Аксонометрия (еж.грек тілінде аксон- ось, метро – өлшеймін) Аксонометриялық проекциялар объектіні бір проекциялар жазықтығына параллель проекциялау арқылы алынады.
Аксонометрияның негізгі теоремасы
Натурал координаттар жүйесі мен аксонометриялық проекциялар жазықтығының өзара орналасуы және проекциялау бағытының әр түрлі өзгеруі себептерінен алуан аксонометриялық проекцияларды алуға болады. Олар бір-бірімен аксонометриялық өстердің бағытымен және бұрмалану көрсеткіштерімен айырылады.
Осыған байланысты К.Полькенің мына теоремасын келтірейік: бір жазықтықта жатқан, бір нүктеден өзара кез-келген бұрыш жасап тарайтын, ұзындықтары кез-келген шамаға тең үш кесінді тік бұрышты координаттар өстеріне бас нүктеден салынған бір-біріне тең үш кесіндінің параллель проекциялары бола алады. Бұл теореманың маңыздылығы соншалық, оны параллель аксонометрияның негізгі теоремасы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |