1. Аспан сферасы ұғымына өз анықтамаңызды беріңіз?



жүктеу 0,64 Mb.
Дата18.01.2023
өлшемі0,64 Mb.
#40961
Астрономия 1

Сұрақтар
1. Аспан сферасы ұғымына өз анықтамаңызды беріңіз?
2. Жылдың әр мезгілінде үшбұрыш жасайтын шоқжұлдыздарды
жұлдызды аспанның жылжымалы картасы арқылы көрсетіңіз?
3. Аспан сферасындағы ең негізгі жазықтықтар мен сызықтарды қағазға
қолмен сызып, түсіндіріңіз?
4. Аспан экваторы жазықтығы мен математикалық көкжиек қандай
бұрышпен қиылысады?
5. Бақылау орнының ені 90°-қа дейінгі ауытқитын аспан сферасынан
геомертиялық орын нүктесін анықтаңыз?
6. Неге және қаншалықты жиі (орташа есеппен) көктемгі күн мен түннің
теңелуі бір шоқжұлдыздардан келесі шоқжұлдыздарға өтеді?

Жауаптар



1.Аспан сферасы деп қандай да бір радиуспен сызылған, центрі бақылау нүктесінде орналасқан жорамал сфераны айтады. Сфераның бетіне аспан шырақтарының орны проекцияланады. Аспан сферасында шырақтардың орындары мен қозғалыстарын зерттеу ыңғайлы болуы үшін арнайы сызықтар мен нүктелер белгіленеді.
3. Аспан сферасының негізгі элементтері: Зенит (Z) нүктесі бакылаушының дәл төбесінде, ал Надир (Z1) — сфераның қарама-қарсы нүктесінде орналаскан. Осы екі нүктені қосатын түзу вертикаль сызық немесе тік сызық, оған перпендикуляр әрі аспан сферасының орталық нүктесі арқылы өтетін жазықтық математикалық немесе нақты көкжиек жазықтығы деп аталады. Ол аспан сферасын қиып, үлкен дөңгелек (центрі аспан сферасының центрімен сәйкес келетін шеңбер мағынасында) — нақты көкжиек (немесе жай ғана көкжиек) түзеді. Көкжиек аспан сферасын кәрінетін және кәрінбейтін екі бөлікке бөледі. Зениттен М шырак аркылы надирге дейін өтетін үлкен дөңгелек шырақ вертикалі деп аталады. Аспан сферасы және шырақтардың тәуліктік айналысы дірние осінің төңірегінде өтеді.
4. Аспан экваторы математикалық көкжиекпен шығыс E және батыс W нүктелерінде қиылысады.


6. Күндіз, немесе "жарық күн" — жер бетіне күннің түсуінен қалыптасқан жарқындық. Күнді бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді. Эклиптика зодиак шоқжулдыздары (гр. зодиакос куклос - жан-жануарлар дөңгелегі) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқжұлдыздардың жиыны 'зодиак белдеуі деп аталады.
Күн зодиак шоқжұлдыздарының әрқайсысында бір ай шамасында болады. Сөйтіп, Күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы эклиптика деп аталады дедік. Күн эклиптика бойымен жылжи отырып, аспан экваторын 21 наурыз және 23 кыркүйекке сейкес келетін, күн мен түннің теңелу деп аталатын нүктелерде екі рет қиып өтеді. Күн мен түннің көктемдегі теңелуі нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады. Бұл күндерде Күн аспан экваторын басып өтеді, ал аспан экваторын аспан көкжиегі как бөледі. Ендеше көкжиек үстіндегі және астындағы Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей. 22 маусымда Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашык орналасады. Бүл ең ұзақ күн - жазғы күн тоқырауы. 22 желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн - қыскы Күн тоқырау күні.
Ерте кезде Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Күн бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда мұндай түсіндіру сол кездегі кейбір философтарды канағаттандырмады.
Мәселен, атақты Пифагордың оқушылары Күннін жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осінен айналатыны сиякты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды.
Сөйтіп, мың жылдан астам уақыт бойы, Н. Коперникке дейін, ешкім Жердің қозғалатыны жайында сөз етпеді. Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік қозғалыс жасап қана коймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақылаған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан болады.
Күннің бетінде көптеген коңыр дактар болатыны белгілі. Мінеки, осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған.
Бұдан шығатын қорытынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.
жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
мектепке дейінгі
білім министрлігі