3.9 Талшықты оптикалық жүйелердің сенімділігін есептеу
Сенімділік – қазіргі магистралдар мен жалпы пайдалануы бар байланыс желілерінің маңызды сипаттамаларының бірі. Жоғары өткізгіштік қабілеті бар кабельдік магистралдарға, бұларға талшықты – оптикалы кабельдік магистралдар (ТОКМ) да жатады, сенімділік бойынша өте жоғары талаптар қойылады. Бұл оптикалық арнажолдар мен байланыс арналарын техникалық пайдалану жүйесінің негізгі мәселесі. Талшықты оптикалық байланыс жолының (ТОБЖ) тоқтап қалуы мен бұзылыстары кез келген сәтте туындауы мүмкін, олар уақыт бойынша кездейсоқ процесті – тоқтап қалу ағынын құрады.
ТОКМ-да тоқтап қалуды жою процесі қайта қалпына келу уақытымен сипатталады, ол осы дипломдық жобада 0,5 сағ-қа тең деп алынады. Тоқтап қалмай жұмыс істеу уақыты ТБ.Р>>tВ және ТБ.Р=7,72104 сағ.
Сонда тоқтап қалу ағыны қарқындылығы:
=1/ТБ.Р=1/7,72104=1310-6ч-1. (3.26)
Және ТОКМ-дың түзу қалыпқа қайтып келуі ішкі жүйе өнімділігі деп аталатын параметр- бар, Пуассон заңымен таралған кездейсоқ уақыт tВ аралығында өтеді:
=1/tВ=1/0,5=2ч-1 (3.27)
Тартылу ұзындығы L=170 км ТОКМ үшін тоқтап қалу қарқындылығын анықтайық:
=/L=1310-6/170=7610-9ч-1/км. (3.28)
ТОКМ жұмыс сапасын бағалау негізгі көрсеткіштерінің бірі, жылына 100 км арнажолға келетін m бұзылыстар тығыздығы:
m=1008760, (3.29)
мұнда 8760 – жыл ішіндегі сағат саны;
100 m - мәні анықталатын арнажол ұзындығы;
m=7610-91008760=6,610-2.
Жабдық күйі көрсеткіштерін есептейік.
Тарату жүйесі (ТЖ) жабдығы үздіксіз қолданыстағы аппаратура болып табылады, оған арналуы бойынша пайлдалану уақытының техникалық қызмет көрсетудің немесе жөндеудің қайта қалпына келу уақытының кезектесуі тән, яғни пайдалану (эксплуатация) процесінде ТЖ жабдығы әртүрлі күйлерде болуы мүмкін.
Дайын болу коэффициенті
КГ=/(+)=2/(2+22,110-9)=0,999999989, (3.30)
Ол тұрақталған эксплуатация режимінде жабдықтың түзу күйде болу ықтималдығын сипаттайды.
Тұрып қалу коэффициенті:
КП=1-КГ=1-0,999999989=1110-9 (3.31)
Техникалық пайдалану коэффициенті:
КТИ=Т0/(Т0+ТБ.Р+ТВ), (3.32)
мұнда Т0 - тоқтап қалғанға дейін жұмыс істеудің орташа мәні, 109 сағ.
ТБ.Р. – техникалық қызмет көрсетудің орташа уақыты, 7,72∙104 сағ;
ТВ - жабдықтың қайта қалпына келу орташа уақыты, 0,5 сағ.
КТИ==0,999922805.
Жүйе жабдығы мен тарату жолы сенімділігі керекті көрсеткіштерін қамтамасыз ету келесі әдістермен іске асырылады:
- ТЖ (тарату жүйесі) элементтері мен түйіндері сенімділігін оны дайындауда, жасауда және эксплуатация кезеңдерінде үздіксіз жоғарылату.
- тарату жүйелері мен жолдарын оларды пайдаланғанда техникалық эксплуатациясын жетілдіру;
- кез келген желілік түйіндер арасында ақпаратты таратуды қамтамасыз ету үшін арнажолдар мен арналарды резервтеу.
Достарыңызбен бөлісу: |