«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды



жүктеу 105,5 Kb.
Дата23.11.2018
өлшемі105,5 Kb.
#24470
түріКонкурс

«Жарма ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Достық көшесі, 105, 31 кабинет, тел: 8(72347) 65-190, 67-197, e-mail: d.akzamov@akimvko.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы (санаты Е-R-1, №1-10). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудан аумағындағы сәулет және қала құрылысын жұмыстарын, барлық құрылыс кешенінің қызметін үйлестіру, күрделі құрал мен құрылыс материалдары өнеркәсібінің базасын дамыту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды әзірлеуге және келісуге қатысу, ауданның жергілікті (аумақтық) пунктің генералдық жоспарын әзірлеу, қала құрылысын үйлестіру жоспарлар кестелерін, жинақтап, көркейту жоспарларына басшылық жасау. Ауданның жергілікті аумағының дамуына байланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жоспарлап бекітуге қатысу, жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасының іске асыру жұмыстарын жүргізу. Аудан аумағындағы үйлер мен ғимараттар құрылысына, кеңейтілуіне, жөндеуіне жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуге және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау. Аудандағы құрылыс өндірісімен шұғылданатын кәсіпкерлік құрылымдармен, өнеркәсіп, құрылыс материалдары кәсіпорындарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, құрылыс кешеніне басшылық жасау.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Техникалық ғылым және технология» немесе «Өнер» (сәулет) немесе «Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе «Құқық» саласындағы бойынша білімнің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



  1. «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-нің бас маман-есепшісі (санаты Е-R-4, №1-02-03). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жарма ауданындағы білім беру мекемелері ҚР-ның Бюджеттік кодексін және нормативтік құжаттарды басшылыққа алып жұмыс атқаруын қадағалайды. Барлық білім мекемелеріне бухгалтерлік есеп беру кестесін жасап, бекітеді. Аудан мектептеріндегі барлық бухгалтерлік айлық, тоқсандық, жылдық есептердің дұрыс жинақталып, уақытында кесте бойынша өткізілуін бақылайды. Аудан мектептеріне қатты отынның дер уақытта жеткізілуін қадағалап, жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы жөніндегі ақпараттарын және жылу жүйесінің ақпараттарын жинақтап тиісті орындарға уақытында өткізеді. Салық комитетіне тоқсандық, жылдық есептерді жасап өткізеді. Білім бөлімінде қаржылық құжаттардың уақытылы және дұрыс рәсімделуін жүзеге асырып қол қояды, операциялардың аяқталу заңдылығын қадағалайды. Әр ай сайын №4-20 формасы бойынша бюджеттен бөлінген қаржының толық игерілуін қадағалайды қорытындысын алқа мәжілісінде талқылайды. Бюджеттен күрделі жөндеуге арналған қаржылардың дұрыс бөлінуіне және орындалуына  бақылау жасайды. Аудандық қазынашылық бөлімімен, салық комитетімен, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен және аудандық қаржы бөлімімен жұмыс жасайды. Бухгалтерлер арасында әр түрлі мәселелермен жиналыстар ұйымдастырып өткізеді, бухгалтерлік сұрақтар бойынша кеңес, нұсқау береді. Білім мекемелерінде мүліктерді түгендеу жұмыстарын тәртіпке сай ұйымдастырып,  уақытында жүргізілуін қадағалайды. Мемлекеттік сатып алудың заңдылығының орындалуын қадағалайды. Қаржылық және штаттық, кассалық тәртіптің сақталуын, бюджеттік және бюджеттен тыс қарастырылған қаржының нысан алымаңыз бойынша дұрыс және тиімді жұмсалуын қадағалайды. Білім мекемелерінде тексеріс, құжаттық ревизияны басқа мекемелермен біріге отыра ұйымдастырып жүргізеді. Орталықтандырылған бухалтерияның бухгалтерлері, экономистерінің арасындағы міндеттерінің орындалуын қадағалайды. Бөлім өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша Әкімдіктің өткізетін отырыстарына және басқа да шараларға қатысады. Бөлім бастығының әртүрлі күнделікті тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады. ҰБТ-ге бөлінген қаржыны уақытында тиімді орындалуын қадағалау, ұйымдастыру. Жалпы білім беру қорына, мектептерге бюджеттен бөлінген қаржының жоспар бойынша дұрыс және тиімді орындалуын тексереді.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент) саласындағы мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-нің бас маманы (санаты Е-R-4, №1-02-02). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жазғы демалыс, қосымша білім беру мекемелерінің, мектеп жанындағы интернаттарының іс-әрекетін ұйымдастыру; мектепке дейінгі және мектеп алды тәрбиелеуді ұйымдыстыру; қамқоршылық және қорғаншылық Кеңесінің, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жұмысына бақылау жасау; Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуы бақылау; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру; қорғаншылық немесе қамқоршылықтағы немесе білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтер көрсететін немесе жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған басқа ұйымдарға берілген азаматтардың мүліктерін сақтау мен басқаруға бақылау жасау жатады; девиантты тәртібі бар балаларды, сәтсіз отбасыларды анықтау, оларды ішкі істер органдарына тіркеуге қою. Девиантты тәртібі бар балалар туралы деректер базасын жасау; 1-4 сынып және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтылуы бойынша жұмыстарға бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Білім» саласындағы мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Жарма ауданының ветеринария бөлімі» ММ-нің бас маман-есепшісі (санаты Е-R-4, №1-08-04). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің сметалық шығындарын есептеп, бюджеттен түсетін қаржылардың есебін жүргізеді. Кассалық және банктік құжаттарды әзірлеп, тексереді, ақша және есеп айырысу операцияларына және бағалы заттарға есеп жүргізеді. Бөлім аппаратының шығындарын есептеп, еңбек ақыға аударым, ұстау бойынша есептерді жүргізеді және бас кітапты толтырады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді және тауар, жұмыс, қызмет түрлерін өткізеді. Бекітілген тізімдемеге сәйкес мемлекеттік органдарға айлық, тоқсандық және жылдық есептерді құрайды. Сметалық-қаржылық тәртіптің орындалысына бақылау жасайды. Жеткізуші және басқа қамтамасыз ететін мекемелермен келісім-шарт жүргізу және хаттамалар жүргізеді. Салық инспекциясы және басқа мекемелермен салыстыру актілерін жүргізеді. Тапсырыстар мен төлеу шоттарын есепке алу және оларды Қазынаға тапсыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша айлық есептерді тапсырады. Әрбір операция түріне күнделікті меморалдық есеп жасайды. Аппарат әкімдігіне, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сұраныстарына, хаттарына жауап береді.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент) саласындағы мамандықтар.

  1. «Қалбатау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (санаты Е-G-3, №2-16-08). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Лауазымды, заңды және жеке тұлғалармен ҚР « Ветеринария туралы» заңының, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі және облыстың бас мемлекеттік ветеринариалық инспекторының ветеринария мәселелері бойынша басқа да нормативтік және құқықтық актілерінің орындалуын ветеринарнарлық іс–шаралардың (адам мен малға ортақ аурулардың алдын алу профилактикасы, диагностикасы және жою іс–шараларын қоса алғанда) жүргізілуін қадағалау,тиiстi аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу iс-шараларын енгiзе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимiн белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдер қабылдау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ветеринариялық пункттердi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз ету; Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу; Округтегі мал басының сәйкестендіру жүйесімен сәйкестігін қадағалау, 24-АШ нысаны бойынша мал басы туралы статистикалық есеп тапсыру; Табын айналымы бойынша іс құжат жүргізу, есебін тапсыру; Сүт қабылдау пунктерінің жұмыстарын ұйымдастыру, тұрғындар мен шаруа қожалықтарымен сүт тапсыру бойынша тығыз байланыста жұмыс жүргізу. Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтик құқықтық актілерін жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Жарық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-есепшісі (санаты Е-G-3, №2-12-02). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Шығыс сметаларының орындалу барысын қадағалау; Материалдық құндылықтар мен ақшадай қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету; Арнайы сметалық түсімдердің кіріс және шығыс есебін жүргізу және бюджеттен тыс түсімдердің есеп операциясын жүзеге асыру; Бухгалтерлік есеп жасау және оны тиісті орындарға межеленген мерзімдерде тапсыру; Субъектілердің финанстық – шаруашылық іс - әрекеттерін жақсарту мен салық базасын нығайту, орта және шағын бизнесті дамытуға байланысты ұсыныстар енгізу; Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек ақыларын есептеу және төлеу;Тиісті орындарға қаржылық есептерді тапсыру; Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді; әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады; Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент) саласындағы мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Ақжал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (санаты Е-G-3, №2-01-01). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Аудандық әскери қорғаныс бөлімімен байланыс жасау;өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы әскери күштері қатарына шақырушылармен жұмыс; округтегі қоғамдық құрылымдармен байланыс жасау; идеологиялық жұмыстарға қатысты ұйымдастыру шараларын жүргізу, ақпараттар дайындау, тиісті орындарға тапсыру, іс-шаралар жоспарын құру; Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді; шаруашылық кітабі негізінде жеке және заңды тұлғаларға тиісті анықтамаларды беру, оған қатысты ақпараттарды тиісті орындарға тапсырып отыру; шаруашылық кітаптарын жүргізу; шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қатысты шараларды жүргізіп, тиісті орындарға ақпараттар беру.Ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу; елді мекендерде мал жайылымын ұйымдастыру, орының анықтау;округтегі қоғамдық құрылымдармен байланыс жасау; тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау; тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау; ауыл шаруашылық малдары қорын ұстау ережесі бойынша; облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу; ветеринарлық, санитарлық қауіпсіздікті, ветеринарлық іс шараларды өткізу қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринарлық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды өткізу;

Жылу беру маусымына әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің жылу беру көздерін, магистралдық жүйелерді, сумен қамту және кәріз жүйелерін, электр жүйелерін, инфрақұрылым объектілерін, кенттегі көшелерде және кенттегі маңызы бар жолдарда инженерлік құрылымдардың  дайындығына бақылауды жүзеге асыру, ақпараттар беру, есептерін тапсырып отыру және басқа да тиісті ұйымдастыру шараларын жүргізіп отыру;

Жалпы мемлекеттік статистикалық есептік 24-АШ нысаны, 6-ө (фермер), 6-м (фермер), 7-ө (халық), 7-м (халық) және тағыда басқа қатысты айлық, тоқсандық, жылдық мал шаруашылығының жағдайы туралы есебін тапсыру.

Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

Әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;



Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (санаты Е-G-3, №2-06-03). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Ауылшаруашылықты дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру. Шаруа қожалықтары және жеке тұрғындарының бойынша шаруашылық кітаптарды жүргізу, толықтырулар мен өзгерістер еңгізу, мал басы туралы статистикалық есеп тапсыру, анықтамалар беру. Статистика бөліміне есеп беру. Округтегі қоғамдық құрылымдармен байланыс жүргізу. Шабындық, егістік және жайылымдық жер бойынша есеп жүргізу. Әкім аппараты мен жоғарғы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі штабтының жұмысын ұйымдастыру, штабының құжаттарын жүргізу. Облыс ветеринариясында мемлекеттік өкілетті органдарымен бекітілген тәртібінде, ауыл шаруашылығы малдары идентификациясын жүргізуге қатысу. Малды қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердің, ауыл шаруашылығы малын соятын алаңдардың, ал көмiндiлерінiң, пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарының (көмiндiлердiң) жұмыс iстеуiне жәрдемдесу. Агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүзеге асыру және оны аудандардың (oблыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарына (әкiмдiктерiне) беру. Ауыл шаруашылық санағын жүргізуге қатысу. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Үшбиік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-экономисті (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне) (санаты Е-G-3, №2-20-01). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің орындалуын қадағалау, округ әкімінің өкімдері мен шешімдерін жүзеге асыру, аудандық әкім аппаратының бөлімдерімен, аудандық дербес мемлекеттік бөлімдермен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен информациялық және ұйымдастырушылық байланыс орнату; округтің қаржы-экономикалық мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; мемлекеттік мекеменің жылдық жоспарларын дайындауға қатысады және көрсеткіштерін талдайды. Округтің Стратегиялық жоспарын жасақтауға және іске асыруға ықпал етеді; әкім аппаратының жұмысы нәтижесін есепке алу мен талдау, статистикалық материалдар мен басқа да мәліметтерді жүйелейді және қорытады, ауылдың өркендеуіне арналған жобалар дайындау және олардың экономикалық тиімділігін анықтау, Сараптама үшін ұсынылатын объектілерді мерзімінде қарастырады. Зерттеліп отырған мәселе бойынша дәлелденген, объективті және толық сараптық қорытындыны дайындайды. азаматтардың арыз, өтініштері мен шағымдарын қарауды және нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұйымдастырады. ЖТЕ базасын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент) саласындағы мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты» ММ-нің бас маман-есепшісі (санаты Е-G-3, №2-20-01). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілердің есебін жүргізу; Жергілікті салықтарды жинау; Салық төлеушінің есебі кітабын жүргізу; Салық жинау есебін жасау; Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi; Аудандық салық комитетімен байланыс жұмыстарын жүзеге асыру; Суықбұлақ кенті әкімі аппаратының іс – әрекетін ұйымдастыру барысында тұрғындармен жұмыс істеу; Кіші және орта бизнес, жеке кәсіпкерліктің дамуына ұсыныстар жасау. Ең үздік кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін бірліктіру; Кәсіпкерлер кеңесі жұмысын ұйымдастыру; Жеке кәсіпкерлермен меморандум жасауын ұйымдастыру; Кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау; Шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi; Кәсіпкерлік бөлімінің тапсырмаларын орындау. Субъектілердің финанстық – шаруашылық іс - әрекеттерін жақсарту мен салық базасын нығайту, орта және шағын бизнесті дамытуға байланысты ұсыныстар енгізу; Кент жастарымен жұмыс жасау, жастар саясатын жүзеге асыру; Кент жастарына әлеуметтік қолдау көрсету; Кент жастарына қатысты тиісті орындарға ақпарат, есептер беру; Кент жастарына қатысты шараларды және олардың әр түрлі шараларға қатысуын ұйымдастыру; Округтегі қоғамдық құрылымдармен байланыс жасау; Алгоритмдер (қосымша резервтер кірістері) бойынша жұмыс жүргізу, ақпараттар беру.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» саласындағы мамандықтар (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент) саласындағы мамандықтар.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



  1. «Шар қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы (санаты Е-G-3, №2-20-01). Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қаланың архитектурасын жақсаруын ұйымдастыру, жеке азаматтарға үй салуға, басқадай құрылыс салушыларға жер бөліп беруге, әкімнің өкімін дайындауды ұйымдастыру. Жылжымайтын мүліктермен және коммуналдық меншіктермен жұмыс істеу, мүлікке түгендеу өткізу және мемлекеттік тіркеуге алу. Аумақ тұрғындарына шабындыққа жер бөліп беру, жеке меншік секторындағы ірі қара мал бақташыларын ұйымдастыру, бақылауға алу. Аймақта жедел жағдайлар мен төтенше оқиғалар штабының комиссия мүшесі: жұмыс жоспарын құру, төтенше оқиғалар кезінде қоғамдық құрылымдарды жұмылдыру /аймақтағы елді мекендердегі ерікті-өртке қарсы дружинасы, қоғамдық тәртіпті сақтау тобын, санитарлық посты/, эвакуация пунктерін және эвакуация комиссияларын құру, төтенше оқиғалар туындай қалғанда округтегі халықты көшіру, хабарлау схемасын жасау. Аймақтағы үйлер мен құрылыстарды қысқы кезеңге дайындау. Көктемде топан сумен, қыста қарға қарсы тазалықпен күрес жұмысын ұйымдастыру. Қаланың тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, көлік жолдары және жолаушы тасымалдау мәселелерін қадағалау. Өнеркәсіптің, байланыс пен электрмен жабдықтаудың жақсаруын ұйымдастыру. Жекелеген адамдарға қабылдау жүргізу, азаматтар сұранысы мен өтініштерімен жұмыс жасау, тексеру актілерін жүргізу, өтініш берушіге жауап дайындау. Әкім аппараты жұмысын жоспарлау, атқарылған жұмыс туралы уақыты бойынша есеп жасау. Жоғарғы органдардың жеке өзінің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-не қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не d.akzamov@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру қажет: өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатыса алады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті органның интернет-ресурсында) конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105, 31 кабинетке ұсынылуы қажет.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Анықтама телефондары: (72347) 65-190 (телефон/факс), 67-167 e-mail: d.akzamov@akimvko.gov.kz
жүктеу 105,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау