KAZ-GOSO-2012-s-izm



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
Дата17.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#41819
KAZ-GOSO-2012-s-izm
df1d808b-5c1e-4113-a90f-a155235f344f


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 
2012 жылғы 23 тамыздағы 
№ 1080 қаулысымен 
бекітілген 
(13.05.2016ж. өзгерістерімен №292) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж
Ж
О
О
Ғ
Ғ
А
А
Р
Р
Ы
Ы
 
 
Б
Б
І
І
Л
Л
І
І
М
М
 
 
Б
Б
Е
Е
Р
Р
У
У
Д
Д
І
І
Ң
Ң
 
 
М
М
Е
Е
М
М
Л
Л
Е
Е
К
К
Е
Е
Т
Т
Т
Т
І
І
К
К
 
 
Ж
Ж
А
А
Л
Л
П
П
Ы
Ы
Ғ
Ғ
А
А
 
 
М
М
І
І
Н
Н
Д
Д
Е
Е
Т
Т
Т
Т
І
І
 
 
С
С
Т
Т
А
А
Н
Н
Д
Д
А
А
Р
Р
Т
Т
Ы
Ы
 
 



1. Жалпы ережелер
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан 
Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім алушылардың даярлық 
деңгейіне, білім беру мазмұнына, олардың типтеріне, түрлеріне және меншік 
нысандарына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан, жоғары оқу орындарында, 
оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі – ӘАОО) білім 
алушылардың оқу жүктемелерінің ең көп көлеміне қойылатын талаптарды 
айқындайды. 
Стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 
терминдер қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың 
анықтамалары енгізілген: 
1) жоғары арнаулы білім – нормативті оқу мерзімі кемінде 4 жыл, 
теориялық оқудың кемінде 161 кредиті және кәсіби практиканың кемінде 6 
кредиті міндетті түрде меңгерілетін, тиісті мамандық бойынша біліктілікті 
бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білімнің білім беру 
бағдарламасы; 
2) бакалавриат – білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша 
«бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары 
білім; 
3) дескрипторлар (descriptors) – студенттердің жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру 
бағдарламаларын аяқтағанда игеріп шығатын білім, білік, дағды және 
құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту 
нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы 
санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді; 
4) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің және курсанттың (бұдан әрі – 
студент) таңдалған мамандық саласындағы өзекті проблеманы өз бетінше 
зерделеу нәтижелерінің жинақталуы болып табылатын бітіру жұмысы; 
5) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен 
элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу 
жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары; 
6) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-
дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға 
тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін процесс; 
7) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, 
қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді 
(студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете 
отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері 
бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі; 
8) таңдау компоненті – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен 
постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде 
студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің 
(немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі; 



9) құзыреттер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білімін, 
іскерлігін және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана 
білу қабілеті; 
10) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім 
беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу 
пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі; 
11) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – мамандық бойынша 
үлгілік оқу жоспары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде білім 
беру ұйымы дербес әзірлейтін оқу құжаты; 
12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, 
көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және білім беру саласындағы 
уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті 
компонентіндегі пәннің оқу құжаты; 
13) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан 
Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
мамандықтарының жіктеуіші мен осы стандарт негізінде әзірленетін, 
міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және 
практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, 
пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін 
регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу 
құжаты; 
14) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – мамандықтардың 
білім беру бағдарламасы шеңберінде игеру үшін ӘАОО дербес айқындайтын 
оқу пәндері мен кредиттердің тиісті көлемдерінің тізбесі; 
15) кәсіптік құзыреттер – құқық қорғау органдары жүйесінде және тиісті 
лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, 
шеберліктер мен дағдылар; 
16) біліктілік сипаттамалары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрлігінің жүйесінде және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді 
жүзеге асыру үшін қажетті білімдер, шеберліктер мен дағдылар; 
17) біліктілік талаптары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде 
және тиісті лауазымда кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті 
білімдер, шеберліктер мен дағдылар. 
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – 
жоғары оқу орны) жоғары білімді мамандар (бакалаврлар мен дипломы бар 
мамандар) даярлауды: 
1) осы стандартқа және жоғары білім мамандықтарының үлгілік оқу 
жоспарларына; 
2) Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне; 
3) академиялық күнтізбеге; 
4) студенттердің жеке оқу жоспарларына; 
5) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларына; 
6) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. 
ӘАОО бакалаврларды даярлауды: 



1) ӘАОО-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша 
мамандықтар мен біліктіліктер тізбесіне; 
2) осы стандартқа; 
3) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларына; 
4) пәндер бойынша үлгілік және оқу жұмыс бағдарламаларына; 
5) академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: 
1) жоғары білім берудің және оқытудың мазмұнын айқындайды; 
2) білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне және 
даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді. 
4. Стандарт талаптары: 
1) мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын; 
2) білім беру бағдарламаларын; 
3) мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларын; 
4) студенттердің жеке оқу жоспарларын; 
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде міндетті. 
5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне 
сәйкес азаматтар бейіні мамандықтар тобында мынадай түрде айқындалатын 
жоғары білім алады: 
1) «Білім» мамандықтар тобы бойынша – жоғары педагогикалық білім; 
2) «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары 
гуманитарлық білім; 
3) «Құқық» мамандықтар тобы бойынша – жоғары заң білімі; 
4) «Өнер» мамандықтар тобы бойынша – жоғары өнертану білімі; 
5) «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобы 
бойынша – жоғары әлеуметтік-гуманитарлық тиісінше жоғары экономикалық 
білім; 
6) «Жаратылыстану ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары 
жаратылыстану ғылыми білімі; 
7) «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобы 
бойынша – жоғары техникалық білімі; 
8) «Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – 
жоғары ауылшаруашылық білімі; 
9) «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша – қызмет көрсету 
саласындағы жоғары білім; 
10) «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша – әскери іс 
және қауіпсіздік саласындағы жоғары білім; 
11) «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» 
мамандықтар тобы бойынша – жоғары медициналық білім. 
6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын ведомстволық 
бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, бакалавриаттың және 
жоғары арнаулы білімнің тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін 
жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар жоғары оқу орындары іске асырады. 
7. «Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар» деген 
бөлімде оқытудан күтілетін нәтижелер Дублин дескрипторларының бірінші 



деңгейі (бакалавриат) негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы 
көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ 
жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады. 
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар: 
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса 
алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу; 
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; 
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы 
проблемаларды шешу; 
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, 
пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды 
жүзеге асыру; 
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға 
да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. 
8. «Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде жоғары 
білімнің мақсаты мен құндылығы, білім беру оқу бағдарламаларын 
меңгерудің нормативтік мерзімдері, типіне, түріне және меншік нысанына, 
сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан,жоғары оқу орындарында білім 
алушылардың міндетті меңгеруі тиіс мазмұн көлемі көрсетілген. 
9. «Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» деген 
бөлімде студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән 
немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін кредиттерімен өлшенеді. 
10. Осы стандарт білім алушыларды даярлау деңгейіне және жоғары оқу 
орындарының білім беру қызметіне қойылатын міндетті талаптар негізінде 
жоғары білімді ұсынуды көздейді. 

жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет