Реактивтер :
1) концентрациясы 0,05 моль/л трилон Б ерітіндісі;
2) аммиакты буферлі ерітінді;
3) индикатор – көк және қара хромоген;
4) натрий сульфиді;
5) 1 %-ды тұз қышқылды гидроксиламин ерітнідісі;
6) 0,05 моль/л концентрациялы мырыш хлоридінің ерітіндісі мен 0,25 моль/л магний сульфаты.
Құрал – жабдықтар:
1) 250 мл-ге конусты колбалар ;
2) 100 мл-ге бюреткалар;
3) 25 мл-ге цилиндрлер;
4) 100 мл-ге пипеткалар.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
250 мл конусты колбаға 100 мл зерттелетін суды құяды. Оған 5 мл аммиакты буферлі ерітіндісін және 5-7 тамшы индикатор құяды да, қатты араластыру кезінде трилон Б ерітіндісімен эквивалентті нүктесіндегі түсі өзгергенге (қызыл түсте сұрғылт – көк немесе күлгін түске ауысқанға дейін) дейін титрлейді.
Егер титрлеу кезінде 10 мл-ден аса трилон Б ерітіндісі қолданылса, онда зерттелуге алынған су құрамында Са2+ және Mg2+ иондарының қосынды мөлшері 5 ммоль/л-ден көп болғандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда анықтауды қайта қайталау керек, яғни зерттелетін суды аз көлемде алып, оны 100 мл дистилденген сумен сұйылту керек.
Судың жалпы кермектілігін анықтауға мыс, мырыш, марганец иондары және карбонатты және гидрокарбонатты тұздарының жоғары мөлшері кері әсерін тигізеді. Титрлеу барысында эквивалентті нүктедегі түстің анықсыз өзгеруі судағы мыс пен мырыш иондарының бар болуын көрсетеді. Мұндай қарсы әсерді жою үшін титрлеуге алынған судың сынама алып, оған 1-2 мл натрий сульфидін қосып, қайтадан титрлеу жүргізеді. Егер осыдан кейін суға буферлі ерітінді мен индикатор қосқанда, ерітіндісі біртіндеп түссізденесе (сұр түске дейін), ол суда марганецтің бар екендігін куәландырады. Онда су сынамасына 5 тамшы тұз қышқылды гидроксиламин тамызып, одан әрі қарай жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша судың кермектігін анықтайды. Егер эквивалентті нүктеде тұрақсыз түс пайда болса, онда ол жоғары сілтілікті көрсетеді. Сілтілікті жою үшін су сынамасына 0,1 моль/л концентрлі тұз қышқылын қосып, 5 минут бойы қайнатады . Бұдан кейін буферлі ерітінді және индикатор қосып, судың жалпы кермектігін анықтайды.
Судың жалпы кермектігін (Кж ,моль/л) келесі формула арқылы есептейді:
, (4)
мұнда V1 – су сынамасын титрлеуге кеткен трилон Б ерітіндісінің көлемі, мл;
V2 – талдауға алынған су көлемі;
N –трилон Б ерітіндісінің нормальдығы.
Карбонатты емес кермектілік жалпы кермектілік пен карбонатты кермектілік айырмасы бойынша анықталады: Кк.е= Кж – Кк.
Достарыңызбен бөлісу: |