Машина жасау 20-27



жүктеу 380,57 Kb.
Дата06.06.2022
өлшемі380,57 Kb.
#38859
Машина жасау 20-27
СИБ 21-3 күнтізбелік жоспар!, Шалбаев Лаб 1 (ОТИПИС), Тәрбие жұмысының жоспары каф.ПТ 2022-2023ж., Салауатты отбасы – салауатты ұлт. АИТВЖИТС алдын алу, 2зертхана, геодезия лекция, дзз 2, дәрістер1-15, зертханалық жұмыс, 1 - filosofiya keste t r nde, 1 зертханалық жұмыс Карта 1,2, Зертханалық жұмыс 8 Бек, ЦАФ 19 3 Зулпыхарова Ұ презентация, ТЗКи

Қосалқы әрекет - жұмыстық беттердің пішінін, өлшемдерін және кедір-бұдырлығын өзгертпейтін, алайда технологиялық әрекетті орындауға қажетті адам және (немесе) жабдықтың іс-әрекетінен тұратын технологиялық операцияның анықталған бөлігі. Қосалқы әрекеттер мысалы ретінде дайындаманы орнату және алуды, аспапты алмастыруды келтіруге болады.

Жұмыстық жүріс – дайындама беттердің пішінің, мөлшерін, сапасын және қасиеттерін өзгертетін, аспапты дайындамаға қарағанда бір рет жылжытудан тұратын технологиялық әрекетттің аяқталған бөлігі. Әрбір жұмыстық жүрісте материал қабатының белгілі бір бөлігі алынады.
Көмекші жүріс – аспапты дайындамаға қарағанда бір рет жылжытудан тұратын және жұмыстық жүрісті атқаруға қажетті технологиялық әрекеттің аяқталған бөлігі. Мысалы, тоқарьлық станок суппортын бастапқы жағдайға қайтару.
Механикалық өңдеуге қатысты «орнатылым» және «позиция» ұғымдары қолданылады.

Орнатылым – өңделетін бір немесе бірнеше дайындаманың бекітілуі өзгеріссіз жүргізілетін технологиялық операция бөлігі. Мысалы, тоқарьлық станокта төлкені өңдеу (1.6-сурет) кезінде екі орнатылым (А және Б) болуға тиіс. Б орнатылымында патронға алдында қысылған беттер өңделеді.
«Позиция» ұғымы көпорынды бұрылмалы икемқұралдарды пайдалану, көпшпиндельді станоктарда өңдеу кезінде қолданылады.
Позиция – операцияның белгілі бір бөлігін орындау кезінде аспапқа немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қарағанда өңделетін дайындаманың икемқұралмен бірге өзгеріссіз бекітілуінің тиянақталған жағдайы.
1.7-суретте үшшпиндельді тік бұрғылағыш станокта бөлшекті төртпозициялы өңдеу мысалы келтірілген. І позиция өңделетін дайындаманы орнату және дайын өнімді шешіп алу қызметін атқарады. Үшшпиндельді бастиектің әрбір жұмыстық жүрісінен соң дайындама жаңа позицияға беріледі. ІІ позицияда – бұрғылау, ІІІ позицияда – зенкерлеу, ал ІV позицияда ұңғылау жүргізіледі. І позицияда өңделген бөлшекті дайындамамен алмастырады, осыдан соң цикл қайталанады.
1.1-кестеде өңдірістік үдеріс элементтерінің негізгі нышандары туралы жалпы деректер келтірілген.

жүктеу 380,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет