1. 10 Қан айналу жүйесінің физиологиясы, жастық ерекшеліктері



жүктеу 32,59 Kb.
Дата13.05.2022
өлшемі32,59 Kb.
#38572
10 дәріс

1.10 ҚАН АЙНАЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЖАСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қанайналым деп организмдегі қанның қантамырлар арқылы тынымсыз қозғалысын айтады. Қанайналым жүйесi мүшелерiне - қан қозғалысын қамтамасыз ететiн энергия көзi - жүрек және тасымалдау мен қайта бөлу қызметін атқарушы тамырлар жатады.

Тұтас организмде қанайналым мүшелерiлiң қызметi орталық жүйке жүйесiнен және гуморальдық факторлармен реттеледi, тiршiліктің әрбiр сәтiнде ұлпалардың оттегі мен қоректiк заттарға деген қажеттiлiгi сәйкестендiрiледi.

Қан жүрек жасаған қысым айырмашылығымен козғалады. Қанайналымының екi шеңбері бар: үлкен және кiші. Үлкен қанайналым шеңбері жүректiң сол жақ қарыншасынан басталады. Оның құрамына қолқа, әртүрлi калибрлі қызылтамырлар (артериялар), қызылтамыршылар (артериолалар), қылтамырлар (капиллярлар), көктамыршылар (венулалар) мен көктамырлар (веналар) кiреді. Үлкен қанайналым шеңберi оң жүрекшеге қуыс веналар болып аяқталып құяды. Қылтамырлар қабырғалары арқылы қан мен ұлпалар арасында зат алмасуы жүредi: қызылтамырлар қаны оттегiнi берiп, көмiрқышқыл газымен қанығып, веноздық қанға айналады. Жүректiң оң жақ қарыншасынан басталатын кiшi қанайналым шеңберi өкпе қызылтамырларынан, қызылтамыршалардан, қылтамырлардан, көк тамыршылардан және көк тамырлардан тұрады. Сол жақ жүрекiшеге олар өкпе көктамырлары болып құяды. Қылтамыршаларда қан көмiрқышқыл газынан ажырап, оттегiмен қанығып, артериялық қанға айналады.

Жүрек ортасынан оң және сол бөлiмге бойлық қалқамен бөлінген еттi мүше. Олардың әрқайсысы қабырғасы фиброздық қалқамен бөлiнген қарынша мен жүрекшеден тұрады. Жүрекшелерден қарыншларға және онан ары қарай қолқа мен өкпе қызылтамырларына қарай қанның бiр бағытта қозғалуы, қарыншалардың кiре және шыға берiсiндегi тесiктерiнде орналасқан клапандармен қамтамасыз етiледi. Клапандардың ашылуы мен жабылуы екi жағындағы қысымның дәрежесiнде тәуелдi.

Жүрек етiнiң талшықтары көлденең жолағы бар миожiпшелерден тұрады. Ет талшықтарының диаметрi 12-24 мк болса, ұзындығы 50мк жетедi. Жүректiң әр бөлiмдендегi қабырғаларының қалындығы бiрдей емес. Мұндай ерекшелiк жүректiң атқаратын ак (5-8 мм), жүрекше қабырғалары мұнан да жұқа 2-3 мм.

Жүректің көлемi оның қуыстарының аумағы мен қабырғаларының қалыңдығынан құралады. Осы өлшемдер адамның денесіне, жасына, жынысына және қимыл белсендiгіне байланысты. Жүректiң көлемі рентгенография, қуыстарының аумағы радиокардиография арқылы анықталады. Орта бойлы және орта салмақты ересек, денi сау еркек жүрегiнiң‚ ұзындығы орта есеппен 14 ем, көлденеңі 12 ем, қарынша қуыстарының аумағы 250-350 мл. Әйелдерде бұл өлшемдер сәл аздау.

Жүректiң жалпы көлемiн бипланды телерентгенография деген арнайы тәсiлмен анықтайды. Жүректiң суретi бұл тәсiлмен екi проекцияда түсiрiледi. Табылған өлшемдер арқылы жүректiң жалпы көлемін есептеп шығарады. Орта есеппен жүректiң жалпы көлемi еркектерде 700-900 мл, әйелдерде 500-600 мл. Ауыр қара жұмыс пен спорт, жүрек етiнiң қалыңдауы мен қуыстарының кеңуiне әкеледі.

Жүрек қанмен, қолқаның шыға берiсiнде басталатын сауыт (венечная) артериясы арқылы қамтамасыз етiледi. Қан сауыт артериясына жүрек босаған кезде енедi. Қарыншалар жиырылған мезгiлде сауыт артериялары қолқа қақпашасымен қалқаланады, ал артериялардың өзi жиырылған жүрек етiмен сығымдалады. Сондықтан жүрек етiнiң қанмен қамтамасыз етiлуi жиырылған кезде азаяды. Сауыт артериясына 1 минөтте 200-250 мл қам өтедi. Қара жұмыс iстеген кезде жүректiң қанмен қамсыздануы жоғарылайды. Ол қанның көлемi iстелген жұмыстың қуатына байланысты. Өте ауыр жұмыстарда жүректiң қанмен қамсыздануы 1000 мл жетуi мүмкiн.

Жүрек етiнiң физиологиялық қасиетi. Жүрек етiнiң қозғыштық, өткiзгiштiк, жиырылғыштық және автоматизм қасиетi бар.

Жүрек автоматизмi. Сыртқы тiтіркендiргiшсiз, өзінен шығатын тiтiркеністер әсерiнен ырғақты түрде жиырыла алатын қасиетін, жүректiң автоматизмi дейдi. Қозу- оң жүрекшеге құйылатын қуыс веналар орнында пайда болады. Осы жерде бейқалыпты ет ұлпасы шоғырланған, синоатриалдық немесе Кис - Фляк түйiнi деп аталған.

Синоатриалдық түйiнде туған қозу артриовентрикулярлық түйінге дейiн таралады. Бұл түйiннен‚ Гис шоғыры шығып екiге айырылады да, ұштары Пуркинье талшықтарын жасап қарыншалар еттерiне қозуды өткiзедi.

Синоатриалдық түйiннің автоматтық, қасиетi өте жоғары.Нормалы жағдайда осы бөлiмнiң тiтiркенiстері жүректiң басқа бөлiмдер әрекетiн қамтамасыз етедi. Миокардтың (жүрек бұлшық етiнiң) басқа аймақтарының, жеке алғанда атриовентрикулярлық түйiннiң автоматизмi әлсiз. Олар жүрек ырғағын басқарып тұрушы тiтiркеністермен басылып тұрады.

Жүректiң қозғыштығы. Ол түрлi тiтiркендiргіштер әсер еткенде бiлiнсдi. Тiтiркендiргiш күшi табалдырықтан төмен болмауы шарт. Табалдырық деңгейiндегi тiтiркендiргiгштер, белгiлi бiр жағдайларда, барынша жоғары күшi бар жиырылуға әкеледi. Жүрек қозуының осы ерекшелiгi “түгел немесе түк емес” заңы деп аталған. Бiрақ бұл заң ыңғай бiлiне бермейдi. Жүрек бұлшық етiнiң жиырылуы дәрежесі тiтiркендiргiш күшiне ғана тәуелдi емес, сонымен қатар алдын-ала оның созылуына, температурамен оның қоректендiретiн қанның құрамына байланысты.

Жүрек етiнiң қозғыштығы тұрақты емес. Қозу барысында ол өзгередi.Оның алғашқы кезеңiнде жүрек етi қайта әсер етушi тiтiркендiргiштi қабылдамайды.Бұл кезең абсолюттiк қасарыс (рефрактерлiк) фазасы деп аталады. Адамда ол 0,2 -0,3 сек, демек жүректiң жиырылған уақытымен сәйкес келедi. Абсолюттiк қасарыс фазасы аяқталысымен жүрек етiнiң қозғыштығы қайта қалпына келiп өте қысқа мерзiм бойы бастапқыдан жоғары болады.

Абсолюттiк қасарыс кезеңiнің ұзақ болуының арқасында, әдеттегi жағдайда, жүрек етi кұрысу режимiнде жиырыла алмайды. Бұл жағдай жүрекшелер мен қарыншалар жұмысын үйлестiру үшiн өте маңызды.

Жиі түсiп тұратын тiтiркендiргiштерге жүрек етi абсолюттiк қасарыс фазасы кезiнде жауап бермейдi. Қосымша, кезектен тыс тiтiркенiс, қозғьштығы қайта кұрылған кезде келiп түссе, жүректiң қосымша жиырылуы байқалады да, экстрасистола деп аталады. Кезектi тiтiркенiс жүрекке қасарыс фазасында келедi. Жүрек оған әсерлснбейдi, сондықтан экстрасистоладан кейiн ұзақ өтем паузасы (компенсаторная пауза) туады.

Жүректiң өткiзгiштiгi. Өткiзгiштiк қасиет арқасында қозу миокард бойына ырғақ жетекшiсi клеткаларынан таралады. Жүректе қозу электрлiк жолмен таралады. Жүрек етнiң бiр талшығында пайда болған әрекет потенциалы басқаларына тiтiркендiргіш болып келедi. Жүректің қозуды өткiзгiш қасиетi талшықтарының құрылымдық ерекшелiктерiнен басқа да, көптеген факторларға тәуелдi. Мысалы, қозу өткiзгiштiгі температура жоғарыласа жеделдейдi де, оттегi тапшылығында баяулайды. Жүректiң әртүрлi бөлiмiнiң өткiзгiштiгi әрқалай. Бұл оның iшiндсгi гликоген мөлшерi мен қасарыс фазаларының ұзақтығына байланысты. Сондықтан, қозу алдымен жүректiң iшкi қабаттарын жайлайды да, соңынан сыртына қарай тарайды. Қозудың таралу жылдамдығы жүректiң өткiзгiш жүйесiне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның қабырғаларының қалыңдығына байланысты. Ең жоғарғы өткiзгiштiк қасиет өткiзгiш жүйесiне, әсiресе Пуринье талшықтарына тән. Жүрекше етiнiң талшықтарынан атриовентрикулярлық түйiнге дейiн қозудың таралу жылдамдығы шамалы. Қозу процесiнiң осы жерде тежелуi жүрекшелер мен қарыншалар жұмысының тiзбектiлiгін қамтамасыз етедi.

Жүрек етiнiң жиырылғыштығы. Жиырылғыштық қасиет арқасында,талшықтардың ширығуы көтерiлiп, нәтижеде қысқарады. Жүрек етi талшығының дара жиырылу жылдамдығы, қаңқа еттерi талшығына қарағанда баяу. Бұл жүрек етiнiң құбылмалылығы аз екенін көрсетедi. Физиологиялық жағдайда әрбiр қозу толқыны жүректiң жиырылуына әкеледi. Кейбiр жағдайларда осы заңдылық бұзылуы мүмкiн. Мысалы, жүректi қоректендiрушi ерiтiндi iшiнде кальций болмаса, қозу жиырылуға әкелмейдi.

Жүрек жиырылуын энергиямсн қамтамасыз етушi құрамына фосфор кiретін микроэргиялық химиялық заттар. Олар гликолиз, тотықтану, фосфорландыру арқылы энергия бөлiп шығарады.Мұнда аэробты реакциялар үстем.

Дені сау адамдарда синоатриалдық түйіндегі қозу ырғағы жүрек соғысының ырғағымен бірдей. Бүтін организмде ырғақ жетекшісінің автоматизміне орталық жүйке жүйесінен келіп түсетін тітіркеністер мен гуморальдық факторлар ықпал етедi. Жүрек соғысының жиiлігiн қызыл тамырлардың соғуымен (пульс) немесе жүректің кеудені итерісі арқылы санайды.

Жүрек соғысының тынштық жағдайдағы жиілігі адамның жасына, жынысына, дене көлемiне, өмiр сүру салтына байланысты. Көптеген ересек адамдарда ол 1минөтте 60-70 рет соғады. Балаларда жүрек соғысы үлкендерге қарағанда жиірек. Әйелерде еркектерге қарағанда жиірек.

Дене еңбегімен белсенді түрде шұғылданушы адамдардың, аз қимылдайтын адамдарға қарағанда, жүрек ырғағы сирек болады. 1 минөтте 60 реттен сирек соғатын жүрек жұмысын брадикардия деп атайды. Спортшыларда брадикардия жақсы бiлiнедi. Мысалы, шаңғышылар мен стайерлердiң жүрек соғысының жиiлiгi 1 минөтте 40 рет болуы мумкiн. 1 минөтте 90-нан аса жиi соғатын жүрек жұмысын тахикардия деп атайды.

Жүрек соғысының жиiлiгi дене кейпіне де байланысты: тұрғанда ол жиiрек, жатқанда немесе отырғанда- сиректеу. Жүрек ырғағына жан сезiмдiк факторлар әсер етедi. Адамның сезiм толқуында ол жиiлейдi.

Ет жұмысы жүрек соғысын жиiлетедi. Жүрек ырғағының ет жұмысында өзгеруi адамның жасы мен жынысына байланысты. Бiрдей жұмыс жасағанның өзiнде, еркектерге қарағанда, әйелдердiң жүрек соғысы жиi. Балалар мен жасөспiрiмдердiкi ересектерге қарағанда жиі.

Стандартты жұмыста жүрек соғысы қуатына тәуелдi. Дене жаттығуларын жасаған кездерде (көптеген жағдайларда) жүрек ырғағының жиілігі 1 минөтте 160-180 жетедi. Кейбiр жағдайда 220-ға дейiн көтерiледi.

Жүрек циклының фазалары. Жүрек жұмысы тынымсыз жиырылу және босаңсу қасиеттерiмен сипатталады. Жүректiң жиырылу сәтiн сисотла, босаңсу сәтiн диастола деп атайды. Жүрек циклы үш фазадан тұрады: 1 — жүрекше систоласы (бұл фазада карыншалар босайды да, қанмен толтырылады); 2 - қарыншалар систоласы (қан өте жоғары қысыммен оң қарынша мен өкпе қызылтамырларына, сол қарыншамен қолқаға айдалады) З — жүректiң жалпы диастоласы (жүрекшелер мен қарыншалар еттерi босаған сәт). Жүрек циклының ұзақтығы соғу жиілiгiне байланысты. Жүрек ырғағы 1 минөтте 75 рет болса- ол 0,8 сек. Сонда жүрекше систоласы 0,10 сек, қарыншалар дистоласы 0,33 сек, қарыншалар диастоласы 0,47 сек, жүректің жалпы диастоласы 0,37 сек.

Жүрек циклының фазалық құрылымын поликардиография тәсiлiмен зерттейдi. Поликардиограф жүрек жұмысына пайда болатын электрлiк, дыбыс және механиакалық құбылыстарын қабат тiркейдi.

Жүрек қарыншалары систоласының бастапқы кезеңiнде, ет талшықтары қозумен әлi де болса түгел камтылмай тұрғанда, асинхрондық жиырылу фазасы, байқалады. Тыныштықта ол 0,05-0,06 сек. Осы кезде қарындағы қысым өсе бередi де, атровентрикулярлық клапандарының жабылуына әкеледi. Келесi фазасында қуыстары жүрекшелер мен қызылтамырлардан толық оңшалағанда, изометираялық жиырылу фазасы байқалады. Ол 0,03-0,05 сек. Бұл фазада қарыншаларда қысым күрт көтерiледi де, қолқа қақпашасының ашылуына әкеледi. Осыдан соң, қарыншалардан қайта айдап кетірушi фазасы келедi. Ол 0,25 сек. Қарыншалардың диастоласы протодиастолалық кезеңнен басталады. Осы кезеңде олардың еттерi бiрте-бiрте босаңсиды, бiрақ қолқа қақпашасы әлi ашылмайды. Қарыншалар еттерiнің әрi қарай босаңсуы және олардағы қысымның азаюы, қолқа қақпашасын жабады. Клапандардың жабық күйi мен жүрекшелер қуыстарының оңашалануы, қарыншалардың әрi қарай босаңси беруi, изометриялық фазасы деп аталады. Ол 0,08 сек. Осыдан соң атиовентрикулялық;қақпаша ашылып, қарыншалар жүрекшелердегі қанмен тола бастайды. Ол 0,35 сек. Аяғында жүрекшелер жиырылуы басталады. Ол 0,1 сек.

Дене жұмысында жүрек соғысының жиiлеуiмен қатар, циклының фазалық құрамы өзгередi. Барлық систолалық фазалар қысқарады. Қиын жұмыс изометриялық жиырылу фазасы 0-ге жақындайды. Айдау кезеңi екi есеге азайып, 0,12-0,15 сек жетуi мүмкін. Диастола күрт қысқарады. Мысалы, жүрек ырғағы 200-ге жететiн жұмыста, диастола 0,10-0,13 сек дейiн қысқарады. Қарыншалардың қанға толуына 0,05-0,08 сек қана кетеді. Жұмыс аяқталған соң жүрек циклының фазалық құрамы қайта калпына келедi.

Миокардтың жиырылуы және босаңсуы нәтижесінде ішіндегі қысым бір көтеріліп, бір төмендейді. Осы қысымды адам мен жануарларда өлшеуге болады.

Систолада жүрекшелерде қысым 5-8 мм дейін көтеріледі, диастолада 0-ге дейін төмендейді. Жүрекшелер жиырылғанда қан босаған қарыншаларға қарай ауысады. Жүрекшелерде қысым көбейгенде қан кері қарай көк тамырларға кетуі керек. Бірақ олай болмайды, өйткені жүрекшелердің еттері жиырылғанда көктамырлардың құятын арнасы қысылып қалады.

Қарыншалар систоласы кезінде қысым жоғарылайды: оң қарыншада 25-30мм, сол қарыншада 115-125 мм дейін. Екі қарынша ішінде қысымдар айырмашылығы бар. Сол қарынша жақсы дамыған, өйткені қанды қолқаға айдаған кезде едәуір кедергіні жеңеді.

Оң қарыншадағы қысым 5-12 мм дейін, ал сол қарыншадағы қысым 65-75 мм дейін көтерілгенде, қолқа қақпашасы ашылып, қан өкпе қызылтамырына және қолқаға лап береді. Қарыншалардың систоласы кезінде қан кері қарай жүрекшелерге қайта алмайды, өйткені осы сәтте антриовентрикулярлық клапандар жабық тұрады. Қарыншалар систоласында өкпе қызылтамырлары мен қолқадағы қысым, олардың ішіндегі қысыммен тең. Қарыншалар қаннан босағанда ішіндегі қысымы, қызылтамырлардағы қысымға қарағанда төмен. Бұл жағдай қолқа қақпашасының жабылуына әкеледі. Қарыншалар еті босаңси берген сайын ішіндегі қысым төмендей бере, диастола аяғында 0-ге дейін құлдилайды. Қарыншалар ішіндегі қысым, жүрекшелер ішіндегі қысымнан төмен кеткенде, антриовентрикулярлық клапандар ашылады да, қарыншалардың қанмен қайта толтырылуы басталады. Сөйтіп жүрек насосы оқтын-оқтын қанды қызылтамырларға айдайды және оның тынымсыз жылжуын қамтамасыз ететін жоғары қысымды қамтамасыз етіп тұрады.

Жүрек қуысы диастола кезінде қанға қайта толуына, кеуде қуысының сора алатын қасиеті көмектеседі. Қуыс веналары мен жүрекшелерде қысым төмендеген сәтте дем алу, кеуде қуысының сору әсерін күшейтеді. Жұмыс кезінде жүректің жиырылу күші артады.

Жүрек итерісі (түрткісі). Жүрек жиырылған сәтте көптеген адамдардың бесінші қабырға аралығында, ортаңғы – бұғана сызығынан солға қараған нүктеде жүректің итеруін сезуге болады. Жүрек жиырылған кезде пішіні өзгереді, қабырғалары қатайады, ұшы көтеріледі, сойтіп итеру пайда болады.

Қанның үлкен тамырлармен қозғалысы реактивті серпіннің әсерінен, бүкіл дененің тербелісін туғызады. Осы тербелістерді арнайы құралмен тіркеуді баллистокардиография дейді. Бұл тәсіл қанның үлкен қызылтамырларға лақтырылған күшін, тынымсыздығын және жылдамдығын зерттеуге мүмкіндік береді.

Жүрек лүпілі. Жүрек жұмыс істеген кезде жүрек лүпілі деп аталатын дыбыстар пайда болады. Оларды тыңдау арқылы зерттейді. Дыбыстар жөнінде нақты мағлұматты фонокардиография арқылы алуға болады.

Жүректі тыңдағанда екі үн анықталады: систолалық, диастолалық. Бірінші үн төмен және ұзақ, екінші үн – жоғары және қысқа. Бірінші үн – антриовентрикулярлық клапандары мен оларға жалғасқан сіңір жіпшелерінің тербелістерінен туады. Екінші үн – қолқа қақпашасының жабылуымен пайда болады.

Жүрек клапандарының жарамсыздығынан және басқа да бұзылуларда шулар естіледі. Олардың ерекшеліктері жүрек ауруларының дагностикасында маңызды рөл атқарады.

Қызылтамырдағы систолалық қысымның әсерінен тамырдың ырғақты тербелістері – қызылтамырдың соғуы (пульс) деп аталады. Қызылтамырлардың соғуын астында жатқан сүйекке еппен басу арқылы анықтайды. Тамырдың соғу жиілігі арқылы дені сау адамдар жүрегінің жиырылу ырғағы туралы мағлұмат алуға болады. Кейбір жүрек ауруларында тамырдың соғуы жүрек соғуының жиілігіне сәйкес келмейді. Мұндай жағдайда жүректің итеру жиілігі де саналады.

Тамырдың соғу толқыны қан қарыншадан қолқаға айдалып шығарылғанда, ішіндегі қысымы көтеріліп, қабырғасы созылған сәтте пайда болады. Қысым толқыны, қызылтамырлар қабырғасының тербелісі, қызылтамыршалар мен қылтамыршаларға дейін таралады. Қағазға немесе фотопленкаға жазылып алынған тамыр соғысының қисықтарын – сфигмограмма деп атайды. Қолқа және ірі қызылтамырлардың қисықтарында анакроттық көтерілу, катакроттық төмендеу және екінші дикроттық көтерілуді айырады.

Анакроттық көтерілу систолалық қысымның көтерілуімен және соның әсерінен қылтамырлар қабырғасының созылуымен жасалады. Сол қарынша систоласының аяғында ішіндегі қысым төмендей бастайды, соған байланысты тамыр соғысы қисығының катакроттық төмендеуі басталады. Қарынша толық босаған сәтте, қысымның күрт төмендеуіне байланысты, қолқаға лақтырылған қан қайтадан қарыншаға қарай лап береді. Бірақ, оның жолында тұрған қолқа қақпашасы жабылып қалады да, қанның сол қарыншаға кері кетуіне кедергі жасайды. Осыдан барып туған толқын, қызылтамырларда екінші рет көтерілуімен дикроттық қисыққа алып келеді.

Қызылтамырлар қабырғалары серпімділігімен сипатталады. Тамыр қабырғаларының серпімділігі геометриялық параметрлеріне, дәнекер ұлпа ерекшеліктеріне, ұзын салалы еттердің ширығуы мен қан қысымының деңгейіне байланысты.

Қызылтамырлар қабырғаларының серпімділігі жөніндегі пікірді тамыр соғысы толқынының таралу жылдамдығы негізінде тұжырымдайды. Осы екі көрсеткіштің арасында байланыс бар. Тамыр соғысының таралу жылдамдығын, қызылтамырдың орталық және шеткі ұштарында пайда болған уақытпен өлшейді. Сондықтан сфигромманы екі бөлек қызылтамырларда немесе бір тамырдың екі нүктесінен түсіреді. Екі нүктенің ара қашықтығы мен толқынның кешігу уақытын білсе, таралу жылдамдығын есептеп шығаруға болады. Ересек адамдарда тамыр соғысы толқынының қолқамен таралу жылдамдығы орта есеппен 5-7 м/сек, қолдың магистральді тамырымен 5-8 м/сек, аяқтың магистральді тамырымен 8-10 м/сек. Жас өскен сайын қолқа мен қызыл тамырларда пульстік толқын тез тарайды. Бұл көрсеткіш тамыр қабырғаларының склероздық өзгерістерін сипаттайды.

Жұмыс істемей тұрған аяқтың қызыл тамырында соғу толқынының таралу жылдамдығы жүктеме әсерінен жоғарылайды. Бұл құбылыс тамырда қан қысымының көтеріліп, қабырғаларындағы ұзын салалы бұлшық еттерінің жиырылуымен түсіндіріледі.

Қызылтамырлар қабырғаларының қаттылығы шамалы болса, оның қоректендіріп жатқан мүшесіне қан көп келеді.

Қылтамырларда қан мен ұлпа арасындағы зат алмасу жүреді. Қылтамырлардың саны өте көп. Сондықтан қылтамырлар аймағында қан арнасы қолқа кесіндісінен 600-800 есе көп. Қан қылтамырларда баяу қозғалады, жылдамдығы бар болғаны 0,3-1,0 мм/сек. әртүрлі ұлпаларда қылтамырлар саны әрқалай. Зат алмасуы екпінді ұлпаларда, олар көбірек. Мысалы, 1 мм2 жүрек етінде, осындай көлемдегі қаңқа етіне қарағанда, қылтамырлар екі есе көп. Қанның қысымы оларда әртүрлі – 8-10 мм арасында. Қызылтамыр жағындағы ұштарында, көктамыр жағындағы ұштарынан гөрі, қан қысымы жоғары.

Мүшенің тыныштық күйінде шамалы ғана қылтамырлар жұмыс істейді, қалғаны бос тұрады. Мүше жұмыс істьей бастағанда олардың өзегі ашылады. Бұл жергілікті қанайналымын күшейтеді. Жұмыс гиперемиясы пайда болады. Жұмыс істеуші мүшенің қылтамырлар санының көбеюін Крог тапқан. Оның зерттеуінде қаңқа еттерінің тыныштық күйінде 35-85 қылтамырлар жұмыс істесе, жүктеме кезінде олардың саны 2500-3000 дейін көбейгені ашылған. Осы жағдайға орай қылтамырлардың жалпы ауданы кеңейеді тыныштық күйде 1 см2 ет ұлпасында 3-8 см2 болса, жүктемеде – 360-370 см2 жетеді. Қан көлемінің ет көлеміне қатынасы 0,02-0,06-дан 5,5- 15 % дейін көтеріледі.

Бос жатқан «резервтік» қылтамырлардың ашылуы, қызылтамыршалар ішіндегі қысымның көтерілуімен байланысты. Қызылтамыршалар қылтамырлар өзегі арнасын реттеп, олардың қанмен толтырылуын қамтамасыз ететін «шүмек» рөлін атқарады.

Көктамырлар жүйесінің басында (қылтамырлардың көктамырлық шеті) қысым адамда орта есеппен 15 мм, аяқ-қолдарда ол 5-9 мм. Кеуде қуысындағы үлкен көктамырларда қысым атмосфера қысымына тең келеді де, тыныстың өзгеруімен бірге өзгереді. Дем алған кезде кеуде қуысы кеңиді, сол кезде веналардағы қысым атмосфера қысымынан төмен түседі. Дем шығарған кезде ол 2-5 мм дейін көтеріледі. Қатты дем шығарғанда және күшенгенде ол тіпті жоғарылайды. әртүрлі көктамырлардағы қысым айырмашылығы қанның осы жүйемен жүруін қамтамасыз етеді.

Көктамырлардың қабырғалары қызылтамырлар қабырғаларына қарағанда жұқа және созылмалы. Сондықтан үлкен көктамырлардағы қысым шамалы көтерілгеннің өзінде-ақ арнаның сыйымдылығы күрт өседі (5-6 есе). Нәтижеде қанның едәуір мөлшері қорға айналады. Осыған орай олардың «сыйымдылық», ал артериаларды, керісінше, «резистивтік» тамырлар дейді.

Қанның негізгі массасы қызылтамырлардан көктамырларға, қылтамырлар арқылы барады. Осымен қатар олардың арасында мұнан да қысқа жолдар – артерио-венозды жалғамдар (анастомоздар) бар.

Анастомоздар қылтамырлық қан айналасын реттейтін тетіктер рөлін атқарады. Мысалы, терідегі артерио-венозды жалғамдарсыртқы орта температурасы жоғарыласа, не болмаса төмендесе ашылады. Қанның қылтамырларға осындайда аз келуі, денені шамадан тыс тоңазудан немесе қызуынан сақтайды.

Қан ағысының сызықтық жылдамдығы көк тамырлар жүйесінде шеттен жүрекке қарай үдейді. Орта калибрлі шеткі тамырларда ол 6-14 см/сек, қуыс көктамырларда – 30 см/сек-ке дейін жеделдейді. Бұл жылдамдық қолқадағы қан ағысының жылдамдығынан едәуір аз. Көлемдік жылдамдық жүйенің барлық бөлімдерінде бірдей деңгейінде сақталады.

Төменгі және жоғарғы қуыс көктамырларда қанның ағысы салмақ күштің әсеріне қарсы бағытталған. Қанның ағысына септігін тигізуші факторлар: 1) көктамыр қақпашалары (шеттен жүрекке қарай бір бағытта ағысын қамтамасыз етеді); 2) өкпе қабы қуысындағы қысымның өзгеруі (ол дем шығарғанда көбейеді де, үлкен көктамырларда қанның жиналуына алып келеді, дем алғанда қанның көктамырлардан жүрекке құйылуын көбейтеді);

Жұмыс істеу барысындағы қаңқа еттерінің жиырылуы (олар көк тамырларды сығымдап, ішіндегі қанды жүрекке қарай айдайды).

Дем алудағы қимылдарды веноздық қан айналысына әсерін- «дем алыс насосы»деп атайды, ал еттердің қимыл әсерін- «еттер насосы» деп атайды.

Динамикалық циклдық жаттығуларда қанның көк тамырлармен қозғалуына «дем алыс» та, «еттер насостары» да өз үлестерін қосады.Статистикалық жұмыстарда, әсіресе қатты күш салғанда, күштенгенде, кеуде қуысының және қуыс веналардың қысымы көбейеді. Веноздық қайтым азаяды. Нәтижесінде жүректің лақтыруы төмендеп, қызылтамырлардағы қысым төмендеп, мидың қанмен қамсыздануы нашарлап, адам есінен ауып қалуы мүмкін.

Систолалық немесе соқпалы көлем – жүрек бір жиырылғанда шығаратын қан көлемі. Тыныштық күйде қанның систолалық көлемі, орта сеппен 60-80 мл. Қарыншалар систоласында қан түгел шығарылмайды. Қалған қанды жүректің қоры деп атайды. Қор түрінде қалған қан көлемінің арқасында жұмыс баталысымен-ақ, систолалақ көлем өсе бастайды. Жүректің қарыншаларында қор көлемінен басқа, қанның қалдық көлемі де бар. Жүрек қатты жиырылғанның өзінде қаннан толық арылмайды.

Ет жұмысы кезінде қанның систолалық көлемі 100-150 мл-ге дейін ал кейбір жағдайларда 180-200 мл-ге дейін жоғарылуы мүмкін. Систолалық көлемінің көтерілуі, жұмыс істеуші мүшелерді қанмен қамтамасыз етудің бірден-бір маңызды факторы. Қанның систолалық көлемі жеңіл жұмыс кезінде (организмнің оттегіге деген мұқтаждығы барынша жоғары аэробтық мүмкіндігінің 40% деңгейінен аспаған жағдайда) өзінің ең жоғары дәрежесіне жетеді. Жұмыс қуаты жоғарылаған жағдайда қанның систолалық көлемі белгілі бір биік дәрежеде тұрақтанады немесетөмендей бастайды.

Жүректің 1 минут ішінде шығаратын қанының көлемін минуттік көлемі деп атайды. Бұл көрсеткіш қанның систолалық көлемі мен жүрек соғысы жиілігіне байланысты. Ересек адамдардың тыныштық күйінде қанның минуттік көлемі 5-6 л болады.

Қаннің минуттік көлемі дене аумағына байланысты, сондықтан оны нақта анықтау үшін жүрек индексін есептеп шығарған дұрыс. Жүрек индексін табу үшін қанның минуттік көлемін дене аумағының көлеміне бөледі. Ересек адамда жүрек индексі 2,5-3,5 л/мин/м2.

Жүктемеде қанның минуттік көлемі көбейеді: жеңіл жұмыста – 10-15 л, машықтанған адамдар қатты күш салғанда – 30-35 л жетуі мүмкін. Жеңіл жұмыста қанның минуттік көлемі систолалық көлемінің өсуімен, жүрек ырғағының жеделдеуімен қамтамасыз етіледі. Жұмыс қуаты артқан сайын минуттік көлемінің өсуі негізінен жүрек соғысының жиілеуімен жасалады. Қанның минуттік көлемі жүрек жұмысы өнімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қанның минуттік көлемінің дәрежесі оттегіге деген қажеттілікке тәуелді, ал соңғысы атқарылған жұмыстың қуатына байланысты, сондықтан минуттік көлем мен жұмыс қуаты арасында тәуелділік бар. Бірақ, тәуелділік ыңғай біліне бермейді. Жұмыс істеуші мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі, қанның минуттік көлемінің абсолютті көтерілуіне ғана байланысты емес, сонымен қатар оның таралуына да байланысты. Айналымдағы қан қанша ұтымды бөлініп отырса, басқа тең жағдайларда, қанның минуттік көлемінің жоғарылуына сонша шамалы болады.

Адамда қанның систолалаық және минуттік көлемдерін әртүрлі тәсілдермен анықтайды. Ең дәл тәсіл қатарына Фиктің тура тәсілі жатады. Ол сіңірілген оттегі мөлшері мен артерио-веноздық айырмасын анықтауға негізделген.

Қанның тамырлармен жылжуы қызылтамырлар мен көктамырлар арасындағы иқысымның айырмашылығына байланысты. Қозғалушы қан өзінің өтетін жолының әрбір аймағында кедергіге (оның тұтқырлығына, тамырлардың ұзындығы мен диаметріне) тап болады. Тамырлар жүйесінің әр аймағында кедергі әртүрлі. Біріншіден – тамырлар диаметріне байланысты. Егерде тамырлар диаметрлері 2 есе кішірейсе, қанның жылжуына кедергі 16 есе өседі. Негізгі кедергіні қызылтамыршалар мен қылтамырлар жасайды, өйткені олардың диаметрі өте кіші. Жүрек жұмысымен жасалған қанның қысымы, тамырлар жүйесінде бара-бара төмендейді.артерияларда қысым 10%-ке төмендесе, қызылтамыршалар мен қылтамырларда 85%-кетөмендейді. Қорытындылай айтқанда, жүрек энергиясының дені, қанды қызылтамырлар мен қылтамырша арқылы жылжытуға жұмсалады.

Уақыт бірлігінде барлық тамырлармен өтетін қанның мөлшері (Q) сонша көп болады, егерде олардың артериялық (Ра) және веноздық (Pb) ұштарында қысым айырымы көп болып, ал кедергісі сонша аз болса.
Q=Pa-Pb/R (1)
Осы қатынас негізгі қан қозғалысы заңын және организмдегі жалпы қанайналым көлемін, мүшелердің қанмен қамтамасыз ету мөлшерін айғақтайды. Қанайналым мөлшерін зерттегенде оның көлемдік және сызықтық қанағым жылдамдығын айырады. Көлемдік қанағым жылдамдығы – уақыт бірлігінде барлық тамырлармен ағып өтетін қан мөлшері. Бұл мөлшер қанның минуттік көлеміне ұқсас. Ол мл/мин және мл/сек өлшемдерімен өлшенеді. Жалпы және жергілікті көлемдік қанағым жылдамдықты айырады. Көлемдік қанағым жылдамдықтың қай түрі де тұрақты емес. Күш жұмысында екеуі де өседі.

Қан түіршіктерінің тамыр бойы жылжу жылдамдығын сызықтық (ұзындық) қанағым жылдамдығы дейді. Ол қан көлемдік қанағымның жылдамдығына тура, ал тамырлар кесіндісінің ауданына кері пропорционал. Қанның барлық түйіршіктерінің ұзындық қанағым жылдамдығы бірдей емес: тамырдың ортасында қанның жылжу жылдамдығы қабырғасы маңындағы жылжушы қаннан гөрі тезірек.

Ұзындық қанағым жылдамдығы тамырлар жүйесінің әр аймағында әрқалай. Қолқа мен қызылтамырларда ол жоғары, қылтамырларда төмен, өйткені кесіндісінің жалпы ауданы, қолқа кесіндісінің ауданынан 500-600 есе көп. Көктамырларда ұзындық қанағым жылдамдығы қайтадан жоғарылайды.

Ұзындық қанағым жылдамдығы туралы мағлұматты, қанның бір түйіршігінің қанайналым шеңберін толық айналып шыққан уақытын зерттеу арқылы табуға болады.тыныштық күйде ол 21-23 секундте бір рет айналып шығады. Жұмыс істеген кезде бұл уақыт қысқарады, ал қысқару дәрежесі жұмыс қуатына байланысты. Жеңіл жұмыста – 15 сек, ауыр жұмыста 8-9 сек.

Тамырлардың қанның жылжуына келтіретін жалпы кедергісін – шеткі кедергі дейді. Шеткі кедергі қызыл және көктамырлар ұштарындағы қысым айырымына тура,қанның ұзындық немесе сызықтық көлеміне кері пропорционал. Жалпы шеткі кедергі мынандай формуламен есептеледі:
R=Pa-Pb/Q (2)
Есептеу барысында Pa-Pb айырымы арқылы (қан қозғалысы энергиясын әйгілейтін) орта артериялық қысымды бағалайды. «Q» дәрежесі секунд ішінде тамырлармен жылжитын қанның көлемін көрсетеді. Жалпы шеткі кедергі дин*сек/см-5 өлшемімен өлшенеді. Дені сау ересек адамның тыныштық күйінде ол 1400-2500 дин*сек/см-5 тең.кіші қанайналым шеңберінде, үлкен қанайналым шеңберінен гөрі шеткі кедергі аз. Бұл өкпе қызылтамыршалары диаметрінің үлкендігімен түсіндіріледі. Қара жұмыс істеген кезде бұлшық еттің қызылтамыршалары мен қылтамырларының өзектері кеңуіне байланысты шеткі кедергі төмендейді. Қанның минуттік көлемі қанша ұлғайса, шеткі кедергі сонша төмендейді. өзгерулері жұмыс қуатына байланысты. Жеңіл жұмыста ол орта есеппен 1000 дин*сек/см-5, ауыр жұмыста – 800 дин*сек/см-5, өте ауыр жұмыста – 600-800 дин*сек/см-5 дейін төмендейді.

Жалпы шеткі кедергі барлық қызылтамыршалар мен қылтамырлардың қосынды кедергісі. Ол жеке мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің көрсеткіші емес. Оның көбейіп немесе азайып тұруы, тамырлар өзектерін ашып – тарылып тұратын реакциялардың ара қатынасын ғана көрсетеді.

Жүрек жиырылған сайын қызылтамырларға үлкен қысыммен біршама мөлшерде қан шығарады. Сол мөлшердегі қанның ары қарай жылжуына шеткі тпмырлар кедергі келтіреді. Нәтижеде тамырларда қан қысымы атты қысым жасалады. Тамырлар жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде қысым бірдей емес. Қолқа мен ірі қызылтамырларда қысым жоғары болып келе, ұсақ қызылтамырлар, қызылтамыршалар мен қылтамырларда төмендеп, қуыс веналарда атмосфералық қысымнан төмен болады.

Қызылтамырлардағы қан қысымы, қанның жүректен уақыт бірлігінде қолқаға құйылатын мөлшеріне, шетке қарай орталық тамырлардан қозғалу қабырғаларының серпімділігіне және қанның тұтқырлығына байланысты. Қанның қызылтамырларға шығарылуы (құйылуы), демек қанның систолалық көлемі, жүректің жиырылу күшіне тәуелді. Қанның қызылтамырлармен әрі қарай жылжуы, шеткі тамырлардың кедергісіне байланысты. Сондықтан жүректің жиырылуы қанша күшті болса, ал шеткі кедергі сонша көп болса, қызылтамырлардағы қан қысымы жоғары болады.



Жүрек циклының әр кезеңінде қызылтамырлардағы қан қысымы біркелкі емес. Систолада ол биік, ал диастолада – төмен. Қызылтамырлардағы барынша жоғары қысым – систолалық, барынша төменгі қысым – диастолалық деп аталады. Қысымның тұрақты тұруының
жүктеу 32,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
титулдық парағы
Сабақ жоспары
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
Республикасының білім
біліктілік талаптары
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
денсаулық сақтау
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
конкурс қатысушыларына
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
Республикасы білім
мамандығына арналған
жұмыспен қамту
мемлекеттік мекемесі
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
Бастауыш сынып
учебная программа