2-сурет
П оляроидтар. Поляризацияланған сәулелердің біреуін кешіктіріп жіберетін кристалдар да болады. Олардың қалыңдықтары 0,1 мм немесе одан да кіші болуы мүмкін. Осындай қабыршақты целлулоидқа жапсырып, шамасы бірнеше квадрат дециметр пластина болатын поляризациялағыш алынады. Бұл қабыршақтар поляроидтар деп аталады. Олар қолдануға өте қолайлы. Анализаторды айналдырған кезде одан өтетін жарық интенсивтілігін өзгертеді (2-сурет). 2 -сурет
Бақылау сұрақтары
1. Турмалин кристалында болатын жарықтың поляризация құбылысын сипаттап түсіндіріңдер.
2. Қандай жарық табиғи, ал қандай жарық поляризацияланған деп аталады?
3. Поляризациялағыштың талдағыштан айырмашылығы неде?
4. Поляризациялағышты айналдыра талдағышты бұрғанда байқалатын құбылысты түсіндіріңдер.
5. Қандай заттар поляроидтар деп аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |