1959 жылғы Теміртаудағы оқиға



жүктеу 19,56 Kb.
Дата04.02.2022
өлшемі19,56 Kb.
#37367
1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
срсп 2, МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ МОТИВАЦИЯМ, 12.7.2021ж (копия), 10.2, Нарушение 30.03.2022, 3СЛ ЦС Сандық интегралды схемалар логикасының негізгі түрлері., 3Философия реферат, СТУДЕНТЫ ПРАКТИКА, ответы философия, вопросы по САПру каз

1959 жылғы Теміртаудағы оқиға. Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған қазақстандық 《Магнитка 》металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей, олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда, брезент палаткада өмір сүруіне тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі, тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеліп соқтырды. Осындай жағдайға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкіметпен қақтығысы болды. 1 тамызда сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (25 мың жұмысшыға әрқайсысы 2120 орыннан 16 асхана болды). Асханалар мен дүкендерді ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды, бүліншіліктерді басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліншіліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді. Болған оқиғалар жайында БАҚ-тар ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды. КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша құрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды. 1959 жылдың қазан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты 《Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы》қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н.Исаев пен 《Қазметаллургқұрылыс》тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды. Теміртаудағы бүліншіліктің негізгі себебі - жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді. Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.
жүктеу 19,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет