды суреттер арқылы көрсете аласыз. Уақыт өте келе сіздің жұмысыңызға саябақшылар, қала шетіндегі аудандардың тұрғындары, коттеджі бар қалталы адамдар көптеп қызығады, сонымен қатар қаланы көркейткісі келетін қала билігі тарапынан да тапсырыстардың түсуі әбден мүмкін.

Клиент табудың тағы бір әдісі бар. Визиткаларды көптеп жасап қойыңыз. Содан кейін қалам мен қағаз алып, достарыңыздың тізімін жасаңыз. Олардың көп болғаны жақсы. Бұл сізге өзінше бір жарнамалық кампания болады. Одан кейін 100 визитка алып, артына достарыңыздың атын жазыңыз, мысалы «Асан», осылайша оған беріңіз. Бұл визиткаларды оның өз достарына таратып шығуын ұсыныңыз, егер оның достары арасынан тапсырыс беруші табылса, онда Асанға 5-10% ақы төлеп қойыңыз. Осы әдісті басқа да таныстарыңызға қолданыңыз.

  1. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

  • төсеуге арналған құрылыс қабықшасы мен құрал-саймандар алу - 20 000-30 000 теңге.

  • декоративті материалдарды алу (декоративті тастар, су өсімдіктері) – 20 000-30 000 теңге.

Материалдарға кеткен шығыстарды өзіңіз не болмаса клиентіңіз төлейді. Егер материалдарды өзіңіз алсаңыз, үстеме баға белгілейсіз.

4.2. Табыс:

Сіздің табысыңыз салынған тоғанның көлемі мен тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, 1,5 х 1 м көлемдегі тоған салу 20 000 теңге не одан жоғары тұрады.

Уақыт өте келе сіздің табысыңызды өсіретін ландшафты дизайнер қызметін ұсына аласыз. Көп шығындалмайтындықтан бұл бизнес түрі табысты болып есептеледі.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.sense-life.com/hands/prud.php

http://novaode.ucoz.ua/publ/12-1-0-27

http://www.homebusiness.ru/ideas/244.htm

http://remontinfo.ru/article.php?bc_tovar_id=51

http://woodom.com.ua/ru/foto/bonaqua/

http://www.stroymarket.info/news/content.php?id_news=584&id_groups=8

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тоған құрылысы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

65. «Такси-бала бағушы» ұйымдастыру





  1. Жалпы ақпарат. Сіздің балаңыздың жасы 8-ге жетті. Ол ержетіп, өз бетімен мектепке, басқа қосымша курстар мен үйірмелерге барып жүрген шығар. Бір қиындығы, курстар мен үйірмелер үйден алыс орналасқан, ал баланы өзіңіз апара алмайсыз.

Қаржылық дағдарыс кезінде бала бағушы жалдауды сіздің қалтаңыз көтермейді, оның үстіне ондай адамның қажеттілігі шамалы, себебі үй шаруасымен бала өзі айналыса алады. Осындай жағдайда не істеу керек?

Жақсы идея бар – ұлыңыз не қызыңызға такси-бала бағушы, яғни баланы керекті жеріне жеткізіп салатын машина жалдап алыңыз. Такси-бала бағушы баланы керекті курстар мен үйірмелерге немесе басқа да ата-анасы айтқан жерге жеткізіліп, қайта алып келетін болады.

Бизнес-идея көп шығындалуды қажет етпейді. Өйткені 8 жасар не одан да үлкен баланы алып жүру үшін арнайы орындықтың қажеті жоқ, сонымен қатар балаларды тасу барысында арнайы тәжірибенің болуы да міндетті емес.


  1. Ғимарат. Аталған бизнес үшін арнайы кеңсенің қажеті жоқ. Сіз бұл бизнес түрімен үйде отырып-ақ айналыса аласыз.

  2. Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы жабдықтардың да аса қажеті жоқ. Сізге тек мыналар керек:

  1. база жүргізу үшін бір компьютер;

  2. тапсырыс алу үшін телефон аппараты.

  1. Технология. Ата-аналар такси-бала бағушыға, яғни жүргізушіге (операторға) хабарласып, баланы қайда апарып тастау керектігін айтып, тапсырыс жасайды. Бала тез әрі қауіпсіз түрде межеленген жерге жеткізіледі. Ата-аналар бала бір нәрсеге ұрынып қала ма деп қауіптенбейді, яғни уайымдамайды.

Такси-бала бағушы жүргізушілік тәжірибесі мен жеке көлігі бар адам бола алады. Егер сіздің машинаңыз болмаса, онда машинасы бар адамдармен келісім-шартқа тұрып, такси-бала бағушы қызметін ұйымдастырумен айналыса аласыз, яғни үйде отырып тапсырыстар қабылдайсыз. Бастысы жүргізуші балалармен тіл табыса білуі керек, ал оператор мен жүргізуші мекен-жайды қателеспей жазып алса болды.

Жай ғана такси жалдап та алуға болады. Алайда баланың қалай жеткенін, кім апарып жатқанын, жалпы мекен-жай дұрыс жазылды ма – осыны біле алмайсыз, (ұялы телефоны істен шығып кетуі мүмкін), ал такси-бала бағушыны жалдасаңыз, ештеңеге алаңдамайтын боласыз.



  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • компьютер сатып алу – 60 000 теңге.

  • есте сақтауға жеңіл «алтын» нөмір сатып алу - 23 000 теңге.

  • жүргізушілермен келісім-шартқа тұру (заң қызметі үшін төлем) – 5 000 теңге.

  • жарнама үшін төлем (газетке хабарландыру беру) – 750 теңге, аптасына бір рет (20 сөз) * 4 апта = 3 000 теңге.

  • анықтама қызметіне тіркелу – айына 2 900 теңге. (Келісім-шарт кемінде 3 айға жасалады).

Барлығы: 93 900 теңге.

    1. Табыс:

Бұл сіздің қанша жүргізушімен келісім-шартқа тұрғандығыңызға байланысты.

Бір жол жүрістің минималды құны 500 теңге (аймаққа байланысты). Делдалдық қызмет үшін сіз өзіңіздің үлесіңізді белгілеп алыңыз, мысалы әр тапсырыстан 20 %.

Егер 1 жүргізуші 1 күнде 10 тапсырысты орындаса * 500 теңге = 5 000 теңге болады.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.autocps.com/index.php?page=baby_taxi

http://optima.fm/Auto_nurse.html

http://optima.fm/analytic/254-avto-nyanya-kak-dopolnitelnaya-usluga-taksi.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «такси қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

66. Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету



1. Жалпы ақпарат. Қазіргі заманда маникюр, педикюр, бет пен шаштың, дененің күтіміне мән бермейтін адамды таба алмаймыз. Үй жағдайында адамдардың өздерінің жақсы нәтижеге қол жеткізуі оңай емес. Сондықтан маманды үйге шақырған әлдеқайда тиімді. Мұндай үйде көрсетілетін қызмет түрлері үлкен сұранысқа ие. Аталған салада кызмет көрсету табысты бизнес болып табылады. Сонымен қатар, көп шығындалуды қажет етпейді. Маникюр, педикюр жасауды үйрену қиын емес, ол мезгілдік бизнес түрі де емес. Тек жаз айларында педикюрға деген сұраныс аздап артады.

2. Неден бастау керек? Арнайы курстарға барудан, қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды алудан бастау керек. Оқуға 1 - 2 апта уақыт керек. Оқыту орталықтарында қызметпен қамтамасыз етуді ұсынса, келісіңіз, сіз үшін ол үлкен тәжірибе, сонымен қатар, болашақ үйде қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін клиенттерді табу мүмкіндігі. Кепілдіктің бар-жоғына назар аударыңыз. Оқу курстарын аяқтау жөніндегі сертификат пен келісім-шарт болуы керек.

Жарнаманың орны ерекше. Сіз өзіңіз тұрып жатқан аймаққа хабарландырулар іле аласыз немесе тегін газетке жарнама беруге де болады. Алайда ең бастысы – сапалы қызмет көрсету.



3. Құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар:

  • еуропалық маникюрді кесуге арналған аппарат (фреза);

  • акрил үшін қылқалам;

  • табиғи тырнақтарға арналған арашалар;

  • апельсин арашалары;

  • кутикулдарды кесетін қысқыштар;

  • маникюрға арналған күрекшелер;

  • педикюрға арналған щетка (табандарға);

  • қолға арналған кішкентай ванна;

  • аяқ массажына арналған кішкентай ванна;

  • жазуға арналған қылқалам.

Шығын материалдары:

  • өсірту үшін пішіндер мен типсылар (күңгірт және френч);

  • акрил (түссіз, қызғылт, ақ);

  • ликвид (акрил ұнтағымен араластыруға арналған сұйықтық);

  • кутикулды жұмсартатын сұйықтық;

  • кутикулға арналған май;

  • лактар;

  • лакты өшіретін сұйықтық;

  • мақталық дискілер;

  • қолға арналған крем;

  • ментолы бар аяққа арналған крем;

  • аяққа арналған скраб;

  • ваннаға арналған тұз;

  • жылтырақтар;

  • асқын тотық (перекись).

Құралдар іске жарамсыз болып қалғанда оларды ауыстыру керек.

4. Қызмет түрлері. Маман мынадай қызмет түрлерін көрсете алады:

  • лакты, лаксыз гигиеналық маникюр, декоративті элементтерді;

  • қолға арналған массаж;

  • аяққа арналған массаж.

Маникюр мен педикюрдің келесі түрлері бар: классикалық, европалық, аппараттық, SPA маникюр мен педикюр: массаж, пиллинг, маскалар, кутикуланы алып тастау, француз және жапон т.б.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • арнайы курсқа бару - 25 000 теңге + 30 000 теңге

  • құрал-саймандар мен материалдар шығыны = 55 000 теңге.

5.2. Табыс:

  • Тырнақты тазалау 4 000 теңге не одан жоғары, уақыт бойынша 2-2,5 сағат алады.

  • Маникюр – 1 000 теңгеден жоғары, уақыт бойынша 1 сағат.

  • Педикюр – 5 000 теңге және одан жоғары, уақыт бойынша 1,5-2 сағат.

Күніне 5-6 маникюр жасасаңыз, сіздің бір күндік табысыңыз 5 000-6 000 теңгені құрайды.

6. Пайдалы сілтемелер:

www.godlike-nails.ru/content/view/234/66/

www.weddinginukraine.com/fakty.php?fakty_id=10

www.svadbavrn.ru/sov/man

www.doctor.kz/content/228.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «маникюр жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

67. Массаж (уқалаушының) қызметі





  1. Жалпы ақпарат. Адамдар қашанда денсаулық пен оны нығайтуға ерекше мән береді. Ең танымал рәсімдердің бірі – массаж (уқалау). Бұдан бұрын бұл қызметті тек медициналық мекеме мамандары ғана жасауға құқылы болатын. Ал бүгін бәрі басқаша. Уқалау бойынша қызметті мынадай мекемелер көрсетеді: уқалау салондары, студиялар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтар.

Косметикалық және босаңсытатын уқалаумен айналысу үшін арнайы рұқсат қағаз бен лицензия алудың қажеті жоқ. Массаж бизнесі өзін-өзі тез ақтайды. Көп шығындалуды қажет етпейді. Негізгі шығыстар оқуға, тақтай төсек пен уқалауға арналған майлар алуға жұмсалады. Екі-үш ай ішінде таза табыс түсе бастайды. Оқудан бастау керек. Ең бастысы адам денсулығына зиян келтірмеу. Сондықтан да уқалаудың барлық тетіктерін үйреніп алу шарт.

  1. Ғимарат. Массаж салонын ашу үшін сізге арнайы орын керек. Алайда бастапқы кезде уқалауды не өз үйіңізде, не клиенттің үйінде жасай аласыз. Ал егер сіз орынды жалға аламын десеңіз, болашақ клиенттеріңіздің санатын анықтап алу керек. Медициналық көрсеткіштері бойынша уқалауды қажет ететін клиенттер үшін салонның орналасуы үлкен маңызға ие емес, ал уқалаудан рахат аламын деушілер үшін салонның өз үйінің маңында орналасқаны ыңғайлы болады. Олар жалпы келетін клиенттердің 70 пайызын құрайды. Сондықтан да салонды элиталы шағын ауданда ашқан дұрыс.

Массаж салонының көлемі онда жұмыс жасайтын уқалаушылардың санына байланысты. Бір мезетте екі уқалаушының жұмысы үшін жеке кабинеттердің болғаны дұрыс.

  1. Құрал-жабдықтар. Уқалау салонын ашу үшін арнайы жабдықтар керек: уқалау үстелі (75 000 теңге), тақтай төсек (20 000 теңге).

Бұдан бөлек уқалаушы жұмысы үшін арнайы майлар керек. Қарапайым уқалау үшін зәйтүн майы жарайды, ал қайта қалыпқа келтіру мен одан да күрделілері үшін эфир майларын қолдану керек. Майларды дәріхана қоймаларынан сатып алған дұрыс, себебі онда тауарларды бөлшек саудамен салыстырғанда 30 %-ға арзан бағамен жаппай сатып ала аласыз. 100 рет уқалау үшін бір эфир майының бөтелкесі жеткілікті. Масаж кабинетінде міндетті түрде, сүлгілердің болу керектігін де естен шығарып алмаңыз.

  1. Технология. Жоғары сұранысқа ие, ең танымал уқалау түрлері – босаңсытатын және целлюлитке қарсы. Клиенттердің 70%-ы уқалаудың осы түрлерін ұнатады.

Бастапқы кезеңде күніне 3-4 клиент қабылдауға болады. 2 маманы бар, екі жұмыс орнымен жабдықталған салон күніне 10 клиентті қабылдауға қауқарлы. Клиенттердің бұлай келуіне үш айда-ақ қол жеткізуге болады. Ер кісілер мен әйел кісілердің қабылдау кабиналарының бөлек болуын ескеріңіз. Сондай-ақ, ер клиенттерге ер уқалаушы, әйел кісілерге әйел уқалаушы алу шартын орындауды ұмытпаңыз. Осы жағдайды ескерсеңіз, бұл сұрақ клиенттеріңізді алаңдатпайтын болады.

  1. Өткізу нарығы. Массаж салоны жайлы БАҚ-қа берілген жарнамалар аз нәтиже береді, ал тартымды маңдайша ілу, парақшалар тарату, ең бастысы сапалы қызмет көрсету клиенттерді тартуға айтарлықтай септігін тигізеді.

Массаж салонына негізделген бизнес мезгілге тәуелді. Бұл қызметке деген сұраныс, әсіресе, көктем айларында жоғары болады, өйткені адамдар жаз алдында денсаулығын нығайуға кіріседі. Ал жазда сұраныс төмендейді, қыста «орташа» деп бағалауға болады.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • орынды жалға алу 40 м² * 1 200 теңге = ай сайын 48 000 теңге.

  • жабдықтар алу (үстел, тақтай төсек, орамал, май) - 250 000 теңге.

  • оқу курсына бару 4-5 апта (классикалық уқалау, I кезең) – 70 000 теңге.

Массаж салонын ашу үшін бастапқы шығын, орташа есеппен, 368 000 теңгені құрайды.

    1. Табыс:

Классикалық массаж сеансының құны 4 000-нан 6 000 теңгеге дейін, босаңсытатын және шығыс массажы – 6 000-нан 8 000 теңгеге дейін.

Сіз күніне 4 клиентке қызмет көрсетсеңіз * 4 000 теңге – 16 000 теңге * 24 жұмыс күні – 384 000 теңге.

Алғашқы айда таза табыс 250 000 теңгені құрауы мүмкін.

Бизнесті бірнеше бағыт бойынша кеңейтіп, дамытуға болады:



  • СПА-салон;

  • массаж-косметологиялық салон;

  • саунасы мен бассейні бар демалу орталығы.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://massage.ucoz.kz/index/0-2

http://manualdoktor.ru/php/content.php?id=445

http://www.magichands.ru/content/category/5/100/102/

http://mirsovetov.ru/a/fashion/beauty-and-health/cellulitis-home.html

http://beauty.popmed.ru/careforbody/body_massage/

http://www.freemove.ru/services/massage.php

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «массаж қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


68. Кондиционерлерді орнату





  1. Жалпы ақпарат. Аймақтарда бұл бизнес түрі жақсы дами бастады. Климаттық техниканы сатумен айналысатын көптеген сауда компаниялары олардың монтажымен айналысқысы келмейді. Ал бұл өз кезегінде жеке кәсіпкерлердің бұл бизнес түрімен айналысуына жақсы мүмкіндік тудырады деген сөз.

Тапсырыстардың көп бөлігі көктем мезгілінде басталып, жаз бойы болады. Бұл бизнес түрімен айналысуды көктем айларында бастаған жөн. Аймақтарда адамдардың көбісі алғашқы кондиционерін сатып алуда, ал астанада адамдар бұрынғы кондиционерлерін заманауи, қазіргі эстетикалық тұрғыдан дұрысырақ сплит-жүйелерге ауыстырып жатыр.

Кондиционерлерді орнатудың екі нарығы бар: ол ұжымдық және жеке тапсырыс берушілер. Ұжымдық клиенттер көп жағдайда кешенді қызмет көрсететін компанияларға жүгінеді, өйткені оларға кондиционерді бір жерден алып, басқа жерден орнату тиімсіз. Сондықтан да кондиционерді орнату бизнесімен айналысамын десеңіз, онда жеке клиенттермен жұмыс жасауыңыз керек.



  1. Ғимарат. Бұл бизнес түрі үшін арнайы бір орынды жалға алудың қажеті жоқ, өйткені сіз клиенттеріңізге өзіңіз барасыз. Ал тапсырыстарды үйде отбасыңыздың бір мүшесі қабылдай алады.

  2. Құрал-жабдықтар. Сізге керегі – монтаждауға арналған құрал-саймандар мен материалдар. Құрал-саймандардың бірінші тобы – бұл электр құралдары: перфоратор, штробкескіш, алмаз дискілерінің жиынтығы. Екінші тобы – тоңазытқыш құралы және тоңазытқыш контурын жұмысқа қосуға арналған жабдықтар. Үшінші тобы - құбырлық құралдар: құбыркескіш, вальцовкалар, шабровкалар. Төртінші тобы – жалғауға арналған жабдықтар.  

  3. Технология. Кондиционерді орнату үшін не істеу керек? Алдымен кондиционердің ішкі және сыртқы блоктарын орналастыратын жерді таңдау қажет. Кондиционерді бос қабырғаға орналастырған жөн, сонда ауа бөлме ішінде біркелкі таралады.

Келесі кезең – кондиционердің ішкі және сыртқы блоктарын байланыстырушы құбырлар үшін қабырғаға тесік жасау. Кейде коммуникацияларды қабырға ішіне жібере алмаған жағдайда, оларды арнайы пластик қорапқа салып, қабырғаға жапсырып қояды.

Кондиционерді орнатуға байланысты тағы бір айта кететін жайт – жиналып қалған суды шығаруға арналған дренаж жабдығы. Дренажды шланг басқа коммуникациялармен бірге монтажды қорапқа салынып, сыртқа шығарылады. Сонымен қатар, кондиционерді орнату үшін оған бөлек тоқ сұққыш жабдық керек және де электрқалқанға жеке автомат жасаған дұрыс.

Сервистік қызмет қосымша табыс түсіре алады. Сервистік қызмет көрсету келісім-шартын бірнеше жылға жасауға болады, себебі кондиционерді, әдетте, жылына екі рет тексереді.

Біраз уақыт өткеннен кейін, бизнес табыс әкеле бастаған кезде кондиционерлерді сатумен айналысуға да болады. Не болмаса инженерлік жүйелер күтімімен айналысуға болады. Мұндай бизнес өте табысты, кәсіпкер тапсырыстарды жыл бойы ала алады. Кондиционерлерді орнату бизнесі компанияның одан әрі басқа да салаларда дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді.



  1. Маркетинг және өткізу. Жарнамаға ерекше көңіл бөлу керек. Алғашқы кезеңде жеке клиенттермен жұмыс жасайтындықтан жарнама оларды тарту үшін қолданылады. Сіздің кондиционерлер сататын, алайда орнату жағынан қызмет көрсетпейтін дүкендермен келіскеніңіз тиімді болады. Белгілі бір көлемдегі төлем үшін дүкендердің тапсырыстарды сізге беріп тұруы жөнінде келісіп алған да жөн. Сауда нүктелері қаншалықты көп болса, тапсырыстардың саны да соғұрлым артады. Баспада шыққан жарнама аз да болса өз көмегін тигізеді. Аймақтарда кейбір компаниялар өздерін теледидар арқылы жарнамалайды. Сонымен қатар Интернет арқылы, жеке интернет-сайт немесе блог ашып, клиенттерді тартуға да болады. Жарнамалық мәтін жазу барысында бәсекелестерде жоқ қызмет түрін жазуыңызға болады. «Арзан және тез» деген сөздер клиенттерді жалықтырды, сондықтан жарнаманың мәтінін құрастыру барысында оған үлкен мән беріңіз.

  2. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • Монтажға арналған құрал-саймандар– 200 000 теңгеден жоғары.

  • Жарнама – 3 000 теңге.

  • Басқа да қажетті материалдар – 40 000-50 000 теңге.

Барлығы: 250 000 теңге.

6.2. Табыс:

Бір кондиционерді орнату (монтаж) 15 000 теңгеден жоғары, жұмыс көлемі мен қабатқа байланысты. Уақыт бойынша 2-3 сағат алады, яғни күніне 2-3 кондиционер орнатуға болады. Күн сайын 30 000-45 000 теңге таба аласыз. Бір айдан кейін-ақ сіз шығыстарыңызды ақтайсыз.



  1. Пайдалы сілтемелер:

www.profy-tools.ru/catalog/climat/install/

www.finmir.com.ua/content/view/175/175/

www.rothenberger.ru/vcd-190-1-191/goodsinfo.html

www.superbusiness.com.ua/ustanovka_konditsyonerov-ideya.html

69. Балалармен отырған жас аналардың демалу орталығы





  1. Жалпы ақпарат. Көптеген әйелдерге ана болу бақытын сезіну жазылған. Қиындықтар мен толғануларға қарамастан жас аналар өз нәрестесін көргенде бәрін ұмытып кетеді. Ана барлық уақытын баласына арнайды. Баланың өсіп келе жатқанын, оның алғашқы қадамдарын бақылау, оның ең бірінші қызық сұрақтарын тамашалау – осының бәрі ана үшін үлкен бақыт. Ананың баланы балабақшаға беру мүмкіндігі болуы да, болмауы да мүмкін. Дегенмен ана бірінші баласын тәрбиешілердің қолына бергісі келмейді. Жас аналарға да бір-бірімен кездесуге уақыт жетпейді. Олар өздері сияқты қыз-келіншектермен кездесіп, пікір алмасып, бір-біріне кеңес айтқысы келіп жатады. Осындайға қолайлы орын – 1 мен 4 жас аралығындағы балалары бар жас аналарға арналған ақылы демалыс орталығы.

2. Ғимарат. Ғимаратты жалға алудан бұрын орталығыңызға шамамен қанша адамның келетінін шешіп алу керек. Орталық қолжетімді жерде орналасқаны дұрыс. Ең жақсысы әрі қолайлысы – бір қабатты кішігірім ғимарат, себебі онда далаға шығып, қыдырып келуге мүмкіндік болады. Егер орталық көпқабатты үйде орналасатын болса, онда балаларға арналған алаңды ішке орналастыруға тура келеді. Орталық бірнеше бөлімнен тұру керек: сурет салуға арналған бөлме, ән-күй бөлмесі, би бөлмесі және т.б.

3. Құрал-жабдықтар. Жиһаз аналар мен балаларға арналған болу керек. Аналарға ыңғайлы диван мен креслолар, ал балаларға қызығушылықтарына байланысты кішкентай орындықтар мен үстелдер қойған дұрыс. Орталықтың іші жарық болғаны жөн.

Балаларды шығармашылыққа баулу үшін түрлі жасқа арналған ойындар, қалам, қарындаш, сурет салуға арналған фломастерлер мен альбомдар алу керек. Үлкен түрлі-түсті әріптері бар кітаптар алған да дұрыс болады, бәлкім біреудің кітап оқу құлшынысы пайда болар. Жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар мен машиналар да керек. Кішігірім тамақтанатын орын да артықтық етпейді.



4. Технология. Төлемнің екі түрі бар: сағат сайынғы немесе бір айға абонемент алу. Абонементке жеңілдіктер, тұрақты клиенттерге бонустар тағайындау керек.

1 және 2 жас аралығындағы балалар әр нәрсеге қызығушылық білдіреді, сондықтан сананы дамытатын ойындарды қызыға ойнайды. Баланың санасына, ойлауы мен сөйлеуіне әсер ету үшін сабақтар ойын түрінде өтуі тиіс.

Сонымен қатар тағы бір айта кететін жайт – осы жаста балалар бір-бірімен араласуға үйренеді. 2 жастан бастап балаларда «мен өзім» деген ұғым пайда болады, өз-өзін тұлға ретінде таниды. Сондықтан бастысы – сабақтарда баланың есте сақтау, көңіл аудару, ойлау қабілеттерін дамыту.

3 жастан бастап бала тәрбиесімен педагогтар айналысады: музыка қызметкері, мектепке дейінгі білім беретін ұстаз, логопед, психолог.

Ең басты сабақ - шығармашылық. Балалар мұғалімдермен отырған кезде аналар бір-бірлерімен әңгімелесе алады. Аналар да баланың психологиялық дамуы туралы дәріс алады, баланы қалай тәрбиелеу керек екенін үйренеді. Сонымен қатар, оқу, тігу сабақтарын ашуға болады.

5. Қызметкерлер. Орталықтың көлеміне қарамастан, онда педагогикалық білімі бар менеджерлер жұмыс жасау керек. Олар балалармен ойнап, ойын барысын қадағалайды.

Орталықта екі топ аша аласыз: біреуі түске дейін, екіншісі түстен кейін. Бір топта 10-12 бала болады. Осыны ескере отыра, сіз педагогикалық білімі бар екі қызметкер алуыңыз керек. Профильді педагогтар белгілі бір уақыттарда ғана келетін болады. Әр қызметкермен келісім-шартқа тұрыңыз.



6. Өткізу. Хабарландырулар мен визиткаларыңызды қала бойынша бизнес-орталықтарда, сауда орындарда, балалар емханаларында тарата аласыз. Жергілікті газет-журналдарға жарнама беруге де болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • орынды жалға алу, 100 м² * 1000 теңге = 100 000 теңге.

  • пластмассадан жасалған балаларға арналған орындықтар мен үстелдер, 1 жиынтық = 10 000 теңге * 10 жиынтық = 100 000 теңге.

  • кеңсе тауарлары– 30 000 теңге.

  • ой-сананы дамытатын ойындар мен ойыншықтар – 40 000 теңге.

  • балаларға арналған кітаптар – 20 000 теңге.

  • қызметкерлердің жалақысы - 2 қызметкер * 40 000 теңге = 80 000 теңге.

Барлығы: 370 000 теңге.

7.2. Табыс:

Орталықтың жұмыс кестесі – 10.00-18.00 аралығы, яғни күніне 8 сағат.

Төлем – 1 сағат = 400-600 теңге (аймаққа байланысты). Күніне бір орын үшін – 8 сағат * 400 теңге = 3 200 теңге.

Алғашқы кезеңде орталықта 10 бала болса, онда 10 орын * 3 200 теңге * 24 жұмыс күні = айына 768 000 теңге.

Барлығы: 768 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.mamashkam.ru/childrenandbook/dosug_otdih_semii/otdih_sport/

http://homebiz.ru/uslugi-byt/188.html

http://www.allprobiz.net/viewpage.php?page_id=202

70. Мерекелерге арналған шоколадты фонтан





  1. Жалпы ақпарат. Бұрын шоколадтың пайдасы мен зияны туралы көптеген даулар болды. Бірақ қазіргі таңда шоколадтың пайдасы ғылыми дәлелденді. Шоколад – депрессиядан арылуға көмектесетін керемет өнім. Ыстық шоколадқа қажеттіліктің өсуіне байланысты оның «шоколадты фонтан» атты жаңа формасы пайда болды. Бұндай шоколадты фонтан Еуропадағы мерекелерде өте танымал. Соңғы кезде олар бізде де орын ала бастады.

Шоколадты фонтанды үйлену тойларында, мерейтойларда, ұжымдық кештерде және балалар мерекелерінде қолдануға болады. Оны алғаш көргендер ұмытылмас әсер алады. Фонтан айналасына шоколадқа батырылған түрлі көкөністер мен кондитерлік өнімдер қойылады. Бұл дәмді әрі ерекше десерт және керемет шоу. Осындай қызықты және ерекше бизнес ұйымдастыруда шоколадты фонтанды қолдану сізге табыспен бірге рахат әкеледі.

  1. Құрал-жабдықтар.

Сізге тек фонтанның өзі ғана қажет.

Шоколадты фонтанның жалпы сипаттамасы: бірнеше қабаттан құрылған металдық құрылым. Құрылым электр жүйесі арқылы іске қосылады. Қабаттар шоколадты сұйылтатын арнайы ыдысқа орнатылады. Шоколад үздіксіз ағады және ерекше жұпар иіс бөледі.

Фонтандарды Англияда, АҚШ-та, Швейцарияда, Францияда және Қытайда өндіреді. Өндіруші компания өкілдері Ресейдің бірнеше қалаларында, сонымен қатар Қазақстанда да бар. Фонтан құрылымы оның көлемі сияқты әр түрлі болады. Биіктігі 0,5-тен 1,5 метрге дейін. Фонтанды іске қосу үшін ерекше біліктіліктің қажеті жоқ. Оны дайындау үшін екі сағаттай уақыт кетеді.

Егер қаржылық жағынан мүмкіндік болып жатса, екеуін алған дұрыс. Және сусындарға арналған фонтандарды алуға болады. Бірақ алғашқы кезге бір шоколадты фонтан және сусындарға арналған фонтан алған жеткілікті.



  1. Технология. Көп жағдайда фонтанды жасауда құрамында көп мөлшерде какао майы бар шоколад қолданылады. Бұндай шоколад тез ериді. Түрлі өндірушілердің шоколадтарын қолдануға болады: швейцарлық, бельгиялық, француз, ресейлік. Шоколад қара, ақ және түрлі түсті болуы мүмкін. Ол үшін жемістердің түрлі қоспалары қолданылады. Тәтті жемістер қышқыл шоколадпен жақсы үйлеседі, ал қышқыл-тәтті көкөністерді сүтті немесе ақ шоколадтармен қолданған жөн.

  2. Өткізу. Түрлі мерекелер, үйлену тойлар, мерейтойларға фонтанды жалға бере аласыз.

Жалға беру бағасына жеткізу, орнату, фонтанды баптау және қызмет көрсету кіреді.

Жарнама жаңа бизнес үшін маңызды. Сұраныс пен бағаны дұрыс анықтау үшін ақылы демонстрациялық шоу ұйымдастыруға болады.



  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • шоколадты фонтан - 100 000 теңге, ол фонтан биіктігі мен шоколад сыйымдылығына байланысты. Шоколад сыйымдылығы 1,4 – 4 кг болатын саудалық мақсатқа есептелген фонтан алған жөн.

  • шоколадтың 2,5 кг-лық бір қорабы – 8 000 теңге * 5 қорап = 40 000 теңге.

  • жарнама – 4 000 теңге.

Жалпы: 150 000 теңге.

5.2. Табыс:

1,4 – 4 кг. шоколадқа лайықталған шоколадты фонтанды алайық. Фонтанға 4 кг. шоколад және шамамен 7 кг. көкөніс саламыз. Шоколадқа 13 000 теңге, 7 кг. көкөніске – 3 000 теңге жұмсайсыз, сәйкесінше шығын 16 000 теңгені құрайды.

Жалға беру 30 000 теңге, бірінші және одан кейінгі сағаттар үшін 5 000 теңге, яғни екі сағатта сіз 35 000 теңге табасыз. Бұдан шығынның 16 000 теңгесін алып тастағанда, фонтанды бір рет жалға беруден 19 000 теңге көлемінде пайда көресіз.


  1. Пайдалы сілтемелер:

www.postmarket.kz/webapp/wcs/stores/servlet/CategoryDisplay?catalogId=10001&storeId=10001&categoryId=28851&langId=44&parent_category_rn=30101&top_category=30101&pageView=detailed

www.holiday-art.ru/shokoladnyj_fontan_shampanskogo.php

www.chocofountain.ru/?ldi=view&mid=4

www.chocomir.com/page10.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шоколадты фонтан» және т.б. кілт сөздерді теру керек.


III ТАРАУ. ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР
71. Жауыннан қорғайтын жамылғы тігу және оны сату
1. Жалпы ақпарат. Ауа-райының кенеттен бұзылуы біршама ыңғайсыздық тудырады. Алдын ала берілген болжамдарды көргенмен, кейде олар да дәл келмей жатады. Сөйтіп адамдар жұмыстан, кинотеатрдан, қонақтан қайтып келе жатқан кезде аспан күркіреп, жаңбыр себелеуі немесе тіпті құйып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайдың болуын ескеріп, жауыннан қорғайтын жамылғыны сатып алып, өзімен бірге алып жүруді әдетке айналдырға жөн. Әрине, кейде жаңбырдың астында қалмау мақсатында адамдар өзімен бірге қолшатыр алып, ылғал өткізбейтін киім киіп жатады. Алайда, ауа-райын алдын-ала үнемі ешкім де болжай алмайтындықтан, адамдар қолайсыз жағдайға тап болуы әбден мүмкін. Сондықтан жаңбырлы мезгілдерде «күн райы» арқасында көшедегі адамдарға жауыннан қорғайтын жамылғы ұсынып, сауда жасауға әбден болады. Дұрыс ұйымдастырған жағдайда бұл қомақты табыс әкелетін бизнеске айналады.

2. Құрал-жабдықтар. Сізге керегі – тігін машинасы ғана.

3. Технология. Жамылғыларды матадан емес, ылғал мен су өткізбейтін жасанды материалдардан жасайды. Мысалы, қол шатыр полиэстерден жасалады. Жаңбырдан қорғайтын жамылғы тігуде материалдардың жұмсақ, үстінен су жылдам ағып кететін түрлерін қолдану керек. Олардың кәдімгі плащтарға қарағанда бір ерекшелігі – жаңбырдан 100% қорғауы. «Арнайы киім» болғандықтан олар тек жаңбырдан қорғану үшін ғана киюге жарамды болып келеді.

Мұндай жамылғылардың біреуін бес минутта кәдімгі полиэтиленнен тігіп шығуға болады. 2 метр полиэтилен етеді. Алдымен қарапайым ғана үлгісін жасап алу керек: ұзындығы 180 см., ал ені 150 см. болатын ұшбұрыш. Кесіп, төрт рет бүктеп, кимоно үлгісін салыңыз. Одан кейін шеңберлі сызық бойынша екі нүктені қосыңыз, жеңі мен мойнын кесіңіз. Одан кейін ортасынан кесіңіз. Екі жағын тігіп, қисық бейкамен бекітіңіз.

Екі жағынан 40 см.-лік екі шаршы кесіп, капюшон жасаңыз. Бұрыштарын кесіп, қисық бейкамен тігіңіз. Капюшонды тігу үшін плащтың мойын жағына келтіріңіз. Мойын ұзындығы капюшонның төменгі бұрышы ұзындығымен келісіп тұруы керек. Әдемілік үшін қисық бейкамен жеңдерін, жамылғының астын, шеттері мен капюшонды әсемдеңіз. Пластиктен жасалған түйме ілгек полиэтиленде тығыз тұруы үшін астына түссіз түйме қадап қойыңыз. Түймелер дайын болған соң жамылғы да дайын.

4. Өнімді өткізу. Мұндай жауыннан қорғайтын жамылғыларды көшеде, автобус аялдамаларында, ғимараттардың алдында, адамдар көп жиналатын басқа да орындарда (базар, стадион, кинотеатр) сатуға болады.

5. Болжамды есептеулер:


  • тігін машинасы (болмаса) – 13 000 теңгеден жоғары.

  • полиэстер – 1 м. 150 теңге.

Бір жауыннан қорғайтын жамылғы үшін 2 м. полиэстер* 150 теңге/м. = 300 теңге + басқа да керекті материалдар (жіптер), жауыннан қорғайтын жамылғының өз бағасы шамамен 350 теңге. Ал сауда бағасын 500-600 теңге деп белгілеуге болады.

6. Пайдалы сілтемелер:

http://www.aiv21vek.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жамылғы тігу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

72. Бөлме өсімдіктерін өсіру


Жалпы ақпарат. Әдемілікті әрдайым тану адам психикасына жақсы әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Айналаны әдемі етудің ең оңай тәсілі – кеңсеге немесе үйге декоративті өсімдіктер сатып алу. Бөлме гүлдері кеңсенің, үйдің сәні болып табылады. Олар жалпыға қол жетерлік, олардың көптүрлілігі де бөлме интерьеріне cәйкесін таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда оны арнайы салондар мен гүл сататын дүкендерден алуға болады. Бірақ әдемі гүлдердің бағасы баршаға қол жетімді бола бермейді. Ал сол гүлдерді үй жағдайында-ақ арзанға өсіруге болады ғой! Әрине, ол үшін бөлме өсімдіктеріне күтім жасай білу керек, ал бұл жағдайда интернеттен түрлі ақпарат алудың мәні зор.

Өсірілген өсімдіктерді жекелеген клиенттерге, өз кеңсесін арзан бағаға жұпар иісті тірі гүлдермен толтырғысы келетін түрлі компания басшыларына сатуға болады. Өзіңіз тұратын қаланың жағдайына байланысты аталған бағыттардың бірін таңдап немесе екі бағытта да жұмыс істей аласыз.


  1. Технология. Егер сіз бөлме өсімдіктерін өсірумен ешқашан айналыспасаңыз, тәжірибені кактус өсіруден бастаған жөн. Олардың басқа гүлдерге қарағанда бірқатар басымдықтары бар:

  • Күтімді көп қажет етпейді. Бұл ерекшелікті өзіңіз қалай бағаласаңыз, потенциалды сатып алушы да солай бағалайды. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау үшін көп адамның мүмкіндігі бола бермейді. Ал кактус күтімді аз қажет ететін өсімдік.

  • Өте аз орын алады. Басқа өсімдік түрлеріне қарағанда кактустар көлемді ыдысты қажет етпейді. Орташа кактус диаметрі 20 см-лік ыдысқа оңай орнығады, ал кішігірім түрлерін одан да аз көлемдісінде өсіруге болады.

  • Үй мен кеңселердің түрлі интерьерлеріне оңай сәйкес келеді.

Кактустар электромагнитті толқындарды (оған компьютерді жатқызуға болады) сіңіру қасиетіне ие. Дәрігерлер компьютермен жұмыс жасағаннан бастары ауыратын адамдарға компьютердің қасына кактус қоюды кеңес етеді. Жағымсыз жағдайларда кактустар өздерін жайлы сезінеді және бұл олардың жақсы өсуіне септігін тигізеді.

Егер сіздің бөлме өсімдіктерін өсіру бойынша тәжірибеңіз болмаса, алғашқы уақытта жаңадан отырғызылған өсімдіктерді сатып алып, оларға тек күтім жасап көруіңізге болады. Ал кейін тұқым алып, өсімдіктерді өсіруге көшесіз.



  1. Өткізу нарығы. Сізге тұрғылықты жеріңіздегі түрлі салондарға, дүкендерге, банктерге, компанияларға, т.б. өз қызметіңізді ұсынуға болады. Дұрыс жұмыс жасаған жағдайда сіздің тауарларыңызға деген сұраныс арта түседі. Ауылда немесе кішігірім қалада тұрсаңыз, онда да өз үйін бөлме гүлдерімен безендіргісі келетін адамдар міндетті түрде табылады.

  2. Болжамды есептеулер.

Кактусты алатын болсақ, кішкентай кактустың бағасы шамамен 400-500 теңгені құрайды, ал үлкен кактус өзінің түрі мен ыдыс диаметріне байланысты 4 000-5 000 теңгеге дейін барады.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://cactus.itoa.ru/?pg=02

http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-13026/

http://www.flowers.bitrix.ru/cactusclub/practice/seeds-1.php

http://www.keepflowers.ru/cactuses/

http://www.cacty.ru/

http://www.flowers-house.ru/

http://www.homeflowers.com.ua/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бөлме өсімдіктерін өсіру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

73. Гравирлік (бедерлік) жұмыстар





  1. Жалпы ақпарат. Гравирлеу дегеніміз - механикалық әдіспен немесе қолмен шыны, ағаш, тас, металл беттеріне жазулар, өрнектер, суреттер салу. Бұндағы суреттер дөңес (рельефті) немесе ойыс болуы мүмкін.

XXI ғасырда «лазерлік гравирлеу» деп аталатын жаңа технология пайда болды.

Сізге қандай өнім қажет? Металдан ба, ағаштан ба, шыныдан ба, пластиктен әлде теріден бе? Құрал-жабдықтар көмегімен қызмет көрсетудің кең спектрін орындауға болады. Мысалы: жарнамалық немесе сувенирлік өнімдерге фирмалық белгілерді, логотиптерді салу, зергерлік бұйымдар мен неке жүзіктерін, ноутбуктер мен компьютерлердің пернетақталарын, телефондарды гравирлеу, өндірістік маркировка, жапсырмаларды жасау, теріні лазерлік гравирлеу, лазерлік кесу, ағашты лазерлік гравирлеу, кеңселік тақталарды дайындау, бейдждерді дайындау, мөр дайындау, т.б.



  1. Ғимарат. Бұл бизнесті жүзеге асыру үшін сізге ауданы шамамен 20-30 м² бөлме қажет. Дүкеннен, сауда немесе бизнес орталығынан орын жалға алып, гравирлік шеберхана ашуға да болады.

  2. Құрал-жабдықтар. Сізге лазерлік гравирлеу қондырғысы қажет. Олардың сан алуан модельдері бар. Бұндай қондырғылардың бағасы 4 000- 30 000 доллар аралығында.

Алғашқы кезеңде минималды құны 2 000 долларды құрайтын кішігірім лазерлік гравирлік қондырғы алсаңыз жеткілікті. Мұндай модельмен кішігірім бөлмеде жұмыс істеуге болады. Аталған лазерлік қондырғы түрлі металл емес беттерді өңдеуге мүмкіндік береді (ағаш, пластик, тас (табиғи және жасанды), тері және т.б.). Мөр, штамп және зергерлік өнімдерді жасауда кең қолданылатын бұл модельдер лазерлік гравирлеу қондырғылары ішінде ең арзаны болып табылады.

4. Технология. Гравирлік жұмыстар арнайы шығармашылық қабілет пен кәсіби біліктілікті қажет етпейді. Бұндай жұмыстарды орындау үшін қолдың ептілігі ғана қажет.

Гравирлеуді қола, мыс, темір, латунь және алюминий бұйымдарына, алқа, тұмар, жетондарға, құттықтау және естелік жазуға, қалам, ақша, қысқыш беттерін гравирлеуде, пышақ, қылыш тектес зергерлік қаруларға жазулар жазуда қолдануға болады. Жергілікті жиһаз жасаушыларға да өз қызметіңізді міндетті түрде ұсыныңыз. Бұл жағдайда жұмыс үлгісін орындайтын гравирлік машина мен қажетті материалдарды сатып алып, олардың шеберханасында жұмыс істеу керек.



5. Өткізу. Гравирлік қондырғыларды сатып алып, біраз үлгілер жасап алғаннан кейін зергерлік дүкендерді, фотосалондарды, сувенирлік дүкендерді аралап шығу қажет. Сөйтіп әріптестікке келісіп, жұмыс үлгілері бар стендтерді шығарамыз.

Сонымен қатар, клиенттер іздеп табудың тағы бір жолы - сайыстар, кәсіби конференциялар мен көрме ұйымдастырушыларына өз қызметіңізді ұсыну. Әдетте мұндай мерекелерде жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік сыйлықтар беріледі. Ал бұл заттарда сіздің қолыңызбен жасалған естелік жазулар болсын.



6. Болжамдық есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • жұмыс орнын жалға алу – 50 000 теңге.

  • құрал-жабдық – 400 000 теңге.

  • үлгілер жасау үшін қажетті материалдар – 50 000 теңге.

  • басқа да шығын материалдары – 60 000 теңге.

Жалпы: Шамамен 560 000 теңге.

    1. Табыс:

Гравирлеу бойынша бағалар:

  • материал – пластик, шыны, тері, ағаш – 10 теңге/см².

  • материал – тас – 20 теңге/см².

  • 20 х 25 см өлшемді мақтау қағаздары мен дипломдар – данасы 3 000 теңге.

  • ұялы телефон – данасы 1 500 теңге

Өткізілген экспресс-зерттеу нәтижесі бойынша кішігірім гравирлік шеберхананың ай сайынғы табысы шамамен 200 000 тенге.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://dumatao.ru/

http://igrushka.kz/vip19/gravir.shtml

http://kokosy.com.ua/category/gravery/

http://www.sense-life.com/forum/index.php?showtopic=25

http://www.gravirovka.net/

http://www.ltc.ru/instrument/kobra.shtml

http://interlaser.ru/

http://www.tstlaser.ru/catalog/stanki_lazernoj_gravirovk/stanki_lazernoj_gravirovk.html

http://www.tstlaser.ru/price.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «гравирлік жұмыстар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

74. Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру





  1. Жалпы ақпарат. Үлкен жер көлемі мен бастапқы капиталы жоқ фермерлер үшін қызықты технология – вешенка саңырауқұлақтарын өсіру.  Салыстыру үшін бір жылда бір шаршы метрде өсірілетін өнімдер бойынша мәліметтер келтірейік: қияр – 4-6 кг, қырыққабат – 5-6 кг, картоп – 4-8 кг, вешенка саңырауқұлақтары – 80-100 кг.

Оларды бөлмеде өсіруге де болады, ал саңырауқұлақтардың бағасы картоп, қырыққабат пен қияр бағасынан әлдеқайда жоғары.

Вешенка саңырауқұлағы керемет дәмімен және қоректік құрамымен ерекшеленеді. Оларды түрліше дайындауға болады: пісіру, тұздау, қуыру, т.б. Кейбір адамдардың айтуынша, вешенка адам ағзасынан радионуклидтерді шығарып, ісік жасушаларымен қүреседі.



2. Ғимарат. Ең алдымен бұл іс үшін сәйкес жер табу қажет: ауылдық үй, жылыжай, жертөле, т.б.

3. Технология. Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру технологиясы өте оңай. Субстратты дайындау үшін ыстық суда туралған сабанды буландырамыз, суығаннан кейін полиэтилен қабына салып, мицелиймен араластырамыз. Қапты сөреге қоямыз. 3 күн өткеннен кейін саңырауқұлақтардың өсіп шығуына мүмкіндік беру үшін қаптың 5-6 жерінен тілімдер жасау қажет. Қапты 16-20 күн бойы 18-20ºС-де қараңғылық жағдайында сақтаймыз. 16-20 күннен кейін жасалған тілімдерден саңырауқұлақтар өсіп шыға бастайды. Қапты 12 сағат бойы жарық жағдайында болатындай желдетілетін, 10-16ºС ылғалды бөлмеге қою қажет. Саңырауқұлақтар бір жұма ішінде тауарлық күйге жетеді. Өнім алынғаннан кейін қаптарды бұрынғы орнына қайта апарып қою қажет. Олар бір апта демалып алғаннан кейін қайта өсетін болады.

Саңырауқұлақтардың ең тиімді көлемі: қалпағының диаметрі 40-60 мм (саңырауқұлақтардың үштен бірінің диаметрі 40 мм-ден аспайды); діңінің ұзындығы – 10-40 мм. Өнімді жинап алып, қаптарды алғашқы бөлмеге қайта апарамыз. Бір қаптан шамамен 3 кг вешенка саңырауқұлақтарын алуға болады.

Вешенка саңырауқұлағын өсіру – қалдықсыз өндіріс. Қолданған қаптарды жергілікті халық үй жануарлары азығы және бақша тыңайтқышы ретінде қолдану үшін сатып алады (бұл саңырауқұлақтардың өнімділігі, мысалы, қияр өнімділігінен 30%-ға артық).

Мицелийді қажеттілікке қарай сатып алады. Бір саңырауқұлақ блогын (қабын) жасау үшін 150-200 гр мицелий қажет. Мицелийді +20º-тан +24º температурада 24 сағат, +15º-тан +18º температурада 3 күн, 0º-тан +2º температурада 2 жұма, -2º-тан 0º температурада 1 ай сақтайды.



  1. Өткізу. Өнімді өзіңіз тұратын жердегі мейрамханаларға, кафелерге және басқа да қоғамдық тамақтану орындарына өткізуге болады. Сонымен қатар, дүкендер мен базарлар да сіздің клиентіңіз бола алады.

  2. Болжамдық есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • Мицелий (2,4 кг) – 600 теңге.

  • Сабан (200 кг) – 1 500 теңге.

Жалпы шығын: 2 100 теңге.

    1. Табыс:

36 кг саңырауқұлақ сату – 9 000 теңге.

Жалпы табыс: 9 000 теңге.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://delaemsami.com/

http://gribnoybiz.ru/content/blogcategory/14/34/

http://www.ntpo.com/patents_harvest/harvest_1/harvest_290.shtml

http://www.sense-life.com/idea/0005.php
http://gribportal.virtbox.ru/business1.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «вешенка саңырауқұлақтары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

75. Киіз өнімдері





  1. Жалпы ақпарат. Қазақстанда ұлттық қол өнер шеберлері, яғни зергерлер, қыш құюшылар, нақыштаушылар, ағаш кесушілер қашанда болған. Олардың өнер түрлері бүгінге дейін сақталған, алайда бәріне қарағанда киіз, яғни түйе терісінен өнім өндіру өнері ерекше және үлкен сұранысқа ие болып есептеледі. Киіз кілем беті мен киімдерді сонымен қатар, көшпенділердің мекені - киіз үй дайындауда қолданылған. Киіз үй киізбен сыртынан және ішінен қапталады. Ал оның табиғи қасиеттерін (жылу ұстап тұрғыштығы, төзімділігі) көптеген әлем елдері мойындаған.Киізді декоративті бағытта қолдануға болады. Декоративті киізбен жұмыс жасайтын шеберлер арқасында ол сән трендіне айналды. Қазіргі дизайнерлер оны киім үлгілерінің бөліктеріне қолданып қана қоймай, одан жеке костюмдер тігетін болды. Соңғы кездері киізден жасалған сырғалар, алқалар, білезіктер кең тарауда. Сонымен қатар, сөмкелерді, ұялы телефондарға арналған қапшаларды, аяқ киімдерді, т.б. да атауға болады.

  2. Технология. Киіз өндірісі – белгілі бір шеберлікті қажет ететін күрделі үдеріс.

  • Киіз өнімдерінің бірі – киіз шұлықтар. Киіз шұлықтар жасау үшін арнайы жұқа, жұмсақ, ақ және қоңыр түсті киіз қолданылады. Әр шұлықты біркелкі киізден пішеді. Табаны мен қонышы бір тігіспен тігіледі. Үстін қара түсті мақта матадан тігу керек.

  • Сыйлық және кәдесый өнімдерін табиғи материалдардан (қой терісі) дайындайды, олар кестеленіп әдемілеп тігіледі.

  • Киіз ұлтарақтар ыңғайлы, төзімді әрі жылы болып келеді. Ондай ұлтарақтар суық мезгілде далада жұмыс істейтіндерге (балықшылар, аңшылар, құрылысшылар, шахтерлер, геологтар мен әскерилерге) арналған. Киіз ұлтарақтары қан айналымды реттеп, аяқтың шаршағандығы мен ауырғандығын басады, суық тию мен түрлі аурулардың алдын алады. Оларды түрлі өлшемде жасайды.

  • Киізден жасалған жабық тұмсықты байпақ жылы болады. Оларды пішу үшін үлгі ретінде үйдегі ескі аяқ киімдер жарайды. Тігістерін сөгіп, жеке бөлшектерін қағазда түсіріп, киізге аударыңыз. Тұтас киіз қолданған дұрыс. Табан, ұлтарақ пен ұйықтың үстіңгі және астыңғы бөлігін жекелеп дайындау керек. Ұйықтың екі бөлігін бір-біріне жабыстырып, үстіңгі бөлігін ораңыз. Оларды кантпен өңдеуге болады. Үстіңгі бөлік кант немесе аң терісімен өңделеді. Аң терісінен де ұлтарақ жасауға болады. Табаны мен ұлтараққа поролон салып жабыстырыңыз. Бәрін қосып, ұштарын айналдырып ораңыз.

  • Киізден бас киім де тігуге болады. Әйелдерге арналған қалпақтарды жасау оңай. Олар үшін көлемі жағынан үлкен киіздер қолданылады. Бөліктер біркелкі материалдан тігіледі. Үлгі бойынша қалпақтың үстіңгі бөлігін дайындаймыз. Үстіңгі бөлік айналдырылып тігіледі. Қалпақтың жиектері де оралып тігіледі. Әйелдерге арналған қалпақтардан бөлек, моншаға арналған қалпақтар, кілемшелер тігуге де болады.

Жоғарығы екі бөлікке де астар керек. Іштегі жолдарды спилкадан кесіп алған дұрыс. Олардың жан-жағын кант не тері белдікшемен өңдеуге болады. Ол үшін теріден жасалған қалыңдығы 2 см болатын жиекті, әлде қалыңдығы 3-4 мм, ұзындығы сызық көлемінен 2-3 есе ұзын белдікшені алдын ала дайындап алу керек. Қалпақ жасауды сыртқы жағындағы жиектерді біріктіруден бастаған жөн. Шеткі бөлікті айналымдағы сақина тігіспен біріктіру қажет. Оны түбімен біріктіріп, тігістерді іште қалдыру керек. Астарды да алдын ала дайындап алған дұрыс. Сосын оны негізгі тігістер бойынша ішке тігу керек. Жиектерді шеткі сақинаға шеттерін жауып тігіңіз. Астына тігілетін бөлікті қалпақтың түбінен тігіп тастаңыз.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

1 кг киіз – 400 теңге (ені 2 м, қалыңдығы 0,5 - 2,5 см).

3.2. Табыс:

  • бір киіз шұлық құны – 1 000 теңге.

  • бір жұп ұлтарақ құны – 100 теңге.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.gold-fox.ru/04-01-03-01.php

http://www.rusher.ru/cat/rukavic.htm

http://www.gold-fox.ru/04-01-03-01.php

http://bankreferatov.kz/history/319-odejda-kazahov.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «киіз өнімдері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

76. Қолдан тоқылған бұйымдар





  1. Жалпы ақпарат. Қолдан бұйымдар тоқу бизнесімен айналысу ләззат сыйлаумен қатар, аздап пайда да әкеледі. Ал онымен үйде отырып айлалысу өндіріс шығыстарын біршама қысқартып, көбірек ақша табуға мүмкіндік береді.

  2. Ғимарат. Қолмен тоқыма бұйымдарын жасайтын фирмалар үшін ғимарат кішігірім болса да болады. Мәселен, 10 м² алаңды жалға алу жеткілікті. Кеңістікті жалға алмаса да болады, бірақ клиенттермен қалай және қай жерде кездесуді, модельдердің қай жерде көрсетілетіндігін алдын ала шешіп алу керек. Ескеретін жайт, кішігірім әдемі безендірілген ателье бизнеске деген қызығушылықты жоғарылатып қана қоймай, алдын ала тапсырыссыз заттарды сатуға да мүмкіндік береді.

  3. Жіп және ши. Қазіргі уақытта нарықта түрлі өндірушілердің, сан алуан түрлі жіптері бар. Бірақ жүн жіптердің түрлерінің өздеріне тән қасиеттері бар екенін кәсіпорын басшылары да, қатардағы тігіншілер де білуі қажет. Мысалы, Ресейлік өндірушілердің альпаха және мохер деген тоқыма жіптерінің айтарлықтай айырмашылығы бар және олар өнімге әр түрлі нәтиже береді. Тігін моделдерін батыс журналдарынан көптеп кездестіруге болады, бірақ қазіргі таңда олардың қолданатын жіптері біздің нарықта әзірге жоқ. Сондықтан да жіптің ерекшелігін зерттеу және оны білу бұл бизнеспен айналысатын адамдарға міндетті шаруа.

Ал шиға тоқталатын болсақ, оның әр түрлі түрлері әр тігіншінің қолында болу керек. Тігіншілер тапсырысты бастан аяқ жеке өздері немесе технологиялық шынжыр принципі бойынша істесе болады. Мәселен, бір тігіншіге толық бұйымды емес, оның белгілі бір бөліктерін ғана тоқытса болады, ал бұйымды құрастыру мәселесін тәжірибесі мол маманға тапсырған дұрыс.

  1. Технология. Нарыққа шығу үшін өзіңіздің эксклюзивті модельдеріңіз болуы тиіс. Тауарыңызға деген сұраныс тігістің сапасына, декоративті қосымша заттар мен аксессуарлардың қаншалықты дәрежеде қолданылуына байланысты. Мәселен, екі бірдей модельдің ортасында теріден жасалған элементі бары тезірек сатылып кетуі мүмкін, себебі бұл екіншісіне қарағанда әсерлі көрінеді. Сондықтан да бұл бизнесте затты ерекшелеу өте маңызды.

  2. Қызметкерлер. Бұл бизнестің дамуы үшін бұйымдарға деген сұраныспен қатар, үйлерінде отырып жақсы жұмыс істейтін және де бұл іске ерекше қызығушылықпен қарайтын адамдар керек. Әріптестерді газетке жарнама беру немесе кадрлық агенттік арқылы табуға болады. Сондықтан бұл істің бір артықшылығы - тауар өндіру үшін жұмыс орнының қажет еместігі. Фирмамен әріптестік жасайтын жұмысшылар заттарды үйлерінде отырып жасап, ательеге дайын болған кезде келіп өткізеді. Бұл жұмысты істейтін негізгі адамдар тобы – жас балалары бар аналар мен зейнеткерлер. Бір күнде 3 сағат жұмыс істеу өзінше бір еңбек терапиясы болып табылады. Мұндай іспен айналысу үшін ең бастысы жұмысты тиянақты орындау, тәртіп пен еңбексүйгіштік керек. Жасалған заттың бағасын клиенттің қанша төлей алатындығына байланысты белгілеуге болады. Бұйым бағасына жүн жіптің немесе басқа жіптердің бағасы және жұмыстың өзіндік құны кіреді. Тігіншілердің орташа жалақысы айына шамамен - 8000-10000теңге. Көптеген тоқымашылар үшін бұл негізгі жұмысынан бөлек, қосымша табыс көзі бола алады.

  3. Өткізу. Бұл бизнесте жеке немесе шағын кәсіпкерлік ретінде тіркелуден бұрын әріптестер, потенциалды клиенттер, тым болмағанда фирманың әрі қарай даму жоспары болуы керек. Сондықтан да нарықты зерттеу – тіркелуден бұрын жасалынатын нәрсе.

  4. Болжамды есептеулер.

7.1. Бір бұйымға кететін шығыстар.

Бір өнімге жұмсалатын жүн (500-600 г.) – 2 500-3 000 теңге;

Бір өнімді жасау құны – 1 500-3 500 теңге;

Бір өнімнің сатылатын бағасы – 6 000-8 500 теңге.

Жалпы: 10 000-15 000 теңге.

7.2. Табыс. Бір бұйымның өзінен кем дегенде 2000 теңге табыс табуға болады.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.bishelp.ru/svoe_delo/otrasl/proizvodstvo/biz_na.php

http://www.openbusiness.ru/html/dop3/klubok.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қолдан тоқылған бұйымдар» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

77. Ұстахана ісі





  1. Жалпы мәлімет. Ежелгі кезден-ақ темір ұсталары ең күшті және сыйлы адамдар болып саналған. Қазіргі кезде ұстахана ісі – бизнестің үйде отырып айналысатын табысты түрі. Бүгінгі күні қаңылтырмен қаптау сәнге айналып отыр, ал аса шеберлікпен жасалған торлар, үстелдер, фонарьлар мен орындықтарға деген сұраныс күннен күнге артып келеді.

Атап өтерлігі, темір ұстахана кәсібімен айналысу мен жеке ұстаханаға ие болу – машақаты мол, бірақ өте пайдалы бизнес. Сондай-ақ, өзіңіздің өміріңізді жеңілдету үшін біреудің бизнесін сатып алуға да болады.

Кәсіпкерлік қызметті бастамас бұрын санитарлық-эпидемиологиялық шешім алу керек.



  1. Ғимарат. Ұстахана ісіндегі ең басты мәселе – оған лайықты орын табу. Мұндай жағдайда ең жақсысы қандайда бір цехтың 40-50 м² аумағын жалға алу, ал егер оның құрал-жабдықтары болса, тіптен жақсы. Өз цехыңызды салуға да болады, бірақ оған біраз уақыт кетіп, жүйкеңіз әбден тозады.

  2. Құрал-жабдықтар. Ұста жұмысының маңызды элементі – оның құрал-жабдықтары. Әр ұстахананың кем дегенде 2 тірек құрал-сайманы болуы керек: үлкен және кіші қыстырғыш; түрлі ұратын құралдар: балғалар, кувалдалар; заттарды өңдейтін, керек емес бөліктерді кесетін құралдар, сондай-ақ қыспақтар, қысқыштар, бекіткіштер және т.б. Мұндай құрал-жабдықтардың барлығын сатып алу үшін қомақты капиталды қажет етеді, бірақ әрдайым бұрын қолданылған құралдарды сатып алуға болады, бастысы оның сапасы мен тозу деңгейін мұқият тексеру керек.

Ең бастысы ұстахананың бұрышында, өзіңіз түсініп отырғандай, ошақ тұрады. Қазіргі кездегі ошақтарда көмір, кокс, тіпті ағаштарды, сондай-ақ сұйық отындар мен газ отындарын пайдалануға болады. Бірақ бәрібір де, жеке ұстахана үшін қатты отынға арналған шағын ошақтың болғаны дұрыс. Оған қоса, төменгі пропанды шағын ошақтар да бар, бірақ олар өте қымбат. Ошақтың жанында қалдықтарға арналған арнайы контейнерлер, отын, су, дәнекерлеу үшін бос орын болуы тиіс.

  1. Қызметкерлер. Ұстаханаға көп қызметкер қажет емес. Ең басты тұлға – жақсы ұста. Оған көмекші керек болады. Бастапқы кезде оның рөлін отбасыңыздың мүшелері атқара алады, бұл өз кезегінде отбасылық бизнесті бастаудың ең жақсы бір тәсілі болып табылады. Жеке дара шығармашылық сөзсіз үлкен пайда әкеледі. Бұл үшін сізге кәсіби суретші қажет болады. Оны штатқа жұмысқа алу міндетті емес, онымен тапсырыстың түскеніне қарай эскиздерін сатып алу жөнінде келісуге болады.

  2. Өткізу. Сіздің клиенттеріңіз ретінде құрылыс мекемелері, коттедж, жеке меншік үй иелері, жеке балабақшалар, басқа да оқу орындары, қоғамдық тамақтану орындары, мемлекеттік ұйымдар бола алады.

Бірнеше үлгілер жасап, сіз өз блогыңызға жұмыстарыңыздың суреттерін, олардың бағаларын, байланыс телефоныңызды орналастыруыңызға болады.

Жергілікті газеттерге, телеарналар мен радио желілеріне жарнама берген де дұрыс болар еді.



  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

Ресейлік «Мастер1» ұстаханалық құралын алуға болады – 825 000 теңге.

«Мастер-1» станогы бір кезектік жұмыс уақытында (смена) мықты темірден 600-700 әртүрлі классикалық көркемдік соғудың  элементтерін жасауға мүмкіндік береді (18х18, 16х16, 14х14, 12х12, 10х10, 8х8 квадраттары, дөңгелектер, кесінділер және кескінді құбырлар). Бұл айына күрделілігіне қарай 700 м²-ден 1200 м²-ге дейін соғылған бұйымдарды жинауға мүмкіндік береді.

Әрине, сіз станоктың басқа да түрін ала аласыз.

6.2. Табыс:

Қаңылтырмен қапталған элементі бар соғылған заттардың (қаз табан, қырлы және күмбезді найза) Қазақстандық сауда нарығындағы орташа бағасы 1м²  үшін 6 000 теңге. "Мастер-1" станогында жасалған 1м² тордың өзіндік құны – 2 000 тенге. Нәтиже: 6 000 теңге - 2 000 теңге = 1м² үшін таза пайда 4000 теңге; 100 м² тордан сіз 400 000 теңге пайда табасыз.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.hombiz.ru/proizvodstvo/svoe-kuznechnoe-delo.html

http://www.laab.ru/node/73

http://kovkafm.ru/

http://master-1.ru/master1.html

http://kyznets.ru/

http://techno.x51.ru/index.php?mod=text&txnode=164&uitxt=-1

http://www.hlas.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ұстахана ісі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

78. Жиһаз жөндеу шеберханасы



1. Жалпы ақпарат. Жаңа жұмсақ жиһаз сатып алу үнемі ескісінің жағдайы туралы мәселені туындатады. Ескі жиһаздарды аз ғана ақшаға сатады, саяжайға апарады немесе мүлде лақтырып тастайды.

Алайда басқа балама нұсқа да бар. Ол – жұмсақ жиһазды қаптау және қайта жөндеу. Бұндай шешім жаңа жиһаз сатып ала алмайтын жанұя үшін өзекті. Ескі жұмсақ жиһазды қайта жөндеу интерьерді жаңалау мен отбасы шығынын азайту үшін ыңғайлы әрі тиімді шешім болып табылады.

Егер Сіз жиһаз жөндей алсаңыз немесе үйренуге дайын болсаңыз мұндай қызмет түрі кіші бизнесті ұйымдастыру үшін тамаша идея болып табылады. Жиһаз салонын ашу әркімнің қолынан келе бермейді. Ол ақшалай қаражат пен уақытты, шығын шығаруды қажет етеді. Ал өте қажетті болып табылатын жиһазды қаптау және қайта жөндеу бизнесін ашу үлкен қаражат қажет етпейді.

2. Ғимарат. Жұмсақ жиһазды қаптау мен қайта жөндеу жұмысын тапсырыс берушінің пәтерінде іске асыруға болады. Бірақ тапсырыстар көбейген кезде жеке шеберхана ашу туралы ойлануға тура келеді, ол үшін ғимаратты сатып алу немесе жалға алу қажет. Сонымен қатар, мұндай жағдайда жиһаздарды тасымалдау үшін жүк машинасы болуы тиіс, оны да сатып алуға немесе жалға алуға болады.

3. Құрал-жабдықтар.


  • электр дрелі – 4 000 теңге

  • электр сүргісі – 5 000 теңге

  • электр қыл арасы – 6 000 теңге

  • шаруашылық степлер – 7 000 теңге

  • тігін машинасы – 38 000 теңге

  • құралдар жиынтығы: балға, кемпірауыз – 10 000 теңге

Жоғарыда көрсетілген құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, басқа да қажетті материалдарды дүкеннен немесе базардан сатып алуға болады.

4. Технология. Кәсіпкердің ең басты артықшылығы өнімді сапалы жасап, белгіленген мерзімде аяқтау болуы керек. Жиһаз қаптаудың екі түрі бар: біріншісі – жұмсақ жиһазды клиенттің матасымен қаптау, екіншісі – өзіңіздікімен қаптау. Екінші тәсіл үнемді әрі пайдалы екенін айта кету керек. Яғни сіз матаны арзан бағамен көп қып сатып алып, клиенттерге оны бөлшек сауда бағасымен есептеп, қосымша пайда таба алатын боласыз. Жұмсақ жиһазды қайта жөндеу дегеніміз – негізінен оның қаптамасы мен поролонын ауыстыру. Сонымен қатар, кейде жөндеуге келмейтін бөлшектерді ауыстыратын жағдайлар да болады. Жалпы диванның немесе креслоның арқасының биіктігін қысқарту сияқты жұмыстарды жасағаннан кейін жиһаз жаңа және заманға сай түрге ие болады.

Клиентке ұсынылатын қызмет түрлері – жұмсақ жиһазды қайта жөндеу, корпусты жиһазды жөндеу, орындық жөндеу, қаптама тігу, механизмдерді жөндеу және оларды ауыстыру.



5. Қызметкерлер. Жұмыс үшін жөндей алатын екі шебер қажет. Жұмысшылармен жеке еңбек келісім-шартына отыру қажет.

6. Өткізу нарғы. Тапсырыс берушілерді тарту үшін жергілікті газеттерге, интернетке жарнама беру қажет. Жұмыстардың фото суреттерін орналастырып жеке сайт ашуға болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

Құрал-жабдықтар – 70 000 теңге.

Алғашқы уақытта жұмысты тапсырыс берушінікінде жасайтындықтан ғимаратты жалға алудың қажеті жоқ. Ал тапсырыстарды үйде отырып–ақ қабылдайсыз.

Сізге мата, поролон, жіп және т.б. қажетті материалдар керек. Олардың шығыны сапасы мен санына байланысты 15000-20000 теңге аралығында болады.



7.2. Табыс:

  • тапсырыс берушінің материалымен диван, кресло жөндеу (күрделілігіне байланысты) 3000-5000 теңге;

  • жиһаз кешенін толыққанды қайта жөндеу – 20 000-25 000 теңге;

  • механизмін жөндеу және ауыстыру – 500-2 000 теңге.

Егер жөндеу аса күрделі болмаса, күніне 2-3 тапсырыс алуға болады * 3000 = 6 000-9 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.bizidei.ru/biznes_po_peretyazhke_i_restavratsii_myagkoy_mebeli.html

http://www.stroybox.ru/index.php?id=3106

http://www.kabryol.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жиһаз жөндеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

79. Аяқ киім жөндеу





  1. Жалпы ақпарат. Аяқ киім көп уақытқа шыдамайтын, жөндеуді үнемі қажет ететін зат. Біріміз үшін ол мәселе болса, енді біріміз үшін табыс көзі. Аяқ киім жөндеу – табысты бизнес, көбіміз аяқ киімді бір мезгіл ғана киіп, лақтырмаймыз, керісінше бірнеше рет жөндетеміз. Егер сіз аяқ киім жөндей алсаңыз, не оны үйренуге және өзіңіз үшін жұмыс істеуге ниетті болсаңыз (үйрену үшін етікшінің шеберханасына жұмысқа тұруыңызға болады) ең бастысы, табысты бизнеспен айналысамын десеңіз, онда осы салаға бағытталғаныңыз дұрыс.

  2. Ғимарат. Тұрғын үйдің бірінші қабатынан орын алуыңызға болады. Қала орталығында шеберхана ашудың қажеті жоқ, алайда мүмкіндік болып жатса, олай істеуге де болады. Бизнесін жаңадан бастап келе жатқан етікші кез келген шағын ауданда жұмыс істеп ақша таба алады. Жақын маңда орналасқан үйлердің тұрғындары міндетті түрде сізге келетін болады. Қосымша жұмысқа отбасы мүшелерін тартқан жөн.

  3. Аяқ киім жөндеу шеберханасының қызметтері мынадай: өкшелерді жөндеу мен ауыстыру, аяқ киімдік кездеме бедерін қою, табан жөндеу, қонышты жөндеу, мүйістерді сақтандыру, супинатор мен ұлтарақтарды, фурнитураларды ауыстыру, аяқ киімді кәсіби тазалау. Ұсынатын қызмет түрлеріне байланысты отандық не шетелдік құрал-жабдықтар жиынтығы қажет.

  4. Аяқ киім жөндеуге арналған құралдар: кескіш, қосымша құралдар, сонымен қатар, кіші механизация саймандары.

    • Пышақтар. Аяқ киім жөндеуге арналған бірнеше пышақ түрлері бар, олар мыналар: аяқ киім материалдары мен олардан жасалған жартылай фабрикаттарды өңдеуге, аяқ киімді ашуға арналған пышақтар, оқыстан кесуден сақтайтын сақтандырғышы бар пышақтар, іріктеп алуға арналған пышақтар – ол қалыңдықты кесу мен тері сыздығын түсіру үшін, кранц жасау үшін арналған, өкшені кесуге арналған пышақ.

    • Аяқ киім бөлшектерін капрон не зығыр жіппен жалғау үшін біздер керек. Біздердің екі түрі бар: түзу және қисық.

    • Түрпілер. Жөндеу барысында екі түрлі түрпі қолданылады: қисық және түзу. Қисық түрпілер аяқ киімнің ішкі жағын өңдеуге арналған (шпильканың түбін кесу мен шегелерге), ал түзуі – аяқ киім өкшесі мен табанын өңдеуге арналған.

    • Егеулер. Аяқ киім жөндеуде жалпақ (табан мен кездеме бедері бетінен шпилькаларды егеу үшін) және ұшбұрышты (құрал-сайманды ұштауға арналған) егеулер пайдаланылады.

    • Сонымен қатар, аяқ киім жөндеу үшін балталар, дөңгелекшелер, шеге шығарғыштар, клещтер, тістеуіктер керек.

Құрал-саймандар туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден қараңыз - http://remoht.ru/remont-obuvi-oglavlenie/

  1. Аяқ киім жөндеу шеберханасына арналған жабдықтар шеберхана көлеміне, қызметкерлер санына, станоктар мен автоматтардың, қажетті жиһаздың бар-жоқтығына байланысты. Аяқ киім шеберханасына қажетті негізгі құрал-жабдықтар: етік орындығы, үстел, стеллаж.

    • Етік штуцері – құрал-жабдықтардың ішіндегі негізгі элементтердің бірі. Бұл – үлкен негізге бекітілген болат труба. Трубаның үстіне (шпилька не бұрандада) аяқ киім негізіне салынатын металл штуцер орналастырылады. Штуцер аяқ киім негізіне тығыз орнығу керек.

    • Шеберханаға қажетті жабдықтарға мыналар да жатады: қайрақ шеңбер және сым ерошка. Қайрақ шеңбер диаметрі 150-200 мм болатын ағаш барабаннан жасалады. Ол кесу құралын ұштау үшін қолданылады. Ерошка сымы жапсырылатын бетті (тері, резеңке, теріволон) көтеру үшін қолданылады. Ол қатты болат сымнан жасалады. Сонымен қатар, жөндеу барысында табан жабыстыруға арналған баспалар, өкшелерді орнататын құралдар қажет.

  2. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

      • орын жалға алу – 10 м² * 1000 = 10 000 теңге.

      • шикізат пен фурнитура сатып алу - 10 000 теңге.

      • құрал-саймандар алу– 10 000 теңге.

      • құрал-жабдықтар алу– 25 000 теңге.

Жарнамаға шығындалудың қажеті жоқ, жергілікті газеттерге жарнама тегін орналастырылады. Сонымен қатар, үйлердің кіреберісіндегі қабырғаларға, автобус аялдамаларына хабарландырулар ілсеңіз болады. Ал ең бастысы – сапалы қызмет көрсете білу.

Барлығы: 55 000 теңге.

6.2. Табыс:

Бір жөндеу шамамен 500-600 теңге. Сізде күніне кемінде 3-4 тапсырыс болса * 500 теңге * 30 күн = айына кемінде 60 000 теңге табыс таба аласыз.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://patlah.ru/etm/etm-01/dom-promsl/obyv/sapoznik/sapoznik-00.htm#sapog

http://remoht.ru/remont-obuvi-oglavlenie/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аяқ қиім жөндеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

80. Шағын наубайхана





  1. Жалпы ақпарат. Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Басты нан шығарушылар – үлкен нан зауыттары мен комбинаттар. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмайды, бірақ олардың сирек кездесетін нан түрлерін (мысалы, диеталық, ұлттық, эксклюзивті және т.б. нандар) пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуы әбден мүмкін, себебі олар кішкентай болғандықтан өте мобильді.

  2. Ғимарат. Нан өнімдерін пісіру бойынша бизнес ашу үшін бастапқы капитал ҚР Денсаулық Министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген № 4.01.064.03 «Нан, ұннан жасалатын тағамдар, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру бойынша санитарлы-гигиениялық және эпидемияға қарсы талаптар» атты санитарлық ережелер мен нормаларға сай, кем дегенде 50 м²-лік ғимарат керек.

Шағын наубайхана ашу бойынша кішігірім бизнесті бастау үшін сауда нүктесінің орналасу орнын дұрыс таңдау өте маңызды. Бастысы, оның жанынан адамдар көп жүретін болуы керек. Яғни сауда нүктесінің аялдамалар, вокзал, әуежай, өндіріс заттарын сататын дүкендер, базарлар т.б. жерлердің маңында болғаны дұрыс. Сату орны стационарлы немесе жылжымалы (тонар) болуы да мүмкін.

Сату нүктесінің орналасатын жері белгілі болғаннан кейін, онда сауда жасауды жүзеге асыру үшін СЭС қорытындысын алу керек. Жұмыс жасайтын сатушылардың әрқайсысында санитарлық кітапшаның болуы міндетті.



3. Құрал-жабдықтар. Бизнесті ұйымдастырудағы келесі кезең – құрал-жабдықтар алу. Кішігірім наубайхана үшін мыналар қажет: конвекционды пеш (бағасы 100 000 теңгеден жоғары), шкаф (70 000 теңгеден жоғары), дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер (40 000 теңгеден жоғары), тот баспайтын болат противиньдер (1500 теңгеден жоғары), мұздатқыш ларь (шамамен 75 000 теңге). Құрал-жабдықтарды кәсіби технологтар орнатады.

4. Технология. Дайын өнімдер шығару үшін жартылай фабрикаттар керек болады. Айта кететін жайт, қазіргі кезде дайын өнімдердің мұздатылған түрлері бар, яғни оларды пайдалану үшін жылытатын микротолқынды пеш қажет. Бірақ олар дәмі мен сапасы жағынан жаңа піскен тағамдардан аса алмайды.

Өнім дайындау технологиясын игеру қиын емес. Ол бар-жоғы екі бөлімнен тұрады:

1) мұздатқыштан жартылай фабрикаттарды шығарып, жалғамалы шкаф ішіне 40-60 минутқа қою.

2) осы өнімді 15-20 минутқа пешке салу.



Бір кішігірім наубайхананың өнім шығару көлемі тәулігіне, шамамен, 0,5 - 1 тонна. Алайда күніне 10-12 тонна өнім шығаратын наубайханалар да бар.

5. Қызметкерлер. Бір наубайхананың жұмысы үшін 2-4 адам қажет. Ережеге сәйкес, наубайханадағы жұмыс кезекпен ұйымдастырылады, сондықтан да, әдетте қызметкерлер саны кезектің пропорционалды санына қарай көбейіп отырады. Нан пісірушілерден басқа, бизнесті жүргізу үшін кем дегенде бухгалтер мен жүргізуші керек.

6. Өнімді өткізу. Бизнесті дамыту үшін маңызды фактор тұтыну нарығын тиянақты талдау болып табылады. Бәрінен бұрын, өндіретін өнім түрлерін дұрыс таңдап, баға белгілеу саясатын сауатты жүргізу керек. Өнім бағасы сатып алушылардың басым бөлігіне қолжетімді болуы қажет. Бұған қоса, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуға болады. Әрі қарай бизнесті бір ғана сату нүктесінен тұтас бөлшек сауда жүйесіне айналдыру мәселесін қарастыруға болады.

7. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • 50 м² ғимаратты жалға алу – ай сайын 115 000 теңге .

  • құрал-жабдықтарды сатып алу – 320 000 теңге.

  • шикізат – 100 000 теңге.

Барлығы: 535 000 теңге.

    1. Табыс:

Қарапайым нанның өзіндік құны 36 теңгені құрайды, ал сатылу бағасы (сату аймағына байланысты) 60 теңге. Орташа есеппен күніне кем дегенде 400 нан сатуға болады (сату аймағына байланысты), ал бұл күніне 24 000 тенгені құрайды.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://catalog.biznew.info/varianty_biznesa/mini-pekarnya

http://www.bi-plan.ru/catalog/torgovlja/biznes_plan_pekarni/

http://www.studzona.com/referats/view/13235

http://www.valentain.ru/index.php?/Stati/Vot-takie-pirogi.html

http://rusbiz.clan.su/blog/2009-01-21-966

http://www.pekari.ru/pekarni/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын наубайхана» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

81. Кеңселерді, тұрғын үйлерді, кіреберістер мен аулаларды тазалау бойынша қызмет көрсету



1. Жалпы ақпарат. Тұрғын үйлер, пәтерлер мен кіреберістерді жинау шектеулі қаржылық ресурсы бар, тазалықты ұнататын және талапшыл кәсіпкерлер үшін таптырмас бизнес. Бұл бизнес түрін өзіңіз тұрып жатқан ауданда бастағаныңыз жөн. Алғашқы кездері өзіңіздің үй техникаңызды қолдансаңыз, бірінші күннен бастап-ақ табыс таба аласыз.

2. Ғимарат. Аталған бизнес түрін жүзеге асыру үшін арнайы орынды жалға алудың қажеті жоқ. Жабдықтарды (сыпыртқы, қалақ, күрек, шалғы, т.б), қажетті материалдарды (шүберек, шаруашылық тауарлар) өз үйіңізде сақтай аласыз.

3. Құрал-жабдықтар. Тазалау мен жууға арналған шүберектер, швабра, пластик шелектер, қыста қар жинауға арналған күрек, тырма. Аталған қажетті заттарды жаппай сатып алу керек.

4. Технология. Сіз жергілікті ПИК-пен келісім-шартқа тұрып, кіреберістерді, аулаларды жинай аласыз. Немесе тікелей тұрғындармен, мысалы, коттедж иелерімен келісім-шартқа тұрып жұмыс істей аласыз. Сонымен қатар, сіз бірінші қабатта орналасқан кеңселерге де өз қызметіңізді ұсына аласыз.

Тазалау жұмыстарын сапалы жасау керек. Жалпы тазалаудың мынадай түрлері бар: күнделікті тазалау, бір реттік тазалау, сонымен қатар, тұрақты тазалау мен кешенді тазалау.



  • Күн сайынғы тазалау – орын-жайды (тұрғын үй, кеңсе, өндірістік, медициналық орын-жайлар) күнделікті тазалықта ұстауға мүмкіндік береді. Тазалаудың осы түрін жүзеге асыру үшін тазалаушылар күнде кешке, не күні бойы орын-жайда болып, жұмыспен айналысады. Мұндай қызмет түрін көбінесе кеңселер, дүкендер, емханалар мен сауда орталықтары пайдаланады. Ондай орындарда адам көп болатындықтан, тазалаудың мұндай түрі оларға өте қажет. Таза сауда орны немесе кеңсе – кез келген мекеменің келбеті. Жақсы имидждің сақталуына күнделікті тазалау жұмыстары септігін тигізеді.

  • Кешенді тазалау дегеніміз мынадай қызмет түрлерінің жиынтығы: терезе жуу, кілемдер мен жұмсақ жиһазды тазалау, еденді жуу, сантораптар мен асүйді жуу, дақтарды кетіру, өсімдіктерді күту және т.б. Кеңселер мен коттедждер үшін мұндай тазалаудың маңызы зор. Оны 2-3 айда бір жасап тұру керек. Мұндай тазалау жұмыстары нәтижесінде кеңселер, коттедждер таза, жарқын және жайлы болады.

  • Жөндеуден кейінгі тазалау – кез-келген орын-жайда жүргізілетін қажетті тазалау жұмыстарының жиынтығы. Жөндеуден кейінгі тазалау жұмыстары төбе, еден, қабырғадағы құрылыс шаңы мен кірді тазалауды, терезелерді жууды, ванна плиткасын құрылыс материалдары қалдықтарынан тазалауды қамтамасыз етеді. Байқаусызда жаңадан жасалған қымбат интерьерді бүлдіріп алмау үшін жұмысты білікті мамандар жасауы тиіс.

  • Құрылыстан кейінгі тазалаудың жөндеуден кейінгі тазалаудан айырмашылығы жоқ, бірақ мұнда тазалау процесі қиынырақ, тазалаудың бұл түріне, мысалы, қосымша мына жұмыстар кіреді: үй фасадын тазалау, үй ауласын жинау.

5. Қызметкерлер. Қызметкерлердің арнайы біліктілігі болу керек, яғни олар жууға арналған химиямен жұмыс жасауда тәжірибесі бар, мамандандырылған жабдықтарды қолдана білетін мамандар болуы тиіс. Сіз өзіңіз де бұл іспен айналыса аласыз немесе жұмыстың көлеміне қарай қызметкерлер жалдауға да болады.

6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • бастапқы кезеңде сіз 4 адам аласыз делік. Қызметкерлердің жалақысы – 30 000 теңге * 4 қызметкер = 120 000 теңге.

  • шаруашылық тауарларды сатып алу – 10 000 теңге.

6.2. Табыс:

Кіреберістерді жинау - 1 м² =100 теңге. Бес қабатты үйдің бір кіреберісі 50-60 м² * 100 теңге = бір кіреберіс үшін 5 000 теңге. Бір үй 5 кіреберістен тұрады * 5 000 теңге = бір үйден айына 25 000 теңге. Ал егер ПИК-пен келісіп, бірнеше үйлерге қызмет көрсетсеңіз, онда табысыңыз да жоғары болады.



7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.st-uborka.ru/uborka-kvartir.html

http://profinance.kz/2010/08/19/klining-uborka-kak-iskusstvo.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тазалау қызметі» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

82. Ветеринарлық дәріхана





  1. Жалпы ақпарат. Ветеринарлық дәріхана – ветеринарлық азықтар мен дәрілердің алуан түрін ұсынатын бөлшек сауда ұйымы.

Дәріханалық бизнес – болашақ кәсіпкер үшін қызықты жұмыс: күнделікті өмірде азық-түлік пен суға деген қажеттілікпен қатар дәрілік қажеттілік те қалыспайды, ал дәрілердің көлемі кішкентай болғандықтан, дәріхана да сәйкесінше, қарапайым дүкенмен салыстырғанда, көп орынды қажет етпейді. Дәріханалық бизнес Денсаулық сақтау министрлігінің және басқа да нормалардың талаптарын орындаумен ерекшеленеді.

Дәріхананы ашу кезінде маусымдық факторды ескеру керек. Жазда сауда 20-25%-ға төмендейді, ал жоғары табыс қазан мен сәуір айлары аралығында болады.

Жаңа бизнесті ұйымдастыруды жаздан бастау қажет. Бұл есеп бойынша дәріхана тамыз айының соңы немесе қыркүйекте ашылуы тиіс, нәтижесінде бизнес жаңадан ашылған кезде жазғы маусымға түспейтін болады.

2. Орналасуы. Дәріхананың табысты болуын анықтайтын негізгі фактор – оның орналасуы. Адамдар әрқашан жақын орналасқан дәріханаға барады. Дәріхананың сауда формасы мен орналасуына қарамастан жаңа бизнеске арналған орынды жалға алу қажет.

Дәріханада мынадай орындардың болуы міндетті: өндіруші - сауда залы; тауарды қабылдау және ашу орны; сақтау орны; әкімшілік-шаруашылық – басқарушы мен бухгалтерге арналған орын, гардероб немесе киім ілу шкафы, қызметкерлерге арналған орын, мұрағат; санитарлық-тұрмыстық – тазалау құралдарын сақтау орны. Сонымен қатар, дәріхана орталықтанған жүйелермен: электр, су, жылу, ағыстық сору желдеткіші және кәрізбен қамтамасыз етілуі керек.

Жануарларға арналған дәрілердің түрлері адамдарға арналған дәрілерге қарағанда әлдеқайда аз. Сондықтан сауда орны көп ауданды қажет етпейді.

3. Құрал-жабдықтар. Дәріханадағы дәрілерді сақтау орны ауа параметрлерін тіркейтін қондырғалармен қамтамасыз етілуі керек. Ал дәріхананың барлық жері өртке қарсы, жарықтық-дыбыстық, күзеттік дабылдармен жабдықталуы тиіс және тәуліктік орталықтық бақылауда болуы қажет. Сонымен қатар, тоңазыту жабдықтарымен, стеллаждармен, сөрелермен, улы және есірткі заттарды сақтайтын сейфтермен қамтылуы тиіс. Мұның барлығы дәрілерді сақтау талаптарының қаталдығына байланысты қажет, ал талаптардың орындалмауы кәсіпкердің өз лицензиясынан айырылуына алып келеді.

4. Технология. Негізінен клиенттер мал дәрігерінің жазған тізімімен келеді және де оған сол тізімдегі дәрілерді беру қажет.

Қызметкерді таңдаған кезде оның адамдық қасиеттеріне, клиенттермен сөйлесе алу қабілетіне назар аудару қажет. Егер дәріханадағы қызметкер тұтынушыға жақсы қарым-қатынаспен, жылы шыраймен сапалы қызмет көрсетсе, онда кездейсоқ келген адамның тұрақты тұтынушы болуы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, қосымша мал дәрігері қызметін ұсынуға да болады, себебі қазіргі кезде мал дәрігерін үйге шақырту үлкен сұранысқа ие. Мал дәрігерін үйге шақырту жануар денсаулығы нашар болғанда өте маңызды. Мал дәрігерін шақырту ветеринарлық ауруханалардан алыс қашықтықта тұратын клиенттер үшін ыңғайлы.

Мал дәрігерін үйге шақырту келесі қызметтерді ұсына алады:



  • терапевтік (жалпы қарауды және оның аурулары мен кемшілігін анықтауды қарастырады);

  • хирургия (ауыр дерт немесе жарақат кезінде қажет болуы мүмкін);

  • зертханалық зерттеулер (дертті диагностикалау үшін анализдер жинау);

  • процедуралық қызметтер;

  • егу (мал дәрігерін үйге шақырту қажетті егулерді жасауға мүмкіндік береді);

  • стоматологиялық;

  • басқа қызметтер.

Мал дәрігерін үйге шақырту қызметі кеңес беруге және жануарға алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

5. Қызметкерлер. Ұйымның негізгі қызметкерлері – тәжірибелі фармацевттер мен мал дәрігерлері, сонымен қатар кеңсе, бухгалтерия және анықтамалық жүйе жұмыстарын қамтамасыз ететін компьютер мамандары. Дәріханада жұмыс істеу үшін қызметкердің арнайы білімі болу керек. Кем дегенде жоғары фармацевтік білімі мен дәріхананы басқаруға құқығы бар фармацевт керек. Қызметкерлердің жоғары біліктілігінің болуы мен фармакология, ветеринария және заманауи компьютерлік технология салаларын жақсы меңгеруі маңызды.

Жас мамандарды жұмысқа алуға қорықпаңыз. Бұл керісінше, алғашқы уақытта сіз үшін тиімді, себебі жас мамандарға орташа жалақы төлейтін боласыз.



6. Сату. Өз мекемеңізді соншалық жарнамалаудың қажеті жоқ. Тек алғашқы кезде қоғамдық орындарда жарнамалық парақтар мен визиткалар тарату жеткілікті болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • орын жалдау - 40-50 м² * 1 000 теңге = 40 000 теңге.

  • екі қызметтерге төленетін жалақы (фармацевт пен мал дәрігері) - 80 000 теңге (алғашқы уақытта).

  • дәрілерді сатып алу – 90 000-100 000 теңге (алғашқы кезде бірінші қажеттілікті дәрілер қорымен қамтамасыз етілу керек).

  • сауда қондырғыларын сатып алу – 25 000-30 000 теңге.

  • медициналық қондырғыларды сатып алу – 40 000 теңге.

Жалпы: 275 000 теңге.

7.2. Табыс:

Дәрілердің бағасына өз құнының 50-60%-ы қосылады. Сіздің табысыңыз дәрілер түріне және фармацевттің қызмет етуіне байланысты.

Аймаққа байланысты мал дәрігерін үйге бір рет шақырту 1 000-1 500 теңгені құрайды. Бұл төлемге мал дәрігерін шақырту мен жануарды жалпы қарау кіреді. Дәріні қолдану қосымша төлем болып табылады. Бұл жағдайда дәрінің бағасына 20-30% тағы қосылады. Егер сізде күніне 3-5 шақырту болса * 1 000 теңге = 3 000 тенге, ал айына – 3 000 теңге * 24 жұмыс күні = 72 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

www.moneycook.ru/ideas/9

www.veterinardoma.ru/veterinar-na-dom.php

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ветеринарлық дәріхана» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

83. Аулалық клубты ұйымдастыру


1. Жалпы ақпарат. Аулалық клубтар аймақта тұратын балалар мен жасөспірімдердің бас қосатын, шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын және бос уақыттарын өткізетін негізгі орынға айналып келеді. Қызығушылықтар бойынша клубтар балалар мен жасөспірімдерге арнап мәдени шаралар мен бос уақыттарын өткізуді ұйымдастыру арқылы оларды даладағы зиянды нәрселерден аулақ ету үшін құрылады. Аулалық клубты ашу – пайдалы бизнес-идеялардың бірі, өйткені оның басты мақсаты жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын өткізуді, шығармашылық қызығушылықтарын қолдауды, салауатты өмір салтын насихаттауды, жастарды ұлттық өнерге баулуды, мәдени шараларды өткізуді ұйымдастыру болып табылады.

2. Ғимарат. Егер өзіңіздің жеке орын-жайыңыз болса, тіптен жақсы. Ал жоқ болса, онда жалға алуға тура келеді. Бұл бизнесті ұйымдастыру үшін шамамен 60 м2 көлемді орын қажет. Ең дұрысы – тұрғын үйден бір орын-жайды жалға алу, бұл балалардың келіп тұруына жеңіл болады. Оған қоса, ғимараттың көлемі мен балалардың санына байланысты үстелдер, орындықтар, ойыншықтар (доптар, секіргіштер және т.б) керек.

3. Технология. Балалар мен жасөспірімдер тұрып жатқан аймақтағы аулалық клуб жақсы жұмыс істесе, онда балалар үшін ол демалатын, достарымен бас қосатын тиімді орын болмақ. Өз бос уақытын дұрыс өткізу олардың тұлға ретінде қалыптасуы мен шығармашылық және спорттық жағынан дамуына көп септігін тигізеді.

Клубтың басты бағыттары мынадай бола алады :



  • Дамыту бағыты – үйірмелер: «Шебер қолдар», вокал, сурет, шет тілдерін оқыту;

  • Шахмат, шашка, үстел теннисі мен футбол сынды спорт түрлерінен жарыс өткізу дәстүрлі бағыт болып табылады;

Аталған клубтағы істермен балалар шама-шарқынша айналысуы керек, яғни олардан аса бір білімділік, физикалық дайындық, эмоционалдық толқу мен шеберлілік талап етілмеуі тиіс. Өткізілетін іс-шаралардың балаларға қызық, нақты көрінетін нәтижесі бар, жаңалыққа толы болуы керек. Сонда ғана балалардың шығармашылық қабілеті артып, ішкі сұраныстары қанағаттандырылады.

Үйірмелерге келетін балалардың жасы 7 мен 18 аралығын қамтиды.

Қыста есік алдына мұзайдын, ал жазда спорттық ойындарға арналған стадион жасауға болады.

4. Қызметкерлер. Балалар мен жасөспірімдерді аулалық клубта дамыту мен оңалту сапасы олармен күнделікті жұмыс жасайтын тәрбиешілер пен педагогтардың дайындығына байланысты болады. Педагогикалық білімі бар 3-4 қызметкер алу керек.

5. Өткізу. Сіз жарнаманы қала бойынша сауда орталықтарына, балалар емханаларына іліп, визиткалар таратуыңызға болады. Сонымен қатар, жарнаманы жергілікті газет пен журналдарға да берген дұрыс. Жергілікті мектептерге барып, клубыңыз жайлы хабарлап айтуыңызға болады.

6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:


  • Орын-жайды жалға алу, 60 м² * 1 000 теңге = 60 000 теңге.

  • Балаларға арналған үстелдер мен орындықтар, 1 жиынтық = 10 000 теңге * 10 жиынтық = 100 000 теңге.

  • Кеңсе тауарларын жаппай сатып алу – 30 000 теңге.

  • Сананы дамытуға арналған ойындар мен ойыншықтар (шахмат, шашки, паззл және т.б) – 40 000 теңге.

  • Қызметкерлердің жалақысы – 4 қызметкер * 40 000 теңге = 160 000 теңге.

Барлығы: 390 000 теңге.

Болашақта спорттық жабдықтар сатып алып, оларды жалға беріп тұруға болады (коньки, шаңғы және т.б).



6.2. Табыс:

Орталықтың жұмыс тәртібі - 12.00-20.00 сағат, яғни күніне 8 сағат.

Сабақтар аптасына 3 рет 1-1,5 сағат өтеді, онда айына 12 рет. Үйірмелердің бір айға ақысы шамамен 5 000 – 6 000 теңге деп білгілеуге болады (аймаққа байланысты).

Айына клубқа 30-35 бала келсе, онда * 5 000 теңге = 150 000-175 000 теңге шығады.



7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.drugdetstva.kz/news/detail/654

http://www.uchi.kz/blog/v-astane-otkrylis-novye-dvorovye-kluby-dlya-detei

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «аулалық клуб ұйымдастыру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

84. Қолөнершілерге арналған дүкен ашу



1. Жалпы ақпарат. Тігуге арналған барлық заттары бар, айылбас, мулине, канва, схемалармен жабдықталған галантерея дүкені – кез келген қолөнершінің арманы. Қолөнершілерге арналған дүкен ашу бизнес үшін өте жақсы идея. Дағдарыс пен дағдарыстан кейінгі кезеңдерде мұндай тігуге арналған бұйымдар сататын дүкендер аса танымал және өте қажет.

Суық қысқы кештерде өз қолыңызбен тоқылған жемпір сізді және сіздің жақындарыңызға өте жақсы киім болады, сондай-ақ қолөнершілерге отбасы бюджетін үнемдеуге көмектеседі.



2. Ғимарат. Сату бөлімін ашу үшін алдымен ғимаратты жалға алуды қарастыру керек. Таңдау кезінде оның орналасу жеріне назар аударыңыз. Оның орталық аудандарда орналасуы маңызды емес, бастысы маңынан адамдар көп өтетіндей болуы керек. Мысалы, маңында көптеген тұрғын үй кешендері мен балалар мекемелері, оқу орындар орналасқан тыныш аудан болуы мүмкін. Бастапқы кезеңде жалпы алаңы 25-30 м² болатын ғимаратты, уақыт өткен соң көлемі үлкен аумақты жалға алуыңызға болады.

3. Құрал-жабдықтар. Сіздің тауарларыңызды сату үшін арнайы құралдар-жабдықтар қажет емес, тек сату орындары - сауда дүңгіршегі, стеллаждар қажет, қымбаттарын алу міндетті емес, пайдаланған, бірақ жақсы жағдайдағы, мысалы, 3 стеляж сатып алатын болсаңыз, оның құны шамамен 25 000-35 000 теңгені құрайды.

Содан кейін сізге сату үшін тауарлар алу керек. Алдымен жақын маңдағы сіздікіндей барлық дүкендерді аралап шығыңыз, нарықты зерттеңіз. Сөйтіп барып қана ассортимент құрып, көршіңізде жоқ тауарларды таңдауға тырысыңыз.

Содан соң міндетті түрде тиімді жарнама жасау қажет. Жарнаманы жергілікті газеттерге беру, хабарландырулар тарату клиенттерді тартуға көмектеседі.

4. Қызметкерлер. Қызметкерлерсіз жұмыс істеу мүмкін емес, сізге кем дегенде ауысып жұмыс істейтін екі сатушы қажет. Алғашқы уақытта сатушының бірі ретінде өзіңіз бола аласыз, ал екіншісін отбасы мүшелері арасынан таңдауға болады.

5. Өнімді өткізу. Бизнес маркетинг пен өткізу нарығының дұрыс жұмыс істеуі кезінде ғана пайда әкелетін болады. Алғашқы кезде жарнаманың маңызы, әрине, өте зор. Бірақ басты жарнама және табыс кепілі сіздің көрсететін қызметіңіз бен тауарларыңыздың сапасы болып табылады. Ассортимент дайындау кезінде тауар сапасына назар аударыңыз.

6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

Шығыстар бөлігіне мыналар жатады:



  • ғимаратты жалға алу – орта есеппен 50 000 – 55 000 теңге;

  • сауда құрал-жабдықтарын сатып алу – орта есеппен 45 000 – 50 000 теңге;

  • тауар сатып алу (айылбас, тігуге арналған фурнитура, журналдар) – орта есеппен 80 000 – 120 000 теңге.

Тауарды көтерме бағамен сататындардан немесе тікелей өндірушілерден сатып алыңыз.

Барлығы: 180 000 – 225 000 теңге.



6.2. Табыс:

Тауарды сату мен табыс табу кезінде тауардың өзіндік құны мен сату бағасы арасындағы айырмашылықты барынша азайтқан жөн. Қалыпты әрі қолжетімді бағалар тауар айналымын жылдамдатады, ал бұл өз кезегінде сізге қомақты табыс әкелетін болады.

Мысалы, ресейлік айылбастың жергілікті көтерме саудагерлердегі өзіндің құны орта есеппен 110-220 теңге болса, оның сатылым бағасы – 350-450 теңге. Мұндай баға сізді де, сіздің клиенттеріңізді де қанағаттандырады, сәйкесінше клиенттердің тұрақты сұранысын қалыптастырады, ал бұл өз кезегінде сіздің табысыңызды қамтамасыз етеді. Көлемді ақшалай салымдарды қажет етпейтінін ескерсек, қолөнершілерге арналған тауарларды сату бизнесі табысты және тиімді болып табылады.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://club.osinka.ru/topic-7678?start=225

http://www.azbukafinansov.ru/articles/index.php?article=162

http://tvoibuziness.ru/content/biznes-na-rukodelii

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қолөнер бұйымдары» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

85. Азық-түлік дүкені





  1. Жалпы ақпарат. Үйдің жанындағы азық-түлік дүкені – үлкен супер және гипермаркеттер көп болса да кез-келген жанның арманы. Азық-түлік саудасына ақша салу кәсіпкерлерге қашан да табыс әкелген, әкеле береді де.

Азық-түлік дүкенін ашудан бұрын қарастырылуы тиіс бірнеше сұрақтарға тоқталып өтейік.

Неден бастау керек? Алдымен сауданың түрі мен сіздің дүкеніңіздің көлемі қандай болатынын жоспарлап алу керек – дүңгіршек, кішкене немесе орташа дүкен. Ондағы сауда қай жолмен жүзеге асады: клиенттің өзіне-өзі қызмет көрсету түрінде ме немесе дүкенші арқылы ма?Дүкеннің орналасу жері мен оның бәсекеге қабілеттілігін де анықтап алу маңызды (табыстың кем дегенде жартысы осыған тәуелді).



  1. Ғимарат. Бастапқы кезеңде аумағы 40-50 м² болатын шағын дүкен тиімді нұсқа болады. Дүкенге ат қойып, маңдайшаға тапсырыс беру керек.

Дүкеннің орналасу жері мен бәсекеге қабілеттілігін анықтау – қиын шаруа емес. Сіздің дүкеніңіздің жанында трассалар, жолдар немесе автобус аялдамасынан таяу жердегі тұрғын үй кешеніне дейін адамдар жүретін жол болуы керек. Дүкен алыстан көрініп тұруы тиіс, іші ыңғайлы, есік алдында көліктерге арналған орынның болғаны дұрыс. Сонымен қатар, маркетингтік зерттеуді арнайы агенттіктердің көмегінсіз, жақын маңдағы бәсекелестер мен клиентердің сұранысын зерттеп, ассортимент құрып, дүкеніңіздің даму жоспары мен маркетингтік тұжырымдамасын дайындап өз бетіңізбен жүргізуге болады.

  1. Құрал-жабдықтар. Одан кейін құрал-жабдықтар алу керек. Сауда құрал-жабдықтары үш түрлі болады: мұздатқыш, кассалық және құрғақ, яғни стеллаждар (тоңазытқыш, кассалық аппарат, стеллаждар).

  2. Қызметкерлер. Қызметкерлер мамандандырылған және сыпайы болуы керек. Оларды арнайы киіммен қамтамасыз ету де маңызды.

Жарнамалық шаралар, тауар әкелушілермен және барлық заңдық құжаттармен жұмыс жасау тиянақты атқарылуы тиіс.

Витринаға көңіл бөлу – дүкенге тегін жарнама жасау. Ол жарық, сіздің сататын тауарларыңызды ұсынуға ыңғайлы болуы керек. Егер дүкеннің клиенттерді тартудағы басты маркетингтік құралы төмен баға болса, онда витринадан сол күні қандай тауарға жеңілдік берілгендігі жөнінде көрініп тұруы шарт.



  1. Сату. Кез келген бизнес маркетинг пен өткізу нарығы дұрыс жұмыс істеген кезде ғана пайда әкелетін болады. Дүкеннің орналасқан жеріне, бәсекеге қабілеттілігіне, ассортиментіне көңіл бөліңіз, сіздің табысыңыз осы факторларға тәуелді. Сіздің потенциалды клиенттеріңіз қандай екенін және таяуда не орналасқанын анықтап алыңыз: мектеп, тұрғын үй кешені, демалыс орындары және т.б. Қасыңыздағы басқа дүкендердің жұмыс істеуін бақылаңыз, сатып алушыға сіздің тауарыңыздың қаншалықты қажет екенін анықтаңыз.

Жарнамадан бас тартудың қажеті жоқ – хабарландыруларды аялдамаларға, үйлерге іліңіз, сіздің дүкеніңіздің ашылғаны туралы, әр түрлі ассортимент және төмен бағалар жөнінде бәріне жариялаңыз. Дүкеніңіздің маңынан адам қаншалықты көп өтсе, сізге клиенттер де соншалықты келетін болады.

Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

Қоғамдық тамақтану саласында азық-түлік сатып алу және жалдау ақысы бизнестегі басты шығын болып табылады.



  • 40-50 м² ғимаратты жалға алу – айына 65 000 – 70 000 теңге.

  • құрал-жабдықтар сатып алу – 70 000 – 80 000 теңге.

  • азық-түлік сатып алу – 200 000 – 250 000 теңге. Бастапқыда ең қажетті ғана тамақ өнімдерін алған дұрыс. Бірте-бірте ассортиментті толықтырып, көбейту қажет.

6.2. Табыс. Тамақ өнімдерін бөлшек саудада сату табысты болып табылады. Сіздің бизнесіңіз орта есеппен жарты жылда өз шығынын өтейді және таза табыс әкеледі.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.bizidei.ru/kak_otkryit_svoy_produktovyiy_magazin_.html

http://www.businesskompas.ru/bizplan13.html

http://www.biznes-plany.ru/gotovyie-biznes-planyi/biznes-plan produktovogo-magazina.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «азық-түлік дүкенін ұйымдастыру» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

86. Шаштараз





  1. Жалпы мәлімет. Шаштараз барлық уақытта болған және бола бермек, себебі шаш адам сұлулығын анықтайтын сыртқы бейненің негізгі элементі болып табылады. Ерлер, әдетте, екі аптада бір рет шаштарын қысқартады, сондықтан да шаштараз бизнесін табысты ету қиын мәселе емес. Маңыздысы барлығын дұрыс ұйымдастыру және «айналдыру».

Неден бастау керек? Ғимарат пен жалдамалы қызметкерлер таңдаудан бастау керек. Егер сіз өзіңіз шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсеңіз, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет. Сіз үшін уақытша шаштаразға жұмысқа орналасу тәжірибе жинақтауға көмектесетін болады. Бұлай істесеңіз, сіз «қолыңызды жаттықтырып», болашақ өзіңіздің шаштаразға келетін клиенттерді осы бастан таба бастар едіңіз. Шаштараздың кез-келген класы (элитарлы, орташа бағалы) жақсы табысқа қол жеткізе алады. Орташа деңгейлі шаштараз ашқан жөн, себебі қолжетімді бағадағы қызметке сұраныс әрдайым жоғарырақ, сондай-ақ алғашқы инвестициялық салымдар да, элиталы шаштараздармен салыстырғанда, әлдеқайда төмен. Негізінен, шаштараздың күрделі дизайнды болуы керек емес, жалдауға немесе қаланың айтулы ауданында ғимарат сатып алуға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бастапқы кезде екі кресло мен екі әмбебап маманға арналған шаштараз ашу ең жақсы таңдау болып табылады. Клиенттерге ыңғайсыздық туындатпау үшін ер кісілерге ер шаштараздың, әйел кісілерге әйел шаштараздың болуын қадағалаңыз.

  1. Ғимаратты таңдауға ерекше мән берген дұрыс, орташа бағадағы шаштараз үшін ең жақсысы – автобус аялдамасына жақын орналасқан тыныш аудандағы ғимаратты жалға алу. Шаштараз жеке тұрған ғимаратта немесе тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда орналасуы мүмкін. Пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Өжіреде (подвал) шаштараз ашуға болмайды. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Толығырақ мәліметті Сіз «Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 632 бұйрығын оқу арқылы ала аласыз.

  2. Қызметкерлер. Жалдамалы қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилігіне және психологиялық дайындығына, сондай-ақ шаштараз адамдармен, әсіресе, әйелдер қауымымен жұмыс істейтіндіктен коммуникативтілігіне де мән беріңіз. Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында, сондай-ақ коммуникативтіліктерін жақсарту үшін оларды оқытуға уақыт және ақша бөлуге кеңес береміз. Қызметкерлерді салалық оқу орындарынан іздеген жөн, баспа беттеріне, интернетке жарнама беру немесе кадрларды таңдау агенттілігіне хабарласуға да болады.

  3. Шаштараздың қызмет көрсету спектрі өте ауқымды - бұл шаш қысқартудың, бұйралаудың, сәндеудің, емдеудің әртүрлілігі.

Шаштараздың бизнестің аралас түрлерін ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін естен шығармау керек, мысалы, онда шаш және тырнақ күтімі үшін қажетті тауарларды сатуға әбден болады. Сонымен қатар, қосымша табыс табу үшін шаштараз ішіне өз кезегін күтіп отырғандарға арналған кофе және басқа да сусындары бар сауда автоматтарын қоюға болады.

Сіздің шаштаразды бәсекелестерден ерекшелейтін, клиенттеріңізге жағымды, ұнайтын ұсақ-түйектерге де мән беріңіз. Клиенттеріңізге сапалы қызмет көрсету, жақсы, жылы шырайлы мамандардан басқа не ұсынуға болады? Клиенттер үшін екі параметр өте маңызды: қолайлылық және өзіндік қайталанбас атмосфера, яғни телефон арқылы жазылуға мүмкіндік, желдеткіш, күтіп отыруға ыңғайлы орындықтар, теледидар, жаңа журналдар, жағымды әуен, қызықты безендіру, тірі гүлдер, плакаттар және т.б.



  1. Шаштаразға арналған құрал-жабдықтар. Жабдықтарды таңдауда баға мен сапаның оптималды сәйкестігіне сүйену керек. Дегенмен, клиенттер үшін қолайлы жағдай туғызуда үнемдеудің қажеті жоқ, ыңғайлы креслолар, шаштараз жуғыштарын, сенімді электр құралдарын таңдаңыз. Мысалы итальяндық айна сатып алу міндетті емес, қытайлық сапалы айнаны да қолдануға болады.

Сізге құрал-жабдықтардың ішінен мыналар қажет: құрғатқыш, шаш қысқартатын машинка, фен, айнасы бар шкаф-тумбочка, гидравликалық кресло, креслосы бар жуғыш, айна.

Сондай-ақ, Сіз мынадай жабдықтар мен заттарды алуыңыз керек: әртүрлі формадағы тарақтар, массажды тарақ, қайшылар, шаш бояулары, сабынсулар (шампунь), химиялық бұйралауға арналған заттар, бигудилер (ірісі, орташасы, ұсақтары), шаш сәндеуге арналған заттар (лак, воск, пенка), сүлгілер мен жамылғылар.



Жарнама. Маңдайша жазу өзінше жарнаманың бір түрі деуге болады. Ол қымбат болмай-ақ, бірақ міндетті түрде стильді, зейін аударарлықтай болуы керек. Жақын маңдағы үйлерге, адамдар легі көп жерлерде жарнамалық парақшалар таратуға болады. Шаштараз үшін ең жақсы жарнама – көрсететін қызметтің сапасы.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

    • ғимаратты жалдау – 30 м² * 1 000 теңге = 30 000 теңге.

    • құрал-жабдықтарды сатып алу – 150 000 теңге.

    • басқа да керекті заттар – 40 000-45 000 теңге.

Барлығы: 220 000 теңге.

6.2. Табыс:

Егер шаш қиюға бір сағат кетеді деп есептесек, онда бір күнде сіз 5-6 адамға қызмет көрсете аласыз * 1500 теңгеден бастап (шаш қиюдың орташа бағасы) = күніне 7 500 теңге.

Бастапқы кезде екі шаш шебері жұмыс істейді деп есептесек, онда 5 адам * 2 шебер * 1 500 теңге = күніне 15 000 тенге.


  1. Пайдалы сілтемелер:

http://bizidei.ru/content/view/112/1

http://coolidea.ru/business-plan/services/salon-krasoty/

http://www.ceae.ru/biznes-plan23.htm

http://karpattour.narod.ru/87654320.htm

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шаштараз» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

87. Төсек жабдығын тігу



1. Жалпы ақпарат. Төсек жабдығы – төсекті жабдықтауға арналған, матадан жасалған бұйым. Төсек жабдығына матадан жасалған сейсеп, ақжайма, жастық тысынан тұратын бірегей жиынтық кіреді. Көлеміне қарай оның мынадай түрлері бар: бір кісілік, бір жарымдық, екі кісілік. Төсек жабдығы сапалы, жұмсақ, түсі ашық маталардан тігілуі керек. Көбінесе оны мына мата түрлерінен тігеді: зығыр (лен), мақта, жібек.

2. Ғимарат. Егер үйіңізде артық бос бөлме болса, онда сол бөлмеде жұмыс істеуден бастаған дұрыс. Ал бизнесіңіз біршама жүрген кезде арнайы орынды жалға алатын боласыз.

3. Жабдықтар, құрал-саймандар, қажетті материалдар.

Тігін машинкасы. Егер сіздің оверлогы мен түрлі операциялары бар қымбат тігін машинкасын сатып алуға мүмкіндігіңіз болмаса, кез келгені жарайды. Оның қымбатын алу міндетті емес.

Мата. Дүкен не мата қоймасын іздеңіз. Көзге ұнамдысын алыңыз. Жоғарыда айтып өткендей, сапалы мата таңдау керек. Алайда сіз арзанға тігемін десеңіз, онда арзан маталар да алуға болады. Матаны ораммен алған арзанырақ. Өзіңіз тұратын жерден матаны жаппай сататын қоймаларды іздеп көріңіз.

Жіптер. Көп жіп керек. Сондықтан бірден көп мөлшерде алған дұрыс, оның түсі матаға сай болу керек.

Қайшы мен үлкен сызғыш. Сіз үлкен көлемдегі маталармен жұмыс жасайсыз, сондықтан жақсы қайшы мен ұзын сызғыш алу қажет. Оған қоса үлкен үстел керек. Алайда еденде де жұмыс жасауға болады.

4. Технология. Төсек жабдығын тігуден бұрын алдын-ала өлшеп, есептеп алу керек. Алдымен сызба жасап алыңыз. Матаны ысырапсыз пайдаланып, нақты өлшеммен кескен жөн. Көбінесе маталардың ені – 1,5 м, 2,2 м. Төсек жабдығын тігу барысында белгіленген стандарттарды сақтау керек.

Мысалы, балаларға арналған төсек жабдығының стандарттары мынадай: сейсеп – 100 х 150, ақ жайма – 120 х 180, жастық тысы – 35 х 45. Жастықтың тысы екеу болу керек.



Бір кісілік төсек жабдығы: сейсеп - 160х220, ақ жайма – 180 х 240, жастық тысы – 70 х 70 (кейде 50 х 70).

Екі кісілік төсек жабдығы: сейсеп – 200 х 220, ақ жайма – 220 х 250, жастық тысы 70 х 70 (немесе 50 х 70). Сонымен қатар, отбасылық жиынтықтар бар, онда екі сейсептен болады. Төсек жабдығының осы түрімен сіз клиенттерді тарта аласыз. Өйткені ондай жиынтықтар барлық жерде сатылмайды. Өлшемдермен алдын-ала жұмыс жасап, сызба сызып алғаннан кейін пішіп, кесуге болады.

Келесі кезекте – тігу. Түзу жолмен тігу ең басты шарт болып табылады. Түзу жолдан ешқашан да ауытқымау керек. Содан кейін үтіктеу қажет. Жақсы үтіктеу дайын өнімнің сыртқы келбетін аша түседі.



5. Қызметкерлер. Бастапқы кезеңде қызметкерлер алмай, өзіңіз ғана жұмыс жасауға болады.

6. Өткізу. Алғашқы кезеңде өз таныстарыңыз бен көршілеріңізге сата аласыз. Сонымен қатар, балабақшалар мен басқа да мекемелерді аралап шыққан жақсы нәтиже береді. Ең дұрысы – базарлармен, дүкендермен төсек жабдығын тұрақты түрде жеткізіп тұру туралы келісу. Сондай-ақ, төсек жабдығын арнайы тігетініңіз туралы жарнама беріп қоюға да болады. Жақсы тауарға деген сұраныс әрқашан да жоғары.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • тігін машинкасы - 16 000 теңгеден бастап.

  • стандартты бір жиынтық төсек жабдығын тігу үшін 12 м мата * 100 теңге (1 м құны ) = 1 200 теңге. 10 жиынтық тігу барысында сіз 12 000 теңге жұмсайсыз.

  • жіптер – 10 дана * 50 теңге = 500 теңге.

Барлығы: 28 500 теңге.

7.2. Табыс:

Бір жиынтық төсек жабдығы 3500 теңге тұрады, тиісінше, сіз айына 10 жиынтық әзірлейтін болсаңыз, 3500 теңгеден = 35 000 теңге болып шығады.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.liveinternet.ru/users/3046867/post121235895/

http://blog.kp.ru/users/kotik55/post131740417/

http://www.liveinternet.ru/users/3562261/post132123399/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «төсек жабдығын тігу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

88. Тапсырысқа перде тігу





  1. Жалпы ақпарат. Қазіргі кезде үй-жайды перде сияқты маңызды құрамды бөліксіз елестету мүмкін емес. Олар өзіндік әдемілігі арқасында декордың өте функционалды және пайдалы элементтері болып табылады. Сонымен, қонақтарға арналған бөлмедегі перделер өзінің сыртқы сұлулығымен ерекшеленіп қана қоймай, дыбыс бәсеңдету, көше шаңы мен ас үй ысынан және күн сәулесінен қорғау мақсатында қолданылады. Перделер интерьердің артықшылықтары мен стилін айқындап, қонақтардың назарын аударып тұратын немесе керісінше, бөлмедегі басқа да қалған заттармен сәйкестенетін элемент ретінде қарастырылады.

Тапсырысқа перде тігу бизнесі қомақты бастапқы салымды, ғимарат пен құрал-саймандарды жалға алуды қажет етпейтіндігімен тиімді. Егер сіз тіге білсеңіз, онда өз еңбегіңізбен ақша табуыңызға болады.

  1. Перде түрлері:

    • классикалық перделер

    • француздық перделер

    • аустриялық перделер

    • римдік перделер

    • жапондық перделер

    • орама перделер

    • плиссе перделері

    • бамбук перделері

    • ламбрекен

    • маркиз

  1. Ғимарат. Бастапқы кезеңде бұл бизнеспен сіз үйде отырып айналыса аласыз. Алайда, барлық келушілер кез келген уақытта кіре алатын, шағын перде тігу ательесін ашсаңыз пайдалы болады. Барлығы сіздің бастапқы капиталынызға байланысты екенін атап өтуіміз керек. Егер ателье ашуға ақшаңыз болмаса, онда, әрине, алғашында перделерді үйде тігуге әбден болады. Ал сіздің бизнесіңіз жақсы табыс әкелген кезде, ателье ашып аласыз.

  2. Құрал-саймандар. Тігін машинасы, маталар, жіптер, аксессуарлар.

  3. Технология. Пердеге мата мен фасонды таңдамас бұрын бірнеше негізгі ережелерді білу керек. Біріншіден, перделер түсі мен стилі бойынша берілген ғимарат интерьеріне сәйкес болуын қадағалау қажет. Болашақта перденің қандай болып шығатынын көз алдыңызға нақты елестете алу өте маңызды, содан соң, қағаз бетіне қарындашпен эскиз жасауға болады. Перде тігуге мамандандырылған журналдар мен интернет сайттарынан дайын үлгілерді табуға болады.

Сәйкес модельді таңдап, қажетті матаны сатып алған соң перделерді тіге беруге болады. Маталармен жұмысты бастамас бұрын оны жақсылап сулап алу керек және дұрыстап үтіктеу қажет. Себебі кейбір маталар өндіріс кезінде өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін.

Пердені пішу кезінде матаның беткі жағын жоғары қарату қажет. Содан соң перденің төменгі шегін анықтап, матаның жанама бөлігіне перпендикуляр сызық жүргізу арқылы оны біркелкі ету керек. Матаны осы сызық бойынша кеседі. Содан соң перденің ұзындығын белгілеп, жанама бөлікке перпендикуляр сызық бойынша матаны кесеміз. Перденің екінші бөлігін матаның суреттерін келтіріп алғаннан соң аналогиялық түрде үлгілеу керек. Перденің екі бөлігі дайын болған кезде оларды астынан тігеді, ал үстіңгі шетіне перденің карнизге бекуі үшін арнайы лента жасалады. Содан кейін дайын пердені кесте, шілтер, қылқалам, әшекейлі тоқыма баулар арқылы сәндеуге болады.

Перде тігу кезінде үш негізгі өлшем қолданылады, олар стильді және фасонды таңдау кезінде шешуші рөл атқарады. Перделер үш ұзындықта болады – А, В, С. А ұзындығы терезе алдына дейін болады, В ұзындығы одан 15 см төмен, С ұзындығы – еденге дейін.


  1. Қызметкерлер. Бастапқыда қызметкерлер көмегінсіз жұмыс істеген жөн. Сіз бірнеше эксклюзивті перделер жасап, оларды өз ательеңізге іліп қоюыңызға болады. Сатушы ретінде жанұя мүшелерін тартыңыз.

  2. Өнімді өткізу. Перде тігу бизнесіне байланысты БАҚ-тағы жарнамалар тиімді саналады, парақтарды тарату арқылы немесе «ұзынқұлақ» механизмі көмегімен жарнама жасау қолайлы болып табылады. Жарнама негізгі және қосымша клиенттерді тартады.

  3. Болжамды есептеулер.

8.1. Шығыстар:

    • материал сатып алу, орта есеппен, метріне 250-1500 теңге, (матаның түрі мен сапасына байланысты), жалпы сомасы 30 000 теңгеге материалдың әр түрін сатып алуға болады.

    • ғимаратты жалға алу – 10 м² * 1 500 теңге = айына 15 000 теңге.

    • аксессуарлар, қосымша материалдар – 10 000-15 000 теңге.

    • тігін машинасы, (болмаса ) – 13 000-15 000 теңге.

Қорытынды: 68 000-75 000 теңге.

8.2. Табыс:

Пердені тігу күрделілігіне байланысты 3 000-8 000 теңге тұрады. Бір күнде 5-6 перде тігуге болады * 3 000 тенге = 15 000 тенге * 24 жұмыс күні = айына 360 000 теңге.



9. Пайдалы сілтемелер:

http://www.adieurope.com/node/7

http://www.selenadecor.ru/

http://www.chaoslend.ru/shtory/shyom

http://textildesign.ru/index.php?option=com_content&task=view&id=176&Itemid=214

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «перде тігу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

89. Декоративті тас өндіру





  1. Жалпы ақпарат. Жасанды тас – қаптаушы тас ретінде қолданылатын ерекше өңделген құрал. Декоративті тасты бүгінгі күні шебер-көркемдеушілер кеңінен қолданады. Сыртқы және ішкі қаптау жұмыстарға жасанды тасты пайдаланатын шеберлердің саны күннен күнге өсіп келеді.

Жасанды декоративті тас өндірісімен айналысудың бір артықшылығы арнайы орын-жайды жалға алудың қажеті жоқ, өзіңіздің саяжайдағы үйіңіз ыңғайлы орын бола алады. Сізге керегі - өлшеу құралы, дрель мен форма. Бұл заттарды құрылыс материалдарын сататын дүкендерден таба аласыз.

Жасанды тас өндіру үшін виброүстел керек. Өндірістің мұндай әдісі «виброқұйма» деп аталады. Алдын ала дайындалған қоспа аппараттағы формаға салынады, содан кейін одан әрі дайындау үдерісі жүреді. Декоративті тас түрлі-түсті болып шығу үшін бояғыш ұнтақ қосу жеткілікті.



  1. Құрал-жабдықтар. Аталған бизнес идеяны жүзеге асыру үшін сізге мынадай құрал-жабдықтар керек: виброүстел, виброелеуіш, бетонараластырғыш, декоративті тас өндіруге арналған формалар.

  2. Өндіріс технологиясы. Технологиясы мүлдем қиын емес: бетон қоспа пластик формаларға салынады. Форма виброүстелге қойылады (үстіңгі қабаты үнемі қозғалып тұратын арнайы үстел), сол жерде біраз тұрады. Бетон қоспасы формада біраз тұрғаннан кейін, форма үстелден алынып, 48 сағатқа жылы жерге қойылады. Содан кейін ішінен дайын өнім шығады.

Дайын декоративті тасты жақсылап кептіру керек. Өнім деформацияланбас үшін оны жалпақ қатты жерге қою керек.

Виброқұйма барысында сұйық бетон қолданылады, оған пластик қосымшалар қосылады. Бұл арқылы бетон өнімдері өте мықты болады – виброқұйма әдісі арқылы төзімділігі жоғары жаяужол плиткалары, басқа да бетон өнімдері жасалады. Өндіру барысында «виброқұйма» әдісін қолдану декоративті эффект алу үшін қажет. Технология вибрацияға негізделген, ал бұл технология нәтижесінде бетон қатты тығыздалады. Аталған әдіс арқылы мықтылығы жоғары күрделі бетон құрылыстарын жасауға болады.



  1. Өткізу. Клиенттерді жергілікті газеттерге жарнама беру немесе түрлі жерлерге хабарландырулар іліп қою арқылы табуға болады. Адамдармен жұмыс жасау барысында түрлі-түсті буклеттер таратқан дұрыс. Клиенттермен жұмыс жасау үшін жұмыстарыңыздың үлгілері бар фотоальбом, каталог жасаған жөн.

Декоративті қапталған тас өндірісін осы салаға қатысы бар компаниялармен бірігіп, тапсырыс бойынша жолға қоюға болады. Олар қажетті материалдарды жеңілдікпен ұсынады, кейіннен сол затты өздері сізден сатып алады.

  1. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

    • виброүстел – 90 000 теңгеден жоғары.

    • виброелеуіш – 20 000 теңге.

    • бетонараластырғыш – 30 000 теңгеден жоғары.

    • декоративті тас өндіруге арналған формалар – 8 000 теңге.

    • цемент – 1 кг * 300-400 теңге * 100 кг = 30 000-40 000 теңге.

    • құм – 14 кг * 110-120 теңге * 100 кг = 11 000-12 000 теңге.

Барлығы: 189 000 теңге.

5.2. Табыс:

1 м ² декоративті тастың өз бағасы - 30-45 теңге, нарықтағы бағасы – 250-300 теңге. Осылайша, күніне 20 м² жасасаңыз * 250 теңге * 30 күн = айына 150 000 теңге табыс таба аласыз.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.4stone.ru/video.html

http://www.manufacturer.su/articles/1635/

http://www.interwork.ru/allbizhistory/decor.htm

http://www.hobiz.ru/lib/kamen/tehnology/

http://www.dekor-kamni.ru/print.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «декоративті тас» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

90. Қолдан жасалған ойыншықтар өндірісі





  1. Жалпы ақпарат. Біз, әрине, аю, қоянды үнемі сатып ала береміз, бірақ адамдар қолдан жасалған ойыншықтың жалғыз үлгісін иемденгісі келетіні туралы жиі ойланады.

Қолдан жасалған заманауи ойыншықтар кішкентай балалардың жүрегінен маңызды орын ала алатыны сөзсіз.

2. Ғимарат. Ғимарат шағын болуы мүмкін. Ғимаратты жалға алмай жұмыс істеуге де болады, бірақ клиентпен қалай және қай жерде келісетініңізді, жұмыс істеу орнын алдын ала шешіп алу қажет. Шағын, бірақ жақсы жабдықталған ателье бизнестің тиімділігін арттырады және қосымша модельдерді арнайы тапсырыссыз сатуға мүмкіндік береді.

3. Құрал-жабдықтар. Тігін машинасы және шағын үстел.

4. Технология.

а) Жұмсақ ойыншықтарды тігу үшін төмендегі заттар қажет:

  • мата, тері, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары.

  • фурнитура – түймелер, ілгектер, моншақтар немесе жұмсақ ойыншықтың көздерін, мұрнын жасау үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар;

  • инелер, өлшемі жұмсақ ойыншықтың көлеміне байланысты: ойыншық неғұрлым көлемді болса, ине де соғұрлым үлкен болуы тиіс;

  • тігін қайшысы мен оймақ;

  • біз, кемпірауыз, сым, картон – ойыншық каркасын жасауға және фурнитураны монтаждауға арналады;

  • арнайы бор, сызғыш, метр, ойыншықтың пішінін дұрыс жасау үшін көшірме қағаз;

  • үтік, тігудің алдында әр бөлшекті жақсылап үтіктеу үшін;

  • тігін машинасы мен жіптер;

  • қосымша материалдар, мысалы, мақта, синтепон, поролон.

Жұмсақ ойыншықтарды дайындау әдістері:

1) пішуден тігуге дейін барлығын қолмен жасау;

2) маманданған журналдар мен сайттардың кеңестері мен дайын үлгілерінің көмегіне жүгініп, бар нәрселерден ойыншық тігу;

3) жұмсақ ойыншықтар тігу үшін дүкеннен арнайы материалдар жиынтығын сатып алу – онда мата, дайын үлгілер, ойыншық ішін толтыратын арнайы материалдар, фурнитура мен тігуге қатысты нұсқаулар, кейде құралдар да болады.



б) Тоқылған ойыншықтар. Егер сіз тоқи алсаңыз, ойыншықтарды қиналмай жасауға болады. Ол үшін ши мен жіп қана қажет. Бұларды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады.

5. Қызметкерлер. Егер сіз тіге алмасаңыз немесе тоқи алмасаңыз, онда кәсіпорныңызға жұмысшылар жалдауға тура келеді. Ол үшін газетке немесе интернетке жарнама беру керек. Жұмысшылар тапсырыстарды үйінде орындап, дайын ойыншықтарды сізге әкеліп тұрады.

6. Өткізу нарығы. Тұрақты сұраныс жағдайында қолдан жұмсақ ойыншық жасау, мысалы, туристерге кәдесый ретінде, шынайы отбасылық бизнеске айналып кетуі әбден мүмкін. Дайын өнімдерді жеке дүкендерге немесе шағын балалар дүкеніне сатуға беруге болады.

7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • мата – 2 000-3 500 теңге (матаға байланысты ).

  • фурнитура – 1 000-1 500 теңге.

  • тігін машинасы (болмаса) – 14 000 теңге.

  • қосымша материалдар, жіптер – 2 500-3 000 теңге.

  • 1 ойыншыққа төлем– 1 500 теңге * 5 дана = 7 500 теңге айына.

Барлығы: 29 500 теңге.

7.2. Табыс: 1 ойыншықты сату 3 500 - 6 000 теңге (аймаққа байланысты), күніне 4 ойыншық * 3 500 теңге * 24 жұмыс күні = айына 336 000 теңге.

8. Пайдалы сілтемелер:

http://olyaruss.com/view_post.php?id=61

http://mama.darievna.ru/tag

http://moikompas.ru/tags/igrushki

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қолдан ойыншық жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

91. Қолдан жасалған сабын өндірісі



1. Жалпы мәлімет. Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау– көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған. Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.

Қолдан жасалған сабын несімен тартады?

- бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.

- тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды.

- қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.

- сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы, түсі, көлемі, пішіні- барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.

- қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.

2. Дайындау технологиясы. Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес. Ғимаратты жалға алудың және арнайы құрал-жабдықтар сатып алудың қажеті жоқ. Сабынды үй жағдайында жасаймыз. Сабынды қолдан жасаудың жеңіл тәсілдеріні бірі манадай:

Дайындау үшін не қажет?

- сабын (мүмкіндігінше балаларға арналған сабын болғаны дұрыс, оның қатты иісі жоқ әрі қымбат емес);

- майлар: миндаль, кедр, бүрген. Бастысы - иісі қатты шықпау керек;

- эфир майлары (лимон, лаванда, шай ағашы және т.б.);

- толықтырушылар (кептірілген гүлдердің жапырақтары);

- сабын массасын араластыру үшін су;

- булау үшін ыдыс;

- формалар (мүмкіндігінше шыныдан болмауы керек).

3. Процесс.

1) Сабынды майда үккіштен өткізіңіз. Көптеген сабын жасаушылар сабынды алдын ала күннің астына немесе ыстық батарея үстіне қойып алуды жөн көреді. Өйткені үккіштен өткізу кезінде сабын шаңы көп шығады

2) Майлардан 1 қасықтан (егер май біреу болса, 2-3 қасық) және глицериннен 1 қасық алыңыз. Барлығын араластырыңыз. Ыдысты буға қойыңыз.

3) Майды қыздырыңыз. Сабынды салыңыз. Мүмкіндігінше барлығын бірге емес, кішкентайдан. Май тезірек еруі үшін ыстық су құйып отырыңыз.

4) Сабын сұйық қамырға ұқсай бастағанда, бірнеше тамшы эфир майларын құйыңыз. Эфир майының әр тамшысынан кейін жақсылап араластырыңыз.

5) Толықтырғыш қосып, араластырыңыз. Кейбіреулер толықтырғыш ретінде ұнтақталған кофені қолдануды дұрыс деп есептейді, бұдан сезімтал тері үшін ерекше жұмсақ әрі табиғи скраб шығады. Көбісі үккіштен өткізілген тропик жемістерін қолданады, мысалы: банан.

6) Сабынды формаларға құйып шығыңыз. Суыған кезде мұздатқышқа қойыңыз. Дайын сабынды бүтіндей алу үшін форманы ыстық су құйылған ыдысқа қойыңыз, бірақ көп уақытқа емес, әйтпесе сабын ери бастайды.

7) Кептіріңіз (1-2 күн).



3. Өткізу нарығы. Бизнестің қарқынды даму үшін жолға қойылған маркетинг пен жақсы жарнама қажет. Сәтті үлгілердің барлығын суретке түсіріңіз, портфолио жасап қойыңыз, әрбір суреттің қасына өнімнің құрамын жазыңыз, әйтпесе сіздің қызық әрі ерекше өнім ұсынып отырғаныңызды түсіндіру қиын болады. Алғашқы клиенттеріңіз ретінде таныстарыңыз, аулада қыдырып жүретін балалары бар аналар мен бірге жұмыс істейтіндер болады. Сіздің өнімдеріңізді косметика және парфюмерия дүкендері, сұлулық салондары және т.б. сатып алуға әрқашан дайын.

Өнімді мерекелер алдында жарнамалаған дұрыс болады. Табиғи қайың иісі бар шырша түріндегі сабын немесе гүл түріндегі соған лайықты иісі бар сабын – бұл қайталанбас әрі арзан сыйлық. Сіз алдын ала бірнеше сабын жасап, кеңселік мекемелерге барып өнімді ұсынып, тапсырыс алуыңызға болады. Сыртқы қорапшасын ойластыруды ұмытпаңыз.



4. Болжамды есептеулер.

4.1 Шығыстар. Шығындарға сабынды дайындау үшін қажетті қоспаларды сатып алу кіреді. 8-10 бөлік сабын жасауға орташа есеппен, 3000-5000 тенге кетеді. Барлық қажетті қоспаларды кез-келген дәріханадан сатып алуға болады.

4.2 Табыс. Бірінші кезекте өнімге кеткен шығынды есептеп, өз өніміңіздің құнын анықтаңыз. Мысалы, өнім құрамында табиғи заттардың болуын, қолдан жасалғанын ескере отырып, бір сабынның құны 700 теңге немесе оданда жоғары болуы мүмкін. Өзіндік құны бірнеше есе арзан болғандықтан қолдан жасалған сабынды дайындау бизнесінің кірісі мол болатыны айқын.

5. Пайдалы сілтемелер:

http://www.sense-life.com/hands/milo.php

http://funny-soap.ru/

http://mylko.ru/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қолдан сабын жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

92. Сәндік бұйымдарды қолдан жасау

Жалпы ақпарат. Егер сіз тіге алсаңыз, жасанды гүлдер жасай білсеңіз, былғары, бисер және қауырсынмен жұмыс істей алсаңыз, онда сіз дизайнерлік заттарды қиындықсыз шығара аласыз. Алдымен адам өз брендіне, сосын бренд адамға қызмет етеді.

Қолдан жасалған сәндік бұйымдардың кең тарауы бұл бизнес түрінің дамуына жол ашты.


  1. Ғимарат. Бұл қызмет түріне арнайы ғимаратты жалға алудың қажеті жоқ. Бастапқыда бұл бизнеспен үйде айналыса аласыз.

Кейінірек, бизнесіңіз дамып, тұрақты клиенттер пайда болған кезде сәндік қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету орталығын ашуыңызға болады. Бұл сіздің қосымша табысыңыз. Оның үстіне шәкірттеріңіздің жұмыстарын көрмеге шығарып, сатуға болады. Бұл кезде адам санына байланысты арнайы ғимарат қажет.

Ең дұрысы 10-12 адамнан тұратын топтар құру, сабақ 2 сағат жүруі керек, арасында 30 минут үзіліс жасасаңыз болады. Сонда орталық 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істесе, жалпы 10 адамнан тұратын 4 топқа сабақ беруге әбден болады. Сонда ай сайынғы табыс: егер оқу құны 500 теңге/сағ. болса * 40 адам * 24 жұмыс күні = 480 000 теңге.



  1. Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес түріне арнайы құралдар-жабдықтар қажет емес. Бірақ, сіз бисер, жіп, тастар және т.б. қажетті материалдарды артығымен алып қоюыңыз керек.

  2. Технология. Әшекейлерді жасау жөніндегі идеяларды эксклюзивті тауарлар сайтынан немесе қолөнер форумдарынан алуға болады.

Алдымен, 10-20 дизайн-жобаны құрып, оны потенциалды клиенттерге ұсыну керек. Сатып алушылар көтерме фирмалар, бөлшек дүкендер, жеке клиенттер болуы мүмкін. Түрлі жерлерге жарнамалар беріңіз.

Арнайы дүкендерге барып, ондағы тауарларды зерттеп жүріңіз.



  1. Өткізу. Сіздің бизнесіңіздің дамуы және тауарларыңыздың көтерме бағамен сатылуы үшін өз жұмыстарыңыздың портфолиосын жасау керек. (жұмыс үлгілерін жинау). Арнайы мамандарға барып, сапалы суреттерге тапсырыс беріңіз, бұл сіздің визиткаңыз болмақ.

Әр шебердің өзінің арнайы сайты болады. Немесе ең соңғы коллекция, үлгілер жиналған жалпы сайттар бар. Оларды күнде қарап отыруды өз жұмыс кестеңізге қосыңыз. Бұл сіздің табысты жұмыс істеуіңізге септігін тигізеді.

  1. Болжамды есептеулер.

    1. Шығыстар:

  • портфолио құру, ол үшін сізге кәсіби фотограф көмегі керек. Оның қызметі шамамен 13 000-15 000 теңге.

  • қажетті материалдар = 10 000-12 000 теңге.

Барлығы: 30 000 теңге.

    1. Табыс:

Мысал ретінде табиғи тастардан жасалған моншақты алсақ. (Ұзындығы– 60 см. Ілгіш ұзындығы – 3,5 см.) Құны – 6 700 тенге.

Қарапайым әшекейлер бағасы 2 500 теңге.



  1. Пайдалы сілтемелер:

http://biseroplet.ucoz.ru/

http://igrushka.kz/vip86/ukra.php

http://www.babyblog.ru/community/post/fiesta/504756

http://www.denprazdnika.ru/encyc/28/49/

http://www.detki-monetki.biz/?p=106

http://www.sense-life.com/hands/biguteriya.php

http://www.magic-beads.ru/

http://www.liveinternet.ru/showjournal.php?journalid=3583543&tagid=1996928

http://art-lepota.mirtesen.ru/blog

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сәндік бұйымдар жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

93. Кілт жасау, құлып жөндеу





  1. Жалпы ақпарат. Кілт жоғалту – өте кең тараған құбылыс. Адамдар оларды жиі жоғалтады және де көбіне таппайды. Сәйкесінше, кілт жасау бизнесінің қызметі әрдайым біршама сұранысқа ие. Мұндай қызметті жиі қажетсінетін клиенттер тұрақты тапсырыс берушілерге айналатыны әбден мүмкін.  

Потенциалды клиенттер ретінде кабинеттері көп, сәйкесінше кілттері де көп әртүрлі мекемелерді атауға болады. Олар – ауруханалар, мектептер, қонақ үйлер, балабақшалар, салық ұйымдары және т.б. Клиенттердің біраз бөлігін қарапайым адамдар да құрайды.

  1. Ғимарат. Кілт дайындау ісімен айналысу үшін көлемі 4 м²-дей шағын ғимарат жеткілікті. Ол кез келген адам көп өтетін, тіршілігі қызу орында орналасуы мүмкін. Ондай жерлерге автобекеттер, теміржол вокзалдары, сауда орындар, базарлар, супермаркеттер, дүкендер, көлік базарлары және т.б. жатады. Сондай-ақ бұл бизнеске орын таңдаған кезде сол маңайда бәсекелестердің болмауын ескеру керек.

  2. Құрал-жабдықтар. Кілттер жасау және оларды кодтау үшін арнайы құрал-жабдық қажет. Мұндай жоғары сапалы құрал-жабдықтарды итальяндық өндірушілер ұсынады, бір станоктың бағасы 150 000 теңгеден кем емес. Қытай өндірушілерінің станоктары 75 000 теңгеден 120 000 теңгеге дейін тұрады, бірақ олардың сапасы төмен болып, қызмет көрсету мерзімі бір жылдан аспауы мүмкін. Тағы бір бағасы сапасына сай құрал – жабдықтың түрі – ресейлік өндірушілердікі, оны алу біршама қолайлы. Сонымен, үш станоктан тұратын жиынтық 140 000 теңгеден де асып кетуі мүмкін. Ресейлік станоктарды пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар. Солардың бірі ретінде ауыстыруға қажет бөлшектерге деген қол жетімділікті атап өтуге болады. Қажет болған жағдайда оларды алып келу аса бір қиындық тудырмайды.

  3. Технология. Бір кілтті дайындаудың өзіндік құны бар болғаны шамамен 50 теңгені құрайды. Дайын кілт бағасына әдетте 600%-дан кем емес үстеме ақы қосады. Оның үстіне, бір кілтті жасау үшін оның күрделілігіне қарай 1- 3 минуттай ғана уақыт кетеді.

Атап өтетіні, кілт жасаумен қатар тағы бірнеше қызмет түрлерін көрсетуге болады, мысалы, түрлі құлыптарды жөндеу мен сату, оларды орнату, пышақтар мен қайшыларды қайрау.

Кілттерді жасау үшін қажетті материалдарды станок жасайтын фирмалардан сатып алуға болады. Әдетте оларды қамтамасыз етуші бір фирма сатады.



  1. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:

  • станок – 140 000-150 000 теңге.

  • 4 м² ғимаратты жалға алу– 6 000 теңге.

  • кілт жасау үшін қажетті материалдар – данасына 30-150 теңге.

Барлығы: шамамен 180 000 теңге.

    1. Табыс:

Мысалы, егер Сіз сағатына 10 кілт жасайтын болсаңыз, онда 6 сағаттық жұмыс күні ішінде 300 теңгеден 60 кілт дайындай аласыз, ал бұл күніне 18 000 теңге болады.

  1. Пайдалы сілтемелер:

http://www.silca.spb.ru/

http://www.roskey.ru/

http://www.keyservice.ru/workshop/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «кілт жасау», «құлып жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

94. Жастықтарды қайта жөндеу, қауырсын тазалау



1. Жалпы ақпарат. Баршамызға ортақ бір мәселе бар: біз жастықтарды көп уақыт бойы пайдаланамыз, сол уақыт ішінде олар ластанады, ішіндегі мамығы кірлей бастайды. Кейбір қауырсындар жастыққа қайта салуға мүлдем жарамай қалады. Оларды жарамдылық уақытынан ерте тастамау үшін кем дегенде жылына бір рет қайта жөндеп отыру керек. Жастықтар мен қауырсындарда паразитті микроағзалардың 10 шақты түрі мекендей алады. Соның ішінде ең басты аллергия тудырушы – шаң кенесі, ол шаңмен бірге жастықтың, қауырсынның және жамылғыштың ішіне кіруі мүмкін.

Осыған байланысты қауырсынды немесе жастықты құрғақ тазалау қажеттілігі пайда болады. Алайда қазіргі уақытта жастықтарды қайта жөндеу қызметін ұсынатын мекемелер өте аз. Бұл аталған саланың жеткілікті түрде дамымағанын көрсетеді, жастықтарды тазарту бизнесін ашу – көп адамның ойына келе бермейтін кәсіп.

Қазіргі кезде болашақ кәсіпкерлер өз бизнес түрін таңдау кезінде, ең алдымен, ол бизнестің танымалдығы мен ұсынатын өнімі мен қызмет түрінің тұтынушылар тарапынан қаншалықты сұранысқа ие екеніне мән береді. Сол себепті қазіргі уақытта ұялы телефон сататын дүкендер, шаштараздар, киім-кешек дүкендері кең таралған, ал бұл онша дамымаған бизнестің түріне көп адам көңіл аудармайды.

Алайда бұл, аталған бизнес түрінде оның алғашқы бастаушысы болуға, яғни нарықтың басым бөлігін бірінші болып жаулап алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, көрсетілген бизнес түрін жүзеге асыра отырып, қызмет түрлерін кеңейтуге болады. Мысалы, қауырсынды кептіру мен тазалаудан бөлек, клиенттерге жастықтың тысын немесе қауырсынды түгел ауыстыруды ұсынған дұрыс, мұның барлығы жастықты қайта жөндеуге жатады. Сонымен қатар, түйе құстың немесе күрке тауықтың қауырсындарымен толтырылған ерекше жастықтарды сатуды да жүзеге асыру қомақты пайда әкеледі.

Мұның барлығы сізге тек табысты өсіруге ғана емес, сондай–ақ потенциалды клиенттердің санын көбейтуге де мүмкіндік береді. Сондықтан жастықты қайта жөндеу бизнесі үлкен мүмкіндіктерге ие, себебі ол әлі қанағаттандырылмаған қызметтерді ұсынады, ал оларға деген сұраныс баршылық, ал бұл өз кезегінде бизнесті ұйымдастыру үшін жағдайдың бар екенін көрсетеді.

Алайда, бұл бизнестің өзіндік шарықтау мен түсу маусымдарының бар екені байқалады. Мысалы, жаз мезгілінде, маусым мен қыркүйек аралығында сіз жұмыспен барынша қамтамасыз етілесіз.



2. Ғимарат. Жастықтарды қайта жөндеу бизнесін бастаудың бірнеше нұсқалары бар. Ең оңай және тез арада жүзеге асатын нұсқасы – кішігірім сауда нүктесін ашу. Яғни қауырсынды тазалайтын негізгі құралды орнату үшін және жастық тыстарын тігу үшін ауданы 12-15 м² болатын жұмыс орны керек. Ең дұрысы – жалға алатын орынды сауда орталығынан таңдау.

Бөлмеде бірнеше минут ішінде ауаны тазартатын мықты ауа сорғыш болуы керек, себебі жұмыс кезінде шаң көп шығады. Қарапайым желдеткіш шаңды бөлмеге таратады, ал ауа сорғыш оны терезе сыртына шығарады. Сізде мықты ауа сорғыш болғанымен, дәкеден жасалған маскада жұмыс істеген жөн.

Шеберхананың едені плитадан болғаны дұрыс, өйткені еденді үнемі сумен тазартып тұру керек. Егер қабырғаларды, үстелдерді, терезе алдын аптасына бір рет сүрту жеткілікті болса, еденді бір ауысымда екі рет жуу керек, себебі дәл осы жерде шаңның көп бөлігі жиналады. Бөлме жаңа сымдармен (жүйе 5 киловатқа дейін тарта алуы керек) жабдықталуы тиіс және де онда кемінде алты тоқ көзі болу керек.

3. Құрал-жабдықтар. Жастықтарды жөндеу үшін арнайы құрылғы қажет болады. Ең оңай жолы – жастық тысын ауыстырумен ғана шектелу. Бірақ тазалаудың бұл түрі өте аз кездеседі. Сондықтан жастықтың құрамындағы заттарды өңдейтін жабдық сұранысқа ие.

Сонымен қатар, жаңа жастық тысын тігу үшін электір тігін машинасын сатып алу қажет. Ал құрал-жабдықтарды тазалау үшін қарапайым шаңсорғыш алған жөн.



4. Технология. Тазалау процесі 10-15 минут жүреді. Процесс толығымен клиенттің қатысуымен орындалады. Клиент тазалау процесінде не болып жатқанын және істеліп жатқан жұмыстың сапасына көз жеткізе алады.

Клиент жастықты әкелген кезде сіз оның тысын сөгіп, ішіндегі қауырсындарды машинаның бункеріне төгесіз, онда қауырсындар лампаның әсерінен дезинфекцияланады. Екі вакуумдық сорғыштың көмегімен ауа ағыны біраз уақыттан бері бірігіп қалған қауырсындардың арасын ашады. Сосын мамық пен қауырсын аралас зат сепаратор арқылы өтіп, ол жерде құмнан және өзге де заттардан тазартылады. Тазарту аяқталған соң клиентке жастықтың тығыздығын тексеруге беріңіз (артық затты алып тастаумен қатар, қосымша қауырсын салуға да болады), содан кейін барып қана жастық тысының аузын тігіңіз.

Клиент қауырсын салынатын жастық тысы матасының түсін таңдауға құқылы.

Сонымен қатар, қауырсыннан жасалған жамылғыштарды өңдеу және оларды жасау іспетті қосымша қызметтер көрсетуге болады.



5. Қызметкерлер. Жұмыс істеу үшін бір ауысымға 1-2 жұмысшы керек. Бастапқы кезеңде жұмысты өзініз атқара аласыз және көмекші ретінде өз отбасыңыздың адамдарын тартуыңызға болады.

6. Сату. Жарнама ретінде жергілікті БАҚ-ты, интернет-сілтемелерді, сайттарды, түрлі жерлерге жапсырылатын хабарландыруларды пайдалануға болады. Көрсететін қызметіңізді қонақ үйлерге ұсынған дұрыс қадам болады.

Достарыңыз бен туыстарыңыз өздерінің таныстарына айтуы үшін олардың бірнеше жастықтарын тегін тазартып беріңіз.



7. Болжамды есептеулер.

7. Шығыстар:

  • бөлмені жалға алу – 10 м². * 1000 теңге = 10 000 тенге;

  • жастық тазарту апараты – 80 000 теңге және одан жоғары;

  • шаңсорғыш – 6 000 тенге;

  • электр тігін машинасы – 20 000 теңге;

  • үстел – 9 000 теңге.

Барлығы: 125 000 теңге.

8. Табыс:

Тазалау, қайта жөндеу, тысын жаңарту – 1 жастық үшін 700-800 теңге.

Клиенттер кем дегенде 2 жастықтан алып келеді. Болжам бойынша бір ай ішінде сізде 50 клиент болады, бастапқы бір ай ішінде 50 * 2 жастық * 700 теңге = 70 000 теңге.

Тәжірибе көрсеткендей бір ай ішінде 300-350 жастық өңделеді * 700 теңге = 245 000 теңге.



9. Пайдалы сілтемелер:

http://gusya.kz/

http://www.dryclean.ru/services/chistka_podushek/

http://www.gsanas.ru/

http://www.narpi.ru/shop/catalog.php?IBLOCK_ID=10&SECTION_ID1=65&SECTION_ID=65

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «жастық жөндеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

95. Құрылыс бригадасы





  1. Жалпы ақпарат. Қазіргі құрылыс нарығы – қаржылық жағынан мүмкіндігі зор жақсы дамыған индустрия. Бұл салада жөндеу бойынша жеке қызметті ұсынудан бастап арнайы бригадаларды ұйымдастыруға дейінгі қызмет түрлерімен айналысып, мол табысқа кенелуге әбден болады.

Жөндеу-өңдеу жұмыстарын жасайтын құрылыс бригадасын құру қиын емес. Тек жөндеудің мынадай болатынын ескеру керек: косметикалық, күрделі және еурожөндеу. Косметикалық жөндеу – орын-жайды өңдеудің ең қарапайым түрі. Күрделі жөндеу – мынадай жұмыстардың жиынтығынан тұрады: бұрынғы өңдеуді алып тастау, негізгі құрылғыларды (қабырға, еден, төбе) толық тегістеу, инженерлік коммуникацияларды ауыстыру. Еурожөндеу – қазіргі жоғарғы технологиялық құрылыс және өңдеу материалдарын қолданып, еуропалық (аты содан шыққан) стандарттарға сай жаңа жөндеу түрі.

Қосымша ақпараттарды Сіз мына сілтеме арқылы таба аласыз. http://www.decoplus.ru/repair/techno/



2. Ғимарат. Алғашқы кезеңде арнайы кеңсені жалға алмай-ақ, тапсырыстарды үйдегі телефон арқылы қабылдауға болады. Сонымен қатар, өзіңіздің құрылыс материалдарын сақтайтын жеке қоймаңыздың болуы да міндетті емес. Белгіленген тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын керек кезде алып отыруға болады.

3. Технология. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен оның технологиясы жалпы теориялық және практикалық негіздерге сүйенеді.

Жөндеу жұмыстарын білікті мамандар орындау керек. Барлық жұмыстар тапсырыс берушінің келісімімен атқарылуы тиіс. Қызметтің алуан түрін көрсету мен кеңес беру тұрақты клиенттерді табуға мүмкіндік береді. Әдетте, құрылыс бригадалары құрылыс материалдарын тиімді бағамен қайдан алу керектігін біледі. Осындай жерлерді біліп алып, жұмыстарға қажетті материалдарды сол орындардан сатып алатын боласыз.

Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің жалпы ережелері. Жөндеуді бастар алдында келеңсіз жағдайларға тап болмас үшін төменгі қабатта орналасқан көршінің пәтерін қарап шығу керек. Электрик электр сымдарын қабырға мен төбе бойымен өткізеді. Сантехник жылу жүйесімен айналысады. Содан кейін сылақшылар жұмыс жасай бастайды. Түзу бұрыштар өлшеніп, сылақ қабаты жағылады. Сылау жұмыстары біткеннен кейін еден жөнделеді. Еденді құю кезең-кезеңімен жүзеге асуы мүмкін. Осы кезде терезе блоктары мен терезе алды орнатылады. Жылу радиаторлары орналастырылып, су құбыры мен асүйдегі сантораптағы кәріз монтажы жасалады.

Сылақ пен еден құю жұмыстары біткеннен кейін аспалы төбе монтажы мен бояу жұмыстары жүргізіледі. Сантехникалық жұмыстар аяқталғаннан соң плиткашылар жұмысқа кіріседі. Қабырға мен төбені бір сылап (нақыштау, грунтау) алғаннан соң, плиткалар төселіп болғаннан кейін, паркет төсеуші жұмысқа кіріседі. Салынған паркет тегістеліп, лактың алғашқы екі қабаты жағылады. Одан кейін қорытынды сылау жұмыстары - қабырғаны мен төбені бояу, тұсқағаз жапсыру, сантехникалық құрал-жабдықтарды іске қосу, есіктер орнату жұмыстары жүргізіледі. Тоқ сұққыштар (розеткалар) мен электрқұралдарының монтажы жасалады.

Соңғы жұмыс ғимаратты тазалау, құрылыс материалдарының қоқысын шығару болып табылады.

4. Қызметкерлер. Жұмысшылардан (тақташылар, сылақшы-бояушы, сантехник, электрик және т.б) бөлек, жасалған жұмыстарды қадағалайтын, тапсырыс берушілермен келісетін бір адам болу керек. Тексеруші жұмысын өзіңіз де атқара аласыз.

5. Өткізу. Біздің елімізде ең жақсы жарнама – ол жеке нұсқаулар. Интернет-сайты мен жергілікті газеттерге жарнама беруге болады.

6. Болжамды есептеулер.

6.1.Шығыстар:

Құрылысқа қажет құрал-жабдықтар алуыңыз керек, ол шамамен 15 000 - 20 000 теңге тұрады.

Тапсырыс берушілердің өздерінің материалдар болатындықтан Сізге ол жағынан шығындалудың қажеті жоқ.

Жұмысшыларға жалақы ретінде жалпы сомадан түскен белгілі бір пайызды төлеп тұруға болады.



6.2. Табыс:

Жөндеу көлемі мен күрделілігіне байланысты бағаланады:

Косметикалық жөндеу 60 000 – 80 000 теңге, 5 – 7 күн ішінде жасауға болады.

Күрделі жөндеу 100 000 – 180 000 теңге, 1 не 1,5 айда жасауға болады.

Еурожөндеу 200 000 – 300 000 теңге, 2 - 2,5 ай ішінде жасауға болады.

7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.decoplus.ru/repair/techno/

http://www.ecostroyservis.ru/articles/9

http://www.remontstroyka.ru/start.php

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «құрылыс бригадасы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

96. Шағын бейнестудия ашу





  1. Жалпы ақпарат. Осыдан 10-15 жыл бұрын қат болған фотоаппарат, камера қазір ешкімге таңсық емес. Тіпті қазір кез келген адамның қолында жүрген ұялы телефонның ішінде фото және камера қызметі жоғы кемде-кем.

Алайда жаңа технология біздің өмірімізге дәл осылай дендеп енсе де, кәсіби-әуесқой фотограф пен операторға әрдайым сұраныс бар.

Адамдардың табиғаты сол, өмірінде болған кез келген айтулы оқиғаны фото және бейнемұрағат етіп сақтағысы келеді. Сондықтан бәсекелестер көп болса да, шағын бейнестудияға сұраныс әрдайым табылады. Тек кәсіби қызмет көрсету керек.



2. Орын-жай. Шағын бейнестудия үшін бастапқыда арнайы ғимаратсыз да іс бастауға болады. Ол үшін өз үйіңіздің не пәтеріңіздің бір бұрышы (техникалық жарақтарды және монтаж үстелін (бағдарламалық жабдықталған компьютер) қою үшін 1-2шаршы метр) жеткілікті.

3. Құрал-саймандар. Дербес шағын бейнестудия ашу үшін ең алдымен бейнекамера керек болады. Камералар негізінен әуесқой, жартылай кәсіби, кәсіби, кинокамера болып жіктеледі. Енді ғана іс бастаған сізге әуесқой мен кәсібидің ортасындағы бейнекамераны алу жеткілікті. Бейнекамерамен бірге оның штативін, микрофонын, жарық құралын, құлақбауды, бейнетаспалар жиынтығын алуды ұмытпаңыз. Қосымша батареялар да керек. Картаға жазатын камералардан гөрі, таспалық камералардың сапасы жоғары бағаланады.

Екінші студия үшін маңызды жабдық – монтаждау бағдарламасы (дыбыс, бейне жазу, эффект жасау, т.т.) бар бейнекартасы мен жады, жедел жады жоғары компьютер.



4. Технология. Бастапқы бизнес болғандықтан, студияның негізгі бағытын анықтап алыңыз. Сіздің студия той бизнесіне қызмет жасайды ма, әлде, белгілі бір телеарнаның бағдарламаларын қамтамасыз етеді ме? Әлде белгілі бір тапсырыстар бойынша деректі фильм, роликтер түсіреді ме? Бейнекамераға және монтажға деген сұраныс осындай аралықта кең. Егер сіздің студияңыздың операторы әуесқой болса, тәуекелге бармас үшін, алдымен той бизнесінде жұмыс жасап көрген дұрыс. Себебі бұл салада көрсетілетін қызметке өте жоғары талаптар қойылмайды, тек баршаға ортақ қағидаларға сәйкес, той иелерінің мұрағатында қалатын бейнетаспаны қамтамасыз етсең болғаны. Егер өзіңіз не студияға алған операторыңыз кәсіби болса, онда, ресми шараларды таспаға түсіріп беру мен роликтер бағытында жұмыс жасауға тәуекел етуге болады.

5. Қызметкерлер. Егер сіздің өзіңізде операторлық не бейнеинженерлік біліктілік болса, істі бір өзіңіз бастауыңызға болады. Туысқандарыңыздың бірін көмекші ретінде тартуға әбден болады. Келешекте ісіңіз жүріп кетсе, бейнеоператор және бейнеинженер ретінде келісім шартпен қызметкерлер аласыз.

6. Сату. Баспа және электронды хабарландыруларды қолдануға, студия орналасқан аумақта оларды жапсыруға және интернетте жарнама беруге болады. Сонымен бірге теледидарға жарнама беруге болады.

Той бизнесіне қатысы бар асабалармен қарым-қатынас орнатыңыз, олардың бірімен бейнеқызмет бойынша ұсыныстар табылып қалуы мүмкін. Қаладағы ресми шаралар әсіресе, баспасөз конференциялары өтетін орталықтарға өз қызметіңіз жайлы жарнама тастаңыз.



7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • бейнекамеражәне монтаж үстелі = 400 000 теңге.

  • бейнетаспа = 10 000 теңге.

Қорытынды: 410 000 теңге (егер Сіз өзіңіз оператор және бейнеинженер болсаңыз).

7.2. Табыс:

Той бизнестегі бір күндік түсірілім бағасы (аймақтарға байланысты) – 10 000 – 30 000 теңге аралығында. Ресми шараларды түсіру сағатына 5 000 -10 000 теңге аралығында. Бейнероликтер мен отбасылық деректі хабарлар жасау – 50 000-150 000 аралығында. Тынымсыз жұмыс жасаса және жарнамамен жұмыс жақсы жолға қойылса, кеткен шығында 3 ай мерзім ішінде ақтап шығуға болады.



Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын бейнестудия» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

97. Hand-made сөмкелерін жасау





  1. Жалпы ақпарат. Саудада жақсы жетістікке жету үшін жаңашыл болу керек. Нарық көптеген тауарларға лық толы: ыдыс, киім, жөндеуге арналған материалдар, түрлі керекті құрал-саймандар. Дүкендерден кез келген затты тауып ала алатын сияқтысың.

Егер сіз фантазияға бай, қолынан бал тамған адам болсаңыз, онда hand-made («hand made» – қолмен жасалған) сөмкелерін жасаумен айналысып көріңіз! Батыстың бұл жаңалығы елімізге енді ғана келуде, сондықтан алғашқылардың бірі болып жақсы табыстарға қол жеткізуге әбден болады.

Хэнд-мэйд – өз хоббиіңізді табыс әкелетін бизнеске айналдырудың тамаша мүмкіндігі. Егер тіге алсаңыз, жаңа нәрселер ойлап табуға құштар болсаңыз, онда бұл сала сізге арналған.



2. Ғимарат. Бастапқы кезде сіз бұл іспен үйде де айналыса аласыз. Уақыт өте келе тұрақты клиенттеріңіз пайда болған кезде, жергілікті дүкендер мен бутиктермен әріптестік қарым-қатынас орнатқан кезде сіз өндірісіңізді кеңейтіп, арнайы орын-жайды жалға алатын боласыз.

3. Құрал-жабдықтар. Егер сіз тоқылған сөмкелермен айналыссаңыз, онда жуандығы, диаметрі әртүрлі шилар керек. Ал егер сіз сөмкелерді тігетін болсаңыз, онда тігін машинасы қажет. Сонымен қатар, екі жағдайда да шығын материалдары қажет.

4. Технология. Алдымен мұндай қызмет түрінің артықшылықтарына тоқталып өтсек.

Біріншіден, hand-made сөмкелері, негізінен, қымбат емес материалдардан жасалады, оларды сіз үйіңізден-ақ таба аласыз, сондықтан да аталған бизнес көп шығындалуды қажет етпейді. Оған не кіреді? Мата, өңдеу мен әсемдеуге арналған түрлі бұйымдар, жіптер алу керек.

Екіншіден, сіз өзіңіздің фантазияңызды жүзеге асыра аласыз. Себебі мұнда өзіңіз – би, өзіңіз – қожа. Сіз кез келген хэнд-мэйд сөмкелерін жасай аласыз, оларды қалауыңыз бойынша көркемдейсіз. Бірақ, әрине, заман талаптары мен сатып алушылардың ыңғайына қараған жөн. Әйтпесе, сіздің сөмкелеріңізге деген сұраныс жоғары болмайды.

Үшіншіден, өз еңбегіңізді өзіңіз бағалайсыз. Негізінде баға затыңызға деген сұранысқа, клиенттердің класына байланысты анықталады. Егер сөмкелерді жастар, студенттер алатын болса, онда бағасын тым асырудың маңызы жоқ. Белгілеген бағаңыз клиенттеріңізге қолжетімді болуы қажет екенін естен шығармаңыз.

Төртіншіден, өзіңізге ыңғайлы уақытта жұмыс істейсіз. Егер ерте тұратын адам болсаңыз, онда таңертең жұмыс істейтін боласыз, ал егер кешірек тұрып, кешірек жатқанды ұнататын адам болсаңыз, кешкі уақыт сіз үшін өнімдірек болады

Бесіншіден, сіздің хэнд-мэйд сөмкелеріңізді сатудың түрлі жолдары бар. Қаладағы кішігірім дүкендерден бастап интернетке дейін, тіпті аукцион арқылы да сатуды ұйымдастыруға болады.

Алтыншыдан, сіз ешқашан да клиенттерсіз қалмайсыз. Қымбатырақ болса да, сапасы жоғары, жақсы зат алған әлдеқайда тиімді. Қолмен жасалған зат қашанда сатып алушыларды тартады.

Сонымен қатар, мұндай сөмкелер егесін әрдайым ерекшелеп тұрады. Уақыт өте келе нарыққа еніп, тауарлық маркаңызды брендке айналдыра аласыз. тартал.ы тіпті аукционға дейін. онда онда кез-келген уақытты таңдай аласыз.



5. Өнімді өткізу. Жас кәсіпкер алдында туындайтын ең басты сұрақ – өнімді кім үшін өндіреміз? Ал «не өндіреміз?» және «қалай өндіреміз?» деген сұрақтардың жауабы аз да болса белгілі. Сіздің басты сатып алушыларыңыз кімдер? Олар түрлі субмәдениет өкілдері бола алады, мысалы, рокерлер, эмо, т.б. Көптің арасынан ерекшеленгісі келетін қыздар мен жігіттер. Сонымен қатар, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері де сіздің клиенттеріңіз бола алады. Сіз БАҚ басылымдары, түрлі-түсті хабарландыруларды қалың жұрт арасында тарату, интернет-сайтын құру арқылы клиенттерді тарта аласыз. Ең басты жарнама – өнімдеріңіздің сапасы.

6. Болжамды есептеулер.

6.1. Шығыстар:

  • тігін машинкасын сатып алу (болмаса) – 14 000 – 16 000 теңге, жаңасын алудың қажеті жоқ, сапалы ескісін де алуға болады.

  • шығын материалдарын сатып алу (жіптер, стразалар, түймелер, әшекей түйреуіштер, т.б) - 5 000-6 000 теңге.

Барлығы: 19 000 – 22 000 теңге.

6.2. Табыс:

Сөмкелердің бағасы жұмсалған уақытқа, сөмкенің көлемі, матасы мен дизайнына байланысты болады.

Мысалы, сөмкелерді қармақ шимен тоқу өте қиын, сондықтан олардың бағасы да жұмсалған еңбекке сай болады. Қарапайым тігілген сөмкенің бағасы жұмсалған материалдарға байланысты 3 000 теңге, не одан жоғары.

Ерекше заттар қашанда бағалы, сондықтан мұндай бизнесті табыс әкеледі деп есептеуге әбден болады.



7. Пайдалы сілтемелер:

http://www.liveinternet.ru/users/akbota/rubric/1546011/

http://www.liveinternet.ru/users/akbota/rubric/1546034/

http://madebag.org.ua/

http://madebag.org.ua/s-chego-nachat.html

http://madebag.org.ua/category/chto-takoe-xendmejd

http://www.liveinternet.ru/tags/%F1%F8%E8%F2%FC+%F1%F3%EC%EA%F3/

http://www.krasnodar-shopping.ru/blogs/show/hand_made_forever/page/1/

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сөмке жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

98. Полимерлік сазбалшықтан әшекейлер мен кәдесыйлар жасау





  1. Жалпы ақпарат. Көбіміз нешетүрлі ерекше авторлық алқалар мен әшекейлердің дүкендерде сатылып жатқанын көрдік. Мұндай бұйымдарға деген сұраныс күннен күнге өсіп келеді. Бұл заттарды, негізінен, «полимерлік сазбалшықтан» жасайды.

Полимерлік сазбалшық (сонымен қатар, пластик) – жабыстыруға арналған поливинилхлорид негізіндегі (кішігірім өнімдер, әшекейлер, қуыршақтар) ауада немесе жылытқанда қататын икемді материал.

Авторлық жұмыстарыңызды сатуға негізделген бизнесті ұйымдастыру үшін сізге керегі – полимерлік сазбалшық (пластик). Оны сатып алу еш қиындық тудырмайды, полимерлік сазбалшық қолөнершілерге арналған дүкендерде немесе кеңсе заттары дүкендерінде сатылады.



2. Жабыстыру. Полимерлік сазбалшықпен жұмыс ұқыптылық пен арнайы әдістерді меңгеруді талап етеді. Оның көмегімен көптеген көркемсурет эффектілері мен беттерді имитация жасауға болады: шыны, ағаш, мата, табиғи сазбалшық, фарфор, піл сүйегі, кез келген жасанды тастар. Материалдан пластификатор алынған кезде, пластик екі негізгі бөлікке бөлінеді – пісірілетін және өзі қатқан.

Полимерлік сазбалшықты пайдалану алдында, оны жақсылап езу керек, қолдың жылуынан ол өте икемді болады.

Жас шеберлерге бұйым жасауды қарапайым моншақтардан бастаған дұрыс. Ол үшін пластикті жайып, бірдей бөліктерге бөледі, сосын домалақтап, моншақтар жасайды. Осылайша олардың көлемі бірдей болады. Моншақтарды пісіруді ыңғайлы ету үшін оларды тістазалағыштарға қадайды. Моншақтар ерекше болып көріну үшін, жұмыс алдында түрлі екі түсті пластикті араластыруға болады.

Күрделі бұйымды «caning» (кэнинг – ағылш. «cane» (таяқ)) техникасымен жасауға болады, кейде оны миллефиори деп те атайды. Оның көмегімен шеберлер сазбалшықтан нешетүрлі шедеврлер жасап шығарады. Сурет салу үшін пластик орама түрінде оралады, суретті жинап, ұзындығы бойынша тартады. Осылайша әдемі сурет пайда болады. Одан кейін бөліктерге кесесіз де, моншақтар жасайсыз.

Сазбалшықпен жұмыс жасауда таңбалау әдісін де қолдануға болады. Ол үшін формалар мен таңбалар жасауға арналған арнайы икемді пластик керек. Пластиктен қажетті белгі жасайды (моншақ, жаңғақ, сүйек, ұлу қабыршағы), одан кейін оны пісіріп, болашақта түрлі фактуралық бұйымдар жасау үшін форма ретінде қолданады. Егер сіз ұзын әрі жұқа бұйым жасаймын десеңіз, онда жұқа сымнан жасалған каркаста жапсырған жөн.



Термикалық өңдеу. Өнім жапсырылып болғаннан кейін, оны кептіріп, термикалық өңдеу керек. Термикалық өңдеу кезінде пештегі температураны 175º-тан жоғары көтерсе, пластик түтін шығарып, жана бастайды. Сондықтан да, қажетті температура тәртібін сақтау керек, әсіресе, температураны бірден жоғарылатуға мүлдем болмайды.

Күйдірілгеннен кейін бұйым толық кебу керек, одан кейін ғана басқа шаралар жасауға болады: сазбалшықты жуу, кесу, тесу, бөліктерге бөлу, т.б. Бояу үшін темперді, акрил бояуларын, гуашьті пайдалануға болады (одан кейін суға төзімді лак қолданылады). Өнімді нитроэмальмен бояуға да болады (алдын-ала эпосид желімінің жұқа қабатымен жабыстырғаннан кейін). Бұдан кейін ғана фарфор сынды декоративті бет пайда болады.

3. Өткізу. Алғашқы кезеңде жарнаманың рөлі өте зор, БАҚ-қа берілген жарнама, түрлі түсті хабарландырулар тарату – мұның барлығы клиенттер тартуға көмектеседі. Бизнесті ұйымдастырмас бұрын сіздің өніміңізді өткізуге болатын сауда нүктелеріне хабарласып шығыңыз. Ондай сауда нүктелеріне әшекей, кәдесый, интерьер жабдықтарын сататын дүкендер жатады. Сонымен қатар, жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасауға да болады. Клиенттермен жұмыс істеу барысында өте қажет болатын сіздің жасаған заттарыңыздың фотоальбомын не каталогын әзірлеп қойған дұрыс.

4. Болжамды есептеулер.

4.1. Шығыстар:

Қаржыңыз, негізінен, полимерлік сазбалшыққа жұмсалады. Бір қаптамасы орта есеппен алғанда, 520-900 теңге тұрады. (бір қаптамадан шамамен, кішірек өлшемдегі 25-35 әшекей шығады). Жарнама шығыстары – 3 000 теңге. Барлығы: орта есеппен 4 000 теңге.



4.2. Табыс:

Полимерлік сазбалшықтан әшекей жасаудың еш қиындығы жоқ екендігіне көз жеткіздіңіз. Ал одан не жасау, қандай зат жасау тек қана сіздің шабытыңыз бен қиялыңызға байланысты. Мұндай шығармашылық жұмыспен айналыса жүріп айтарлықтай табыс табуға әбден болады. Мысалы: бірегей данадағы авторлық алқа шамамен, 2 500 – 4 500 теңге тұрады. Бір айда сіз 15-40 алқа, сырға, білезік жасай аласыз. Шығыстар, тіпті жоқ деп айтуға болатынын есепке ала отырып, мұндай кәсіпкерлікті табысты деп қорықпай айтуға болады.



5. Пайдалы сілтемелер:

http://rabotayem-doma.ru/plastika-izdeliya-iz-polimernoj-gliny/

http://artmania.kz/node/225

http://home.passion.ru/l.php/lepka-iz-polimernoi-gliny.htm

http://www.hobiz.ru/ideas/culture/fimo/

http://www.hobbyshop.com.ua/dir.php?id=248

http://club.passion.ru/viewtopic.php?t=115412

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сазбалшықтан бұйымдар жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

99. Фото-қызмет



1. Жалпы ақпарат. Кәсіби фото-қызмет бизнесі нарықта кең етек жайған. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес.

Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі – жеңілдетінлген режим бойынша жеке кәсіпкер. Сонымен қатар, кассалық аппарат алу қажет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу керек.

2. Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір орын-жайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс. Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, паспортқа арналған фото болса, фотостудияны шағын ауданнан да ашуға болады.

3. Құрал-жабдықтар. Фотостудия үшін сізге керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті аксессуарлар - софтбокстар, тіреулер, шағылдырғыштар, фондар, компьютер, принтер және басқа да қосымша жабдықтар.

4. Қызмет түрлері. Алдымен бизнесіңіздің мақсаты мен бағыттарын анықтап алу керек. Сондан кейін қандай қызмет түрлерін (портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т.б.) көрсететініңізді нақтылау қажет. Және де бәсекелестерге қарағанда ерекшеліктеріңіз (жоғары сапа, көрсетілетін қызмет түрлерінің сан алуандығы, арзанырақ бағалар және т.б.) қандай болмақ?

Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі – фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Қызметтің жаңа түріне тоқталар болсақ - коллаж және фотомонтаж (көркемсурет пен фотоны біріктіру), олар классикалық мәнерде, сонымен қатар, ретро-фото, фэнтези, пин-ап стилдерінде жасалады. Фотомонтаж бойынша сабақтарды мына сайт арқылы ала аласыз - http://foto-design.davydova-lessons.ru/

Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал - жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.

5. Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға болады, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен дизайнер жалдауға болады.

6. Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың алатын орны ерекше. Ол үшін өзіңіздің жеке сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп қоюыңызға болады. Фотостудиялардың имиджі үшін кәсіби көрмелерге қатысу не оларды өзінде ұйымдастыру үлкен көмегін тигізеді. Визиткалар мен буклеттерді кәсіби құрал-жабдықтар сататын сауда орталықтарына таратуға беріп қойсаңыз болады.

Клиентерді тарту үшін плакаттарды, үйлену тойларындағы фото-сессиялар туралы хабарландыруларды АХАЖ, үйлену салондары, зергерлік бұйымдар сататын дүкендерге іліп қоюға болады. Ал мектептер мен балабақшаларға «өз балаңыздың мынадай портретінің болғанын қалайсыз ба?» деген жазуы бар жануардың қасында тұрған немесе теңіз қарақшысының киімін киген (мекеме басшысының келісімімен) әдемі баланың суретін орналастырып, студия буклеттерін таратуға да болады.



7. Болжамды есептеулер.

7.1. Шығыстар:

  • орын-жайды жалға алу – 30 000 теңге.

  • жабдықтар – 300 000 теңге

  • тіркеу, кассалық аппарат – 20 000 теңге.

  • кеңсе тауарлары – 10 000 теңге.

Барлығы: 360 000 - 400 000 теңге.

7.2. Табыс:

Айына фотостудияның табысы 450 000-600 000 теңгені құрай алады, фотостудия өзін-өзі 1 жыл көлемінде ақтайды.



8. Пайдалы сілтемелер:

http://www.businesskompas.ru/bizplan25.html

http://www.bi-plan.ru/catalog/uslugi/biznes_plan_fotostudii/#1

http://www.photomagic.best-host.ru/kachok.html

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «фото қызмет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

100. Пластик терезелерін реттеу


1. Жалпы ақпарат. Пластик терезелерін реттеу – терезені орнатқаннан кейін де, қолдану барысында да қажет болып қалатын қызмет түрі.

Пластик терезелерін не үшін реттеу керек?

Бірінші себеп – бұл қабырғалардың отыруы, яғни терезе жармасы жақтауға кей тұста тиіп тұрады.

Екіншіден, пластик терезелері дұрыс жабылмайды, яғни терезені алғашында дұрыс орнатпаған; ұсақ-түйек заттар немесе нақты бір ілгектері орта деңгейде тұрған жоқ (аз кездесетін жағдай).

Үшіншіден, көп уақыт бойы қолданыста болған терезе тығыздағышы нығыз тұрмайтындықтан жел өтіп тұрады.



Үш жағдайда да, белгілі бір шараларды қолданбас бұрын терезені жай ғана реттеп жөндеп көру керек.

2. Реттеудің технологиясы. Жабылған кезде терезе жармасы жақтауға тиіп тұрған нұсқаны реттеудің әдісін қарастырып көрейік. Ол үшін арнайы алты қырлы құрал қолданылады.

  • Бірінші кезең: үстіңгі ілгекті (кері итеру механизмі болып табылады) яғни, жарма жақтауға қосылған тұсты, жарманың асты-үстіне қарай жылжыту арқылы реттеу керек. Реттеуді жүзеге асыру үшін, терезені ашамыз, реттеу бұрандасын (ол жармада орналасқан) табамыз да, алты қырлы құралмен бұраймыз. Одан кейін терезені жауып көреміз, керек болса қайтадан реттейміз.

  • Екінші кезең: астыңғы ілгекті жарманың асты-үстіне қарай реттейді. Оны реттеу үшін пластик жақтауында орналасқан астыңғы бұранданы бұрайды. Ал жарманы асты-үстіне қарай реттеу үшін терезенің жармасында орналасқан алты қырды айналдырамыз.

  • Үшінші кезең: жарманың терезе жақтауына қалай қосылып тұрғанын анықтап алу керек. Жарманың бүйір жағындағы терезені жабатын механизмдерді (жарма бойында ондай бірнеше механизм бар) тауып аламыз, оны жапқан кезде, жақтауға кіретін басын (бұрағыш не алты қыр көмегімен) айналдырамыз. Басы эксцентрик күйінде жасалғандықтан, жарманың жақтауға қосылған тұсын реттеуге мүмкіндік береді.

Сіз көрсететін қызмет түрлері:

    • қарапайым құлыптарды күрделі құлыптарға ауыстыру;

    • бұзылған шыныпакеттерді ауыстыру;

    • терезе бекітулерін реттеу;

    • жөндеуге келмейтін жарманы алып тастау;

    • резеңкелі аралық қабатты ауыстыру.

3. Болжамды есептеулер.

3.1. Шығыстар:

  • құрал-саймандар – 5 000 теңге.

  • жақтауға арналған резеңке – 1 метр – 20 теңге * 100 м = 2 000 теңге.

3.2. Табыс:

  • бір терезені реттеу – 1 000 теңге.

  • бір терезенің резеңкесін ауыстыру – 200 теңге.

  • бір терезенің шынысын ауыстыру – 1 000 теңге.

  • бір құлыпты ауыстыру – 200 теңге.

4. Пайдалы сілтемелер:

http://forums.drom.ru/kemerovo/t1150865529-p18.html

http://www.streetokna.ru/?p=921

http://kazprom.net/tags/%D0%9F%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D0%B5_%D0%BE%D0%BA%D0%BD%D0%B0

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пластик терезелерін реттеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері
Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық дамуына тежеу болатын көптеген мәселелердің шешімі болатын өте үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жоғарғы мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс ең маңызды санатқа жатады.

«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады.

Қызмет көрсету түрлерін ұсынатын, сондай-ақ тауар өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, тұрақты бизнесі бар шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады.

Несие ұсыну жаңа және жетілдірілген жаңа құралдар алуға; айналым қаражатын толықтыруға; әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға негізделген.

Сіз 7 жылға дейінгі мерзімге 750 млн. теңге көлемінде несие ала аласыз.

«ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.

Негізгілер:


  • СМСП аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;

  • «ДАМУ аймақтары II»;

  • «ДАМУ өндіріс»;

  • «Бизнестің жол картасы – 2020»;

  • Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;

  • Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.

Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы - ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек.

Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы – «ДАМУ аймақтары ІІ». Бағдарламаның басым салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени қызмет көрсету, спорт және т.б. бар.



«ДАМУ өндіріс» қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8% -ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді.

«ДАМУ» қоры сыйақы мөлшері төмен – 8%-дық талаптары өте жақсы лизингтік бағдарлама әзірледі және әрекетке енгізді. Кәсіпкер жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда қосымша кепілдеме ұсыну қажеттілігі жойылады.

Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қойылмай, жылына 14%-дан аспайтын несие беріледі. Оны төрт банк жүзеге асырады, олар: «ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Дельта банк» және «Евразиялық банк».

Қаржылық емес бағдарламалар – мүгедек-кәсіпкерлерге олардың мәселелері мен қажетті ресурстары (қаржылық, мүліктік, ақыл-кеңестік қолдау көрсету, өзге де қызметтер арқылы көмек беру) туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жолымен көмек көрсету мақсатында әзірленген арнайы бағдарлама. Қор «ДАМУ-көмек» сайтын жасап, оған өзінің шағын ісін ашқан және көмекке мүдделі мүгедек-кәсіпкерлер туралы ақпараттар орналастырады.

Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша несие алу үшін кәсіпкерлер банктің несие саясатына сай келуі керек. Сіз өзіңіздің кепілдік мүлігіңізді және бизнес-жобаңызды ұсынуыңыз қажет. Банк оң шешім шығарған жағдайда құжаттар қарастырылуға жіберіледі. Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) несие беру мүмкіндігі немесе бас тарту туралы соңғы шешімін шығарады.

Банкке және үйлестіру кеңесіне өз жобасының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 14% аспайтын несие алуға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 13 шілдедегі қаулысымен Бағдарламаның бірінші және үшінші бағытына қатысты өзгерістер енгізілді. Осылайша, бірінші бағытында – 12 пайыздық мөлшерлеме сыйақысы кезінде 5% орнына, мемлекет 14% кезінде 7% жабады, ал кәсіпкер бағдарламаның 7%-ынан астамын ғана жабады. Үшінші бағытында экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету бойынша субсидиялау тағы да 14% аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады, олардың 6% экспортер төлейді де, қалған 8% мемлекет өз есебінен жабады.

Неліктен «Даму» қорын таңдау керек деп ойлайсыз? Орташа алғанда бүгінгі күнде коммерциялық несиенің пайыздық мөлшерлемесі 16-21%-ды құрайды. Қаржыландырудың бағдарламасында бұл - 10%, оның үстіне жеңілдік мөлшері бойынша несие алған кәсіпкер басқа мемлекеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасына» қатысуға мүмкіндік алады. Бұл жағдайда мемлекет оған сыйақы сомасының 5% жауып береді. Ал егер несие алушы жаңа құралдар алған болса және экспортқа өнім шығаруға жұмыс істесе, онда мемлекет өзіне 8% пайыздық төлемді алады.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жан-жақты ақпаратты Сіз «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалдарынан ала аласыз.



Пайдалы сілтемелер:

1) www.damu.kz – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның cайты;

2) www.damu-komek.kz/ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызмет істеп жатқан және жаңа бастаған мүгедек-кәсіпкерлерге арналған cайты.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын бизнеске несие», «бизнес несиелерін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.

73. Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай?
Ауыл шаруашылығы бүгінгі күні елдің тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен, ал өндірістік кешенді шикізатпен қамтамасыз ете алатын басты күш болып отыр. Агроөндірістік кешен өнімдерінен барлық тауарлар мен тұтыну заттарының 70%-ға жуығы өндірілетін болғандықтан, халықтың өмір сүру деңгейі мен моральдық бет-бейнесі тікелей осы саланың тиімділігіне тәуелді болып отыр.

Өсімдік шаруашылығын субсидиялау. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлар мен материалдар бағасын (40 %-ға дейін) арзандату;

2) көпжылдық жеміс-жидек екпелері мен жүзімді отырғызуға және өсіруге кеткен шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеу;

3) шитті мақтаның сапасын және мақтаны қайта өңдейтін ұйымдар қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауға кеткен шығындарды мақта иелеріне толық өтеу;

4) тыңайтқыштардың бағасын (органикалықты қоспағанда) және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын (50 %-ға дейін) арзандату;

5) тұқым шаруашылығын субсидиялау.

Жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлар мен материалдарды сатып алуға байланысты субсидиялар төлеу:

1) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша: eгic науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына – 100 %.

Осы дақылдар ғылыми негізделген аймақтық агротехнологияларды сақтай отырып, өсірілген жағдайда көбейтілген субсидия нормасымен төленеді;



2) қант қызылшасы, майлы дақылдар, күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша: егіс науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына - 100%. Бұл ретте егу алаңы 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күріш алқабы бар мақта мен күріш өсірумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) базалық норманың 50 % мөлшерінде бюджеттік субсидия төленеді;

3) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша: әрбір дақылға субсидияның тиесілі сомасының 50 %-ы.

Субсидия алу үшін АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса отырып ұсынады:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

2) жер учаскесінің сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін;

3) тауар өндіруші ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

4) банктік шоттың бар екендігі туралы (нөмірі көрсетілген) банктік анықтама.



Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелеріне арналған субсидиялар АШТӨ-дің өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін (интенсивті (қарқынды) бақтар, жидектіктер және жүзімдіктер) отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады.

Субсидияларды алу үшін АШТӨ тізбесі облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен анықталатын құжаттардан тұратын өтінішті береді. Бұл ретте субсидияларды төлеу үшін:

сатып алу-сату және (немесе) қаржы лизингісі шартының, бастапқы есеп құжаттарының (кіріс және шығыс кассалық ордерлері) көшірмесі;

1) отырғызу материалы;

2) тамшылатып суару жүйесі;

3) типті жобаны сатып алу бойынша шот фактураның көшірмелері міндетті құжаттар болып табылады.



Мақта талшығының сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптауға жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып табылады. Мақта иелері мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Мақта талшығының сапасын сараптауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтерді көрсетуші жүзеге асырады.

Шитті мақтаның сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Аккредиттелген шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетушілер болып табылады. Шитті мақта иелері шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Шиттi мақтаның сапасын сараптауды қызметтерді көрсетушілер Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi беру ережесiн, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2007 жылғы 26 қарашадағы № 710 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) бағасын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар:

1) ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;

2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

3) тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы 4 тоқсанда өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

4) ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

Субсидиялар алуға арналған құжаттарды жинау және рәсімдеу, АШТӨ-ге бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі, АШТӨ-дің бюджеттік субсидияларды алуға арналған есепті беру тәртібі мен формасы облыс (Астана қаласы) әкімінің шешімімен анықталады.



Тұқым шаруашылығын субсидиялау элиталық және суперэлиталық тұқымдардың құнын 40%-ға дейін арзандату, сұрып (сорт) оригинаторларының көбейту көшеттігін және будандардың аналық формаларының өндірісіне арналған шығындарының 40%-ына дейін өтеу, сол сияқты жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға арналған шығындарды толықтай (100 %) өтеу арқылы жүзеге асырылады.

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды (сорттарды) көбейту питомниктерінің тұқымдары мен аналық нысандар будандарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін оригинал тұқым өндірушілер (оригинаторлар) тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей, облыстың жергілікті атқарушы органына көрсетілген тұқым өңдіру фактісін растайтын құжаттар тізбесін (нақты өндірген тұқым көлемі жөніндегі тізілімді, кіріске алу актілерін, тұқымдар егістігін сынақтан өткізу актілері мен есепті, тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесі) ұсынады.

2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін оригинаторлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындардың нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады.

3. Нарықтық құн бойынша сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің суперэлиталық тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат береді. Сонымен бірге элиттұқымшарлар суперэлиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына құжаттар тізбесін ұсынады (элиттұқымшар нақты сатып алған суперэлиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін, тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын, сатылып алынған суперэлиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың көшірмелерін, элиттұқымшар мен бірегей тұқым өндірушінің арасындағы сатылған және сатып алынған суперэлиталық тұқымның көлемі туралы сатып алу-сату шартын ұсынады.

4. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық (жүгері, мақта және күнбағыс тұқымынан басқа) тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен құралған ведомствоаралық комиссияға өтінімді және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін), жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін, Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының (сорттарының) тұқымдарын сатып алынған жағдайда - лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді, сондай-ақ элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растайтын құжаттар тізілімін ұсынады (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, тұқым аттестатының көшірмесін, тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесі, сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін, элиттұқымшар мен сатып алушылар арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты).

5. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгері, мақта және күнбағыс элиталық тұқымдары мен элиталық бюджеттік субсидиялар алу үшін Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сұрыптарының (сорттарының) мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының (сорттарының) тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді.



Мал шаруашылығын субсидиялау.

Республикалық бюджет есебінен мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламалар аясында 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты – малдың жалпы санынан шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру.

Субсидиялар:

Тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған асыл тұқымды төлдің, тауар өндірушілер дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының, тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға, сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты РМАО «Асыл түлік», «Астана құс» АШ АҚ және «Қазақ тұлпары» ЖШС шығындарын өтеуге жұмсалады.



Субсидия алу тәртібі:

Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидияларды алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ сәйкес қаржылық жылдың 20-желтоқсанынан кешіктірмей, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алғандығын растайтын құжаттарды өткізеді.

Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, және төлем құжаттарының көшірмелерін қоса беріп, басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың сәйкес келмеу себептерін көрсетіп, тауар өндірушілерге қайтарады.

Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырады.



2. Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру (088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты – Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру.

Субсидиялар:

Сиыр, бройлерлік құс, жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың және құнарлы жемшөптің құнын ішінара арзандатуға (45%-ға дейін), сондай-ақ сүт, биязы қойлардың жүнін, қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады.



Субсидия алу тәртібі:

Бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ сәйкес қаржы жылының 20-желтоқсанныан кешіктірмей, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өнімнің ішкі нарықта сатылғанын растайтын құжаттарды өткізеді.

Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күнінің ішінде, бірақ сәйкес қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей, ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша өнімді сату туралы жиынтық акт жасайды және жиналған құжаттарды Басқармаға қарауға және ақысын төлеуге ұсынады.

Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім үш жұмыс күнінің ішінде оларды тауар өндірушілерге сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, пысықтауға қайтарады.

Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет ұсынушылардың шығынын 50%-ға дейін қайтару;

2) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың және ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған арнайы техниканың құнын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған мал өнімдерін өндіру, пайдалану үшін сатып алған жабдықтары мен техникаларының құнының 50%-ына дейін қайтарып алу;

3) қатты және сулы азықтарды өндіру және дайындау шығындарын 50%-ға дейін қайтару;

4) мал өндіру және құс өндіру нысандарын салу және қайта салу шығындарын 50%-ға дейін қайтару.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жылына бір рет мына бағыттардың тек біреуі бойынша жүзеге асырылады:

1) бірінші, екінші және үшінші репродукциялық өнімінің тұқымын (жақын және алыс шет елдерден және республикамыздың басқа облыстарынан енгізілетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алатын АШТӨ шығындарын ішінара бірінші, екінші және үшінші репродукциялық өнімнің тұқымының сатып алынған толық құны жергілікті атқарушы орган белгілеген (әрі қарай облыстың жергілікті атқарушы органы) әр ауданға ағымдағы жылдың жиын терімі бойынша жиналатын әр тұқым көлемі мен қаржыландыруы шегінде қайтаратын субсидия төленеді,

2) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шығарған бірінші, екінші және үшінші сортты тұқымдарының құнын жартылай арзандатуға субсидиялау тиісті жылдың өнімінен алынған тұқымның әрбір түріне әрбір аудан үшін тұқым беру және қаржыландыру көлемі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шеңберде бірінші, екінші және үшінші сортты тұқым көлемінің құнын арзандату бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге нақты іске асырылған тұқым өндіру шаруашылығына (бұдан әрі – тұқым шар-ғы)төленеді.

Субсидия алатын АШТӨ тізімін және оларға тиесілі субсидия көлемін анықтау үшін әкімдік Ведомство аралық комиссия құрады (бұдан әрі - ВАК). Комиссияның жұмысшы органы Ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады.

Субсидия алу үшін құжаттар жинау және рәсімдеу:

1. АШТӨ жұмысшы орган белгілеген мерзімде ВАК-тың жұмысшы органына Министрлік бекіткен формада субсидия алуға болатын АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) енгізу үшін өтініш ұсынады:

1) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

2) клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесі;

3) жер учаскесін сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

4) ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы;

5) түпнұсқалар: шот-фактура, тауарлар мен қызметтер сатушысы берген тауар-көліктік тауар құжаттамасы;

2. ВАК жұмысшы органы құжаттарды қабылдау күні аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді жүзеге асырып, ВАК қарауына ұсынады. Құжаттарды қабылдап алған күні АШТӨ-ге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама береді.

3. ВАК бес жұмыс күні ішінде ВАК жұмысшы органы ұсынған құжаттарды қарастырады және берілетін субсидия сомасын көрсете отырып АШТӨ тізімін қалыптастырады.

АШТӨ өтініште көрсетілген көлемдегі тыңайтқыштарды, жабдықтарды, техниканы немесе өзге да заттарды сатып алудан немесе қайтарудан бас тартса, ВАК осы көлемді АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасына бөліп береді.

4. ВАК үш жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен формада АШТӨ-нің соңғы тізімін құрастырып, аудан (облыс, қала) әкіміне бекітуге жібереді.

АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартқан жағдайда жұмысшы орган соңғы тізім құрастырылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей АШТӨ-ға бас тартудың себебін көрсетіп, жазбаша хабарлама таратады.

5. Аудан (облыс, қала) әкімі екі жұмыс күнінің ішінде АШТӨ тізімін бекітеді.

Пайдалы сілтемелер:

1) http://minagri.gov.kz/ – Ауыл шаруашылығы министрлігінің cайты;

2) www.kaf.kz/ - «Қазаргофинанс» АҚ-ның сайты;

3) www.fad.kz/ - «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның сайты



4) http://nhkazagro.kz/jo/index.php?lang=russian – «Қазагро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның сайты;

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ауыл шаруашылығы субсидиялары», «ауыл шаруашылығы субсидияларын алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
жүктеу 4,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау