«Алгоритмдеу және программалау негіздері» пәнінен емтихан сұрақтары
1 блок
Алгоритм дегеніміз не екенін, бұл сөздің қайдан шыққанын жазыңыз. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін талдаңыз.
Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Кез келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритмді ЭЕМ-де орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.
Алгоритм сөзі IX ғасырда арифметикалықамалдарды орындау ережесін тұжырымдаған өзбектің ұлы математигі Әл-Харазмидің аты латынша algorithmi болып жазылуынан шыққан. Алғашқы кезде алгоритмді тек көп таңбалы сандарға арифметикалық төрт амалды орындау ережесі ғана деп ұсынған. Кейінірек бұл ұғым алға қойылған мәселені шешуге келтіретін әрекеттер тізбегін жалпы түрде белгілеу үшін пайдалана бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |