М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚҰЛМАЛИЕВА С.С.
Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы
Студенттердің өздік жұмыстары
Оқу-әдістемелік құрал
Орал-2005
ӘӨЖ – 911.2 (07)
Баспаға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік советі ұсынған. Хаттама №6. 25.02.2005.
ҚҰЛМАЛИЕВА С.С.
Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы. Оқу-әдістемелік құрал. Орал: М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің баспа бөлімі, 2005ж. -72 бет
Пікір жазған – география ғылымдарының кандидаты, география кафедрасының меңгерушісі М.А.Ғалымов
Бұл “Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы” мен “ТМД елдерінің физикалық географиясын” университет пен басқа да жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға және болашақта дистанциялық оқытуда пайдалануға болатын, сырттай оқитын бөлім студенттеріне бақылау жұмысы ретінде беретін тапсырмалар жиынтығынан тұратын әдістемелік құрал. Сонымен қатар, университеттер даярлайтын географтардың бакалавриат 050116, жаратылыстану-ғылыми бағытта 050609, тарих-география 030640 мамандықтарына арналған бұл пәндерден сарамандық, семинар, лабораториялық сабақтарға пайдаланылатын оқу құралы ретінде ұсынылады.
Жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімдері де мектеп бағдарламасына сәйкес, нұсқаларға өзгерістер енгізе отырып, әдістемелік құралды толық пайдалануына болады.
© ҚҰЛМАЛИЕВА С.С., 2005ж.
© М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2005ж.
К І Р І С П Е
ХХІ ғасыр өркениетінің кепілі – сапалы білім беру болып отырған кезде Қазақстан Республикасының үкіметі білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдады.
Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне кіру кезеңінде жоғары оқу орындары ИСО 9001 халықаралық стандарты талаптарына сай сапалы білім беру үшін оқытудың кредиттік технологиясын оқу үрдісіне енгізу басталды. Бұл модель бойынша жоғары білімді мамандарды даярлаудың құрылымы ғана өзгеріп қоймайды, оқытудың технологиясы да түбегейлі дерлік өзгереді. Мұнда болашақ мамандардың кәсіптік шығармашылығын дамыту үшін, өзіне-өзі білім беру қажеттілігін қалыптастыру көзделген. Басқаша айтсақ, студенттің өз бетімен жұмыс істеуіне көп уақыт бөлінеді.
Оқу үрдісін басқарудағы басты қару – сапалы оқулықтар мен оқу- әдістемелік құралдар.
Бұл еңбек жоғары оқу орындарында реформаны ойдағыдай жүргізу үшін қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты қиындықты да жеңілдетуге көмектеседі.
Құрал ең жаңа типтік бағдарламаға сәйкес құрылған. Онда “Материктер мен мұхиттар физикалық географиясын” қазіргі ғылым деңгейінде оқып білуге, үздіксіз өзгеріп отыратын, әрі сыртқы әсерге жауап қайтаратын қоршаған әлем табиғатын біртұтас материалдық жүйе ретінде түсінуге басты назар аударылған. Құралда берілген 36 нұсқада “Материктер мен мухиттар физикалық географиясы” пәнінің мазмұны түгел қамтылған.
Университеттің географ мамандар даярлауға арналған күні бүгінгі типтік бағдарламарларында ТМД елдерінің физикалық географиясын бөлек оқыту қаралмаған. Әлемдегі барлық материктердің ең үлкені Еуразияның 40 %-ке жуық территориясын алып жатқан ТМД елдерінің физикалық географиясын “Материктер мен мухиттар физикалық географиясынан” бөліп қарамай, құралдың 4 нұскасы осы ТМД территориясының табиғатының жалпы зандықтарымен жеке алынған аймақтарына арналған тапсырмалардан тұрады. Бұл арқылы білім берудің үздіксіздігін, оқу жетістіктерін үстемелеу талаптары орындалады.
Студенттер өздік жұмысты орындау барысында көптеген әдебиеттер мен картографиялық материалдарды пайдалануға дағдыланады. Оларды талдау, бір-бірімен салыстыру арқылы географиялық заңдылықтарды түсініп, құбылыстардың болуы себептерін айқындайды. Материктер табиғатын және олардың ішінен бөлінген физикалық-географиялық аймақтардың ерекшеліктерін ашады да, табиғат байлықтарын шаруашылыққа пайдалану туралы қорытынды жасай алатын болады. Барлығы 40 нұсқада берілген өздік жұмыс қиындықтары шамамен бірдей екі тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма қандай ма болмасын бір территорияға нақты сипаттама беру. Мысалы: “Батыс Еуропа климатының ерекшеліктері”, “Жерорта теңізі аймағының гидрографиялық торы”, “Шығыс Азияның топырақ-өсімдік жамылғысы” т.с. болса, екінші тапсырма аймақтық шолуға арналған, немесе материктің жекелеген бөліктеріне физикалық-географиялық, не салыстырмалы сипаттама беру.
Әр нұсқада міндетті түрде сарамандық жұмыс берілген, мысалы: климаттық график құру, биіктік белдеулерінің қимасын тұрғызу, әртүрлі карталар мен карта-схемалар сызу. Әр нұсқаның тапсырмасын орындау үшін, әдістемелік нұсқаулар берілген. Ол студентке нақты және аймақтық физикалық-географиялық сипаттамаларда көрсетілуге тиісті табиғаттың басты ерекшелігімен, сол аймаққа өзіндік ерекшелік беріп тұрған негізгі факторларды анықтап, түсіндіруге мүмкіндік береді. Әр нұсқаның соңында ұсынылған әдебиеттер мен географиялық атластардың тізімі көрсетілген.
Өздік жұмысты орындауға қойылатын талаптар: картографиялық материалдар кескін картаға, не жеке бетке орындалуы керек. Пайдаланылған әдебиеттердің тізімінің дұрыс жазылуына көңіл бөлінуі тиіс (автор, әдебиеттің аты, шыққан жері, баспа және шыққан уақыты). Жұмыстың жалпы көлемі 15-20 беттен артық болмауы керек.
Өздік жұмыстың нұсқалары
1-нұсқа
1-тапсырма. Батыс Еуропа климатының ерекшеліктері.
Үлгі жоспар:
1.Территориясы жөнінде жалпы мәлімет.
2.Климаттық факторлары.
3.Климаттық белдеулері мен областары.
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға Батыс Еуропаның климаттық белдеулері мен областарын түсіру.
2.Метеостанциялар бойынша негізгі климат түрлерін сипаттайтын жылдық температура мен жауын- шашын графигін құрыңыздар.
2-тапсырма.Шығыс Азияға физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар:
1.Географиялық орны, шекаралары.
2.Геологиялық құрлысы және жер бедері.
3.Климаты.
4.Ішкі сулары.
5.Топырақ- өсімдік жамылғысы.
6.Жануарлар дүниесі.
7.Ішкі айырмашылықтары.
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға Шығыс Азияның шекарасы мен оның төменгі кешендерін құрайтын деңгейлерді көрсетіңіздер.
2.Осы терретория ішіндегі климаттық белдеулерді түсіріңіздер.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Батыс Еуропаның географиялық орны мен шекараларына сипаттама беріңдер. Оның климатының қалыптасуына барынша көп әсер ететін табиғи жағдайларды толық қарастырыңдар. Климаттық белдеулерді сипаттаған кезде бүкіл жыл бойы басым болған ауа массасы түрлерін көрсетіңдер. Метеоэлементтердің жылдық режиміне талдау жасаңыздар. Климат типтерін атаңыздар.
1-тапсырманы орындау үшін «Жердің климаттық белдеулері мен облыстары» деген Б.П.Алисов картасын пайдаланыңдар.Т.В.Власованы қараңдар;1т.56 б.
Шығыс Азияның физикалық-географиялық сипаттамасын оның аймақтық ерекшеліктерін көрсетуден бастау керек. Геологиялық құрылысы мен рельефі осы аймақтың даму тарихына байланысты қаралады. Негізгі климат түзуші факторға байланысты климатының басты ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.Жауын-шашынның таралуына, температураға және басқа метеорологиялық элементтерге орографиялық жағдайлардың әсерін көрсетіңдер. Өзен жүйелерінің таралуын талқылаңыздар.Гидрологиялық ерекшеліктің климат пен морфоқұрылдымға байланысын көрсетіңдер.Басым келетін топырақ және өсімдік типтерін,Шығыс Азияның жануарлар әлемінің өзіндік ерекшеліктерін, ішкі аймақтық өзгешіліктерін айқындаңдар.
Әдебиеттер:1,7,12,13,20.
2-нұсқа
1-тапсырма.Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның климат ерекшеліктері. (1-нұсқаның 1-тапсырмасының жоспарын қара)
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның климаттық белдеулері мен облыстарының шекараларын түсіріңдер.
2.Негізгі климат типтерінің гидрометриялық графиктерін құрыңдар.
2-тапсырма. Пиреней және Балкан түбектеріне физикалық-географиялық сипаттама.
Еуропаның тақырыптық карталарын және көрсетілген әдебиеттерді талдау негізінде тапсырманы орындаңдар (Т.В.Власов, I-бөлім, 193-201, 208-220 беттер ). Жұмысты I-кесте түрінде көрсетіңдер.
І-кесте
Табиғат құрамы
|
Пиреней түбегі
|
Балкан түбегі
|
Географиялық орны
|
|
|
Геологиялық құрылысы және жер бедері
|
|
|
3.Климаты
|
|
|
4.Ішкі сулары
|
|
|
5.Топырақ жамылғысы
|
|
|
6.Өсімдіктері
|
|
|
7.Жануарлар дүниесі
|
|
|
8.Ішкі аймақтық ерекшеліктері
|
|
|
Түбектердің ұқсастығы мен өзгешелігін сипаттай отырып, оларды жеке дара түбек етіп бөліп тұрған себептерді түсіндіріңдер.
Сарамандық жұмыс.
Кескін картада Пиреней және Балкан түбектерінің негізгі орографиялық элементтерін, шілде мен қаңтар изотермаларын, жылдық жауын-шашын шамасын, негізгі өсімдік типтерін көрсетіңдер.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға қысқаша физикалық-географиялық сипаттама беріңдер, географиялық орнын, шекарасын анықтаңдар. Осы климаттың қалыптасуына барынша әсер ететін табиғи факторларды талдаңдар. Климат белдеулерін сипаттаған кезде бүкіл жыл бойы басым болатын ауа массасының типтерін атаңдар. Метеоэлементтердің жылдық режимін көрсетіңдер, климат типтерін атаңдар. І-тапсырманы орындау үшін (Власова Т.В.І-бөлім, 56 бетті қара) Б.П.Алисовтың «Климатические пояса и области Земли» картасын пайдаланыңдар.
Пиреней және Балкан түбектерінің салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттамасы барлық табиғат компоненттеріне жасалады, ішіндегі ерекшеліктерге көбірек көңіл бөлінеді. Қарастырылған территориялардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңдар.Тапсырманы орындау үшін географиялық атластың картографиялық материалдарын және Т.В.Власованың оқулығын пайдаланыңдар.
Әдебиеттер:1,7,12,13,20.
3-нұсқа
1-тапсырма. Батыс Еуропадағы жауын- шашынның таралу ерекшеліктері.
Үлгі жоспар.
1.Территория жөніндегі жалпы мәліметтер: орны, шекарасы,қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы.
2.Жауын-шашынның кеңістіктегі таралуы. Өте құрғақ және ылғалды аймақтар.
3.Жауын-шашынның біркелкі таралмауының себептері.
Сарамандық жұмыс.
Кескін картаға изогиета мен негізгі орографиялық элементтерді түсіріңдер.
2-тапсырма.Тибет таулы қыратына физикалық-географиялық сипаттама.( І-нұсқасының 2-тапсырманың жоспарын қара)
Сарамандық жұмыс.
Кескін картада Тибет таулы қыраты шекарасымен оның кешенін құрайтын төменгі деңгейлерін көрсетіңдер.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Жауын-шашынның кеңістіктегі таралуына талдау жасаңдар.Батыс Еуропа территориясының ылғалдануының жалпы заңдылықтарын, жауын-шашынның климаттық белдеулерімен облыстары бойынша түсу ерекшеліктерін қарастырыңдар.
Тибет таулы қыратының географиялық орнына сипаттама беріңдер. Геологиялық құрылысы мен жер бедерін осы территорияның даму тарихымен байланыстырып қарастырыңдар. Климаттың негізгі ерекшеліктерімен, топырақ пен өсімдік типтерінің сипатын беріңдер,олардың таралу және аймақ ішіндегі ерекшеліктерін көрсетіңдер.
Әдебиеттер:1,7,12,13,20.
4-нұсқа.
1-тапсырма. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда жауын-шашынның таралу ерекшеліктері.
Үлгі жоспар.
1.Территория жөніндегі жалпы мәліметтер.
2. Жауын-шашынның біркелкі таралмауының және біркелкі түспеуінің себептері.
3.Жауы-шашын мен буланушылықтың арақатынасы.
Сарамандық жұмыс.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жылдық жауын-шашынның картасын салыңдар, шілде мен қаңтар изотермаларын түсіріңдер.
2-тапсырма. Альпі мен Карпатқа салыстырмалы физикалық-географиялық сипаттама .Еуропаның тақырыптық карталарын талдау негізінде (ФГАМ,1964, 80-96 бет) және ұсынылған әдебиеттер бойынша тапсырманы 2-кесте түрінде орындаңдар.
2-кесте
Табиғат компоненттері
|
Альпі
|
Карпат
|
1.Географиялық орны, шекаралары.
|
|
|
2.Орографиялық ерекшеліктері
|
|
|
3.Климат ерекшеліктері
|
|
|
4.Гидрографиялық торы
|
|
|
5.Топырақ-өсімдік жамылғысының ерекшеліктері
|
|
|
6.Жануарлар дүниесі
|
|
|
7.Биіктік белдеулері
|
|
|
8.Аймақ ішілік өзгешеліктері
|
|
|
Альпі және Карпат физикалық-географиялық облыстарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттай отырып, оларды бір-бірінен айырып тұрған белгілерді түсіндіріңдер.
Сарамандық жұмыс.
Кескін картадан Альпі және Карпат таулы облыстарының шекарасын, олардың жоталары мен негізгі өсімдік типтерін керсетіңдер.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда жауын-шашын таралуының заңдылықтарын қарастырыңдар. Территорияның батысы мен шығысындағы жауын-шашын түсу айырмашылықтарын көрсетіңдер.
Альпі мен Карпат таудары бір климттық белдеуде орналасқанымен табиғат компоненттерінен біраз айырмашылығы бар. Осы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды мәліметтер бойынша талдаңдар. Таулы облыстардың ішкі айырмашылықтарына сипаттама беріңіздер.
Әдебиеттер:7,1,12,13,20.
5-нұсқа
1-тапсырма. Батыс Еуропадағы ағын ерекшеліктері және өзендер торының сипаттамасы.
Үлгі жоспар
1.Географиялық орны, шекарасы.
2.Гидрографиялық тордың климатпен жер бедеріне байланысты таралу ерекшелігі.
3.Өзендер режимінің және қоректенуінің негізгі типтері.
4.Өзендердің шаруашылық маңызы және пайдалануы.Суды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері.
5.Дунай өзеніне толық сипаттама беру:
а) өзеннің және оның алабының географиялық орны;
б) ұзындығы, ең үлкен ені, тереңдігі, аңғарының морфологиясы;
в) жылдық орташа су шығыны;
г) құятын салаларына сипаттама;
д) шаруашылық маңызы.
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға ірі өзендер мен салаларын түсіріңдер, басты су алаптарын түсті бояумен көрсетіңдер.
2.Су алабының аудандарын, жылдық ағынын және Рейн, Одер, Висла өзендерінің ұзындықтарын, алабының аудандарын,жылдық ағынын диаграммамен көрсетіңдер.
2-тапсырма. Оңтүстік-Батыс Азияға физикалық-географиялық сипаттама.( І-нұсқасының 2-тапсырманың жоспарын қара.)
Сарамандық жұмыс.
Кескін картада Оңтүстік-Батыс Азияның және оның территориясындағы төменгі деңгейлердің шекарасын көрсетіңдер.
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырманы орындау үшін (Т.В.Власованың І-бөлімдегі, 6-бетін қара) Б.П.Алисовтың «Климатические пояса и области Земли» картасын және географиялық «Типы водного режима рек», «Речной сток» карталарын пайдаланыңдар (ФГАМ,58-61 бет).Батыс Еуропа өзендерінің гидрологиялық ерекшеліктерін жан-жақты сипаттауға, гидрологиялық режимге, Дунайдың маңызы мен шаруашылыққа пайдалануына көбірек тоқталыңдар.
Оңтүстік-Батыс Азияға физикалық-географиялық талдауды оның аймақтық ерекшеліктерін көрсетуден бастаңдар.Жер бедері формасы мен тектоникалық құрылым байланысын және климатының негізгі ерекшеліктерін анықтаңдар.Өзен торларының таралу ерекшеліктерін және өзеннің су режимін, басым болатын топырақ типі мен өсімдік типтерін көрсетіңдер. Құрлықтағы физикалық-географиялық аудандастыру картасын пайдаланып, аймақ ішіндегі ерекшеліктерді табыңдар.(Т.В.Власованың оқулығына қосымшаны қараңдар).Табиғатты қорғау мен пайдаланудың проблемаларын атаңдар.
Әдебиеттер:1,7,12,20.
6-нұсқа.
1-тапсырма.Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ағын мен өзен торының сипаты.
Үлгі жоспар.
1.Географиялық орны,шекаралары.
2.Климат пен жер бедеріне байланысты гидрографиялық тордың таралу ерекшеліктері.
3.Өзен ағынының сипаты.Ағынның жауын-жашынға және жер бедері ерекшелігімен байланысы.
4. Өзен режимі және қоректенуінің негізгі типтрі.
5.Өзендердің шаруашылық маңызы және оларды пайдалану.Суды қорғаудың және тимді пайдаланудың мәселелері.
6.Меконг өзеніне толық сипаттама.
а)өзен және оның алабының географиялық орны;
б)ұзындығы, ең ұзын ені және тереңдігі, аңғарының морфологиясы;
в)су режимі,негізгі қорек көзі,орташа жылдық шығын;
г)салаларының сипаттамасы;
д)шаруашылық маңызы;
Сарамандық жұмыс.
1. Кескін картаға ірі өзендер мен олардың салаларын түсіріп, негізгі өзен алаптарын түрлі-түспен көрсетіңдер.
2.Алаптар ауданын, жылдық ағынын диаграммамен және Үнді, Ганг өзендерінің ұзындығын көрсетіңдер.
2-тапсырма. Фенноскандияға физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.
1.Фенноскандиядағы табйғат жағдайларының әртүрлілігі және қарама-қайшылықтары, оларды тудырушы себептер.
2.Территорияның тектоникалық-орографиялық құрылысының ерекшеліктері.
3.Жер бедерінің климатқа және ағынға әсері.
4.Биіктік белдеуліктерінің ерекшеліктері.
5.Ішкі аймақтық айырмашылықтары және оның себептері.
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға Фенноскандияның шекарасын және оның шебінде айқындалған табиғат кешендерін түсіріңдер.
2.Скандинавия тауларының биіктік белдеуліктерінің қимасын тұрғызыңдар. (Т.В.Власованың оқулығы бойынша,І-бөлім)
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
Бірінші тапсырманы орындау үшін Б.П.Алисовтың «Климатические пояса и области Земли» (Т.В.Власованың І-бөлімдегі, 56-бетін қара) картасын және «Типы водного режима рек», «Речной сток» деген гидрологиялық карталарды пайдаланыңдар (ФГАМ,58-61 беттер). Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзендерінің гидрологиялық ерекшеліктерін талдаңдар. Меконгтың толық сипаттамасын беріңіздер, гидрологиялық режимін, маңызы мен шаруашылыққа пайдаланылуына талдау жасаңыздар.
Фенноскандияның сипаттамасын тектоникалық-географиялық құрылысын талдаудан және орографиялық ерекшеліктерді, тау жоталарының орналасуын, гипсометриялық жіктелуін т.б.көрсетуден бастаңдар.Аймақтағы климат өзгешеліктерінің қалыптасуындағы жер бедерінің ролін,сол сияқты биіктік белдеулері типтерінің жер бедерімен және ауа райымен өзара байланысын анықтаңдар.Фенноскандияның ішкі аймақтық өзгешелігін көрсетіңдер.
Әдебиеттер:1,7,12,13,16,19,20.
7-нұсқа.
1-тапсырма. Жерорта теңізі аймағының гидрографиялық торы.
Үлгі жоспар.
1.Географиялық орны, шекаралары.
2.Гидрографиялық торы,оның ауа райы және жер бедерімен байланысты ерекшеліктері.
3.Өзендердің қоректену типі мен режимі.
4.Өзендерді шаруашылықта пайдалану. Суды қорғау мен тиімді пайдаланудың проблемалары.
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға өендер мен олардың салаларын түсіріңдер, түрлі- түспен негізгі алаптарын көрсетіңдер.
2.Тахо өзенінің алабының ауданын, жылдық ағын және ұзындығының диаграммасын орындаңдар.
2-тапсырма. Гималайға физикалық-географиялық сипаттама (6-нұсқаның 2-тапсырмасына арналған жоспарды қара)
Сарамандық жұмыс.
1.Кескін картаға Гималайдың шекарасын, басты жоталарын, биік шыңдарын түсіріңдер.
2.Гималайдың биіктік белдеуліктрінің қимасын тұрғызыңдар. (Т.В.Власованың оқулығы І-бөлім)
Тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
1-тапсырманы орындау үшін Б.П.Алисовтың «Климатические пояса и области Земли» (Т.В.Власованың І-бөлімдегі, 56-бет) картасын және «Типы водного режима рек», «Речной сток» гидрологиялық карталарын пайдаланыңдар (ФГАМ,58-61 бет). Жерорта теңізі аймағы өзендерінің гидрологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе Тахо өзеніне көбірек көңіл бөліңдер.
Гималайдың сипаттамасын тектоникалық-геоморфологиялық құрылысын сипаттаңдар және орографиялық ерекеліктерді: тау жоталарының орналасуын, гипсометриялық жіктелуін т.б. көрсетуден бастаңдар. Жер бедерінің аймақтағы климатының ерекшелігін қалыптастырудағы ролі, сол сияқты биіктік белдеулері типтерінің жер бедері мен климатының өзара байланысын көрсетіңдер. Табиғат фактарлар кешендері жиынтығымен Гималайдағы ішкі аймақтық өзгешеліктерді тауып көрсетіңдер.
Әдебиеттер:1,7,12,16,19,20.
8-нұсқа.
1-тапсырма. Хуанхэ және Янцзы өзендерінің салыстырмалы сипаттамасы.
Үлгі жоспар.
1.Салыстыратын өзендердің географиялық орны мен алаптарының аудандары.
2.Өзен алаптарының табиғат жағдайының сипаттамасы,өзен торының бейнесіне олардың әсері, аңғарының құрылысы мен өзен режимі.
3.Өзендерді гидрографиялық және гидрологиялық сипаттамасы:
а) Бастауы, құяр жері, ұзындығы, өзендердің еңістігі.
в) Қорек көздері,олардың ара қатынасы.
с) Орташа жылдық, ең көп және ең аз өзен ағыны.
д) Тасу сипаты және климатпен байланысы.
е)Өзен суының химиялық құрамының ерекшелігі.
4.Өзендердің шаруашылық маңызы (кеме қатынасы үшін, энергетика, суландыру, сумен қамтамасыз ету, балық аулау үшін).
Сарамандық жұмыс.
1.Өзендердің гидрологиялық режимінің алаптың табиғатына байланыстылығын көрсетіңдер. Хуанхэ және Янцзы өзендерінің алаптарының табиғат жағдайына байланысты ерекшеліктерінің салыстырмалы талдауын жасаңдар.
2-тапсырма.Орта Еуропа жазығына физикалық-географиялық сипаттама.
Үлгі жоспар.
1.Орта Еуропа жазығы, табиғат жағдайының өзіндік ерекшеліктері және оларды қалыптастыратын жағдайлар.
2. Территорияның тектоника-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктері.
3.Ішкі аймақтық айырмашылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |