Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы «___» ________ № _____ бұйрығына
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы»28 наурыздағы № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген, 2005 жылы № 5,
257-бап Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуді ұсыну ережесі:
2-тармақтын 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) маневрлік жұмыстар - поездарды құрастыру және тарату, вагондарды беру-алып кету және тиеу/түсіру орындарында вагондарды ауыстыру және өзге де технологиялық мақсаттар үшін станциялық және кірме жолдарда локомотивтік тартқышпен жылжымалы құрамның орнын ауыстыру процесі;».
2. «Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің м.а. 2011 жылғы 3 наурыздағы № 110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6865 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірде № 174-177 (26579) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасы:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өзінің тартқыш көлік құралдары (локомотиві) жоқ тармақ иеленуші мен контрагенттер маневрлық және шаруашылық жұмыстар (поездарды қалыптастыруы, тарату, тиеу/түсіру орындарына вагондарды беру-алып кету және орнын ауыстыру, тасымалдау процесімен байланысты емес басқа технологиялық мақсаттар) үшін локомотивтік тартымның операторларымен жасаған шарттың негізінде локомотивтік тартымның қызметтерін пайдаланады.». 3. «Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 59501 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы N 29 (тираждың шыққан уақыты 28.11.2011) жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық:
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«137. Аралықтан станцияға қайтушы итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту кезінде жетекші локомотивтің машинисіне жезл, ал итергіштің машинисіне – кілт-жезл беріледі.
Кілт-жезлдар сондай-ақ вагондарды аралықтарға жанасатын кірме жолдарға беруді-алып кетуді ұйымдастыруда, сондай-ақ жөнелтілген поездың артынан олардың кейіннен станцияға оралуымен шаруашылық поездарының қозғалысы пайдаланылуы мүмкін.»;
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«140. Локомотивті жөнелту станциясына қайтарумен немесе одан әрі көрші станцияға дейін жүрумен вагондарды қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйісуге беру-алып кету қажеттігі кезінде машинистке түйісу бағыттамасының бақылау құлпының кілтімен бірге жезл беріледі. Көрші станция бойынша кезекші вагондарды түйісуге беру-алып кету үшін локомотивтің жөнелтілгені туралы және станцияға оралуы туралы да хабардар етіледі.»;
546-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«546. Жарылғыш материалдар бар вагондар поездарда және маневрлер кезінде, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың кірме жолдарына беру-алып кету кезінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасында көзделген нормаларға сәйкес паналауы болуы тиіс.
Оларда жарылғыш материалдар бар вагондары жүріп келе жатқан поездарға жабу ретінде бос вагондар немесе қауіпсіз жүктер тиелген вагондар қойылуы тиіс.
Бос вагондар жүктердің қалдықтары мен қоқыстан тазартылған, есіктері мен люктері жабық болуы тиіс. Бос цистерналар жүктің қалдықтарынан тазартылған, люктерінің қақпақтары жабылған болуы тиіс. Паналату ретінде арнайы цистерналарды, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға мамандандырылған цистерналарды пайдалануға жол берілмейді. Бос және жүк тиелген платформалар (соның ішінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасының 10-тармағында көрсетілгендер де), сондай-ақ транспортерлер жарылғыш материалдар бар вагонға тікелей тіркелетін бірінші вагоннан басқаға паналату ретінде қойылады.»;
548-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«548. Жарылғыш материалдар бар вагондарды түсіруге қабылдайтын немесе жөнелтуші кірме жолдарға қызмет көрсету жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарда мұндай вагондарды беру-алып кету маршруттары, маневрлік құрамдардың олармен орын ауыстыру жылдамдығы, өтпелер арқылы жүру тәртібі мен маршрутты күзету, сондай-ақ жергілікті жағдайларға қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті басқа шаралар анықталуы тиіс. Жарылғыш материалдар бар вагондарды арсеналдардың, базалар мен қоймалардың кірме жолдарына беру-алып кету негізінен тепловоздар жүргізеді.».
Қазақстан Республикасы поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты 88-қосымша осы тізбенің 1-қосымшаларына сәйкес келесі редакция жазылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |