Өмірзақ Еркемай рецензия



жүктеу 18,3 Kb.
Дата01.06.2023
өлшемі18,3 Kb.
#42871
Өмірзақ Еркемай рецензия

дипломдық жобаға
СЫН-ПІКІР


Студент: Өмірзақ Еркемай Ғалымбекқызы
Мамандығы: 6В07201 – «Тамақ өнімдерінің технологиясы»
Дипломдық жоба тақырыбы: «Астана қаласында ауысымына қуаттылығы 30 мың шартты банка ет консервілерін өндіретін цехтың жобасы»

Дипломдық жұмыстың өзектілігі және ескертулер


Дипломдық жоба 6В07201 – «Тамақ өнімдерінің технологиясы» мамандығы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес орындалды. Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі ет өндірісі саласында ассортименттерді және технологияларды тиімді пайдаланып тұтыну сұраныстарына сәйкес рәсімделген. Дипломдық жобаны орындауда әдістемелік нұсқауларды дұрыс қолданып теориялық бөлімдер мен технологиялық есептеулер, құрал-жабдықтарды таңдау, сондай-ақ графикалық сызуларды жоғары деңгейде көрсете білді.


Дипломдық жоба тақырыбы бойынша алға қойылған мақсат және міндеттерін анықтап, қорытындыда толық, әрі түсінікті етіп жеткізген. Дипломдық жоба кіріспеден, технико-экономикалық негіздемеден, технологиялық бөлімнен, технологиялық есептен, техника-химиялық бақылаудан, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудан, экономикалық бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жоба мемлекеттік тілде баяндалған, жүйелі, жеке тараулармен, үйлесе байланысқан және ойы толық аяқталған, есептік кестелер, суреттер және графикалық сызбаларды қолдану арқылы жеткілікті материал көлемімен жүргізілгені дәлелденіп орындалған.
Жобада қарастырылған цехтың жеке бөлімдері бір-біріне сәйкес, жеке бөлімдерінің өзара байланысы және ішкі біртұтастығы сақталған.
Қорытынды бөлімнің дәйектілік деңгейі жоба мазмұнында жасалған нәтижелерге, ұсыныстарға, қазіргі заманғы өндіріс және тәжірибе талаптарына сәйкес орындалған.
Дипломдық жобаның түсіндірме және графикалық бөлімдерін сараптай келе төмендегідей қателіктерді атап көрсетуге болады:

  1. Зауыт бөлімдерінің ауданын есептеуде кейбір бөлімдердің аудандарын іріленген норма бойынша қабылданған, нақты формула арқылы есептеу қажет еті;

  2. Экономикалық көрсеткіштердегі шикізаттардың бағалары нарықтық бағалармен салыстырғанда арзан.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер дипломдық жобаның тәжірибелік мәнін және орындалу деңгейіне әсер етпейді.


Дипломдық жобаны бағалау
Білім алушы Өмірзақ Еркемай Ғалымбекқызы дипломдық жобаны С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеттің СМЖ ӘН 02.2012-2021 Дипломдық жұмысты (жобаны) ұйымдастыруға, өткізуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарына сай орындаған және білім алушы 6В07201- «Тамақ өнімдерінің технологиясы» беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алуға лайықты, 98% (А, 4,00) бағасымен бағалаймын.

Дипломдық жобаға пікір беруші:
АҚ “Алматы технологиялық университеті”, Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доценті




Таева А.М




жүктеу 18,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет